Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары
Мазмұны
КІРІСПЕ. ..............................
1. XX-XXI ғғ. басындағы Қытайдағы энергетикалық саясатының сипаты
1.1 Қытайдың сыртқы энергетикалық саясатының
дамуының алғышарттары және жалпы сипаты........................
1.2 Қытайдың Орталық Азия елдерімен сыртқы
экономикалық саясатындағы ұстанған бағыт-бағдары.................
2. Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан байланыстары.
2.1 Қытайдың энергетикалық сұраныстары Қазақстандағы сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарды қалыптастыру факторы ретінде.... .....30
2.2 Қытай мен Қазақстан арасындағы энергетика
саласындағы ынтымақтастықтың бірлескен
жобалары......................
2.3 Қазақстан – Қытай : энергетика саласындағы
екіжақты қатынастардың басымдықтары
мен проблемалары..................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі ..............................
Сілтемелер ..............................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. КСРО-ның ыдырауы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ыдырауы нәтижесінде әлі жалғасып жатқан әлемнің геосаяси бейнесіндегі өзгерістер, құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан бар Орталық Азиядағы геосаяси ахуал түбірімен жаңаруына алып келді. Қазіргі таңда Орталық Азияның перифириялық аймақтан (бұрын геосаяси тенденциялар мүлдем байқалмаған) ірі державалар мүдделері мен халықаралық өмірдің басқа секторларының мүдделері қақтығысатын аймаққа трансформациялану үрдісінің жанданған кезеңі.
Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында атап кеткендей: «Қазақстан алдында үлкен міндеттер тұрды. Бұл мемлекеттілікті қалыптастыру, ... демократияландыру үрдісін дамыту, ... сыртқы саяси курсты жандандыру ...»
Құрлықтың «жүрегінде» орналасқан Орталық Азия Еуразиядағы стратегиялық маңызды аймақтармен қатар өзгеше бір «қақпа» болып табылады. Шығысында Қытай мен Азиялық Тынық мұхиттық аймақ елдері және бірқатар ислам мемлекеттері; батысы мен солтүстігінде – Кавказ, Түркия, Еуропа, Ресей жатыр.
Орталық Азия мемлекеттеріндегі жағдайдың қай бағытта дамүы планетаның ұлан-ғайыр кеңістігінде күштер ара салмағына тәуелді. Орталық Азияның елдерінде өтіп жатқан оқиғалар тек аймақтық деңгейде ғана көрініс алып қоймай, әлемдік дамудың нүктесі деп танылған бүкіл еуразиялық құрлықтың геосаяси күштер ара салмағында өзгерістер туғызуы мүмкін.
Аталмыш үрдістің әрі
қарайғы жандануы Қазақстан аумағының
энергетикалық ресурстар
Бұдан өзге, көптеген бағалар бойынша, Қазақстанның ірі мұнай мен газ тасымалдаушы болуға мүмкіндігі бар деп санауға толық негіз бар. Осыған байланысты, таяудағы көршілермен, әсіресе белсенді байланыстары, энерго ресурстарға сұраныстары зерттеу үшін өзекті салалардың бірі болып табылады.
Бұл сондай-ақ «мұнай дүбірі» айналасындағы көптеген өзгерістерге қарамастан (мұнай бағасының өсуі мен төмендеуі), мұнай мен газ маңызды шикізаттық тауар және энергия көзі болып табылады, ал энергетикалық фактор әлі де Қазақстан мен Қытай сияқты елдердің экономикалық дамудың бүкіл барысын анықтайды. Сондықтан, қазақстандық энергоресурстар мәселесінде де әлемдік саясаттың энергетикалық мәселелер кешені жатыр және негізінен геосаяси, экономикалық, халықаралық-құқықтық құрамдас бөліктерден тұрады.
Мұнай мен газ өндіру – Каспий шельфін игеру бағдарламасының бір бөлігі ғана. Оның келесі басқа бір бөлігі – Каспийдің минералды ресурстарын әлемдік нарыққа шығару, ал ол айқын саяси рең алып, ТМД-ның шекаралас елдерін басқа әлемдік геосаясат жетекшілерін аймақтан ығыстырып шығаруына бағытталған. Каспий мұнайын тасымалдауға бақылау орнату үшін күрес әлі белсенді түрде жалғасуда, бірақ субьективті құрамында өзгерістер байқалады. Өзінің энергетикалық стратегиясын Каспий аймағы мен байланыстырушы төменгі елдерді атауға болады: АҚШ, Ресей, ЕО, Орталық Азияның Каспий жағалауы елдері, Қытай және Жапония.
Осылайша, каспий аймағына қатысты проблемалар иерархиясы қалыптасады, олар екіжақты, көпжақты, аймақтық, ғаламдық аспектілерге ие және олардың жедел шешілуін талап етеді. Жоғарыда аталған проблемалардың маңыздылығытақырыптың өзектілігін сипаттайды.
Энергетикалық ынтымақтастықтың шығыс маршруттары Қытайдың Батыс Қазақстаннан ҚХРдің Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданына (СУАР), ол жерден Орталық Қытайға мұнай құбырларын тартудағы мүмкіндіктеріне байланысты. Сондай-ақ Қазақстаннан мұнай тасымалдаудың Атасу жобасы да осал емес.
Осылайша жоғарыда аталғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін арттырып, өзіне аса назар аударуды қажет етеді.
Диплом жұмысының мақсаты ҚХР мен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы экономикалық және геосаяси ынтымақтастық үрдісінің механизмін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын оқып үйрену.
Осы қойылған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы іске асырылады.
- ҚХР мен Қазақстан қатынастарына энергетикалық ынтымақтастықтың геосаяси ықпалы доктринасының экономикалық және саяси тамырларын көрсету.
- ҚХР сыртқы саяси энергетикалық доктринасындағы Қазақстанның энергетикалық потенциалының орны мен рөлін зерттеу.
- ҚХР мен ҚР энергетикалық ынтымақтастығы факторының осы мемлекеттерінің қарым-қатынастарының модернизациясына ықпал ету перспективаларына талдау жасау.
Зерттеудің методологиялық негізі. Жұмыстың методологиялық негізін жалпы методологиялық принциптер құрайды. Тарихи зерттеулердегі мұндай принциптер – тарихилық және обьективтілік . Тарихилық принципі зерттеудің мақсаты мен бағытын анықтайды, құбылысты оның пайда болуы мен дамуындағы нақты жағдайлар мен зерттеуге бағыттайды, оларды жалпы және жекелеген сипаттарымен айқындайды. Тарихилық принципі обьективтілік принципімен толығып, ол зерттеу пәні, оны басқа обьектілер арасынағы орнын, сондай-ақ нысан реконструкциясын зерттеуді біртұтас құбылыс ретінде яғни өткен мен қазіргісінің қосындысы ретінде қарауға көмектеседі. Жұмыста талдау, синтез, салыстыру, жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістер қолданылады. Осы әдістер арасында жұмыстың концептуалдық аппаратын құру құралы болған жүйелілік тұрғы ерекше орын алады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диплом жұмысын жазу барысында ҚХР мен Қазақстан арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастық саласындағы отандық және шетелдік зерттеулердің едәуір бөлігі қолданылған.
Қазақстан Республикасының дербес сыртқы саяси курсының қалыптасу және даму үрдісі, оның стратегиялық мақсаттары мен негізгі міндеттерін талдау, принциптері мен басым бағыттарын талдауда Қазақ Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің қосқан үлесі мол1.
ҚР сыртқы саяси қызметіне арналған қазақстандық ғалымдар мен дипломаттар еңбектері ішінде тақырыпты дайындауда елеулі көмек болған бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев жұмыстары 2. Қазіргі таңда орталық Азиядағы геосаясат мәселесі аймақ елдері тәуелсіздіктерін иеленгелі жан-жақты қарастырыла бастады.
Геосаяси мәселердің
аталмыш кешенінің негізгі
Орыс тарихнамасына келсек , мұнда Қытайдын Орталық Азиядағы саясатын Ресейлік қатысу призмасы арқылы қарастыратын азғантай еңбектер бар.(Сысоев Г, Иванов А7). Орыс авторлары ішінен жұмыста Алексеев А., Нагорный А., Парканский А., Вардомский Л., Олимова С., Песков Ю.С., Руа О., Толипов Ф.Ф., Тисовский Ю., Шафраник Ю.К., Козырев А.Г., Самусев А.Л. еңбектері пайдаланылды.
Қазақстанның энергетикалық потенциалы мен Қытайдың энергетикалық саясатына қазақстандық авторлар еңбегінде біршама терең талдау жасалған (Бушин Б., Жандарбеков А., Сарбасов А., Заславская М.Б., Алибекова Т.Б., Идрисов Е., Кулахметова А.Р., Кушкумбаев С.С., Сарсенбаев А., Сатпаев Д., Сыроежкин К.).
Қазақстандық зертеушілер жекелеген еңбектерде ҚР мен ҚХР қарым-қатынастарының кейбір ерекшеліктеріне терең көңіл аударады. ҚРның ҚХРмен қарым-қатынастарындағы геосаяси мәселелер проблемалары мен тенденциялары ғылыми орталықтардың жекелеген мақалалары8 мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы оқытушыларының ұжымдық басылымдарында көрініс тапқан9 .
Орталық Азия елдері мен ҚХР ынтымақтастығы мәселесі бойынша Р. Дүйсенбаев монографиясын ерекше атауға болады10. Дипломатиялық және сауда-экономикалық қарым-қатынастар дамуы мәселесі Логвинов А.В., Лысенко М. еңбектерінің зерттеу пәні болып табылады11 .
С. Олимов зерттеулерінде Орталық Азиядағы геосаяси құрылымның әлеуметтік аспектілеріне назар аударылады12.
Жалпы зерттеудегі қойылған мәселенің зерттелу деңггейі осы мәселеге қатысты түрлі шығыстанушылық мектептер мен бағыттардың қазіргі кездегі Орталық Азия интеграциясына, аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне өте кең тұрғыда келгенін, бұл энергетикалық ынтымақтастық саласындағы ғылыми ізденіске әр қарайғы стимул екендігін көрсетеді.
Диплом жұмысының ғылыми
проблемасы Қазақстан мен Қытайдың
энергетикалық
Зерттеу пәні. Диплом жұмысында Қазақстан мен Қытайдың энергетикалық мәселелерге қатысты ынтымақтастығын зерттеуге талпыныс бар.
Зерттеу нысаны. Қазақстан мен Қытай аррасындағы мемлекеттік және саяси даму саласындағы саяси және әлеуметтік даму негіздері болып табылады.
Диплом жұмысының деректік қоры бірнешше құжаттар тобынан тұрады. Біріннші топқа ҚР заңдық актілері, халықаралық құқықтың негізгі принциптері мазмұндалған құжаттар жатады. Бұл жерде ҚР-ның барлық сыртқы саяси әрекеттерде халықаралық құқық субъектісі ретінде ҚР егеменділігін бекіткен және ҚР әлемдік қауымдастыққа ену үрдісінің күрделілігін түсіну үшін маңызы аз емес заң актілерін айтуға болады13.
Деректердің екінші тобына ресми құжаттар жатады. ҚР мен ҚХР энергетикалық байланыстарын реттеу мен қатынастарын айқындауда осы елдердің үкіметтік құжаттарын пайдалану (келісім-шарттар, меморандумдар, коммюнике, конвенциялар) ерекше көмек болды14. Деректердің аталмыш тобы мемлекеттік-саяси институттардың ресми көз қарастарын білдіретіндіктен үлкен ғылыми құндылықтарға ие.
Аталмыш топта Сыртқы істер министірліктерінің ішкі ведомостволық құжаттары, Орталық Азия елдері Сыртқы істер министірліктері мұрағат құжаттарын ерекше атап өтуге болады15.
Деректердің үшіші тобына
мерзімдік басылымда
Осылайша жұмыста деректерді
қарастыру пәнді жан-жақты
Ғылыми жаңалығы, Қазақстан тарихнамасында бұл мәселенің тарихы терең және алғаш рет осы жұмыста ҚР мен Қытайдың қарым-қатынастары екі елдің экономикалық және саяси бастамаларын бір мезгілде қатар ғылыми тұрғыда қарастырылады.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негігі бөлімнің екі тарауы, әр тарау 2-3 тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау. ХХ ғасыр соңы-ХХІ ғасыр басындағы Қытайдың энергетикалық саясатының сипатты белгілері
1.1 Қытайдың
сыртқы энергетикалық
Қытайда энергетикалық ресурстарға сұраныстың ерекше жоғары болып қалыптасу алғышарттары бұл елдің әлемде «қытай кереметі» деп аталатын аса зор экономикалық дамуына байланысты.
Қытайда соңғы жиырма жылдағы ішкі жан басы өнімінің жоғарғы өсу қарқыны бәрінен бұрын экономикалық қызметі біртіндеп либерализациялау нәтижесінде тиімді жұмсалуымен түсіндіріледі. Ол ішкі инвестицияларды (ең алдымен шетелдік капитал есебінен), сондай-ақ тауар мен қызмет көрсету экспортын едәуір ұлғайтуға негізделді. Жиырма жыл бойғы реформаларда Қытай үшін жинақталудың үлкен мөлшері тән болды, егер 80-жылдардың басында ол ішкі жан басы өнімінің 30% құраса, ал 90-жылдардың соңында ол тұрақты түрде 40 пайызды ұстап тұрды, кейбір жылдары 42%-ке жетті(1994ж.). Осы кезде үй шаруашылығындағы жинақтау бүкіл ішкі жинақтаудың жартысына жуығын құраған.
Негізгі қордағы мемлекеттік инвестициялар 1981ж. 26млрд. юаньнан 2007ж. бұл көрсеткіш 69млрд.қа жетті, ал шетелдік инвестициялар ағыны сәйкесінше 16млрд-тан-268млрд. юаньға жетті. Егер 1978-1989жж. таза тауар және қызмет көрсету экспортытөмен мөлшерде болса, 2007ж. бұл көрсеткіш 40млрд. АҚШ долларын құраған16.
Қытай ахуалындағы тағы бір маңызды фактор мемлекетте әлеуметтік қолдау бағдарламасы түріндегі едәуір жүктеменің болмауы еді. Мемлекеттік зейнетақылық қамтамсыз ету , сондай-ақ әлеуметтік, оның ішінде медициналық сақтандырудың болмағаны де-факто. Бұл шығындарды мемлекеттік сектордың нақты кәсіпорындары өз мойнына алған, міне олардың пайдасыздықтарының басты факторы да осында.
Экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны мемлекеттік шығындардың салыстырмалы мөлшерінің төмендеуіне алып келді. Тіпті, маңызды әлеуметтік жүктеме жоқ болуы жағдайында мемлекет бюджет өз мойнына экономиканың мемлекеттік секторын қолдау шығындарын алған, ал реформалар жүргізілген бүкіл уақыт аралығында экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ұлғайып отырған17.
Қытай арзан тауар
өндірісінің әлемдік орталығына
айналып, оған білікті жұмыс күші
мен еңбекақы деңгейлерін қамтамасыз
еткен артылықшылықтарды
Осылайша, Қытайда қазіргі
таңда тауар өндірісінде
Қытайда ауыл шаруашылығын реформалау 2005 жылға дейінгі бірінші кезеңде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жан басы өнімімен ел халқын азық-түлікпен және киіммен қамтамасыз етудің екі еселенуіне мүмкіндік берді. Ауылды жерлерден қалаларға көшуге тұрғындарға рұхсат етілмеді.
Бұл Қытайда өткен
екі жылда ауылшаруашылығы
Сурет 1 – Уақыт бойынша шынайы ІЖӨ мен инфляция индексі өзгерістері
ҚХР экономикасының жоғарғы өсу қарқыны мен Орталық, Шығыс Еуропа, ТМД елдері арасында соңғы жиырма жылда орын алған контраст зерттеушілер қызығушылығын туғызды.
Осылайша, елдің дамуындағы көзге көрініп тұрған ілгерілеушілік энергетикалық ресурстарға сұраныстың үлкендігін дәлелдейді.
Ең алдымен, қоғамда энергетикалық ресурстардың шектеулілігі мен қоршаған ортаны аялау қажеттілігі туралы түсінікті орнықтыру керек. Энергоресурстарға және экологияға қатысты жаңаша көзқарас Батысты өткен ғасырдың 70-жылдарынан қалыптасқан, бұл ғаламдық бірнші энергетикалық дағдарысқа жауап ретінде қалыптасқан. Энергияны сақтаудың қажеттілігін кейінге қалдырмауды түсіну тиімділікті арттыру технологиясының пайда болуы мен таралуына және энергияны жұмсаудың қысқаруына, қоршаған ортаның ластануының азаюына алып келді. Қытайда мұндай тұрғы енді ғана қалыптаса бастады.
АҚШ пен Жапония тәжірибесі көрсеткендей энергияны үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін қазір Қытайда жетісе бермейтін едәуір бюджеті және мамандар штаты бар мамандандырылған үкіметтік агенттіктер қажет.
Халықшаруашылығының түрлі салаоарындағы тиімді энергия үнемдеу заң актілері мен ережелерінің детальді жүйесін жасауды қажет етеді.
Энергия үнемдеуді жетілдіру және табиғи ортаның ластануын азайту үшін тыйым салу шараларымен бірге, фискальді тәртіп түріндегі қолдау шаралары көбірек қыжет. 1994ж. кейінгі реформалар барысында салық жүйесі нашарлады немесе энергия үнемдеуші өндірістерге дем беруші салықтық және несиелік жеңілдіктер алынып тасталған еді. Осы шараларға енді оралу қажет.
Қазіргі таңда орындалып жатқан әлеуметтік-экономикалық дамудың бес жылдық жоспары қытай ғалымдары, технологтары, инженерлері алдына энергия үнемдеуші технология мен құрал жабдықтар ойлап шығару міндетін қойып отырған жоқ. Мүмкін, бұл тапсырма келесі бесжылдықта қозғалатын шығар, бірақ оған алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені пайдаланғанның өзінде аз уақыт кетпейді.
Энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру үшін бірінші ретте экономикалық стимулдену жүйесі рөл атқарады , бұл жерде оның құрылуына жауапкершілікті мемлекет өз міндетіне алады. Мұндай тұрғы әлемдік тәжірибеге сай келеді. Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша энергия үнемдеу потенциалын ашудағы нарықтық факторлар үлесі 20% аспайды. Бұл, ең алдымен төмендегі жағдайларға қатысты нарықтың шектеулі мүмкіндіктерімен анықталады:
Ағымдағы нарықтық конъюнктура ұзақ мерзімді мүддені көрсетпейді.
- Инвесторлар ең алдымен энергетикалық ресурстарды игеруге бағдар алады.
- Өндірісте және энергия пайдаланудағы табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіруге кеткен шығын оның құнына кірмейді.
- Энергияны тұтынушыларда оны үнемдеу туралы ақпарат пен дағдылар жеткіліксіз.
Энергия үнемдеуге мемлекеттің рационалды емес қаржы және салық саясаты ықпал етпейді.
Осыған байланыст, негізгі бағыт энергоресурстарды шетелден, әсіресе Қазақстаннан сатып алу болады.
1.2. Қытайдың
Орталық Азия елдерімен сыртқы
энергетикалық саясатында
Қытайдың энергетикалық саясатының басты нүктесі, Қытайды әлемніңұлы державасына айналдырумен қатар, елдің көмірсутекті энергия ресурстарына кедейлігіне қатысты түсінікке қызмет етеді. Қытайдың жан басына шаққанда қамтамасыз ету есебінде 2006ж. мұнай қоры – 2,6т., табиғи газ – 1074м³, көмір – 90т. болып, әлемдік орташа деңгейде 11,1; 4,3 және 55,4%-ды құрады.
Сурет 2 – 2006ж. ҚХР қызмет ресурстарының көрсеткіштері
Қытай басшылығы елдің энергетикалық мәселелеріне және адекватты энергетикалық стратегиясын жасауға бірінші деңгейде көңіл бөледі. Мұны, әсіресе, арнаулы Мұнай қорларының мемлекеттік кеңсесінің құрылуы, даму мен реформалар бойынша мемлекеттік комитет құрамындағы энергетикалық басқарманың , түрлі мүдделі ведомстволар тарапынан Энергетикалық стратегияны дайындаудың мемлекеттік проблемалық топтарының құрылуы дәлелдейді.
Мемлекеттің кезек күттірмес реакциялар ұзақ мерзімді энергетикалық міндеттерді шешуде ғана емес, елде өткен жылдың екінші жартысында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты да қажет болған еді. Елдің көптеген провинциялары мен ірі қалалрында авто май құю бекеттерін бензинмен және дизельді отынмен қамтамасыз етудегі туындаған қиындықтар үкіметтің мұнай өнімдері бағасын көтеруіне алып келді. Жыл соңында ішкі автотасымалдау бағалары өсті. 22 провинцияда, автономды аудандар мен орталық басқаруындағы қалаларда электр энергиясының жетіспеушілігінен оқтын-оқтын өшірулер басталып, ірі өндірістік және кен өндіру кәсіпорындарындағы өндірістің үрдістердің ішінара тоқтауы мен экономикалық үлкен шығындарға алып келді.
Энергия тапшылығы ел ішінде түрлі қауесет туындатты. Оны Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуі , соғысқа дайындалумен байланыстырды. Іс жүзінде тапшылықтың тікелей себебі болып отырған энергетикалық тұтынушылыққа болжам жасау барысындағы есептен жаңылушылық еді.
2003ж. сәуірде жарық
көрген Электро энергиясы
Осылайша, мемлекеттік энергия үнемдеу саласына энергия бағасын бекіту, фискальді және басқа шараларды анықтау, заңдар мен стандарттардықабылдау, ақпарат тарату, зерттеулер мен жаңалықтарды қаржыландыру сияқты және тағы басқа қызметтердің кең жиынтығы жатады. Бірінші деңгейлік рөл атқаратын энергия үнемдеуге материалдық жағынан дем беру жатады.
Энергия үнемдеудегі ең негізгі әдістердің бірі энергия тиімділігінің құрал-жабдықтарға сәйкес тиімділік стандарттарын дайындау мен енгізу болып табылады, олар соңғы пайдаланушы үшін арналған (тұрмыстық электр құралдары да бар: жарықтандыру қондырғылары, тоңазытқыштар, теледидарлар, кір машиналары, кондиционерлер, электр моторлары, желдеткіштер, су помпалары, комрпессорлары, сондай-ақ өндірістік қазандықтар). Бұл 2020 жылға дейін әр қайсысы 1млн.кВт-қ қуаттығы 10электр бекеттері өндіретін электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді деп күтілуде. АҚШ Энергетикалық қорының директоры орынбасары Ян Фуцян пікірінше, сұйық отын тиімділігі стандарттарын енгізу тек мұнайға ғана Санься кешенін тұрғызуға керек жалпы шығындар сомасын үнемдеуге болады екен.
Сонымен бірге, басқа салалардан қалыңқы келе жатқан энергетикадағы нарықтық реформаларды жеделдету және тереңдету қажет деп саналады. 1992ж. кейін жүзеге асырылған қаржы, салық саласы, бағаны қалыптастыру саласындағы дәл осы нарықтық реформалар энергия тиімділігін едәуір артуы мен энергия үнемдеудегі интенсивтілікке алып келді. Әлі күнге дейін, көмір бағасы толық либерализацияланбаған, мұнай, газ, элетроэнергиясы салалары әлі күнге дейін көп мөлшерде монополияланған.
Элетр энергиясында жүйелік шаруашылықты электроэнергиясы өндірісінен бөлу енді ғана басталды. Басқа да салалардағыдай, мұнда бәсекені дамытуға жағдай жасау және аралас экономиканы қалыптасуына ықпал етуші түрлі меншік түрлерінің өзара қабысуын кеңейту көзделуде. Біртіндеп электр энергиясының біртұтас жалпыұлттық нарығын құру, соңғы тұтынушының таңдау еркіндігін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірушілер, сатушылар арасындағы бәсекелестікті жандандыру қолға алынды. Беруші және бөлуші жүйеден тұратын жүйелі шаруашылық бұрынғыдай біртұтас монополия ретінде қабылданғанымен, біртіндеп біріншісі екіншісінен бөлінеді.
Электр энергиясын құрылымдық реформалаудағы оны монополистік сипатынан арылту және электр энергиясының бәсекелестік нарығын қалыптастыру жетекші күш Қытай сарапшылары пікірінше үкімет болу керек. Бұндай реформаларды жүзеге асыруға монополия қабілетсіз; қайта құрулар оның жүруі барысында мүддесі зардап шегетін тараптан жүзеге асырылады деу, ақылға қонымсыз18.
Мұнай-газ саласында баға қалыптастыру миханизмін реформалау, мемлекеттің мұнай өнімдері мен табиғи газға баға қалыптастыруда тікелей араласуын қысқарту мәселесі тұр. Аймақтың монополияға нүкте қойып, негізгі үш корпорацияның іскерлік белсенділігі саласын бөлуді тоқтатып, жан-жақты бәсекелестікті дамыеып қарастыруда. Әр қарайғы даму ашықтық саясатын иеленіп, сауда және инвестициялық барьерлерді төмендету арқылы шетелдік және жеке ұлттық капиталға мұнай барлау, іздеу, тасымалдау, өңдеу істеріне және мұнай өнімдерін сатуға (көтерме және бөлшек) қатысуға мүмкіндік туғызу. Мемлекттік емес инвестицияны газ құбырлары құрылысына тарту көзделуде.
Көмір өнеркәсібінің
алдында жеке меншік қатынастарын реформалау,
жабдықтаудың ескірген мемлекеттік
жүйесін қайта жаңарту; Қытай
және әлемдік нарықтағы бәсекеге
қабілеттілігі мен
Қытай энергетикасы НИОКР-ге ассигнациялар тапшылығынан зардап шегеді. 2000ж. ол 5,7млрд юаньды (Жапониядағы көрсеткіштің тек 1,8%) құрап, елдегі НИОКРге бөлінетін шығынның 6,43%-на тең. Жапонияда бұл цифрлар бірнеше есе жоғары. Техниклық және технологиялық инновациялар механизмі де аяқталмаған. Осы саладағы ахуалды түбірімен жақсартпай энергетикалық стратегия мақсаттарын жүзеге асыру мүмкін емес.
Отын-энергетикалық баланс жиырма жылда ең жоғарғы шекке жетуі керек. Көмірдің үлесі максимальді сценарий бойынша 66,7%-дан 63,2%-ке дейін қысқарса , минимальді түрде 59,4%-ке дейін қысқарады. Табиғи газдың үлестік салмағы максимальді сценарий бойынша 2,8%-дан 6,7%-ға жетсе, ең аз көрсеткіш болса – 8,9%. Ал мұнайға келсек, оның үлесі кез-келген нұсқада аз ғана өзгеріске ұшырайды: максимальді сценарийде ол 25%-дан 26,7%-ға ұлғаяды, ал минимальді жағдайда 25,9%. Газды тұтынудың өсуі орта жылдық қарқыны үш сценарийде де орташа деңгейден жоғары блуы қарастырылады. Сондай-ақ гидроэнергетикалық және ядролық электр бекеттер салу, жаңартылған энергияны пайдалануды кеңейту қарастырылады.
Қытайдың отын-энергетика балансын оптимизациялау алдыңғы он жылдықта дамыған тенденцияны жалғастыруда. 1990 жылдан 2002 жылға дейінгі осы үрдістің қарқыны 2020 жылға дейінгі кезеңге дейін қарағанда жылдамырақ болды: көмір үлесі 76,2%-дан 66,1% дейін қысқарды. Бұл тенденция Қытай энергияның ішкі көздерімен қатар ресурстарға қарауға алып келеді, табиғи ортаға тигізілетін зиянды азайтады.
Энергия тұтынудың салалық
құрылымы өзгереді. Энергияның негізгі
тұтынушысы бұрынғысынша өнеркәсіп
қалады, бірақ оның үлесі 2000ж. 72,7%-дан
– 2020ж. 56,7-58,7% қысқарады. Көлік пен
құрылыстың үлестік салмағы кәдімгідей өседі.(11,1%-16,3-17,1%)(16,2%
Сондықтан, энергия үнемдеудің негізгі шығыны өнеркәсіпке түседі. Тәжірибе көрсеткендей, басты тиімділікті 70-80% дейін өндірістің құрылымын реттеу берсе, ал қалған 20-30% - техникалық прогресс негізінде өнім бірлігіне энергетикалық шығынның төмендеуі есебінен.
Энергия үнемдеуге маңызды үлес
қосатын экономиканың басқа салалары
қазіргі таңда отынның
Энергияны экономдау үшін құрылыста да мүмкіндіктер де аз емес. Энергия қуатын үнемдеу стратегиясында аталған сала әлсіз болып табылады. Қытай ғимараттарды жылыту және кондиционерлеу үшін бір құрылыс көлемдік есебіне қарай энергия қуат шығыны, басқа осы жағрафиялық территорияда орналасқан мемлекеттерге қарағанда, үш есе көп. Жанармай отынды үнемдеуі құрылыс саласында 160млн. т. құрайды.