Халыкаралык сауда. 2

 
 

Мазмұны

      

    Кіріспе .................................................................................................................4 

    І Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары.............................6 

    ІІ  Қазіргі халықаралық  сауда және дамыған, дамушы елдердегі

    сауда саясаты....................................................................................................10 

    ІІІ Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының

    басты бағыттары.............................................................................................22 

    І\/  Халықаралық сауданың артықшылығы мен  келешегі....................25 

    Қорытынды......................................................................................................30 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31

 

Кіріспе

    Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

    Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

    Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

    Сыртқы  сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

    Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта  шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар  объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

    Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.

    Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.

    Атап  айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.

      Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

    Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

 

     І. Сауда жүйесінің мәні, негізгі түрлері мен құралдары 

    Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта  шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар  объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.

    Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.

    Сауда саясаты негізіне әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: яғни «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Оңтүстік», «Оңтүстік-Оңтүстік».

    «Солтүстік-Оңтүстік»  жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шетке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі.

    Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін  «Солтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.

    Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде  сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың  екі түрі жөнінде айтуға болады:

    - сыртқы сауда саясаты жөнінде;

    - халықаралық сауда саясаты жөнінде.

    Сыртқы  сауда саясаты дегеніміз – мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.

    Халықаралық сауда саясаты – ұжымдық жекелеген елдер тобының, монополияларының, қаржылық-сауда және басқа да топтардың мүдделерінің көрінісі.

    Сауда саясатын жүзеге асырудың әлемдік тәжірибесі 2 принципке негізделген: еркін сауда және протекционизм.

    Зерттеулер  көрсеткендей, осы шараларды іске қосуды уақытша параметрлері бойынша, барлық мемлекеттер бір-бірінен  өзгешеленеді. Мысалы, бірқатар мемлекеттер өз реформаларын импорттық саясатты басқарудың қатаң курсынан, кейбіреулері оны толық ырықтандырудан бастайды.

    Мысалы, Оңтүстік Корея, Бразилия және басқа  елдер алғашқы кездері тек  қана экспорттық өндіріске арналған импорттық тауарларды шеттен әкелуге жағдайлар (бірқатар жеңілдіктер) жасады, ал экспорттық өндіріске қатысы жоқ тауарлардың импорты шектелді немесе оларға тыйым салынды.

    Осыған  ұқсас әдістемені Тайвань қолданды. Ол жерде импортты алмастыру саясаты  жүргізілді. Тым аса дифференцияланған әдіс-айлалар Малайзия тәжірибесінде көрініс тапты, ондағы шектеулер белгілі бір өнімнің экспортына, өндірістң, фирманың немесе жалпы саланың сандық параметрлеріне байланысты белгіленді.

    Сонымен бірге, сауда саясатының тиімділігі үшін импортты алмастыруды жүзеге асыру жолын таңдау өте маңызды.

    Осылайша, көптеген елдер экспортты өңдеу  дәрежесін арттыру ісін менсінбеді де, дамудың экстенсивті жолдарын таңдады (Аргентина), бұған қарағанда  Бразилия өз тауарларын терең өңдеуді  арттыру жолы бойынша жүргізіп отырды.

    Мұндай  мысал Латын Америкасында, Шығыс  Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады. Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардың өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.

    Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде жүруі тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.

    Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.

    Атап  айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары «даму локомотиві» болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін. 

    Мемлекет  шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

    Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

    Сыртқы  сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

    Әлемдік нарықтың динамикалық өзгермелі  конъюнктурасы жағдайында аргентиналық нұсқа экономика дамуының тежегіші болды, ал Бразилияда даму локомативті болып саналады, өйткені ол алғашында халық шаруашылығының өндірістік кешенінің интенсивті емес, экстенсивті әдіспен дамуын көздеген еді.

    Осы айтылғандардан мынадай қорытынды  шығады: яғни сауда саясаты бірінші  немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.

    Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік  мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына  кіру жолында кедендік және басқа  келісімдер шеңберінде қабылданған  міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.

    Әр  түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар  анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік  шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің  күрделі әлеміне - ұлттық экономикалардың  тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс.

    Осыған  байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:

    - экспорттық салалардың дамуы  үшін жағдайлар жасау немесе  экспорттық өндіріс салаларына  бағыттау;

    - кейбір салалардың дамуын бағалау  және импорттық өндіріспен бәсекелесу  үшін мүмкіндігі жоқ салаларды  жабу бағдарламасын қабылдау;

    - егер белгілі бір саланың келешекте  әлемдік нарықта белгілі бір  орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі  болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:

    1) кедендік қорғау;

    2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;

    3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің  басқа түрлерін құру.

    Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).

    Экспорттық-импорттық  саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

    Осы жағдайда белгілі бір таңдалған  құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

    Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша  параметрлермен шектелген және қол  жеткен мақсат бойынша әлсірейді  не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.

    Осы кезде дамыған елдердің халықаралық  экономикалық ұйымдары тарапынан болатын  протекционистік режимдер өзіне  қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

    Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының  тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

    Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі  ұлттық мүмкіндікті талдау; оның  ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

    Төлем балансының тең болмауы, экспорт  тиімділігінің төмендеуі жағдайларында  протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

    Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады. 
 

 

    ІІ  Қазіргі халықаралық  сауда және дамыған, дамушы елдердегі сауда саясаты 
     

    Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.

    Американ  ғалымы Дж.Скастың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

    Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.

    Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

    Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар  айналысы.

    Сыртқы  сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

    Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.

    XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.

    Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етеді:

    1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;

    2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;

    3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

    4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

    5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

    6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;

    7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

    Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының  әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.

    Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.

    Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

    Бәсекеге  қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы  төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.

    Женевада  өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты  мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

    Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.

    Дамушы  елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді. 

    1-кесте

Мемлекеттер Экспорт

млрд. долл.

Дүниежүзілік  саудадағы үлесі – %
1. АҚШ 512 12,3
2. Алмания 421 10,1
3. Жапония 397 9,5
4. Франция 236 5,7
5. Ұлыбритания 205 4,9
5. Италия 189 4,5
7. Канада 165 4,0
5. Гонконг 152 3,7
9. Голландия 148 3,6
10. Бельгия (Люксембург) 131 3,1
11. Қытай 121 2,9
12. Сингапур 96 2,3
13. Оңтүстік Корея 96 2,3
14. Тайвань 93 2,2
15. Испания 73 1,7
 

    XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2015 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.

    Өнеркәсібі  дамыған елдер арасындағы халықаралық  еңбек бөлінісінің теңдігі олардың  өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін  азайтады.

    Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр. 

    Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар  және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда  қалыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-жағрапиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

    Дүниежүзілік  сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде енеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-дан 1/3-ға дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ға өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.

    Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және нау-хау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ын құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд доллар болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.

    Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу) инжиниринг (инжаерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.

    Халықаралық саудада «жаңа индустриялды елдер» (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен рөл атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатына орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XIII ғасырларда негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларық яғни катаң протекционизмді қолданды. Ұлттык өнеркәсіп өнімдерінде тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.

    Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы  қысқартып, ұлттық экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы өнеркәсіптік төңкеріс елді еркін сауда (фритретерство) саясатына өтуге мәжбүр етті. «Еркін сауда» саясатының негізін Р. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек басқа елдер біртіндеп «еркін сауда» саясатына көше бастады.

    Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар XX ғасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизм саясатын қайта өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуына бас тартуға итермелейді. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде протекционизм ішкі рынокта ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар бағасына кеден салынған арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі, сөйтіп ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттың, тауарлардың да, отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.

    Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.

    ГАТТ  – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінін, саны 2001 жылы 90-ға жетті.