Халықаралық маркетинг негізінде нарықты зерттеу
Кіріспе.......................
І. Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқарудың мәні, маңызы және теориялық аспектілері
1.1 Халықаралық маркетинг түсінігі......................
1.2Халықаралық маркетингтегі
зерттеуді басқару және қолдану ерекшеліктері.................
ІІ. Қазіргі кездегі ҚР-ң нарығындағы халықаралық маркетингтің орны және қолданылуын талдау
2.1 ҚР кәсіпорындарының халықаралық
маркетингті қолдануын талдау........................
2.2 АҚ «Рахат» кондитерлік фабрикасының
маркетингтік зерттеуді басқарудың қолдану
деңгейіне талдау........................
2.3. Халықаралық маркетингті
қолдану мен басқаруды дамыту, жетілдіру
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдалынған әдебиеттер....................
Ғылыми жұмыстың өзектілігі. Біздің мемлекет Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру үшін көптеген шаралар атқаруда. Соның бірі индустриалды- инновация саласын дамыту, экспорттық сауда айналымын көбейту, шетел нарығына халықаралық стандартқа сай өнім өндіру. Ал шетел нарығына отандық тауарларды ұсыну үшін ол нарықтардың ерекшеліктері мен сипатын анықтайтын халықаралық маркетинг болып табылады. Көптеген компаниялардың болашағы өндірістің ұлғаюы мен олардың сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігіне байланысты. Бүгінгі таңда ішкі нарықтағы бәсекелестік қатаң, ал халықаралық сауда либералды (ырықты) болуда. Қазіргі әлемге танымал компаниялар өнімдерін сыртқы нарықтарда жылжыту үшін халықаралық маркетингті дұрыс жүргізу нәтижесінде дүние жүзінің нарығын жаулап алған. Сондықтан халықаралық маркетинг негізінде шетел нарығын зерттеуді жүргізу кез келген кәсіпорыннын өзінің шетел нарығында поцизиясын ұстану үшін жасалатын міндетті іс-шарасы.
Ғылыми жұмыстың мақсаты. Халықаралық рыноктағы маркетингтік зерттеу мәселелерін қарастыру және отандық кәсіпорындағы халықаралық маркетингті қолданудағы кездесетін тосқауылдарды шешу болып табылады.
Ғылыми жұмыстың міндеті:
- халықаралық маркетингтің мазмұнын ашу;
- халықаралық маркетингтің Қазақстандағы кәсіпорындардағы алатын орнын анықтау, сипаттау және мәселелерге тоқталу;
- халықаралық маркетинг жүйесіндегі нарықты зерттеу кезіндегі мәселерді жетілдіру және шешу жолдарын анықтау;
Ғылыми жұмыс құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші тарау: Халықаралық нарықты маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілері. Бұл тарау мазмұны екі бөлімше арқылы ашылады: халықаралық маркетинг түсінігі, халықаралық нарықты маркетинг зерттеудің ерекшелігі.
Екінші тарау қазіргі кездегі ҚР-ң нарығындағы халықаралық маркетингтің орны деп аталады. Ол үш бөлім арқылы мазмұндалады: ҚР кәсіпорындарының халықаралық маркетингті қолдауының қазіргі жағдайы және мәселелері, ҚР кәсіпорындарының маркетингтік зерттеуді қолдану деңгейіне талдау, ҚР кәсіпорындарының халықаралық маркетинг дамыту жолдары және маркетинг зерттеуді қолдану дәрежесін жетілдіру жолдары.
Ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі – АҚ «Рахат» кондитерлік фабрикасы.
І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГТЕГІ ЗЕРТТЕУДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Халықаралық маркетинг түсінігі
Халықаралық маркетинг негізінен маркетингтің жоғарғы мектебі болып табылады. Мұны былай түсіндіруге болады: егер экспорт әрдайым сауда ісін ұйымдастырудың жоғары деңгейлігімен көзге түссе, ал сыртқы нарыққа жұмыс істейтін кәсіпорындар маркетингтің жетістіктерін қолдануды өте қажет етеді.
Халықаралық маркетинг концепциясының пайда болуы мен дамуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына сәйкес келеді. Дәл осы периодта маркетинг принциптері негізінде халықаралық масштабта нарықтық қарекеттің қайта құрылуына қажетті алғышарттар қалыптасып, маркетинг корпоративтік басқару мен ұлттық нарықтарда бәсекелік күрес құралы ретінде танылды. Әлемдік нарықтардағы бәсекелестіктің қарқындалуымен, өндірістің күрделі технологиялық және ұйымдастырушылық үлгілерімен, ақпараттық қанықтылықпен сипатталатын қоғамдағы шаруашылықтың бүгінгі даму жағдайында сыртқы экономикалық қызметтің эффективтілігі, жалпы экономикалық белсенділік сияқты, маркетинг құралдарын пайдалану әдістемесімен және оның мақсаттарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар әлемдік экономиканың интернационализациялануы, халықаралық сауданың кеңеюі, капитал мен жұмыс күшінің динамикалық және массалық орын ауыстыруына сәйкес, оның халықаралық аспектілері біршама актуалданады.
Сыртқы экономикалық байланыстар барған сайын мекемелер мен ұйымдардың шаруашылық қызметінің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Шет елдерден шыққан серіктестермен біріге отырып, экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық мәселелерге ат салыса қатынасуға қызығушылық артуда. Осындай жағдайда көптеген өндірістік салалардың, шағын кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері әлемдік нарық туралы, оның құрылымы, коммерциялық операцияларды жүзеге асыру техникасы жайында объективті ақпаратты қажет етеді. Осы орайда халықаралық маркетингті қолдану сыртқы нарықтарға қатысты ашықтықтың артуына байланысты өте маңызды рөлге ие болып отыр [2, 10-12б.]
Халықаралық маркетинг дегеніміз – бұл елден тыс орналасқан ұйымның тауарлар мен көрсетілген қызметтер маркетингі. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық маркетинг – бұл кем дегенде бір елдің сатып алушылары мен тұтынушыларына компаниялардың көрсететін қызметтерімен тауарлары ағымы бағытталатын іскерлік белсенділіктің бір түрі немесе көрінуі. Халықаралық маркетинг рынок белсенділігінің алуан түрлі нысандары үшін концепция әзірлеуді қарастырады. Ол тауарлардың басқа елдердің әр түрлі фирмалары арқылы өтуіне бағдарланған. Оған басқа мемлекеттерде өндірісті орналастыру жолымен шетел рыноктарын игеру мен өңдеу, сонымен қатар шетел рыноктарына кеңінен ену міндеті де тән болып келеді.
Халықаралық маркетинг фирманың шетелдік қызметінің ауқымдылығын білдіреді. Ол екі жақты және көпжақты әрекеттермен сипатталады. Халықаралық маркетингінің бір ерекшелігі, оны ұйымдастыру мен жүргізу әдістері мынадай факторларды ескеруді керек етеді: ол мемлекеттің тәуелсіздігі; ұлттық валюталық жүйелер; ұлттық заң; мемлекеттің экономикалық саясаты; мәдени, діни, тілдік, тұрмыстық және де өзге ерекшеліктер мен дәстүрлер. Бұл деген – халықаралық маркетингтің ұлттық маркетингтен кең екенін білдіреді, өйткені ол факторлардың толып жатқан гаммасын қамтиды.
Халықаралық маркетингтің ерекшелігі шетел тұтынушысына толық және айқын бағдар жасау, оның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыруға ұмтылу болып табылады [4, 18-21б.].
Халықаралық маркетингтің қызметі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
- бәсекелестер өндірген тауарларға қарағанда, халықаралық рынок талаптарын толық қанағаттандыратын тауар жасап шығару немесе қызмет көрсету;
- шетел тұтынушыларының сұранысына сай келетін өнім үлгілерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- құрылымдылық жұмыстарды ұйымдастыру;
- халықаралық рынок бойынша нақты бір тұтынушы сұранысының құрылымы мен серпіні, шетел тұтынушыларының талғамдары, ұнатулары туралы сенімді, шынайы, дер кезінде алынған ақпараттарға қол жеткізу;
- фирманың өндіру, өткізу, қаржылық қызметін халықаралық рыноктың негізгі мақсатымен байланыстыра отырып, жоспарлау және үйлестіру;
- тауар, өнімдерін сатудың әдіс-амалдарын жетілдіру;
- халықаралық рынокта тауар қозғалысын оңтайландыру;
- тауарлар мен қызмет көрсету салаларына халықаралық бақылау жасау;
- рынок субъектісінің ( фирмалар, компаниялар, кәсіпорындар, ұйымдар, жекелеген тұлғалар) барлық қызметін реттеу және өндіру мен өткізу деңгейінде басты мақсаттарды қамтамасыз ету және оны басқару. Халықаралық маркетинг тәжірибесі негізінен қарағанда, рынок субъектісінің қолданып жүрген негізгі міндеті – сатып алушылар сұранысын оның коммерциялық мүддесіне сәйкес жүргізу болып табылады.
Халықаралық маркетингтің мақсаты – фирманың сыртқы рынокта жақсы атаққа, жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жазу. Фирманың жалпылама негізгі мақсаты мен міндетін былай айтуға болады: «Компанияның жұмыс істеуі – клиенттердің үмітін ақтау». Көптеген кәсіпорындар үшін халықаралық маркетингті оқып-білу мен қолдану сыртқы рынокқа қатысты өсуші ашықтылықты және олардың осы рыноктармен қарым-қатынастарын жетілдіру мақсатында қажет. Сыртқы рынокқа қарай бет бұрып, сонда тұрақты орныққан кәсіпорын халықаралық жағдайлар мен талаптарды ескере отырып, сыртқы рыноктағы өз қызметін білуі керек. Фирма өзіне керекті ішкі рынокты зерттеп білу арқылы сол рынокқа бейімделеді, яғни ол оған өз қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Фирма өз қызметін неғұрлым ұзақ, жемісті жүргізсе, табыс соғұрлым көп түсетіні бәрімізге мәлім [6, 21-25б.].
Халықаралық маркетинг даму деңгейі
Даму сатысы |
Мәндік сипаты |
Дәстүрлі экспорт |
Тауарды түпкі тұтынушыларға қарай жылжытусыз шетелге сату. Экспортшының, сатып алушының алдында жауапкершілігі тауарды жеткізгенге дейін ғана болады және тауар сатылғаннан кейін қапы болмайды. |
Экспорт маркетингі |
Экспортшы жүйелі түрде шетел нарығын зерттейді және сол нарық талабына сай өзінің өндірісін бейнелейді. Экспортшы тауардың түпкі тұтынушыларға жылжу жолын бақылауға тырысады. |
Халықаралық маркетинг |
Экспортшы нарықты терең зертейді және оны игеру үшін барлық маркетинг құралдарын, сонымен қатар, әртүрлі сыртқы экономикалық байланыстар түрлерін ( ғылыми- техникалық айырбасты, келісім –шарт өндірістері, бірлескен кәсіпорындарын, еншілес кәсіпорындарын құру, экспорт) толық қолданылады. |
|
Әлемдік маркетинг (глобальді маркетинг) |
Шетелге тек тауарды өткізу ғана емес, сонымен қатар шетелдегі кәсіпорын әрекеттерінің барлық іс-әрекеттері: жабдықтау, зерттеу мен өңдеу, кадр, қаржы және т.б. қамтылады. |
Кесте [2] әдебиет көзінен алынған | |
Кестеден көріп отырғандай, халықаралық маркетинг дамуының бірнеше сатысын қарастыруға болады. Бірінші дәстүрлі экспорт сатысында тауарды шетел нарығына ешқандай жылжытусыз сатады, ал «экспорт маркетингі» сатысында экспортшы шетел нарығын зерттейді, соған орай өзінің өндірісін бейнелейді. Халықаралық маркетинг сатысында нарықты терең зерттейді және барлық маркетинг құралдарын қолдана отырып, тауарын ұсынады. Ал әлемдің маркетинг кезеңінде шетел нарығына тек тауарды өткізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын әрекеттерінің барлық іс-әрекеттері: жабдықтау, зерттеу мен өңдеу, кадр, қаржы және т.б. қамтылады.
«Халықаралық маркетинг» термині халықаралық фирмалар қызметіне, шет елдерге таралатын өндірістік және коммерциялық қызмет саласына қатысты болады.
Халықаралық фирманың басты ерекшілігі мыналар болып табылады:
- өзге елдерге, не болмаса алдын-ала танылған шетел рыноктарына белгілі бір өнім түрлерін шығаруға бағдарланған, не болмаса бас компонияны компоненттермен немесе шикізат, материалд қ ресурстармен қамтамасыз ете алатын, бақылауға алынған өндірістік филиалдар және еншілес кәсіпорындардың болуы;
- технологиялық кооперациялауды ( қауымдасуды) және бақылауға алынған кәсіпорындар мамандығын пайдалану;
- филиалдар мен еншілес компаниялардың қызметін, олардың құқықтық ережелердегі айырмашылықтарын ескере отырып, бір орталықтан бақылау жасау және үйлестіру.
Бұл жерде әңгіме халықаралық көлемдегі қызмет туралы болып отыр, яғни мәселе әр мемлекеттерде орналасқан кәсіпорындарға негізделген өндіріс пен тауар өткізу туралы болып отыр. Бірақ олар бас компанияға тиесілі меншікті бірдей титулмен біріктірілген және қызмет көрсету ерекшелігіне қарай ұйымдастыру- экономикалық басқару орталығы ретінде қызмет жасайды.
Қорытындылай келе, сыртқы рынокта қызмет жасайтын кез келген ұйым тиімді жұмыс істеу үшін халықарлық маркетингті қолдануды қажет етеді. Маркетингті қолдану арқылы халықаралық нарықтарға етек жаю, өнімді өсірудің немесе пайда табудың, оларды тұрақтандыру осы мүмкіншілікке қол жеткізудің көзі болып табылады.
1.2 Халықаралық маркетингтегі зерттеуді басқару және қолдану ерекшеліктері
Рыноктар әдетте қаржы (капитал рыноктары) және тауар ( тауарлар, қызмет көрсету және еңбек рыноктары), ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Елдің ішкі рыноктарының жиынтығы ұлттық рынокты, ал халықаралық рыноктар әлемдік рынокты ( ғаламдық рынокты) құрайды.
Рынокты кешенді зерттеу бағдарламасы тауардың ерекшеліктеріне, кәсіпорын қызметінің сипатына, экспортталатын тауарларды өндіру ауқымына және көптеген басқа да факторларға байланысты. Дегенмен сыртқы рыноктарды зерделеуің бірнеше әдеттегі бағыттарын атап көрсетуге болады:
- рынок сыйымдылығын және/немесе оның жекелеген сараланымдарын анықтау;
- рынок жағдаяты ( конъюктурасы) мен өткізуді болжау;
- сатып алушылардың мінез-құлқы;
- бәсекелестердің қызметінің тәжірибесі;
- фирманың тауарды енгізуіне алдын ала щамаланған реакциясы (жауапты әсері)
Шетел рыноктарының маркетингін зерттеу процесі келесі кезеңдерден тұрады:
- рыноктық проблемаларды ( мәселерді) анықтау;
- зерттеулердің міндеттері мен көлемін анықтау;
- зерттеулердің жоспарын жасау;
- деректер жинау;
- нәтижелерді қорыту және есеп беруді дайындау.
Халықаралық рыноктарды зерделеу кезінде рынок дамуының беталыстары мен жалпы жағдайлары туралы ақпарат қажет, олар мына жерлерде қолданылуы керек:
- кәсіпорын шығаратын өнім жататын салада;
- осы өнімді өндіретін және тұтынатын елдерде;
- өнімді сатушы, тұтынушы және жекелеген өндіруші-фирмаларда.
Шетел рыногын зерттеу келесі қағидаларға ( принциптерге ) сүйенеді:
- нысаналық – рынокты зерттеу бойынша жүргізілетін жұмыстар кәсіпорынның міндеттері, мақсаттары, оның қызмет бағыттармен тығыз байланыста болуы керек;
- кешенді тәсілдеме - зерттелініп отырған рыноктың барлық негізгі элементтерін зерделеу керек, осы тауар рыногын талдау оған әсер ететін факторлармен байланысты болады;
- рынокты талдау мен қадағалауды әрдайым және бірқалыпты жүргізіп отыру керек;
- ақпарат көздерінің көптүрлілігі – ақпараттың бір ғана емес, бірнеше көздерін зерттеу керек;
- ғылымдық – зерттеулердің әділдігін, дәлелділігін және дәлдігін білдіреді.
Шетел рыноктарының маркетингтік зерттеулерінің құны мен ауқымы керекті ақпараттың сипаты мен көлеміне байланысты [7, 29-34б.]
Халықаралық рыноктарын зерттеу процесін қарастыра отырып, оның ішкі рыноктарды зерттеуден өзіндік ерекшеліктері бар екенін көруге болады.
Халықаралық нарықты зерттегенде келесі үш негізгі талапты орындау қажет:
- зерттеуде ең пайдалы жобаларды таңдап алу;
- нәтиженің салыстырмалығы;
- маркетинг зерттеу қызметін үлкен ауқымда ұйымдастыру;
Маркетингтік зерттеуде кездесетін негізгі мәселелердің бірі – зерттеу нәтижелілігінің салыстырмалылығы. Ұлттық рыноктардың әр алуандығы, айырмашылықтары, әр түрлі елдердегі қабылдама мен пікірлер баламалылығының теңсіздігіне байланысты зерттеу нәтижелерін салыстыру мүмкін емес. Мысалы, Жапон тұтынушыларының тауарға деген сапа деңгейі Қазақстан тұтынушысына қарағанда өте өзгешелеу.
Әр түрлі елдерде маркетингтік зерттеу нәтижелерінің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін келесі ерекшеліктерді есте сақтау керек. Негізгі ерекшеліктерге жататындар: тілдер, мәдени құндылықтар, тұтыну үлгісі, мақсатты топтар мен рыноктардың саралымдары, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, маркетингті қоршаған жағдайлар, ақпарат көздері және валюта сипатындағы мәселелер. Әр саты өзінің ерекшеліктері мен қызметтері сан алуан болып табылады. Міндеттерді анықтау сатысында зерттеу себептерін және соған сәйкес міндеттерді белгідейді. Деректер жинау сатысында зерттеу жүргізу мақстаныда деректер жиналады.
Сыртқы рыноктарда қолдануға болатын маркетингтік
зерттеу үдірісі
Міндеттерді анықтау |
|
Зерттеудің жоспарын әзірлеу |
|
Деректер жинау |
|
Деректерді түсіндіру |
|
Нәтижелердің қорытындысы және есептеме дайындау |
|
|
Міндеттерді жасақтау (немесе қайта жасақтау) және зерттеудің себептерін айқын анықтау керек. Жалтару керек: - анық емес аталымдардан; - дұрыс қойылмаған міндеттерден; - ешқандай маңызы жоқ жобалардан; -негізгі мақсат жасырын немесе белгісіз зерттеулерден; - барлық мүдделер арасында
зерттеу шеңбері жөніндегі - зерттеуді жүргізуге
рұқсат беретін құжаттарды - қаржы болу кезінде
ең алдынғы қатардағы |
Мақсаттарды атап өтіңіз: - шешімді қажет ететін міндеттерді анықтау; - мүмкін болатын әдістерді бағалау; -толық жоспарды құрып, оларды талдап шығыңыз; - зерттеулер жүргізу үшін басым салаларды айқындау мақсатымен алдын ала «кабинетті зерттеуді» жүргізіңіз; нәтижелердің салыстырма-лығына кері әсерін тигізетін айқынсыздық-тарды анықтау; -нәтижелердің салыстырма-лылығына қатысты проблемалар аз кездесетін әдістемені таңдап алыңыз; халықаралық рынокты зерттеуде тәжиребесі бар зерттеуагенттігін таңдап алу. |
Деректерді алатын:
- ішкі күздерді анықтаңыз;
- сыртқы күздерді анықтаңыз
- ауызша және жазбаша сұраулар жүргізу;
- берілген жауаптардағы қателерді бағалаңыз;
деректерді салыстыр-ыңыз; - жеке қателерді,
оның ішінде сұрау жүргізген
адамдардың объективті |
Ең негізін атап өтіңіз: - деректреді кестеге салып, оларды жіктеңіз және қиыстырылған жіктеуін жасаңыз; проблемаларға тікелей қатысы бар деректерді ретке келтіріп, біріктіріңіз; - өзара байланыстары бар деректерді зерттеп біліңіз; -нәтижелер-дің салыстырма-лығын тексеріңіз; - күтпеген нәтижелердің пайда болуы жергілікті жерлердің жіберген қателіктері салдарынан болғанына көз жеткізіңіз. |
- жалпы қабылданған түрде нәтижелерді жинақтаңыз; - барлық қызығушылық білдіргенде алынған нәтижелерді үлестіріңіз; - шетел фирмаларының қызметкерлері түсінетін деректерді тапсырыңыз; - тіл мен аталымдар (терминдер) жиынтығының даму барысын қадағалап отырыңыз; - жергілікті жерде реніш тудыратын қорытындылардан аулақ болыңыз.
|
Сыртқы рыноктарда қолдануға болатын маркетингтік зерттеу үдірісіне келсек, кесте мәліметіне сүйенсек, ол мынадай сатылардан тұрады (кесте 2) [2]:
- міндеттерді анықтау;
- зерттеудің жоспарын әзірлеу;
- деректер жинау;
- деректерді түсіндіру;
- нәтижелердің қорытындысы және есептеме дайындау.
Әр саты өзінің ерекшеліктері мен қызметтері сан алуан болып табылады. Міндеттерді анықтау сатысында зерттеу себептерін және соған сәйкес міндеттерді белгідейді. Ал зерттеудің жоспарын зерттеу сатысында міндеттерді анықтағаннан кейін соған сәйкес жоспар құрылып, талданады. Деректер жинау сатысында зерттеу жүргізу мақстаныда деректер жиналады. Деректерді түсіндіру сатысында өзара байланысы бар деректерді зерттеп, нәтижесін шығару. Нәтижелердің қорытындысы және есептеме дайындау кезеңінде алынған деректерді қорытындылап, соңғы нәтижені бекіту.
Жобаларды таңдауда ең басты міндет – маркетингті зерттеу кезінде кететін жалпы ақталмайтын шығындарды бюджеттің қаржысынан алып тастау. Көптеген елдерде бұл міндетті фирмаларда орталық аппарат шешеді, өйткені шығындарды жоспарлау және бақылау бір орталықтан жүзеге асырылады. Зерттеу жобаларын таңдап алу мен олардың әлуетті қайтарып беруін бағалау үшін зерттеу жобаларын бақылау әдісі қолданылады. Оның мәні – алдын – ала болжанған шығындар мен қайтып келетін пайданы салыстыруда. Зерттеу жобаларын таңдауға мынадай өлшемдерді жатқызуға болады:
а) экономикалық немесе саяси жағдайлары тұрақсыз елдерге немесе аймақтарға қарағанда экономикасы тұрақты елдерде жұмсалатын қорлар жоғары деңгейде өтеледі;
ә) тауарларды көп тұтынатын елдер таңдап алынуы керек( бұлар, яғни экономикасы дамыған және дамушы елдер, бірақ дамушы елдер «а» өлшеміне көп сәйкес келмейді);
б) рынок сыйымдылығына қатысты зерттеу құнына адам ресурстарының құны сияқты қаржылық сипаттарға көп мән берілуі тиіс;
в) заңдарға немесе мемлекеттік реттеу шараларына байланысты шектеу факторлары да есепке алынуы керек.
Сыртқы рыноктарға бағдарланған маркетингтік зерттеудің қызметін ұйымдастыру маркетингті зерттеу жөніндегі бөлімінің байланыстарын басқарудың жалпы құрылымын да анықтайды, яғни осы бөлімдердің рөлі, міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершіліктері белгіленуі керек. Зерттеу қызметкерлерінің орны мен рөлін анықтау үшін келесі мәселелер шешілуі қажет:
- сыртқы рыноктардағы зерттеулердің орталықтандырылуы және орталықсыздандырылуы;
- шекара бөлімшелеріндегі маркетингтік зерттеуді басқаруды ұйымдастыру;
- орталыққа бағынатын зерттеушілер мен сол жерде істейтін басқа да қызметкерлердің өзара байланыстарын қамтамасыз ету;
- бөлімшелер арсында ақпаратпен және оның құндылығын бағалау;
- маркетинг жоспарын әзірлеу жауапкершілігі;
- зерттеу жүргізілуін бақылау;
- зерттеуге қорларды бөлісу;
- зерттеу нәтижелерінің салыстырмалығы.
Халықаралық саладағы
мамандарға көмектесу үшін
Халықаралық рынокты зерттеудің жобасын жоспарлау бойынша
Р/С |
Сұрақтар |
Жауаптар | |
Иә |
Жоқ | ||
1 |
Зерттеуді жүзеге асыруға жеткілікті уақыт берілді ме? |
||
2 |
Мақсаттар нақты анықталған ба? |
||
3 |
Барлық көрсеткіштер анықталған ба? |
||
4 |
Айқын емес мәселелер жойылған ба? |
||
5 |
Егер зерттеу жобасы бірнеше алғышартпен құрылса, олардың негізділігі тексерілді ме? |
||
6 |
Орналасқан жердегі |
||
7 |
Зертеушілер ең қолайлы әдіснаманы таңдауды алуға қатысты ма немесе бұл сұрақта келісушілік болды ма? |
||
8 |
Нәтижелердің |
||
9 |
Белгілі бір әдіснама таңдап алынғаннан кейін сұраулар тізімі мұқият құрылды ма? |
||
10 |
Сұраулар тізіміне енгізілген
сұрақтардың екі мәнді |
||
11 |
Түзету коэффициенттері өзара келісіліп, анықталынды ма? |
||
Кесте [1] әдебиет көзінен алынған | |||
Шешілмеген сұрақтарға жауаптар алынбайынша зерттеу жобасы жүзеге асырылмайды. Кестедегі сұрақтарға жауаптар алу бақылау жасаудың жай нысаны, бірақ қажетті тәртібі болып табылады. Оның қажеттілігі маркетингтің зерттеу процесінің және маркетингтік операцияларды жүргізудің шығарылуына негізделген. Өкінішке орай, егер бақылау тізімінде келтірілген сұрақтарға бекітілген жауаптар алу үшін қолайлы жағдайлар жасалынбаса, айтарлықтай қиындықтар туындайтынын зерттеушілер мен менеджерлердің барлығы түсіне білмейді. Олай болмаған жағдайда, халықаралық ауқымда жүргізілетін зерттеулердің күрделі жобаларын жүзеге асыруға бөлінген компанияның қаражаттары тиімсіз жұмсалынған болып шығады.
Қорытындылай келе, шетел рыноктарындағы стратегиялық басқару, басқа елдер рыноктарына қойылатын талаптардың өзгеруіне сәйкес фирманың іс-әрекеттерін алдын ала болжау, тауар өткізу, баға және ынталандыру саясаты аясында әлемдік ауқымдағы бәсекелестердің мүмкін реакциясын ескере отырып, өзара байланысқан шараларын кешенін әзірлеу және т.б. фирманың елден тыс өндірістік-өткізу және ғылыми-техникалық қызметін ұйымдастыру халықаралық нарықты зерттеудегі басты мәселелері болып табылады.
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚР-Ң НАРЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРКЕТИНГТІҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1 ҚР кәсіпорындарының
халықаралық марктетингті
Халықаралық және ғаламдық маркетингтің дамуы отандық кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені әлемдік экономиканың бірігуіне және шетелдік капиталды жұмылдыруға оның ықпалы зор. Ұлттық және халықаралық маркетинг арасында аса қатты өзгешелік болмаса да, халықаралық маркетингте әр түрлі елдердің салттары мен заңдары, діні, мәдениеті, экономикасының өзгешелігіне байланысты бірқатар ерекшеліктері бар.
ҚР маркетинг бөлімінің деңгейін білу нәтижесінде 164 үлкен және орта кәсіпорындарының директор бөлімдерінен сауалнама жүзгізілді. Сауалнама жүргізу бойынша көптеген жеңіл және тамақ өнеркәсібінде нарықты зерттеу, тауар мен коммуникация саясатын қамтамасыз ететін маркетинг бөлімдері құрылған. Тек 17% респонденттер маркетинг бөлімі жоқ екенін жауап берді. Олар көбінесе тау-кен және мұнай кәсіпорындарда "Казақмыс", "Харрикейн Құмкөл Мұнай", ТОО СП "Казгермұнай" және т.б. құрылмаған [3, 56-57б.].