Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................4

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ  ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ  ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Халықаралық теңіз құқығының  ұғымы.........................................................8

1.2 Халықаралық теңіз құқығының  даму тарихы..............................................11

1.3 Халықаралық теңіз құқығының  қайнар көздері..........................................14

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ

2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі  халықаралық теңіз құқығы............24

2.2 Халықаралық теңіз дауларын  шешу рәсімдері...........................................29

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ  ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ  РЕТІНДЕ

3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39

3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы  Теңіз құқығы бойынша 

конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64

ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік мұхит мәселесі дүниежүзілік саясатта аса маңызды орындардың бірін  иеленеді: осы кеңістікте бейбітшілік  пен ынтымақтастықтың мүдделеріне, халықаралық қауіпсіздік пен халықтардың ілгерілеуін қамтамасыз етуге жауап беретін халықаралық құқық тәртібі орнатылуы қажет.

Теңіз құқығы бойынша  Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына  қол қойғаннан кейінгі жылдары  дүниежүзілік қауымдастық конвенцияның халықаралық оқиғаларға оң ықпалының куәгері болды. Атап айтқанда, жағалаудан 12 теңіз милі шегінде теңіз кеңістігінің егемендігіне бір жақты тартыстар азайды. Айрықша экономикалық аймақ ретінде жаңа институт бекітілді. Балық аулау саласындағы өткір қайшылықтар да азая бастады. Сонымен қатар, конвенцияның күшіне енуі күрделі кедергілерге тап болды. Оған қол қоюға белгіленген, екі жылдың ішінде конвенцияға 159 қол қойылған болса, кейінгі жылдары Конвенция тек 33 ратификацияны ғана жинай алды.

Дүниежүзілік мұхитты игеру адамзаттың өмір тіршілігінде барынша зор рөл атқарады. Аталған факт қазіргі кезеңгі дүниежүзілік дамуға ілесетін екі объективтік процеспен түсіндіріледі: адамзаттың ғылыми-техникалық әлеуетін ұлғайту, минералдық, сондай-ақ, биологиялық сияқты жер ресурстарын қайта қалпына келмейтін тозуы. Теңіздер мен мұхиттардың мағынасы туралы мынадай факт бойынша да талқылауға болады: сыртқы сауданың нақты көлемінің жартысынан артығы бүгінгі таңда теңіз жолымен тасымалданады. Соңғы 50 жылда балықтың жылдық аулауы 5 есе ұлғайды және ғалымдардың болжамы бойынша, 2008 жылы 1,90 миллион тоннаны құрайтын болады. [1, 59 б.]

Тірі ресурстардан басқа, дүниежүзілік мұхитта пайдалы қазбалардың  орасан зор қоры бар: мұнайдың ғана теңіздік шығарылымын бүгінгі таңда 80-нен артық ел жүзеге асырады. Оны игеру қазіргі кезеңнің жаһандық мәселелеріне жатады, сондықтан қандай да бір деңгейде барлық мемлекеттердің мүддесін білдіреді. Теңізді пайдаланумен байланысты бірқатар экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу ұжымдық күш жұмсауды қажет етеді. Мұндай жағдайда халықаралық құқық субъектілерінің тиісті қызметін реттейтін құжаттар аса маңызды болып табылады. Халықаралық, аймақтық және екіжақты негізде жасалған түрлі келісімдер, бір жағынан- дүниежүзілік мұхитты болашақ ұрпақ үшін оңтайлы пайдалану жолымен ресурстарын сақтап қалуға, екінші жағынан – осы қызметке барлық мемлекеттердің қатысуының тең мүмкіндіктері мен жағдайларын кепілдік беруге негізделген.

Бірқатар қазіргі кезеңгі  халықаралық-құқықтық құжаттар (олардың ең бастысы 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы болып табылады) мұхиттар мен теңіздерге ұлттық юрисдикцияны кеңейту үрдісінен көрініс береді. Осы аталған процесс барлық дерлік мемлекеттердің мүддесіне сай келеді деп айту қиын, өйткені қарастырылып жатқан салада халықаралық теңіз құқығы субъектілерінің теңдік принципіне күмән келтіреді. Олардың көзқарасы тұрғысынан, барынша әлсіз тұстарының бірі ішкі континентальдық жағдай болып табылады және өзіндік жағрапиялық сипаттамасы негізінде өздеріне қажетті дүниежүзілік мұхит аудандарына ұмтыла алмайды. Осының салдарынан осы мемлекеттердің теңіз ресурстарын толық дәрежеде пайдалануы мүмкіндіктерінің нашарлауы болды. Айрықша экономикалық аймақ және континентальдық шельф режимдерін халықаралық-құқықтық нығайтуы мемлекетті тең емес жағдайға қояды, бұл олардың айрықша жағрапиялық жағдайға себепші болған. Нәтижесінде, тек қана нақты емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтағы түрлі субъектілердің заңды мүмкіндіктер де тең емес болды, мұны дүниежүзілік құқық тәртібінің негізге сүйенген принциптерінің қатаң бұзушылық ретінде қарастыруға болады. Мәселе дүниежүзілік қауымдастықпен халықаралық теңіз құқығының тиісті нормаларын жасау мен соңғыларын практикалық жүзеге асыруда көрініс берумен танылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болған соң, дүниежүзілік мұхитты экономикалық және ғылыми мақсаттарда пайдаланумен байланысты мардымды қиындықтарды басынан өткізді. Республикада осындай тиісті міндеттерге бағдарлануы қажет ұлттық экономика сол салалары дамымайды. Мемлекеттің халықаралық саудаға қатысу онда қажетті мұхитқа шығу құқығының болмауынан қиындайды, бұл халықаралық шарттық практикамен нақтыланады. Екінші жағынан, бүгінгі таңда республикада ішкі континентальды мемлекеттер үшін халықаралық-құқықтық құжаттармен қарастырылған сол мүмкіндіктерді пайдаланудың айқын тұжырымдамасы жоқ.  Қазақстанның аталған мемлекеттер санатына кіруі туралы мәселесі де ашық қалып отыр. Теңіз ресурстарын пайдаланумен байланысты адамзаттың қызметін күшейту шаралы бойынша, республиканың осы салада артта қалуы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне барынша күрделі зиян келтіреді. Осыған байланысты халықаралық теңіз құқығы тақырыбы қазақстандық ғылымда зерттеу үшін қажетті және өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттеу  дәрежесі. Зерттеу кезінде М.А. Сәрсембаевтың, И.М.Авраменконың, Е.Ю. Бархатованың, К.А. Бекяшевтің, М.Е. Волосовтың, В.В.Серебряковтың, В.Н.Гуцуляктың, Ю.А.Зюбановтың, Б.М. Клименконың, А.А. Ковалевтің, С.А. Гуреевтің және т.б.  жұмыстарының материалдары пайдаланылды.

Жалпы алғанда, қазақстандық ғылымда халықаралық теңіз құқығы жеткілікті зерттелмеген. Жалғыз іргелі жұмыстардың бірі ретінде                   А.А. Сәлімгерейдің «Морское право и внутриконтинентальные государства» (Алматы, 2000), М.А. Сәрсембаевтың «Международное право» (Алматы, 1999), Ж.О. Құлжабаевтың «Международное публичное право» (Алматы, 2002) еңбектері болып табылады. Басқа жағдайда, тақырыптың жекелеген аспектілерінің әзірлемелері мерзімдік әдебиеттерде мақалалар деңгейінде ұсынылған.

Халықаралық теңіз құқығы ресей ғалымдарының жұмыстарында теориялық және проблемалық құндылығы жағынан барынша егжей-тегжейлі зерттелген.

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы  халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.

Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
  2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
  3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Халықаралық құқық қатынастары  зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеу пәні – халықаралық теңіз құқығы нормалары.

Әдістемесі. Жұмыста тарихи, логикалық, салыстырмалы-талдау, проблемалық, диалектикалық, перспективалық және ғылыми талдаудың өзге де әдістері пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, жеті тармақша енетін үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

                   1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Халықаралық  теңіз құқығының ұғымы

 

Халықаралық теңіз құқығы жалпы халықаралық құқық жүйесінің  бөлігі болып табылады. Бұдан, халықаралық  қатынастарды реттейтін қазіргі  кезеңгі халықаралық құқықтың барлық жалпы танылған принциптері мен  нормалары дүниежүзілік мұхит кеңістіктері мен ресурстарын игеру процесінде қатынастары мен қызметтерін құқықтық реттеудің негізі болып табылады.   [2, 78 б.]

Халықаралық дәстүрлер барлық дерлік мемлекеттермен  танылмағандықтан, соның салдарынан олардың арасында сол немесе өзге де халықаралық-құқықтық норма жалпыға міндетті ретінде жүзеге асыратындығы туралы мәселе бойынша даулар жиі туындады.

Сондықтан теңіз құқығы нормаларын әмбебап деңгейде кодификациялау талап  етілді. Әсіресе, мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық революция кезеңінде туындады, онда теңіз шаруашылығының жаңа технологиясының пайда болуы теңіз ресурстары мен кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге ауысуы үшін шынайы жағдайлар жасады, бұл дүниежүзілік теңіздегі мемлекеттердің ғылыми зерттеулер, мұнай және газға барлау және пайдалану бұрғылау, теңіз түбінің пайдалы игерілетін терең сулы аймағын өңдеу, мұхит экспедициялық балық шаруашылығы және т.б. сияқты қызметінің жаңа түрлерін қамтиды. Барлық бұл мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеуді талап етті. [3, 87 б.]

Ұлттық лига эгидасымен шақырылған Гаага конференциясымен 1930 жылы қабылданған  аймақтық судың құқықтық режиміне жататын  нормаларын алғаш рет кодификациялау талпынысы теңіз державаларының қарама-қайшылықты көзқарастарының  салдарынан табысты болмады. Тек қана оны алдағы уақытта қарастыру үшін Конвенцияның жобасы ғана әзірленді.

Женевада 28 жылдан кейін ғана 86 мемлекеттің  қатысуымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы бойынша І конференциясы  барысында теңіз құқығының барлық маңызды қарапайым-құқықтық принциптері мен нормалары әмбебап деңгейде алғаш рет кодификациялауға қол жеткізілді. Теңіз құқығының дәстүрлі нормаларымен қатар, «континентальдық шельф» сияқты жаңа құқықтық түсінігі оның режимінің тиянақты регламентациясымен енгізілді.

1958 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының І конференциясының жұмысының нәтижесінде 4 конвенция қабылданды: аймақтық теңіз және оған шектес аймақ туралы конвенция, ашық теңіз туралы конвенция, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция және континентальды шельф туралы конвенция. Конференцияда ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу туралы, теңіздің радиоактивтік қалдықтармен ластау туралы, балық аулау туралы және тарихи су туралы резолюциялар мақұлданды. [4]

Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз  құқығы бойынша І конференцияның маңызы халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болғандығында. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері, ең алдымен, шарттар (конвенциялар) болды. Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың ерекше саласы ретінде түбегейлі қалыптасты.

Осы уақытта конференцияда шектес жатқан мемлекеттер тірі ресурстарға  байланысты құқықты жүзеге асыра  алатын аймақты су және олармен жапсар жатқан ерекше аймақтардың сыртқы шегі туралы мәселені шешу мүмкін болмады.  Бұл, атап айтқанда, қарапайым нормалардың туындауына әкелді, онда аймақтық су кеңдігі және балық аулау аймағының юрисдикциясы 12 теңіз милі шегінен артық қолданылмады. Мемлекеттердің біржақты практикасында алалық болды.

Жоғарыда аталған проблемаларды, атап айтқанда, аймақтық теңіздің кеңдігі туралы мәселені шешу үшін арнайы құрылған 1960 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының ІІ конференциясы нәтижесіз аяқталды. Бұдан басқа, 1958 жылғы Женева конвенциясын әзірлеуге қатыспаған көптеген дамушы мемлекеттер дүниежүзілік теңіздің қолданыстағы режимдерін қайта қарауды талап етті.

Осы мақсатпен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1970 жылғы 17 желтоқсандағы  № 2570 С (ХХV) резолюциясын қабылдады. Аталған  резолюцияға сәйкес, барлық теңіз  кеңістігінің жаңа құқықтық режимін  әзірлеу мақсатында, 1973 жылы теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ІІІ конференциясын шақыру туралы шешім қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымының ІІІ конференциясы 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылды және жаңа халықаралық-құқықтық актіге – 1982 жылғы халықаралық теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қол қоюмен аяқталды. Бұл конвенция халықаралық теңіз құқығының жалпыға танылған принциптері мен нормаларын, оның ішінде 1958 жылы Женева Конвенциясында бұрын бекітілген принциптер мен нормаларды жетілдірді және бір жүйеге келтірді. Осымен қатар, халықаралық теңіз құқығының жаңа түсінігі мен институттары – «айрықша экономикалық аймақ», «архипелаг суы», «аудан» және басқалары әзірленді.

1994 жылы (16 қарашада) Біріккен Ұлттар  Ұйымы күшіне енді (2000 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияның қатысушысы болып табылмайды), сонымен қатар, 1982 жылғы 10 желтоқсандағы «Теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ХІ Конвенциясының бөлігін жүзеге асыру туралы келісім» күшіне енді.

1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы мен 1958 жылғы Женева конвенциясынан басқа, қазіргі уақытта 40-тан астам конвенция әрекет етеді, бұл теңіз ортасы мен биоресурстарды қорғау, теңізде адам өмірін қорғау, халықаралық кеме қатынасы бойынша, кемелердің ластауын алдын-алу және тағы басқа мәселелерге қатысты арнайы жан-жақты және екі жақты конвенциялар  болып табылады. Олардың арасында Қазақстан 1969 жылғы 29 қарашадағы мұнайдан ластаудан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияның; 1969 жылғы 23 маусымдағы кемелерді өлшеу бойынша халықаралық конвенцияның; 1978 жылғы 17 ақпандағы xаттамамен өзгертілген 1973 жылғы кемелердің ластауын алдын-алу бойынша халықаралық конвенцияның; 1972 жылғы 20 қазандағы теңізде кемелердің соқтығуын ескертудің халықаралық ережелері туралы конвенцияның; 1978 жылғы 07 шілдедегі моряктарды даярлау, диплом алуы және вахтадағы қызметі туралы халықаралық конвенциясы; 1974 жылғы 01 қарашадағы теңізде адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенциясы және 1966 жылғы 5 сәуірдегі жүк маркасы туралы халықаралық конвенциясы сияқты конвенциялардың толық құқықты қатысушысы болып табылады. [5] Жоғарыда аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасы 1994 жылы қосылған болатын.

Сонымен, қазіргі кезеңгі халықаралық  теңіз құқығы дүниежүзілік мұхитта олардың қызметіне байланысты халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын реттейтін заңды принциптер мен нормалар жүйесін білдіреді.

1.2 Халықаралық  теңіз құқығының даму тарихы

 

Жеке сала ретінде, халықаралық  теңіз құқығы өзінің дамуының ұзақ жолын басынан өткеріп, ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Теңіз құқығының алғашқы нормалары  құл иеленушілік құрылысы дәуірінде қалыптаса бастады. Мысалы, мысал ретінде көптеген авторлар келтіретін Родосс кодексі құқық иеленуші құрылысы дәуірінің алғашқы кодексі болып табылады, ол сол уақыттағы теңіз сауда салттарын біріктірді. Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІV ғ. ішінде Рим және Карфаген арасында бірқатар шарттар жасалды, оған сәйкес Карфаген және Лациум шығанағында, Испания, Ливия, сардиния жағалауларында шекара мен жүзу режимдері белгіленген болатын. Сонымен қатар, мемлекеттермен «Basilika» кодексі, «Consolato del Mare» «Законы Висби», «Олеронские свитки» сияқты осындай әйгілі кодекстер қабылданған болатын. Жалпы алғанда, құл иеленушілік құрылысы және феодализм дәуірі көптеген қалыптасқан теңіз құқығы нормалары, ең алдымен, жеке-құқықтық, мүліктік қатынастар және бастысы, ішкі құқық жүйесіне жатқызылды. Ұзақ уақыт бойы Римнің Жерорта теңізіне иелік етуіне қарамастан, сол уақыттағы рим құқығы бойынша теңіз барлық адамдардың жалпы пайдалануынан тұрды. Бұдан, антикалық заманның өзінде еркін теңізде жүзу енетін, теңіз құқығының маңызды принципі ретінде ашық теңіздің ашықтығын тану туралы тұжырым жасауға болады. Феодалдық құрылыс және мемлекеттің капитализмге ауысуы кезеңінде дүниежүзілік мұхит кеңістіктерін құқықтық реттеу мәселелеріне әртүрлі қарады. Бірқатар мемлекеттердің теңіздер мен мұхиттарды толығымен өзінің жеке меншігі ретінде жариялау талпыныстары да болды. Сонымен, ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы жағрапиялық жаңалықтар кезеңінде Испания мен Португалия 1494 жылғы және 1529 жылғы шарттармен Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының орасан үлкен су кеңістігін өзара бөліп алды. Осындай талаптар өзге де мемлекеттермен  алға тартылды. Дания Балтық және Солтүстік теңіздеріне және оларды біріктіретін бұғаздарға, сондай-ақ Атлант мұхитының солтүстік-батыс бөлігіне өзінің егемендігін таратты. [6, 18 б.]

Сауда теңіз жүзуінің тез арада дамуы теңіздерді барлық мемлекеттер пайдалану үшін ашық деп тануға күрес және жекелеген мемлекеттердің теңізге деген егемендігіне қарсы бас көтерулер біртіндеп бой көтере бастады. Теңіздердің еркіндігі талаптарына голландық халықаралық құқық ғылымының негізін салушы Гуго Гроцияның 1969 жылы шыққан «Mare libreum» кітабында жан-жақты  негіздеме жасалған болатын. Өз еңбегінде    Г. Гроций мемлекеттердің және жеке тұлғалардың ашық теңізге иелігін орнату мүмкін еместігі туралы және ашық теңізді пайдалану оны өзгелердің пайдалануына кедергі келтірмеуі керек деп жазды. [6, 24 б.] ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл принцип халықаралық құқық доктринасында мемлекеттер практикасында қайшылықтарға тап болмады.

Ашық теңіз институтының дамуымен қатар, аймақтық суға немесе аймақтық теңізге жататын нормалар қалыптасты. Аймақтық теңіз шегінде әрекет ететін және осы судың табиғи ресурстарын пайдалану бойынша кез-келген шетелдік қызметке тыйым салатын  егемендік принципі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бекітілді. Мемлекеттердің, бір жағынан өзінің жеке экономикасын дамыту үшін қажетті теңіз ресурстарымен қамтамасыз етуге, екінші жағынан – жағалауда орналаспаған мемлекеттердің оларды «қайта пайдаланудың» алдын-алуға талпыныс күрт өсті. Бұл ұлттық актілерді қабылдау есебінен жағалаудағы мемлекеттердің билігінің кейбір уақытта негізделмеген, жағрапиялық және заңды шектерін кеңейтуге әкелді. [7, 135 б.]

Аймақтық судың сыртқы шегі туралы мәселе барынша күрделі  болды. Аймақтық судың кеңдігін зеңбірек оғының ұшу ұзақтығымен, жағалау  батарея әрекеттерімен анықтау  ұсынылды.

ХVІІІ ғасырдың соңында итальян заңгері М. Гальяни аймақтық су шегін 3 теңіз милін санауды ұсынды. Мемлекет практикасында, өз кезегінде, аймақтық теңіз кеңдігін 3-тен 12-ге дейінгі теңіз милі шегінде белгіледі. Ашық теңіз бостандығы принципінің ықпалымен шетелдік кемелердің аймақтық теңіз арқылы бейбіт өту құқығы жалпы танылды. [7, 112 б.]  

Мемлекеттің ашық теңізінде  балық аулау бостандығын танумен  қатар, балық пен теңіз өнімдерін  жақын жатқан суда аулау айрықша  құқығын қамтамасыз етуге тырысты. [7, 113 б.]

Мемлекеттің теңізде жүзудің жекелеген арнайы мәселелері бойынша халықаралық келісімдер жасасты. Бұл - ХVІІІ ғасыр бойы Ресейдің басқа мемлекеттермен ашық теңізде от шашуға тыйым салу туралы, 1780 жылғы қарулы бейтараптылығы туралы декларация, 1856 жылғы теңіз соғысы туралы декларациясы, 1884 жылғы суасты телеграф кабельдерін қорғау туралы Конвенциясы, 1888 жылғы Суэц каналы режимі туралы Конвенциясы.

1.3 Халықаралық  теңіз құқығының қойнар көздері

 

Барлық салалар үшін жалпы негізгі принциптермен  қатар, теңіз құқығында ұзақ уақыт бойы әзірленген өзіндік жеке принциптер де бар.

Теңіз ортасын ластаудың  алдын-алу принципі 1954 жылғы теңізді  мұнайдан ластаудың алдын-алу жөніндегі xалықаралық конвенциясы алғаш рет  бекітілді. Преамбулаға сәйкес, конвенцияда  кемелерден төгілетін мұнаймен теңізді ластаудың алдын-алу жөніндегі келісілген шаралары бекітілді. Бұл келісімдер мұнайды құюға тыйым салатын аймақтарды белгіледі.

Халықаралық теңіз құқығының  тағы бір принципі ашық теңізді бейбіт мақсатта пайдалану принципі болып  табылады. Бұл принциптің негізгі міндеті мемлекеттің теңіз қызметімен күш қолдану күш қолдану туралы қауіп туғызуды жою және соңында теңіздер мен мұхиттарда мемлекеттердің әскери әрекетіне тыйым салу, іс жүзінде тек дүниежүзілік мұхит кеңістігін бейбіт пайдалануды қамтамасыз етуде болды, бастапқыда аталған принцип теңіздердің және мұхиттардың түбінде және олардың жер қойнауында ядролық қаруды және жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерін пайдалануға тыйым салу туралы шарт (1971 жыл) бекітілді. Жалпы қалыпта бұл принцип 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы туралы конвенциясының 88-бабында көрсетілді. Бұл бапта ашық теңізді бейбіт мақсатта ғана пайдалануға болады деп көрсетілген. Осы Конвенцияның преамбуласында онымен белгіленген құқықтық режим, теңіздер мен мұхиттарды тек қана бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал етуі керек.

Халықаралық теңіз құқығы көзқарасы бойынша, жалпы дүниежүзілік мұхитты теңіз кеңістігінің үш негізгі  заңды санатына шартты түрде бөлуге болады:

1) жағалауындағы мемлекеттің,  оның егемендігі әрекет ететін шегінде (ішкі теңіз суы, аймақтық су) аумақтың ажырамас бөлігі болып табылатын;

2) жағалауда орналасқан  мемлекеттің аумағы құрамына  енбейтін, бірақ оның юрисдикциясы  немесе бақылауына бағынысты   болатын (айрықша экономикалық  аймақ, жағалаудағы аймақ, континентальды шельф);

3) қандай болмасын  мемлекеттің егемендігіне де, юрисдикциясына  да бағынысты емес мемлекеттер  (ашық теңіз). [8, 23-24 б.]

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық жария құқығы ежелгі салаларының бірі болып табылады, осыдан олардың нормаларының кодификациясының өзіндік тарихы бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы құрылған комиссиясының ұсынысына сәйкес, 1957 жылғы 21 ақпандағы 1105 (ХІ) резолюциясымен әртүрлі мемлекеттердің өкілетті өкілдерінің халықаралық конференциясын шақыруды қаулы етті, конференцияда халықаралық құқықты заңды ғана емес, сонымен қатар, техникалық, биологиялық, экономикалық және саяси жағынан мәселелерді есепке ала отырып және олар сәйкес келеді деп санайтын өзге де актілерде немесе бір немесе бірнеше халықаралық конвенцияларда қарау керек болды.  БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы конвенциясы Женевада 1958 жылдың 24 мен 27 ақпан аралығында өтті. Конференцияда ұсынылған сексен алты мемлекеттің ішінен жетпіс тоғызы БҰҰ-ның мүшесі болып табылған, ал жетеуі оның мүшесі болмай, оның мамандандырылған мекемелері құрамына енгізілді. 1958 жылғы 29 сәуірдегі конференция төрт конвенция мен Факультативтік хаттаманы мақұлдады, олар 1958 жылғы 31 қазанға дейін қол қою үшін ашық болды. [4]

Ашық теңіз туралы конвенция отыз жеті баптан тұрады. Ашық теңіз деп аймақтық теңізге де, қандай да бір мемлекеттің ішкі суына енбейтін теңіздің барлық бөлігі деп түсіндіріледі. Ашық теңіз барлық мемлекеттер үшін де ашық және ешқандай мемлекет те өзінің егемендігі бойынша қандай да бір бөлігін бағынысты етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ашық теңіздің еркіндігі кеме қатынасы еркіндігі, балық аулау еркіндігі, суасты кабельдері мен су құбырларын салу еркіндігі, ашық теңіздің үстінен ұшып өту еркіндігі енеді. Кез-келген мемлекет, жағалауда орналасқан, орналаспағанына қарамастан, оның туымен кемелердің ашық теңізде жүзуіне құқығы бар.

Ашық теңіз туралы Конвенцияның 15-22 баптарында қарақшылық түсінігі беріледі және қарақшылар кемесін  тартып алу тәртібі реттеледі. 23-бапта  егжей-тегжейлі түрде егер шетел кемесі жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелерін бұзған болса, оның ізін кесу рәсімі беріледі. Конвенцияның 24-бабына сәйкес, кез-келген мемлекет теңіз суын кемелерден және құбырлардан немесе теңіз түбінің үстін немесе оның жер қойнауын барлау немесе өңдеу нәтижесінде мұнаймен ластаудың алдын-алу ережелері шығаруы керек. Бұл конвенция 1962 жылдың 30 қыркүйекте күшіне енді. [4]

Аймақтық теңіз және оған шектес аймақ туралы конвенция  отыз екі баптан тұрады және аталған  келісімнің 1-бабына сәйкес, мемлекеттің егемендігі оның құрылық аумағы және оның ішкі суларының шегінен, оның жағалауымен түйісетін аймақтық теңіз деп аталатын теңіз белдігіне дейін қолданылады. Жағалауда орналасқан мемлекеттердің егемендігі аймақтық теңіздің әуе кеңістігіне, сонымен қатар, оның үстіндегі және түбіндегі жер қойнауына қолданылады. Конвенцияның екінші бөлімінде аймақтық теңіздің шекараларын анықтау әдісі берілген. Аймақтық теңіздің сыртқы шекарасы аймақтық теңіздің тең көлемде сыртқы сызықтың жақын нүктесі аралығында болатындығы әрбір нүкте сызық болып табылады. Үшінші бөлім кемелердің аймақтық теңіз арқылы бейбіт өтуі тәртібін реттейді,  онда Конвенцияның 14-бабына сәйкес, жағалаудағы, сондай-ақ жағалаудан тыс орналасқан барлық мемлекеттердің кемелері аймақтық теңіз арқылы бейбіт өту құқығын пайдаланады. Бейбіт өту құқығы деп аймақтық теңіз арқылы ішкі суға енбей немесе ішкі суға еніп немесе ішкі судан ашық теңізге өтпей теңізді кесіп өту дегенді білдіреді. Конвенцияның төртінші бөлімі шектес аймақтың режиміне қатысты, бұл 12 теңіз милі шегінен артық қолданылмайды. [4]

Континентальдық шельф  туралы конвенция он бес баптан тұрады. Осы Конвенцияға сәйкес шельф  деп жағалауға түйісетін суасты аймақтарының, бірақ 200 м тереңдікке дейін немесе осы шектен алып жатқан судың тереңдігі осы аудандардың табиғи байлығын өңдеуге мүмкіндік беретін, осы аймақтық теңізден тыс жатқан, теңіз түбінің жер қойнауы мен үстіңгі жағы деп түсіндіреді. Жағалаудағы мемлекет континентальды шельф оның табиғи байлығын барлау және өндіру мақсатында егемен құқықтарын жүзеге асырады. Континентальды шельфке жағалаудағы мемлекеттің құқықтары олардың шельфті тиімді немесе жасанды түрді жаулап алуының болуынан немесе ол туралы тікелей өтініш білдіруге байланысты болмайды. Континентальды шельфке жағалаудағы мемлекеттің құқықтары ашық теңіз ретінде жабатын судың құқықтық мәртебесін де, осы судың үстінен әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесін де қозғамайды. [9, 44 б.] Континентальды шельфті барлау және алдағы уақытта оның табиғи байлықтарын барлау кеме қатынасына, балық аулауға немесе тірі теңіз ресурстарын қорғауға күрделі кедергі болмауы қажет, сондай-ақ, жариялау мақсатында орындалатын мұхит және өзге де ғылыми зерттеулерге кедергі келтірмеуі қажет. Ресурстарды өңдеу ауданында жағалаудағы мемлекет қауіпсіздік аймағын жасауға міндетті. Конвенция 1964 жылдың 10 маусымында күшіне енді. [4]

Ашық теңізде балық  аулау және тірі ресурстарды қорғау туралы конвенциясы жиырма екі баптан тұрады. Конвенцияның 1-бабына сәйкес, әрбір мемлекеттің өз азаматтарының  ашық теңізде, олардың ерікті міндеттемелерін сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттердің мүдделері мен құқықтарын  ескере отырып, балық аулаумен айналысуына құқық береді, бұл Конвенцияда және оған қосымшада көзделген.

Қатысушы мемлекеттер  өз азаматтарына қатысты ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау үшін қажетті болып табылатын шараларды қабылдауға өзге мемлекеттермен бірлесіп қатысуға немесе шаралар қабылдауға міндетті. Конвенцияда ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау деп азық-түлік өнімдерімен және өзге де теңіз өнімдерімен жеткілікті жабдықтауға қол жеткізу үшін осы ресурстардың тұрақты аулаудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге шаралар жиынтығы деп түсіндіріледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1307 өз резолюциясымен Бас хатшыға аймақтық теңіз көлемі туралы мәселелер мен балық аулауға арналған шегінде алдағы уақытта қарастыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІ конференциясын шақырды, бұлар теңіз құқығы жөніндегі І конференцияда өз шешімін таппаған болатын. 1960 жылдың 16 наурыздан 26 сәуірге дейін Женевада өткен ІІ конференцияның жұмысына сексен екі мемлекет қатысты. Конференция қарастырылып жатқан мәселелер бойынша қандай да бір маңызды ұсыныстарды қабылдай алмады. Конференция барысында балық аулау мәселесінде техникалық көмек көрсету қажеттілігі көрсетілген резолюция мақұлданған болатын.

Он жылдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1970 жылы 2749 резолюциясымен принциптер декларациясын  қабылдады, онда салтанатты түрде теңіздер мен мұхиттардың түбі және ұлттық юрисдикция әрекеттері шегінен оның жер қойнауын, сондай-ақ, осы аудандағы ресурстарды мемлекеттермен немесе жеке тұлғалармен иеленуге болмайтын барлық адамзаттың жалпы құндылығын атап өтті. Сондай-ақ, декларацияда бұл ауданның барлық мемлекеттердің ешқандай шектеусіз бейбіт мақсатта ғана пайдалану үшін ашылды деп жарияланды. Бас Ассамблея теңіз істері жөніндегі комитетке болашақ конференцияға арналған дайындық комитеті ретінде әрекет ету жөнінде ұсыныс жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас Ассамблеясының 3067 резолюциясына  сәйкес, 1973 жылдың күз айында жүз алпыстан артық мемлекет қатысқан ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІІ конференциясы шақырылды. Жалпы алғанда, ол он бір сессия өткізді. 1982 жылдың 6 желтоқсаннан 10 желтоқсанға дейін Монтего Бей (Ямайка) қаласында конференцияның қорытынды сессиясы болды. Онда мемлекеттердің өкілдері Қорытынды актісіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі әмбебап конвенциясына қол қойды. Бұл конференцияның алғашқы табысы болып табылады және шарттық құқық тарихында үлгі боларлық іс.

Тағы бір халықаралық  теңіз құқығының көзі халықаралық  кемелер қақтығысын алдын-алудың ережелері  болып табылады. Қазіргі уақытта  әрекет ететін халықаралық кемелер  қақтығысын алдын-алудың ережелері 1972  жылы қабылданған болатын. Бұл ережелерде сигналдарды пайдалану тәртібі (жалауша, дыбыстық немесе түрлі-түсті), радиолокаторларды пайдалану, кемелердің жақындауы кезіндегі  ара қашықтығы мен жылдамдығы және тағы басқалары анықталған болатын. [9] Теңізде құтқару мәселелері 1979 жылғы теңізде іздестіру және құтқару конвенциясымен және 1989 жылғы құтқару туралы конвенциямен реттеледі. Кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның туы астында жүзіп жүрген, кемелердің қақтығысқан жағдайында көмек көрсету және жауапкершілікке қатысты мемлекеттердің міндеттеріне енетін жалпы ережелер 1958 жылғы ашық теңіз туралы конвенцияда және 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясында мазмұндалған. [10]