Электро қозғалтқыш

Мазмұны

 

Бет

 
 

Кіріспе

3

 

Жобалауға арналған тапсырма

4

1

Электроқозғалтқышты таңдау және кинематикалық есептеу

5

2

Бәсеңдеткіштің тісті дөңгелектерінің  есептеулері

6

3

Біліктердің алдын ала есептеулері

8

4

Тістегеріш пен дөңгелектік конструктивтік өлшемдері

8

5

Бәсеңдеткіш тұрқының конструктивтік өлшемдері

9

6

Бәсеңдеткішті жинаудың бірінші сатысы

10

7

Мойынтіректердің жұмыс істеу ұзақтығын тексеру

10

8

Бәсеңдеткішті жинаудың екінші сатысы

15

9

Кілтекті қосылыстардың беріктігін тексеру

16

10

Біліктердің нақты есептеулері

16

11

Тісті дөңгелектер мен мойынтіректердің қондырулары

22

12

Май сапасын таңдау

22

13

Бәсеңдеткішті жинау

23

 

Қорытынды

23

 

Пайдаланылған әдебиеттер

24

 

А қосымшасы: Бірінші жинау

25

 

Б қосымшасы: Екінші жинау

26

 

Сипаттама құжат

27


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Жетектің  түрлері және қолданылатын өңірі.

Барлық  техникалық процесстерді механикаландыру  өндірісте кең түрде қолданылады. Көбінесе машиналарды жүргізу үшін технологиялық машиналар қажет техникалық жабдықтар, атап айтқанда, машина жасау өндірісінде әртүрлі металл жонғыштар, пресстер, бұрғылау машиналары, ал құрылыста қолданылатын машиналар бетоно-мешалкалар, растворо-мешалкалар жүк көтеру машиналары, жер қазу, асфальт төсеу машиналары және т.б. Машиналар жетектің көмегімен белгілі бір жұмыс атқарады. Жетек дегеніміз – машиналар мен механизмдерді қозғалысқа келтіретін құрылғы. Жетек қуат көзінен (жылу, электр, гидравликалық қозғалтқыштар және т.б.) және қуатты(қозғалысты) беру механизмінен тұрады. Беру механизмдеріне көбінесе қуаттың бір түрін екінші түрге айналдыратын, айналу моменттері мен бұрыштық жылдамдықтарды азайтатын (көбейтетін), қозғалыс жылдамдығын реттеп отыратын әр түрлі (тісті, ременді, шынжырлы, бұрамдық және т.б.) берілісті механизмдер қолданылады.

Машина  детальдары курсының жалпы инженерлік білім беруде де маңызы зор, өйткені бұл курс жалпы білім беретін сабақтар мен арнаулы сабақтарды және студенттердің теориялық механика, материалдар кедергісі, механизмдер мен машина теориясы, материалдар технологиясы пәндерінен де білімін жинақтап, соны машина детальдарын есептеуге, конструкциясын құруға және олардың қалай жасалуын ойластыруға пайдалана білуі қажет.

Қарастырып  отырған жұмыста жетек бір  сатылы қиғаш тісіт цилиндрлі бәсеңдеткіш пен шынжырлы берілістен тұрады. Жетек ең аз беріліс шығынымен айналу моментін электроқозғалтқыштан шығар білікке қажетті айналу жиілігімен және қажетті қуатпен жеткізуді қамтамасыз ету керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалауға арналған тапсырма

№3 тапсырма, 6 вариант.

Бір сатылы қиғаш тісті цилиндр мен  шынжырлы берілістен тұратын жетекті жобалау.

ω3


N3



1 – электроқозғалтқыш; 2 – муфта; 3 – қиғаш тісті цилинндрлі бәсеңдеткіш;

4 – шынжырлы беріліс.

 

Жетекті есептеуге арналған мәндер:

Қуат N3=11,0 кВт;

Бұрыштық жылдамдық ω3=3,0π.

 

Сызу керек: бәсеңдеткіштің жалпы  көрінісін; жетекші біліктің, тісті  дөңгелектің, мойынтіректердің бітеу және тесік қақпақтарының жұмысшы сызбаларын.

 

 

 

 

 

  1. Электроқозғалтқышты таңдау және кинематикалық есептеу

Тісті берілістің ПӘК-і η1=0,98, шынжырлы берілістікі η2=0,95, 2 мойынтірек жұптарынікі η23=0,99.

Жалпы ПӘК: η1223=0,98*0,95*0,992=0,912.

Электроқозғалтқыштың керекті қуаты: .

Жетекші біліктің айналу жиілігі:

Электроқозғалтқыштың керекті айналу жиілігі: ηкерек= η3*iбәс*iш.б.=90*4*3 = 1080мин-1, мұндағы iбер-тісті берілістің беріліс саны, iш.б – шынжырлы берілістің беріліс саны.

Алынған мәліметтерге қарап үш фазалы асинхронды электроқозғалтқышты таңдаймыз 4А160М6УЗ, Nэл =15кВт, жылжу 2,6%, nc=1000мин-1.

Электроқозғалтқыштың білігінің номинал айналу жиілігі:

 

Жалпы беріліс саны: Тісті беріліс үшін uт.б.=3,15, шынжырлы беріліс үшін uш.б.=3,55 (3,15*3,55=11,18) деп аламыз.

Біліктердің айналу жиіліктері мен  бұрыштық жылдамдықтары:

Электроқозғалтқыш үшін

Бәсеңдеткіштің баяу жүрісті білігі үшін:

 

Жетектің білігі үшін

Біліктердің беретін қуаттары:

 

Айналу моменттері:

білік тістегеріште 

дөңгелек білігінде 

шынжырлы берілістің жетектегі білігінде

 

 

  1. Бәсеңдеткіштің тісті дөңгелектерінің есептеулері

Дөңгелек материалдары: тістегеріш үшін – Болат 45; тісті дөңгелек үшін – Болат45.

Термиялық өңдеу: тістегеріш үшін – жақсартылған, қаттылығы НВ 230; тісті дөңгелек үшін – жақсартылған, қаттылығы НВ200.

Түйісудің мүмкіндік кернеуі: , мұндағы -түйісу кернеуінің шыдамдылығының шегі, - ұзақ мерзімділік коэффициенті, - қауіпсіздік коэффициенті.

 

Қиғаш тісті дөңгелектер үшін түйісудің  мүмкіндік кернеуі:

 

Тістегеріш үшін

Дөңгелек үшін

 

Міндетті шарт орындалды.

=1,25-жүктеменің тіс тәжі ені бойынша біркелкі таралмауының коэффициенті.

Қиғаш тісті дөңгелектердің осьаралық қашықтық үшін тіс тәжі енінің коэффициенті:

Осьаралық қашықтық мұндағы =43 қиғаш тісті беріліс үшін, uт.б.=3,15.

МЕСТ 2185-66 бойынша осьаралық қашықтықтың жуық мәні

Номиналды ілінісу модулін келесі жолмен аламыз:

mn=(0,01÷0,02)aw=(0,01÷0,02)*160=1,6÷3,2. МЕСТ 9563-60 бойынша mn=2,5 модулін аламыз.

Тіс қиғаштығының бұрышын β=10о деп алып, тістегеріш пен дөңгелек тістерінің санын анықтаймыз: Z1=30 деп аламыз, онда Z2= Z1*u=30*3,15=95.

Тіс қиғашының бұрышының нақты мәні:

cosβ=12026.

Тістегеріш пен дөңгелектің негізгі диаметрлері:

Бөлгіш диаметрлер:

 

Тексеру:

Тіс ұштары диаметрлері:

 

Дөңгелек ені:

Тістегеріш ені:

Тістегеріш енінің коэффициентін диаметрі бойынша анықтаймыз:

 

Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы мен  берілістің дәлдік дәрежесі:

 

Қиғаш тісті дөңгелектердің мұндай жылдамдығында 8- дәлдік дәрежесін алған  жөн.

Жүктеме коэффициенті: KH= K K KHv.

K ≈1,08: қаттылық НВ≤350 болғанда.

K ≈1,09: v=3,91 м/с және 8-дәлдік дәрежесінде.

KHv=1: v≤5м/с болғанда қиғаш тісті дөңгелектер үшін.

Олай болса KH= 1,08*1,09*1=1,1772

Түйісу кернеуін тексеру:

 

Ілінісудегі әсер ететін күштер:

Жанама 

Радиалды 

Осьтік 

 

 

3. Бәсеңдеткіштің біліктерінің  алдын ала есептеулері

Жетекші білік:

Біліктің шығар ұшының диаметрін мына формуламен есептейміз:

 

мұндағы- біліктің айналу моменті, =25МПа – Сталь 45-тен жасалған біліктер үшін мүмкіндік кернеу.

Электроқозғалтқыштың білігінің диаметрін МЕСТ 21424-75 стандарты бойынша МУВП 1-32-42 муфта таңдаймыз (3.1 – сурет). Мойынтірек асты диаметрін таңдаймыз Тістегерішті білікпен бірге қарастырамыз.

3.1-сурет. Жетекші біліктің құрылысы.

Жетектегі білік:

=20 МПа деп қарастырып

Біліктің шығар ұшының диаметрін мына формуламен есептейміз:

 

Жуық үлкен стандарт мәнді аламыз: Мойынтірек астындағы білік диаметрін тісті дөңгелек астындағы диаметріді деп аламыз (3.2-сурет).

4. Тістегеріш пен тісті дөңгелектің конструтивтік өлшемдері

Тістегерішті білікпен бірге қарастырамыз. Оның өлшемдері:

Тісті дөңгелек өлшемдері:

Күпшектің диаметрі:   күпшек ұзындығыдеп аламыз.

3.2-сурет. Жетектегі біліктің  құрылысы.

Дөңгелек жиегінің қалыңдығы  мм, мм деп аламыз.

Диск қалыңдығы C=0,3b=0,3*64=19 мм.

 

5. Бәсеңдеткіш тұрқының  конструктивтік өлшемдері

Тұрық қабырғасы мен қақпақтың қалыңдықтары: болғандықтан деп аламыз. болғандықтан деп аламыз.

Тұрық пен қақпақтың белдеуше табаншаларының қалыңдығы:

тұрық пен қақпақтың жоғарғы белдеушесі

 

Тұрықтың  төменгі белдеушесі деп аламыз.

Бұрандамалардың диаметрлері:

фундаменттік  олай болса М20 бұрандамасын аламыз.

мойынтірек түбіндегі қақпақты тұрыққа бекіткіш олай болса М16 бұрандамасын аламыз.

қақпақты тұрыққа бекітетін  олай болса 308 мойынтірек қақпағы үшін М8, ал 312 мойынтірек қақпағы үшін М12 бұрандамасын аламыз.

6. Бәсеңдеткішті жинаудың  бірінші сатысы

Жобамен парақтың ортасына оның көлденең ұзындығына параллель етіп осьтік сызық сызамыз. Содан кейін сол оське перпендикуляр етіп ара қашықтығы болатын өзара параллель екі білік осьтерін сызамыз.

Тістегеріш пен тісті дөңгелекті тіктөртбұрыш түрінде саламыз. Тістегеріш білікпен бірге салынады, оның өлшемдері: Дөңгелек өлшемдері: Күпшек диаметрі   күпшек ұзындығы

Тұрықтың ішкі қабырғасын саламыз:

а) күпшек пен тұрықтың ішкі қабырғасының арасындағы саңылау

ә) дөңгелектің тіс ұшы мен  тұрық арасындағы саңылау А=δ=8мм;

б) жетектегі дөңгелектегі мойынтіректің сыртқы сақинасы мен тұрықтың ішкі қабырғасының арасындағы қашықтық А=δ=8мм.

Алдын ала 308 және 312 МЕСТ 8338-75 бойынша  орта сериялы радиалды шарикті мойынтіректерді таңдаймыз (6.1 кесте). Мойынтіректердің габарит өлшемдерін біліктердің мойынтірек асты диаметрлерінен және аламыз.

6.1 кесте

Мойынтіректің шартты атауы

d

D

B

Жүккөтергіштігі, кН

Өлшемдері, мм

C

C0

308

40

90

23

41,0

22,4

312

60

130

31

81,9

48,0


Мойынтіректерді майлау. Мойынтіректерге пластикалық майлау материалын қолданамыз. Майдың тұрық ішіне өтпеуі үшін және үйкелетін беттерді майлау үшін майұстағыш сақиналар қолданамыз. Олардың ені у=10 мм.

Өлшеу арқылы жетекші біліктегі  l1=71 мм және жетектегі біліктегі l2=75 мм арақашықтығын табамыз.

Мойынтіректің ұяшығының тереңдігі 312 мойынтірек үшін В=31 мм; деп аламыз.

Қақпақтың тәжінің қалыңдығы ∆=1,2δ=1,2*7=8,4 мм (δ=7 мм). Бұрандама қалпақшасының биіктігі 0,7δб=0,7*10=7 мм.

7. Мойынтіректердің ұзақ жұмыс істеуін есептеу

Жетекші білік. 2-ші " Бәсеңдеткіштің тісті дөңгелегінің есептеулері" бөлімнен білетініміз: Жинаудың бірінші сатысынан білетініміз

Тіректердің реакциялары (7.1 сурет):

ХУ жазықтығында:

УZ жазықтығында:

 

Тексеру:

 

ХZ жазықтығында:

Оң жақтан

УZ жазықтығында:

Жалпы реакция 

 

Көбірек жүктеме түсетін 1 тіректегі  мойынтіректерді аламыз. 308 мойынтірек үшін: d=40мм; D=90мм; B=23мм; C=41,0кН; C0=22,4кН.

Эквиваленттік жүктеме , мұндағы ; ; V=1(ішкі сақиналар айналымы);

Қатынас бұл мән е=0,223-тен кіші.

Қатынас > е; X=0,56 және Y=1,97.

 

Ұзақ жұмыс істеудің есептеуі, млн.айн.

 

Ұзақ жұмыс істеудің есептеуі, сағат.

 

Жетектегі білік те жетекші білік  сияқты жүктеме қабылдайды:

 

Білікке шынжырлы берілістен түсетін жүктеме

Бұл жүктеменің құраушылары 

7.1 сурет. Жетекші біліктің есептік  сызбасы.

Жинаудың бірінші сатысынан  білетініміз  және

Тірек реакциялары (7.2 сурет):

ХZ жазықтығында

 

 

7.2 сурет. Жетектегі біліктің  есептік сызбасы

Тексеру:

 

 

УZ жазықтығында:

 

=

 

Тексеру:

Жалпы реакциялар:

 

 

 

 

Оң жақтан

 

 

Көбірек жүктеме түсетін 4 тіректегі мойынтіректерді аламыз. 312 шарикті радиалды мойынтіректер: d=60мм; D=130мм; B=31мм; C=81,9кН; C0=48,0кН.

Қатынас бұл мән е=0,19-ден кіші.

Қатынас < е; X=1 және Y=0.

 

Ұзақ жұмыс істеудің есептеуі, млн.айн.

 

Ұзақ жұмыс істеудің есептеуі, сағат.

 

мұндағы n=309,21 мин-1 – бәсеңдеткіштің баяу жүрісті білігінің айналу жиілігі.

 

8. Бәсеңдеткішті жинаудың  екінші сатысы (Б қосымшасы)

Конструктивтік өлшемдері бойынша  тістегеріш пен тісті дөңгелекті алдында табылған мәндері бойынша сызамыз. Тістегерішті білікпен бірге орындаймыз.

Жетекші білікті сызамыз:

а) бәсеңдеткіштің ортасынан  қашықтықтан осьтік сызық жүргіземіз. Осы осьтік сызықтарды пайдаланып домалау мойынтіректерінің қимасын саламыз;

ә) мойынтіректердің жиектері мен тұрықтың ішкі қабырғаларының арасына майұстағыш сақиналарды саламыз. Олардың жиектері тұрықтың ішкі қабырғаларына 1-2 мм-ге ішке еніп тұрады. Сақиналардың диаметрлерін мойынтірек диаметрлерімен бірдей етіп аламыз (Ø40 мм);

б) мойынтіректердің қақпақтарын тығыздағыштар мен бұрандамаларын қоса сызамыз;

в) муфта мойынтіректің қақпақтарының бұрандамаларына тиіп қалмас үшін, біліктің Ø40 мм бөлігінен Ø32 мм бөлігіне жалғанатын сатысын қақпақ жиегінен 10-15 мм қашықтықтан орындаймыз.

Біліктің жалғастырғыш бөлігінің  (Ø32 мм) ұзындығын муфта күпшегінің ұзындығына байланысты аламыз. Біздің жағдайда 80 мм.

Жетектегі білікті сызамыз:

Келесі ерекшеліктерге назар аударайық:

а) дөңгелектің ось бойымен қозғалмауын  қамтамасыз ету үшін дөңгелекті бір  жағынан тосқауылмен, екінші жағынан  майұстағыш сақинамен қысамыз; біліктің  Ø65 мм-ден  Ø60 мм-ге өтетін орнын, майұстағыш сақиналар дөңгелек жиегіне жақсы қысылуы үшін, дөңгелектің ішіне қарай 2-3 мм-ге ауыстырып орналастырамыз.

ә) бәсеңдеткіштің ортасынан  қашықтықтан мойынтіректердің осьтік сызықтарын жүргізіп, оларды сызамыз;

б) майұстағыш сақиналарды, мойынтірек қақпақтарын бұрандамаларымен қосып сызамыз;

Жетекші және жетектегі біліктерге жиегі дөңгеленген призмалық  МЕСТ 23360-78 стандарт кілтектерді орналастырамыз. Күпшектің ұзындығынан 5 мм кем етіп кілтектерді сызамыз.

 

 

9. Кілтекті қосылыстарды беріктікке есептеу

Кілтектердің ұзындығын, енін, биіктігінің мәндерін МЕСТ 23360-78 стандартынан аламыз.

Кілтектердің материалдары – болат45 қалыптандырылған.

Жанасу  кернеуі мен беріктік шарты мына формуламен есептеледі:

 

Жанасудың мүмкіндік кернеуі болат күпшек болғанда шойын болғанда

Жетекші білік: d=32 мм; b x h=10 x 8 мм; t1=5 мм; l=70 мм(МУВП муфтасының ұзындығы 80  мм болғанда); жетекші біліктегі момент T1=117,7 x 103H*мм;

 

(МУВП  жартылай муфтасының материалы  – СЧ20 маркалы шойын).

Жетектегі білік: d=65 мм; b x h=18 x 11 мм; t1=7 мм; l=70 мм (тісті дөңгелектің күпшегінің ұзындығы 80  мм болғанда); жетектегі біліктегі момент T1=356,3 x 103H*мм;

 Шарт орындалды.

10. Біліктердің нақты есептеулері

Біліктердің нақты есептеулері  беріктік қор коэффициентін s қауіпті қималар үшін анықтау және оларды мүмкіндік мәндерімен салыстыру үшін қажет

Қауіпті қималарды жобалап алып, әр білік үшін есептеу жүргіземіз.

Жетеші білік (7.1 сурет).

Тістегеріш білікпен қоса орындалған. Тістегеріш пен біліктің материалы – болат45, термиялық өңдеу – жақсартылған.

90 мм-ге дейінгі дайындамалар үшін (біздің жағдайда )орташа мән .

Симметриялық иілу цикліндегі шыдамдылық шегі

 

Симметриялық жанама кернеулер  цикліндегі шыдамдылық шегі

 

А-А қимасы (7.1 сурет). Бұл қима электроқозғалтқыштан айналдырушы моментті муфта арқылы береді, оны бұралуға есептейміз.

 

Беріктік қор коэффициенті

 

Мұнда амплитуда және орташа кернеу

 

d=32 мм; b =10 мм; t1=5 мм болғанда

 

 

 

 

А-А қимасы (7.1 сурет). Бұл қимадағы білік диаметрі 32 мм. ; 

Айналдырушы момент 

Көлденең жазықтықтағы июші момент

 

Тік жазықтықтағы июші момент

 

А-А қимасындағы жалпы июші момент

 

Бұралуға кедергі моменті (d=32 мм; b =10 мм; t1=5 мм)

 

Иілуге қарсылық моменті

 

Иілу кернеуінің нормал амплитудасы

 

Орташа кернеу 

Беріктік қор коэффициентінің  нормал кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  қорытынды мәні

 

s-тің есептік мәні мүмкін [s]=2,5(s≥[s])-тің мәнінен кем болмауы керек, 2,98>2,5. Шарт орындалды.

Қалған Б-Б және В-В қималарын (7.1 сурет) есептеу қажет емес.

Жетектегі білік (7.2 сурет).

Тісті дөңгелектің материалы –  болат45 қалыптандырылған; .

Шыдамдылық шектері: және

А-А қимасы (7.2 сурет). Бұл қимадағы білік диаметрі 65 мм. Кернеулердің мәні ;  коэффиценттеріне байланысты.

Беріктік қор коэффициенті

 

Мұнда амплитуда және орташа кернеу

 

d=32 мм; b =10 мм; t1=5 мм болғанда

 

 

 

 

А-А қимасы (7.1 сурет). Бұл қимадағы білік диаметрі 32 мм. ; 

Айналдырушы момент 

Көлденең жазықтықтағы июші момент

 

Тік жазықтықтағы июші момент

 

А-А қимасындағы жалпы июші момент

 

Бұралуға кедергі моменті (d=65 мм; b =18 мм; t1=7 мм)

 

Иілуге қарсылық моменті

 

Жанама кернеу циклының орта кернеуі мен амплитудасы

 

Иілу кернеуінің нормал амплитудасы

 

Орташа кернеу 

Беріктік қор коэффициентінің  нормал кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  жанама кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  А-А қимасындағы қорытынды мәні

 

В-В қимасы (7.2 сурет). Бұл қимадағы кернеулердің мәні  мойынтіректердің сенімді отырғызуынан анықталады: және болғандықтан;

Июші момент 

Осьтік кедергі моменті  

Нормаль кернеудің амплитудасы

Полярлық кедергі моменті  

Жанама кернеу циклының орта кернеуі  мен амплитудасы

 

Беріктік қор коэффициентінің  нормал кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  жанама кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  В-В қимасындағы қорытынды мәні

 

Г-Г қимасы (7.2 сурет). Бұл қимадағы кернеулердің мәні  білік диаметрі 60 мм-ден 50 мм-ге өтер жерінен анықталады: және : болғандықтан  ;

Осьтік кедергі моменті

 

Нормаль кернеудің амплитудасы

 

Полярлық кедергі моменті

 

Жанама кернеу циклының орта кернеуі  мен амплитудасы

 

Беріктік қор коэффициентінің  нормал кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  жанама кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  Г-Г қимасындағы қорытынды мәні

 

Б-Б қимасы (7.2 сурет). Бұл қимадағы кернеулердің мәні  кілтек ойығына сүйеніп алынады:  ;

Июші момент 

Иілуге қарсылық моменті (d=14 мм, t1= 5,5 мм болғанда)

 

Иілу кернеуінің нормал амплитудасы

 

Бұралуға кедергі моменті 

 

Жанама кернеу циклының орта кернеуі  мен амплитудасы

 

Беріктік қор коэффициентінің  нормал кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  жанама кернеумен алынған мәні 

 

Беріктік қор коэффициентінің  Б-Б қимасындағы қорытынды мәні

 

Алынған мәндерді кестеге жазамыз:

10.1 кесте

Қимаа

А-А

В-В

Г-Г

Б-Б

Қор коэффициенті

11,8

5,35

6,04

6,34


Барлық қималарда s>[s].

11. Тісті дөңгелектер мен мойынтіректердің қондырулары

МЕСТ 25347-82 бойынша қондырулар

Тісті дөңгелекті білікке 

Мойынтіректер астындағы білік мойындарын к6 білік ауытқуымен орындаймыз. Тұрықтағы сыртқы тесік сақиналарының ауытқуын Н7.

Мойынтірек қақпақтарын

Біліктер мен майұстағыш сақиналар

Тығыздағыш астындағы біліктер мен тесік қақпақтар 

Жетектегі білік 

Муфта астындағы жетекші білік  һ6.

Кілтек

12. Май сапасын таңдау

Тісті іліністердің майлануы, тісті дөңгелектің тұрықтың ішінегі деңгейге дейін құйылған майға батуы арқылы жүзеге асады. Дөңгелектің бату мөлшері шамамен 10 мм.

Май тұтқырлығын таңдаймыз. Түйісудің  мүмкіндік кернеуі σН=366,6 МПа және жылдамдық v=3,91 м/с болғанда майдың қажетті тұтқырлығы 28*106 м2/с. МЕСТ 20799-75 бойынша И-30А индустриалды майын таңдаймыз.

Мойынтірек қуыстарын УТ-1 пластикалық майлау материалымен толтырамыз.

13. Бәсеңдеткішті жинау

Жинау алдында бәсеңдеткіштің тұрқының ішкі жақтауларын мұқият тазалап, майұстағыш сырмен сырлайды.

Жинауды жинау сызбасына сүйеніп, білік тораптарынан бастап жүргізеді

Жетекші білікке 80-1000С температурадағы майда қыздырылған майұстағыш сақиналар мен шарикті мойынтіректерді отырғызады.

Жетектегі білікке кілтекті орналастырып, тісті дөңгелекті қысыу арқылы білік кертігіне дейін орнатады. Содан соң майда қыздырылған төлкені, артынан майұстағыш сақинаны, шарикті мойынтіректі отырғызамыз.

Жиналған біліктерді бәсеңдеткіш  тұрыққа орналастырып, тұрықтың қақпағын арасына герметик жағып тұрыққа жабамыз. Қақпақтың бекіткіш бұрандаларын қатырамыз.

Мойынтірек қуыстарына пластикалық материалды жағып, реттеуші қаңылтырларды салып, мойынтірек қақпағын жабамыз.

Тесік қақпақтарды орналастырмас  бұрын олардың ойықтарына ыстық  май сіңірілген киіз тығыздағыштарды  орнатады. Сосын біліктердің айналып  тұрғанын тексеріп (біліктер қолмен бұралуы  керек), қақпақтарын жабады.

Майды ағызатын тығынды, май өлшегішті  орындарына бұрап қояды.

Тұрыққа 1,32 литр май құйып, көру тесігін  техникалық кағаздан жасалған тығыздағышын салып, бұрандамалармен орнына бекітеді.

Жиналған бәсеңдеткішті айналдырып, арнайы бағдарлама арқылы сынақтан өткізеді.

 

Қорытынды

Жұмыс тапсырмаға сай орындалды. Бір  сатылы қиғаш тісті цилиндрлі  бәсеңдеткіштің жобасы жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Анурьев В.И., инж. Справочник конструктора-машиностроителя. Изд. 3-е, переработ. М., изд-во «Машиностроение», 1968
  2. Дунаев П.Ф., Леликов О.П. Конструктирование узлов и детальей машин: Учеб. пособие для машиностроит. спец. вузов.-4-е изд, перераб.и доп.-М: Высш шк.,1985-416с., ил.
  3. Иванов М.Н. и Иванов В.Н. Детали машин. Курсовое проектирование. Учеб.пособие для машиностроит. вузов. М., «Высш.школа», 1975.
  4. Куликов В.П., Кузин А.В., Демин В.М. Инженерная графика: учебник.-2-е изд., испр.и доп.-М: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2007.-368с. –(Профессиональное образование)
  5. Решетов Д.Н. Детали машин: Учебник для студентов машиностроительных и механических специальностей вузов.-4-е изд., перераб.и доп.-М: Машиностроение, 1989.-496 с: ил.
  6. Курсовое проектирование деталей машин: Учебное пособие / С.А.Чернавский, К.Н.Боков, И.М.Чернин, Г.М.Ицкович, В.П.Козинцов.-3-е изд., стереотипное. Перепечатка с издания 1987г.-М: ООО ТИД «Альянс», 2005.-416 с.