Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

«Қаржы-экономикалық»  факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСӨЖ №1

Халықаралық экономиканың қалыптасуы  және құрылымы 

Орындағандар:  Бөкейханқызы А.

                                                                                                      Адильбекова А.

                                                                          Топ:                      ЕҚ 221

                                                                          Тексерген:          Казиева Л. Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қаласы 2013 жыл

Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы

 

Халықаралық экономикалық қатынастар – халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі.

Әлемдік  экономика  немесе  дүниежүзілік  шаруашылық  дегеніміз – ұлттық  шаруашылықтың  жиынтығы.  Ол  үздіксіз  қозғалыста  және  өсу      үстінде  болады.  Өзара  күрделі  байланыстардың  нәтежесінде  бір біріне  қарама – қайшы, бірақ та  біртұтас  әлемдік экономикалық  жүйе  қалыптастырады. 

«Халықаралық  экономика» термині ХХ ғасырдың 90 жылынан  бастап кең түрде қолданыла бастады. Алғашқыда халықаралық экономиканы  зертеуге деген қызығушылық 1960ж. халықаралық бизнесті жүргізу қажеттілігінен туындады және ол ерекше пән ретінде АҚШ-тың бизнес мектептерінде алғаш рет оқытыла бастады. Оның қалыптасуы мен дамуына XVIII-XIX ғасырларда экономика ғылымының классиктері А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Милль, А. Маршал үлес қосқан еді.

Дүниежүзілік  шаруашылықты  оқыту   мен  зерттеудің  үлкен                теориялық әдістемелік  және  тәжірибелер   меңызы  бар.  Әрі  қазіргі              кезеңнің  проблемаларын  ғана  түсініп  қоймай,  оның  әр  аймағында болып жатқан  экономикалық  даму  деңгейінің  ерекшеліктерін  біле  отырып,         жалпы дүниежүзілік  шаруашылықтың даму  барысын ойластыруды терең түсіну  ықпал етеді.

ХХ  ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономика Халықаралық

сипатқа  ие болды, яғни халықаралық  экономиканың негізгі белгілері 

қалыптасты:

  1. Халықаралық сауда негізінде халықаралық тауар айырбасының жоғарғы дәрежеде дамуы;
  2. Халықаралық өндіріс қозғалысы сферасындағы, әсіресе капиталдың шығыс-кіріс формасы, жұмысшы күші және технологияның жоғарғы дәрежеде дамуы;
  3. Кәсіпорындардың халықаралық өндірістік формалары бірнеше мемлекеттерде орналасуы, бірнеше кезекте, трансұлттық корпорация шеңберінде дамуы;
  4. Халықаралық тауар, өндірістік фактор қозғалыстарына тәуелсіз өзін-өзі өтейтін қаржылық сфераның пайда болуы;
  5. Экономиканың тұрақты даму және балансты қамтамасыз ету мақсатында ұлтаралық, ұлтаралық үстінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес механизм жүйелерін халықаралық реттеуге қол жеткізді;
  6. Ашық экономика қағидалары негізінде мемлекеттердің экономикалық саясаты жүзеге асты.

Халықаралық экономикалық немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз  – ұлттық шартының жиынтығы болып  табылады. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болды және дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден  тұрады:

1. Ұлттық шаруашылық жиынтығы.

2. Халықаралық  байланыстары.

Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының 2 бастамасы  бар:

1. Мемлекетаралық  экономикаға байланысты объекті  қажет.

2..Даму барысында  екі жақтың да өзара қызығушылығы.

Дүниежүзілік  шаруашылықты  өзара байланысты  екі жүйеден ұлттық  шаруашылықтың жиынтығы  және  халықаралық экономикалық  байланыстардан  тұрады. 

Дүниежүзілік  шаруашылық  дегенде,  тек  бір  ғана  қарапайым 

байланысты  ғана  емес,  сонымен  бірге,  шаруашылық  жиынтығынан  тұратын:  халықаралық  еңбек  бөлінісі  мен  еңбекті  кооперациялау  нәтижесінде  туындайды  мемлекетаралық  экономикалық  қатынастарды  да  сөз  етеміз.

Қазіргі  жағдайда  кез  келген  мемлекеттің  экономикасының  дамуы 

дүниежүзілік  шаруашылық  байланыс  арқылы  ғана  толық   деңгейде  жан –жақты  дами  алады.

 


 

 

 

 


 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 


 

 

 

 

Халықаралық сауда – ХЭҚ-ның ең алғашқы және басты түрі болып табылады. Сауда «халықаралық» болып бастамасын ішкі рулық еңбек бөлінісіне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгінгі күнде сауда айналым «көлемі жағынан ХЭҚ-дың басты түрі болмауы да мүмкін, бірақ та осы қатынастардың негізі болатындығы сөзсіз. Тіпті бүгін халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып жаңа түрлерін тудыруда.

Халықаралық  сауданың даму кезеңдері – келесі сатыдан тұрады:

1 кезең – XVIII-XIX ғ. Мұнда халықаралық сауда айтарлықтай аумаққа жетіп, тұрақты халықаралық тауар-ақша қатынасы сипатына ие болған. Бұл процесс кейбір өнеркәсіптегі дамыған елдерде (Англия, Голландия), ірі машина өндіріснің пайда болуымен сипатталады. Ал экономикасы нашар дамыған (Азия, Африка,Лат. Америка) елдерінде ірі көлемде тұрақты түрде шикізаттарды импорттауға осы елдерге өндірістік тауарды экспорттауға бағытталған

2 кезең- XIX ғ. І жартысы. Мұнда халықаралық сауда бірнеше дағдарыстарды басынан өткізді. Оның біріншісі – 1914-1918 жж арасында дүниежүзілік соғыспен байланысты. Соғыстан кейінгі мерзімде халықарлық сауда орталық  жүйесінің құлдырауына ұшырады.

3 кезең – XX ғ ІІ жартысы. Халықаралық айырбас жарылыс сипатына ие болып, халықаралық сауда жағдайындағы қарқынмен дами бастады:

  • 1950-1994ж арасында әлемдік сауда айналымы 14 есеге өсті.
  • 1950-1970ж арасында халықаралық сауданың алтын ғасыры деп атауға болады. 1950 жылдары әлемдік экспорттың орташа жылдық өсу қарқыны 6%;
  • 1960ж – 8,2% құрады.
  • 1970-1991 ж, ал 80ж аяғында әлемдік экспорт қайта жандана бастады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Халықаралық сауданың тиімділігін  бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

  1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.
  2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм  - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

  • Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
  • Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
  • Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

  • белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
  • меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
  • бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел  туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Әрібір сауда  қатынастары нәтижесінде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкін емес. Сондықтан келесі ХЭҚ-дың маңызды түрі халықаралық валюта болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түріне ие болғандықтан, бұл түрін валюта - қаржы қатынастары деп атау қабылданған. Бүгінде ол ХЭҚ-дың ең дамыған және тармақталған түрі шығар.

Ақша әр түрлі  функция атқаратыны белгілі, оның ішінде ең бастылары:

  • Айналым құралы;
  • Құн өлшемі;
  • Қор жинау болып табылады.

Ақшаның бұл  функциялары тарихи даму барысында  бөлініп, жеке дара жаңа түрлерін тудыруда.

Халықаралық валюта қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) — 187 мемлекеттен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді несиелер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады.

Дүниежүзілік  банк және Халықаралық валюта қоры Нью-Хэмпшир штатында Бреттон-Вудста өткен әлемдік көшбасшылардың бас  қосуында 1944 жылы құрылды. «Бреттонвудтық мекемелердің» (көбіне осылай аталады) екеуі де халықаралық экономиканы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы бойынша мықты негізге қою үшін қаланған. ХВҚ мүше-мемлекеттері Банктің мүшелері бола алады.

    ХВҚ-ның ресми мақсаттары

  • Валюталық-қаржылық саладағы халықаралық ынтымақтастыққа ат салысу;
  • Өндірістік ресурстарды дамыту, мүше-мемлекеттердің жұмыспен қамтылуы және шынайы кірістерінің жоғары деңгейіне жету ниетінде халықаралық сауданың кеңеюіне және теңдестірілген өсуге ат салысу;
  • Валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, мүше-мемлекеттер арасында валюта саласының реттелген қарым-қатынасын қолдау және бәсекелестік артықшылықтарға ие болу мақсатында валютаның құнсыздануына жол бермеу;
  • Мүше-мемлекеттер арасында көпжақты есептер жүйесін құруға, сонымен қатар валюталық шектеулерді жоюға көмек көрсету;
  • Мүше-мемлекеттерге олардың төлемдік баланстарындағы қателіктерді түзетуге мүмкіндік беретіндей шетелдік валютада қаражат бөлу.

      ХВҚ-ның негізгі функциялары

  • қаржы саясатында халықаралық ынтымақтастыққа ат салысу
  • дүниежүзілік сауданы кеңейту
  • несиелеу
  • қаржылық айырбастау курстарын тұрақтандыру
  • дебитор мемлекеттерге кеңес беру
  • халықаралық қаржылық статистика стандарттарын жасау
  • халықаралық қаржылық статистиканы жинау және жариялау

 

Еңбек миграциясы – бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындағы байланысты қозғалысы.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.

Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Халықаралық еңбек бөлінісі – ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді. Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әртүрлі еңбек процестерінің бөлшектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.

Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.

Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:

1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);

2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);

3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).


 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Миграцияны  ішкі және сыртқы миграцияға бөледі. БҰҰ-ның топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:

  1. Қайтпайтын – тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция.
  2. Маусымдық – қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе мигранттар болып табылады.
  3. Маятникті – минранттарды «фронтальерлер» деп атайды. Жұмысшы – фронтальер – мигранттар күн сайын көрші мемлекетке жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.
  4. Амалсыз миграция – экономикалық немесе себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдеріне дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.

Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық  миграция ресми

және заңсыз болып бөлінеді.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан  дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық валюта несие қатынастары бөлу, айырбастау, тұтыну салаларына жатады. Өндіріс  салаларынан еркін және төлем  балансында көрініс тапқан, халықаралық  экономикалық қатынастардың барлық формаларының  аяқталғандығын білдіреді. Сонымен бір мезгілде олар салыстырмалы түрде дербес болып саналады, ұлттық экономика мен халықаралық экономикалық  қатынастардың бүкіл жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Әлемдік валюта жүйесі, ұлттық экономиканың өзара  тәуелділігінің күшеюімен әлемдік шаруашылық байланыстарымен келісілген, ақша- экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Халықаралық еңбек бөлінісі, тауарлы өндіріс пен әртүрлі елдер арасындағы  сыртқа сауда оның базасы болып саналады.

Әлемдік валюта жүйесінің құрамды элементтері:

  • Халықаралық төлем құралдарының белгілі бір жиыны (ұлттық, шетелдік және ұжымдық халықаралық валюта);
  • Валюта бағамы және валюта өлшемі (паритеті) мен еркін айналым жасаушылығын қоса алғандағы, валюта айырбастау тәртібі;
  • Халықаралық айналымды валюта-төлем құралдарымен қамтамасыз етудің тетігі (механизмі);
  • Халықаралық есеп айырысу формалары мен валюта және алтынның халықаралық нарығының  тәртібін ретке және жүйеге келтіру;
  • Валюта қатынастарының тәртібін реттеуші, мемлекетаралық институттардың мәртебесі;
  • Әлем шаруашылығының сыртқы экономикалық қызметімен байланысты халықаралық есеп айырысу мен несие операцияларын жүзеге асырушы халықаралық және ұлттық банк мекемелерінің жүйесі.

Әлемдік валюта жүйесіндегі барлық төлем мен  есеп айырысу операциялары, аталмыш ұлттық валюта ақша бірлігінің бағасы басқа ел валюталарының ақша бірлігінде көрінетін валюта бағамдарының  негізінде жасалады.

Алғашқы беттегі  валюта бағамы (курсы) алтын мен және оның құнымен, ұлттық валютаның алтын  құрамымен, валюталарды пайдалану арасындағы қарама-қайшылық тереңдей түседі. 60-шы жылдардың ортасында доллар стандарты, капиталистік әлемдегі Батыс Еуропа мен Жапонияның пайдасына өзгеруші күштер арақатынасының сәйкес келушілігін доғарды, әлем экономикасындағы тұрақсыздық империалистік шилініс  факторына айналды.

Бреттон-Вуд  жүйесіндегі құрылымдық дағдарыс 1971-1973 жылдары оның барлық қағидаларының  үзілуіне алып келді: доллардың алтынға  бөлшектенуі тоқтатылды, алтынның ресми  бағасы алынып тасталды, белгіленген  бағамдар  тәртібі еркін айналыстағы бағамдармен ауыстырылды.

Жаңа әлемдік  валюта жүйесі, алтынның демонитизациялануына  белгілеген және валюталардың алтын өлшемдерін жойған, алтындоллар стандартының күйреуі 1976 жылғы Ямай  келісімімен заңдастырылды. “Қарыз алудың арнайы құқығы” валюта жүйесі негізінде жарияланды. Әрбір ел, валюта бағамының тәртібін өздерінің қараулары бойынша таңдау құқығын алды. Валюта бағамдарының әртүрлі тәртіптеріндегі валюталар жүйесі қалыптасты. 1979 жылдан бастап әлемдік валюта жүйесі шеңберіндегі аймақтық деңгейде, өзінің есеп айырысу бірлігі – ЕВРО енгізілді. Толыққанды ұжымдық халықаралық валюта болып саналатын ЕВРО Еуропалық валюта жүйесі (ЕВЖ) қызметін жүргізеді. Доллардың өктемдігінен “Ортақ нарықты” қорғау, Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВЖ) негізгі мақсаты болып саналады.

Қазіргі кезеңдегі  әлем шаруашылығы байланыстарының  қалыптасуы мен  әлемдік валюта жүйесінің құрылуы аяқталып біткен жоқ және тұрақты жетілдірілу үстінде.

Халыкаралық несие – несие капиталының халықаралық экономикалық қатынастар аясында қозғалу нысаны, мемлекеттер, халықаралық банктер, қаржы ұйымдары, жеке банктер мен фирмалар, басқа да заңды және жеке тұлғалар халықаралық ынтымақтастық барысында мерзімділік, қайтарылым және пайыз төлеу шартымен беретін несие. Несие санаты түрлерінің бірі болып таілатын Халыкаралық несие нарықтың басқа да экономикалық санаттарымен (пайда, баға, ақша, валюта, валюталық бағам,төлем теңгерімі) нe экономикалық заңдарымен байланысқан. Халыкаралық несие көздері кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай капиталы, мемлекеттің және жеке сектордың ақшалай қорланымы, сондай-ақ банкілер бірқатар елдерден тартатын капиталдар.

Халықаралық капитал нарығы елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады. Халықаралық капиталдар нарығы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.

Капиталдың  миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

  1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;
  2. ақша және тауар капитал миграциясы;
  3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;
  4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент  көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау.


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Интеграция  – латын тілінен толық деген мағынан білдіреді. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық-шарауашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Экономикалық  интеграция (экономикалық бірігу):

  • түрлі елдердің ұлттық шаруашылықтары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық (немесе ішінара) бірегейлендірілуі;
  • осы елдер арасындағы саудада кедергілерді жою;
  • бір үлкен (ортақ) нарық құру мақсатымен жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарын жақындату, экономикалық объектілердің жуықтасуы, өзара астасуы (бірлесуге Дейін).

Экономикалық  бірігу үдерісі түрлі деңгейлерде  жүргізіледі. Деңгейлес (компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады) және сатылaс экономикалық бірігу (компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды; ол өнімді өндіру мен еткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін) түрлеріне бөлінеді. Экономикалық бірігу халықаралық сипатта болады және ұлттық шаруашылықтарды бірыңғай халық шаруашылығына бірігуге дейін жақындастыруды көздейді. Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар Мең банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді. Экономикалық бірігу өзінің жогары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты эрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады. Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар — экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады. Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан арасындағы Кеден одағы туралы келісім жасасылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест

 

1. Халықаралық  экономикалық қатынастардың түрлері:

А) Халықаралық  сауда

В) Халықаралық  несие

С) Халықаралық  валюта

D ) Жұмыс күші миграциясы

Е) барлығы дұрыс

        2.  ХЭҚ-ның ең алғашқы және басты түрі болып табылады

А) Халықаралық  несие

В) Халықаралық  сауда

С) Жұмыс күші миграциясы

D) Халықаралық интеграция 

Е) Халықаралық 

        3.  Тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады:   

А) Еркін сауда

В) Сыртқы сауда

С) Халықаралық  капитал

D) Еңбек миграциясы

Е) Дұрыс жауабы жоқ

        4. Протекционизм – ол:

      А) жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты

     В) басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады

      С) ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау.

      D) белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру

      Е) бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындағы байланысты қозғалысы

           5. Амалсыз миграция ол:

А) жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты

В) қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе мигранттар болып табылады

С) экономикалық немесе себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдеріне дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының  қайта бөлінуіне әкеледі.

D) барлығы дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

            6. Шетелдік огблигация, акция мен  басқа да құнды қағаздарға  бағыттылған:

А) Портфельдік  инвестиция

В) Тікелей инвестиция

С) Несие

D) Сыртқы сауда

С) Халықаралық  сауда

            7. Ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылу:

А) Халықаралық  интеграция

В) Халықаралық  несие

С) Автаркия

D) Еңбек миграциясы

Е) Балрығы дұрыс

           8. Бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі:

А) Халықаралық  капитал

В) Халықаралық  несие

С) Жұмыс күші миграциясы

D) Сыртқы сауда

Е) Барлығы дұрыс

            9. Қазақстан ХЕҚ-дың субьектісі  бола алама?

А) Ешқашан бола алмайды

В) Ия, арқашан  болған

С) КСРО құрамында  болған

D) Егемендікке қол жеткізгенен кейін

Е) әлі ХЭҚ-дың  субьестісі болған, жоқ

        10. Қазақстанның негізгі сыртқы  сауда партнері болып табылады:

А) Қырғыстан

В) Ресей

С) АҚШ

D) Ұлыбритания

Е) Франция