Халықаралық валюта жүйесі: маңызы, даму кезеңдері, түрлері, құрамы
Мазмұны
Кіріспе.......................
І Тарау. Халықаралық валюта жүйесі: маңызы, даму кезеңдері,
түрлері, құрамы ..............................
ІІ Тарау.
Валюталық курс: түрлері, факторлары....................
ІІІ Тарау. Бүгінгі валюта жүйесі: ерекшеліктері және тенденциялары......21
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
I Тарау. Халықаралық валюта жүйесі:
маңызы,
даму кезеңдері, түрлері,
құрамы
Дүниежүзілік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы.
Қазіргі халықаралық валюталық жүйеге халықаралық валюталық қор (ХВҚ) еніп, оған мынандай міндеттер қойылады: валюта курсын реттеу ережелерін айқындау және оның орындалуын бақылау, валюта қайтарымдылығына ықпал жасау және валюталық шектеуді жою.
Халықаралық валюталық қор (
Халықаралық Валюталық Қор активінен жиналған жанрлар (квота) құрайды. Қордың 1978 жылы енген жаңа жарғысы алтынға арнайы бағаны жойып, валюта курсының қалқымалы жүйесін мақұлдайды ХВҚ-ның жоғарғы органы – Басқарушы Кеңес, оның штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан. ХВҚ-ға енетін кез-келген ел өз төлемін валюта түрінде еркін конверциялаған валюта сатып алуға резерві мен төлем балансының тапшылығы жоймайынша конверцияланбаған валюта басқа елдерге сатылмайды.
Халықаралық валюта қоры
Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі. Біріншісі стихиялы ХІХ ғасырдың аяғында алтын стандартының негізінде пайда болды. Алтын монеттік және алтын құймалары ретінде стандартқа сай 1922 жылға дейін өмір сүрді. Алтын монеттік стандарт қағаз ақша белгісінің алтын монетаға еркін ауысуын қамтамасыз етті: ұлттық мемлекеттің алтын монеталары дүниежүзілік ақша міндетін атқарады.
Алтын монета стандартты алтын құймалар стандарты ауыстырған соң, қағаз ақша белгілері тек құймалар салмағы 12,7 гр. болатын алтынға айырбасталды. Дүниежүзілік ақша міндетін тек алтын құймалар атқарады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Генуэз конференциясында (Италия 1922 ж.) алтын ұрандық стандартқа көшу туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл алтыны аз елдерге халықаралық сауда жасауға кепілдік туғызды. Алтын ұрандық стандарттың талабы бойынша ұлттық валютаны алтын құймаларға айырбастау делдал-валюта арқылы жүргізілді. Делдал- валюталар болса, алтын құймаларға еркін айырбасталды.
Ал 50-ші жылдары алтын валюта (алтын доллар) стандартының негізінде валюта жүйесі қалыптасты. Дүниежүзілік ақша міндетін алтынмен қоса АҚШ доллары атқара бастады. Бұл шешім 1944 жылы халықаралық Бреттон-Вуд конференциясында АҚШ қабылданады. АҚШ доллары үш унциясы 31,1 грамм болатын 35 долларға сай келетін алтынға айыр бастады. Алайда 1971 жылдан бастап АҚШ долларды алтынға айырбастаудан бас тартып алтынға деген доллар бағасын арнайы түрде жойды.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979 жылдан бастап күшіне еніп, мұны ямайкада ХВҚ-на қатысу үшін елдер бекітті. Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен интернационалды есеп ақша атқара бастады. Мұны – интернационалды есепті ақшаны –халықаралық валюта қоры шығарды. Қазіргі валюталық жүйенің басты элементтері болып халықаралық есептеулер жатады. Әртүрлі экономикалық және қаржылық тапшылығы әріптес-елдердің шеңберінде ғана тіркеліп есептеулер механизмі болады. Бұл механизм Женева конвециясының чектермен векселдер және халықаралық сауда қалыптасуының қаулылар принципіне негізделген.
Халықаралық есептер валюталық
және несиелік қатынастардың
жүргізілуі әріптес-елдер
- басқаға аударылған авнстық төлемдер;
- аккредетив несие инкассо көмегімен тауар төлемдерін атқару;
- аудару арқылы тауар мен есептерді түсіру төмендері;
- аудару арқылы жүзеге асатын мерзімі келген есептер төлемі;
Барлық төлемдердің түріне несиелену де енеді.
Толық шарттарды сатып алушының төлем қабілетінен оның коммерциялық әуелетінен және нарықтағы қажеттілігінің жоғарылығымен байланысты. Олар шарттар арасындағы келісімге белгіленеді. Сондай-ақ, келісімге жібері орны көрсетіліп, сатып алушыға меншік құқығының берілу мерзімі, сатушы мен сатып алушының арасындағы трансұлттық шығындарды бөлуге көрсетіледі. Халықаралық келісім стандарттары Халықаралық сауданы жүзеге асыру шарттары кітабында көрсетілген. Ол кітапты Халықаралық сауда палатасы шығарған.
Халықаралық ірі қаржы-несие
Жан-жақты инвестиция
Аса дамыған елдер Халықаралық даму ассоциациясы тарапынан жылына 5
млрд. доллардай процентсіз жеке сектор жасаған жобаларды қосымша қаржыландыруға көмек жасайды. Жан-жақты инвестиция кепілдігі агенствосы- экспроприация жағдайындағы саяси тәуекелділікті күрделі қаржыландыруды, соғыс, азаматтық қабылдануларды және келісімнің бұзылуын сақтандырады.
Қазіргі валюталық жүйе-жанжақты валюталық нарықтық стандарт. Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәні мынада:
- валюталық өлшем алтынмен тікелей байланысын үзіп, оның алтынға қатаң бағамы жойылды;
- алтын ел ішіндегі айналымда ғана емес, дүниежүзілік нарықта да жалпы төлем құралы қызметін тоқтатады;
- алтын ерекше өтімді тауар ретінде ақшағада сатылады, ал ол ақшалар халықаралық есептесулерде қолданылады;
- елдер арасындағы валюталық қатынастар ендігі жерде ұлттық валютаның өзгермелі курсына негізделеді.
«Валюта» деген терминді екі мағынада қолдануға болады. Біріншіден, елдің ақша бірлігі – оның ақша жүйесінің элемнттерінің біреуі деп. Екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгісі ретінде мұнда олардың несие және төлем құралдары көрінісін алады.
Ал жалпы түсінікке келсек, валюта
халықаралық төлем-есеп айыру
айналымындағы ұлттық ақшаны
пайдаланудың ерекше әдісі
Сыртқы валюта нарығының институттарына Орталық банк, ірі коммерциялық банктер валютамен жасалатын сатып алу-сату операцияларының ірі мүшесі болып табылады. Дилер ретінде бұлар «валютаның деңгейін» қолдайды, яғни олардың қарамағында корреспонденттенген банктардағы ұлттық ақша салымы болады. Бұл банктерге пайда тауға валютаны «сатып алушы бағасынан» жоғары болатын «сатушы бағасымен» сатудың арқасында түсетін пайда мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер жеке
Валюта нарығында есеп айырысу қолма-қол ақша арқылы және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Біріншіде валюта, немесе, жол шегі қолданылады. Қолма қол ақша айналымы қаржы операцияларының өте аз шамасын құрады. Жол шегі валюталық аккредетивтің бір түрі болып табылады.
Экспортерлер мен импортерлердің шығындары ұлттық валютада белгіленеді, бірақ сатушыға өз елінің ұлттық валютасы қажет. Бұны алу шін ол шетел валютасын өз елінің валютасына сатады. Ұлттық ақша түрінде түскен түсімнің көлемі, осы екі валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленетін валюта курсына тәуелді болады. әдетте, валюта курсы- бұл басқа елдің ақша ақша бірлігі түрінде белгіленген, ұлттық ақша бірлігінің бағасы болып табылады. Бұның екі жақты көрінісі болады: шетел валютасының бірлігін сатып алу үшін қажет теңгенің саны немесе бір теңгені сатып алу үшін қажет шетел валютасы бірлігінің саны.
Валютаның сұранысы мен
Біртұтас
халықаралық валюта нарығының әр
орталығында бір валютаның
Халықаралық валюта жүйесі стихияялы қалыптасқан немесе заңдармен және халықаралық келісімдермен бекітілген, халықаралық есеп жүргізу құралдары, ережелері және әдістерінің жүйесі болып табылады. Ол бірнеше элементтерден тұрды:
- Негізгі халықаралық төлем және құралдарын белгілеу.
- Валюталық паритеттер мен валюталық курстардың тәртіптері.
- Валютаның конвертациялану шарттары.
- Мемлекетаралық валюта парықтары.
- Халықаралық валюта қатынастарын реттейтін мемлекетарлық институттар.
Халықаралық валюта жүйелерін зерттеуді алтын стандартынан бастаған жөн.Алтын стандарты Англия 14ғ. басында пайда болған,ал 70-жылдары ол халықаралық ақша жүйесіне айналды.Алтын стандарт жүйесі төменде аталған шарттарға негізделеді:
- Ақшанізделеді:
- Ақшан болып табылады атын монеталар айналымда болады,ақшаның барлық басқа формалары номиналына сәйкес алтынға айырбасталады. Әр ел өзі ақша бірлігінің белгілі алтын»мазмұнын» белгілейді;
- Елдегі ақша ұсынысы әлемдегі ақшаның және халықаралық төлем құралдарының бас резерві болып табылатын ресми алтын запасының объектісінің тікелей байланысты болады.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейін алтын стандартының
алынып, ол әлемдік ақша ретінде мемлекеттің қолында жинақталады.
ХХғ. 30-шы жылдары алтын
Халықаралық жаңа валюта жүйесінің негізгі принциптері 1944 жылы Бреттон Вуд қаласында (АҚШ, Нью-Гэпшир штаты) 44 мемлекеттің конференциясында айқындалды. Осы конференцияның шешімдері бойынша мына жағдайлар қарастырылды:
- Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Халықаралық реконструкция жүргізу және даму банкі (ХРДБ) құрылды.
- Алтынға ақша бірлігінің халықаралық құнының өлшеуші рөлі қайтарылды.Алтынның ресми бағасы белгіленді-алтыншы 1 трой унциясы 35 доллорға теңестірілді.Аталмыш жүйенің мүшесі - әрбір ел өз ақша бірлігінің алтындық немесе доллорлық мазмұнын белгілеуге тиісті.
- Барлық елдер өз валютасының курсын доллормен салыстыру белгілейтін міндеттеме алды.
Курсы қолдау үшін өзіндік
алтын қорын, шетел
Жаңа валюта жүйесі - Ямайка жүйесі
пайда болады. Бұл жүйе бір
емес,бірнеше валютаға негізделеді. Капиталдар
нарығының интернациялану процестері
дамуының нәтижесінде ұлттық экономикалардың
зара байланыстары күшейеді. Осымен байланысты
еуровалюта нарығы немесе еуронарықтар
екпінді дамып отыр.
ІІ Тарау. Валюталық курс: түрлері, факторлары
Мемлекеттің валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестеріне қатынасуының әр түрлі дәрежесімен сипатталады. Осыған байланысты валюта нарығын және курсын ұйымдастырудың қарама-қарсы екі жүйесі болады:
- валютаның айырбастау курсы сұраныс және ұсыныспен белгіленген жағдайдағы валюта курсының жұмсақ немесе еркін жүзу жүйесі. Шұғыл өзгерістер болып қалғанда, мемлекет курсты жанама реттеу арқылы қолдап отырады;
- қатал белгіленген валюта курстарының жүйесі. Осы жағдайда сұраныс және ұсыныс өзгерістерінің тнәтижесінде курстың ауытқуы болмайды. Бұл жағдай валюталық және басқа нарықтардың қызметтеріне мемлекеттік кірісудің күшті болуымен қамтамасыз етіледі.
Валюта курсының осы екі
жүйелерде болады.
Валюта курсы ұзақ мерзімде
паритетпен белгіленуге тиісті.
Паритет, өз кезегімен, елдегі
еңбек өнімділігінің
- Тұтынушылардың талғамының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің экспортын немесе импортын өсіреді.
- Белсенді сауда саясаты да экспортерлер мен импортерлер жасап отырған экспорттың және импорттың (валютаға сұраныс) және ұсыныс көлемін өзгерте алады.
- Импорттық тауарларға сұраныстың икемділігі. Импорттық тауарларға икемді сұраныс, валюта нарығындағы доллардың санын көбейтеді. Импорттық тауарларға икемді емес сұраныс, сатылған тауарлар айырбасынан нарыққа түсетін доллардың санын азайтады.
- Табыстардағы салыстырмалы өзгерістер. Бұрыннан мәлім, тұтынулық шығындардың көлемі ұлттық табыстың дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Табыс өскен сайын осы елдегі тауарлардыңда, шетел тауарларыныңда тұтынуы өсе түседі. Сондықтан, тауарлар мен қызметтердің импорты өндірілген ұлттық табысқа тәуелді болады.
- Инфляция (бағаның салыстырмалы өзгеруі). Егер бір елдегі бағаның өсу қарқыны басқа елдегі осы көрсеткіштен артық болса, онда импорттық тауарлар (курс өзгермегенше) арздану болады. Бұл осы тауарларға сұранысты өсіреді, бұның нәтижесінде шетел валютасына сұраныс өсіп, ұлттық акция құнсызданады.
- Нақты проценттік ставканың жанама көлемі. Біз осыған дейін ағымдағы есепшот арқылы қалыптасатын, айырбас курсына әсер ететін факторларды қарастырған болатынбыз.
- Белгілі айырбас курсын күту. Шаруашылық агенттерінде болашақтағы экономиканың өсу қарқыны, инфляция темпі, нақты проценттік ставка көлемі, макроэкономикалық саясаттың бағыттары туралы тұжырымдамалар қалыптасады. Осыларды қорытындылай отырып, олар күтілетін айырбас курсы туралы туралы шешімдер болжамдайды.
- Экономиканы мемлекеттік макрореттеу. Осыған жататындар: ресми валюта резервін пайдалану, сауда саясаты, валюта нарығында валюталық бақылау және валюта нарығын рационалдау, қаржылық және ақша-несиелік саясат. Валюта резервін шебер қолдана отырып, шетел валютасының ұсынысын өсіру үшін валюта нарығында белгілі валюта курсын ұстап тұруға болады. Бірақ резервтің көлемі шектелген, сондықтан, осы жолмен курсты ұстап тұру қысқа мерзімде ғана мүмкін.
Бүкіләлемдік заңдылық бар: экономикалық дамудың дәрежесі және экономиканың ашықтығының дәрежесі өскен сайын ішкі бағалар әлемдік дәрежеге жақындай түседі, бұл автоматты түрде ұлттық валютаның нақты курсын өсіреді. Валюта курсы, ұзақмерзімдік тепе-теңдік болмысынан төмен, немесе, жоғары екенін көрсететін көрсеткіштер аз емес.
Валютаның еркін айналу немесе оның конвертациялануы - халықаралық ақша қатынастарының категориясы. Конвертациялану деп ұлттық валютаның, валюта нарығында шетел валютасына, нақты қалыпқасқан курс бойынша айырбасталу кепілдігі бар мүмкіндігі түсініледі. Валютаның еркін айналуының шешуші принципіне валюталық шектеулердің дәрежесі немесе осының мүлде болмауы жатады.
Валюталық
шектеудің көп тараған
- Валюта курстарының көп болуы. Сыртқы экономикалық келісімдердің типтеріне байланысты, мемлекет ұлттық ақша бірлігінің әр түрлі бірнеше айырбас курсын белгілейді.
- Клирингтік есеп айыруды- екі жақты төлем келісімдерін пайдалану. Осы фактордың шек қоюшы рөлі - ол шетел партнерлерінен түскен төлемдер басқа елде тауарлар сатып алу үшін қолданылмайды.
- Шетел валютасын рационалдау.
- Экспортты және импортты лицензиялау.
- Капитал мен несие қозғалысы саласында арнаулы ережелер және нормалардың болуы - шетел инвестицияларын, шетелдік капитал салушылардың пайданы елден әкетуін тәртіпке келтіру және т.б.
Орталықтан
басқарылатын экономикада өндіруші-
Валютаның барлық иелері, оны өз еркімен басқа валютаға айырбастап алуға мүмкіндігі бар болса, онда валюта еркін айналатын валюта болып табылады. Жартылай айналатын валюта кейбір операция түрлерін жүргізуі шектелген болады. Жалыплама халықаралық және төлем құралы ретінде тек еркін айналатын ғана емес, тұрақты валюталар да пайдаланылады. Бұларға экономикалық жағынан мықты елдердің валюталары жатады.
Валюталар ішкі және сыртқы еркін айналатынға бөлінеді. Ішкі еркін айналатын - бұл ұлттық ақша бірлігінің тауарлар мен қызметтерге ішкі нарықта еркін алмасу қабілеттілігі болып табылады және резиденттер үшін (осы елдің физикалық және заңды тұлғалары үшін) басқа валютаға айналу қабілеттілігі. Сыртқы еркін айналатындық (резиденттер емес шетел кәсіпорындары және азаматтары) тұлғалар үшін осы ұлттық валютаны шетел валютасының қандайына болмасын еркін айналу мүмкіндігін талап етеді.
Конвертациялану - бұл сауданың барынша еркін жүруі, капитал мен жұмысшы күшінің еркін қозғалуы болып отырған жағдайдағы ішкі нарықтың әлемдік нарықпен икемді валюта курсы арқылы жүзеге асырылатын байланысы болып табылады. Валютаның ковертациялануын енгізу үшін белгілі шарттардың болуы қажет: Валюта иелерінің тауарлар мен қызметтерге сұранысы қанағаттанатын тепе-теңдіктегі ақша тауар нарығының болуы.
- Ұлттық ақша-несие және қаржы жүйесінің тұрақты болуы. Бұл инфляция қарқынының төмен болуын және қамтамасыз етілмеген ақша эмиссиясының болмаын талап етеді.
- Ұлттық валютаның шетелдікке айналуының заңдылық және ұйымдастыру тәртіптерінің болуы.
- Ұлттық валюта курсын қолдайтын күшті және бәсекелестік қабілеті мол экспорттың болуы.
Валюта нарығында маңызды үш элементқалыптасып отыр:
- Биржалық банкаралық валюта нарығы;
- Биржадан тыс банкаралық валюта нарығы;
- Фьючерстік валюта нарығы.
Биржалық банкаралық валюта нарығы көбінесе сыртқыэкономикалық операцияларға қызмет етеді. Биржадан тыс валюта нарығының дамуы банкаралық несиелердің өсуімен байланысты болады. Дамыған нарық экономикасында валюталық операциялардың басым көбі фьючерстік валютаға нарығы арқылы жүреді. Осы нарықтың дамуына қаржылық тұрақсыздық елеулі әсер етеді. Банкаралық несие нарығындағы пайыз ставкасы дәрежесінің ауытқуы, инфляция қарқынының бірдей болмауы, курстық инфляциялық күтімдерін күшейтеді немесе төмендетеді. Осылар фьючерстік валюта нарығындағы келісімдер көлеміне және контрактылардың бағасына ықпал етеді.
Реформалардың бүгінгі
Валютаның курсы - оларға сұраным мен ұсынымның арақатынасымен анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерімен валюталық курстың құбылуы күшті валютаға да, сонымен бірге әлсіз валютаға да тән болады.
Шетел валютасына сұраным мөлшері мына факторлардан тәуелді болады:
а) елдің импортына тауар мен қызметке қажеттіліктерінен;
б) туристердің шығынынан;
в) елдің міндетті түрде орындайтын әртүрлі төлемдерінен және тағы басқаларынан.
Валютаның ұсыным мөлшері
Валюта курсының динамикасына
әсер ететін факторлардың
- ұлттық табыс және өндіріс шығындарының деңгейі;
- ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
- валютаның сұраным мен ұсынымына әсер ететін төлем байланысының жағдайы;
- елдің пайыз нарқының деңгейі;
- дүниежүзілік нарықта валютаға сенім және т.б.
Валютаны
тұрақтандырудың
Ақшаны нулликациялау - мемлекеттің аса ауыр инфляция жағдайында, құны түскен қағаз ақшаларды жарамсыз деп жариялауы.
Девальвация - ұлттық валюта курсын шетел курсына немесе халықаралық есептік ақша бірліктеріне қатысты ресми түрде төмендету.
Ревальвация - бұл, егер инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда жай қарқынмен өсетін, төлем балансы белсенді, ал несие берушілермен импорттардың мүддесі қарыздар мен экспорттардың мүддесіне басым түскен жағдайда жүзеге асырылатын ұлттық валюта курсын шетел валюталарына қатысты ресми түрде көтеру.
Екі валютаның айырбас
Ұлттық валюталар (түрлі елдердің ақша өлшемдері) арасындағы (заңдық тәртіппен айқындалған валюталық) тепе-теңдік негізінде ресми белгіленген ара
салмақ тіркелген валюталық курс болып келеді). Оның қолдануылуы, әдетте, халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және басқа халықаралық институттың қызметімен байланысты, олардың шеңберінде мүше елдердің валюталық тепе-теңдікті, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланатын арнаулы өзара қарыз құқықтары негізінде келісу көзделеді. Валютасы айырбасталатын валютаның ағымдағы бағасына, шағын есептелген валюталық бағам атаулы валюталық бағам деп аталады, ал валютасы айырбасталатын елдерде базарлық жылмен салыстырғанда бағаның дейгейіндегі өзгерістер ескерілетін валюталық бағам- нақты валюталық бағам деп аталады.