Халық аралық аспектілер теориясы
Жоспары:
Кіріспе.......................
- Халықаралық
сауданың теориялық аспектілері...................
..........................5 - Халықаралық
сауда теориялары....................
.............................. ...................5 - Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары...................8
- Халықаралық
сауда субъектілері..................
.............................. ..................11
- ҚР-дағы
сыртқы сауда саясатының рөлі..........................
............................. 19 - Сауда
саясатының құралдарының экономикаға
әсері.........................
.......19 - ҚР-ның
сыртқы сауда айналымы......................
.............................. ..............21 - ҚР-ның
сыртқы сауда саясатының жүзеге асырылуы......................
..........25
- Дүниежүзілік
сауда ұйымына ену үшін Қазақстандағы
қолданылып жатқан шаралар.......................
.............................. .............................. ............33
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Қай
елдің болмасын экономикасының дамуын
айқындайтын негізгі
Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстанның өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі жоғарылаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік мәселесін өзектендіре түседі.
Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Менің ойымыша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілерімен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесінің арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарылатуға үлкен ықпал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының қызметкерлері жақсы біледі.
Біріншіден,
халықаралық сауда қатынастарында әрбір
ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан,
әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті
мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі.
Екіншіден, ғаламдану үрдісінің белен
алуы, сыртқы экономикалық катынастардың
ырықтандырылу бағытының басым болуы,
шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы
ел алдында туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден
қорғану шараларын халықаралық келісімдерге
сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.
1. Халықаралық сауданың теориялық аспектілері
1.1
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантилизм доктринасы болып табылады. Ерте меркантилизм XV ғ. соңында пайда болып, ақшалай байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын. Ақша-қаражатты елден шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды. Саудадан түскен ақшаға шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы нарықта көбірек тауар сатып, азырақ сатып алуға тиіс болды. Сол кезде байлықпен бірдей деп саналған алтынның қорының жиналуы жүреді деп есептелген.
Кеш меркантилизм XVI ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. ортасына дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды. Байлық сыртқы нарықтарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есептеліп, ол екі әдіс арқылы қамтамасыз етіледі:
1. Өз елінен өнімді шығару арқылы. Соның ішінде шикізатты сатудан гөрі, сатқанда көбірек пайда түсетін дайын өнімдерді шығаруға рұқсат беріліп, сән-салтанат заттарын әкелуге тыйым салынды.
2. Делдалдық сауда, осы мақсаттарға шетелге ақша шығаруға рұқсат берілді. Бұл жерде тек бір принцип алға тартылды: бір елде арзанырақ алып, басқа елде қымбатырақ сату.
Меркантилистер алғашқы болып, қазіргі әлемдік экономикадағы төлем балансына сипаттама берді. Меркантилистердің шектеулілігі олардың бір ұлт өздері сауда жасасатын екінші бір ұлттың кедейленуінен ғана байымайтындығын, сонымен қатар халықаралық экономика дамығандықтан елдің дамуы қолда бар байлықты өзара бөлісу арқылы ғана емес, оны өсіру арқылы да мүмкін болатынын түсіне алмауында. Бірақ кейінірек пайда болған физиократтар ілімі сыртқы саудаға ешқандай көңіл бөлмегендіктен, меркантилистердің көзқарастары ғылыми ойды халықаралық экономикадағы классикалық мектеп ойларына итермеледі.
Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді сынауға арналған атақты «Халықаралық байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеу» (1776) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы нарықта сату ғана емес, сатып алу да тиімді болатындығын болжап, қай тауарларды экспорттау және импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болады. Бірақ әрбір модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды енгізу қажет:
1 - әлемде тек екі мемлекет бар;
2 – бұл елдерде тек екі тауар өндіреді;
3 – елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады;
4 – халықаралық сауда үйлестірген;
5 - өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды;
6 – тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді;
7 - өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты;
8 - өндіріс факторлары салалар арасындағы еш шектеусіз ауыса алады;
9 – екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.
Д.Рикардо ХЭҚ ерекшеліктерін атай отырып, халықаралық өзара тиімді сауда үшін А.Смит принциптерін ұстап кедергі келтірмейтінін көрсететін модель жасады. Д.Рикардо салыстырмалы артықшылықтар заңын ашты; ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылықтарға ие тауарларға немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес тауарлар экспортына мамандануы қажет.
XIX ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс факторлары теорияларымен ығыстырыла бастағаннан бері, классикалық мектептің негізін қалаушылардың ізбасарлары – экономист-неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады. Бірақ, халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек ХХ ғ. 20-жылдардың ортасында экономист-неоклассиктер – швед экономисі Эли Хешкер мен оның шәкірті Бертил Олин енгізді. Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Өндіріс факторларының арақатынасы өндіріс факторларына, нарық, өндіріс және тауарлар сипатына қатысты көптеген жорамалдарға негізделген. Оның басым бөлігі абсолютті және салыстырмалы теориялардағы жорамалдарға ұқсас.
1991 жылы американ экономисі М.Портер «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуде халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты қарастырылды. Осы тәсілдің бір алғышарты: «халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын рөлін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет». Сыртқы нарықтағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Портер
бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі
сала, яғни тауар өндіретін және қызмет
көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін
бір топ бәсекелестер болып табылады.
Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың
ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады.
Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік
стратегияны таңдауына екі жағдай әсер
етеді.
1.2
Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері
және формалары
Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен байланысты. Тіпті экономикасы шалқып дамыған елдердің өзі де солай. Мысалы, АҚШ-тың экономикасы басқа елдерден мына өнімдерді импорттаумен байланысты: банан, какао, кофе, шәй, никель, қалайы, табиғи каучук, алмаз және т.б. өнімдер. Сонымен қатар АҚШ сыртқа мынаны шығарады: химия өнімдері, әр түрлі жабдықтар, автомобиль, ұзақ мерзімді тауарлары (тоңазытқыш, шаңсорғыш), астық және т.б.
Бір сөзбен айтсақ, халықаралық сауда – екі жақты қозғалысы бар көше сияқты құбылыс.
Сыртқы сауда – тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса активті сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті балансын құрайды.
Сауда балансы пассивті болған жағдайда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқы тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру үшін қорғау іс әрекетіне көшіп, тасылатын тауарларға жоғарғы қорғау салығын қолданады немесе арзан ақша саясатын іске қосады. Әдетте, АҚШ-ты өзінің сауда әріптесі Жапонияға осылай жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио және видеотехникаға толтырып тастады.
Шартты түрде: 1 доллар – 1 теңгеге тең делік. АҚШ Жапонияға тоңазытқыш тасыса, Жапония АҚШ-қа транзистор тасиды. Тоңазытқыштың шартталуына 100 долл. тең, ал транзистордың шартты құны 100 иен болмақ. Шетел тауарларының легін тоқтату үшін АҚШ «арзан» ақша саясатын ендіруге келісіп, өзінің ұлттық валютасын, иеннің долларға қатынасы екі есе болған. Бұл жағдайда 1 долл. Жапонияда 0,5 иен ғана береді. Онда АҚШ-та иенге 2 долл. төлеуге тура келеді. Мынаны түсіну қиын емес: Америка тоңазытқышы Жапонияда 50 иен болып, оны Жапонияда шын пейілмен сатып алады. Ал, Жапония транзисторының бағасы екі есе өсіп, американдықтар үшін 200 долл. сатылады. Бұл американдықтардың қымбат жапон транзисторын сатып алу пейілін барынша тарылтады.
Сауда кедергілерінің ауқымы көп және бұған мыналар кіреді: сырттан әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы, сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекеттің экономикалық саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққа шетел тауарларының еніп кетпеуіне бағытталған.
Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
- тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда);
- жұмыс күші;
- қарыз капиталы.
Халықаралық нарықта тауарлар интернационалдық құнның негізімен байланысып, ал орташа қоғамдық қажетті интернационалды жұмыс уақыты шығынымен анықталады. Елдің өз ішінде өндірушілер көп шығындар жұмсай отырып, пайданы орташа мөлшерден аз табады. Ал өте аз шығындар жұмысындағы – қосымша пайда табады. Халықаралық нарықта да өндірушілер жағдайды осылай кімнің шығындары орташа интернационалдық деңгейден төмен болса соғұрлым өз тауарын экспорттаудан өте жоғары табыс табады.
Дүниежүзілік қауымдастық талабына сай қалыптасқан, сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) бар. Бұл келісім 1948 жылы қаңтардың 1-де күшіне еніп, алғашында дамыған елдердің өзара өнеркәсіп тауарларын саудалауда кедендік кедергілерді жоюын мақсат етіп және сауда саттық шектеулерді алып тастады. Кейініріек келісім басқа да дамымаған елдерге таратылды. Ол елдер шикізат өнімдерін өндіріп ұсынудың басты тұлғасы болып отыр. Басты өнім – мұнай және халықаралық нарыққа азық-түлік шығару болып тұр.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдердің позициясын нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі, қазіргі өндірісте шикізат рөлі кемуінің жалпы тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқартты. ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе, технологиялық процесс пен лицензия мен патенттер жатады.
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) 1948 жылы 1-ші қаңтардан халықаралық сауданың бейтарап дамуына ықпал жасады. Алайда монополиялану деңгейі әлі жоғары емес, себебі дүниежүзілік экспорт пен импорттың жүзден бір бөлігін трансұлттық корпорация (ТҰК) жүзеге асырып оның едәуір бөлігін монополиялап алған. Американың «Бизнес интернэшнл» зерттеу фирмасының «Корпорация жоғарғы және 1985 жылы дүниежүзілік нарық» деген баяндамасында: «Корпорацияның жұмыс жасауындағы негізгі принцип мынау: дүниежүзін өз нарығы ретінде қарап, олар өндірісті ұйымдастыруды және орналастыруды, сондай-ақ өнімді өткізуді жүзеге асырды. Корпорацияның ұлттық саяси шекараға мән бермейтіні сондай, уақыт пен орын қаншалықты қажет етсе соншалықты жұмыс атқара береді». Трансұлттық корпорация (ТҰК) дамушы елдердің барлық экспортының 50%-тен 70%-ке дейінгісін бақылап отырады. Қазіргі кезде ТҰК арқылы:
50-ден 60%-ке дейін – қант, фосфорит;
70-тен 75%-ке дейін – күріш, каучук, қалайы;
80-шы 85%-ке дейін – шай, боксит, мыс;
85-тен 90%-ке дейін – кофе, мақта, темекі, темір рудасы, мұнай;
90%-ке дейін – аудио-видеотехника және жеке компьютерлер өтіп отырады.
Осының барлығы жоғары монопольды түрде үстемдік жасауға ықпал етіп, шығарған өнімді монополиялық бағамен өткізеді. Дамушы елдердің талабы бойынша 1974 жылы БҰҰ-ның арнайы сессиясы ТҰК-ның іс-әрекетін қарасытартын универсалды кодекс жасауға шешім қабылдап, ол корпорация қызметін реттеп отыруға бағытталмақ.
1.3 Халықаралық
сауда субъектілері
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық
ұйымдар сауда тосқауылдарын
жою бойынша маңызды
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы ұлттық кедендік автономдылықты сақтау арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең экономикалық және саяси интеграцияға ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып табылады, онда әр елдің бір дауысы болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды, ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық блоктардың одан әрі оқшауланғанын білдіреді.
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады.
АСЕАН бұл - оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері - Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар - Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.
Солтүстік-америкалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үш жақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстік-америкалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР
сексенінші жылдардағы Аргентина мен
Бразилияның тығыз
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен одақтасып әлемдік сауданың социалистік бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап етті.
77
дамушы елдерден құралатын топ
ақыры 1964 жылдың 30 желтоқсанындағы
сауда және даму бойынша
А тобы: афро-азиаттық дамушы елдер;
Б тобы: батыстағы индустриалды елдер;
В тобы: латынамерикалық дамушы елдер;
Г тобы: социалистік елдер.
Қытай
Халық Республикасы ерекше
Генералды Ассамблея мен Кеңес ЮНКТАД мүшелері болып табылады. Генералды Ассамблея 4 жыл бойы жұмыс істейді. Оның резолюцияларының міндетті күші жоқ, бірақ олардың белгілі бір моральді күші бар. Даму және әлемдік сауда бойынша Кеңес тұрақты мүшесі болып табылады, ол жылына екі рет мәжіліс құрайды және Генералды Ассамблеяның шешімдерін орындайды.Қазіргі кезде Кеңеске жеті ерекше комитет бағынады, олар шикізат, қаржы және технология трансферті мәселелерімен айналысады. Генералды секретариаттың орналасқан жері-Женева.
ЮНКТАДТЫҢ
міндеттері келесілерге бағытталған:
халықаралық саудаға
ЮНКТАД-тың Генералды Ассамблеясының мәжілістері: I-1964 жылы (Женева); II- 1968 жылы (Жаңа Дели); III- 1972 жылы (Сантьяго, Чили); IV-1976 жылы (Найроби, Кения); V-1979 жылы (Манила); VI-1983 жылы (Белград); VII-1987 жылы (Женева); VIII-1992 жылы (Картагена, Индия); XI-1996 жылы (Оңтүстік Африка) болды.
1968
жылдан бастап Халықаралық
-сауда
құрылымын ынталандыруды
-дәстүрлі
және дәстүрлі емес экспорттық
тауарлар үшін нарықтық
-импорт
саласында тиімді басқару
-мемлекеттік
қызметкерлерді, іскер орта өкілдерін
және экспорттық-импорттық
Халықаралық сауда орталығы өз қызметін бірқатар халықаралық, әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесіне кіретін ұйымдармен үйлестіреді.
Халықаралық сауда палатасы үкіметтік емес ұйым ретінде 1919 жылы негізін қалады. Бұл халықаралық масштабта қызмет ететін, дамыған және дамушы елдердің компаниялары мен басқа да құрылымдарын біріктіретін жеке кәсіпкерлік ұйым. Оның қызметі келесілерге бағытталған:
а)
сауданы, инвестициялар мен
б)сауданың
дамуы мен еркіндігінің
в)
жеке кәсіпкерлік жүйесін
г) кәсіпкерлердің өздері арқылы кәсіпкерлікті реттеуді ынталандыру.
ХСП-да дамыған және дамушы елдердің іскер орталарының көзқарастарын білу мақсатында БҰҰ-ның консультативті статусы бар. Оның көптеген үкіметаралық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары бар.
ХСП-ның жоғарғы басқарушы мүшесі Кеңес болып табылады, ол әдетте жылына екі рет жиналады. Кеңес мүшелері ұлттық комитеттермен және топтармен тағайындалады. Әр ұлттық комитет ХСП бюджетіне қосқан жалпы жарналарының көлеміне байланысты Кеңеске бірден үш мүшеге дейін тағайындай алады. Кейбір ұлттық комитеттер Кеңес мүшелерінің орынбасарларын тағайындайды. Президент, вице-президент, экс-президент, қаржы комитетінің төрағасы мен Халықаралық арбитражды соттың төрағасы лауазымы бойынша Кеңестің мүшелері болып табылады. Генералды хатшы Кеңестің хатшысы болып табылады.