Халықаралық инвестициялық клиамат

                                      МАЗМҰНЫ                                  

 

 

 

Кіріспе

3

2

Инвестицияның теория негізі және оның саясаты туралы түсінік

5

1.1

Инвестиция түсінігі және оның түрлері

5

1.2

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат

8

1.3

ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

10

3

Халықаралық инвестициялық климатқа талдау жасау

14

2.1

Қытайдың инвестициялық климатына сипаттама

14

2.2

Инвестициялық тәуекелділікті есептеу кезеңдері мен түрлері

18

2.3

Тәжікістанның инвестициялық климатына талдау жасау

24

4

Инвестициялық климаттың тәукелділігін төмендету жолдары

28

 

Қорытынды

32

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

34

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  КІРІСПЕ

 

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады. Ал экономикалық тиімділік – бұл экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі, яғни алынған экономикалық пайданың, нәтиженің осы нәтижені алуға септігін тигізетін факторлардың, ресурстардың шығынына қатынасымен сипатталады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға кіріге бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін компанияларға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен бірге белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Жоспарлы уақыт кезеңінде Қазақстанның экономикада нақты инвестициялау секторы, орталықтанған шоғырландыру көмегімен және қаржылық ресурстардың көмегімен жүзеге асырылды. Командалық-әкімшілік жүйенің және оған қатысушы дерктивтік әдіспен реттеу жойылып, оның механизмі орталықтанбаған қаржыландыру институттарының ивестициялылық-қаржылық мекемелердің түрлеріне ауысуы керек еді. Бірақ та накты түрде бұл ауысылмаған болатын. Мақсатқа бағытталған ивестициялық саясаттың қатыспауы шамаланған-инновациялық нарық институттарын құру инновацияны дамытудағы инвестицияны қысқартуға алып келді, яғни шектеулер жаңа техника-эконмикалык парадигмаға өтуге мүмкіндік бермеді. Бүгінде эконмикалық әдебиеттердің көз карасы бойынша, ең негізгі жетіспеушіліктер болып оның ішінде даму жолындағы инновациялық қызметтердің бойынша қаржылық ресурстар жеткіліксіз. Қазіргі заманғы этаптардың дамуы Қазақстанның ұлттық жинақтауы оның негізін кұраушы болып Ұлттық қордың құрадарынан тұарды, зейнетақы қорының жинақталуы және банк жүйесіндегі депозиттер есептелінеді. 2007 жылдың аяғындагы статистикалық деректерге сүйенсек зейнетақы жинақтауының салымдары 648,6 млрд теңгені, жалпы депозиттер сомасы 2300,5 млрд теңгені, Ұлттық қордың жинақталуы шамамен 5,2 млрд долларды кұрады. Осылайша сомалық жинақталулар 3599,8 млрд теңге, немесе 60% ЖІӨ-ге жоғарлады. Негізгі капиталдагы инвестицияфның келемі 1,8 долларды құрды. Орта есеппен алғанда 28,6% сомасы шетел инвесторымен салынған, яғни негізгі Қазақстанның экономикасындағы қарама-қарсылық шағын болып табылады, яғни оларды инвестициялық жинақтаумен салыстырғанда. Берілген жағдайда монетарлық саясаттың классикалық наборын қолдануға болмайды. Есептерді шешу үшін, Қазақстанның стратегиялык дамуы "Қазакстан 2030" және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің катарына кіру үшін, ұлттық инвестициялык саясатың тиімділігі қажет, инвестицияның сапалық есіміне бағыттары инновациялық дамуда қаржылық және нақты сектордың арақатынасын күшейту негізі. Қазіргі уақытка дейін ешқаидай консепция жасалмаған.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру. Мақсатпен байланысты осы жұмыстың орындалуында келесі міндеттерін бөлуге болады:

  • инвестиция, инвестициялық қызмет, шетел инвестициялары, инвестор терминдеріне айқындылық беру;
  • инвестициялық климатқа әсер етуші факторларды талқылау;
  • шетел инвестициясын тарту мәселелерін қарастыру;
  • ең алғаш рет ҚР-да инвестициялық саясаттың қалыптаса бастауы;
  • инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен іске асыру кедергілері жайында көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға,экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

 

 

 

1. Инвестицияның теория негізі және оның саясаты туралы түсінік

 

1.1 Инвестиция және инвестициялық саясат түсінігі, мақсаты мен міндеттері

 

          Инвестиция (латын.investire – салым, салым жасау) – табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан  күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.

Кең танымал «Экономикс» кітабының авторлары инвестицияны өте кең түсінеді. Олардың инвестиция анықтамасы – «өндіріс шығындары және өндіріс қаражаттарын жинақтау және материалдық қордың жоғарлауы», яғни өндірістің барлық шығындары мен жинақтары.

Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.

Инвестицияға анықтама берген кезде назарды тек инвестицияның мазмұнды сипатына ғана емес, оның мақсатты бағытталуын қарастыру қажет. Демек, инвестиция – жалпы ұлттық өнімнің өндірісіне жұмсалатын табыстардың маңызды бөлігі және өндірістің кеңеюі мен жаңаруының шығындарын көрсетеді, яғни капитал құрылуымен, ақша капиталына қарағанда жеке капиталдың кеңеюімен байланысты. 

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға жұмсалымы. Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлеміне - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы  «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі түрлері:

  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;
  • Венчурлық инвестициялар – тәуекелдік деңгеймен байланысты  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы  іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.

Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына,шаруашылық субъектілерінің кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал болып табылады. Мемлекеттің инвестициялық саясаты – бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, əлеуметтік мəселелерді шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы. Мемлекет келесідей саясаттар арқылы инвестициялық бел сенділікке əсер етеді:

    • амортизациялық саясат;
    • ғылыми-техникалық саясат; 
    • шетелдңк инвестицияларды тарту бойынша саясат;
    • салық саясаты.

Амортизациялық саясат дегеніміз – мемлекеттің амортизация лық аударымдарды есептеу мен пайдалану тəртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын жəне сипатын реттеуі болып табылады. Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп – ғылыми-техниканың дамуы жəне олардың нəтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз. Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саясат дегеніміз– қолайлы инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Салық саясаты – деп белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа əсер ету, сонымен қатар салықтық жəне кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер беруді айтамыз. Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық экономи каның өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады.

Инвестициялық саясаттың міндеттері:

    • қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын шешу;
    • жекешелендіруді аяқтау жəне бəсекелі экономикалық ортаны құру;
    • құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы құру;
    • жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;
    • нарық инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлен діру;
    • инвестициялық климатты жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;
    • салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып, инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа жəне нарықтық əдістерін енгізу.

Мемлекеттік инвестициялық саясатының стратегиялық мақсаты экономикалық өсудің нақты, тұрақты жəне үдемелі қарқынын, прогрессивті құрылымдық жылжуды, өндірістің модернизациясын қамтамасыз ете алатын, əлеуметтік мəселелерді жəне елдің экономикалық қауіпсіздігі мəселесін шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін ұйымдастырушылық-экономикалық жəне нормативтік-құқықтық жағдай туғызу болып табылады.

Инвестициялық саясаттың құрылымы келесілерден тұрады:

    • салықтар жəне салықтық жеңілдіктер;
    • несие саясаты
    • кəсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық қызметін реттеу нысандары мен құралдарын таңдаудағы банктің функцияларын кеңейту;• амортизациялық саясат;
    • монополияға қарсы шаралар;
    • инвестициялармен танысу;
    • орталықтандырылған инвестициялау;
    • жер мен жер қойнауы ресурстарын пайдалану шарттары;
    • бағалы қағаздар шығару жəне олардың айналымы.

         Инвестициялық саясаттың тиімділігі – инвестициялық климатты жағымды жағына қарай өзгерту дəрежесімен анықталады.

 

1.2 ҚР-ғы инвестициялық климат

 

Бүгінге кезде, Қазақстан 50бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында.

Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Doing Business 2014» жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі  185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2013 жылдың 30 қыркүйек  аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.

ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.

Кеден Одағының шеңберінде интеграциялық үдерістер маңызды рөл атқарады. Кеден Одағы ЖІӨ 2 трлн. АҚШ долл. және 170 млн. жуық халық тұратын бірыңғай тауар нарығын ашады, ол біздің елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіншіліктер туғызады.

Қазіргі кезде, Қазақстанда шетел капиталының қатысуымен 10 мыңға жуық компаниялар жұмыс істеуде, соның ішінде Fortune – 500 тізіміне кіретін (Алкатель-Люсент, Альстом, Арева, Викат, Данон (Франция), ENI/Agip, Bonatti, Saipem, Augusta, Westland, Italcement (Италия), GE (АҚШ) компаниялары бар.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатымен мемлекеттің инвесторлармен тікелей диалогты дамыту бойынша көпсатылы жүйе құрылды. Ол өзіне ҚР Президентінің Шетел инвесторлардың кеңесі, инвестициялық климатты жақсарту кеңесі, Премьер-Министрдің орынбасарының жетекшілігінде арнайы жұмыс органы, инвестициялық омбудсменнің принципі бойынша әрекет етуді қосады.

Қазақстан экономика саласында бірнеше стратегиялы бағдарламалық құжаттарды іске асыруда, мысалы индустриалды-инновациялық дамудың жылдамдатылған мемлекеттік бағдарламасы, «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы.

2050 жылға дейін өндірілген энергияның 50% баламалы және жаңартылған  энергия көздерімен қамтамасыз  етіліп отырады деп болжануда, ЖІӨ-нің қосымша өсуі 3% кем емес болады.

Қазақстанда жағымды инвестициялық климат құрылған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған.

Ұлттық заңнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеңілдіктер пакеті ұлғаюда.

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңында инвесторлардың құқықтарының келесідей кепілдіктері бекітілген құқықтық қорғаудың кепілдігі, ұлттандыру және реквизиция болғандағы инвесторлардың құқықтарының кепілдігі (тек қана айрықша жағдайларда рұқсат етіледі).

Инвестицияларды көтермелеу және қорғау бойынша екіжақты келісімдер жасалды (олар: 47 екіжақты және бір көпжақты (ЕурАзЭҚ).

ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес, инвестор басым салаларда инвестицияларды жүзеге асырған кезде келесі жеңілдіктерге ие болады. Материалдар мен шикізаттарды, құрал-саймандарды елге кіргізген кездегі кедендік баж салықтарынан босатылу, мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін (жоғары баға қосылған тауарлардың өндірілуі басым салалардың қызметінде, жоғары технологиялық салаларда және ивестиция көлемі 5  млн АЕК-тен кем емес).

7 жылға дейінгі салық жеңілдіктері  қарастырылған (жер және мүлік  салықтары нөлдік төлеммен); әлеуметтік-экономикалық  даму деңгейі төмен аймақтардағы  өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электроэнергия, жер телімін иеленуге, ғимараттарды иеленуге, құруға кеткен шығындарды өтеу).

10 арнайы экономикалық аймақтардың  шеңберінде келесі жеңілдіктер  берілген; жер салығы, мүлік салығы, АЭА аймағындағы тауарларға ҚҚС  босатылу, жер телімін 10 жылға тегін жалға беру.

АЭА шеңберінде «инновациялық технологиялар паркі» ИТП жоғарыда көрсетілгендерге қоса келесі жеңілдіктер берген әлеуметтік салық 0% аумақтан тысқарылық принциптері – ИТП қатысушылары АЭА аумағынан тыс жерде болуы мүмкін және ҚҚС-тан басқа салық жеңілдіктермен қолдана алады, бағдарламалық қамтамасыз етудің амортизациялық нормасы - 40% (стандарт – 15%).           

       2014 жылы 12  маусымда өткен кеңесінің 27-ші отырысында мәлім болғандай Қазақстан Президенті Н.А. Назарбаев, Қазақстан барынша жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің атап айтқанда Ұлыбритания, Германия, Италия, Малайзия, Нидерланд, Біріккен араб Әмірлігі (БАӘ), КореяРеспубликасы, АҚШ, Франция және Жапония азаматтары үшін біржақты визасыз режимді құру туралы жариялады.

Сол күні Президент 2014 жылы 24 шілдеде күшіне енген «Инвестициялық климатты жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) қол қойды. 

Осы Заң  2003 жылғы 8 қаңтардағы «Инвестициялар туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі-«Инвестициялар туралы заң») және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  ҚР Заң кодексіне(бұдан әрі-«Салық кодексі») айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізді.   ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Концессия туралы», «Халықтың  көші-қоны туралы» және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңдарына шамалы өзгертулер  енгізілді.

 

         1.3 ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.     Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

1) Мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

2) Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

3) Экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

4) Инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

5) Нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

6) Банктік жүйенің тұрақтылығы;

7) Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

 

1-кесте. Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)

әсер ету белгісі

1.Бюрократия.

2.Елдегі қаржы-салық режимі.

3.Құқықтық инфрақұрылым.

4.Қаржы нарығы.

5.Бөлу арнасының жетіспеушілігі.

6.Саяси тұрақсыздық.

7.Айырбастау бағамын реттеу.

8.Заң шығару тұрақсыздығы.

9.Бұқаралық ақпарт құралдары.

10.Коррупция.

6,7

3,6

 

3,1

 

4,6

1,3

 

3

2,8

 

3,9

 

2,9

 

6,1

-

+

 

+

 

+

-

 

-

-

 

-

 

+

 

-


 

Шетелдің инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды.

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.

Отын - энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша - 685,5 млрд., мұнай - 222,5 млрд. АҚШ доллар.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

  1. Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады.
  2. Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
  3. Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
  4. Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
  5. Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі
  6. Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
  7. Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.
  8. Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.
  9. Қоршаған ортаны қорғау. Жер қойнауын пайдалану мен тауар және қызмет көрету өндірісін дамытуға салынатын тікелей инвестициялар елдің экономикалық жүйесінің бұзылуына әкелмеу керек.