Факторинг. 8

Кіріспе

 

І бөлім. Факторингтік операциялардың мазмұны мен түсінігі және түрлері

1.1. Факторинг  туралы түсінік 

1.2. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары

1.3. Банктің факторингтік операцияларының (қызметтерінің) мазмұны 

ІІ  бөлім. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау

2.1. Қазақстандық банктердің факторингтік операцияларын талдау және бағалау

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

    Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың  ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды  жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең  өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік  және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда  өте дамымаған.  Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

    Курстық жұмыстың мақсаты, яғни Қазақстанда  факторингтік операцияларды жүзеге асыру . Осы мәселені алға қойып, талқылау. Яғни екінші деңгейлі банктердің жаңа дамып келе жатқан операциясы факторингтік операцияларды қарастырып, оның тиімділігі мен тетігіне тоқталып кету. Коммерциялық банктерде және жалпы экономикалық деңгейде факторингтік операцияларды ұйымдастырудың және бағалаудың теориялық, әдістемелік және нормативтік негіздеріне сүйене отырып, факторингтің нарықтық экономикадағы ролін анықтау болып табылады.

    Осы мақсатты жүзеге асыру үшін курстық жұмыс өз алдына келесідей міндеттер қойып отыр:

  • факторингтің экономикалық экономикалық негіздерін қарастыру;
  • факторингтік операцияларды ұйымдастыру және бағалау әдістемесімен таныс болу;
  • қазіргі таңдағы Қазақстанда факторингтік қатынастарды дамыту мәселелерін қарастыру.   

    Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын  мемлекеттік бағдарламалар ауқымында  жүзеге асырылуда. Сонымен қатар  банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің  қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

    Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға  мыналар жатады:

    —  заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

    —  жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

    —   банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

    —  заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

    —   кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

    —  аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

    —  есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

    —  заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

    —  заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

    — сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

    —  клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

    —  сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;

    —  ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

    —  төлем карточкаларын шығару;

    —  банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

    —  шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

    —  төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

    —  чек кітапшаларын шығару;

    —  бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім. Факторингтік операциялардың мазмұны  мен түсінігі және түрлері

    1.1. Факторинг туралы түсінік 

    Факторинг - бұл тауарларды немесе қызметтерді  жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып  алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты - кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын  тәуекелді қалпына келтіру. Нарық  экономикасы дамыған елдерде  төлемдердің сақаталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг  компаниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

    Фактор  сөзі ағылшын тілінен "factor", аударғанда "маклер, делдал" деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда - бұл делдалдық операция.

    Факторинг - жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған  тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық  операция.

    Банк  төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін  тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

    Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніне  қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы  жерде факторинг пен банктік  кепілдеменің арасындағы айырмашылық  байқалады. Яғни, банктің кепілдеме  бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты  төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз  факторингтік келісімшартта көрсетілген  мерзімде тез арада қаражатты  алу болып табылады.

    Нарық экономикасы дамыған елдердегі  факторингтік компаниялардың көбіне еншілес  фирмалары ірі банктермен бірігіп  жұмыс жасайды.

    Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1. Факторингтік  компания (банктің факторинг бөлімі) - өздерінің клинеттерінен шот-фактураны  сатып алатын арнайы мекеме;

2. Клинет (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг компаниясымен келісімшарт  жасасушы өнеркәсіптік немесе  сауда фирмасы;

3. Кәсіпорын  (қарыз алушы) - тауарды сатып алушы  - фирма.

    Факторинг мәлімесін ұйымдастыру 1-суретте  көрсетілген.

    Факторинг мәлімесін жүзеге асырудан бұрын  толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг  компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің  клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг  компаниясына сатып алушыға жіберілетін  барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір  құжат бойынша клиент төлеуге  келісім алуға тиіс. Факторинг  компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

    1-сурет.  Факторингті  ұйымдастыру сызбасы 

    
    
 Факторингтік  компания (банктің факторинг бөлімі)
    

     Өнімді төлеу Құжаттарды талдау 

      

         Төлем құжаттарын         Төлем қабілетін (несиелік

            сатып алу қабілетін талдау)  

           Жабдықтаушы   Тауарды жабдықтау  Сатып алушы 

    Факторинг операцияларының жүзеге асырылу  негізіне факторинг туралы келісімшарт  жатады. Онда факторинг операциясының  төмендегідей жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері, факторинг  операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісімшартын бұзу жағдайлары және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.

    Сонымен қатар, онда тараптардың өздеріне алған  міндеттемелерін орындай алмаған  жағдайлардағы жауапкешіліктер  де қарастырылады. Ондай жағдайда тараптар бірінің алдында бірі жауап беруге тиіс. Фаткоринг бөлімі өзіне алған  міндеттемесін орындай алмаған  жағдайда, оны құрушы банк материалдық  жауапты болып табылады.

    Факторингтің  екі түрі болады: ауқымды (конвенционды) және шектеулі (конфедиенциалды). Тарихта  оның ауқымды түрі бірінші пайда  болған. Қазіргі жағдайда бұл - бухгалтерлік есеп, жабдықтаушылар және сатып алушылармен  есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетудің әмбебап жүйесін  сипаттайды. Клиенттің мұндағы қызметі тек қана өндіру болып табылады. Бұл жүйе клиент-кәсіпорынға өндіріс пен өнімдерді сату шығындарын қысқартады. Өзінің мәні жағынан факторингтің бұл түрі жөнелтілген тауарларға берілетін несиені білдіреді.

    Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама  дамып келеді. Шектеулі факторинг  бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Шектеулі факторинг клиент-жабдықтаушы үшін жөнелткен тауары үшін берілетін  несиені сипаттаса, ал клиент-сатып  алушы үшін төлем несиесін сипаттайды. Факторинг операцияларын жасағаны үшін клиенттер банкке келісімшартта  көрсетілген төлемді төлейді, ол өзінің экономикалық мазмұны жағынан  несие үшін төлейтін пайызды білдіреді.

    Факторинг операциялары. Факторингтік операциялар  банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде  арнайы бөлімдер ашылуға тиіс. Факторингтік операциялар түрлері 2-суретте көрсетілген.

    Факторингтік  операциялардың төмендегілер бойынша  жасалмайтынын ескеру қажет:

  • Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;
  • Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
  • Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәспорынден мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
  • Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелерінің міндеттемелері бойынша.

    Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып  алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды  білдіреді. 

    Сурет 2. Факторингтік операцияларды жүзеге асыру 

      

    

    

    

    

    

    

    

      
 
 

      
 
 
 
 

    Факторингтің  ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы  туралы алдына ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке  факторингтік келісімшарттың болуы  туралы айтып жеткізеді. 
 
 
 
 
 
 

1.2. Факторингтік операциялардың түрлері және келісім шарттары 

    Көптеген  мамандар факторингті ақшалай талаптарды сатып алумен ғана шектейді, ал бұл  аталған қаржылық қатынастардың  көп қырлы шеңберін шектейді. Мысалға, факторинг тек коммерциялық несие  принциптері бойынша тауарларды өткізу және қызметтерді көрсету  процестері кезінде контрагенттер  арасында пайда болатын төленбеген қарыздық талаптарды (шот-фактураларды немесе вексельдерді) факторингтік компанияға немесе коммерциялық банкке беру (сату) ғана болып қоймайды. Сонымен қатар, клиенттерге факторингтік қызмет көрсету  кезінде бухгалтерлік, ақпараттық, коммерциялық, сақтандыру, құқықтық және басқа да маңызды элементтер орын алады.

    Факторинг шеңберіндегі қаржылық қатынастар факторингтік келісіммен ресімделеді. Келісімде  қолданыстағы заңнамаға және тараптардың  мүдделеріне сәйкес қаржыландырудың  нақты түрі көрініс табады. Факторингтік операциялардың қатысушылары, дебиторлық қарызды сатып алу және өндіріп  алу шарттары, факторингтік келісімнің нысандары, несиелеу шарттары секілді  бірқатар белгілеріне байланысты факторингтің де бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге  болады. Әлемдік практикада өндірістің және нарықтық қатынастардың даму процесінде факторингтік қызмет көрсетудің белгілі  бір түрлері қалыптасып үлгерді. Экономикалық әдебиеттерде факторингтік операцияларды жіктеудің бірнеше  белгілері қарастырылады. Солардың ішіндегі негізгі белгілеріне қарай  факторингтік операциялардың бірнеше  түрін бөліп көрсетуге болады.

    Факторингтік  операциялар ішкі және сыртқы (халықаралық) болуы мүмкін. Егер сатушы және сатып  алушы кәсіпорындар, сондай-ақ факторингтік қызмет көрсетуші банк бір мемлекеттің  территориясында орналасқан болса, онда бұл ішкі факторинг болып  саналады. Егер де факторингтік келісімнің қатысушылары әр түрлі мемлекеттердің территорияларында орналасқан болса, онда бұл халықаралық факторинг  болып табылады.

    Ақшалай талаптарды беру арқылы қаржыландыру мәмілесіне қатысушылардың арасында пайда  болатын қарым-қатынастардың типіне қарай ашық және жабық (жасырын) факторингтік операцияларды атап көрсетуге болады. Егер қарызгер (дебитор) өзінің қарызы банкке сатылғаны туралы хабардар болса, онда бұл ашық факторинг болып  табылады. Жасырын факторинг жағдайында кәсіпорын өзінің дебиторын хабардар етпей-ақ, банкпен факторингтік келісім  жасайды. Факторингтік операцияларды  жіктеудің бұл белгісі негізгі  болып табылады, себебі факторингтік операциялардың ұйымдастырылуы факторингтік келісіміннің шарттарына байланысты болады. Факторингтің бұл аталған түрлері  шет елдік практикада дәстүрлі болып  саналады.

    Ашық  және жасырын факторингтік операциялар  факторингтік төлемдерді алушы тұлғалардың  ерекшелігімен байланысты. Ашық факторинг  барысында төлемдер тікелей банкке бағытталады, ал жасырын факторинг  барысында төлемдер тікелей өнімді сатушы кәсіпорынға бағытталады, себебі сатып алушы кәсіпорын факторингтік мәміле жасалғанынан бейхабар болады.

    Факторингтік  операциялар борышты талап ету  құқықтарын қайтарып беру шарттарына да байланысты регресс құқығымен  және регресс құқығынсыз деп жіктеледі. Дебиторлық қарызды талап ету  құқығын қайтарып беру шарты бойынша  банк қарызгер кәсіпорын өз міндеттемелерін  орындаудан бас тартқан жағдайда кәсіпорынға борышты талап ету  құқығын өзіне қайтарып береді. Яғни кәсіпорын банктің қаражаттарын қайтарып беруі және жұмсалған шығындарды өтеп беруі тиіс. Демек, несиелік тәуекелді  сатушы кәсіпорын көтереді.

    Егер  факторингтік келісім жоғарыда аталған  шарттарды қарастырмайтын болса, онда банк дебиторлық қарызды өндіріп  алуды толықтай өз мойнына алады  және кәсіпорынға бұл құқықты  қайтарып бере алмайды. Сәйкесінше, несиелік тәуекелді де банк өз мойнына алады.

    Дебиторлық қарызды талап ету құқығын қайтарып беру шарттары қарастырылған келісім жасау барысында кәсіпорын банкке сатылған қарыздық міндеттемелері бойынша белгілі бір тәуекелді өзі көтереді. Мұндай шарттар, әдетте, кәсіпорын келешекте күмәнді дебиторлық міндеттемелер пайда болмасына сенімді болған жағдайда немесе ол өзінің өнімін сатып алушы кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігін жан-жақты зерттеп, оның сенімділігіне көзі жеткен жағдайларда қарастырылады. Себебі кәсіпорын, мұндай жағдайларда несиелік тәуекелдерді сақтандыру бойынша шығындар жұмсағанша, барлық тәуекелді өз мойнына алғанды дұрыс көреді.

    Факторингтік операциялар төлем мерзімдеріне қарай кәсіпорынды алдын-ала несиелеу немесе белгілі бір мерзімде несиелеу шарттарын қарастырады.

    Алдын-ала (аванстық) төлемдерді қарастыратын факторингтік операциялар барысында банк кәсіпорынның дебиторлық қарызының 80%-ға дейінгі сомасын алдын-ала төлеп қояды, ал қалған бөлігін банк қарызгер кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша алғашқы төлемдерді орындағаннан кейін төлейді.

    Белгілі бір мерзімде несиелеу шарттары бойынша факторингтік компания кәсіпорынға қажетті қаражаттарды белгілі бір уақыт өткеннен кейін нақты бір күні оның шотына аударады. Банк кәсіпорынға дебиторлық қарыздың бүкіл сомасын (міндеттемені өтеуге жұмсалған шығындарды шегеріп тастағандағы) бір мезгілде жеткізіп береді.

    Сонымен қатар, «ашылмаған факторинг» деген атаумен белгілі қаржыландыру түрі де кездеседі. «Ашылмаған факторинг» – коммерциялық банкке немесе факторингтік компанияға жүгінуге себеп болған жағдайларды тауарды сатушы фирма жария еткісі келмеген жағдайларда қолданылатын факторинг түрі болып табылады. Бұл жағдайда банк (фактор-фирма) өздерінің клиенттерінен (тауарды сатушылардан) ақшалай талаптарды сатып алады және өз атынан және өз қаражаттары есебінен есеп айырысады. Банк өз клиенттерінің дебиторлық шотын жүргізеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпарат жинайды және коммерциялық (тауарды сату туралы) статистика жүргізеді.

    Коммерциялық банктің (фактордың) және оның клиентінің мүдделерін барынша қанағаттандыру факторингтің алуан түрлерін комбинациялау арқылы ғана жүзеге асырылады. Қаржы агентінің (банктің немесе факторингтік компанияның) қаржылық тәуекелдерін төмендету тұрғысынан регресс құқығын қарастыратын факторинг түрі барынша тартымды болып табылады.

    Факторингтік операциялар кәсіпорын мен банк арасында жасалатын келісім-шарттың көмегімен реттеледі. Факторингтік қызмет көрсету туралы келісім-шартты, әдетте, банктер мен кәсіпорындар бірнеше жылға (1 – 4 жыл) жасайды. Жаңа дебиторлар немесе дебиторлық қарыздар пайда болған сайын, міндеттемелер банкке сатылып, ал кәсіпорынның шоты кредиторлық қарыз шотына ауыстырылады. Содан кейін кәсіпорын бұл қаражаттарды қажет кезінде алып, қолдана алады.

    Факторингтік келісім-шарт өз күшін келесі себептерге байланысты жоғалтуы мүмкін:

  • келісім-шарттың қатысушыларының өзара келісімі бойынша;
  • жабдықтаушы кәсіпорынның немесе банктің тілектері бойынша;
  • жабдықтаушы немесе қарызгер кәсіпорынның нақты немесе болжамды төлем қабілетсіздігі жағдайларында.

    Факторингтік келісім-шартта қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылуы керек:

  • жабдықтаушы кәсіпорынға несиені беру барысы мен шарттары;
  • дебиторлық қарызды өтеп алу құқығының банкке берілуі және оны инкассациялау тәртібі;
  • өзара талаптарды орындау тәртібі;
  • несиелік тәуекелдерді сақтандыру бойынша жұмыстар шеңберіндегі шығындардың лимиті және т.с.с.

    Факторингтік  келісім-шарттың нақты жекелеген  шарттарын банк жабдықтаушы және қарызгер кәсіпорындардың нақты  қаржылық тұрақтылығы мен төлем  қабілеттілігін жан-жақты талдау және бағалау нәтижесінде анықтайды.

    Сонымен қатар, факторингтік келісім-шартта жабдықтаушы кәсіпорыннан алынатын төлемнің мөлшері де анықталуы тиіс. Мұндай төлем екі құрамдас бөліктен тұрады:

  • факторингтік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық төлем – есеп жүргізу, қаржылық тәуекелді сақтандыру, кәсіпорынның қарызгерлерінің төлем қабілеттілігін бағалау және тағы басқа қызметтер үшін төлем. Бұл төлемнің мөлшері жабдықтаушы кәсіпорынның жылдық капитал айналымынан пайыз ретінде есептеледі. Оның нақты көлемі несиелік тәуекелдің деңгейіне, кәсіпорын дебиторларының төлем қабілеттілігіне, кәсіпорынның өндірістік қызметінің көлемі мен құрылымына байланысты болады. Комиссиялық төлемдер, әдетте, аударылған дебиторлық шоттың 0,5-3,0% шеңберінде ауытқып отырады;

    - есептік операциялар үшін төлем. Мұндай төлемді банк немесе факторингтік компания дебиторлық қарызды өтеуді өз мойнына алған күннен оны нақты өндіріп алғанға дейінгі мерзім бойынша жабдықтаушы кәсіпорынға берілген қаражаттар сомасынан ұстап қалады. Бұл пайыздың мөлшерлемесе, әдетте, банктік қысқа мерзімді несиелер бойынша мөлшерлемелерден 2-4% жоғары болып келеді. Бұл факторингтік операциялар бойынша несиелік тәуекелдің жоғары болатындығымен түсіндіріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.3. Банктің факторингтік операцияларының (қызметтерінің) мазмұны 

    Банктердің  көзқарасы бойынша факторинг  мақсаттары уақыт өтіп кеткен төлемдерден  жоғалтуларды қысқарту үшін қарыздарды өз уақытында инкассациялау, күмәнді  қарыздарды алдын алу, клиенттерді  басқаруда, бухгалтерлік есепті жүргізуде, айналым мен пайдалылықты көбейтуге  көмектесу болып табылады.

    Жоғарыда  атап өткендей банкінің факторингтік (факторлық) операциялардың негізін  өз клиент-жабдықтаушыларына (сатушыларына) сатып алуға (лизингке) жеткізуші-сатушы (қарызгер) төлемеген контрагентті есепшот-фактураларды құрастырады. Банк есепшот фактураларын жеткізушіден аздаған маңызды бөлігін (80%-ға) дереу шарттарымен қалған бөлігінің (пайызбен ұстап қалғаннан кейін) қалған бөлігінің төлемақысын белгіленген уақытқа байланыссыз сатып алушы (қарызгер) ақшаны аударғанына немесе аудармағанына қарамастан сатып алады.

    Банкілік  факторингтік операциялардың қатынасушылары мыналар:

  • банк-фактор, талапқа ақы төлемеген қарызды сатып алушы;
  • бастапқы кредит (банктің клиенті, әрі жеткізуші немесе сатушы);
  • клиенттен (жеткізушіден) төлемақыны кейіннен төлеуге алған қарызгер

    Факторингтік  операцияларды вексель  қолданумен жүргізуге болады. Бұл үшін жай  және аудармалы вексельдер пайдаланылады:

    - қарызгер (олардың қарызды осындай  тәсілдермен жабуы);

    - басқа эмитеттер (вексельдерді  сатып алу банк айналмалы қордағы  уақытша бос қаржылардың орналастыруы  нұсқасы ретінде);

    - банктің өзі (кредиттерді беру  құралдары, төлемақы қаржылары,  айналмалы қорларды толтыру үшін  ақшалай ресурстарды тарту).

    Фактор-банктің  қызметі құны негізінде екі элементтен құралатын комиссиялық сыйақысы жатады:

    1) Қызмет көрсеткені үшін комиссиялық  ақы. Комиссия клиентті өзінің  күшімен есеп жүргізу қажеттігінен  босатқаны үшін, күмәнді қарыздан  сақтандырғаны және есепшот фактура  сомасынан анықталған пайыз ретінде  есептеледі. Ақы төлеу көлемі  жеткізуші қызметінің ауқымына қарай және оның контрагентілерінің үміттілігіне, ал сондай-ақ сатып алушылардан қаржыларды алудың қиындығы мен төлемақы төлемеудің тәуекел деңгейін банктің сараптама бағасына қарай өзгеруі мүмкін;

    2) Кредитке қаржы ұсынғаны үшін  төлемақы. Оның көлемі ақы төлеушіден  төлемақы түсу уақыты мен банкіден  қаржыны алу арасындағы кезеңде  жеткізушінің есепшотындағы күнделікті  дебеттік сальдоның негізінде  анықталады. Бұндай кредит үшін  пайыз әдетте стандартты қысқа  мерзімді кредиттердің пайыздарынан  жоғары болғандықтан, банктің тәуекелі мен қосымша шығындарды өтемақыландыруға мүмкіндік береді.