Экономикалық тепе-тендік және экономикалық өсу

                                               Жоспар

1.Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары

2.Экономикалық өсу теориялары. Мультипликатор және      акселератор эффектісі

3.Экономикалық өсудің қазіргі  типтері және оның ерекшеліктері

4.Макроэкономикалық тепе-теңдік  теориялары

5.ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК  ЖӘНЕ ОНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

     5.1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

     5.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның ауытқуы

     5.3. Жұмыссыздық және инфляция - экономикалық        тұрақсыздықтың   көрінісі ретінде. ҚР-дағы жұмыссыздық түрлері

     5.4. Инфляцияның түрлері және себептері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Кіріспе

Реферат тақырыбы: Экономикалық өсу: түрлері, көрсеткіштері, факторлары, нәтижелері және экономикалық тепе-тендік

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алып, түбегейлі әлеуметтік реформалар жасауға, демокартиялық қоғам мен ашық экономика орнатуға кірісті. Содан  бері еліміз жеке меншік және еркін  бәсекелестікке негізделген нарықтық экономика құру жолына түсті.

Қазақстандағы нарықтық жаңғырулар Үкімет бағдарламаларына сәйкес кезең - кезеңімен  және әр кезеңнің түрлі мақсаттары мен міндеттерін айқындау арқылы жүргізілді.

1990 - жылдардың басында нарықтық  қарым - қатынастардың заңнамалық  және институттық бағаларын жасауға  көңіл бөлінді. Реформалардың  алғашқы кезеңінде Қазақстанның  әлеуметтік - экономикалық дамуы  саласындағы болашақ табыстардың  негізгі қаланған болатын.

1995 жылы реформаларды тереңдетудің  тиімді құралына айналған Қазақстан  республикасының Конституциясы  қабылданды. Конституция мемлекеттің  ішкі саясатында қалыпты жағдайды  сақтауды қамтамасыз етіп, ел  экономикасының жемісті дамуының  алғышарттарын жасады.

1990 - жылдардың екінші жартысында  макроэкономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз ету, заңнамаларды  одан әрі жетілдіру қаржылық  жүйе мен өндірістік секторды  дамыту, әлеуметтік түрлендірулер  өткізу реформалардың басты бағыттарына  айналды.

Қазақстан - 2030 Даму стратегиясының қабылдануы экономиканы тұрақты дамытудың  ұзақ мерзімдік мақсаттарымен басымдылықтарына қол жеткізуге бағытталған жасампаз үрдістің басы болды.

Байсалды экономикалық саясаттың  арқасында еліміздің макроэкономикалық  жағдайы қалыптасып, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру артты, негізгі қорға инвестиция салудың жоғарғы қарқынына қол  жетті.

2000 жылдан бастап Қазақстанның  дамуы экономиканың қарқынды  өсуімен, қолайлы инвестициялық  жағдаймен, өндірістік сектордың  тұрақты жұмысымен, халықтың тұрмыс деңгейінің өсуі нәтижесінде ішкі сұраныстың артуымен сипатталады.

Қазақстан қазір Достастық елдер  ішінде әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштер бойынша көш басында келе жатыр.

ҚР Президетінің 2006 жылғы 1 - наурыздағы Жолдауы алдымызға аса зор  міндет - әлемдегі бәсекелестікке қабілетті  ең үздік елу елдің қатарына қосылу міндетін қойылып отыр.

Әлеуметтік - экономикалық дамудағы жетістіктер  Қазақстанға ұзақ мерзімдік кең  ауқымды міндеттерді белсенділікті  шешуге, бүкіл әлемдегі өз әрекеттерін  кеңйте түсуге мүмкіндік беруде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Экономикалық өсу, оның типтері  мен факторлары

Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың  жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді  шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория "экономикалық өсу" категориясына  теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы  ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің  сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары  мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл  сайынғы қоғамдық өнім көлемінің  өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті  типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті  типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру  үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс  күші және  өндіріс қорларын дұрыс  қолдану арқылы қол жеткізуге  болады. Практикада бұл ұлғаймалы  өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда.  Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің  өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы  қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы  ретінде жұмсалады. Алайда нарық  тетігінің сұранымы мен ұсынымы  жағдайында мұның өзi жеткіліксіз.

Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін  алатын болсақ мұнда ерекше қиындық  туа қоймайды. Экономиканың  жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін  жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті  өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы  емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.

Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

табиғат ресурстарының саны мен  сапасына;

еңбек ресурстарының саны мен сапасына;

капитал ресурстарына;

қолда бар технологияға.

Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті  дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам  өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің  жойылуы қоғамды интенсивті өсу  мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны  сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу  тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы  жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы  өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда  — 5% кұрайды.

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау  үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы  нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін  пайыз түрінде көрсетеді).

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaз жылғы  қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін түзе отырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға  болады.

 

2.  Экономикалық өсу теориялары.

Мультипликатор және акселератор  эффектісі

Өндipic қарқынын жеделдетуге қол  жеткізу үшін, Батыс елдерінің  әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау кұрады.

Өсу формуласының негізінде "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор — көбейткіш, ал акселератор — бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген  интенсивті өсушілік коэффициенті. "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономиci Кан 1931-ші жылы енгізген, кейінірек Дж. М. Кейнс  өзінің "Жұмыспен қамту, өciм және ақшаның жалпы қарқыы көзқарасын дамытты. Бұл ұғымды А. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон, Н. Калдор және басқалар, өз еңбектерінде қарастырған. Мультипликатор қолда бар күрделі  қаржының өcyі кезіндегі  ұлттық табыстың қанша есеге өсетіндігін көрсетеді.

Мысалы, жаңа жолды салуға күрделі  қаржы 5 млн. долл. тең делік және орташа табыс жылына 1000 долл. болатын  алғашқы кезде 1000 адамды жұмысқа  тартады. Біpaқ жолды салуға белгілі көлемде ipi жабдықтар мен материалдар қажет және оларды өндіруге жұмыс атқаратын 1200 адам керек (сол бұрынғы жылдық табыс бойынша) болды. Жұмысты атқаратындардың (жұмыстылықтың) өcyi тұтыну заттарына сұранымды өcipe түседі. Сөйтіп келесі кезекте олардың өндірісінің ұлғаюына алып келеді және 800 адамды қосымша жұмысқа тартады.

Демек, инвестициямен тікелей байланысты 1000 жұмысшыны жалдау нәтижесінде, жұмысты  атқаратын-дардын түпкі жиынтығы 3000 адам жалпы 15 млн. долл. табысты кұрайды  немесе алғашқыдан 3 есе көп деген  сөз. Бұл жағдайда мультипликатор 3-ке тең.

Акселератордың ic-әpeкeті мультипликатармен  байланысты: мультипликатор инвестицияның  көбеюімен ұлттық табыстың өcyiн (оның өcyi еселенеді) қарастырады; акселератор (дайын өнім сұранымының өсушілігіне  инвестициялық сұраным өсушілігінің коэффициенті) - ұлттық табыстың өcyi инвестицияның  өсуіне алып келеді. Кезегінде бұл  барлық жүйені қозғалысқа алып келеді. Экономикалық өсудің бipтeкті, бip бағытта ic-әрекет жасайтын мультипликациялық  пpoцec пайда болады. Акселерация принципін  алғаш рет 1913-ші жылы француз экономисі А. Афтальон (1874-1956) және 1919 жылы американ экономисі Дж. М. Кларк ұсынған. Кешірек ол Р. Харрод, Дж. Хикс, П. Самуэльсон еңбектерінде одан әpi дами түсті.

Мультипликациондық эффекті ауқымын  болжау үшін Дж. Кейнс енгізген тәуелділіктің  мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері  мен осы деңгейдегі табыс - "орташа тұтынуға бейімділік" — арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті ("АРС"-арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда "психологиялық фактор" ретінде түсіндіреді, ceбeбi адамның  тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз  ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық  ұлттық табысқа қатынасы (Y) және "шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз  кез-келген тұтынудағы өзгерудің табыстары  өзгepyiнe қатынасын көpceтeдi, яғни бұдан  басқа да, Дж. Кейнс жинақтау мөлшері  мен сол кезден табыс деңгейі  арасындағы тәуелділікті eнгізді - орташа жинақтауға бейімделік және шектеулі жинақтауға бейімділік.

Жинақтауға бейімділікті бірден-бір  психологиялық фактор ретінде көрсетеді.

Шектеулі жинақтауға бейімділік (MPS) жинақтаудағы кез-келген өзгерудің  сондағы табыстың өзгеруіне қатынасын  көрсетеді, яғни жинақтаудағы өзгеру    AS жинақтаудағы табыс    А у

Осы тәуелділіктер шекті мультипликациялык  эффектіні бағалауға ыкпал етті.

Kазіргі Батыстық неоклассикалық  экономикалық мектебінің өкілдері  экономикалық өсудің  тым күрделі  көп факторлы моделін ұсынады.  Нақтыласақ, көп факторлы Кобба-Дуглас  функциясын айтамыз.

Оның формуласы мынандай:

dL       dK        dS мұндағы      Q - өнім; L —  еңбек; К - капитал; S — жер.

 

3.Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері

Экономикалық өсу экономиканың бip қалыпты алға қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық пpогресін  көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы  критерийі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Кез келген басқа құбылыс сияқты, экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болмақ. Өндipic пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтынулар өндipicтi ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзi жаңа тұтынуларды қалыптастырады — сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндipic дамуының табиғи негізі. Кез келген қоғамда тұтынуды дәріптеу экономикалық тұтынулары да өcіп отырады. Олардың тұтынуларын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз eтyi қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкіндігіне қарай оның өміршеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Ceбeбi материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуына ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің  өзіндік ерекшелігі бар. Ол мыналармен байланыстырылады: оның артта қалуы  ХХ-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған  ғылыми-техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық  жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР  жағдайында өндірісті интенсифтендіру  негізінде жүзеге асады.

ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық  революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады:

- еңбекті сақтандыратын технологияны  кеңінен қолдану, яғни роботтехниканы  кеңінен қолданатын жұмыскерсіз  технология, сондай-ақ машинасыз  технологияны қолдану-өнімді машинаны  қолданбай-ақ дайындау (мұндай технологияларға  мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және  басқа технология түрлері);

- ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді  өңдеу арқылы аз қалдықты және  қалдықсыз технологияны қолдану,  шикізат элементтерін атмосфераға  жіберуді, ағынды суға және  тоғандарға  қоқыс, үйінді тасталуын жою,  яғни қоршаған ортаны ластамау.

Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің  сапасы көтеріледі.

Экономикалық өсудің жаңа сапалық  белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының  құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін  енгізуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазіргі жағдайда ғылым рөлінің  өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық  дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өңдіргіш күшіне айналуы  аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған  барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономика дамуына жаңа сапалық  сипат береді.                                                            

Экономикалық өсудің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын  қызметтің келісімін ұлғайтуға  және сапасын арттыруға белгілі  уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік  жасайды. Нарықтық экономиканың негізін  жеке меншік құрайды және ол әрбір  адамның жігер-қайраты арқылы дамып, олардың жеке экономикалық мүдделерін жүзеге асырады. Экономикалық өсудің сапалық  жаңа типінің негізгі қайнар көзі - экономикалық саясат. Экономикалық дамудың  ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі  каржы) болады. Бүгін салынған каржы  көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды  көздейді. Бұған Жапония елі айқын  дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған  мемлекеттің қатарына көтеруге ықпал  жасады. Экономикалық өсудің сапалық  жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі  көп түрлі тұтынымдары әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критерийі болмақ.               

 

4. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары

Экономикалық өсудің тұрақты динамикасы оның өсу қарқынының төмендеуіне  байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан  оның осы құбылысты тудыратын  себебін талдау қажет.

Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы  және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.

Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары  және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті  қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып  бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне  француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып  та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға  тең. Сондықтан сұраным мөлшері  ылғи ұсынымға тең.

Алайда нақты нарықтық экономика  құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты  өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие  мөлшеріне артады. Осыдан барып өте  маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық  ұсыным тепе-теңдігі жинақталған  инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді.

Жинақтау тұтынушының жиынтық  табысының бір бөлігі ретінде  экономикалық шеңбер айналымынан шығып  қалады. Сондықтан олар сүранымға  айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.                                                            

Демек, жинақтау макроэкономикалық  тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі  қаржыға) айналады.

Кейнстік модель табыс қозғалысының басқаша құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -» жинақтау" емес.

Жинақтау инвестицияның негізін  құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін  Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс  пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа  тең.

Егер табысты ақшалай түрде  емес натуралды заттай түрде қарастырсақ, онда табыс тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.

Өндірістік және капиталдық тауарлардың  жалпы шығарылуы нақты сұраным  немесе инвестициялық сұраным болып  аталады.

Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір ең маңызды динамикалық  элемент болып есептелінеді. Бұл  модельдің бірден-бір міндеті  экономиканы тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай  келеді.

Жиынтық сұраным — тауар мен  қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін  байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел

Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды  көрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар  кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды  толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап  еткен деңгейден жоғары болып  келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ  тепе-тендігіне жету үшін өндіріс  көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс  ресурстарын толық қолданбау  жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек  ресурстарын да толық қолданбау  қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды  толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден  төмен болса, онда сұраным ұсынымнан  тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді.

5.1 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс

Микро және макроэкономикаға талдау жасауда тепе-теңдік әдісі қолданылады. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін зерттегенде нарықтағы барлық өзара  байланысты анықтайды – тауарларды, еңбек, капитал макродеңгейдегі  экономиканы зерттеуде көңіл  бөлетін әрбір тауардың тепе-теңдігі  емес, ұлттық нарық көлемінде тауар  массасының бірігуін дана, тонна, не метр емес, жиынтық бағаның құндық өлшемі ретінде көрсетеді.

Жиынтық сұраныс – бұл үй шаруашылықтарының, фирмалар мен үкіметтің әрбір  берілген бағалар жағдайында алғаш  алатын тауарлары мен қызметтерінің  саны.

Сонымен жиынтық сұраныстар тауар  мен қызметтің жалпы көлеміне сұраныс, қалыптасқан баға бойынша  есептелінетін жиынтық ұсыныс, бұл  тауар мен қызметтің жалпы  көлемінің мүмкіншілігіне қарай  өндірілген және ұсынылған, қалыпатасқан баға  деңгейімен анықталады: олар күнделікті өзгермейтін бағада кесте моделі  түрінде бейнеленеді. Бағаның тұрақты  өзгеруі оны зерттегенде қиындықтар жасайды. Сондықтан көлемін және динамикасын, жиынтық көлемін  және динамикасын өлшегенде индексті пайдаланады.

Тауарлы нарық тұрақты тепе-теңдікте болады, тек жиынтық сұранысқа  жоспарланған сұранысты төмендетеді.

Жиынтық ұсыныс – нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар мен қызметтердің жалпы  саны (бұл жылжымайтын ұлттық өнім).

Бағалар деңгейі мен ұлттық өзгеріс  көлемі арасындағы аз тәуелсіздікті  көрсететін жиынтық ұсыныс моделі кескін түрінде көрсетілген.

Қысқа мерзімде (әдетте 2-3 жыл) және ұзақмерзім кезеңінде макроэкономикада болатын  басты байланыс номиналдық және нақты  өзгеріс тәртібімен байланыстырылады.

Қысқа мерзімде номиналдық деңгей (баға, номиналдық жалақы, пайыз мөлшері) нарық  көлемінің өзгеруіне байланысты баяу өзгереді деп есептеледі. Ұзақ мерзім кезінде номиналдық деңгей қатты  өзгереді, нақты деңгей өте баяу өзгереді, талдау жасау үшін тұрақты  деп саналады.

Классикалық модель ұзақ мерзімдегі экономикалық тәртіпті қарастырады. Жиынтық  ұсыныстан артық болуы: AD  >АS. Оның келесі екі нұсқасы болуы мүмкін:

-өндірісті қысқарту;

-өндірілген өнімді өзгеріссіз  қалдыру, бағаны қысқарту.

Бұндай жағдайда кәсіпкерлер өндіріс  көлемін қысқартады, өндірілген өнімді өзгертпей, пайдалы бағамен сатады.

Егер жағдай өзгермесе, онда кәсіпкер бағаны төмендетеді. Бұндай жағдайдың  болу себебі, жұмысшыларды жұмыстан қысқартуға, не шығаруға әкеліп соғады. Қорытындысында, ұлттық өнім төмендейді.

Тұтынатын ЖҰӨ-нің серпініне (динамика) бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық факторлардың әсері тауарлар мен қызметкерлерге жиынтық сұраныс  көлемінің өзгеруі арасында жүзеге асады және АД қисығының бойымен  қозғалу кестесі арқылы көрсетіледі. Бағалық емес факторлар жиынтық  сұраныстың АД қисығын солға немесе оңға қозғау арқылы өзгеріске келтіреді.

Тепе-теңдікті қабылдау керек, егер экономикалық  жүйенің динамикалық жағдайында өзінің құрылғандығын сақтаса.

Белгілі көрсеткіштер болады, соған  байланысты тепе-теңдіктің жағдайына  қатысты мынадай пікір білдіруге  болады:

- күнделікті жағдай, тұтынуды тосу, тұтынушылық көңіл-күй. Бұл көрсеткіштердің  динамизмі, тұтыну жағдайының  көрсеткіштерін бейнелеп,  сұранысты  көрсету;

- өндірістік цикл және оның  фазалары: дағдарыс, депрессия, жандану.

Жиынтық сұраныстың екі түрі болады:

1. Натуралды заттар және құндық.

Натуралды заттар түрі, жиынтық сұраныс, халықтың қоғамдық тұтынуы, фирманың, мемлекеттің тауарлар және қызметтің  көлемі бейнелеп толық көрсетеді.

Жиынтық сұраныс екі түрде болады:

Натуралды заттай және құн түрінде.

Натуралдық заттай түрі халықтың қажеттілігін толық және өндірістік емес қажеттілікті қамтамасыз етеді.

 

5.2. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның орындалуы

Екіншіден, барлық құрал жабдықтар  жиынтығы және өндірістік қызмет ғылыми технологияны зерттейді және оны  жетілдіреді, өндірістік ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қоғамдық сұранысты құндық жағдайда көрсету тауар мен қызметтің  соңғы шығыны экономикада жасалынғанын ол қамтып көрсетеді. Жиынтық өнімді өндірілген және экономикалық агенттердің  ұсынуы: халықтың, кәсіпорынның, мемлекеттің  және экономикадағы баға деңгейі  жиынтық сұраныстарының құрылымын  бөлуге болады:

- тұтыну С – тұтыну тааурлары  мен қызметке ұсыну

- инвестиция 1 – инвестициялық  тауарларға ұсыныс

- мемлекеттік сатып алу С  – мемлекет тарапынан тауар  мен қызметке ұсыныс.

Қазақстан үшін әлемдік экономикаға  ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен  дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт  көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің  мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз  жылына 25 млрд.доллар көлемінде өнім өндіретін  болсақ, оның 11-12 млрд. долларын сыртқа шығарамыз. Сондықтан  да бұдан  былай  осы өнімдерімізді дүние  жүзілік нарықта лайықты қорғай білуіміз керек.

Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығында берік  орнықтық, – деді Елбасы өз Жолдауында.  Сонымен бірге  біз република  экономикасының жоғарғы қосымша  құнды өнімдерімен халықаралық  еңбек бөлінісінде де лайықты  орын  алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді  және іске қосылды. Оның басты мақсаты  экономиканың салаларын дифференциялау, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен  жаңа технологияларды қолдануға  бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады.  Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген  алғашқы бес даму институттары құрылды. Аталмыш институттар болашақта  игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді.

Қазақстанда инновациялық дамудың  ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сондықтан  осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық  және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған  елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілмек. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша түпкі өнім шығаруға қол жеткізуің бірегей тәжірибесі мен инженерлік, технологиялық трансфертті ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландырылуын тереңдетуге, машина жасау мен өнеркәсіп  жабдықтарын шығаруды жолға қоюға  тиіспіз. Яғни, инновация – негізгі  қозғаушы күш болмақ.

Индустриялық-иновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер:

- елдегі индустриялық-инновацилық  күштерді қалыптастыру және нығайту.  Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның  даму банкі мен Қазақстандық  инвестициялық және инновациялық  қор мемлекет тарапынан жоспарланған  жұмыстарды қаржыландыратын болады;

- мемлекеттік мекемелердің қызметін  индустриялық-инновациялық дамудың  мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл білім, ғылым, қаржы, фискальдық  және тарифтік саясатты жетілдіруді  қажет етеді. Мұндағы көзге  көрініп тұрған жаңа бағыт  – экономиканың индустриясы мен  инновациясын дамытуға жағдай  жасау саясаты.

Жиынтық сұраныс тең өнімнің  сұраныс сомасына C+I+G+Х

Жиынтық сұраныстың бар элементі тұрақты, кейбіреуі ақырын өзгереді, мысалы тұтыну шығыны.

Басқасы тым динамикалық жағдайда, мысалы инвестиция туғызатын шығындар, оның өзгеруі экономикалық ынталық  туғызуға әсер етеді.

Жиынтық сұраныстың көлбеуі АД көрсетеді. Тұтынушы тауарлар мен қызметтің  мөлшерін баға деңгейіне байланысты сатып алады. Бұл жақсы комбинация жасайды, экономикадағы жалпы өнім өндіру мен жалпы тауар өндіру көлемі және экономиканың жалпы деңгейі, бұл жағдайда тауар және ақша нарығы тепе-тең болады.

АД көлбеуі бойында қозғалу, жиынтық сұраныс өзгеруі жалпы  баға динамикасының өзгеруіне байланысты. Осындай байланысты, ақша операциясының  сандық теңдеуінен алуға болады.

МХV = РХQ

одан Р = МV  ;   Q = МV  ; АD = МV 

                                   Q                  Р                   Р

Бұнда: Р – экономикадағы баға деңгейі, бұл жағдайда баға индексі;

Q - өнімнің нақты көлемі, сұранысқа  талап етілген;

V – ақша айналысының жылдамдығы;

АD – жағымсыз көлбеу қисығы кейбір жағдаймен түсіндіріледі, егер Б  баға деңгейі Р жоғары болса, ақша қаржының  нақты мөлшері аздау,   М/Р (АD көлбеуі жасалынады, ақша ұсынымының М және айналыс жылдамдығына қарап V) сондықтан тауар мен қызметтің  көлемінен кем жасалынған сұранысқа V. Кері тәуелділікті жиынтық сұраныс  деңгейімен және баға деңгейімен түсіндіруге  болады. Пайыздық мөлшер тиімділігі, байлық тиімділігі, импорттық сатып алу  тиімділігі т.с.с.

Тауар нарығы кезінде тепе-теңдік жағдайда болады, егер күнделікті қолданатын баға деңгейінің мөлшеріне байланысты шығарылатын тауардың көлемі жиынтық  өнімге тең болса, не жоспарланған шығынға  тең болса, осы жағдайларға талдау жасау макроэкономиканың басты  міндеті болып саналады.

Түйін

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық  ұсыныстың экономикалық маңызы, оның талдау әдістерін білу