Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Мазмұны.
Кіріспе.......................
І-Тарау. Халықаралық
ұйымдардың қызметтері және жіктелуі......................
2-Тарау. Біріккен Ұлттар
3-Тарау. Халықаралық экономикалық
ұйымдар және олардың Қазақстандағы қызметі.......................
4-тарау.
Халықаралық аймақтық ұйымдар
және Қазақстан................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. Реформалар жолына түсіп, өркениетті қоғам құруға талаптанып жатқан Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың қызметіне кең көлемде араласу - бүгінгі күннің көкейкесті мәселесіне айналып отыр.
Халықаралық ұйымдардың қызметіне тиімді түрде қатысу үшін олардың іс-қимылдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Қазіргі халықаралық қатынастардың ерекше белгісінің бірі халықаралық ұйымдар рөлінің арта тусуі. Бұл арада халықаралық қатынастар шеңберінің кеңейіп, күрделенуін, көпжақты дипломатияның дамуын, сөйтіп халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтың күшейе түсуін айту керек.
Қазіргі халықаралық қатынастарды тек қана екі жақты қатынастармен шектеуге болмайды. Әлемдік маңызы бар мәселелердің көбеюі олардың шешімін табу жолында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Халықаралық ұйымдарды негізінен екі категорияға бөліп қарастыруға болады. Олар: үкіметаралық (мемлекет аралық) және өз жұмыстарын қоғамдық негізде атқаратын мемлекеттік емес ұйымдар.
Халықаралык, ұйымдардың пайда болып, дамуы халықаралық қатынастардың ұзақ мерзімді және табанды саяси және экономикалық іс-қимылдарына байланысты. Көне замандарда, құл иеленуші мемлекеттер кезеңінің өзінде халықаралық келісім-шарттар, халықаралық арбитраждар туындап, халықаралық құқықтың классикалық институттары - конгрестер мен конференциялар пайда бола бастаған. Уақыт жылжыған сайын халықаралық бас қосулар кездейсоқ емес, оқтын-оқтын жүзеге асырылып және мұндай конференцияларды дайындап, шақыру үшін тұрақты органдар құрылып өз қызметтерін дәйекті түрде жүзеге асырған. Міне, дәл осындай органдар болашақ халықаралық ұйымдардың қайнар көзі, бастауы болды.
Халықаралық ұйымдардың
пайда болып дамуына
Халықаралық ұйымдарды құрудағы жеңілдіктер қатарына сол уақыттың өзінде халықаралық құқықтың бірқатар нормалары мен институттары қызметінің қалыптаса бастағаны да әсер етті. Ең алғашқы ірі халықаралық ұйымдардың қатарына: жер өлшеуші халықаралық одақ (1864 ж.), халықаралық телеграф одағы (1865 ж.) Дүниежүзілік почта Одағы (1874 ж.), Халықаралық өлшем және салмақ комитеті (1875 ж.), Өндірістік меншікті қорғайтын Одақ (1883 ж.), әдебиет және өнер шығармаларына меншікті қорғау Халықаралық Одағы (1886 ж.), Құлдыққа қарсы Халықаралық Одақ (1890 ж.), Халықаралық Темір жолы, тауар қатынасы Одағы (1890 ж.) жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін 50-ге тарта тұрақты түрде қызмет атқаратын халықаралық ұйымдар пайда болып, өз жұмыстарына кірісті. Одан кейінгі жылдары халықаралық ұйымдардың саны жедел қарқынмен арта түсіп, үстіміздегі ғасырдың 80-жылдары олардың саны 20000 мыңға жуықтады.
Соңғы уақыттағы Халықаралық ұйымдар санының күрт өсуі халықаралық қатынастардың орасан жандануымен және олардың күрделене түсуімен түсіндіріледі.
Саяси, экономикалық қатынастардың қарқынды дамуына XX ғасырдағы ғылыми-техникалық прогрестің елеулі жетістіктері де өз әсерін тигізді.
Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа, маңызды түрлері пайда болды. 60-жылдары отарлық жүйенің, 80 жылдары социалистік жүйенің қирауымен байланысты егемен мемлекеттер саны көбейіп, ондағы халықтардың белсенділігі артты және олардың дүниежүзілік саясатқа ықпалы күшейді. Үкіметтік емес деңгейдегі халықаралық қатынастар да жоғары қарқынмен дами бастады.
Қазіргі халықаралық қатынастардың даму тенденциясының күрделі де, қайшылықты болуы қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың эволюциясын, сонымен қатар жаңа халықаралық ұйымдарды құруды талап етіп отыр. Халықаралық ұйымдар санының өсуі және олардың қызмет шеңберінің кеңеюі, өз кезегінде халықаралық қатынастардың құрылымы мен жүйесіне игі әсер етері сөзсіз.
Жекелеген елдер саясатындағы түсініспеушіліктер, қайшылықтар халықаралық ұйымдардың бір қалыпты қызмет атқаруына кедергі бола алмайды. Қайта мұндай түсініспеушіліктер мен қайшылықтар олардың позицияларын келісімдер арқылы анықтап, бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйымдардың таптырмас құрал екендігін дәлелдейді. Олардың беделін арттыра түседі.
Халықаралық жағдайдың
өзгеруіне байланысты халықаралық
ұйымдар да өзгерістерге ұшырайды:
біреулері өздерінің бағыт-
Халықаралық ұйымдарды ресми тіркеу және олардың тізімін жасау 1909 жылы Брюссельде (Бельгия) құрылған Халықаралық ассоциациялар Одағының негізгі міндеті. Бұл үкіметтік емес ұйымның мақсаттарына халықаралық ұйымдарды тіркеу және олардың қызметтерін үйлестіру, дүниежүзілік қоғамдастыққа қажетті ақпараттарды жинап, оларды мүдделі елдерге таратып беруі жатады. Одақтың өзінің баспасөз органдары бар. Олар: „Халықаралық одақтар" журналы мен „Халықаралық ұйымдардың жылнамасы". Бұл басылымдарда үкіметаралық және үкіметтік емес, сондай-ақ, улттық ұйымдар мен мекемелердің халықаралық қатынастарға байланысты іс-қимылдары жөніндегі мәліметтер жарияланып отырады.
Халықаралық ұйымдар халықаралық қатынастар жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Бұл жүйенің ең басты және негізгі элементі - мемлекет. Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері. Сондықтан халықаралық ұйымдарды халықаралық қатынастар жүйесінің екінші деңгейдегі элементі деп қарастыру қажет. Халықаралық ұйымдар өздерінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөліне қарай жіктеледі.
Бұл ұйымдардың, ең беделдісі, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы. БҰҰ-ның халықаралық қатынастардағы рөлі ерекше маңызды болса, басқа бір жекелеген ұйымдардың халықаралық қатынастардағы атқаратын рөлі болар-болмас.
Халықаралық ұйымдар
қызметі тиімділігінің принципт
Үкіметаралық ұйымдардың
құқық субъектісі ретіндегі нақты
көтерер жүгі жоғарыда аталған жарғымен
анықталады. Құқық субъектісі болуы
Бұл ұйымдарға объективті түрде
халықаралық құқықтық негіз жасап,
халықаралық қатынастардың
Халықаралық ұйымдардың анықтамасын беру үшін бұл ұйымдардың маңызды ерекшеліктерін, қазіргі дүниежүзілік құрылымдардың негізгі саяси-экономикалық кескін-келбетін, олардың әлеуметтік аспектілерін, қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің күрделілігін есептей отырып, осы қатынастар жүйесінің негізгі элементтерінің өзара қимыл әрекеттерін талдау қажет. Бір айта кететін жай халықаралық ұйымдар идеясы егеменді елдерді олардың халықтарының санына, территориясының көлеміне, экономикалық үлес салмағына қарамастан заңдық тұрғыдан тең елдер деп есептейтінін де есте ұстаған жөн.
Енді халықаралық ұйымдар
түсінігінің негізгі бес
1.Келісімдік негіз. Мұның мәні халықаралық ұйымдарды құру актісі, жарғысы ретінде көпжақты халықаралық келісім-шарт есептеледі. Келісім-шарттар халықаралық ұйымдардың заңдық болмысын анықтайды.
2.Белгілі мақсаттардың болуы.
Халықаралық ұйымдардың
3.Өзіне сай ұйымдық
құрылымы, яғни халықаралық ұйым
шеңберінде ынтымақтастық
4.Ұйымдардың дербес
5.Халықаралық құқық
Сонымен, жалпыға ортақ белгілері мен критерийлерін негізге ала отырып халықаралық ұйымдардың анықтамасын беруге болады.
Халықаралық (мемлекетаралық) ұйым дегеніміз - халықаралық құқық субъектісі болуға мүмкіндігі және тұрақты түрде қызмет атқаратын мекемелері бар, халықаралық құқық талаптарына сай белгілі мақсаттарды орындау үшін келісім негізінде қүрылған мемлекеттердің халықаралық бірлестігі.
1. Халықаралық ұйымдардың қызметтері және жіктелуі
Халықаралық ұйымдардың қызметтері (функциялары) дегеніміз- өздерінің алға қойған мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
Халықаралық ұйымдардың қалыптасқан және дәстүрлі аспектілерінің бірі - олардың дипломатия құралы екендігінде. Дегенмен, халықаралық ұйымдардың қызметі көптеген жағдайларда дипломатия шеңберінен әлдеқайда кең. Соңғы уақыттарда олардың қызметі ақпаратты-жүйелеу шектерінен асып, көпшіліктің мүдделеріне сай жаңа сфераларды қамтитын өзіндік, дербес оперативті функцияларды иемдене бастады.
Халықаралық ұйымдардың ежелден келе жатқан дәстүрлі функцияларының бірі — ақпараттық қызмет. Бұл қызмет екі нысанда жүзеге асырылады. Біріншіден, әрбір ұйым өзінің қүрылымы, мақсаттары және қызметінің негізгі бағыттары жөніндегі қүжаттар топтамасын жария-лайды; екіншіден, ұйым халықаралық қатынастардың көкейкесті мәселелерін қамтитын баяндамалар мен шолу-ларды, рефераттарды жарыққа шығарады.
Халықаралық ұйымдардың ереже шығармашылық (нормотворческая) қызметінің екі нысаны бар:
- халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық ережелерін жасауга тікелей қатысуы;
- халықаралық ұйымдардың жекелеген мемлекеттердің ереже шығармашылық процесіне қатысуы; мұның өзі концепциялар, нұсқаулар, актілер жасап қабылдау арқылы жүзеге асады.
Халықаралық ұйымдардың
бақылау қызметі олардың
Оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың жаңа функцияларының бірі. Бұл қызметті Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері және басқа да бірқатар халықаралық ұйымдар атқарады. Мүның мысалы ретінде БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыру бағытындағы операцияларын, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету іс-қимылдарын атасақ та жеткілікті. Егер халықаралық ұйымдар өздерінің реттеу және бақылау қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттерге саяси қысым жасауға дейін баратын болса, оперативтік қызмет халықаралық ұйымдардың өз күшімен, қарауындағы адам және материалдық ресурстардың көмегімен атқарылады.
Халықаралық ұйымдардың әр түрлі нысандағы қызметтері халықаралық қатынастар дамуының қажеттіліктеріне байланысты. Сондықтан болашақта да халықаралық ұйымдардың қызметтері дами береді және халықаралық жағдай талап ететін болса жаңа функциялар өмірге келеді деп сенімді түрде айтуға болады.
Халықаралық ұйымдарды жіктеу (классификация) мәселесінің белгілі қиындықтары бар. Мүның өзі бір жағынан халықаралық ұйымдардың санының көптігіне байланысты болса, екінші жағынан олардың жіктеу крий-терийлерінің көп түрлілігіне байланысты. Дәстүрлі, жалпыға танымал критерий — ол мүше болу критериі. Мүшелік критерий негізінде барлық халықаралық ұйымдар үкіметаралық (мемлекетаралық) және укіметаралық емес болып екіге бөлінеді. Бірінші категорияға мемлекеттер, үкіметтер немесе солардың өкілдіктері жатады, екіншісіне үлттық, үкіметтік емес ұйымдар, жеке түлғалар және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдар кіреді./2/
Функционалды критерий бойынша да халықаралық ұйымдарды екі топқа бөлуге болады. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік ынтымақтастықты жүзеге асыратын жалпы бағыттағы ұйымдар және арнайы міндеттері бар, ынтымақтастықтың нақты мәселелерін шешетін топ (мысалы, көлік қатынасы, байланыс, денсаулық сақтау т. с. с. проблемаларды шешу). Жіктеудің тағы бір критерийі ха-лықаралық ұйымдардың уақытша немесе түрақты түрде жүмыс істеу мүмкіндіктері. Бірінші категорияға ха-лықаралық конференциялар, кеңестер, конгрестер т. б. жатады да, екіншісіне — халықаралық ұйымдардың тікелей өздері кіреді.
Халықаралық ұйымдар географиялық орналасуына қарай да жіктеледі. Мысалы, дүниежүзінің басым көпшілігі елдерін қамтитын әмбебап халықаралық ұйымдар бар. Бұлардың екінші тобына белгілі бір географиялық ауданға орналасқан мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйымдар жатады.
Қазіргі уақыт талабына сәйкес халықаралық ұйымдарды дүние жүзінде орныға бастаған жаңа көзқарастар мен тенденциялар түрғысынан жіктеу ең дүрысы болар еді. Халықаралық ұйымдардың пісіп, жетілген және ешқашан өзгермейтін қүрылымын шүқып көрсету ешкімнің де қолынан келер іс емес. Қалай қарастырсақ та ешқандай жіктеу схемасына толығымен сай келмейтін халықаралық ұйымдардың пайда болуы ешкімді де таңыртқатпаса керек. Сондықтан схеманың өзін емес, оны дүниеге әкелетін белгілерді айшықтау маңызды. Олай болса ең ыңғайлысы халықаралық ұйымдарды функционалдық, яғни атқаратын қызметі бойынша жіктеу.
Мысал үшін сауда қатынастары
жөніндегі халықаралық
— тауарлардың жекелеген түрлерін сату тәртібін белгілеуші ұйымдар мен ерекше тауарлар саудасын бақылаушы және оны шектеуші ұйымдар (қару, қосарланған технологиялар, ядролық материалдар, есірткілер т. б.) Бұл ұйымдарға КОКОМ және австралиялық топ деп аталатын ұйымды жатқызуға болады.
Шикізат ресурстарымен сауданы реттейтін және оларды шетелге шығарушы (экспорттаушы) елдер ұйымдары;
- ОПЕК — мұнай экспорттаушы елдер ұйымы;
- АПЕФ — темір рудасын экспорттаушы елдер ассоциациясы;
- МАБ — бокситтер жөніндегі халықаралық ассоциация;
шикізат тауарларын өндіруші (экспорттаушы) және оларды тұтынушы елдер ұйымдары:
- МСП — бидай жөніндегі халықаралық кеңес,
- МОД — джут жөніндегі халықаралық ұйым,
- МОК — кофе жөніндегі халықаралық ұйым,
- МОКК — какао жөніндегі халықаралық ұйым,
- МОС — қант жөніндегі халықаралық ассоциация.
- жекелеген тауарлар өндірісі мен саудасы жөніндегі халықаралық зерттеу топтары (мыс, қалайы, қорғасын және цинк),
- энергетикалық ресурстар саудасы: Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС - дүниежүзілік энергетикалық кеңес т. б. бар.
Дәл осындай жіктеу сеткасын жекелеген аймақтар (региондар) деңгейінде де жасауға болар еді./3/
2. Біріккен Ұлттар Ұйымы. және Қазақстан.
1991жылдық 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
1992 жылдың 2 наурызы тәуелсіз
Қазақстанның тарихында
Осылайша біздің еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі халықаралық түрде танылды. Дүние жузінің картасында жаңа егемен мемлекет пайда болды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының 168-ші мүшесі болдық, ал оның құрамы 176 мүшеге дейін өсті.
Қазақстан үшін 1992 жылдың 5 қазаны тарихи күн болды, өйткені сол күні біздің Мемлекетіміздің Басшысы Н.Ә.Назарбаев бірінші рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесінен сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңестік (АӨЫСШК) шақыру жөнінде бастама жасады. Бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекетері тарапынан оң қолдау тапты. 1993 жылдың қаңтарында Біріккен Ұлттар Ұйымының мемлекет-мүшелері арасында біздің мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде бірінші ресми құжаты ретінде таратылды./6/
Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болып кірген соң басты екі мәселе көтерілді. Біріншеден, біздің еліміздің, ең алдымен Арал мен Семейдің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемаларын шешуге қолдау жасау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі қорлары және бағдарламаларымен ынтымақтастықты жөнге қою керек болды. Екіншіден, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мемлекет-мүшесі ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының әртүрлі органдарының, ең алдымен Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу арқылы, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы халықаралық проблемаларды шешуге өз үлесін қосуға тиісті болды.
Сол себепті Біріккен
Ұлттар Ұйымының 46-сессиясы және 1992 жылы
қыркүйек-желтоқсанда өткен 47-сессиясы
барысында Қазақстан
Қазақстанның бағдары Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша біздің мүшелігіміздің алғашқы күндерінен бастап салмақты және жүйелі болды.
Біріккен Ұлттар Ұймында
бәрі біз үшін тың нәрсе болды.
Бірінші рет Қазақстаның
Қазақстан 1997 жылы ЮНИСЕФ-тің басшы органы-Атқару кеңесінің құрамына сайланды./8/
1997жылы 16 желтоқсанында
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 52-сессиясы Семей
аймағы халқының денсаулыгы
Қазақстан үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу-біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі және олардың іс жүзіне асқандығының көрінісі. Осы бірегей ұйымға деген жоғары құрмет Қазақстанда онымен жүргізіліп отырған табысты және жан-жақты ынтымақтастықпен қуатталуда
1992жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды, осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан рәсімдеді./10/
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолдындағы козғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991жылы Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992жылы Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролдық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алу Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жоғары міндерінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моралдық құқық берді.
1992жылы күзде өткен
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас
Ассамблеясының 47-сессиясы тәуелсіз
мемлекет өкілі ретінде
Әлемдік қоғамдастығы өзгерістерді
және әлемдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының
жаңа рөлін назарға ала отырып,
Н.Назарбаев былай деп
Осы форумда Н.Ә.Назарбаев екі маңызды ұсыныс жасады, екі ұсыныс та әлемдік қоғамдастыққа біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының жасампаздың сипатын паш етті.
Біріншіден, қазақстандық басшы барлық үкіметтерге ізгі ниет білдіру тәртібімен «бір плюс бір» формуласы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастауды ұсынды. Бұл формула төмендегіні білдіреді, әрбір мемлекет оған өзінің қорганыс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын өзінің ақша аударуын сол баяғы бір пайызға ұлғайтады. Осындай жолмен 10 жылдан кейін осы бітімгершілік соммасы он есе өседі.
Екіншіден, Қазақстан басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы бастама көтерді. Азия құрлығының орасан зор кеңістігінде қауіпсіздік құрылымын құруға бағытталған осы ұсыныс біздің еліміздің басшысын халықаралық сахнада кеңінен танымал етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының арқауына айналды.
Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау сияқты өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Бұл ұғымдар Қазақстан үшін кемінде екі сөзден-Арал мен Семей сөздерінен мен мұндалап тұрады. Кеңезесі кеуіп бара жатқан Арал теңізі-шұғыл және ауқымды халықаралық көмекті талап ететін экологиялық апат аймағы. 150млн. тұрғын халқы бар аймақтың экономикасы мен денсаулығы үшін теріс салдарлардың ұлғаюына әкеліп соғады. Егер бұл бүгін он мыңдаған адамдардың қайғысы болса, онда ертең Біріккен Ұлттар Ұйымы шұғыл түрде араласпаса, миллиондаған адамдардың қайғысына айналуы мүмкін.
Біздің екінші бір
экологиялық жан айқайымыз,- деп
мәлімдеді Н.Ә.Назарбаев,-бұл
Қазақстанның халықаралық сахнада бой көрсетуі сәтті өтті деп нық сеніммен айтуға болады. Біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде ғаламдық қауіпсіздікті колдайтын бөлігінің қатарынан лайықты орын алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы Қазақстан басшылығының белсенді рөлі, осы саладағы жасалған барлық халықаралық келісімдерге біздің мемлекетіміздің адалдыгы жоғары бағаланды. Ядролық қаруды сынауды толық тоқтату жөніндегі Қазақстанның табанды позициясы және іс жүзіндегі қадамдары әлемдік қоғамдастықтың үлкен құрметіне бөленді. Қазақстанның СНВ-1 қатарына және Ядролық қаруды таратпау туралы шартына қосылуын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 49-сессиясында, сондай-ақ Ядролық қаруды таратпау туралы іс-қимылды ұзарту жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары өздерінің сөздерінде құттықтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында қарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы өзі қабылдайтын барлық қарарларында жоғарыда аталған фактіні қанағаттанғандықпен атап өтіп жүр.
2001жылғы 29-30 тамызда Алматыда өткен «XXI ғасыр: ядролық қарудан азат әлем жолында» атты халықаралық конференцияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары В.Петровский: «Халықаралық қоғамдастық үшін Қазақстан жауапты саяси ерік-жігерімен, салмақты сөзбен және нақты істермен адамзат өзін өзі жоятын құралдардан ғаламшарды қалай азат етуге болатындыгының жарқын мысалын көрсетті»,-деп мәлімдеді./12/
1996 жылғы 30 қыркүйекте
Сыртқы істер министрі
Біздің еліміз Орталық Азияда бейбітшілік пеи қауіпсіздікті сақтауға зор маңыз береді және осы географиялық аумақта ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі бастаманы іске асыруға мүдделі. Қазақстан осындай аймақ құруға қатысты келіссөздер процесіне сындарлы түрде қатысып жүр. Біріккен Ұлттар Ұйымының жәрдем көрсетуімен қазірдің өзінде болашақ шарттың мәтінін келісу жөнінде бес Орталық Азия елдерінің сарапшылар тобы елеулі жұмыс жүргізді. Орталық Азияда осындай аймақтың болуы ядролық қаруды таратпауды және ғаламдық қауіпсіздік режимін нығайтады.
Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыруға зор маңыз бере отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметін белсенді түрде қолдайды. Ұйымға мүше мемлекеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күш-жігерін кеңейту және нығайту қажеттілігі туралы пікірлерін бөлісе отырып, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан 1995жылғы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында орталық Азия бірлескен бітімгершілік батальонын құру туралы келісімге қол қойды. Үш Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымынық Бас хатшысына жазған өздерінің өтінішінде бірлескен батальонның Біріккен Ұлттар Ұйымының болашақтағы бітімгершілік операцияларына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені қарауды ұсынды.
Орталық Азияның бітімгершілік батальонының құрылуы Біріккен Ұлттар Ұйымдардан қолдау тапты және Бас хатшы мұны халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ мемлекеттерінің үлесі ретінде бағаланды. 1996 жылдың басында Қазақстан бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу мүмкіндігімен Біріккен Ұлттар Ұйымының резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні Ұйымға мүше 65 мемлекеттер резервтік келісімдерге қатысады және олар Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік операциялары үшін ресурстар ұсынуға өздерінің дайын екендіктерін білдірді.