Халықаралық туризмнің даму тенденциялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ.......................
1.1
Халықаралық туризмді дамыту
саясатының мақсаттары мен қағидаттары........7
1.2 Халықаралық
туризмнің бүгінгі таңдағы даму
тенденциялары және әлеуметтік- экономикалық
аспектілері................... .............................. ........................12
2 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ
2.1 Туристік
қызметті лицензиялау ережесі...........
2.2 Туристік
саланы дамытудың бірінші
2.3 Қазақстан
Республикасындағы туризм салас
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................ .............................. ........29
КІРІСПЕ
Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық–бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады.
1999 жылы халықаралық
туризмнің үлесі экспортқа
Курстық жұмыстың мақсаты:
Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаларын анықтау; Халықаралық туризмнің бүгінгі таңдағы даму тенденциялары және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Халықаралық туризм сыртқы экономикалық нысандары ретінде қарастару; ҚР-дағы туризм саласын дамыту міндеттері; Туристік қызметті лицензиялау ережесі; Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі міндеттері; Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау;
Қазіргі туризм
еңбекшілердің жыл сайынғы
Дүниежүзілік туристік ұйым ДТҰ сарапшыларының берген бағасына қарағанда, белсенді бет-бейнені айқындау саясатын жүргізу – жылына орта есеппен 2,5 процентке келу туризмін көбейтуге мүмкіндік береді. [9, 27б.] Бұл халықты жұмыспен қамтуға, бюджетті толықтыруға, шағын бизнесті дамытуға және туристік инфрақұрылымды құруға игі ықпал жасайды. Осындай үрдісті басшылыққа алып, көптеген мемлекеттер, оның ішінде жоғары дамыған туристік индустриясы бар, сондай ақ ТМД-ға қатысушы елдердің бір қатары бет бейне қалыптастыру саясатын жүргізуге қарқынмен кірісті. Мәселен, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жыл сайын әлемнің жетекші туристік көрмелеріне қатысып келеді.
Жоғарыда аты аталған ТМД мемлекеттері көптен бері өз аумақтарында халықаралық және аумақтық көрмелерді өткізуді қолға алды. Мұндай көрмелерді не жәрмеңкелерді өткізу немесе соған қатысу - мақсат емес, бірақ отандық туристік өнімді халықаралық рыногына өткізу үшін оның үлкен көмегі бар.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай ақ мемелекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемелекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі. [1;39б.]
Қазіргі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ. [4;45б.]
Туризм жалпы алғанда, мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1. Шетел валютасының
құйылуын қамтамасыз етеді
2. Халықтың жұмыспен
қамтылуын көбейтуге
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салы стырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, босуақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтармен олардың әртүрлі мәдениеттерінің аркасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуі, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторларымен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін назарға ала отырып, үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында туристік саланы басымдық ретінде бе лгіледі.
Осы Тұжырымдама туризм саласында тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, Қазақстанда қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері қалыптастыруды көздейді. [3;69б.]
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЫСАНДАРЫ РЕТІНДЕ
1.1 Халықаралық туризмді дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары
Халықаралық туризм - бұл мемлекетттің дамуында үлкен роль атқаратын, қиын да бірегей құбылыс. Халықаралық туризмнің әлемдік сауданың және ұлттық экономиканың дамуына әсері жоғары дәрежелі мәнге ие. [11;28б.]
Әрбір мемлекеттің
сыртқы экономикалық айырбасы, валюта
негізінде көрінетін сыртқы саудасы
экономикалық қызметтің негізгі
сферасы болып табылады. Халықаралық
айырбас теориясы жеке мемлекетттердің
сыртқы сауда процессіндегі
Халықаралық туризм халықаралық экономикалық қатынастардың бір нысаны ретінде шетелдік туристердің кең көлемдегі рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы туристік қызметтің түрлерін ұсынуға бағытталған қызмет болып табылады.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастардың нысаны ретінде өзгеше белгімен ерекшеленеді. Олардың негізгілері, әлемдік нарықта сату-сатып алу құралдары ретінде тікелей сыртқы сауды айырбасына қабілеттілігі жоқ тауарлар мен қызметтер болып табылады.
Саяхатшыны орналастырумен байланысты көрсетілетін қызметтерге (мейманхана, тамақтану, экскурция, төсек орнын жуу, тазалау т.б) тауарлық сипат тән. Бұл жерде тауарлар мен қызметтер ғана сатылып және сатылып алынбайды, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік- экономикалық туристік –рекреациондық ресурстар да сатылады және сатылып алынады. Бірақ бұл сауда-саттық та олар дәстүрлі экспорт кезіндегідей территориядан алшақ кетпейді. Шетелдік туризмнен түскен валюталық түсімдер, ішкі туризмнен түскен табыстар сияқты табиғаттың емдік және ерекше қасиеттері үшін, жергілікті жердің тарихи ескерткіштері үшін өзіндік рекреационндық рента болып табылады.
Туризмнің тағы бір ерекшелігі сол, қызмет пен тауар өндірісіне жұмсалған еңбек оның жасалған жерінде затқа айналады. Бұл кезде тауар тұтынушыға қарай жылжымайды, керісінше, сатып лаушы тауардың немесе қызметтің өндірілген жеріне өзі келеді, ал бұл капиталдың айналу уақытын қысқартады. Халықаралық туризмнің бұл негізгі сипаттамасы, оның басқа экспорттық баптардан ерекшелендіретін бірқатар жағдайларды тудырады.
Біріншіден, сатып алушы саяхатшы тасымалдау шығындарын өзі төлейді. Екіншіден, шетел саяхатшыларының сапар кезіндегі тауарлар мен сувенирлерді сатып алуын сыртқы сауданың тиімді формасы ретінде қарастыруға болады. Әр елдерде бірқатар салалар топтары осы «ішкі экспортқа» қызмет етеді. Мысалы, Жапонияда шетел саяхатшылары елде өндірілетін радио тауарлары менг видео аппаратураларының, фотоаппараттардың айтарлықтай бөлігін сатып алды; Швейцарияда – сағаттар, шокалад, сыр, Францияда – иіс сулар мен сән салондарының өнімдерін, Италияда – аяқ киім мен былғары галантереясының өнімдерін, Ұлыбританияда – виски және басқаларын сатып алады.
Халықаралық туризмге ішкі саудада қалыптасатын операциялар түрлері тән, атап айтқанда: экспорт, импорт және реэкспорт, бұл операциялардың халықаралық туризмде өз ерекшеліктері бар. Халықаралық экономикалық қатынастар формасы ретінде халықаралық туризмнің басты ерекше белгісі сол, қызметті сатып алу, кез келген сыртқы сауда мәмлесі сияқты, шетелдік контрагенттер (туристік фирма, шетелдік турист) арқылы жүзеге асады. Осыған байланысты халықаралық туризмдегі экспорт дегеніміз – шетел қонақтарын қабылдау, ал импорт - осы елдің саяхатшыларының шетелдерге сапар шегуі. Халықаралық туризмдегі реэкспорт түсінігінің мазмұны күрделірек. Таза теориялық көзқарастан алып қарағанда, бұл категорияға осы елдің туристік фирмаларынан үшінші елге сапар шегу үшін жолдама сатып алған барлық шетел саяхатшылары жатады. Алайда, қалыптасқан есеп жүйесінің жетілмегендігіне байланысты, саяхатшылардың бұл категориясын есепке алу қиынға соғады. Сондықтан халықаралық туризмдегі реэкспортық операциялар барған сайын ұлғайып бара жатса да,олардың көрсеткіштері экспортық операцялар шінде жоғалып кетеді.
Туризм арқылы жүзеге асатын экспорттың бірқатар ерекшеліктері бар. Олардың бірі - басқа жағдайларда қарапайым каналдар арқылы экспортталатын тауарлар үшін экспорт нарығының кеңеюі. Сонымен қатар мұндай экспорт шет ел валютасына көптеген тауарлар мен қызметтер жиынтығын сату мүмкіндігін береді. Оған қоса шетелдік саяхатшылар сатып алған тауарлары үшін шет нл валютасында салық төлейді.
Шаруашылық жүйесіндегі туризм - еңбек бөлінісінің бір көрінісі, бұл жерде экономикасының даму дәрежесі жоғары елдер басты роль атқарады. Мұндай жағдай халықаралық туристік айырбаста да қалыптасқан. әлемдік туристік сапарларың негізіг бөлігі өнеркәсіптік дамыған елдер арасында жүзеге асырылады, бұл елдерден (АҚШ, Франция, Ұлыбритания т.б) шетелдерге адамдардың саяхат құру проценті жоғары. Сондай-ақ дамыған елдер мен экономикалық дамудың орташа деңгейінде тұрған елдер (Греция, Португалия, Түркия т.б) және дамушы елдер (Тунис, Тайланд және т.б ) арасындағы саяхатшылар ағымы да айтарлықтай. Осыған сай, бұл елднрге Бүкіләлемдік туристік Ұйым аталған елдерге келесідей анықтама берген: «саяхатшыларды негізгі қоюшы елдер», және «саяхатшыларды негізгі қабылдаушы елдер».
Туризм теоретиктері шетел туристерін қабылдаудың және оларға қызмет көрсетудің ерекше экономикалық тиімділігін атап көрсетеді, және туризмді дамытуға бейімделген экономиканың табысқа кенелтетіндігін бола айтады. Мысалы, Багам аралдарындағы экономиканың негізін шетелдік туризм қалайды. Мұндағы қызмет көрсету сферасының (туризмді қоса есептегенде) жиынтық ішкі өнімі мемлекеттік табыстың 60% -ін береді, ал өнеркәсіптің мемлекеттік табыстағы үлесі тек 10%-ке тең. Барбодостағы шетелдік туризмнен түсетін түсім осы елдің негізгі өңдеуші саласы- қант өндірісінен түсетін табыстан да жоғары. Алайда, саяхатшыларды шығаратын елдер үшін, туризм, валюталық құралдардың шетке ағыоу көзі болып табылса да, экономикалық тиімсіздік белгісі емес. өйткені, адамдардың шет елге шыу мүмкіндігінің болуы елдегі өмір сүру деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Мемлекетер арасында саяхат байланыстарының дамуы екі жақты сипатқа ие. Кез келген елге келген шетелдік саяхатшылар санының өсуі елдің фалюталық резервін толтыруға үлес қосады. Сонымен қатар, қабылдаушы елде жұмсалған валюталық құралдар, саяхатшыны шығарған елге, импорттың артылуы арқылы қайтып келеді. Мысалы Бундесбанк (ФРГ) басшылығы әкімшілік органдарын туристік операциялар бойынша қалыптасқан тапшылықты жою шараларын қабылдамауға шақырады. Олардың пікірінше, ФРГ азаматтарының шетелдік саяхат кезінде жұмсаған шығындары ел үшін валюталық құралдардың шетке ағылуын білдірмейді. Бұл валютаның айтарлықтай бөлігі ФРГ-ға қайтып келеді, өйткені оларға ФРГ-да жасалған тауарлар сатып алынады. Басқаша айтқанда, Батыс Германдық саяхатшылар, өздері барған елдерге, ФРГ-мен сауданы дамыту үшін қажетті «несие» береді. Ал халықаралық туристік айырбасты шектеу сыртқы сауданың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан белсенді туризмді (саяхатшыларды қабылдау) туристік игіліктердің экспорт ретінде, ал пассивті туризмді (азаматтардың шетелге шығуы) – олардың импорты ретінде анықтауға болады. Туристік экспорт арқылы тауарлар мен қызметтердің айырбасталуы ішкі сауданың кеңеюіне әкеледі, дәстүрлі экспорттың жаңа мүмкіндіктерін ашады және дәстүрлі тауар экспортының орнын туристік тауар экспортының басуына әкелуі мүмкін.
Белсенді және пассивті туризм тиімділігін есептеу қиын емес. Нақты ақпаратты жинау қиынға соғады, өйткені шетелдік туристердің жергілікті өндіріс өнімдеріне деген сұранысы және көлімі туралы деректер жоқтың-қасы. Мұндай сұранысты тіркеу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Шекарадан өту және ақша айырбасы мен байланысты талаптардың либерализациялануы көптеген ақпарат көздерін жабады. Елге келген саяхатшылардың тек ғана нақты санымен олардың елдегі болу уақытын ғана анықтауға болады. Туристтік тұтынуды статистикалық есепке алудың қиыдығы сонда, тұтыну саяхатшыны қабылдаушы елде жүзеге асады, ал сатып алынған тауарлар саяхатшының тұрақты өмір сүретін еліне шығарылады. бұл тауарлар, әдетте, шекараны өту кезінде тіркелмейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда белсенді туризмді - «көзге көрінбейтін экспорт», ал пассивті туризмді - «көзге көрінбейтін импорт» деп анықтауға болады.
Сауданың кеңеюіне ықпал ететін шешімдердің бірі - азық-түліктің туристік экспорты, ол туристер келетін елдерге дәстүрлі экспортты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Болгария және Испания тұтыну тауарларының дәстүрлі экспортын туристік экспорт пен алмастырады. Дамушы елдер өз экспортын туристік импорт арқылы қолдау мүмкіндігін аша бастады. Оның экономикалық тиімділігі мынада: пассивтік туризм қабылдаушы елге валюта түсіреді, бұл, өз кезегінде, ұлттық табысқа жағымды ықпал етеді. Нәтижесінде, саяхатшыларды қабылдаушы елдер, саяхатшыларды қоюшы елдерден тауарлар импортын ынталандыру үшін туристік баланстың оң сальдосын қолдануға бейім келеді. Кез келген мемлекет үшін, оң туристік сальдо туристік экспортсыз мүмкін болатын мөлшерге қарағанда көп тауар көлемін импорттауға мүмкіндік береді. Тіпті өнеркәсібі дамыған елдер үшін де мұндай айырбас түрі - өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық экспортын қолдау және дамыту жолы. Туризм экспорты шектеулі елдердің экономикалық дамуы үшін маңызды фактор бола алады. Шетелдік туризмді экономикалық дамуды жеделдететін, төлем балансын белсенділететін және елдің валюталық резервін арттыратын маңызды тұтқалардың бірі ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық айырбастың, белгілі бір өнімдер мен қызметтер экспортының немесе импортының тиімділігін есептеу өндірістік шығындарды дәстүрлі экспорт нәтижесінде түскен валютада және туристік экспорттан түскен валютада салыстыру негізінде жүргізіледі. Мұндай есептеу туристік экспорттың тиімді екеніне көз жеткізеді, өйткені бұл жағдайда тауарлар мен қызметтер бөлшек бағамен сатылады, ал дәстүрлік экспортта - көтерме сауда бағасы қолданылады, ол көбінесе әлемдік бағалардан жоғары болады.
1.2
Халықаралық туризмнің бүгінгі
таңдағы даму тенденциялары және
әлеуметтік-экономикалық аспектілері
80-ші жылдардың
ортасында Батыс Еуропа
Экономикалық конъюктураның нашарлауына байланысты туындаған әлеуметтік сферадағы өзгерістер, өз кезегінде,туристік сұраныстың сипатына ықпал етті. Зейнеткерлікке шығу жасы төмендетілді, демалу кезеңі ұзартылды, жұмыс аптасы қысқартылды, икемді жұмыс графигі енгізілді. Еңбек нарығында қалыптасқан сәйкессіздікті жоюға бағытталған бұл шаралар, сонымен бірге, халықтың бос уақыт қорының ұзартылуына және туристік қызметті тұтынушылар шеңберінің кеңеюіне жағдай жасады.
Жоғарыда аталған шаралардың ішінде зейнеткерлер мәселесін ерекше қарастырып кетейік, өйткені зейнет жасындағы адамдардың туристік белсенділігі жоғары. Дағдарысқа дейін көптеген өркениетті елдерде ол 60-65 жас деңгейінде бекітілген. Экономикалық құлдырау нәтижесінде, қаржы жағдайы нашарлаған кейбір кәсіпорындар алпыс жасқа жетпеген адамдардың өзін зейнеткерлікке шығара бастады. Олар - денсаулығы мықты бос уақыты шектеусіз, демалыс сапарларына қажетті қаржысы бар адамдар. Олардың халықаралық және ішкі туризм нарығына тигізетін ықпалы өсіп келеді.
Туристік сұраныстың қазіргі таңдағы сипаты субьективтік факторлар әсеріне байланысты қалыптасады. Адам технологиясындағы жаңа құндылықтардың пайда болуы терең өзгерістерге әкелді, олар төмендегілер:
- Жеке тұлғаның өз физикалық және рухани қабілеттерін дамытуға ұмтылуы;
- Басқа индивидумдармен, әлеуметік топтармен және мекемелермен қарым қатынас орнатуы. Мұндай қарым-қатынастарға жұмсақ әрі икемді сипат тән, және олар негізінен адамның өз таңдауына байланысты қалыптасады;
- Адамның табиғатқа деген қарым- қатынасының өзгеруі.Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясының қортынды есебінде былай делінген: «адам өз тәкаппарлығын және тұтынушылық эгоизмін бәсеңдетіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүруге ұмтылады». Бұл адамдар өмірінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін табиғатты қорғаудың экологиялық тиімді жүйесіне негізделген қоғамның тұрақты даму концепциясыенда көрініс тапты. Тұрақты даму қазіргі таңдаңғы адамзаттың негізгі міндеті болып табылады.
Қарастырылған факторлар туристік тұтынуда терең өзгерістердің орын алуына ықпал етті. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлау кезінде бос уақыт көлемінің артуына байланысты халықтың рекреакциондық жүріп-тұрысында екі тенденция қалыптасты: демалыс кезеңінің бөлшектенуі және қысқа мерзімді сапарлардың артуы. 80-ші жылдардың басында Австрия және Ұлыбританияда халықтың 20 %-тен астамы жазда және қыста шыққан, ал 10%-ті демалыс сапарларына жылына 3 және одан да көп рет барған. Осындай жағдай Италияда, Германияда, Еуропаның басқада дамыған елдерінде қалыптасқан. Демалыс сапарларының уақыты қысқарып, ал жалпы саны көбейді. Батыс әдебиетінде бұл құбылыс «үзілісті саяхат» деген атқа ие болды.
«Үзілісті саяхатты» ұйымдастыру ісі табысты болып шықты, сондықтан турфирмалар өз тарапынан мұндай сапарларға деген тұтынушылық сұранысты жан-жақты қолдай бастады. Кәсіпорындардың туристік нарықтың жаңа сегментін кеңейтуге деген қызығушылығы келесі себеппен түсіндіріледі - қысқа мерзімді туристер кәдімгі туристерге қарағанда бір күнге шаққанда көбірек шығын жұмсайды. Сонымен қатар мұндай саяхат түріне сұраныс жыл бойы сақталады (сәуір, қыркүйек, қазан және ақпан айларында біршама жанданады), соның нәтижесінде туристік саланың ең өткір проблемаларының бірі - мейманханалар мен транспорт жұмысындағы мезгілдік теңсіздікті бәсеңдетуге мүмкіндік береді.
Батыс Еуропа халқының арасында демалыс және мереке күндері саяхатқа шығу бағыттары кең қолдау тапты. Олар негізінен көрмелерге, музейлерге, галереялар мен дүкендерге барады. Сондай-ақ адамдар өз демалыстарын ұлттық саябақтарда өткізгенді жақсы көреді немесе фестивальдарға, карнавалдарға қатысу үшін аз уақытқа жолға аттанады. Статистикалық зерттеу деректері бойынша 1993 жылы Еуропалықтардың іскерлік мақсаттан тыс сапарларының 40%-ті жақын қалалаға келсе, 1\3 бөлігі тауда, теңізде және ауылды жерлерде демалу мақсатын көздеген, қалған 30%-ті емделу, жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысумен байланысты болған.
Қысқа мерзімге саяхатқа шығу кезінде қолданылатын негізгі транспорт түрі – меншік автомобильдер. 1993 жылы туристердің тек 13%-ті самолет пен сапарға аттанған. Жол сапарда олар негізінен мейманханада түнейді.
Қысқа мерзімдік сапарлардың Батыс Еуропалық нарығына туристер негізінен Терманиядан және Ұлыбританиядан келеді. 1993 жылы бұл елдердің үлесіне қысқа мерзімді сапардың 35 және 10 пайызы келді. Олардың көп бөлігі Францияға, Австрияға, және Германияға барады.
Қысқа мерзімді саяхатшыларды қабылдаушы Еуропа елдерінің арасында бірінші орынды Франция алады. Жақын арадағы туризмді дамыта отырып, ол Германиядан, Белгиядан, Ұлыбританиядан, Италиядан, Испаниядан уақытша туристерді қабылдайды.Бірнеше күн ішінде туристер Парижді және Францияның келесі қалаларын аралайды: Океанографиялық турларымен әйгілі Марсель; әскери базаның орнындағы ерекше рекреакциондық аймағы бар Белфорт; архитектуралық ескерткіштерге бай Нант және т.б Бұлардың әрқайсысының ерекшеліктері бар, және олар уақытша туристерді тарту үшін тиімді қолданылады. Жүзеге асырылатын мақсатты шаралар нәтижесінде Франциядағы қысқа мерзімді туризм жылына 25%-ке өсіп отырады, бұл ұзақ мерзімдік туризмге қарағанда 3-4 есе артық.
Қысқа мерзімдік сапарлар санының өсуіне қарамастан ұзақ сапарларға деген сұраныс та сақталған.
Соңғы кездегі туризм дамуының тағы бір тенденциясы – үлкен жастағы адамдардың туристік сұранысының кеңеюі. Бір қарағанда, 55 жастан асқан адамдардың туризмі парадокс сияқты болуы мүмкін, өйткені зейнеткерлікке шығудың өзі адамның демалуын қамтамасыз етеді. Алайда әр жас тобындағы халықтың қажеттілігін зерттеу-бұл проблеманың өткір екендігін көрсетеді. Туризмді күнделікті жұмыстан дем алу және жұмысқа деген қабілеттілікті қалпына келтіру құралы ретінде пайдаланатын халықтың белсенді бөлігіне қарағанда, бос уақыты көп зейнеткерлер үшін туристік сапарлар – белсенді өмір сүру формасы. Осыған байланысты үлкен жастағы адамдардың туристік нарықтағы алатын үлесі айтарлықтай. Бүгінде ол елеулі өзгерістерге ұшырауда.
Үлкен жастағы адамдардың туристік сұраныстары олардың өздерінен 10 және 20 жас төмен құрдастарына қарағанда қатты ерекшеленеді. Олар өз жастарындағы ата-аналарына қарағанда неғұрлым сергек. Туристік сапарларға деген бейімділік бұл адамдарда зейнеткерлікке шықпай тұрып – ақ қалыптасқан. Еуропада туристік қызметтің күрт өсуі басталған кезде олардың жасы 30-да болды. Олардың көбі сол кезде-ақ саяхатқа белсенді түрде араласқан.Сол кезден бері туристік сапар олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Қазіргі күнгі үлкен жастағы саяхатшылар – тәжірибелі және «искушенный» адамдар. Олар үшін туризм тек күнделікті шаруалардан демалу тәсілі ғана емес, сонымен бірге әлемді тану формасы. өмірге деген қызығушылығын жоғалтпаған олар әртүрлі «приключениялар» және қауіп – қатермен байланысты сапарларға да шығады: Альпы тауларында шаңғы тебеді; Африканың шөл далаларында саяхатшылайды. Олардың көпшілігі топтасып саяхат құрғанды ұнатады.
Денсаулығы
нашар егде адамдар да саяхат шегіп
рахат алғанды жақсы көреді, алайда
олардың мүмкіндіктері
2 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН
ДАМЫТУ МІНДЕТТЕРІ
2.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның-лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.
-Қазақстан Республикасының
заңнамасымен және осы
-Шетелдік заңды
тұлғалар және олардың