Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері
СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты |
Н 10/1.140-2008 |
|
Әдістемелік нұсқау |
Баспа 2 | |
Енгізу күні 05.05.2008 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
м.х.дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
БЕКІТЕМІН
Азық-түлік өнімдері технологиясы кафедрасының меңгеруші
____________ _Кенжеходжаев М.Д.__
/қолы/ /аты-жөні./
«_____»_______________20__ж.
5В072800 – «Өңдеу өндірісінің
«Өсімдік тектес өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен курстық жұмысқа
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз 2012
Әдістемелік нұсқауды «Өсімдік тектес өнімдерін өңдеу және сақтау» пәнінен курстық жұмысты орындау үшін «5В072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығының білімгерлері үшін пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалған
Әдістемелік нұсқауды құрастырушы:
т.ғ.к., доцент М.Д.Кенжеходжаев _____________
/аты-жөні/ /қолы/
Әдістемелік нұсқау Азық-түлік өнімдері технологиясы кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Хаттама №_____ «______»_____________20____ ж.
Мазмұны
Кіріспе
1 Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері
2 Элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтау
2.1 Астықты қабылдау
2.2 Астықты тазалау
2.3 Астықты кептіру
2.4 Астықты арту
2.5 Астықтың ішкі қоғалысы
3 Құрал –жабдықтарды есептеу және қабылдау
3.1 Нория санын есептеу және қабылдау
3.2 Астық тазалайтын машиналарды есептеу және тазалау
3.2.1 Сепараторды есептеу және қабылдау
3.2.2 Астық кептіргішті есептеу және қабылдау
4 Элеватор сиымдылығын есептеу
4.1 Силостық корпустардың өлшемін анықтау
5 Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Қорытынды
Қолданылған оқулықтар тізімі
КІРІСПЕ
Қазақстанның алдағы даму жылдарының негізгі экологиялық және әлеуметтік негізгі бағыттарына астық өндірісін және оны өңдеу өнімдерін ұлғайту болып табылады. Елімізде астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарылып отыр. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор жәнге астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған және автоматтандырылған.
Қазіргі заманға сай элеватор астықты тәулігіне 30 000 тоннаға дейін қабылдап, оны ірі қоспалардан тазалап, сепараторда құрғақ астықтарды тазалайды.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде.
Астық өндірісі – ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланылады.
Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан, ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын. Технологиялық ғылымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімінің сапасын зерттеп, оны мемлекетке тапсырудың негіздерін, астықтың сапасына қойылатын негізгі шартты межелерге жеткізу әдістерін қамтамасыз етеді.
Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері
Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың жүзеге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұйымдастыру үшін әрбір дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, түрлі белгілермен топтастыру керек. Мұндай жол астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін қолданылатын технологиялық түсімдердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге асыруға мүмкіндік ереді. Әрине, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне ботаникалық өсіру, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады.
Астық деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізігі дәннің өзі болады да, тағыда әртүрлі қоспалар, шөп шалаң, ауа жайлаған қуыстары болады, түрлі микроорганизм жәндіктермекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық массасы дейді де, сол астықтың сапасының көрсеткіштері бойынша астық партиясы деп те атайды.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен практикалық тәжірибенің арқасында астық сақтау барысындағы құбылыстар туралы мағлұматтар баршылық.
Сақталуға қолданған астықтың, дәннің құрамы мен қасиеттеріне белгілі әсерін тигізетін біраз жағдайлар бар. Оларға дәнді дақылдардың сорттық ерекшеліктері, дәннің өсіп жетілуі мен қалыптасу шарттары, астықты ору тәсілдері, астықты орылғаннан кейінгі сақтау мен астық қабылдау кәсіпорындарына тасымалдау жатады.
Астықтың физикалық қасиеттері. Астық сақтау тәжірибесінде міндетті түрде есте ұстайтын оның белгілі бір айқын физикалық ерекшеліктеріне қасиеттері болады.
Астық өндеу процестерін механикаландыру, автоматтандыру, олардың ішінде астықты қабылдаған соң ең керектісі кептіру мен тазартуды ң жаңа тәсілдерін енгізу мен бүгінгі талабына сай құрылған элеваторлар мен қоймаларда дәнді жөнді сақтау үшін астықты ң мына төмендегідей физикалық қасиеттерін жете біліп, орынды пайдалану, қолдану керек. Дән жиымының сусымалдылығы, өздігінен іріктелуі, қуыстылығы, ылғал мен өз газ тартқыштық қабілеті, жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі және т. б. көрсеткіштер астықтың негізгі физикалық қасиеттерін анықтайды.
Сусымалылық. Астық шашыранды екі фазалы жүйе болып, сусымалы заттар қатарына жатады. Дәннің жоғары деңгейдегі сусымалдылығы астықты бір орыннан екінші орынға ауыстыру, алмастырып-араластыруға, қоймаға орналастыруда және түрлі транспорттық, техникалық жабдықтарға салуда, өңдеуде тиісті рөлін атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
«Өсімдік тектес өнімдерді сақтау және өңдеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыс жасау студенттерді күрделі инженерлік тапсырмаларды – дипломдық жобалауға, прогрессивті ғылыми негізделген процестер астықты ағында қабылдау және өңдеу, жайғастыру және арту, тасымалдау, технологиялық және көмекші жабдықтарды дұрыс таңдап алу мен орналастыру, элеватор ғимараттарының өлшемдерін анықтауды негіздеу, элеватордың бөлек құрылғыларын бір-бірімен үйлестіру, элеватордың оперативті жұмысын жоспарлауды, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, элеватор-қойма шаруашылықтарында өндірістік санитария мен өртқауіпсіздік шараларын сақтауды орындауға дайындайды
Курстық жұмыстың көлемі мен мазмұны.
«Өсімдік тектес өнімдерді сақтау және өңдеу технологиясы» пәнінен курстық жұмыс есептік-түсініктеме жазба мен графикалық бөлімнен тұрады.
Түсініктеме жазбада элеваторда жүргізілетін барлық операциялардың есептері, тасымалдау және технологиялық жабдықтарды есептеу мен таңдау, элеватор өлшемдерін есептеу, элеватордың барлық құрылғыларын үйлестірудің таңдап алынған нұсқасын сипаттау, тәуліктік жұмыс кестесі бойынша элеватордың жұмысына талдау жасау келтіріледі.
Түсініктеме жазбаның көлемі 35 парақтан аспайды.
Курстық жұмыстың графикалық бөлімі мына негізгі сызулардан тұрады:
1.Қабаттар мен силостық корпустардың устінен қарағандағы көріністері масштаб 1:200;
2.Элеватордың барлық ғимараттарының планы.
3.Астықтың қозғалу технологиялық схемасы.
Курстық жұмыстың есептік бөлімін орындауға
әдістемелік нұсқау
Элеваторға түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы.
Элеваторға су жолы мен темір жол транспорттарынан түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы берілген тапсырмадан алынады. Автомобиль транспортынан түсетін астықтың сандық- сапалық сипаттамасы п.2.15, 3-ші кестеге сәйкес элеватордың салыну ауданына(тапсырмада көрсетілген) байланысты алынады.
Темір жол транспортынан түсетін астық ылғалдылығын 16% -деп, су транспортынан түсетін астық ылғалдылығын 17% -деп алған жөн. Лас қоспа мөлшері - 3%-дан аспауы тиіс.
Есептеуді элеваторға жыл бойына түсетін астық мөлшерін анықтаудан бастаған дұрыс.
Дайындау элеваторына жыл бойына түсетін астық мөлшері дайындау мөлшерімен сәйкес келеді.Аударыстыру элеваторының жыл бойына түсетін астық мөлшері жылдық жүк айналымымен сәйкес келеді.
Өндірістік элеватордың жылдық астық мөлшері бір жылда диірменнің тұтынатын астық мөлшерімен анықталады. Диірменнің тәуліктік өнімділігін жұмыс периодына көбейту арқылы анықталады.
Бір жылда түсетін астық мөлшерін біле отырып, бір айда, тәулігіне, сағатына түсетін астықты (бірқалыпсыз түсуін ескеріп), сонымен қатар тазалау, кептіру(сапалық сипаттамасына сәйкес), арту көлемдерін есептеу керек.
Элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтау
Астықты қабылдау
Элеватор жобасын өндеп, тасымалдау келесі мәліметтерге негізделеді.
Дайындау элеваторы А 70 000 т., астықты арту темір жолға 60%, су жолына 40%
Орталық ауданын салу
Элеваторға түсетін астықтың мөлшері мен сапасын сипаттау
Транспорт түрі |
Мөл-шері % |
Ылғалдылығы |
Лас қоспалар |
Қиын ажыра-тылатын | ||||||
15-ке дейін |
15-17 |
17-22 |
22-26 |
1-ге дейін |
1-3 |
3-5 |
5 | |||
Автотранс-порттан қабылдау |
10% |
40 |
30 |
30 |
- |
20 |
60 |
10 |
10 |
10% |
Темір жол транспортына арту |
90% |
|||||||||
Су жолы транспортына арту |
- |
100% |
- |
- |
- |
100 |
- |
- |
- |
- |
Астықты автотранспорттан қабылдау
Астық дайындағанда дайындау мөлшерінің 80 % есептік дайындау периодына түседі.(НТП, п.2.7.)
Ақаб= 0,8 A
т
т
т
т
т
мұндағы:
А (т) - – дайындау периодында автотранспорттан түсетін астық мөлшері.
Пр (тәулік) – дайындау периодының ұзақтығы, климаттық шарттарға байланысты астық жинау мерзімдерімен анықталады және НТП п.2.6. сәйкес қабылданады.
0,8 – астық тапсырушының есептік периодында түсетін астық мөлшері,
[HTП, п. 2. 7.]
Кт, Кс – автотранспорттан түсетін астықтың тәуліктік және сағаттық біркелкі еместігін көрсететін коэффициент, [НТП. Таб. 2. п. 2.13. , 10 бет].
T (сағ) - тәулік бойы автотранспортпен астықты тасып жеткізу есептік уақыты. Астықты дайындау көлемі шағын болғанда автотранспортпен астықты тасып жеткізу есептік уақыты 8 және 16 сағат болуы мүмкін.
Астықты темір жол транспортына арту
Темір жол транспортына 11 ай бойы артылады. Айлық және тәуліктік мөлшері біркелкі еместігін көрсететін. Коэффициенттерді ескере отырып есептейміз.
т
Ажыл – 1 жылда түсетін астықтың мөлшері
Кт/ж – темір жол транспортынан түсетін астықтың мөлшері
Кай , Кт – темір жол транспортына астықты артуға байланысты, айлық және тәуліктік қалыпты емес коэффициенті 1,5 және 2,0 [НТП, n 2.14].
т
т
т
т
т
т
Астықты тазалау
Элеваторға түсетін астықта лас қоспа мөлшері 1 % артық болса, міндетті түрде тазалау керек. Егер лас қоспа мөлшері 5% көп болса, онда алдын ала лас қоспаларды ворохтазалағышта тазалайды.
Егер, құрамында қиын бөлінетін қоспа болса, қосымша триер машинасында тазалайды.
т
Мұндағы: - авто, темір жол транспортынан түсетін астықтың мөлшері = .
Кворох; Ктриер - ворохта , триерде тазалау керек астықтың мөлшері.
Астықты кептіру
Кептіруді қажет ететін астықтың мөлшерін оның ылғалдылығына байланысты анықтайды.
Түсетін астықтың ылғал және сулы бөліктерін міндетті түрде кептіру керек.
Мұндағы : К1, К2 , К3 - әр түрлі транспорттан түсетін астықтың жалпы мөлшерінен ылғал және сулы мөлшері.
Астықты су транспортына арту
Айлық және тәуліктік есептік көлемдері су транспортына артқанда новигациялық периодтың ұзақтығына және астықтың біркелкі емес коэффициентіне байланысты есептеледі.
- новигациялық периодын есептеу
(5-6 ай, элеватордың орналасқан
Кай , Ктәу – су жолы транспортына астықты артуға байланысты, айлық және тәуліктік бірқалыпты емес коэффициенті 2 және 1,5 [НТП, п.10.3].
30 – айлық есептік саны.
т
т
т
Астықтың ішкі қозғалысы
Астықтың ішкі қозғалысы элеваторда мынадай мақсаттарда жасалады: желдетуде, сорттауда, салқындатуда, астық партияларын өз мақсатында дайындауда, инвентаризациялауда және т.б. жағдайларда.
Астықтың ішкі қоғалысы орташа шаққанда элеваторда жүргізілетін барлық операциялардың көлемінің 20 % құрайды.
Ішкі қозғалыстың көлемін мына формуламен анықтайды:
Вішкі қозғалыс=0.2 ( Вқаб+Втаз+Вкеп+Варту) , т;
Вішкі қозғалыс=0.2 (3920+3136+2352+500) =1981,6
Мұндағы :
Вқаб - астықты қабылдау
Втаз - астықты тазалау
Вкеп - астықты кептіру
Варту – астықты арту
Құрал –жабдықтарды есептеу және қабылдау
Нория санын есептеу және қабылдау
Ішкі және сыртқы операцияларды орындау нориялардың санын анықтау қажет. Норияның саның есептеу
Сыртқы операцияға жататындар:
а) авто транспорттан қабылдау;
б) темір жол транспортынан қабылдау.
Ішкі операцияға жататындар:
а) Астықты тазалау;
б) Астықты кептіру;
в) Астықтың ішкі қоғалысы;
г) астықты су транспортына арту.
Сыртқы операцияларды орындайтын норияларының саны транспорттық ағындардың санымен анықталады.
Автомобиль көлігінен транспорттық ағындардың саны мына формуламен анықталады:
дана
Мұндағы: - автомобиль көлігінен астықтың сағатына максималды түсуі; нория көлемінде элеватордың тәуліктік максималды жұмысы
Q – Норияның паспорттық өнімділігі
Кn - әр түрлі операция бойынша норияны қолдану коэффициенті
Әр бір операцияға нория сағатының саны мына формула бойынша анықталады:
Мұндағы:
- ішкі операцияның тәуліктік мөлшері
Q – норияның паспорттық өнімділігі
Кn - әр түрлі операция бойынша норияны қолдану коэффициенті
Ішкі операцияны орындау нориялардың есептік саның мына формула бойынша анықтаймыз:
Пішкі есеп
Нория сағат саны төмендегі кесте бойынша норияның әртүрлі өнімділігі бойынша есептеледі
Операция атауы |
Операция көлемі т/тәу |
НОРИЯ САНЫ | |||
100 т/сағ |
175 т/сеп |
350 т | |||
1.Авто транспорттан қабылдау |
3920 |
|
|
| |
2. Темір жол транспортына арту |
1000 |
|
|
| |
3.Су жол транспортына арту |
500 |
|
|
| |
4. Сепараторды тазалау |
314 |
|
|
| |
5. Астықты кептіру |
2352 |
|
|
| |
6.Ішкі қозғалыс |
1982 |
|
|
| |
П |
4,74 |
2,78 |
1,52 | ||
Астық тазалайтын машиналарды есептеу және тазалау
Сепараторды есептеу және қабылдау
Элеватордың тәуліктік максималды жұмысын астық тазалау кезінде сепаратор үшін сағаттық өнімін есептеу керек.
т /сағ
т/сағ
Мұндағы:
φ1, φ2, φ3, ..., φn - әр түрлі ылғалдықтағы астықтың партия мөлшері;
К1, К2, К3, ..., Кn – сепараторлардың паспорттық өнімділігінің төмендеуін көрсететін коэффициент.
Сепаратор санын анықтау үшін мына формула қолданылады:
дана
Мұндағы: Qсеп – сепаратордың паспорттық өнімділігі.
Астық кептіргішті есептеу және қабылдау
Масақты дәндерді, күрішті кептіру үшін ереже бойынша рециркуляциялы астық кептіргіш аппараты қолдану ұсынылады. Жүгері және ас бұршақты кептіру үшін шахталы типті астық кептіру аппараты қолданылады.
Астық кептіргіштің қуатын мына формула бойынша анықтайды:
;
Мұндағы:
- барлық кептіргіштің
- максималды тәулікте әртүрлі транспорттан түсетін саны;
Φылғ, φсулы - сулы және ылғал астықтың жалпы түсетін астықтан мөлшері;
- ылғал және сулы дәнді
физикалық тоннадан плановый
тоннаға аудару коэффициенті.
Кептіргіштің санын есептеу:
Мұндағы: Qкепт – астық кептіргіштің паспорттық өнімділігі.
Элеватор сиымдылығын есептеу
Дайындама элеваторының сыйымдылығын мына формуламен анықтайды:
Еқаб=(Ақаб+0,15Ақаб-0,1Ақаб)Кж
Мұндағы: Ақаб – тапсырмаға сәйкес дайындама көлемі; 60 000 т.
0,15 Ақаб – жобалауда анықталатын дайындама басында өтетін жоспарланған қалдық, жылдық түсімімен 15 % қабылдап шығарылған;
0,1 Ақаб – дайындама периоды ағымындағы жоспарланған арту көлемімен 10 % дәл қабылдау керек;
Кжыл - әр түрлі астық мәдениетінің араласу коэффициенті, Кжыл – 1,1
Еқаб=(70000+0,15*70000-0,1*
80850:172= 470:5=94:14=6
Силостық корпустардың
Домалақ және жұлдызша силостардың сйымдылығын мына формуламен анықтайды:
Мұндағы: π – тұрақты сан - 3,14;
D – силостың диаметрі (типтік жоба үшін – 6м);
Н – силостың биіктігі ( силос асты плитасынан және силос үсті плитасына дейін – 30м);
γ -
астықтың көлемдік массасы т/м3
φ
– жұлдызшаны не силосты
;
Жұмысшы ғимаратының өлшемімен орналасуына байланысты қатардағы силостың санын анықтаймыз:
т.
Еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Еңбекті қорғау – бұл еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығының сақтығын, еңбек қабілеттілігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау бойынша заңнамалық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық, техникалық, санитарлы-гигиеналық іс-шаралар жүйесі болып табылады.
әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайын жасау барлық басшылық және инженерлі-техникалық жұмысшылардың және еңбекті қорғау бойынша профилактикалық басты міндеті болып табылады. әкімшілік еңбекті қорғау бойынша еңбек заңнамасы мемлекеттік стандарттар, ережелерден талаптарды сақтауға, өндірістік санитария бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға, аяқ басты жағдайларды ескерту бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Еңбекті қорғау өзіне еңбек заңнамасы, техника қауіпсіздігі, өндірістіксанитария, еңбек тазалығы, еңбек технологиясы, техникалық эстетика, өрт қауіпсіздігі сұрақтарын кірістіреді, сондай-ақ еңбек қорғау бойынша талаптарды, нормалар мен ережелерді орындауда бақылауды жүзеге асырады.
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметімен кәсіпорынның барлық түрінде еңбек ететін қызметкерлердің еңбегін қорғау, денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу,қауіп және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргізілетін ұлттық саясаттың негізгі принциптерін Қазақстан Республикасының 1993 жылы 22 қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» заңы жүзеге асырады. Сондай-ақ бұл заң Қазақстан республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыруды да қамтамасыз етуді көздейді.
Қорытынды
Куртық жобаны орындау барысында мынадай тараулармен таныстық:
Элеваторға түсетін астықтың қасиеттері, элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтау, құрал –жабдықтарды есептеу және қабылдау, элеватор сиымдылығын есептеу, еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі туралы.
Бірінші тарауға келетін болсақ, сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әртүрлі партиялардың дән түріне ботаникалық өсіру, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі роль атқарады.
Екінші тарауға келетін болсақ, элеваторда жасалатын барлық операцияның есептік көлемін анықтап, астықты қабылдау, астықты тазалау, астықты кептіру, астықты арту,астықтың ішкі қоғалысы есептеліп шығарылды.
Үшінші тарауда құрал –жабдықтар есептелді. Оның ішінде нория санын есептеп және қабылдау, астық тазалайтын машиналарды есептеп және тазалау, сепараторды есептеп және қабылдау, астық кептіргішті есептеп және қабылдау шығарылды.
Төртінші тарауда элеватор сиымдылығы есептеліп, силостық корпустардың өлшемі анықталды.
Бесінші тарауда элеватор жұмыс орнында еңбек қорғау және тіршілік қауіпсіздігі туралы шаралар орындалды.
Қолданылған оқулықтар тізімі
- Ізтаев Ә., Отыншиев Б. «Астықтану және диқаншылық негіздері» Алматы 1992 ж.
- Пунков С.П., Изтаев А.И. «Справочное пособие по курсовому проектированию элеваторов», Алматы 1989 г.
- Платонов П.Н, Пунков С.П., Фасман В.Е.
«Элеваторы и склады », Москва, Агропромиздат 1987 г.
- Пунков С.П. Ізтаев Ә.И, «Справочное пособие по курсовому проектированию элеваторов», Алматы 1989 г.