Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару. 2

Экономиканың  қаржы секторын мемлекеттік басқару

 

Мазмұны:

 

Кіріспе.................................................................................................................3

 

 

Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру....................................................................5

 

1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары........................5

1.2. Қаржылық қызмет және оны реттеу.........................................................11

 

 

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.......17

 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы...............................................17

2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі  бюджет.................................................23

 

III. Қазақстан Республикасындағы  қаржы жүйесін жетілдіру жолдары.............................................................................................................33

 

3.1. Қазақстан Республикасындағы дағдарысқа қарсы саясат......................33

 

 

Қорытынды......................................................................................................37

 

Қолданылған  әдебиеттер..............................................................................40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.

Сонымен қатар, қазіргі  кезде мемлекеттік қаржылардың  қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің  өзіне тән әралуан қызметтерін  қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

Бүгінгі, мемлекеттік  қаржылар нарықтық экономика саясатын айтарлықтай жүргізуге себебін тигізетін, ал қаржылық құқық әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік қаржылардың  материалдық негізін ақша нысанындағы  құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық тұрғыдан қарастырылады.

Экономикалық категория  ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

Ал материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.

Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.

Мемлекеттегі қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек мемлекеттің қаржылық жүйесінің ауқымында ғана жүзеге асырылады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің  экономикалық негізін мемлекеттік  қаржылық қатынастар, ал нормативтік  – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.

Курстық жұмысымның тақырыбы: "Экономиканың қаржы секторын мемлекеттік басқару." Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – қаржы жүйесінің мәні мен  маңызын ашу, Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің негізгі буындарымен  таныстыру.

Курстық жұмыстың мақсатына  сәйкес, осы жұмысты жазуды келесідей  міндеттер қойылады:

- Қаржы жүйесінің ұғымын  ашу және Қазақстна Республикасының қары жүйесінің құрылымымен таныстыру;

- Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің дамыту мәселелерімен  таныстыру;

- Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесін дамытудың алғы  шарттарының маңызын ашу. 

Курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. I – бөлімінде қаржы жүйесінің ұйымдастырылуы, оның қызметі мен қағидаттары туралы толық талданады. II – бөлімде Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесіне, қаржы министрлігіне сипаттама беріледі. Ал III – бөлімде Қазақстандағы қаржы жүйесін жетілдіру жолдары, яғни, дағдарысқа қарсы саясаттың тиімділігін көрсетуге тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

 

1.1. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары

 

        Қаржы(фр. finance, лат. finantia— аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс) — мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді).

     Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді. Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекетті бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.[1,25]

       Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Мұнда қаржыны өзі ЖІӨ мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары ретінде сипатталады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалпы мемлекетгік, қоғамдық мұқтаждарға, әлеуметтік мақсаттарға пайдаланылатын мемлекеттік қаржының, мемлекеттің кірісі мен шығысын бюджеттендірудің елеулі рөлі сақталады. Алайда қаржы қызметінің негізгі салмағы қаржы ресурстарын бір орталықтан бөлуден тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің еркін нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, салық, баж, есеп мөлшерлемелері, жәрдем қаражат, көмек қаржы, үлестеме, басқа да қаржы тұтқалары арқылы нарықтық қатынастарды реттеуге ауысады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің: кәсіпорындардың, коммерциялық фирмалардың, компаниялардың, банкілердің, жекеше кәсіпкерлердің қаржы ресурстарын дербес пайдалануы мүмкіндігі айтарлықтай артады.

     «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1) қаржы қатынастарының жиынтығы; 
2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы; 
3) басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық  сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден басқа  қаржы жүйесін звенолар бойынша  шектеуге мүмкіндік беретін қаржы  субъектілерінің нышаны бойынша  мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. 
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. 
Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды. 
Өндірістік емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. 
Халықтың қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.[1,77] 
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.  
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. 

Оның негізгі қалыптасу  көздері:

А) арнайы мақсатты салықтар, займдар; 

Ә) бюджет субсидиялары; 
 Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;  

В) ерікті түрдегі жарналар.

Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы  қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде  пайдалануға кепілдік береді; қаржы  қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады. 
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. 
 Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.  
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. 
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала. 

Қазақстан Республикасында  макро- және микроэкономиканың қаржы  жүйесін реттеліп отыратын қаржы  қатынастары мен ақша ресурстарының  жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.[2,45] 
 Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

-  мемлекеттің бюджет жүйесі; 
  - арнаулы бюджеттен тыс қорлар; 
  - мемлекеттік несие; 
  - жергілікті қаржы; 
  - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; 
  - халықтың қаржысы. 

Қаржы қатынастарының алғашқы  үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.  Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы, қаржылардың бүкіл  құрамы екі ірілендірілген бөлікке  біріктіріледі: 

- мемлекеттік және муниципалдық қаржы; 
-  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. 

Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. 
 Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады. [2,84]

Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. 

 
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде  буыншаларға(ондағы қаржының өзара  байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.[3,15] 

Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы  жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.  

Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс: 

-  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

-  екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:  
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды. 

Салалық қаржыларды басқарудағы  дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі  және айналым капиталдарын) бекітіп  беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.  
 Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді. 
 Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.[3,68] 
Қаржы жүйесінің қағидаттары.

Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары  арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған  бірыңғай мақсаттармен алдын ала  айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі  заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.  
 Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.  
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.  

Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі.   

Қазіргі кезе қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта  құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.[4,78]

Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің  ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие  нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс. 

Қаржы және ең алдымен  бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.  
 Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету.  
 Сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары тұр. Қаржы шараларының ішінде иннвестицияларды оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.[4,96]

 

    1. Қаржылық қызмет және оны реттеу

 

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының  ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады.

Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.

Мемлекеттің қаржы жүйесін  құрайтын қаржылық - экономикалық институттар: бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.[5,36]

Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

    1. ҚР Қаржы министрлігі;
    2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы дақылау комитеті және Қазынашылық комитеті;
    3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
    4. ҚР Ұлттық банкі;
    5. ҚР Ұлттық банкінің банктік және сақтандыру қадағалау департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті;
    6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.

Мемлекеттік  қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің  ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара  қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

Қаржылық реттеудің  әдістеріне: мемлекеттің қаржы жүйесінің  құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің  құрамына кіретін ақшалай қорлардың  түрлері мен бағдар-бағыттырын айқындау: мемлекеттің кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу: мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамағына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін қаржылық – құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда белгіленген тәртіппен осы  жауапкершілікке тарту жатады.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесінің, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін  белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен  мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін  қаржылық құқықтың институты болып табылады.

Осы институт реттейтін  обьект ретінде мына: ақша жүйесінің  құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық – құқықтық аспектілері; валюталық  реттеу сияқты үш элемент көрініс  табады.

Ақша жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі, ақша түрлері, ақшаларды шығару тәртібі, валюта айналымы режимі, ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу  жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валюта аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан  теңгесі болып табылады.

Ақшалардың түрлері дегеніміз заңды төлем құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.[5,67]

Мемлекетіміздегі бірден-бір  негізгі эмиссиялық орталық алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атына шығаруды жүзеге асыратып Қазақстанның Ұлттық банкі болып табылады.

Ақша айналамы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес нысандағы  ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгіеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

Мемлекеттік қаржылар аясындағы  ақшаларға тән функциялар қаржылық міндеттемелер бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.

Ақша айналымын тұрақтандыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айналымдағы ақшаларды белгілі бір ара қатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау, ақшалар құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валюта курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

Ақша жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп халықаралық  валюталық құық нормаларын есепке ала  отырып ұлттық валюталық заңдармен  бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу нысанын айтамыз.

Ұлттық валюта жүйесі халықаралық валюталық жүйемен  тығыз өзара қарым-қатынаста және еліміздің экономикасы мен сыртқы экономикалық байланыстарының даму дәрежесіне тәуелді болады.[6,98]

Халықаралық валюта жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне орай мынадай түрлері болған:

1. Париж валюталық  жүйесі (1867 ж)

2. Генуя валюталық  жүйесі   (1922 ж)

3. Бреттон-Вуд валюталық  жүйесі (1944 ж)

4. Ямайка валюталық  жүйесі (1976 - 1978 ж)

5. Европалық валюталық  жүйесі (1979 ж)

Ұлттық валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты  мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шеектеулер валюта айналымының режимі деп аталады.

Валюталар толығымен  айналыста болатын, жартылай айналатын, айналысқа түсетін болып бөлінеді. Қазақстан валютасы жартылай айналыста болатын валюталар қатарына жатады.

Валюталық монаполия валюталық құндылықтармен мәміле жасау жөнінідегі текекмемлекеттің құзырындағы нарықтық айрықша қатынастар мен халықаралық валюталық қордың талаптарына сәйкес шектелген құқық болып табылады.

Қазақстандағы валюталық  құндылықтарға: шетелдік валюта, номиналдары  шетел валютасымен көрсетілген  төлем құжаттары мен бағалы қағаздар, толығымен тазалау процесінен өткен  алтын құймасы және резиденттер  мен резидент еместердің арасындағы  операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ұлттық валюта, сондай-ақ номиналдары ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құжаттар жатады.[6,112]

Мемлекеттің валюталық  монополиясының обьектілері ретінде  мынадай төлемдік құжаттар мен бағалы қағаздар:

    1. Шетелдік банктердің чектері, аккредитивтері және пластикалық карточкалары;
    2. Шетелдік банктердің депозиттік сертификаттары;
    3. Шет мемлекеттердің заемдық облигациялары;
    4. Шет мемлекеттердің қазыналық бондары мен вексельдері;
    5. Шетелдік акционерлік қоғамдар мен компониялардың акциялары;
    6. Шетелдік заңды тұлғалардың облигациялары түрінде көрініс табады;

Валюталық реттеудің  негізгі әдістері: валюталық реттеу обьектілерін айқындау; валюталық операцияларды  жүргізудің қағидаларын белгілеу; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерін айқындау; мемлекеттің валюталық монополиясының обьектілерімен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға хақы бар мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; валюталық операцияларды, оның ішінде шетелдік валютамен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға  хақы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу; валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтерді лицензиялау: резиденттердің тысқары жерлерден шетел валютасымен беретін және алатын ссудалары мен кредиттерін тіркеу; валютамен жасалатын операцияларға бақылау жүргізу; белгілі бір валюталық операцияларды жүргізуге салынатын тыйымдар мен қойылатын шектеулерді белгілеу сипатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылар саласындағы  басқару мемлекеттік қаржыларға қатысты тиісті қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік және арнайы қаржылық органдардың жүйесін айқындайтын, сондай-ақ олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін қаржылық – құқықтық институт болып табылады.