Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі



 

 

Жоспар

Кіріспе

I.              Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі

2.1              Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.

1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

2.2              МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

2.1              Қорлардың қоймадағы есебі

2.2              Қорлардың синтетикалық  есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу

III.              Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

3.1              Халықаралық қаржылық есептілік стандарты бойынша босалқылардың есебі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

Қорлар – бұл:

1.                  Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

2.                  Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар,қорлады есептен шығару қызметтерін орындау;

3.                  Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады.

  1310. Шикізат пен материалдар

   1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау бұйымдары, конструкциялық және тетіктер

   1312. Отын

   1313.Ыдыс және ыдыс материалдары

   1314. Қосалқы бөлшектер

   1315. Өзге материалдар

   1316. Ұқсатуға берілген материалдар

   1317. Құрылыс материалдары   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Материалдардың жіктелуі мен жауапты тұлғаның есебі

1.1       Материалдық қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы.

Тауарларды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен кәсіпорында қажетті тауар қорлары болуы қажет.

13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның қаулысымен бекітілген 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 23.05.2007 жылы №185 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарында қорлар – бұл:

4.                  Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

5.                  Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар,қорлады есептен шығару қызметтерін орындау;

6.                  Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Соған сәйкес қорлардың келесідей топтарды бөліп көрсететін, олардың экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды жағдайларының бірі болып болып табылады:

I.             Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)

      Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

      Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

      Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.

      Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

      Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.

      Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

      Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, №7 БЕС қарастырылған 2 әдістің бірін қолданамыз:

-                                                       арнайы (идентификациялау) әдісі

-                                                       орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо)

Жоғарыда келтірген кестеден көріп отырғандай, қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында , қаржылық жағдайына да мәнді әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің біріншісінен басымдылығымен қатар мына жағдайларды да сақтау керек:

-                     шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;

-                     бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;

-                     дер кезінде тауарлы – материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

Материалдың босалқы қорлардың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Қорлар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді :

  1310. Шикізат пен материалдар

   1311. Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен жинақтау бұйымдары, конструкциялық және тетіктер

   1312. Отын

   1313.Ыдыс және ыдыс материалдары

   1314. Қосалқы бөлшектер

   1315. Өзге материалдар

  1316. Ұқсатуға берілген материалдар

  1317. Құрылыс материалдары   

1310 «Шикізат және материалдар» шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдың есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады.

Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден түскен қорлар операциялары, ал кредит бойынша қорлардың әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған) көрсетіледі.

 

 

 

 

1.2 Материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.

 

Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады.

Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды есепке алуды материалды жауапты немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының  деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды.

Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті.

Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауардың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады.

Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды  бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді.

e="text-align:justify">Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық – шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып келесі унифицияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін . Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі. Тауарлық есеп беру болады.

Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі  - қоймада қалады.

Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады.

МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құрылатыны көрсетіледі.

Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл басынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді.

Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден  алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп  есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән шығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.

Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөмірі және құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады және оларды тауарлық есепте соңғы құжат түскенде береді.

Осылайша ,шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады. Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚОЙМАДАҒЫ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

 

2.1    Қорлардың қоймадағы есебі

 

Қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан қорды алған кезде алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде мынадай типтік құжаттар пайдалынады.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын  -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады. Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.

Бір қоймаға жататын қорлар алынған жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

Жабдықтаушылардан  сатып алушының қоймасына автотранспортпен  қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

Қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас болып келеді.

Қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

-                     шот фактура (№3 қосыша), онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан  немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Актге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.

Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі. Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.

Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар жеткізілген және ол қандай түрде – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.

Сандық және сапалық тауарды жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.

Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген

Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген сапаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді.

Түскен тауарларды қоймада қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады. Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:

Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.

Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат санын азайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.

Қорларды жабдықтаушы жөнелткенде оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік жіне көліктік.

Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

Есеп айырысу құжаттары – бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.

Көліктік  - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:

-                     теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.

-                     Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;

-                     Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;

-                     Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойына  жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар  санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.

ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.   

Кәсіпорын қоймасынан материалдар өнімді әзірлеуге  және басқа да шаруашылық қажеттілігі үшін цехтарға, сондай – ақ сыртқа өңдеуге немесе артығын сатуға босатқан кезде пайдалынады. Қорларды цехтан цехқа берілсе, онда оны өндірістің ішіндегі қозғалысы деп санайды, ал егер де орталық қоймадан цех қоймасына берілсе, онда ол өндіріс шығыны ретінде танылады.

Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсімделеді:

      Лимиттік – жинақтама картасы;

      материалдарды айырбастауға арналған талап –актісі;

      материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.

Жабдықтаушылар тауарларды босатқан кезде әрбір жіберілген бөлігіне 3 данада накладной жазады. Онда сенімхаттың нөмірі, күні көрсетіледі. 1- ші данасы тауарларды алушыда, ал екіншісі жіберушінің өзінде қалады, үшіншісі бухгалтерияға беріледі.Тауарларды босатып біткен соң ең соңғы партиясы құжаттарымен бірге сеніхатын да бухгалтерияға тапсырады.

Лимиттік  - жинақтама картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдалынатын құндылықтарды бостау, сондай – ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін сақтауға, ағымдағы және қоймадағы материалдық қорларды бақылауға және олрады есептен шығаруға негіз бола алатын құжат. Лимиттік жинақмата карталары жабдықтау бөлімі немесе жоспарлау бөлімі материалдардың бір түріне 2 дана етіп дайындалады. Бір данасы ай басталғанша цехқа қорды пайдаланушыға, 2-ші қоймаға немесе цехтың қоймасына беріледі. Өндіріске қорлар қоймалардың, цех өкілдерінің лимиттік – жинақтама картасы ұсынған кезде ғана босатылады. Қоймашы екі данаға да босатылған қордың күні мен мөлшерін жазған соң, лимитте қалған қалдығы шығарылды.

Қоймашының лимиттік – жинақтама картасын цех өкілі, ол цехтың лимиттік – жинақтама картасына қоймашы қол қояды. Цех өнім қорларды алу кезінде тікелей материалдар есебінің картотекасына қол қояды, ал қоймашы лимиттік – жинақтама картаға қол қояды.

Материалдарды айырбастауға арналған талап – актісі. Бұл құжат қорлардың белгіленген  лимиттен артық босатылуын немесе олардың ауыстырылуын есепке алу үшін қолданылады, сондай –ақ қоймадан қорларды шығаруға негіз болып табылады. Ол екі дана етіп дайындалады: біріншісі алушыға, ал екінщісі – қоймаға. Қоймашы актінің екі данасына да босатылған қорлардың күні мен мөлшерін белгілеп, содан соң қалдығын шығарады. Алушының актісіне қойма меңгерушісі, ал қойма актісіне – алушының өкілі қол қояды.