Электронды кітапхана

                                             кіріспе

           Қазақстанда ақпараттандыру процесі  XX ғасырдың 90 жылдарынана басталды, Бұл кезең ішінде республикамызда  компьютерлік техника саны артып,  біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интернет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны Actis System Asia компаниясының деректері бойынша, 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен.

          Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз тарапынан елімізде ақпараттық қоғам орнату ісіне ерекше мән беріп қана қоймай, жекелеген аса маңызды мәселелерге атсалысып келеді.  Оның басшылығымен республикамыздың жалпы білім беретін орта мектептері толық компьютерлендіріп, Астана, Алматы қалаларында Интернет орталықтары ашылды.

          XXI ғасыр ғылым мен ақпараттық  технологиялар дәуірі бола отырып, халықаралық дәрежеде үлкен бәсекелестікке  бастайтыны бүгінгі күннің өзінен-ақ  білінуде. Әлемнің барлық мемлекеттері  қазіргі кезде ақпараттық технологиялар әлеуетін барынша көтеріп бағуда. Біз өз отанымызда ақпараттар технологиясын қарқынды дамытып, халқымызды әлемнің ақпараттық кеңістігіне еркін еніп, бұл салада көшбастап келе жатқан елдермен қатарласуымыз үшін, осыдан жиырма жылдай бұрын Францияның бұрынғы президенті Жискар д'Эстеннің: «Егер біздің елімізде күшті телекоммуникациялар желісі, өзінің кең ауқымды мәліметтер базасы болмайтын болса және ондағы ақпаратты энергия көздері мен егіндік жерден кем санамай, ең маңызды ресурстар ретінде қарап, сол ресурстардың дәмін сезіне алмайтын болса, онда біз өз бәсекелестеріміздің бәрінен де артта қаларымыз  айғақ» - деп айтқанындай, бұл саладағы мемлекет саясатын күшейту  күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселе.

          Курстық жұмысының мақсаты кітапхана қызмет көрсетудің электронды жаңа түрлерін тиімді атқарудың формалары мен әдістері.

          Курстық жұмысының құрылымы Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

          Кіріспеде курстық жұмысының көкейтестілігі негізіндегі зерттеу мақсаты, нысанасы, зерттеудің әдістемелік негіздері мен тәжірибелік маңыздылығы баяндалады.

          Бірінші тарауда дәстүрлі және   электронды ресурстардың   жағдайы,   қиыншылықтар   мен   қолданыстағы  тиімділігі  жайлы   түсініктемелер   беріледі.

          Екінші тарауда электрондық  кітапхана бірыңғай  ақпараттық кеңістік құру құрамы ретінде және вертуалды кітапхананың мүмкіншіліктері жайлы қозғалады.

          Қорытынды бөлім   тақырыпта қаралған  мәселелерді түйіндейді.

          Пайдаланылған әдебиет курстық жұмысын жазудағы қайнар көзін білдіреді.

 

 

 

 

         

 

 

          I. Дәстүрлі және электронды ресурстар: жағдайы, қиыншылықтар және қолданыстағы тиімділігі.

          1.1 Электронды басылымдардың қысқаша тарихы.

          Хан Еон Ким электронды журналдарды «Mental workload» және  «Computer Humon Factors» деп атаған. Біріншісі  АҚШ – та 1970 жылы «Ақпарат алмасудағы электронды жүйе»  іс – тәжірибелік жоба аясында, ал екіншісі – Великобританияда «Электронды жүйелерді дамыту» атты жоба аясында (Бермингем және Лоуборо штаттарында)  пайда болды. 1990 жылға дейін электронды басылымдардың дамуы бәсеңдеп қалды.

         1991 жылдағы  Электронды журнал, бюллетень және университеттердің  пікір – сайыстық  топтарына арналған  электронды  көрсеткіштерінен  тек  7 ғылыми  электронды  журналдарды  табу мүмкін болды.

         Негізінен,  1 – ші электронды  кітаптар 1970 жылдары  пайда болған  еді. Майкл Харт топпен  жұмыс істеп,  әлем  әдебиеттерінен  сандық  түрде  көшірме  жасау негізінде «тәжірибелік жоба»  ретінде  электронды  мәтіндер  пайда  болды.  Кітап саудасында  электронды басылымдар  1998  жылдың  күзінде айналымға шығып,  оны  жеке сауда  ұйымдары: Peanut Press және  Guestia Media  шығарды.

         Кітапханалардағы  электронды  мәліметтерді  физикалық  және  алыс  жақтағы   деп  бөлуге  болады:  ағылшын   тілінде  оларға: tangible and – tangible деген  терминдер  қолдануға  болады ( тікелей аударғанда:  меңгерілетін  немесе  меңгерілмейтін  деп аударылып,  әдеби  қолданысқа  көп  енгізілмейді).

         CD – DVD-дегі аудиовизуальдық   мәліметтер  кітапханалардағы  видеобөлім  мен  музыкалық  қорларда  ерекше  орын  алып отыр.  Алыс  жақтағы  ресурстарды  жинақтау  тұрғысына келсек, оларды  келесі  категорияларға  бөліп  қарастыруға  негіз  бар: ақылы және  ашық  қолданыстағы;  дәстүрлі  басылымдардың  көшірмесі ( мысалы, журнал, кітап, карталар) және Internet – тің  жаңа шығарылымдары (web-сайттары, чаттар).

         Қазіргі кезде  барлық дәстүрлі  қор  толықтыру  бөлімдерінде  электронды  басылымдар  ресурстарға   арналған  бөлімдар бар.  Осыған  орай  барлық  кітапханалар  Ұлттық  библиографиялық  орталықтардың   сараптамасы  (2001 жыл  -  ИФЛА  өткізген)  бойынша  ережелер  мен  заңдарын  қайта  қарап,  электронды  ресурстарды  Ұлттық  библиографияға енгізу  мәселелерін  нақтылауда. Ұлттық  библиографияға  электронды  ресурстарды  алғашқылардың  бірі болып  Норвегия, Дания  және кейбір  Скандинавиялық мемлекеттер  болып  отыр.

         Электронды каталог

         Ақпарат  кеңістігінде  кітапхана  каталогтары  қорды  пайдаланудың  ізденісі  мен  ақпарат  көздерімен  қамтамасыз  етуші  негізгі  құрал болып  саналады. XIX ғасырда  қалыптасқан  дәстүрлі  каталогтар  жүйесінің  негізгі  типтері  белгілі бір  тәртіппен  ұйымдастырылған  құжаттардың  қысқаша  сипаттамасы  мен  оның сөредегі  сақталу  орнынан тұрады.

         Жалпы  автоматтандыру  жұмысының   негізгі  мақсаты  -  кітапханаға  келген  оқырман  талабын,  сұранысын  сапалы  қанағаттандыру  барысында  сервистік  қызмет  көрсету дәрежесін  көтеру.

         Ұшан теңіз ақпарат пен   білім көздерін  бір арнаға  тоғыстырып  талдауда, іздеуде,  табуда  алдымен  көмекке келетін   автоматтандырылған  ақпарат көзі.  Электронды каталог – кітапхана ісін  автоматтандыру  жұмысының  алғашқы  баспалдағы  болып  табылады. 

         Электронды каталог дегеніміз -  кітапхана оқырмандарына  нақты  уақыт  аралығында  жұмыс  істейтін  әрі  машина  арқылы  оқылатын  кітапхана каталогы.

         Электронды каталогтың тиімділігінің  негізгі  көрсеткіштері: 

         ♦ карточкалы  каталогпен   салыстырғанда  электронды   жазбаларға  қол  жеткізудің  жоғары  жылдамдығы;

         ♦ Электронды  каталогтың  ақпаратты   қашықтықтан  алу мүмкіндігі;

         ♦ Қысқа  уақыт ішінде  бүкіл   ақпарат көлемін  алуға болады;

         Электронды энциклопедиялар.

         Энциклопедиялар  мультимедиялық  гипермәтінді  басылымдарды  қамтиды, ( мәтін, дыбыс, видеобейне, графиктерді) әрі әдістемелік оқыту құралы болып есептелінеді.

          Энциклопедиялардың түрлері: әмбебап, салалық, арнайы.

          Өмірбаяндық электронды анықтамалықтар.

          Өмірбаяндық  анықтамалықтар  оптикалық  компакт-дискіде  сақталып, тұтынушыға ірі  тұлға  немесе ұжым жайында  мәліметтерді  толықтай жинап,  ұсынуға мүмкіндік береді. Әмбебап  өмірбаяндық анықтамалықтар  ереже бойынша  барлық баспа  басылымдарының  электронды  түріне  ауыстырылған  мәліметтерді  жинақтайды.

          1.2 Электронды ресурстар және оны мамандардың кітапхана үрдісінде қолдануы.

          Қазіргі   ақпараттық   технологиялардың   қарқынды  дамуы  тұтынушы  сұранысының   сапалы  және  ақпаратқа  дер  кезінде  қол жеткізу   жолының  өсуіне   әкеліп отвр. Ақпаратқа  деген  қызығушылықтың  өсуі, сұранысты  қанағаттандыру  жолының  көбеюі,   ақпараттар  жүйелерінің  қарқынды   дамуы  да  қазіргі   кітапханаларға   нақты   өзгерітер   мен   жаңа  технологиялық   процестерді    енгізуге,   заман   ағымына   ілесіп,   жан-жақты   дауға   әсерін  тигізуде.  Осы уақытқа дейін   кітапхана   әлеуметтік  институт   ретінде    ақпаратты   жинақтап,   жүйелеп    оны  сақтай   отырып  ақпаратты     оқырмандарға    жеткізетін   негізгі    әрі   бірегей  орын   ретінде  танымал  еді.  Бұл  тарихи  қалыптасқан   ұғым   ретінде   кітапхананың   рөліне    күмән   тудырмай,   оқырманның   сұранысын басқа   мекеме  емес  нақты   киелі   орыннан мамандардың   саралауы    мен жан-жақты негізделіп    жинақталған   ақпаратты   кітапханадан    тауып,   нақты   мәліметке   қол   жеткізулері   әбден мүмкін   екені    айдан анық.   Бірақ   қазіргі таңда,   адамзаттың   білім   қорының   тек қағаз бетінде сақталуы  артта   қалып   барады.  Себебі, қағаз түріндегі   басылымдарға   қимыл – қозғалыс,   дыбыс   және  видео,  барлық  мәліметті   енгізуге   болмайтынына  байланысты  бірнеше  кемшіліктердің  болуы   нақты  себеп  болып  тұр.

          Баспа  түріндегі   басылымдарды   қазіргі   кезде электронды   ресурстар   ығыстырып,   орынын   басуда.   Соңғы   жылдары   тұтынушыларды  толықмәтінді   электронды  ресурстар  -  вертуалды  кітапхананың сандық   жинағы  және  мәлімет   базалары  қызықтырады. 

          Сандық   тасымалдаушыларды   құруда   дәстүрлі   кітапханалардың   атқарар  рөлі   орасан,  маңызы  ерекше. 

          Электронды   кітапханалардың   толықмәтінді   мәлімет базаларының   дәстүрлі   кітапханалардан    айырмашылығы   төмендегідей:

а )  ақпарат   түрлерін   құрастырудағы   технологиялық   үрдіс,    сонымен  қатар   тұтынушыларға   берілетін ақпараттың   сақталуы   мен   қолданудағы  негізгі  тасымалдаушылар;

б)   ақпарат   тасымалдаушылардың    түрінде: Электронды   кітапханаларда  қор  жинақталуы  тек  сандық  ресурстарда   жинақталады   ал  дәстүрлі   кітапханаларда   басылымдар  басқа түрде  сақталады;

          Ғылыммен   айналысқанда,  зерттеу   жұмыстарымен  және  де  оқыту   үрдістерінде  ақпаратты  іздеу,   ақпараттық   ресурстардағы   ақпараттың  толықтығы  электронды   кітапханалардың   мүмкіншіліктерінің  бір  қыры  болса,  сапалы  мамандандырылған   қызметкерлерді   дайындауда  да өз  ерекшеліктерімен  даралануда.

          Кейінгі   жылдары   кітапханалар  кейбір  проблемалардың   жиынтығымен   ұшырасуда,   яғни  қаржыландыру  және  кадрлық   қамсыздандыру,   ресурсты   жаңарту,   инновациялық  технологияларды   енгізу,   қызмет   көрсету  сапасын  жоғарылату   сияқты.

          Электронды   ресурстарды   қолданудағы   бірнеше  өзекті  мәселелерді   сызып,    нақтылап   көрсетуге  болады,   олар  төмендегідей:

          ♦  техникалық -  ең  сапалы,   жоғары    шығарылыммен   есептен  шығаратын   жүйені   енгізе   отырып,   үлкен  көлемді   ақпаратты   өңдеп   шығарудағы   сапалылықты  қамтамасыз ету;

          ♦   технологиялық  -  сандық  кітапхана  түрімен  жұмыс   істеуді  дұрыс  жолға   қою;

          ♦   Ұйымдастырушылық -  ақпараттық  ресурстарды  кім  толықтырады,  әлемдік  ақпарат  ағымындағы  толықтылыққа  кім  жауап   береді,  сандық  кітапханаларда  құжат  қаншалықты  көп  мерзімде  сақталуы  тиіс,  тағы  басқадай  мәселелерге   жауап  іздейді;

          Қазіргі таңда  қорды  толықтыру,   сақтау   және  электронды  ресурстарға  қол  жеткізу   мәселелерінің   аясында туындаған   қиыншылықтар  жайлы  арнайы  баспасөз   беттерінен  сын -  пікірлер  айтылып  жүр.   Электронды   технологияның  дамуы,  электронды  басылымдардың   әлемде  көптеп  таралуы,  Internet – тің пайда  болуы  кітапхана  әлеміне  де  нақты  өзгерістер  әкеліп,   электронды  ортадағы   басты  мақсаттары   мен атқаратын  қызметтеріне  қөз  жүгіртіп,  сараптауға  түрткі  болуда.  Электаронды ресурстардың  бірнеше даму  стратегиясын  белгілеп  көрсетуге болады,  олар -  ұлттық  концепциядан  бастап  локальды  бағдарламаларға дейін сондай  басылымдардың басым көпшілігі электронды  ресурстарды жұйелеу мен типтеу  мәселелеріне  арналады.

          Жүйелеуге  аяқ  басудың   алғашқы  қадамдары  1990  жылдың  аяқ  кезінде  «Электронды  кітапхана»  атты  федералды   бағдарлама  аясында  болған  еді.  Сол кезде электронды  ресурстар бірінші және  екінші  қатарлы болып бөлінген.

          I – ші қатарлы электронды  ресурстарға   басылып шыққан  құжаттар  енгізіліп,  ғылыми  тұрғыдан  қарағанда қол жетімділігі аз,   ақпараттары толық емес, басылып шықпаған құжаттар тіркелген. Басылып шықпаған құжаттарға: есептер, диссертациялар, патенттер, ғылыми негіздегі  құжаттардың алғашқы мәліметтері жатады.

          II – ші қатарлы ресурстарға кітапханалық және жеке каталогтар, сонымен бірге электронды басылымдардың каталогы жатады. Еліміздегі барлық аймақтар ақпараттық қоғамда интернетті пайдалану барысында белсенді түрде жұмыс атқарып келе жатыр. Ауылдың, тұтынушылардың саны тез өсуде және олардың үлесі үлкен. Бұл интернеттің мақсаты бірыңғай жүйе жасап, бүкіл қалықты ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Көптеген әлектронды ақпараттық рессурстар, мысалыға математика, физика, химия, шет тілдері және ежелгі тарих көмекші оқу құралдарының әлектронды варианттары яғни СД-РОМ түрінда жарық көруде. Ақпараттық орталықпен білімнің біріңғай дамуында, бұл мақсатты бағдарламаның 2005 жылдан бері жалғастырып келуде.

          Әлемде Онлайн режимінде білім беру бағытымен айналысатын 200 жуыі; ірі университеттер бар. АҚШ-та 10-ға жуық отбасылар балаларын үйде интернет Он-лайнның көмегімен оқытуда. Ал көршілес Ресейде әлектронды кітапхана арқылы яғни интернет 1,5 млн.-ға жуық маман білім алып шығады.

          Бұл жүйенің бірінші тиімді маңызы бұл жылдамдылық, мобильділік. Бұл бағытпен білім алатын оқушы немесе студент оқытушымен виртуальды түрде қатынасады, яғни білім алмасады. Тиімді қырлары студент нені оқитынын және жауапты қайдан іздеу керек екенін өзі аткарады. Жүйедегі қызметтер алуан түрлі: толыққандыы және қосымша бөлімді дамыту саласы; Он-лайндық курстармен айналысу; ЖОО - түсуге дайындық курстары; тестке дайындық және емтиханға дайындық курстары. Тиімділік бағытына тағы бір қосарымыз күндізгі білім беру жүйесіңен бұл жүйенің айырмашылығы еркін уақыт яғни қалаған өзіне қолайлы уақытта керек біліміңді ала бересің; ЖОО-на келмей-ақ басқа территорияда отырып ақ жалғастыра бересің; әкономия тиімділігі өмір сүру бағытында; т.б.

Бұл бағыттың мүмкіндігі шектеулі жандармен зағип жандарға да пайдалы әсері мол. Сонымен қатар адамдарға қарым-қатынаста психологиялық көмек беріп, артық ппроблемаларды шешіп береді. Әлектронды бағытын жұмыс жасаушыларға және осы әлектронды кітапханалардың көмегімен білім алушыларға арнайы жобалар жасалған. Олар шетелдік «Рокоіепіе.ги.», отандық «Әйдос», «Открытый колледж», «Анри» т.б.

Электронды кітапхана қызметкерлеріне бөліміне арнайы қызмет көрсетуі стандарты бар - Бұл электронды ақпарат орталығының материалдар қорғанысына қатысты Ұлттық Ғылым кеңесінің электронды кітапхананың оқу бағдарламасы бойынша техника, технология, математика және т.б. салалар бойынша, білім берудің барлық түрінен, мектептен бастап ЖОО-түсуге дейінгі жүйелі білімдер. Бұл барлық елдер азаматтар үшін шетелдік аудиториялы әлектронды бағыттағы кітапханалар. Электронды бағыттағы кітапханалардың кітапханашыларының мың қырлары көп болуы керек. Олар өзара оқырмандармен талдаулар жасап қай саладағы қай әлектронды кітапқа немесе СД-РОМ-ОІ8С -лерін, әлектронды оқулықтарын көбейтуге үйлестіріп қосу керек, сонымен қатар әлеітосчды кітапханаларда және интернетпен жұмысты бірінші мәрте жасаушыларға автоматтандыру, әлектронды бағытта жаңа технологиялық тәсілдерді үйрете отырып басшылық жасау сынды қызметтер көрсете отыру қажет. Әлектронды ресурстың құрылуы. Бұған дәлел келтіретін болсақ АҚШ-тың ұлттық сандық кітапхана жобасы. Оның негізгі мақсаты «Америка естеліктері» әлектронды ресурсын жасау. АҚШ — конгресс кітапханасы мен Сібір мен Таяу Шығыс кітапханаларының байланысы. Қарым-қатынас, бірлескен іс-шара «Шекарадағы кездесу» деген атпен белгілі.

Қазіргі уақытта әлектрондық қорда және арнайы веб-сайттарда ақпараттар мен материалдар ДВД және СД-РОМ. түрінде сақталуда. Олардың ішінде ежелгі құнды деректердің бірталайы соның ішінде Линдис фарндық Евангелия, Леонардо До Винчидің жазбалары және т.б. гиганттық кітапхана қорында 150 млн. әкземплярмен сақталуда.

Халықаралық кітапханалар жүйесіндегі абонемент және құжаттарды жеткізу қызметі журналдарды әлектронды форматта толық мағлұмат жеткізетін бағдарламасымен толықты.

Бұл қызмет Инжента компаниясының ғылымдарының бірнеше жылдық жұмыстарының нәтижесінің жемісі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          ІІ. Электрондық кітапхана бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі  алатын орны.

          2.1Электронды кітапхана және оны құрудағы алға қойылған мақсат.

          Электронды кітапхана – кітапхана атауына сай, мәліметтер базасы құрылған, тәуліктік вертуальды анықтама қызметі арқылы талап-тілектерді орындау, ақпарат іздестіруде концультациялық кеңес беру, электронды пошта және интернет желілері арқылы шалғадағы тұтынушыларға қашықтықтан қызмет көрсету сияқты  осы заманғы жаңа озық технологиялармен жабдықталған кітапхана. Алғашқы электронды кітапханалар  ынта көрсеткен мамандармен пайда болған. Соның ішінде ең танымалы 1990 жылы америка программист М.Хантпен пайда болған «Гутенберг жобасы».

          Барлық электронды кітапханаларды 3 категорияларға бөлуге болады:

    • жекелеген электронды кітапхана - толық автоматтандырылған дәстүрлі кітапхана;
    • біріктірілген электронды кітахана - байланыс желімен және тақырыптармен біріктірген бірнеше топ тәуелсіз кітапханалар;
    • жинақталған электронды кітапхана – вертуальды кітапхана, әр түрлі желіде таралған тақырыптық материалдарға бір әдіспен кіріп пайдалануға мүмкіндік береді;

          Электронды кітапхана деп Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасын атауға болады. 2005 жылғы 10 қыркүйекте Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы оқырмандарына өз есігін ашты. Қазақстан Үкіметінің жаңа жобасы кітапхана процестерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды.

          Электронды кітапхананы құру  төмендегідей мақсаттарға жету үшін бағытталған:

          ♦ қажетті құжаттармен оқырманды  қамтамасыз етудегі қиыншылықтарды  шешу;

          ♦   қөп көлемдегі машина  оқитын ақпараттармен жұмыс істеуде  тұтынушыға жағдай жасау;

          ♦ әр саладағы ғылым, мәдениет, білім жолдарын мақсатты түрде ақпаратпен қамтамасыз етіп және де толық мәтінді мәлімет базаларын көзбен көріп, қажеттісін алуға мүмкіндік туғызу.

          Электронды кітапхананың жүйелі  ақпараттық деректерінің ең бастысы  ол – электронды каталог. 

         Электронды кітапханада оқырмандар электронды қормен кітапханада ғана емес және де «on line» режимінде желі технологияны қолданып керекті ақпаратпен пайдалануға болады. Мемлекеттік электронды кітапханалық қор Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қолжеткізуді ұйымдастыру келесі принцптерге негізделеді:

          ● Мемлекеттік электронды кітапханалық  қор Қазақстандық Ұлттық элетронды  кітапхана барлық тұтынушылар  үшін ашық әрі жалпыға бірдей  қолжетімді.

          ● Құжаттың сақталу орны мен  оның қолда бары, сондай-ақ оған  тікелей ену жөніндегі ақпараттарды алу жылдамдығымен және толықтығымен қамтитын  каталогте бейнеленеді.

           Гуманитарлық жеке меншік емес «Электронды оқу» сайтының жобасы (www.Ebooks.da.ru.), «электронды әдебиеттер» деген ұғыммен негізделген. Жобаның негізгі мақсаты оқырмандар мен әдеби басылымдар арасындағы межені қысқарту, әрі провайдер қызметіне аз мөлшерде шығын шығару мақсатында болып отыр. Электронды кітапхана деп INTERNET-тегі ірі кітапханаларды атауға болады. Олардың тізімін «Мир библиотек, БиблиоNet» сайтынан www.Library.ru  табуға болады. Бұл сайтта  ресейлік кітапханалар түрлері мен қызмет негіздеріне қарай бөлініп роналастырылған.

          INTERNET – кітапханаларды құрудағы басты мәселе ол авторлық құқықтық нормативтерді сақтай отырып, басылымды көпшілікке ұсыну. INTERNET – тің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, өз сайтын құру арқылы кітапханалар ақпарат қоғамындағы шектеусіз толық құқылы мүше болуына кедергі жоқ.

          Мемлекеттік электронды кітапханалық қор Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана құру адамзаттық әр алуан білім саласындағы ақпараттарды іздестіру мен алу процестерін автоматтандырып әрі кеңейтуге мүмкіндік береді, сөйтіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты республикалық, облыстық және аудандық кітапханалардың өзара ақпараттық қызметін ретке келтіреді.

          Мемлекеттік электронды кітапханалық  қор Қазақстандық Ұлттық электронды  кітапхана енгізу нәтижесінде,  басылымдардың толық мәтінді электронды көшірмесінің алғашқы қорын құруға және оны мақсатқа сай толықтыруға, Қазақстан республикасындағы барлық «кітапханалық» кеңістігінде құрылғанақпараттық ресурстардың web-торабы арқылы ақпараттық теңсіздік мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

          2.2 Вертуальды кітапхана:  анықтамасы, құрылымы.

          «Вертуальды кітапхана» халықаралық мәдениет негізінің бірі ретінде қолданысқа еніп адамзаттың ғасырлар бойы армандаған мүмкіншіліктерін жинақтап уақыт талабына бейімделген заман ағымы мен техникалық үрдістердің шектеусіз, әрі ажырамас адам өміріне еніп мемлекет, қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсарту факторы ретінде қолданысқа еніп отыр.

          «Вертуальды кітапхананың» ең басты мақсаты – кітапхананың ақпараттық-библиографиялық жұмыстарында жаңа технолгияларды пайдалана отырып сапалы түрлі қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

          Вертуальды кітапхана – қашықтықтағы  мәліметтер базалық және жекелеген  онлайн режиміндегі бір-бірімен  байланысқан обьектілердің бүтін  жүйесі. Бұл кітапхана ғасырмен аймаққа, тіл мен мемлекетке әмбебап салаларға ведомстволық, жеке және қоғамдық жұйеге жүктелетін маңызды сала ретінде қолданылады. Олар қазіргі жағдайлардағы әдістермен ақпаратты тарататын құжаттарды электронды түрде сақтайтын барлық ақпарат түрлерін жиналу мен берілуін қамтамасыз ететін тез қызмет көрсетуге арналған компьютерлік және ақпараттық құралдармен жабдықталған. Вертуальды кітапханада кез-келген толық текстік, дыбыстық, графикалықжәне т.б. ақпарат түрлері түрлі ақпарат тасымалдаушыларды сақтауы мүмкін. Сонымен қатар олар түрлі әдістермен алынуы мүмкін (локальді режимінде, қашықтықтан мәлімет алу режимінде, компьютерлік жүйелердің түрлі режимдері).

          Оқырман көз қарасындағы абстрактілі  кітапхана жаһандық электрондық бибилографиялық құрал. Мысалы: әдебинттер көрсеткіштері, кітапхананың электрондық каталогтары және басқа да біз қолданатын құжаттардың қорлар абстракциясы.

          Вертуальдық кітапхана жаңарған  замандағы қызғылықты обьектінің бірі болып табылады. Вертуальды кітапхана дегеніміз бірнеше көзқарасыт айқындайды. Бірінші көзқарас «вертуальды» кітапханалар деп машиека оқитын түрде сақталған құжаттарды, тұтынушы глобальды есептеу желінен іздеу машиналарына сйене отырып қарастырады, сол кітапхананың оқырманы болмаса да пайдалана алады. Екінші – «вертуальды» кітапханалар жалпы қолдануға көп таралған әлемдегі телекрммуникациялық желі арқылы кітапханалар арасында мәліметтер айырбастауды хабардар ету деп түсіндіреді. Мұндай кітапхананың кеңістігі территория бойынша бір-біріне әр түрлі қашықтықта орналасқан интерактивті қарым-қатынас функциясын орындайтын бірнеше кітапханалардан тұрады. Кітапханада не болмаса ақпарат орталықтарында орналасқан компьютерлерді орасан зор библиографиялық, фактографиялық, толық мәтінді және басқа ақпараттармен қамтамасыз етілген, серверлер болып пайдаланған вертуальды кітапханалардың қатарына қосуға болады.

          Қазақстан Республикасының Ұлттық  кітапхана дайындап шығарған  сөздігінде жаңа библиографиялық  терминдердің тізімі «вертуальды кітапхана – электронды басылымдар түріндегі ғылыми ақпарат қоры және «шексіз» дерек базасы мен деректер жиынтығына кіруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялары бар электронжы кітархана»  деп талқылайды.

          Мұндай кітапханалардың мақсаты ақпарат ресурстарына еркін кіру жағдайын ұйымдастыру. Негізгі мақсаты инфрақұрылымды ұйымдастыру және қолдау болып табылады. Қазіргі уақытқа тән – кітапханалық қызмет көрсетудегі глобализация, сонымен қатар оның жекелейлігі. Әлемдегі технолгиялық және әлеуметтік мәдени өзгерістер кітапханалық қызметтің жаңа филисофиясын анықтады – ақпаратты еркін пайдалану мүмкіндігі.

          «Вертуальды кітапхана» халықаралық мәдениет негізінің бірі ретінде қолданысқа еніп адамзаттың ғасырлар бойы армандаған мүмкіншіліктерін жинақтап уақыт талабына бейімделген заман ағымы мен техникалық үрдістердің шектеусіз, әрі ажырамас адам өміріне еніп мемлекет, қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсарту факторы ретінде қолданысқа еніп отыр.

          «Вертуальды кітапхананың» Вертуальды кітапхана құру мақсаты – цифрлау жолымен, содан кейін көптеген резервтік қөшірмелерді жасау арқылы тарихи және мәдени құндылықтар болып саналатын сирек кездесетін және ежелгі басылымдардың  сақталуын қамтамсыз ету.

          Вертуальды кітапхана бөлімдер мен бөлімшелерден құралған:

    • тақырыптық анықтама;
    • іріктелген кітаптар каталогы;
    • іздеу жүйесі.

          Вертуальды кітапхананың жаңа үрдістері жайлы көптеген ғылыми тұжырымдамалар айтылып жүр. Оның қоғамға қажеттілігі қаншалықты, «Вертуальды кітапхана» түсінігін кең көлемде ашу, нақты тұжырымдамаларды, терминологиялық сараптамаларәлі негізделген жоқ.

          Кейбір мамандар жуықта ғана  вертуальды кітапхана ұғымын  ғылыми тұрғыдан қарастыруды  қолға алып, оның түрлері мен  атқаратын қызметтерін түсіндіру  үрдісін негіздеп, сараптауды қолға алуда.

          «Сандық кітапхана», «Электронды  кітапхана» ұғымдарын жан-жақты  саралап түсіндіретін болсақ, көп  мамандар оларға қатысты анықтамалардың  бірдей  екенін негізге алады.  Ал «Вертуальды кітапхана» мүлдем  басқа түсінік. 

          «Вертуальды кітапхана» дегеніміз өте кең көлемдегі түсінік, әрі сандық, электронды кітапханалардың «үстем етуші» ретінде танылып отыр.

          Вертуальды кітапхана үшсатылы  топтамалардың жиыны яғни электронды  ақпараттық ресурстарды біріктіре  отырып, ақпаратты тарату, кітапханатану-библиографиялық саласындағы біріктірілік пен мақсаттылық.

          Осы топтамадағы түсінік вертуальды  кітапхананың кейбір ұсынатын  қызметтерінде көрініс тауып,  біздің өмірімізді түрлендіріп,  әрі ақпараттандырудың тереңдете түсуде.

          Вертуальды кітапхананың типтік  құрылымын үш негізгі, маңызды  кезеңдерге сүйене отырып анықтауға  болады:

    • жүйелік ресурстарға біркелкі қолжетімділікті қамтамасыз ету, сонымен бірге бірнеше белгілері бойынша құрылған құжаттарды іздеу мен қабылдаудың негізі;
    • жеке меншік ретінде вертуальды кітапхананы басқаруды орталықтандыру үрдісі;
    • вертуальды кітапхананың категориялық дифференциалдануы.

          «Вертуальды кітапхана  бұл  – ғаламдық жүйе арқылы мағлұматтарға  қол жеткізудің бірден-бір жолы» деген ұғым кең қолданысқа енуде.

         Вертуальды кітапхананы шартты түрде екіге бөлуге болады:

    • дәстүрлі кітапханалар негізінде құрылған, әрі INTERNET жүйесіне қосылған.
    • Таза вертуальды INTERNET – кітапханалар.