Электронды ақшалар
Жоспар
Кіріспе.......................
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША түрлері, әдістері
1.1 Электрондық ақша түсінігі......................
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы........................
1.3 Электрондық ақшаның түрлері.......................
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері.......................
2 электронды ақша түрлері және талдау
2.1 ХХІ ғасырдың ақшасы........................
2.2 Пластикалық карточкалар...................
2.3 Банктік аударымдар....................
2.4. Интернеттегі элетрондық ақшалар.......................
2.5 Электрондық ақшамен біздің болашағымыз...................
2.6 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Заңы..........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі баса нарықтар секілді ақша нарығында да ақаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе - теңдігі экономика дамуы үшін тиімді болып табылады.Сондықтан осы ақша, ақша айналымын тиімді ұйымдастыру арқылы ақша нарығының қызмет етуін жақсарту өз егемендігін енді ғана алан еліміз үшін ең маңызды атқарып отыратын шаралардың бірі болып табылады.Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.
Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызады. Айырбас бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалығын, яғни тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.[5,1бөлім]
Мұндай негізге тауарлардың құны, демек тауар өндірісі процесінде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегі емес) тауарларды өлшенетін жасайды. Нарықта бір тауарды екінші бір тауарға айырбастаудың өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек әр түрлі болып, нәтижесінде олардың құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігін туындап, айырбас құнының ұғымы туындайды.
Мақсаты:Электрондық ақшалардың дамуы әрі қарай қалыптастыруы.
Айырбас құны – бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.
Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болып табылады.
Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндіруші үшін тұтыну құны болса жеткілкті. Ал егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда оның өндіруші үшін айырбас құны мен сатып алушы үшін тұтыну құны болуға тиіс.
Сөйтіп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегінде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:
Алғашқы формасы - өндіргіш күштердің төменгі даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бір еңбек өнімі екінші бір еңбек өніміне тікелей айырбасталып отырған.
Екінші формасы – бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі. Мұнда көбіне бір тауарға бірнеше тауарды айырбастайды.
Үшінші формасы – бұл құнның жалпылама формасы. әр тауар өндіруші өздерінің еңбектеріне қарай барлығына бірдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Бірақ ондай тауарлар мұндай рөлде ұзақ уақыт жүрмеген, себебі олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмай және өздерінің қасиеттеріне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейді.
Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесінде барлық тауарларға тікелей айырбасталған тауарлар әлемінен ерекше бір тауар – ақша тауары қалыптасты. Ол тауар рөлін бағалы металдар: алтын және күміс атқарды.
Сонымен, ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар.
Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де, ол айрықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Сондықтан алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуі, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетіне байланысты: біріншіден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлінетіндігі, әдемілігі және тозбайтындығы; екіншкден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректігі мен өндіруге кететін еңбек шығыны жоғары болуы.
Ақша - өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
Айырбас құнының дербес формасы;
Еңбек өлшемінің заттай (материалдану формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.[8,1]
Ақша даму тарихының негізгі этаптары: бірінші этап – кез-келген тауар болып өз функциясын атқаратын ақшаның пайда болуы; екінші этап – ортақ эквивалентті алтын болып қалыптасуы ( бұл этап ең созылған этап болып табылады); үшінші этап – қағаз немесе несиелік ақшаға көшу этапі; және соңғы төртінші этап – айналымнан жайлап қолма-қол ақшаларды шығару, яғни электрондық ақшалардың пайда болуын білдіреді. Бұл туралы ақша турлерінде толық айтып кетсек болады.
Ақша өзінің даму барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
толық құнды ақшалар – наминалды құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар.
Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы –реверс және жаны – гурт деп аталады.
толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
Құнның металдық белгілері – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар (жез, алюминий т.б.)
Құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілгіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғи жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақщалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың үш түрі бар: вексель, банкнота және чек.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соианы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы зінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қола ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка. [17,1]
1 ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚША түсінігі
1.1 Электрондық ақша түсінігі
Интернетте адамға керекті барлық нәрселер бар. Тауарлар, қызмет көрсетулер, әңгімелесу, өзіндік пікір білдіру, ойындар және т.б. Әрине, кейбір қызмет көрсетулер үшін төлеу керек,ал төлеу жүйесі қарапайым әрі тез болған сайын жақсы болып келеді. Осындай төлеу жүйесіне деген сұранысты сатушылар мен тұтынушылар керектігін сезе бастады. Сондықтан электрондық ақшаны ойлап тапқан еді. Кез келген электрондық ақшаның мақсаты – тауар сататын және қызмет көрсететін сатушылармен тұтынушыларды біріктіретін әмбебап төлеу ортасын құру болып табылады. Интернетте адамға қажеттінің бары бар. Электрондық ақшаның мақсаты – Интернетті сала ретінде экономикалық тиімділігн дамыту болып табылады. Электрондық ақшаның механизмі, ол компьютер көмегімен тауарларды төлеуге, келісімдерге отырғызуға, коммерциялық саланы жүргізуге мүмкіндігі болып табылады. Электрондық ақшалар электронды төлеу карталарына ұқсас болып келеді, тек сізде пин-код пен карта емес, ал логин мен пароль арқылы ақшамен жүргізілетін операцияларды жасау мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар кез келген уақытта сіз банк, пошталық аударымдар, ақшалай түрде, кредиттік карталар және т.с.с. желілер арқылы ақшаны алып, салуға мүмкіндігініз бар.
Қазіргі ХХI ғасыр ақшасы – электрондық ақша екендігіне ешкімнің күмәні жоқ. Қағаз ақшалар ХХ ғасырдағы ақша болып қалды. Қазіргі әлемдік дағдарыс бір ақшадан екінші ақшаға ауысу дағдарысы болып табылады. Электрондық ақша дегеніміз не?
Батыстың ғылыми әдебиетіндегі «электрондық ақша», немесе «электрондық қолма-қол ақшасы» деген алғашы түсініктерді Дэвид Чоумоммен байланыстырады. 1970 жылдардың соңында алғашқы сандық қол қою жүйелері және ақпаратты қорғау жүйесі негізіндегі ашық (жалпы рұқсат алу) және жеке кілттері бар сандық конверттер және қазіргі таңда көрсетілген дефиниция қатынасы шет елдердің жетекші банкирлері және зерттеушілері арасында келіспеушіліктерді тудырмайды. Ең толық «электрондық ақша» дефинициясы туралы мәліметті Европаның орталық банкінің басқару мүшесі О.Иссинг ұсынған еді. Ол бойынша «техникалық құрылғы көмегімен төлеу үшін тек эмитент адресіне ғана емес, сонымен бірге басқа қатысушылардың адресі арқылы ақша құнын электрондық сақтау болып табылады». Алайда берілген дефиниция толық емес болып табылады, себебі сипатталынатын түсініктің белгісін көрсетпейді және оның заңдық табиғатын ашпайды.
Ғылыми экономикалық әдебиеттерде «электрондық ақша» термині 1970 жылдардың ортасынан бастап қолданып келеді. Көптеген советтік және қазақстандық экономистер өздерінің ғылыми жұмыстарында осы түсініктер кездеседі, бірақ оны әртүрлі контекстте қолданған. Мысалы, В. М. Усоскин, Г. Г. Матюхин және т.б. топ авторлары термин түсінігін «банктік компьютерлердегі ақшаларды» банктік желілер бойынша алмастырып отыруға болатын ақшасыз есептер схемасы деп түсінеді. Басқа авторлар бұл түсінікті тек банктік карталар және т.б. байланыстырады.
«Электрондық ақша» термині көп жағдайда бөлшек сауда төлемдер саласындағы инновациялық техникалық шешімдеріне негізделеді, кең түрдегі төлеу құралдары қатынасында қолданылады.
Электрондық ақша түсінігін дәстүрлі банктік карталар (микропроцессорлы, және де магнит жолағы бар), немесе алдын-ала төленіп қойған сауда кәсіпорындарының карталары (сервистер, қызмет көрсетулер) деп қате түсінеді. Ол «алдын-ала төленіп қойған тауар-қызметтер» туралы ақпараттардан тұратын, атап айтқанда бір мақсаттағы телефонды немесе бензин құю компаниялары, жеке магазин желілері немесе көлік компаниялары ұсынатын азық-түліктік карталар ретінде қарастырады.
1996 ж. қазан айындағы халықаралық есептеу банкімен дайындаған «Электрондық ақшаның дамуына байланысты орталық банктер үшін туындайтын қиындықтар» атты шыққан баяндамада, «электрондық ақша» түсінігін «тұтынушы құқығында болатын электрондық құрылғыда электрондық түрде сақталатын, валюталық бірлікте өлшенетін ақша құны» деп беріледі. Берілген электрондық құны тұтынушымен алынып және құрылғыда сақталынады, сонымен бірге тұтынушы берілген құрылғыны сатып алу мақсатындағы қолдануы нәтижесінде қысқара береді.
Электрондық құрылғының екі түрі бар: алдын-ала төлеу картасы және алдын-ала төлеуі бар программалық азық-түлік картасы болып бөлінеді. Алдын-ала төлеу картасында электрондық баға картаға орналастырылған микропроцессорда сақталынады және есептеуіш құрылғыға салынған кезде алынады. Программалық өнімдердің электрондық бағасы дербес компьютердің қатты дискісінде сақталынады және Интернеттегідей телекоммуникациялы желі арқылы беріледі.
1998 ж. тамыз айындағы Европаның орталық банкімен басылған «Электрондық ақша туралы» баяндамасында «электрондық ақша» басқаша анықтама беріледі. «Электрондық ақшаның кең мағынадағы түсінігі ол техникалық құрылғыда ақша құнын электрондық сақтау болып табылады. Ол басқа фирманың және эмитенттің пайдасына төлеуді жүзеге асыратын және трансакцияны жүргізу үшін міндетті түрдегі банктік есептерді талап етпейтін, тек көрсетушіге төленіп қойған құрал ретінде әрекет етеді».
Кейіннен 18 қыркүйектің 2000 ж. № 2000/46/ЕС «Электрондық ақша саласы туралы және осы саламен айналысатын институттарға пруденциалды қадағалау» директивасы Европа парламенті және кеңесімен қабылданған еді. Онда электрондық ақша анықтамасы нақтыланған еді: «эмитентке талап етуін көрсететін ақша құны, яғни электрондық құрылғыда сақталынады.
өзіне қабылдаған міндеттемелердің кем дегенде өлшем көлемі ақша құралдарын алғаннан кейін эмитацияланады.
тек эмитететпен емес, сонымен бірге басқа фирмалармен төлеу құралдары ретінде қабылданады».
Берілген анықтама қарастырылатын түсінікке заңдық және экономикалық мағынасын көрсетеді. Ескеретін бір жайт, ол оның регулятивті құраушысына «электрондық ақша» эмиссия көлемдерінің қатынасына жеткілікті түрде қатал нормаларды орнатады (яғни банктің айналма міндеттемелерінің шыққан көлемі олардың шығу кезіндегі алған ақша құралдарының қосындысынан үлкен болуы мүмкін емес), жабдықталмаған «электрондық ақша» эмиссия мүмкіндігін болдырмайды.
Қазақстанның ресми құжаттарында «электрондық ақша» термині кездеспейді. Электрондық ақша түсінігіне жақын термині Орталық банк ҚР 1998 ж. қабылданған «276-У және №277-У» «төленіп қойған қаржылық өнім» деп көрсетіледі. Берілген құжаттарға сәйкес «төленіп қойған қаржылық түсінігінде несие ұйымының ақша міндеттемесі деп түсініледі, олардың айналымы үрдісі кезіндегі ауыстырылатын, қызметке немесе тауарларға төлеу кезінде заңды және/немесе тұлғаларға қойылатын талаптар, және сонымен бірге электрондық түрде құрастырылған ақшалай міндеттемелер». Берілген анықтама сонымен бірге электрондық ақша функционалдауының заңды жақтарын сипаттайды.
Қарастырылатын электрондық ақша функционалдауының заңды жағы заңдық қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырылады, осыған сәйкес электрондық ақша эмитенттің ақша міндеттемесі деп анықталады, ал айналым процессі кезінде оған ақша талабы ретінде шығады, ол электрондық ақша және жол чектары, векселдер немесе пайызсыз зайымдар арасында аналогияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Электрондық ақша анықтамасы жоғарыда аталған ҚР ОБ Көрсетілімдерінде төленіп қойған қаржы өнімі ретінде көрсетіледі және алғашқы қарастырылған анықтама халықаралық есептеу Банкімен бақыланады. Оның функционалдауының экономикалық жағын сипаттайды, сондықтан берілген анықтама экономикалық деп атайық.
Сонымен «электрондық ақша» түсінігіне анықтама жасауына үш жол бар: экономикалық, заңдық және технологиялық. Бірақ осы барлық үш жол өзара байланысқан және электрондық ақшаның әртүрлі жақтарын сипаттайды. Ең толық анықтама электрондық ақшаның барлық ерекшеліктерін ескеретін, келесідей түрде болу керек.
Электрондық ақша – бұл алдын-ала төленіп қойған қаржылық өнім:
А) эмитенттің ақшалай міндеттемесі;
Б) шығарылатын құнынан өлшемі аз емес, ақшалай құралдың эмитентімен алғаннан кейін шығарылады;
В) банктік счеттерді трансакциясы кезінде қолдануды талап етпейді;
Г) эмитентке қарағанда экономикалық субъектілермен төлеу құралы ретінде қабылданады;
Д) ұстаушының иелігінде болатын құрылғыда электрондық түрде сақталынатын ақша құнының өлшемі туралы ақпарат.
«А» пункті электрондық ақша анықтамасының заңдық жағын, «Д» пункті технологиялық жағын көрсетеді. «В» пункті электронық ақша қасиетін сипаттайды, ол оның счетке алыстылық рұқсаты жүйесімен ерекшеленеді, ал «Г» пункті бір мақсаттық чиптік картаны білдіреді, мысалы телефондық компания.
Электрондық ақша нақты ақшаның толық моделі болып табылады. Сонымен бірге, эмиссиондық ұйым - эмитент - әртүрлі жүйелерде әртүрлі аталатын олардың электронды аналогыне шығарады (мысалы, купондар). Кейін, олар қолданушылармен сатып алынады, ол арқылы сатып аынған заттарды төлейді, ал содан кейін сатушы оларды эмитентте жабады. Эмиссия кезінде ақша бірлігінің әр қайсысы электрондық мөрмен куәландырады, ол өтеу алдында шығарылатын құрылыммен тексеріледі.
Физикалық ақшалардың ерекшеліктерінің біріне олардың анонимдігі, яғни оның кім және қашан қолданғандығы туралы көрсетілмеген. Кейбір жүйелер аналогия бойынша сатып алушыға электрондық қолма-қол ақшасын алғанда ақша мен адам арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік бермейтіндей етіп жасалынады. Бұл соқыр қолдар схемасы арқылы жүзеге асады.
Тағы да бір атап кететін жайт, ол электрондық ақшаны қолданған кезде аутентификация керексіз болып қалады, себебі жүйе ақшаның шығарылу кезінде олардың қолданбай тұру кезіндегісіне негізделген.
Төменде сандық ақша арқылы төлеу схемасы келтірілген.
Сатып алушы алдын-ала нақты ақшаны электрондық түрге ауыстырып алады. Клиенттегі қолма-қол ақшаның сақталуы қолданатын жүйеге байланысты екі әдіспен анықталады:
- компьютердің қатты дискісінде.
- смарт-карталарда.
Әртүрлі жүйелер әртүрлі ауыстыру схемаларын ұсынады. Кейбірі арнайы счеттарды ашады, оған сатып алушының счетынан электрондық ақшаға айырбастауға аударылады. Кейбір банктер өздері электрондық даярлықты эмитациялауы мүмкін. Сонымен бірге ол тек клиенттің сұрауы бойынша ғана эмитацияланады және кейіннен компьютер немесе картаға оны аудару арқылы және оның счетынан ақшалай алу жасалынады. Соқыр қолды реализация кезінде сатып алушы өзі электрондық ақшаны тудырады, оны банкке қайтадан жібереді, онда счетқа нақты ақша түсу кезінде олар мөрмен куәландарады және қайтадан кері клиентке жіберіледі.
Сонымен қатар осындай сақтау ыңғайлықтарына қарамастан кемшіліктері бар. Диск немесе смарт-картаның бұзылуы қайта қалпына келмейтін электрондық ақшаның шығынына алып келуі мүмкін.
Сатып алушы сатушының серверіне сатып алғаны үшін электрондық ақшаны жібереді.
Ақшаның шынайлығын тексеретін эмитентке көрсетіледі.
Электрондық ақшаның шынайлығы жағдайында сатушының счеты сатып алынған заттар нәтижесінде өседі, ал сатып алушы тауарды алады немесе қызмет көрсетіледі. [5,45-51б]
1.2 Электрондық ақшаның даму тарихы
Ақша формасының жаңа тұрғыда өзгерудегі мәні бір счеттан басқа счетқа авторластырылған аудару әдісінің одан ары эволюцияланып жатқандығын көрсетеді.
XIII ғ. сатып алушы сатушыға депозитті трансферт арқылы төлегісі келген кезде ол өзі (немесе сатушымен бірге) аударымды санкциялау үшін банкирмен жеке өзі кездесу керек еді. Бұйрық хатпен (қолмен) жабдықталған қағаз чектер XIV ғ. пайда болды және тек XVII ғ. ғана кең етек жая бастады. Бір счеттан басқа счетқа тез ақша аударымдары туралы телеграфты бұйрықтар, яғни қағаз құжаттарын қолданусыз дистанционды түрде жеткізілетін бұйрықтар тек XX ғ. екінші жартысында кең етек ала бастады, кейіннен «электронды телеграф» деген атқа ие болды. Ақша құралдарын электронды аударымдары 70-жылдары кең тарала бастады, осының нәтижесінде дебетті карта немесе дербес компьютер арқылы төлеуді жүзеге асыру үшін дербес қолданушыларға төлеу жүйесіне кіру рұқсаты мүмкіндігін алған еді. Олар бөлшек транзакция деңгейіндегі телеграфты аударымдарын қолдану сияқты болып табылады.
Электрондық ақшаның төлеу құралы ретінде дамуы келесі сатылар болып табылады.
Электрондық ақша дамуының бірінші сатысы (1960-1980 жж.) магнитті кредиттік дебетті карталарды енгізу болып табылады, сонымен қатар электронды төлеу жүйесін кең түрде қолдану болып табылады.
Екінші саты (1990-2000 жж.) смарт-карта немесе «ақша соммасы сақталынатын карта» енгізу болып табылады. Қазіргі таңда көптеген батыс зерттеушілері смарт-карталарды электронды ақша элементтерінің бірі ретінде қарастырады. Сонымен бірге смарт-карталар «өнім-кілт» деген атауға ие электронды ақша құралдарының бірі болып табылады.
Осы жылдарға дейін магнитті карталар және смарт-карталар қолма-қол ақшаны ауыстырған жоқ, тек олардың иелеріне өздерінің банк счетындағы ақшамен дұрыс қолдануға мүмкіндік берді. Карталар арқылы қазіргі замаңғы қолма қол ақшасыз есеп айырымдар жүйесі көптеген артықшылықтарына (айналым ұстаныдарының төмендеуі, қауіпсіздік, қолдану ыңғайлығы, қосымша жеңілдіктер және т.с.с.) қарамастан, қолма қол ақша айналымнан толық жойылып кетпейді және де соңғы жылдары олардың әлемдегі айналым бөлігінде қысқару бағыттары байқалмайды (қазір қолма қол ақшаның жалпы ақша соммасының 10-20% құрайды). Бұл бір жағынан төлеушінің көзқарасымен қарағанда жақсы қасиеттерге ие,біріншіден өзінің ақша құралдарымен шартсыз және шексіз тарату мүмкіндігі, екіншіден электронды есептеу жүйелерімен салыстырғанда оперативтілігі, үшіншіден ең бастысы анонимдігі. Сондықтан электронды ақшаны енгізудегі негізгі мақсаты қолма қол ақша мүмкіндіктерімен біріктірілуі және ақша массасының электронды айналымы болып табылады. /4, 46 б./
Электронды ақша формасы дамуының үшінші сатысы (2000-2010 жж.) электронды ақшаның жаңа түрі – «жүйелік ақшалар» пайда болуымен сипатталады, олар нақты уақыт режимінде немесе компьютерлік желідегі «онлайн» арқылы төлеу мүмкіндігі болып табылады. Бұл төлемдер арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нәтижесінде жасалынады.
1.3 Электрондық ақшаның түрлері
Көбінесе электронды ақшаның екі түрін басып айтады: карта базасындағы (card-based) және желі базасындағы (network-based). Бірінші топқа микропроцессоры енгізілген пластикалық карталар кіреді, онда ақша құны эквиваленті жазылған. Онда алдын ала эмитентке төленіп қойған, оған банк және банктік емес ұйым жатады. Ең танымал карта базасындағы электронды ақшасы ретінде банктік ұйыммен эмитацияланған Mondex картасы жатады. Арнайы электронды қағаз арқылы картада қалған ақшаны және басқа картаға ақшаны аударуға болады, ал арнайы қойылым арқылы телефон және т.б. бойынша жіберуге болады. Басқа кең таралған жүйе VisaCash болып табылады. Көптеген елдерде өздерінің смарт-карта базасы негізіндегі электронды төлеу жүйелері бар.
Қазіргі уақытта банктік емес ұйымдармен шығарылған және төлеу үрдістерін жүзеге асыратын смарт-карталар кең түрде таралған. Бұл телефонды, көліктік, медициналық және басқа карталар. Бірақ олардың көбісі бір мақсатты болып табылады, яғни тек бір компанияның пайдасы үшін ғана қызметтерді (тауарларды) төлеуге мүмкіндік бар. Төлеу мүмкіндігі пайда болған кезде мысалы, телефонды карточка (Жапонияның телефонды компаниялары осылай істеген) немесе қалалық көлік карточкасымен (Нью-Йоркте тәжірибелегендей) басқа компаниялардың қызметіне немесе тауарына, мысалы супермаркетте осындай төлеу құралы электронды ақша разрядына өтеді.
Көптеген елдердің тораптар базасы негізінде электронды ақша жүйелері дамуда (Д. Чоумоммен жасалынған), ол ашық кілт және соқыр қолы негізіндегі шифрлау криптографиялық алгоритмдерінің дамуымен жүзеге аса бастады. Ең танымал желі ақшалар жүйелерінің (network money) бірі ретінде CyberCash,DigiCash, FirstVirtual, сонымен қатар қазақстандық PayCash және WebMoney болып табылады. Тораптық ақшаны қолдану арқылы төлеуді жүзеге асыру үшін көбінесе тегін арнайы бағдарламалық жабдығын орнату керек. Тораптық ақшалар көбінесе Интернет-магазинде, виртуалды казиноларда және биржаларда төлеу үшін, сонымен қатар Интернет арқылы тапсырыс беретін тауарлар мен қызметтерді төлеу үшін қолданады. Тағы да атап кетерлігі е-қолма қол ақшасына тек көп мақсатты карталар жатады (эмитент карталарына ғана емес, басқа да фирмалар пайдасына төлеу үшін қолданатын).
Атақты американ зерттеушісі, Гарвард университетінің экономика бөлімінің профессоры Ч. Фридмэн осы екі топқа тағы да «рұқсат алу құрылғысын» қосады (access devices) – сауда автоматтары және телефон немесе компьютер бойынша дистанционды банктік қызмет жүйесі болып табылады. Бірақ, ондай е-ақшалар дейді ол, дәстүрлі төлеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ және орталық банктер үшін ақша саясатында ешқандай мәселелерді туғызбайды.
Уақыт өте келе бірінші топтағы электронды ақшалар дәстүрлі қолма қол ақшаны және чектерді ығыстырып тастауы мүмкін, ал екінші топтағы электронды ақшалар кредиттік картаны ауыстырады, сонымен қатар орталық банктерді айнала өздеріне есептік функцияларды алады деп есептейді. /6,64-65б/
1.4 Пластикалық карталар және оның түрлері
Карталарды төлеу құралы ретінде қолдану идеясы 1880 ж. Джеймс Беллдің «Артқа қарау» кітабында атап кетеді, ал алғашқы карта 1914 ж. АҚШ-тағы General Petroleum Corporation of California (қазір бұл Mobil Oil компаниясы) фирмасы шығарған еді. Берілген карта мұнай өнімдерін төлеу кезінде қолданған болатын. Алғашқы карталар төлеу құралы емес, қолдану аясы шектелген клубтық картаға жақын болған еді. Алғашқы кредиттік карточкалар картоннан жасалған еді, ал карта функционалдауына жақынырақ материал пластикті АҚШ-та 60-жылдардан бастап шыға бастады.
Пластикалық карта – бұл барлық карточка түрлерін білдіретін кең мағынадағы термин, тағайындалуы бойынша, олар арқылы көрсетілетін қызметі бойынша, өздерінің техникалқ мүмкіндіктері және ұйымдастырылуы бойынша ерекшеленеді.
Пластикалық карта өлшемдері стандартты (85.6 мм 53.9 мм 0.76 мм), механикалық және термиялық әсер етулерге төзімді арнайы пластамассадан жасалынған пластина болып табылады. Пластикалық карталардың негізгі функциясы ретінде – оны қолданушы тұлғасын төлеу жүйесінің субъектісі ретінде идентификациясын қамтамысыз ету болып табылады. Ол үшін пластикалық картаға қызмет көрсететін эмитент-банкінің және төлеу жүйесінің логотиптері, карточка ұстаушысының аты, оның номер счеты, карточканың әрекет ету мерзімі және т.б. жазылады. Сонымен бірге, карточкада ұстаушының фотографиясы және оның қолы болуы мүмкін. Алфавитті-санды берілгендер – аты, счет номері және т.б. – эмбоссирінді болуы мүмкін, яғни рельефті шифрмен жазылады. Бұл картаны төлеуге қабылдағанда қолмен өңдеу кезде карточканы «дөңгелету» арқылы арнайы құрылғы импринтер көмегімен тез түрде берілгендерді чекке ауыстыруға мүмкіндік береді (қағазды ксерокс арқылы көшіргенде екінші экземпляр алғандай жасалады).