Экономиканы меелекеттік реттеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Құқық және бизнес колледжі
«Экономикалық теория негіздері» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:_Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Мазмұны
Кіріспе
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері 1.1. Мемлекет – нарық субъектісі 1.2. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі 1.3. Мемлекеттік реттеудің принциптері мен мақсаттары 1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
2. Қазақстан Республикасының
экономикасын мемлекеттік 2.1. Экономиканы қаржылық реттеу 2.2. Әлеуметтік реттеу 2.3.Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
3
5 5 7 11
|
Кіріспе
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады".
Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Мұндай араласу - объективті қажеттілік пе, әлде ол әрдайым субъективті сипатта бола ма. Бұл сұраққа дұрыс жауап, әрине, нарықтық қатынастардың өріс алған не оның өрістей қоймаған жағдайындағы әлемдік шаруашылық дамуының барлық тәжірибесін талдау мен жинақтауға негізделуі керек. Бұл тәжірибенің нарықтық экономикасы дамыған елдердің білгір мамандары жасап, дайындаған ғылыми талдауы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеу жөніндегі мемлекеттің жүзеге асыратын іс-шараларының объективтілігі туралы тұжырымды жеткілікті түрде негіздеуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдардың тәжірибесі мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар оның ғылыми, методологиялық және ұйымдық негіздерінің бірлігін талап ететіндігін көрсетеді. Осы үш бөлігінің біреуінің әлсіреуі экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік жағдайларды реттеудің түгелдей тізбегінде жағымсыз жайларды тудырады. Яғни оған көптеген мысал келтіруге болады. Нарықтық экономикаға, оның ғылыми негізін жасамай-ақ, халық шаруашылығын басқарудың жаңа моделінің жоқ кезінде оның ескісін тез арада жою арқылы өтуге жасалған әрекетті атап өту жеткілікті. Нәтижесінде макро және микроэкономикалық жағдайларды, ақша-несие және әлеуметтік қатынастар саласын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. басқарудың "тізгінің" босаттық немесе одан айрылып қалдық.
Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты – экономиканы мемлекеттік реттеу мазмұнымен танысып, қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының дамуындағы мемлекеттің рөлін айқындау болып табылады.
1.Экономиканы мемлекеттік
1.1. Мемлекет – нарық субъектісі
Рыноктік субъект ретінде мемлекет үш ерекшелігімен сипатталады.
1. Реттеуші субъект. Нарықтық экономика
кезіндегі механизмде
Көптеген уақыт бойы мемлекеттің жеке салалық бизнес істеріне қол сұқпауы, нарықтық экономиканың еркін кәсіпкерлікке барынша жағдай туғызуының шындығы еді.
Бірақ XX ғасырдың 30-жылдарында ("Ұлы тоқыраудан" бастап) нарықтық экономика (монополизмге байланысты) өзінің әлеуметтік жағдайын тиімді түрде реттеу үшін мемлекеттің белсеңді түрде араласуын талап етті.
Кейнсиандықта дәл осындай мемлекеттік реттеу концепциясы болды. Бірақ кейнсиандық "фискалдық" (салық-бюджетті бақылау) саясат құралы нарықтық экономика табиғатына сыйыспады да, 70-жылдардан бастап жаңа-монетаризм әдісін қолдану арқылы, мемлекеттік реттеуден қашпай, енді экономикалық механизмнің ең "жіңішке" жолымен (ақша-несиелік саясатпен) мемлекеттік реттеуге барды.
Экономикадағы үнемі болып жатқан өзгерістер мемлекеттік реттеуді қажет ететін проблемаларға айналып, осы реттеушілік құралдары мен жалпы масштабтық тиісті өзгерістерді талап ете бастады.
Міне, осыдан барып, кейнсиандықты "хирургиялық" араласу деп, ал монетаризмді - "терапевті емдеу" реттеушілігі деуімізге болады.
2. Мемлекеттік табыстың рыноктан
тыс шығуы. Экономикалық субъектің
үнемі табыс алуына қарай, соның
есебінен шығындарын жүзеге
Сөйтіп, мемлекет те осындай болуына қарай, нарықтық экономикаға жатады да, табысы қандай болса, сондай мөлшерде шығын шығарады. Дегенмен, мұндағы бір ерекшелік-мемлекеттің алатын табысының табиғатының бөлектігі. Мемлекеттік табыс - экономикалық емес әрекеттердің жемісінен алынатындығы, бұл бірінші нарықтық субъектілердің (Үй шаруашылығы және фирмалардың) табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына бөлуінен.
Бұдан барып, мемлекетті "екінші", "туынды" нарықтық субъект деуге жатады да, оның экономикалық күші мемлекетті асыраушы жекелей бизнеске тұтастай бағынышты екендігінде. Сөйтіп, мемлекет табысы - "үшінші" (үй шаруашылығы және фирмалармен бірдей) өз алдына бөлек элемент емес, қоғамдық табыстың қосылған ерекше түрі емес, ол бірінші рыноктік табыстың салық салудан барып бөлектеніп шыққан, мемлекеттің қатынасынсыз алынған табыс. Міне, осыдан барып, фирмалар мен үй шаруашылығы табыстарының өсе беруіне мемлекеттен басқа тілектес болатын кім бар дейсің, өйткені олардың табысы - мемлекет табысының салықтан түсетін бірден-бір ғана көзі.
3. Мемлекеттің бұйрықтық
Мемлекет - нарықтық экономикадағы талаптарды міндетті түрде барлық мемлекеттік емес субъектілер орындауға тиісті болатын бірден-бір субъект. Дегенмен, бұл міндеттілік еркін кәсіпкерлік жүйесіне өмірлік қажеттілігі болады, өйткені барлық нарықтық субъектілерге "бірдей ереже" (мемлекет үшін "жеңілдіктер" болуы мүмкін) болып саналады.
Бұйрықты болудың өзі мемлекеттік табыстың міндеттілігін көрсетеді.
Мемлекеттің экономикалық араласу механизмінің негізгілері болып саналатындары - салықтар, сатып алу және төлемдер.
а) салықтар - объективті қажеттіліқ, бірақ оның көлемдік шегі проблемаға айналады, өйткені оның жекелей бизнестің тиімділігіне тікелей әсері көп.
б) трансферттік төлемдер - бұл мемлекеттік салықтық табыстың бір бөлігін (салықты барлық үй шаруашылығы мен фермалар төлейді) белгілі бір әлеуметтік топтар үшін бөлінуі. Сөйтіп, трансферттік төлемдер ұлттық өнімді көбейтпейді, бірақ жеке тұтыну құрылымын өзгертеді де, содан барып, өндіріс құрылымы да өзгереді.
в) үкіметтік сатып алу да өндіріс құрылымын өзгертеді де, қоғамдық маңызы бар игіліктер өседі, онымен бірге ұлттық өнім де ұлғаяды.
Қоғамның экономикалық өміріне қатыса отырып, мемлекет әрқашанда ерекше экономикалық субъект ретінде болады. Осы қатысу шаралары мен оның аяғының немен тынатындығын бағалау жағдайы экономикалық ғылымның әлі күнге дейін өткір таластар тудырып келе жатқан мәселесі.
1.2. Нарықтық экономиканы
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатын "көршілес" тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі қандай. Белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып, бұл жүйенің негізін микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді.
Егер де көрсеткіштердің тұтастай жүйесін тауарлар (қызметтер) "қозғалысының" қорытынды сипаттамасы ретінде қарастыратын болсақ, онда пирамида негізінің беріктілігі макроэкономикалық сипаттағы және нарықтық қатынастар өрісінің кеңеюі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретін, көбінесе қоғамдық тауарлардың нарықтан тыс қозғалысына тәуелді нарықтық механизм әрекетінің тиімділік дәрежесімен анықталады. Бүкіл әлемдік тәжірибе нарықтық механизмдерді қолданудың тиімділік коэффициенті қоғамдық тауарлар қозғалысын мемлекеттік реттеуді ескермеудің дәрежесіне қарай төмендейтіндігін сөзсіз дәлелдеген. Немесе, керісінше, егер мұңдай реттеудің объективтілігі ескерілген болса, әлгі тиімділік коэффициентінің мөлшері жоғарылайды.
Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін өндіру мен тұтынуды мемлекеттік және нарықтық реттеудің диалектикалық бірлігінен туындайды. Мысалы, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтижелерін пайдалануды алайық. Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы мемлекет деңгейіндегі реттеу тұратыны сөзсіз. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды ұйымдастыруда нарықтық механизм шешуші рол атқарады, өйткені өнімді шығаруға жұмсалған шығындарды азайту және оның сапасын арттыру (оған нарықтық қатынастардың субъектілері де мүдделі) барысын ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейі анықтайды. Мұндай мысалдарды қоғамдық тауарлардың басқа да түрлері бойынша келтіруге болар еді.
Кәсіпкердің мүддесі нақтылы тауар өндірісінің тиімділігімен шектелетіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой өрісінен тыс қалатындығы әбден қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм кұрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың қайта өндірілмейтін және басқа да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігімен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:
а) ағымдағы және болашақтағы табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу;
б) шаруашылық жүргізуші субъектілср іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі алдын ала бекітілгсн ережелер мен мөлшерден артық, кететін болса, оларға әкімшілік-құқықтық шектеулерді бекіту;
в) табиғатты тиімді пайдалануды ынталандыратын механизмді жасап-дайындау және бақылау.
Мемлекеттік реттеудің ролі қарастырып отырған салада адамның тіршілік әрекетінің табиғи ортасын сақтау барынша келеді, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығы ерекше. Оның ролінің артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сыртқы нәтижесін төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығымен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал бұл - әрбір мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін орталық басқару органдарының міндеті.
Бәрінен бұрын, экономиканы реттеу мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл үкіметтің болжамы емес, оның обьективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие болады:
- өндірістік немесе әлеуметтік сипаттағы нақтылы мәселелердің тиімді шешімі оны макроэкономикалық деңгейден қарастырғанда, яғни, тек жиынтық табыстарды жиынтық шығындармен салыстыру жағынан келгенде тиімсіз болып шығады. Егер жиынтық шығындардың абсолюттік көрсеткіштері жиынтық табыс бойынша көрсеткіштер деңгейінен жоғары болса, - бұл шешімнің тиімділігі күмәнді болады;
- халық шаруашылығының тиімді
аймақтық-салалық құрылымын құру жөніндегі
мемлекеттік шаралар жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, салалар мен аймақтардың
тұрғысынан тіпті де тиімді болмай
шығуы мүмкін, өйткені соңғылардың деңгейінде мемлекеттің макроэкономикалық мүдделері әрдайым қарастырыла бермейді; - егер экономиканы өсіңкілі
ұдайы өндіретін жүйе
ретінде қарастыратын болсақ, онда макроэкономикалық
теңгермешіліктің өзі осы жүйенің болашақтағы даму
тиімділігінің факторы ретінде алынады.
Осыларды ескеретін болсак, мемлекеттік реттеу барысы өз кезеңінде нақтылы бір мерзімге есептелген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының туындысы болып табылатын тұтастай экономикалық жүйе дамуының бағдарламалы-мақсатты нұсқауларына бағындырылуы қажет екендігі туындайды. Мақсаттар мен құралдар өзгерісі өзара байланысының сипаттамасын білдіретін көрсеткіштерді әдебиеттерде тұтастай экономиканы мемлекеттік реттеу аппаратының тиімділік деңгейін көрсететін мультипликаторлар деп атайды.
1.3. Мемлекеттік реттеудің принципт
Нарықтық экономикада мемлекеттік реттеудің болатындығы, көптеген экономикалық проблемаларды директивтік шешімдер қолдануға үнемі итермелей береді. Бірақ мұндай әкімшілік шешімнің көбі дағдарысты жағдайдан шығу жолындағы жәй әрекет қана болып көрінеді, сонда да кейбір салаларда мемлекеттік әсер қажетті де және тиімді болады.
Мемлекеттік реттеудің жалпы стратегиясы мына принциптерге негізделген:
1. Қандайда болмасын тең
Тәжірибе жүзінде бұл дегенің мемлекет тек жеке бизнестер алмаған (пайдасы аз болғандықтан) әлеуметтік маңызды делінген салаларды қаржыландыру керек.
2. Мемлекеттік кәсіпкерліктер
жеке бизнестермен
3. Нарықтық процестерге
4. Мемлекеттік қаржы, несиелік және салық саясаты экономикалық даму және әлеуметтік тұрақтылыққа жағдай жасаулары керек.
5. Мемлекеттік реттеудің ерекше
маңыздылығы жалпы шаруашылық
дағдарыс кезінде, сол сияқты
мемлекетаралық экономикалық
Сөйтіп, қазіргі нарықтық экономика - мемлекеттік -реттеушілік болады. Онан да гөрі, мемлекет бүгінгі күндері нарықтық экономиканың тұрақтылығының, үйлесімділігінің және өркениеттігінің кепіліне айналып отыр.
Мемлекеттік реттеу үш мақсатты алдына қояды:
- нарықтық процестердегі бола қалатын келеңсіз жағдайлардың аз болуын,
- нарықтық экономиканың тиімді қызмет жасауына заңдылық, қаржылық және әлеуметтік алғы шарттарды жасау,
- нарықтық қоғамдағы нақтылы
экономикалық жағдайда ең
Осы айтылған мақсаттарға жету үшін қазіргі мемлекеттің нарықтық экономикаға реттеушілік әсерін тигізетін өте күшті құралдары жеткілікті.
1.4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері.
Экономиканы мемлекеттік реттеу методологиясына оның концепциясы, қағидалары, механизмдері мен әдістері де енеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін шартты түрде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) деп екі топқа бөлуге болады.
Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер етумен байланысты. Олар, әдетте, белгілі бір адрестік сипатта болады, яғни белгілі бір объектіге бағытталған. Бұл, негізінен, экономиканы шамадан тыс монополизациялауды шектейтін, бәсекелестікті дамытатын, тұрғындардың төлем қабілеті бар жағдайларын қолдайтын, әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыратын шараларды қамтиды.
Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субьектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі, көбінесе экономикалық әрекеттің шарттары нәтижесіне әсер етумен байланысты (3-сурет).
Ең алдымен болашақ кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму мен халық шаруашылықтық басымдықтардың мақсаттарын ғылыми негіздеу мемлекеттік реттеу жөніндегі қызметтің ерекше саласын құрайтындығын атап өту қажет. Ол ең алдымен ғылыми сипатта болады жонс реттеудің барынша іс жүзіндегі әрі ұйымдық мәселелерін шешуге негіз жасайды.
Енді экономикалық процестерге әсер ету үшін мемлекет осы әдістердің кейбіреуін қалай қолданады, осыған қысқа тоқтала кетейік:
1. Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.
Салықтық реттеу фискалдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу ниетімен мемлекет бөлек салалар мен өңірлер (мысалы Арал өңірі), селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақ үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады. Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар да өздеріне берілген билік шеңберінде жердегі кәсіпорындарды ынталандырып отырады. Кейде жеке тұтынатын тауарларға сұранысты шектеу мақсатында салық төлеушілердің басым көпшілігі жанама салықтар мен табысқа салынатын салық нарқы да өзгертіледі: салық нарқы барынша жағдайда өндіріске ақша қаражатын жұмсау өседі, ал салық нарқы барынша жоғары жағдайда өндірісті қаржыландыру тиімсіз болады;
ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;
б) салық жеңілдіктерін өндіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді өндіру капиталдың салалар құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пай, жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.
2. Несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:
а) несиенің пайыз нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;
ә) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріп алынатын қарыз пайызының нормасы. Эмиссиялык банк тек қана коммерциялық банктердің вексельдерін есепке алады. Есептеу нарқын төмендету немесе көтеру жеке коммерциялық банктер үшін несие нарқын қайта қарауға түрткі болады. Несиенің қымбаттауы (есептеу нарқының өсуі) несиелік және инвестициялық белсенділікті шектейді, ал оның арзандауы, керісінше іскерлік белсенділікті көтермелейді;
б) эмиссиялық банкке ақша салудың
міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық
банктегі коммерциялық банктердің
депозиттері (сақтауға берілген ақша)
ерікті ақша салымдарынан (бос резерв)
және міндетті ақша
салымдарынан (оларды пайдалануға рұқсат
берілмеген) тұрады. Орталық банк міндетті
ақша салымдарының мөлшерін
арттыра отырып жеке
банктердің несие қаражаттарын
шектейді, ал олардың мөлшерін азайту
арқылы жеке банктердің несие экспансиясына
мүмкіндік туғызады;
в) "ашық нарықтағы
операциялар". Бұл жағдайда,
мемлекет өзінің облигацияларын
сатуға немесс сатып
алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке
несие жүйесінің
қарыз капиталының қаражаттары
алынады, ол ұдайы
өндіріс процесін қиындатады.
Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі
қосымша қаражаттарымен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс
процесін көтермелейді.
3.Бағаны және табысты реттеу
саясаты. Фискалдық және несие
саясаты көп жағдайда
баға мен табыстарды реттеудің
құралы бола алмайды. Сондықтан
мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын
қолдануға тырысады. Осы
мақсатта мемлекет баға
мен табыстардың өсуінің жоғарғы
шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне
тыйым салады. Дегенмен
тікелей
шектеулер табыстың пайда
немесе дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
4.Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік) бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.
5. Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты - бірнеше айдың ішінде нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық циклдің ағымдағы кезеңінің қозғалысын өзгерту, оның ішінде экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсендету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып отыр.
2. Қазақстан Республикасының
2.1. Экономиканы қаржылық реттеу
Нарықтық экономикада тауарлы құндылықтардың қозғалуы арасында ақшасыз ештене болмайды. Ақша айналымын ұйымдастыратын тек мемлекет қана болады. Міне, осыдан барып, кең мағынада қаржының әр уақытта да қоғамдағы ақша қатынастарының мемлекеттік ұйымдастыру жүйесі болатындығы. Міне, осы жалғыз қызметі арқылы мемлекеттің нарықтық экономикадағы реттеушілік рөлін көреміз.
Шынында, банкноттардың көлемі (қолда бар) және депозиттік-чектік (қолда жоқ) ақша, ақша шығарылуы мен оны қамтамасыз ететін нағыз активтер нарықтық процестердің динамикасына тікелей әсерін тигізеді (төлем қабілеттілікті, сұраным мөлшерін, ұсынымның бағалық масштабын, ақша бірлігінің айналым жылдамдығын және валюталық бағамды анықтайды).
''Қаржы" ұғымы өте жіңішке мәндегі мемлекет иелігіндегі жиынтықты ақша қаржыларын (мемлекеттік бюджет) білдіреді. Оның құрылуы мен пайдалануының өзі мемлекеттің нарықтық экономикадағы қаржылық реттеуінің басты құралы болып есептеледі.
Мемлекеттің табысының негізгі көзі (осының нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің құрылуы) салық болады, сол сияқты мемлекеттің өзінің кәсіпкерлік іс-әрекеті (кәсіпорындарының табысы, мемлекеттік объектілерді жалға беру, лицензияларды және концепцияға беретін құқықты сату, кедендік салықтар, эмиссия және мемлекеттік бағалы қағаздарды сату).
Мемлекеттік табыс үнемі өсіп отырғанына қарамай, мемлекеттік шығындардың мөлшері онан да жылдам өседі.
Бұл диспропорцияның қазіргі қоғамдағы болуы мемлекеттік бюджеттің негізгі бағыттарын пайдаланудан барып шығады:
- жәрдем ақша, дотация (жәрдем қаржы) және жеке бизнеске несие беру арқылы кәсіпкерлік істердің белсенділігін нарықтық экономиканың әлеуметтік-маңызды салаларына бағыттауға, сол сияқты жеке кәсіпорындарына (дағдарысқа ұшырап қалған) көмек беру (санация);