Экономиканы мемлекеттік реттеу

               мазмұны 
 

   Кіріспе ...............................................................................................................3 

    1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні маңызы және қызметі...............................................................................................................4 

    1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі.......................................4
 

         1.2 Шығыс Еуропа мен оңтүстiк  Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық                           қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу.........................6 
     

    2. Қазақстан республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары ......................................................................................................11

     

    1. Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы  ...........................................................11
 

    2.2 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылы ..................................................18 

    2.3 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты .....24 

    Қорытынды....................................................................................................32 

    Қолданылған әдебиеттер..............................................................................33 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     
 

   Кіріспе 

     Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны  болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.

     Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет етеді.

     Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін  алып, жаңадан анрықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.

     Ал  бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің рөлі орасан зор болып табылады.

         Сондықтан мен курстық  жұмысымның тақырыбын «Экономиканы мемлекеттік ретету: қағидалары мен үлгілері» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып алдым.

         Тақырыпты орындаудағы  мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады:  экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.   
 
 
 
 
 

1 Экономиканы мемлекеттік  реттеудің мәні  маңызы және қызметі 

    1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің  қажеттігі
 

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса  да, экономикаға араласуы және реттеуі  бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.

     Тарихи  жағынан дамыған елдерде экономиканы  реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.

       Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы  айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді.

     Ал  Кейнс және посткейнстік өкілдер  нарық параметрлерінің жағдайына  бақылау жасауды мемлекеттің  басты қызметі деп есептеді.

   А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:

   1. Әскери  қауіпсіздікті сақтау;

   2. Құқықтық  қызметтер; 

   3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;

      Ал  мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді: экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.

      Қазақстандық  экономистер Ихданов пен Мамыров  экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті  экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.

      Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән  кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.  

   Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері  бар:

    • Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
    • Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты  үлгілері:

    • Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
    • Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі  әдістеріне тоқталатын болсақ:

  1. Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
  2. Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
  3. Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
  4. Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.

         Ал экономиканы  мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:

    • Ұлттық қорғаныс;
    • Фундаменталды ғылым;
    • Космостық зерттеулер;
    • Денсаулық сақтау;
    • Қала құрылысы, заводтар салу;
    • Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
    • Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
    • Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
    • Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
    • Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.

     Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:

  • Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
  • Бәсекелік ортаны барынша қолдау.

     Осыдан  барып келесі төрт көрсеткіш шығады:

  1. Экономикалық өсім;
  2. Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
  3. Бағаның тұрақтылығы;
  4. Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.

     Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.

     Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің  әдістерін келесідей жіктеуге болады: 

     

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің  әдістері 
 

      1-ші  суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек. 
 

     1.2 Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу 

     Көптеген  Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан  Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып (қаңтар 1949 ж.), қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:

  • меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;
  • мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi демонаполизацияландыру және монополияға қарсы күрестiң қызметiн  күшейту;
  • нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;
  • қаржы –банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;
  • елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;
  • шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;
  • ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

    Жоғарыда көрсетілген  шараларды экономикада нарықтықты реттеу механизмдері ретінде қолдануда  әр елде өзінің ерекшеліктері есепке алынады. Ең қолайлы жағдайда Венгрия  болды. Бұл елде экономикалық реформа  үш-он жыл бұрын басталған. Шаруашылық  жүргізуде кәсіпкерлікті ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере жүргізген. Халық шаруашылығының алдыңғы буындарындағы құқық негіздерін жасауда экономикалық ассоциациялар заңы негізгі роль атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындарды экономикалық ассоциацияларға айналдыруда тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік жекешелендіруде көп жағдайда уақтау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру шаралары жүргізілді. Бұл шаралар тек бұйрық түрімен емес, еңбек ұйымдарының және олардың басшыларының қолданылуымен жүргізілді. Соның нәтижесінде үш жылда (1989-1991жж) елде шағын және орта кәсіпорындар төрт есе көбейді. Конъюктураның өзгеруіне байланысты кәсіпорындардың қызметінде қажетті икемділік пайда болды. Мемлекеттік тарапынан бұл процесс қолдау тапты. Қаржы- шаруашылық жағдайлары мен халық шаруашылығына керекті өнім шығаратын кәсіпорындар банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие беріп санация жасалған немесе бұл кәсіпорындарды басқа меншікке (соның ішінде шетелдіктерге) берілді.

         Бұған нарық инфрақұрылымының  құрылуы (қордық қызметтердің  пайда болуы мен дамуы, тауарлы  және брокерлік биржалар, инвестициялық  қорлар, несие – банк қызметтері) және қаржы – банк жүйелерінің  реформалануы мүмкіндік туғызды.  Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуды банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі жекешелендіру процесі инвестициялық бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты жекешелендірілген, ал 40 %  -дан жоғарысы өнеркәсіптердің өздерінің ықыластарына байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму «төменнен» негізделіп жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, не экономикалық жағдай жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс құралдары мен халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына» толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі мен  халыққа сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.

          Нарық жағдайда шаруашылық жүргізуге дайын Австрия болды. Баға құру мен еңбек ақыны реттеу, шетел инвестицияларымен ыньаландыру, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау, ақша айналымын тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау жөніндегі шаралар 40 -жылдардың соңынан жүргізіле бастады [40,86-95-б.]. Нәтижесінде осы шаралар «мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық құрылымдарының байланысын үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесін жақсартуға» негіз болды.

         Қаржы тепе-теңдігіне көңіл бөле  отырып Австрия үкіметі әлеуметтік  серіктестік пен шағын бизнесті  қолдауға ерекше көңіл болды.  Австриялық тәжірибедегі үкімет  тарапынан жасалған бәсекелестік  шаралары нарық экономикасының  қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа құрылған шағын, орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдем ақы немесе жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың (өнеркәсіптердің) қызметтеріне тауарларды сату ережелері, дұрыс емес бәсекелестікке жүргізілген шаралар, жергілікті жабдықтау, картельдер туралы т.б. заңдар құқықтық негізі болып табылады.

            Өнеркәсіптерді бақылау және  кәсіпкерлер мен бизнесмендердің  саудаға шығу ережелерін бақылау  мемлекеттің құқықтық қызметтерінің  бірі болып табылады.

           Австрияның тиісті мемлекеттік  органдары сыртқы экономикалық  қатынастарды тереңдетуде экспорттық түсімдердің және импорттық төлемдердің тең болуы қағидаларына сүйенеді. Ұлттық банкінің монополистік жағдайы жойылуына байланысты елдің валюталық режімі және сыртқы сауда либерализацияланады және де валюталық операцияларды жүргізуде коммерциялық банктердің қызмет ету аясы кеңейеді.  Көп жағдайда аталған қағидалар орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің көптеген бөлігі сыртқы қарызды өтеуге кетеді.

          Поляк Халық Республикасында  нарықтық шаруашылық жүргізу  моделіне тездетіп өтудің белгілі бір тәжірибесі қалыптасып отыр, мұнда жеке кәсіпкерлік қоғамның экономикалық өмірінде жаңа құбылыс болып табылмайды. Оның ролі ауыл шаруашылық өндірісінде, саудада, қоғамдық тамақтану саласында елеулі. Бұл елде нарықтық қатынастар саласын кеңейту және олардың инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар «естен тандыру теропиясы» деген атауға ие болған, бұл шаралар тауар өндірушілер мен оларды тұтынушыларға қатаң сипатта болады. Жергілікті түрде қатаң монетарлық саясат жүргізу (ақша эмиссиясының шұғыл қысқартылуы, берген несие үшін жоғары мөлшерлемелер деңгейін белгілеу), салық жеңілдіктері мен дотацияларды жою, бағаны ырықсыздандыру, дайын өнім мен материалдық- шикізат ресурстарын бір орталықтан бөлуден бас тарту, халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғаудың жаңа қағидаларын енгізуде қаржы- шаруашылық қызметте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу. Алайда бұлар өнеркәсіптің дамуына және адамдардың әлеумметтік жағдайына жағымсыз әсер етуде. Тауарларға (қызмет түрлеріне) деген сұраныстарды шұғыл қысқарту бағытын жүзеге асыру кезінде барынша абай болудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті, өйткені мұндай қысқартудың ақылға қонымды «шекараларын» атап өту, сұраныс пен ұсынысты теңдестіру проблемасын шешуді кейінге қалдыруы мүмкін.

         Чехия республикасы үшін әлеуметтік  - экономикалық салада тиімді және кешенді қайта құруларды салыстырмалы түрде қысқы мерзімде тез жүзеге асыру тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде) осы республиканың премьер – министрінің экономикалық реформалар барысын талдау негізінде жасаған қорытындылары нақты қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық, әлеуметтік күрделілігі «нарықтық экономиканы дамытуды және құруды бір орталықтан жоспарлауға мүмкіндік бермейтінің» қуаттап береді. [4,5 – б.]   

         Егер шаруашылық жүргізудің нарықтық  моделіне өту заңдылығын былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу бағаны ырықсыздандыру және т.б.) онда ең кемінде жоғарыда аталған қорытындылардың үш негізгі түріне көңіл аудару керек.

           Біріншіден, бұл жерде тиімді  макроэкономикалық саясатты дұрыс  негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа енгізуден басталды.

            Екіншіден, ұлттық капиталмен  салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай: а) шетел капиталы ақыр аяғында белгілі бір ел үшін қымбатқа түседі және ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.

             Үшіншіден, «қалған дүниеден көмек  емес, сауда мен айырбас керек» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.

            Қытай Халық Республикасында  экономиканы мемлекеттік реттеу  тәжірибесі белгілі бір қызығушылық  туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР  –да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі [22,99-б.].

         Қытайдағы экономикалық реформалардың  стратегиясы ұйымдық аспектіде  болғанмен «ауылдан қалаға» деген  қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың  алға басуы ауылдағы нарықтық  қатынастар элеметтерінің пайда  болуы мен олардың мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді дирекивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен жәнен нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.

           Көптеген экономикалық реформаларды  бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т.б. елдерде байқалады.

            Жапония мен Оңтүстік Кореяда  мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық  өнім, жинақ көлемі және қор,  еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды. 
     
     
     
     

2. Қазақстан республикасы үшін экономиканы реттеудің басым бағыттары 

2.1 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы

     Мемлекет  тарапынан экономикалық процестерді  реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

     Нарықтық  қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде  де қаржы және оның негiзiндегi салық  жүйесi мен салық салу механизмi зор  рол атқарады. Салықтар мемлекеттер  пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.

     Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл  макроэкономикалық тепе-теңдіке  және экономиканың жұмыс істеуінің  әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ  қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі.

      Қаржылық  реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура және жанама салықтар қолданылады.

     Нарықтық  экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен  әдістер арқылы жанама реттеме негізгі  қолданыста болады. Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық салуда – салықтардың  мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық бөлу және қайта бөлу, бақылау  қызметтері жатады.

           Салықтардың экономикалық мәні  олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы. 

     Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың  экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.

     Сонымен, салықтардың жалпы экономика  дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:

  • Фискалдық;
  • Рететушiлiк;
  • Бақылаушылық.

     Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.

     Қаржылық  реттеудің басты мазмұны фискалдық  саясатты – бюджет (мемлекеттің  шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді  қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

     Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.