Халықаралық гуманитарлық құқықтың
конференциясы ұйымында төрағалық етеді. ҚР Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті және Түрік мәдениеті мен өнерін бірігіп дамыту бойынша халықаралық ұйымдардың атқарушы құрылымын басқарды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң ғылымдарында «халықаралық қылмыстылықтың» пайда болуы тақырыбына басқа жалпы қылмыстылықпен салыстырғанда көп зерттелмеген. Бірақ «халықаралық қылмыстылық» термині соңғы кезде қылмыспен күресте кеңінен қолданылып келеді. Ресей заңгерлері И.И.Карпец, П.И. Гришаев зерттеулері халықаралық қылмыстылық тақырыбына арналған. Басқа да отандық және Ресей авторлары халықаралық қылмыстылық тақырыбын зертеген, атап айтатын болсақ: В.И.Степаненко, Ю.А. Решетов, В.Н. Кудрявцев, В.В. Лунеев, А.В. Наумов, М.Д. Шаргородский, И.П. Блищенко, Р.А. Каламкарян, В.П. Панов, И.И.Лукашук.
Көптеген авторлар
халықаралық қылмыстылық
Б.Х.Олжабаев, Б.Т.Қабдуллин «Қылмыснама»: Заң мамандықтарында оқитын студенттерге арналған кестелер альбомында: «Қылмыстылықтың алдын алуда халықаралық ынтымақтастық – бұл қылмыстылықтың алдын алудың, онымен күрестің және құқық бұзушыларды түзетудің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттердің және халықаралық қатынастың басқа да қатысушылары күшін біріктіру болып табылады» [8, 144 б]- деп жазады.
А.Б.Шевареганың «
А.Ю.Олиппиев өзінің «Международное сотрудничество в противодействии торговле с людьми» (Москва, 2011) атты еңбегінде: «Құқық қорғау органдарындағы халықаралық ынтымақтастықтың оларды тергеу кезінде өз ерекшеліктері мен қиындықтары бар, тіпті кейде дұрыс емес бағыт таңдап алынуы мүмкін. Сондықтан, барлық қиындықтарға, протоколдарға қарамай, мемлекеттік ынтымақтастық адам сату қылмысымен күресте және халықаралық ұйымдасқан қылмыстармен күресте табыстарға жету үшін үлкен мағынаға ие» [11, 277 б]- деп атап өтті.
Зерттеу объектісі. Халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмі мәселелері.
Зерттеу пәні. ҚР Қылмыстық құқық, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықаралық қылмыстылықпен күресудің теориялық жағынан зерттей келе, халықаралық қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттер ынтымастығының институттық механизмін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- халықаралық
қылмыстылықпен күресудің
- халықаралық
қылмыстылықтың пайда болу
- қылмыспен
күрестің халықаралық-құқықтық
- қылмыспен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін;
- қылмыстылықпен күрес саласындағы халықаралық ұйымдардың іс – әрекетін;
- қылмыспен күрес саласындағы аймақтық ұйымдардың қызметтерін;
- адам саудасы
және халықаралық терроризм
Зерттеудің жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
- Халықаралық қылмыстық құқықтағы қылмыстылық және оның туындау белгілері
Таптық қоғамда пайда болған қылмыстылық тиісті бір қоғамдық қауымдастықта өзіне тән нысандарға ие болды. Қылмыстылық қоғам үшін объективті түрде ғана қауіпті емес, гуманистік қағидаларға кереғар әлеуметтік үрдіс болып табылады.
Қылмыстылық тарихына келетін болсақ, "қылмыс" деген ұғымға әрқилы анықтама беріліп келеді. Бірінші 1919 жылы, одан кейін 1926 және 1932 жылдар аралығындағы Қылмыстық кодекстерде анықтамалар берілді. 1926 жылдан 1935 жылға дейін және одан кейін қабылданған Одақтас республикалардың Қылмыстық кодекстері мен басқа Заң негіздерінде қылмыс деген ұғымға нақты түсінік беруге ұмтылыс жасалынды.
1959 жылы қабылданған
Қазақ КСР-інің Қылмыстық
Қылмыстық кодекстің 7-бабының 2-бөлімінде: "Қылмыстық заңда көрсетілген, формалды нормалардың сыртқы түрі жағынан қылмыстың құрамдық белгілеріне дәл келетін, бірақ маңызы шамалы, қоғамға қауіп келтірмейтін әрекет немесе әрекетсіздік болғандықтан қылмыс болып саналмайды" делінген. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Қылмыстық кодексінің 8-бабында: "Қылмыс дегеніміз - кінәлінің қоғамға қауіпті іс-әрекет /әрекетсіздігі/, қылмыстық заңдарда тыйым салынған объектілерге қол сұғуы" делінген. Қылмыс ұғымына жоғарыда көрсетілген нормалардан кінәлінің іс-әрекетінің /әрекетсіздігінің/ қоғамға қауіптілігі де кіреді. Басқа нормативтік актілер мен құжаттарда адамның табиғи құқықтары мен бостандығына, жеке меншігіне, Конституция қағидаларына сәйкес әлеуметтік, экономикалық құқықтарға қол сұғудан қорғалатындығы көрсетілген. 2-бапта қылмыстық заңдардың қағидалары; 4-бапта қылмыстық жауапкершілік айтылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қоғамға қауіпті әрекет ретінде (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылмайтындығы көрсетілген.
Қылмыстың негізгі
белгісі кінәлінің іс-
Қылмыстың қандай топтың объектісіне жататыны, қандай дәрежеде жасалғаны, саяси мәні мен адамгершілік жағы, күшпен немесе зорлықпен жасалғандығы, материалдық, формалдық жағы сияқты жағдайлар қылмыстық іс-әрекетке "қоғамға қауіпті" белгісін көрсетеді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына қарсы қылмыстар, бостандығына, адамгершілігіне қарсы қылмыстың айырмашылығы, тікелей объектінің маңызы мен мәніне, қандай дәрежеде жасалғанына байланысты. Құжаттарды қолдан жасау, қауіптілігі жеңіл немесе ауыр, зорлықпен және күшпен жасалған іс-әрекетте қаншалықты дәрежеде зорлауы, күш жұмсауы, қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекетте, ой-пікірлерінің түрлерінде, алдынала дайындалғандығында немесе кенеттен жасауы және басқа жағдайлар.
Таяудағы уақытқа дейін халықаралық құқықта арнаулы әдебиеттерде қылмыстылық тиісті бір мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалған қылмыстардың жиынтығынан қалыптасатын жаппай бұкаралық, тарихи, өзгермелі, әлеуметтік қылмыстық-кұқықтық сипатқа ие таптық қоғамдағы құбылыс деп түсіндіріліп келді.
Тіпті, «қылмыстылық» өзінің құрамына әр алуан күтпеген, кездейсоқ, төтенше құбылыстар жиынтығын топтастыратын болғандықтан, оның жалпы ұғымына күдіктер білдірілгені де ақиқат.
Қылмыстылық жекелеген қылмыстардың жиынтығын кұрамайды дейтін болсақ, оның «дербестігі» өзіне тән белгілі бір жағдай мен мән-жайларға байланысты болар еді.
Бәрінен бұрын айтқанда, қылмыстылық-жалпы-әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктеріне бағынышты заңды құбылыс, сонымен қатар, жекелеген қылмыстар белгілі бір жағдайға байланысты туындап және кездейсоқтық сипатқа ие болады.
Қылмыстылықтың дербестігі, оны құрайтын жекелеген қылмыстарға байланыстылығы оның мазмұнынан, сондай-ақ, оның қоғамға қауіптілігінен байқалады. Н. Ф. Кузнецованың «қоғамға қауіптілік» белгісінің «қылмыстылық» ұғымының анықтамасына енгізілмеген дегеніне келісуге болмайды[21, 123 б.]. Қоғамға қауіптілік осы кұбылыстың әлеуметтік мәнін көрсететін қылмыстылықтың ең негізгі белгілерінің бірі. Мұнымен бірге, ол жекелеген қылмыстың қоғамдық кауіптілік «қосындысына» қосылмайды, дербес мазмұн мен мағынаға ие болады. Айта кету керек, әлеуметтік жағдай ғана қылмыстылыққа әсер етпейді, сол сияқты, қылмыстылықта әлеуметтік жағдайға кері әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, кылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігі мынада - бұл құбылыс (жекелеген қылмыс емес) қоғамның әлеуметтік дамуын тежейді және оның алдында тұрған міндеттерін шешуге қиындық тудырады.
Кейбір ғалымдар қылмыс пен қылмыстылыққа сапасы жағынан әр қилы құбылыс деп қарау жөнінде пікір айтады. Мұндай тұжырыммен келісуге болмайды, өйткені мұндай ойлар қылмыс пен қылмыстылықтың арасындағы байланыстарды үзіп, оны жоққа шығарады және осы ұғымдарды абстрактілі теорияға айналдыруға итермелейді.
Қылмыстылықтың мәнін жекелеген қылмыстардың жиынтыгы арқылы ғана танып-білуге де болмайды. Экономика, идеология, мәдениет, әлеуметтік психология және сол сияқты салалардың қайшылықтарынан туындайтын әлеуметтік шындықтың басқа да құбылыстарын ескеру қажет. Тоқ етерін айтқанда, қылмыссыз қылмыстылық болады деп ой тұжырымдауға мүлдем болмайды (А. Б. Сахаров, Д. Блувштейн, А. М. Яковлев).
Қылмыстылық - бұл өзінің бойына белгілі бір қоғамда белгілі бір кезеңде жасалған, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштермен (жай-күйі, деңгейі, қозғалысы, құрылымы, сипаты және басқалары) сипатталатын барлық қылмыстардың жиынтығын шоғырландырған әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
Қылмыстылықтың келесідей тектік белгілерін бөліп көрсетуге болады: тарихи өтпелі және құбылмалы сипаты, антогонистік таптардың болуы, әлеуметтік-құқықтық табиғаты.
Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заң да осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалай да қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.
Қылмыстылық— нақты-тарихи құбылыс. Ол адамзат қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болган, оның тууы жеке меншіктің, қоғамды тапқа бөлудің тууымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен және қоғамдық қатынастардың жетілдірілуімен байланысты.
Қылмыстылық анықтамасында көрсетілген жалғыз-ақ тектік белгі — ол мемлекетте (аймақта) жасалған барлық қылмыстардың жиынтығы. Қылмыстылықтың мәнді белгісі — оның қылмыстық-құқықтық сипаты. Осы белгі ғана қылмыстылықты құқық бұзушылықтар мен келеңсіз құбылыстардың жиынтығы екендігін көрсете алады.
Халықаралық құқық доктринасында өз заманында қалыптасқан мемле-кетаралық қатынастармен және әрбір ғалымның өз көзқарасы ерекшеліктерімен айқындалған ХҚҚ-тың әр түрі түсініктері берілген.
Алғашқылардың бірі болып ХҚҚ түсінігін Ф.Мартенс берді. Оның тұжырымы бойынша «ХҚҚ - дүниежүзілік қарым-қатынаста мемлекеттердің жазалау билігін жүзеге асыруда бір-біріне халықаралық сот көмегін көрсету шараларын реттейтін құқықтық нормалары жиынтығы». Яғни, ХҚҚ тек қана іс жүргізу нормаларынан тұрады.
Бастапқы кезеңде, И. Карпец Преступления международного характера» еңбегінде: «ХҚҚ — қылмыстық заңның кеңістіктегі әрекетін реттейтін шектеулі құқық нормалары жиынтығы деп қана танылды»[26, 56 б.] - деп жазған. Біртіндеп ХҚҚ түсінігі толықтырылып, оған құқықтық көмек және қылмыскерлерді беру мәселелерін реттейтін нормалар қосылды. ХҚҚ тұжырымдамасының қалыптасуына әлем қауымдастығымен қабылданған агрессия, геноцид (жаппай қыру), экоцид, халықаралық терроризм, т.б. әрекеттердің қылмыстығы мен жазаланушылығын орнатқан халықаралық шарттар үлкен әсеретті. Л.Галенская атап көрсеткендей, кейін заң әдебиеттерінде бір мезгілде ХҚҚ-тың 5-6тұжырымдамасы орын алды:
а) ХҚҚ - жалпы халықаралық құқықтың бір саласы;
ә) ХҚҚ - халықаралық жариялы құқықтың саласы;
б) ХҚҚ - халықаралық жеке құқықтың бір бөлігі;
в) ХҚҚ - қылмыстық құқықтың бір бөлігі;
г) ХҚҚ - материалдық және іс-жүргізу нормаларын қосатын өзіндік, комплексті құқық саласы.
Қорыта айтқанда,
халықаралық заң әдебиеттерін талдау
нәтижесінде біз адамзат
Ендеше, ХҚҚ
– мемлекеттердің және басқа халықаралық
құқық субъектілерінің
- Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Халықаралық-құқықтық әдебиеттерде
халықаралық сипаттағы
- халықаралық қылмыстық iстер;
- конвенциялық қылмыстар, қылмыстық iстер,
- халықаралық қылмыстар, трансұлттық қылмыстар.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей,
барлық халықаралық құқықбұзушылықтар
халықаралық қылмыстар мен
Екінші дүниедүзілік соғыс біткеннен кейін, атап айтқанда, 1945 ж. 8 тамызда КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкіметтері Халықаралық Әскери Трибунал құрды. Трибуналдың құрылғандағы мақсаты басты әскери қылмыскерлерді әділ және тез арада жазалау болатын. Халықаралық
Әскери Трибунал Жарғысының екінші бабына сәйкес, оның құрамы төрт мемлекеттің әрқайсысынан бір-бір мүше мен орынбасарларды тағайындау арқылы айқындалды. Халықаралық құқықта бірінші рет ХӘТ жарғысы жеке жауапкершілікке тартылатын қылмыстар жүйесін айқындап берді:
- бейбітшілікке қарсы қылмыстар; атап айтқанда: жоспарлау, дайындау, халықаралық келісімдерді, шарттарды немесе пәтуаларды бұза отырып басқыншылық соғыс жүргізу немесе соғыс өртін тұтандыру не болмаса жоғарыда аталған кез келген әрекетті жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе астыртын сөз байласуға қатысу;
- әскери қылмыстар, атап айтқанда, соғыс заңдарын немесе салт-дәстүрлерін бұзу. Оларға мыналар жатады: басып алынған аумақтың бейбіт тұрғындарын өлтіру, азаптау, құлдыққа немесе басқа мақсаттарға алып кету; теңіздегі әскери тұтқындарды немесе тұлғаларды өлтірунемесе азаптау; аманаттағы тұтқындарды өлтіру; қоғамдық немесе жекеменшік тонау; қалалар мен ауылдарды мән мағынасыз қирату; әскери қажеттілігі дәлелденбеген басқа да қылмыстар;
- адамзатқа қарсы қылмыстар: соғыс кезінде немесе соғыстың алдында бейбіт тұрғындарға қатысты жасалған кісі өлтіру, азаптау, езіп жаншу, жер аудару және өзге де қатігездіктер немесе саяси, нәсілдік немесе діни желеулерге байланысты қудалау, осы қылмыстар жасалған елдің ішкі құқықтарын бұзуға жататына жатпайтына қарамастан, Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез келген қылмыстарды жүзеге асыру.
Мұндай қылмыстар бейбiтшiлiктi қамтамасыз ету, жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастық мүдделерiнiң iргелi негiздерiн бұзады. Мұндай сипаттағы қылмыстардың субъектiлерi мемлекеттер мен олардың басшылары, жоғары лауазымды тұлғалар мен қылмыстық әрекеттердi орындаушылар болып табылады.
Әлемдiк тәжiрибеде жиi
кездесетiн халықаралық
Халықаралық терроризм (лаңкестік). «Терроризм» және «террор» термині 1789 – 1794 жылдардағы Француз буржуазиялық революциясы кезінен бастап кеңінен қолданыла бастады. Сәл кейінірек, 1798 жылы Француз академиясының сөздігінде ол «үрей жүйесі» ретінде айқындалды. Ұлыбританияда біршама өзгеше: «қорқынышты басқару» деген маңызға ие.
Қазақстан саясаттану ғылымында терроризмді зерттеудегі үлгі болатын тіректі еңбектің бірі - Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты кітабы. Елбасы осы зерттеуінде Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен маңызын айқындай отыра казіргі заман қауіптерін сарапқа салады. Еңбекте қазіргі планетарлық қауіпке айналып отырған терроризмнің шығу себептері, табиғаты мен салдарлары сарапталады .
Президент еңбегінде
берілген: «терроризм белгілі бір
мақсат -міндеттерді орындау жолында
зорлық көрсету идеологиясына
Терроризмнің себептері, қаржылану көздері, элементтері мен әдіс-тәсілдері жаңарды. Билікке таластан туатын, идеологиялық-танымдық, саяси терроризм орнына діни-экстремистік, ұлтшылдық, қылмыстық терроризм түрлерінің күшейгені анықталды.
Исламдық террористік топтар дінді уағыздамайды. Олар үшін дін тек ұран үшін кажет. Көптеген сарапшылар Усама бен Ладеннің «Аль-Кайда» халықаралық террористік ұйымының нақты шындық екендігіне күдікпен қарайды. Мысалы, Түркияның барлау ұйымының бұрынғы басшысы Махир Кайнак «террористік әрекеттерді халықаралық террористік ұйымдар емес, жекелеген мемлекеттер тапсырмасымен олардың арнаулы ұйымдары айналысады»[29].-деген пікір айтады. Сондықтан, «ислам терроризмін» қоздыру белгілі бір күштерге әлем халықтарын ислам дініне қарсы қою үшін қажет болып отыр. Халықаралық жүйені қамтитын арнаулы кызметтер «Аль-Кайда» атымен терактілер ұйымдастырып исламмен күресуде, ал ислам дүниесін жақсы білетін әлемдік лидерлердің бірі Беназир Бухутто ислам экстремизмінің себептерін Таяу Шығыстағы саяси ахуалмен байланыстырады.
Кейбір зерттеушілер қазіргі терроризмді антропологиялықэтнографиялық деңгейде, мәдени-тарихи және діни контексте қарастыруды және бағалауды ұсынады. Террористік әрекеттерді үлкен топтардың мақсаттарына, кедейлік пен биліктің күресіне, Шығыс пен Батыстың глобализмнің қайшылықтарына, немесе өркениеттердің қайшылықтарына жекелеп тәуелді етуге болмайды. Тіптен кедейшілік пен қайшылылықтың жекелеген елдерде белең алуы терроризмге себеп бола алмайды. Ол үшін өшпенділік сезімін қоздыратын идеология қажет. «Сен кедейсің, сенің елің қаналуда, оған кінәлі байлыққа кенелген, басқаларды қанаудан миллиардтаған доллар тауып отырған Батыс пен АҚШ мемлекеттері деп уағыздау нақты терроризмді тудырады» дейді сарапшылар.
Терроризм тек саяси күрес формасы ғана емес, қазіргі бизнестің көзі ретінде де қарастырылады, дамыған мемлекеттер өздерінің кейбір қаржылық топтарының пайда табу мақсатында ислам террористерін дайындау бизнесін жолға қойғандығы туралы деректер бар. Мысалы, «Ислам халықаралық майданы» ұйымы өз жұмысын көп уақыт бойы Ұлыбританияның жерінде табыспен жүргізіп келген. Сондықтан террористік әрекеттерге ислам экстремистерімен бірге Батыс мемлекеттерінің құпия қызмет жасайтын арнаулы мекемелері де жауапты, алайда мұндай исламдық діни экстремизм құбылысына, тек исламдық діни экстремизмді ғана жауапты етуге болмайды, - деген пікірді бұл зерттеу дәлелдеуге ұмтылады.
АҚШ - тың Ұлттық
қауіпсіздігі агенствосының директоры
Майкл Хайденнің айтуынша АҚШ-тың
арнаулы қызметтерінің 11 қыркүйектегі
терактіні болдырмауға
Осындай өздерінің
саяси мақсатына жетудің ең жаңа
түрлері мен қаруланып
а) халықаралык терроризм
б) ішкі саяси терроризм
в) қылмыстық терроризм
Ал оның табиғаты мен мазмұнына қарай бес типке бөлуді дұрыс санаймыз:
1) ұлтшылдық (националистік) терроризм.
2) діни терроризм.
3) мемлекет қолдауымен болатын терроризм.
4) солшыл экстремистер терроризмі.
5) анархистік терроризм.
Адамзат тарихында терроризм жүздеген, мыңдаған жылдар бойы орын алып келеді. XX ғасырда террордың неше алуан түрлері орын алды. Өздерінің саяси мақсатына жетудің ең жаңа түрлері мен қаруланып жасақталған қазіргі терроризмді негізгі үш топқа бөлуге болады:
Біріншісі — халықаралық терроризм. Оның мемлекеттік, немесе географиялық шекарасы жоқ. Бұндай топтар әлемнің кез-келген нүктесінде қызмет ете алады. Өздерінің өкілдерін, жақтастарын қажет деп тапқан мем-лекетке орналастырып терроршылдар кадрларын мүқият тексеруден өткізеді, психологиялық дайындықтар өткізуде террористік актілерді ұйымдастырудың бай әдіс - тәсілдерін меңгертеді. Оларға тіптен ұшақтарды бақылау жолдарын да оқуға мүмкіндік жасайды. Халықаралық терроризм өзінің курс әдістерінің құпиялығы мен жоспарлауының тиімділігімен терактілерінің алдына қойылған мақсаттарға жетуімен ерекшеленеді. Халықаралық терроризм әлемдік әділетсіздік тәртіптерге қарсы, АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттерінің экономикалық, финанстық диктатына қарсы ұрандарды ұстанады. Батыстық жаңа неоколонистік және неоимпералистік саясатымен күресудеміз деп есептейді. Халықаралық терроризм өздерінің жасаған іс-әрекеттерін әлемдік әділетсіздік тәртібіне жауап деп есептейді. Британияның қорғаныс зерттеулерінің карольдік институтының төрағасы Майкл Александр айтқандай: "Бұл соғыс дүниелері мен дүниесі жоқтардың соғысы болмақ" саяси және экономикалық жағынан үтьшған топтар мен ұрпақтардың өзінің байлығын, дәстүрін және жағдайын қорғаған топтар соғысы. Үшінші дәреже "елдеріндегі қиыншылық пен тартыстардан туған терроризм тек таяу шығысты ғана емес, бүкіл әлемде кедейленген топтардың өзінің әділетсіз жағдайына қарсы белсенді көтерілістерге шығуынан туады".
Антиамерикандық терроризм әлемдік терроризмнің жаңа толқынының келуіне себеп болды. Террористік әрекеттер тіптен қауіпті бола түсуде. Дәстүрлі ұшақтарды, магазиндерді, театрларды басып алу әрекеттерінің орнына катастрофалар терроризмі келе жатыр. Оның әдеттегі электр жүйелерін, жылу жүйелерін күйрету, ірі жер мекендердегі ауыз су коздерін улау, компьютерлік жүйелерді талқандау, ядролық. психотрондық қарулар арналарын басып алып мемлекет пен халықты қорқыту арқылы шантаж жасау әдістері, тәсілдері молая түсті.
Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.
Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91 , 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.
Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.
Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.
Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.
Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.
Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал.
Сонымен бірге
терроризмге қарсы күрес
Оның үстіне
бүгінде терроризмге қарсы
Біріншісі, көп тарапты негізде қабылданған, қауіпті режимдерді, тіпті қарулы күрес жүргізіп жатқан және террористік акциялардан шімірікпейтін ұйымдарды да халықаралық құрылымдарға тартуға бағытталған жұмсақ, саяси жағы басым шешімдер және олар әлемдік аренадағы ұстанымда деструктивтік элементтерді бейтараптандырушы жаңа мотивациялар жүйесін қалыптастыруға күш-жігер жұмсау қажеттігінен туындайды.