Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері
Кіріспе.
Фразеологизмдерді аудару мәселесіне келсек көптеген ақауларды кездепстіруге болады. Негізгі кемшіліктер ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғандағы тұрақты сөз тіркесінің мағынасының сай келмеуі, яғни машиналды аударма кезінде аударманың түсініксіз болуы. Бұл мағынадан ауытқу деген сөз. Қос тілде туыстас емес сөздердің аудармасы да қиындықтар туғызады.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейдегі коммуникацияда қолдану ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым – қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын – қазақ қостілдігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер – фразеологизмдер мен мақал – мәтелдер. Оның себебін тілдің фразеологиялық, паремеологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады
Фразеологизмдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды – көпті зерттеліп келгені мәлім. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді, фразеологизмдерді жан – жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар – Н.Барли, А.Дундэс, А.Крикман, М.Куузи, Г.Мильнер, А.Тэйлер, Г.Л.Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.
Жұмыстың нысанын туыс емес қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді аударудағы тілдік ерекшеліктерді талдау құрайды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ – ағылшын фразеологизмдерін салғастыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және себеп – салдарын айқындау.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәнділігі. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі паремиологиялық бірліктерді тіл иелерінің тарихымен, дүниетанымымен, рухани және дәстүрлі тұрмыстың мәдениетімен сабақтастыра қарастыру нәтижесінде қарастырылған тұжырымдар жалпы және салғастырмалы тіл білімі, этнолингвистика, фразеология, лингвомәдениеттану ғылымдарын теориялық тұрғыдан жетілдіруге белгілі бір дәрежеде үлес қосады.
1.1. Фразеология түсінігі; оның ерекшеліктері.
Фразеология (грек. phrasіs — сөйлемше, logos — ұғым) —
- 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы;
- 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
Фразеологияның
қалыптасуындағы объективті және субъективті
факторлар — Фразеологиялық мағынаның
коммуникативтік жағдайларға бейімделуі
және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің
туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық
қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен
түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет
пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени
ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. Фразеологияның
басты міндеттері болып саналады.
Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде
фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді
жақтаушылар Фразеологияның зерттеу аясын
кеңейтуді ұсынуда. Фразеология семантик.
категориялар қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді
Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан жаңа фразеологизмдерді ұсынады. Олардың үлкен бір тобына семантикасы жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіріп жасағандары жатады. Мыс. , көңілдің жайлауы деген жаңа фразеологизмде көңіл деген дерексіз ұғым жайлау деген нақты зат атауымен қабыспауға тиісті еді, бірақ, ақын көңіл сияқты абстракцияны жайлау тәрізді әрі шалқыған кең, әрі жадыраған «дүние» деп таныту үшін бұл кереғар екі ұғымды бір-біріне жанастырып, жаңа ассоциация туғызады. Көңілге ажым салу деген жаңа фразеологизм де соны образ әрі оның экспрессивтік бояуы бұрынғы көңілі қалу, көңілі жабырқау дегендерге қарағанда әлдеқайда қою. Олжалау, пайдалану (біреудің еңбегін, күшін, ойын т. б.) деген сездер тұрғанда адам аулау, адам сауу деген фразеологизмдерді ұсынғанда да Абай мағыналары жуыспайтын ұғым атауларын (ауланатынаң, құс, сауылатын мал)тіркестіріп жаңа образ жасайды, соңғы тіркестердің әсері алдыңғы етістік сөздерден әлдеқайда күшті екенін Абай жақсы білген. Оның тіліндегі бойды ұрлау (ұрланатын қолға ұстайтын зат болу керек қой), жүрегін ұстап сату (сатылатын зат, бұйымдар болуы керек), иман жүзін тоздыру (тозатын киім, бұйымдар болуы керек еді) деген фразеологизмдер де осы қатардан табылады. Бұлар, бір жағынан, метафоралық тіркестер, яғни, мағына ауыстырып айту құралы ретінде көрінеді. Бұл типтес фразеологизмдер сан жағынан да, сонылығы жағынан да көзге бірден түсіп, Абайдың қазақ Ф- сына қосқан үлкен үлесі болып танылады. Абай қазақ тілінің фразеологиялық қазынасына орыс тілінен тікелей аудару (калька жолымен) арқылы жасалған жаңа тіркестер қосты. Әрине, бұлар сан жағынан көп емес, бірақ, сол аз фактінің өзі қазақ поэзия тілінде Абайдан басталғанын көрсетеді. Мыс. , Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең(1, 200), мүйіз шығу тіркесінің дағдылы мағынасы мерейі үстем болу, ал Абайдағы мағынасы әйелі кезіне шеп салған еркектің халі, орысша «быть рогатым» дегеннің калька жолымен туған қазақшасы. Осы қатарға «Кептерше сүйініскен демалыс бар», «Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі, Саған салқын тартқандай, сен - бір кәрі» дегендердегі кептерше сүйінісу - ворковать как голубки, салқын тарту - постывать (Лермонтовтың «Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл - ты слеп, ты сед» деген жолдарының аудармасынан) тәрізді фразеологизмдері дежатады. Сондай-ақ, тактісіне билеу, бір сағаттан бір сағат сияқты тіркестер де негізі өзге тілдік (плясать в такт, от часу на час) деп тұрған сияқты. Аударма немесе калька тіркестердің бірқатары Абайдың төл шығармаларында қолданылған, сондықтан бұл әдіс тек аударма үстінде, шарасыздықтан қолданылған емес, орыс тілінің көркемдік дүниесін игеру, жарату сияқты талаптан туған деуге болады.
1.2. Фразеологияның тілдегі атқаратын рөлі; мақал-мәтелдермен қатысы.
Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден (жеке сөздерден) басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімнің фразеология саласы зерттейді. Фразеология термині (грек phrasis сөйлемше және logos сөз, ілім сөздерінен шыққан) қазіргі тіл білімінде екі мағынада қолданылады. Бірінші, тілдің фразеологиялық құрамын зерттейтін саласы, екінші, белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы дегенді білдіреді.
Осы күнгі тіл білімінде фразеологизм деген ұғым кең мағынада қолданылады. 1990 жылы шыққан «Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте» фразеологизмге мынадай анықтама берілген: «Фразеологизм дегеніміз формасы жағынан синтаксистік құрылымдармен ұқсас, бірақ олардай жалпы заңдылыққа сай сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қайталап қолданылатын, семантикалық және лексика – грамматикалық құрамы тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер. Осы анықтамаға қарағанда фразеологизмдерге кең мағынада тілдегі мағына бірлігін сақтаған тұрақты сөз тіркестерінің түрлері мен сөйлемшелер, коммуникативтік тұрақты қолданыстағы әр түрлі коммуникативтік бірліктер, қос сөздер мен қосарлы тіркестер, ресми іс құжаттардағы даяр сөз орамдары т.б. түрінде болуы мүмкін.
Фразеологизмдердің осы айтылған түрлерінің құрылымдық, мағыналық, қолданымдық сипаты, лексикологияға қатысты бірыңғай емес. Сондықтан тәжірибе жүзінде фразеологизмдер тар және кең мағынада қарастырылады. Бұлайша бөліп қарастырудың мәні фразеологизмнің лексикалық бірлік ретінде танылатын атауыштық сөзбен мағыналық байланысына, сол арқылы лексикологиямен жақындасатынына негізделген.
Тар мағынадағы фразеологизмдерге құрамы тұрақты, мағынасы біртұтас, даяр қалпында қолданылатын, лексикалық бірліктермен (атауыштық сөздермен) мағыналас, сырттай жай (еркін) сөздеріне ұқсас тұрақты сөз тіркестері мен сөйлемшелер жатады. Шынында, фразеологизмдерді сақтай отырып, сөз мағынасына жақын не парапар мағынаны білдіреді.
Мысалы:
ұзақ түнді көзбен атқызды фразеологизмі – ұйықтамады, дүние салды – өлді, бетінен оты шықты – ұялды, мұрнына су жетпеді, мұрнынан шаншылды, мұршасы келмеді – жұмысбасты болды, ұзын арқан, кең тұсау – еркіндік, үн жоқ, түн жоқ – үндемеді дегенді білдіріп, өзара мағыналас болып тұр.
Ал кең мағынада фразеологизмдерге жататын мақал – мәтелдер мен қанатты сөздердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың, номинативтік (атауыштық) бірліктердің т.б. өздеріне тән лексика – грамматикалық, стильдік ерекшеліктері бар. Олар сөйлеу кезінде жасалмай, даяр қалпында қолданылатындығы, құрылымының тұрақтылығы жағынан ғана фразеологизмдерге жатқызылады, бірақ олардың мағынасы лексикалық бірлік ретінде сөздердің беретін мағынасына балама, парапар емес, көбінесе бейнелі түрде астарлы мағынада жұмсалады.
Мысалы:
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; Мың сіз – бізден бір шыж – быж; алыстан арқалағанша, жақыннан дорбала т.б. мақал – мәтелдің сипаты осындай.
Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің құрылымдық жағында формалды жақындық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.
Мысалы:
сойылын соқты, жүрегі тас төбесіне шықты, жүрегінің түгі бар, салы суға кетті, тас – талқан болды т.б. фразеологизмдердің құрылымы жай сөйлемдер сияқты. Мынадай жай сөйлемдермен салыстырыңыз: жел соқты, ол төбеге шықты, айсыз ашық аспан, Хасен үзілген сөзін қайта бастады. Ал ай десе аузы бар, күн десе көзі бар; әй дер әже жоқ, қой дер қожа жоқ; жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; бір ұрты май, бір ұрты қан т.б. фразеологизмдік сөйлемшелердің құрылымы құрмалас сөйлемдер сияқты. Сөйлем құрылымымен ұқсастық әсіресе фразеологизмдерге жатқызылып жүрген мақал – мәтелдер мен қанатты сөздерден айқын байқалады.
Мысалы:
әкең мұрап болғанмен, жерің ой болсын; әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас; жақсыдан үйрен, жаманнан жирен; айыратын жаман бар, қосатын жаран бар; әлді адам шалқақ келеді, әлсіз адам жалтақ келеді; Құдай деген құрғақ сөз, Алланың аты алпыс; жантақты жерде сона бар, қыстақты жерде оба бар т.б.
Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы. Фразеологизмдер мен мақал – мәтелдердің арақатынасы өте күрделі. Кең мағынада мақал – мәтелдер және оларға жақын қанатты сөздер фразеологизмдерге жатқызылуы әлі толық шешілмеген мәселе емес. Бұлардың фразеологизмдерге қатысын түсіну үшін, алдымен мақал – мәтелдердің тілдік сипатын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, бір – бірінен айырмасын түсіну қажет. Мақал мен мәтел бір – біріне ұқсас болғанымен, құрылымы, білдіретін мағынасы жағынан бірдей емес.
Фразеологизмдерге мақал – мәтелдердің қатыстылығын және олардың бір бірінен айырмашылығын фразеологизмдерге тән белгілер тұрғысынан қарап анықтауға болады. Осы тұрғыдан қарағанда, фразеологизмдерге тән құрылым тұрақтылығы, даяр қалпында жұмсалу тиянақтылығы, бейнелілігі, мәнерлігі сияқты белгілер мақал – мәтелдерге тән.
Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан – жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір халықтың тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық – грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға – тұрпаты мен мән мағынасын сақтап қалған тілдік бірліктер – өздік құрамдағы мақал – мәтелдер.
2.1. Фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық бірліктер
Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Фразеологиялық
бірлік — Фразеологиялық тұтастық
тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты
болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің
бірі екіншісімен қалайда бір мағынапық
байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі
мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің
ауыспалы мағынада метафораланып Фразеол
2.2. Сөз тіркестерін, идиомаларды, фразеологизмдерді аудару
Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.
Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір 2) Сентименттер 3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».
Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.
Ағылшын және қазақ тілдері, салыстырмалы сөздік құрылымында, ағылшын сөздерінің көбі, орыс лексикалық бірліктерінің арасында тікелей ұқсастығы жоқ екендігі анықталды.
2.3. Аудару жолдары: транслитерация, суреттеме аударма, калькирование
Аудармашылар іс-шара тәжірибе жүзінде бірнеше аударма тәсілдерді өндірген:
1. Транслитерация
2. Суреттеме аударма
3. Калькирование
Шетелдік форманы жеткізудің
аудармада екі тәсілі бар: транслитерация және транс
Аудармашы сөйлемдерді есте сақтау үшін, оларды минимумға дейін қысқартады. Мысалы: «lobby» сөзі: «Давление оказываемое на членов английского парламента в кулуарах парламента».
Калькирование – күрделі не жай географиялық атауларды жеткізуге қолданылады. Мысалы: New South Wales – Новый Южный Уэльс. Тұрақты сөз тіркестерінің калькированиесі өте кең таралған. Мысалы: People of good will – люди доброй воли. On the brink of war – на грани войны.
Қазақ тілі мен ағылшын тілдерінде формалары ұқсас, мағыналары бірдей сөздер көп. Бұл сөздер тілдерде бір тілден екінші тілге кірме сөз болып ауысудың немесе әлдебір үшінші тілден ауысудың нәтижесінде пайда болға1н. Мысалы: contrast, control, diagram, dialect – контраст, контроль, диаграмма, диалект. Негізінде интернационализмдердің аудармасы, егер бұл сөздердің мағынасы бірдей болса, аса көп қиындық келтірмейді. Бірақ аудармада интернационалды сөзді қолданған кезде, оның орыс тілінде қаншалықты таралғандығына және аударылып жатқан мәтіннің стиліне сәйкес келуіне назар аударған жөн. Аудармашыға формалары ұқсас, бірақ мағыналары әр түрлі ағылшын және орыс сөздерімен жиі кездесіп қалуға тура келеді. Жалпыға мәлім мысалдар мыналар: “compositor”, бірақ мағынасы «композитор емес, «теруші»; ал “conductor” сөзі тек қана «кондуктор» мағынасында ғана емес, «дирижер» мағыынасында да қолданылады. Псевдоинтернационалды сөздердің мағыналарының айырмашылығының ең маңызды және көп кездесетін жағдайы болып олардың заттық-қисындық мазмұнының үйлеспеуі табылады.
Соған қарамастан осындай айырмашылықтардың 4 түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Қазақ сөзі ағылшын сөзімен барлық мағыналарда емес, тек 1-2 мағынада ғана сәйкес келеді. Мысалы: қазақ тіліне ағылшын тілінен енген “meeting”, яғни «митинг» сөзі ағылшын тілінде анағұрылм кең мағынаға ие. Ол : «жиналыс», «кездесу», «мәжіліс», «жекпе-жек», «грамафондық табақша» сияқты маыналарды бере алады. “Nation” сөзі «ұлт» деген мағынадан басқа, «халық», «ел», «мемлекет» деген мағыналарда жиі қолданылады.
2.Қазақ сөзінде ағылшын сөзінде жоқ мағыналар болады. Бұл әдетте сөз екі тілге де әлдебір үшінші тілден кірме сөз боып ауысқан кезде болады. «Аудитория» сөзінің екі мағынасы бар: а. Оқуға арналған бөлме, в. Сөз тыңдап отырған адамдар
“Auditorium” сөзі тек бөлмені білдіруге ғана қолданылады. Ал «аудитория» сөзінің екінші мағынасына (сөз тыңдап отырған адамдар) ағылшын сөзі “audience” қолданылады.
3. Ағылшын сөзінде де, қазақ сөзінде де сәйкес мағыналарынан басқа, өз мағыналары бар. «Корреспонденция» сөзі ағылшынның «correspondence» сөзімен ортақ «хат» деген мағынаны берсе, өз мағынасы ағылшын сөзінде жоқ — «газеттегі ағымды оқиғалар». Ал «correspondence» ағылшын сөзінің орыс сөзінде жоқ – сәйкестік, ара-қатынас, аналогия деген мағыналары бар.
4. Формалары ұқсас ағылшын және орыс сөздерінің әр түрлі мағыналары бар. Мысалы: дивизион – division – бөлім, декада – decade – онжылдық.
Ағылшын тілінде көп мүшелі атрибутивті топтар өте көп таралған. Бұл – бір ғана анықтауыш сөзі бар бірнеше анықтауыштың параллель байланысу жағдайы емес (мысалы, әдемі шуақты қыстық ауа райы), жеке анықтауыштардың арасында анықталатын зат есіммен байланыстан басқа өзара мағыналық байланыстары болатын көп мүшелі атрибутивті топтар. Мысалы: Douglas Plane Plant Strike Talks Continue. Көп мүшелі атрибутивті топтың аудармадағы мағынасын түсіну үшін келесі ретті ұстану қажет:
- Топтың тірек сөзін, яғни анықталатын зат есімді аудару (мұнда: Talks – келіссөздер)
- Сөз тіркесі мүшелерінің арасындағы мағыналық қатынастарды талдай отырып, оның ішінде қандай мағыналық топтар бар екендігін анықтау. Осындай талдауды сол жақтан оң жаққа қарай, яғни сөз тіркесінің бірінші мүшесінен жүргізген жөн (мұндағы мағыналық топтар: Douglas Plant, Plane Plant, Plant Strike, Strike Talks)
- Жеке мағыналық топтар арасындағы байланысты анықтап алып, барлық сөз тіркестерін тірек сөз – зат есімнен бастап, ары қарай әр мағыналық топты оң жағынан солға қарай аударамыз. Douglas Plant – Дуглас компаниясының заводы, Plane Plant – авиазавод, Plant Strike – заводтағы көтеріліс, Strike Talks – көтеріліске қатысушылармен келіссөз.
Енді көп мүшелі атрибутивті топты тақырыпшаны аударамыз: Дуглас компаниясының авиазаводы администрациясының көтеріліске қатысушылармен келіссөздері жалғасуда. Әрине, осындай ұзын тақырыпшаны былай қысқартуға болады: Дуглас авиазаводындағы көтеріліс жайындағы келіссөз жалғасуда.
Еркін сөз тіркесі аудармасында оның компоненттерінің аудармасы маңызды роль атқарады. Біртұтастық элементтердің аудармасынан құралады, бірақ элементтердің бір-біріне қатынасы ескеріледі. Еркін сөз тіркесінде сөздер маңызды сатыда өздерінің өз мағыналарын сақтап қалады. сондықтан аудармашыға жеке сөз аудармасымен байланысты сұрақтар қатарын шешуіне тура келеді. Атрибутивті сөз тіркестері еркін сөз тіркестерінің көп таралған түрлерінің бірі болып есептеледі. Мысалы: supersonic spending – жоғары дыбысты ракеталар мен ұшақтардың құрастырылуына арналған шығындар. Arab anger – арабтардың (гнев арабов, а не «арабский гнев»), European peace — Европадағы өмір (бірақ «Европаның өмірі» емес) («мир в Европе», а не «Европейский мир»), anti war Gis – соғысқа қарсы шығатын солдаттар, пацифист-солдаттар (солдаты, выступающие против войны, солдаты-пацифисты (а не «антивоенные солдаты»).
Бүтіннің мағынасының бөлшектерінің мағынасынан басым болуы фразеологиялық бірліктерге, яғни байланысқан сөз тіркестеріне тән қасиет болып табылады. Сондықтан, аудармашыға фразеологизмді оның бөлшектерінің мағынасына емес, бүтіннің жалпы мағынасына сүйене отырып аударуына тура келеді. Фразеологиялық бірліктер образды және образды емес болып бөлінеді. Образды фразеологиялық бірліктерге мысал ретінде келесі фразеологизмдер бола алады: to make a sacrifice – құрбандық шалу, to have a good sleep – жақсы ұйықтап тұру, to pay attention – назар аудару. Мұндағы аудармашының басты міндеті – аудармада сөздердің орыс тілінде үйлесу нормасын қатал сақтау, себебі ағылшын үйлесімінің әсер етуі жиі буквализмге әкеліп соғады. Образды емес фразеологиялық бірліктердің аудармасы аудармашының жұмысына аса қиындық келтірмейді. Тұрақты сөз тіркестерін аударған кезде негізгі қиындықтар образды фразеологияны аударғанда туындайды, өйткені олар тілге әсерлілік пен әдемілік енгізеді. Аудармашының міндеті орыс тілінде фразеологизмнің мағынасын ғана беру емес, сонымен қатар оның образдылығы мен экспрессивтілігін де жеткізу. Ағылшын фразеологиясы аудармада кезінде сәйкестіктер табуды қиындататын мағыналық және стилистикалық дифференциялданбағандығымен ерекшеленеді. Фразеологиялық эквивалент дегеніміз фразеологи
Эквиваленттер көмегімен аударылатын фразеологиялық бірліктер тобына интернационалды сөздер, яғни көптеген европалық тілдерде болатын және бір бастаудан шығуымен байланысқан фразеологиялық бірліктер.Негізінде бұл сөздер библиялық-мифологиялық немесе әдебиетке бейім қасиетке ие. Мысалы: sword of Damocles – Дамокл қылышы, to cross the Rubicon – Рубиконнан өту, to shed crocodile tears – қолтырауын көз жасын төгу. Осыған ұқсас бірліктердің аудармасы аса қиындық келтірмейді. Эквиваленттер абсолюттік және қатыстық болып бөлінеді. Тұрақты сөз тіркестерінің абсолюттік эквиваленттері түпнұсқамен барлық жағынан: граматикалық та, лексикалық та, стилистикалық та жағынан сәйкес келеді. Мысалы: to cast a glance – көз қырын салу, the bitter truth – ащы шындық, to play with fire – отпен ойнау. Тұрақты сөз тіркестерінің қатыстық эквиваленттері түпнұсқамен мағынасы мен стилистикалық жағынан сәйкес келгенімен, оның тұпнұсқадан айырмашылықтары да болады. Бұл айырмашылықтар граматикалық (айырмашылығы жақта, сөз тәртібінде) немесе лексикалық болуы мүмкін. Мысалы: gross widow – қамыс жесір, to kill the goose, that lays the golden eggs – алтын жұмыртқа табатын тауықты өлтіру, a bird may be known by its soar – құсты ұшуына қарап біледі, to play info smb’s hands – біреудің қолында ойнау, to fish in troubled wafers – лай суда балық аулау. Ағылшын және орыс тілдеріндегі мағынасы мен образдылық жағынан сәйкес келетін образды фразеологиялық бірліктердің саны анағұрлым аз. Оған қарағанда аудармашыға мағынасы ағылшын фразеологизміне аналогиялы болып келетін, бірақ басқаша негізделген орыс фразеологизмдерін жиі қолдануға тура кеелді. Мысалы: to work one’s fingers to the bone – демалмай жұмыс істеу, to hit the bird in the eye – дөп (тап) басу, on foot’s horse, to catch somebody red-handed – біреуді әшкерелеу. Осындай орыс фразеологизмдері ағылшын фразеологизмдерінің аналогтары болып табылады. Мысалы, to go to a better world ағылшын фразеологизміне қазақ тілінде: о дүниеге кету, бұл дүниемен қоштасу, о дүниеге аттану, ата-бабасына аттану сияқты синонимдер сәйкес келеді. Аудармашы контекстің ерекшеліктерін ескере отырып, аналогтардың біреуін таңдайды. Спецификалық ұлттық фразеологизмдердің аудармасы жөніндегі сұраққа жеке тоқталу қажет. Мұндай образды бірліктерді аударған кезде аудармашы негізгі үш ережені қолдануы қажет:
1. Дәлме-дәл аударманы
егер де оқырманға
2. Ұлттық бояуы жоқ ағылшын фразеологизмдерін қазақ тілінде ұлттық бояулы фразеологиялық бірліктермен жеткізуге тырысу. Мысалы: on fire to fight like Kilkenny cats — өмір үшін емес, өлім үшін күресу, т.б.
Егер де қандай да бір ағылшын тіліндегідей қазақ тілінде эквиваленті болмаса, бұл сөзбе-сөз аудармада түсініксіз жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Аудармашыға одан бас тартуға тура келеді оның жалпы мағынасын жеткізу және суреттеу аудармасын қолдану, мүмкін оның фразеологиялық бірлік мағынасын түсіну еркін сөздердің үйлесуі арқылы. Мысалға алсақ, ағылшын фразеологиясын a skeleton in the cupboard немесе a skeleton in the closet, білдіру мағынасы отбасы құпиясының басқалардан жасырылатын қолайсыз жағдай. Фразеологиялық эквивалент және фразеологиялық аналог орыс тілінде жоқ. Калькирование түсініксіз жайтқа әкеліп соқтырады «скелет шкафта». Яғни осы суреттеу аудармасының әдісімен жалғастыра беруіміз өте-мөте қажет, ол дегеніміз осы фразеологизм мағынасын еркін сөз үйлесімдігі арқылы түсіндіру.
2.4. Сөздік ұйқастық.
Сөз аудармасы ең алдымен қазақ тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне қазақ сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы –лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және қазақ тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері қазақ тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады.
2.5. Фразеологиялардың мағыналық жіктелуі
Етістік мағыналы фразеологизмдер:
Көзінің еті өсті — көкірек керді, меименсіді;
қолды болды — үрланды, жоғалды; басына
іс түсті — істі болды, шаіылды; екі аяғын
бір етікке тықты тықсырды, қуырды; көз
жаздырды — адастырды, айырылып қалды;
пысқырып та қарамады – менсінбеді, көзіне
ілмеді;опық жеді — өкінді, санын соқгы;
аягына отыргызбады — теңдік бермеді,
жуытпады; қолды-аяққа турмады — сабырсызданды,
шыдамы кетті; көз байланды — қас қарайды,
кешкірді; шыр бітті — семірді, қоц бітті;
өкпссі өшті — шаршады, титықтады; Қаламы
үшталды ~ жазуға қалыптасты, төселді;
шаң берді — бой көрсетті, көрінді; насырға
шапты — асқынды, қырсықтіл; монтаң қақты
— телмең қақты, жаутанды; жік-жаппар болды
–жалынды, жалбарынды, өтіпіп сүранды;
оқпаны толмады — азырқанды, місе тұтпады;
аузының суы құрыды — таңданды, таңыркады;
екі көзі төрт болды — зарықты, сарыла
күтті; ат құйрығын кесті — арыздасты,
қастасты; ат ізін салмады - қатыспады,
көріспеді; көзін жоғалтты — кұртты, жойды;
қолқа салды — сұрады, қалады; жіпке тізді
— есепке алды, жинады т. б.
Сындық мағыналы фразеологизмдер: аспанмен
тілдескен ~ биік, үзын; қара қылды қақ
жарған —әділ, турашыл; қағанағы қарқ,
сағанағы сарқ — мәре-сәре, мәз-мейрам;
қаламы жүйрік— жазғыш, қаламы төселген;
ит тұмсығы өтпейтін — қалың, бітік, ау;
көк жан — арык, жүдеу; үріп ауызға салғандай
— сүйкімді, әдемі; қой аузынан шөп алмас
— момын, жуас; тонның ішкі бауындай —
ең жақын, әкей-үкей; он саусағынан өнер
тамған — шебер, ісмер; тілінен бал тамған—шешен,
тілмар; қөзі қырағы— көреген, жіті; көзден
бір-бір ұшады — зәру қат; қара бет — арсыз,
бетсіз; екі жүзді — опасыз, тұрақсыз;
жүрек жұтқан — батыл, өжет, ер; аяқ алып
жүргісіз — көп, қалың; аты шулы — атақты,
әйгілі; аузын буған өгіздей — үндемейтін,
мылқау; қолы ашык, — мырза, жомарт; еті
тірі — пысық, ширақ; іске татыр — жарамды,
іліп алар; кеспеге қарасы жок, — семіз,
майлы; тас бауыр — мейірімсіз, т. б.