Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

Жоспар

Кіріспе 

1бөлім  «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ

1.1 Ағымдағы жағдайды талдау

1.2 Стратегиялық бағыт

1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері 

1.4 Мемлекеттік қызметтің имиджі

2 бөлім Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

2.1 Нормативтік құқықтық актілер

2.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

2.3 Мемлекеттік бюджет  кірістерінің көлемі мен құрылымы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

Кіріспе

Қаржы саясатының мақсаты  – қоғам дамуының аса маңызды  қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық  жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы  саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға  шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың  табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға  халықтың қатысу үлесін анықтауға көп  көңіл бөледі. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін  арттыруға, сондай ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына  шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

Таяудағы мақсат ретінде  – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың  негізінде ұлттық шаруашылықтың  қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын  шешу. Қаржы  саясатын жүзеге асырудың

Негізіне жалпы және жеке өзгеше қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс. Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар: - қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

- қаржы қатынастарының  жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз  ету;

- қаржы жүйесінің барлық  сфералары мен буындарында кірістер  мен шығыстардың теңгерімділігі;

- қаржы резервтерін жасаубюджет  жүйесінде кірістердің шығыстардан  және алалық қаржыларда қаржы  резервтерінің асып түсуі;

- мемлекет пен шаруашылық  жүргізушісі субьектілердің арасында  қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:

- обьективті экономикалық заңдардың іс әрекетін есепке алу; нақты тарихи жағдайларды есепке алу;

- өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік  тәжірибені есепке алу.

Жеке өзгеше қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:

- қоғамда қаржы жүйесінің  ұтымды құрылымын, қаржы қатынастарын  жоспарлы ұйымдастыруды және  қаржы механизмінің дұрыс құрылуын  қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің барлық  салалары мен буындарындағы кірістер  мен шығыстардың тепе теңдегі;

- бюджеттегі кірістердің  шығыстардан асып түсетін қаржы  резервтерін жасау;

- салық жүйесін ұтымды  құру арқылы экономикалық және  әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

- негізгі қаржы ресурстарын   мемлекет қарамағына жұмылдыру,  оларды мемлекет пен шаруашылық  жүргізуші субьектілер арасында  тиімді бөлу;

- қаржы және кредит ақша саясатының тепе теңдігі;

Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті  экономиканы  экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын  одан әрі жетілдіру негізінде  шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік  қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды  қаржыландыру жөнінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.

Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы  саясаты мен қаржы жүйесінің  қызметі нарық жағдайында қажетті  қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде  түсіріп отыруға , әлеуметтік - экономикалық  дамудың мемлекеттік бағдарламаларында  қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал , еңбек және ақша ресурстарын  мақсатты әрі ұтымды пайдаланіға  бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының  әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын  қайта құрудың стратегиясын  қаржымен қаматамасыз ету қажеттігінен туындайды.

Қаржы саясатының мақсаты  – қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады.Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын , сондай ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді.Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға , сондай ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамуддың  басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі. Таяудағы мақсат ретінде – мемлекеттік бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ

 

1.1 Ағымдағы жағдайды талдау

 

Ел Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан дамуға» Жолдауында экономиканы  әрі қарай дамытудың жоспары  үшін қажетті және  еңбекпен қамту  стратегиясы үшін қажетті болатын  бюджеттің барлық шығындары бойынша  қатаң үнемдеу және қатаң қаржы  тәртібі керек екендігі сынды  міндеттер қатары белгіленген. Мұның  өзінде,  Қазақстанның әлемдегі мейлінше серпінді дамушы елдер қатарына өту  басымдықтарының бірінің шеңберінде қаржыны және мемлекеттік активтерді басқарудың ашық және айқын жүйесін  құру қажеттілігі анықталған.

Қойылған талаптарды орындау  мақсатында «Қарағанды қаласының қаржы  бөлімі» ММ жергілікті бюджетті орындау  жөніндегі уәкілетті орган есебінде бюджеттің орындалуы мен коммуналдық  меншікті басқару саласында мемлекеттік  саясатты жүзеге асырады. Бірқатар жылдардағы бюджетті атқарудың оң серпіні байқалады. 2005 (102,5%), 2007 (102,1%), 2008 (101,3%) жылдары қалалық  бюджеттің болжамды түсімдерін асыра  орындау қамтамасыз етілді. 2005 жылы мемлекет активтерін басқарудың ашық та айқын жүйесін құру бойынша  қойылған міндетке байланысты коммуналдық  меншікті түгендеу жүргізілді. Есепке алу жүйесінің толықтығы мен  тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін Мемлекеттік кәсіпорындардың  және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекеттік қатысы бар заңды  тұлғалардың тізілімін жүргізу  жүйесінде коммуналдық заңды  тұлғаларды есепке алу жөніндегі  база қалыптасты. Мемлекеттік активтерді басқару саясатына сәйкес мемлекеттік  қатысы бар ұйымдарды басқарудың жүйесі оңтайландырылды: басқару функцияларын осы ұйымдардың қызмет салаларына сәйкес салалық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.  «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін өзі басқару туралы»  ҚР Заңы негізінде мемлекеттік басқару  деңгейлері арасындағы өкілеттілікті  бөлуге байланысты аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) коммуналдық  меншігін басқару функциясы аудан  әкімдіктері (облыстық маңызы бар қалалар) құзыретіне жатады. Қаланың мемлекеттік коммуналдық активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер өзекті болып қалады:

-коммуналдық меншікті  есепке алу жүйесін әрі қарай  жетілдіру, оны дер кезінде  және сапалы толықтыру;

-шаруашылық жүргізу құқығындағы  мемлекеттік кәсіпорындардың, облыстық  коммуналдық меншікте тұрған, мемлекеттік  қатысы бар ұйымдардың қызметінің  тиімділігін арттыру. 

Қаржы саясатына  қойылатын  маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде , яғни дамудың белгілі  бір кезеңінін негізгі міндеттерін  орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде  кешенді көзқарасты сақтау, сондай ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит,баға, белгілеу жалақы салалары саясатында өзара байланысты қаматамасыз ету болып табылады.

 

1.2 Стратегиялық бағыт

Түсімдер болжамының орындалмау немесе асыра орындалу, уақытылы міндеттемелердің қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша  төлемдердің жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің  көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап  отыру және талдау  сапаны арттырудың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің  негізі болып табылады. Бұл стратегиялық бағыттың мақсаты:

- жергілікті бюджетті  атқару туралы,  республикалық  бюджеттен бөлінген нысаналы  трансферттерді және кредиттерді  іске асыру мониторингін өткізу  жолымен бюджетті атқару бөлігінде  қызмет көрсету сапасын арттыру.

Елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында қолданылған экономикалық саясаты макроэкономикалық зерттеудің негізігі бөлігі болып табылады.Экономикалық саясат ретінде қарастырылатын қаржы  инструменттері: салық салу немесе ақша эммисиясы , басқаша айтқанда ақша шығарып алу тәсілі.Біздің есептеулер бойынша инфляцияның зияны салық  салуға қарағанда анағұрлым жоғары екені анықталады.Қаржы саясатының экономикаға әсері мәселесі бұрыннан пайда болған. Мемлекет экономикалық жағдайды реттеу және бақылау мақсатында мынадай салық түрлеерін қолданылады: тұтынушыдан алынатын табыс және инфляция салығы, қосылған құнға салық , сонымен қатар кез келген пайда  көзіне салынатын салық. Салықтың салынғаннан  кейн мемлекет қоғам тауарларының көлемін  белгілейді. Бұл жерде қаржылық саясаттың  кері әсерінің мәні өндіруші , тұтынушы  және мемлекет пайдасынан қалыптасады. Салық және ақша шығару эффективтілігі бюджет табысы  және қоғам зиян зардаптары   тұрғысынан қарастырғанда пайдаға  салық тиімді. Басқаша айтқанда пайдаға  салынатын салық еш зиян келтірмейді  және ең эффективті қаржы инструменті  болып табылады. Басқа салықтарға келетін болсақ Қазақсатнның мәліметтеріне  сүйене отырып мынадай қорытындыға  келуге болады : Қазіргі Қазақстанның белгілі инфляция мөлшерінде салық  салу ақша эммисиясына қарағанда  әлде қайда тиімді болып табылады.

 

1.3 Стратегиялық бағыттар, мақсаттары мен міндеттері 

 

Қаржы бөлімінің өзекті функциясы  бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджетті тиімді атқаруын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін  үйлестіруден тұрады.

Осы стратегиялық бағыттың мақсаты: түсімдер мен шығыстар бойынша бюджеттік мониторингті жүргізу; бюджетті атқару мониторингі процесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және бюджетке салықтық және өзге де түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органмен тиімді өзара әрекет ету; мемлекеттік сатып алу процесін оңтайландыру және тиімділігін арттыру жолымен бюджетті атқару көрсеткіштерін жақсарту.

Конкурстық ортаның жоқтығынан конкурстық рәсімдерді қайталап өткізу жағдайларында бюджетті атқару процесінде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес міндеттемелер  қабылдау бойынша проблемалар туындайды, ол есептік кезеңдегі бюджетті атқаруда кері әсерін тигізеді.

2007-2008 жылдардың 1 тоқсанында қайталама  конкурстарды жариялау қажеттілігіне  себеп болған (конкурстық ортаның  жоқтығы, біліктілік талаптарына  және конкурстық құжаттама талаптарына  өтінімдердің сәйкес келмеуі  және т. б.) мемлекеттік сатып  алу рәсімдерін ұйымдастырудың  және өткізудің жеткіліксіз деңгейінің  себебінен игеру сомасынан үлес  салмағы 2 пайыздан 85 пайызға дейін. 

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, конкурстық алаңды кеңейту, сыбайластықты төмендету, 2010 жылы бюджеттік  қаражаттарды үнемдеу және оларды пайдалануды  оңтайландыру мақсатында:

- мемлекеттік сатып алу субъектілерінің электрондық сауда-саттық жүйесіне көшуін дайындау;

- электрондық форматта баға ұсыныстарын сұрата отырып сатып алу тәсілімен 100 пайыздан кем болмайтын сатып алуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көрсетілген деңгейге қол  жеткізу үшін: электрондық сандық қол қою құралдарымен ведомствоға бағынысты ұйымдарды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы» Web-порталында тіркеу және орналастыру тәсілімен аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарымен өзара әрекет ету қажет.

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының  мемлекеттік стратегиялық бағыттарына  сәйкестігі

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Іске асырылуына мемлекеттік  органның қызметі бағытталған мемлекеттің  стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік  құқықтық актінің атауы 

Стратегиялық бағыт 1. Бюджетті атқарудың тиімділігін қамтамасыз ету

1.1. Мақсаты

Бюджетті атқару нәтижелілігінің  индикаторына әсер ететін факторларды талдау

   Бюджетке түсетін  түсімдердің мерзімдеріне сәйкес  түсімдердің дер кезділігін қамтамасыз  ету жөніндегі іс-шаралар кешені  арқылы бюджеттік ақшаны басқару.

    Міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақытылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау үшін бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін, сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдау бюджеттік мониторинг болып табылады

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

Стратегиялық бағыт 2. Қызмет көрсетулердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру

2.1. Мақсаты

Бюджетті атқару бөлігінде  қызмет көрсетулердің сапасын арттыру 

Бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша бюджетті атқару жөніндегі  жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын жыл қорытындысы бойынша  жергілікті атқарушы  органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  уәкілетті органдарға жергілікті бюджетті атқару туралы талдамалық есепті жібереді

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі

Стратегиялық бағыт3.  Облыстық коммуналдық меншікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

3.1. Мақсаты Қалалық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру

«Мемлекет активтерін басқарудың ашық та, айқын жүйесін  құру»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы  


 

1.4 Мемлекеттік қызметтің  имиджі

 

«Қарағанды қаласыны қаржы бөлімі»  Мемлекттік мекемесі қалалық бюджеттен  қаржыландыратын атқарушы орган  болып табылады, өз құзырлығында қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функцияларын орындайды, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және қалалық бюджеттік есептілікті  орындауды жүргізеді, аудандық коммуналдық  мүлікті басқарады, коммуналдық  меншікті орындауды қадағалауды  орындайды. Қаржы бөлімі «Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің құқықиеленушілігі  болып табылады.

Қаржы бөлімі өз қызметін Конституцияға, Бюджеттік кодекске, Қазақстан Республикасының  заңдарымен, әкімнің өкімімен және әкімшілік қаулыларымен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен, және де осы Ережемен жүзеге асырады.

Қаржы бөлімі ұйымдастырушылық-құқықтық мемлекеттік мекеме формасында заңды  тұлға болып табылады, мемлекеттік  тілде өз атында мөрі және штампы бар, белгіленген үлгіде бланк, сонымен  қатар заңға сәйкес Қазақстан  Республикасы қаржы министрлігінде қазынашылық органда есеп шоты бар.

Қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынасқа  өз атынан және азаматтық-құқықтық қатынасқа  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес егер уәкілетті  болса мемлекет атынан шыға алады.

Қаржы бөлімі өз құзырлығы сұрағында  қолданыстағы заңнамаға сәйкес актілерді  бұйрық түрінде шығарады, тиісті аумақта  міндетті күшке ие.

Қаржы бөлімінің жұмыс уақыты Қазақстан  Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.Қарағанды қаласы әкімдігінің 14.01.2005 жылғы №2/1 қаулысымен «Қарағанды қаласы Әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды және құқықтық мирасқоры болып табылады.

«Қарағанды қаласының қаржы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан  әрі – Қаржы бөлімі) өз құзырына сәйкес бюджетті атқару, қалалық коммуналдық  меншікті басқару және жекешелендіру, қалалық коммуналдық меншіктің  пайдаланылуына бақылау жасау және мемлекеттік сатып алу саласындағы  функциялар бойынша мемлекеттік  саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету саласындағы міндеттерді  іске асырушы, қалалық бюджеттен  қаржыландырылатын атқарушы органы болып табылады.

2. Қаржы бөлімі өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясына,  Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  заңдарына, Қазақстан Республикасының  Президентінің, Үкіметінің, Әкім  мен әкімдіктің актілеріне, басқа  да нормативтік құқықтық актілерге,  сондай-ақ Қарағанды қаласы әкімдігінің  қаулысымен бекітілген Ережеге  сәйкес жүзеге асырады. 

3. Мекеменің штаттық саны 19 адамды  құрайды, оны бір орынбасары  бар бастық басқарады. Мекеменің құрамында бас маман-заңгер, 5 сектор.

  • Есеп және есептеу секторы
  • Бюджеттің орындалу процессін үйлестіру және талдау секторы
  • Коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алуды үйлестіру және талдау
  • Әлеуметтік сала мен басқару аппараты салаларының шығындарын орындау секторы
  • Экономиканың нақты секторы салаларының шығындарын орындау секторы

Бюджеттің орындау  процесін үйлестіру және талдау секторы:

Құрылымдық бөлімшені  сектор меңгерушісі басқарады.

Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексі күшіне енгенге дейін Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі құрамында бюджеттік бөлім жұмыс істеді. Бөлімнің негізгі міндеттері қалалық бюджетті жоспарлау және қалалық бюджетті орындау болып табылатын. Мемлекеттік басқарма деңгейлері мен бюджеттік қатынастар арасындағы өкілдіктің шектелуіне байланысты 2005 жылығы ақпаннан бастап бөлімнің аты бюджеттің орындалу процессін үйлестіру және талдау бөлімі етіп ауыстырылды. Бөлімнің негізгі міндеттері бюджеттің орындалу бойынша жұмыстар, қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің бюджеттік кіріс бөлігін және бюджеттік қаражаттардың игерілуін орындау мониторингін жүргізу болып табылады.. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің қызметін оңтайландыру шаралары туралы» № 501 Жарлығы негізінде 2008 жылғы наурыздан бастап бюджеттің  орындалу процессін үйлестіру және талдау бөлімінің атауы бюджеттің  орындалу процессін үйлестіру және талдау секторы етіп ауыстырылды. 

Бюджеттің орындалу процессін  үйлестіру және талдау секторы өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  заңдарына, экономика және бюджеттік  жоспарлау Министрлігінің және қаржы  Министрлігінің бұйрықтарына, қалалық  Мәслихатының және қала әкімдігінің  шешімдеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, бөлім Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Бюджеттің орындалу процессін үйлестіру және талдау секторының құрылымы және штаттық саны қаржы бөлімінің бастығымен анықталады.

Экономиканың  нақты секторы салаларының шығындарын орындау секторы:

Құрылымдық бөлімшені  сектор меңгерушісі басқарады.

Қазақстан Республикасының  2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548Бюджет Кодексі күшіне енгенге дейін Қарағанды қаласы әкімінің қаржы бөлімі құрамында материалдық өндіріс салаларын қаржыландыру бөлімі(2001 жылға дейін бөлім халық шаруашылығын қаржыландыру бөлімі деп аталды) жұмыс істеді. 2005 жылғы ақпаннан бастап «Қарағанды қаласының қаржы бөлімі» ММ құрамында бөлім экономиканың нақты секторы салаларының шығындарын орындау секторы деп атауы өзгерді.

2005 жылығы мамырдағы мемлекеттік  басқарма деңгейлері мен бюджеттік  қатынастар арасындағы өкілдіктің  шектелуіне байланысты экономиканың  нақты секторы салаларының шығындарын  орындау бөлімінде қалалық коммуналдық  меншікті, мемлекеттік сатып алуды  басқару және жекешелендіру міндеттері  ескерілу керек еді. Осы міндеттер  маңызды және көлемді болып  табылатынын есепке алынып, бөлім  құрамынан жаңа құрылымдық бөлімше  – коммуналдық меншікті басқару,  мемлекеттік сатып алуды үйлестіру  және талдау бөлімі құрылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің қызметін оңтайландыру шаралары туралы» № 501 Жарлығы негізінде 2008 жылғы наурыздан бастап бөлімнің атауы экономиканың нақты секторы шығындарын орындау секторы етіп ауыстырылды. 

Экономиканың нақты секторы  салаларының шығындарын орындау секторы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының заңдарына, ҚР қаржы Министрлігінің бұйрықтарына, қалалық Мәслихатының және қала әкімдігінің шешімдеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлім Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.  Экономиканың нақты секторы салаларының шығындарын орындау секторының құрылымы және штаттық саны қаржы бөлімінің бастығымен анықталады.

 Әлеуметтік сала мен басқару аппараты салаларының шығындарын орындау секторы:

Құрылымдық бөлімшені  сектор меңгерушісі басқарады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметшілердің қызметін оңтайландыру шаралары туралы» № 501 Жарлығы негізінде 2008 жылғы наурыздан бастап әлеуметтік сала мен басқару аппараты салаларының  шығындарын орындау бөлімінің атауы  әлеуметтік сала мен басқару аппараты салаларының шығындарын орындау  секторы етіп ауыстырылды. 

Әлеуметтік сала мен басқару  аппараты салаларының шығындарын орындау  секторы өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының  заңдарына, экономика және бюджеттік  жоспарлау Министрлігінің және қаржы  Министрлігінің бұйрықтарына, қалалық  Мәслихатының және қала әкімдігінің  шешімдеріне және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ бөлім Ережесіне  сәйкес жүзеге асырады. 

Әлеуметтік сала мен басқару  аппараты салаларының шығындарын орындау  секторының құрылымы және штаттық саны қаржы бөлімінің бастығымен анықталады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі кәсіби мемлекетті құру болып белгіленген. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған кәсіби жоғары мемлекеттік қызметті және басқарудың тиімді құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көбінесе мемлекеттік қызметшінің кәсіптілігіне негізделеді. Президент Н.Назарбаев елді тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызметшісінің  жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру процесі атқарушы биліктің бедел саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс Кодексінде анықталған, онда былай деп белгіленген: «Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».  Мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдармен халыққа көрсетілген қызметтің сапасына байланысты.Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру шеңберінде:

- сыбайлас жемқорлыққа  қарсы заңнаманы одан ары жетілдіру  мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы  бағыттылықта мемлекеттiк қызметшiлердің  мiнез-құлқының этикалық нормаларын  нығайту;

- халықтың мемлекеттiк  билiк органдарына деген сенiмiн  арттыру;

- мемлекеттiк қызметшiлердi патриотизмге және сыбайлас жемқорлыққа  төзбеушiлiкке, Мемлекеттiк қызметшiлердiң  ар-намыс кодексiн қатаң әрi мүлтiксiз  сақтауға тәрбиелеу;

- көпшiлiк санасында кәсiбилiк,  адалдық, ашықтық, сыпайылық және  құзыреттiлiк ұғымдарына негiзделетiн  мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн  қалыптастыру жоспарланған. Мемлекеттiк қызметшiнiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсендi түсiндiру-насихаттау жұмысы жүргiзiледі. «Электрондық үкiмет» порталын мемлекеттiк органдардың қызметi және үздiк мемлекеттiк қызметшiлер туралы материалдарды жариялау бөлiгiнде жүйелi түрде жаңарту қамтамасыз етiлген. Мемлекеттiк қызметтiң ашықтығы, қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiлiп, патриотизмге тәрбиелеу жөнiндегi жұмыс жүргiзiліп, мемлекеттiк қызметтiң қоғамдағы тартымдылығы арттылады, мемлекеттiк қызметшiлердi, әсiресе жастарды қоғамға және мемлекетке қызмет етуге, мемлекеттiк қызметтi жоғары кәсiбилiк, патриоттық, адал атқарудың үздiк үлгiлерiнде тәрбиелеу жөнiнде шаралар қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім Функционалдық мүмкіндіктер мен мүмкін болатын тәуекелдер

 

2.1 Нормативтік құқықтық актілер

 

Стратегиялық бағыттарды іске асыруға  ықпал ететін қаржы бөлімінің  функционалдық мүмкіндіктері:

1.Бюджетті атқаруды ұйымдастыру  және бюджеттік мониторинг рәсімдері  және мемлекеттік сатып алу  мониторингі арқылы бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің қызметін  үйлестіру;

2. Қалалық коммуналдық  меншіктегі коммуналдық активтерді  басқару тиімділігін арттыру  бойынша заңды тұлғаларға иелік  ету және пайдалану бойынша  құқықтар берілген мемлекеттік  басқару органдарымен және мемлекеттік  органдармен өзара әрекет ету;

3. Бюджеттік қаражаттарды  тиімді пайдалану және басқарушылық  шешімдерді жедел қабылдау үшін  алдыңғы ақпараттық технологияларды,  соның ішінде: электрондық құжат айналымын; қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін; мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік қатысы бар заңды тұлғалардың тізілімін; мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың және облыстық коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік қатысы бар ұйымдардың мүлкінің тізілімін;  «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған акқпараттық жүйесін енгізу.

4. Қаржы бөлімінің Web-сайтында  бюджетті атқару бойынша ақпаратты  жедел орналастыру, жұмыс қорытындыларын  БАҚ-та жариялау, сұратуларға жауаптар  беру жолымен қызмет пайдаланушылармен  өзара әрекет ету.

5. Қаржы бөлімінің ішкі  қызметін ұйымдастыруды жақсарту:  басқарманың ұйымдастыру құрылымын өзгерту; қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру. Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін.Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субьектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жайсады және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды  және оған жетудің жолдарын анықтайды.

Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың  іс әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы  саясатының өзіне тән белгілері  болады, ол экономиканың жай күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің  толғағы жеткен қажеттіліктерін  және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді. Мемлекеттің  қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай  күрделі , өйткені ол шаралардың ауқымды  кешенін , оны жүзге асыру стадияларын  қамтиды,олар: