«Философия» пәні бойынша

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

Механика  факультеті

 

Гуманитарлық  пәндер кафедрасы 
 

 
 
 
 
 
 

Студенттердің пәндік оқыту - әдістемелік кешені 

«Философия» пәні бойынша 

Барлық  мамандықтарға

 
 
 
 
 
 
 

Атырау  2005 

«Философия» пәніне арналған оқыту-әдістемелік кешені

АтМГИ студенттерінің барлық мамандықтарына арналған 

Тұжырымдама: Философия пәні бойынша жасақталған жұмыс бағдарламасы (SYLLABUS) ҚР ГОСО мазмұнына сәйкес, типтік және жұмыс жоспарына тән мамандықтардың және дайындау бағыттарын бейнелейді квалификацияға сай,  оқытылатын пәннің негізгі мазмұнын ашады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

    Келісім бетшесі 

  АтМГИ Әдістемелік кеңесінің мәжілісінде бекітілген

  Хаттама №  ____  «___» ____________ 2005 жыл.

 

  АтМГИ Әдістемелік  кеңесінің төрағасы

  бірінші  проректор, ОӘЖ проректоры __________ Н.Г Джумамухамбетов

 

 Келісілген:                             

  Оқу әдістемелік бөлімінің бастығы     ____________ А.И. Исмагулова. 

 Оқу-әдістемелік  кеңес факультетінде жарияланды 

 Хаттама  № ____ «____» __________ 2006ж.

 Факультеттің  ОӘЖ төрағасы ____________ Жоламанова  З.Х. 

«Г.П.»  кафедрасының мәжілесінде бекітілді

Хаттама № ____ «____» __________ 2005ж

кафедра мәжілісінің меңгерушісі:  ____________доцент Шеркешбаева Б. К.              

Жасақтағандар:                                                           Б.С. Нығметов.

                                                                                         К.Б. Базарбаев. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

      Мазмұны

 
    1. Глоссарий …………………………………………………....5 бет
    2. Дәріс сабағының конспектісі…………………………….....9 бет
    3. Семинар сұрақтарының жоспары…………………………73 бет
    4. СРСП (ОБСЖ)……………………………………………...84 бет
    5. СРС (СӨЖ)…………………………………………………91 бет
    6. Емтихан сұрақтары………………………………………...98 бет
    7. Әдебиеттер тізімі………………………………………… ..99 бет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

4

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

1.Глоссарий

Негізгі терминдер

 

Абсолют - (лат.absalutus) мәңгілік, шексіз, тұрақты деген ұғымда                      жиынтығын білдіреді.

Абстрактілеу - (лат.abstractic) дерексіздік, бөліну, оқшаулану. Белгілі бір затқа, құбылысқа тән көптеген қасиеттер мен олардың арасындағы толып жатқан өзара байланыстардан оқшау алып қарастыру, яғни танымның бір әдісі.

Аверроизм - 13-16 ғ.Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық - 18-19 ғ. дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім арқылы қоғам негізін өзгерту.

Аксиология - құндылықтар жүйесі туралы ұғым.

Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығына сәйкестігі.

Афоризм - қысқа сөзбен түйінделген тиянақты ой.

Болмыс – философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін білдідіретін биболмыстың екінші жағы. 

Брахманизм -Үнді философиясындағы ағым.

Бихевиоризм - прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.

Веданта -Үнді философиясының объективті-идеологиялық, діни ілімі,

Вайшешика - көне үнді философиясындағы жүйе.

Витализм - барлық өмірлік процестер материалдық емес факторлар әсерінен болады деп түсіндіретін ілім.

Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.

Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философиясының ең маңызды бөлімі.

Гуманизм - адам мүддесі үшін жасалатын ізгіліктердің топтамасы. Адагершілікке баулу.

Даосизм - б.э.д. 6-5 ғ. Қытайда дамыған «дао» ілімі. Негізін салушы Лао-цзы.

Деизм - Англияда пайда болған ілім. Діннен бас тарту, атеизмнің жасырын түрі.

Детерменизм - себептілікті жоққа шығару.

Диалектика - табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы заңдары туралы ғылым.

Диалектикалық материализм - марксистік философияның негізі, ғылыми философиялық дүниетаным.

 
 

5

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.

Дүниетаным - қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар жүйесі.

Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарсы бағыт.

Имманеттік  сын - идеяларды және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып сынау.

Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті байланысын теріске шығаратын философиялық ілім.

Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.

Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.

Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар.

Кеңістік  пен уақыт - бүкіл әлемнің, матермя болмысының объективті өмір сүру формалары.

Классификация - белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара ішкі байланысты ашу және логикалық жағынан негізделгенін көрсету.

Конструктивистік  әдіс - ғылыми теориялардың дедуктивті құрылымының бір түрі.

Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.

Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің, аспан жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.

Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған неопозитивтік ағым.

Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.

Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық бағыт.

Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.

Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.

Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады деп сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.

Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.

Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.

Позитивизм  – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.

6

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

Прагматизм – классикалық философияның абстрактілігін сынау.

Персонализм – тұлғалық философия.

Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын растайтын философиялық бағыт.

Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.

Сенсуализм  – сезімдік философиясы.

Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.

Сана  – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.

Таным – адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтік-мәдени қатынасы.

Теология  – дін туралы ғылым.

Табиғат философиясы – адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз ойлар. 

Үшінші  позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия. 

ФеноменологияГуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі туралы ілім.

Фальсификация – ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.

Футурология – болашақты болжау туралы ғылым.

Экзистенциализм - өмір туралы философия.

Эмперизм  – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту үшін негізге алып қолданған ілімі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

7

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 
 

Курстың мақсаты мен міндеті

 

      Философия- бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

Философия- «даналыққа құштарлық» дүниетанымды қалыптастыруға, дүниеге, адамға деген обьективтік  көзқарс, дүниенің мәні, оның танылуын, ақиқат, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.

      Осы курсты аяқтағаннан соң студенттер білуге міндетті:

  • дүниеге оң позитивтік көзқарас;
  • өз елінің мәдениеті мен философияның бүкіл әлемдік кеңестікпен үндестігі;
  • қоғамда болып жатқан процестерді терең түсіну және ойластыу;
  • өз елінің көзі ашық, көкірегі ояу азаматы болуы тиіс;
  • сонымен қатар, қазіргі озық ойлармен идеяларды, технологиялардың меңгеруі тиіс;
  • халықтар арасындағы бірлікті, бауырластықты сыйлай білу, үлкендерге деген зор ілтипатты қалыптастыру, бағалау т.б.

     Жалпы философияны оқыту барысында  студенттердің адам болмысының мәні проблемасына дүниетанымдық көзқарастың  қалыптасуы, адамзаттық өркениетке ұмтылыс, болашаққа деген нық сенім  қалыптасуы міндетті.

     Осы пәнді игеру арқылы, алғаш білімдерді басқа оқытылатын пәндерді меңгеруге  қадам болады. Саясаттану.Әлеуметтану. Құқық негіздері. Тарих т.б.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

8

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

2. Дәріс сабағынының  конспектісі

1-ші дәріс.

     Тақырып. Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі.

 

    Негізгі мақсаты:  философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.

    Негізгі түсініктер: философия, мифология, агностицизм, метафизика, диалектика.

 
  1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл  ғылыми жүйелердің көкесі.
  2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
  3. Дүниетаным және философия.
  4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

     Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фасель 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн  астраном гидротехник болған  ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

      Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.

     Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.

      Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж.

 
 

9

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

өтсе  де философия пәні туралы түсінік  үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге  қатынасы бұл жерде эмоциальдық  психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

       Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

      Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)

     Ең  алғашқы дүние танымдық пікір  мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен  бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын.  Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.

       Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.  

      Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

       Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:

    1. Ең алғашқы материя және сана?
    2. Дүниені тануға бола ма?

10

 Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 

  Философияда  екі бағыт қалыптасты, материализм  және идеализм.

       Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды.

      Дүниені танылады деген философтар  материалистер ал дүние танылмайды  деген ілімнің өкілдері агностицизм  философия тарихында материализм  мынадай бағыттарын ажыратамыз:

1 Ежелгі  ойшылдардың материализімі   (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).

2 Метафизикалық  материализм (16 – 18ғасыр өкілдері  Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)

3 Диалектикалық  материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).

Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.

1 Объективтік  (Платон, Гегель, Неотомистер)

2 Субъективтік  идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах,  Экзистенциалистер).

     Философияның тарихи 2 әдісі бар  Диалектика және Метофизика диалектиканың  негізгі принципі даму принципі  және жалпылама байланыс принципі  философияның екі функциясын  ажыратамыз дүниетанымдық және  методолоиялық. 

    Ақыр соңында, философтар әрбір  тарихи кезеңдерде жеке – жеке  емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға  сай дүниеге келген. Себеп олардың  өмір талабы күн тәртібіне  қойған сұрауларға жауап іздеуден  туындағандығы.

    Сонымен, философия дегеніміз  материя мен сана, таным мен  болмыс, адам мен қоғам жайлы  адамзат ой – санасының дамуы  барысында жинақталған, жүйеленген  ғылыми ой – пікірдің теориялық  жиынтығы. 

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1.Философия құрылымы  мен қызметі.

2.Қоғамдық ғылымдар  жүйесінде философияның орны.

3.Философияның тарихи типтері.

4.Философия және дүние таным.

/18/ 5-15 бет /22/ 5-20 бет./23/ 5-18 бет.

 

2-3-ші  дәріс

  Тақырып. Ежелгі Шығыс және Антикалық философия.

    Негізгі мақсаты:  Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.

    Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.

  1. Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.
  2. Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)

    11

Атырау мұнай және газ институты                                                                                                                                      

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

 
  1. Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)
  2. Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .
  3. Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)

   Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан,  ай, күн, жер осылардың шығу  тегі байланысы.

2. адамгершілік  адамдар арасындағы қарым –  қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік  және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге  болады. Ол - өз алдына жеке проблема.

    Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.

  1. Әскери (кшатрий)
  2. Абыздар. (брахмандар)
  3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
  4. Төменгі каста (шудралар)

Шудралар  теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне  араластырылмады. Брахмандар әбден  масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі  ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.

    Джайнизм – этикалық ілім. Оның  негізгі – адам жанын тән  қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз  дүние затына жатқызады. Әрбір  зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм  бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған  тәртібі буддизмнен де қатаң.