Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай. 2
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І.
МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-----------------------
1.1 Мемлекет
кірістерінің мәні-------------
1.2 Мемлекеттің
кірістерінің негізгі әдістері--------------
1.3 Мемлекет
кірістерінің сыныптамасы------
ІІ.
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МАЗМҰНЫ-----------------------
2.1 Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері--------------------13
2.2 Мемлекеттік
бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау-------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.
Бюджет жүйесі туралы заңға
сәйкес бюджеттің құрылымы
1)
түсімдерден: кірістерден;
2)
шығыстардан және кредит
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті — бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі — бюджет тапшылыгын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1)
тапшылық болған жағдайда —
ішкі көздерден (Ұлттық
2) профицит кезінде — жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.
Кірістер
мен шығыстардың егжей-тегжейлі
тізбесі мен топтамасы
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданатын басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау — мемлекеттің қаржы саясатының та-лаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр.
Бюджеттік
жоспарлау барысында қаржы
Курсттық жұмысымның мақсатына – мемлекет кірістерінің экономикалық мазмұнын зерттеу болып табылады. Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
1)
республикалық және жергілікті
бюджеттерден
2)
заңнамалық актілер мен
3)
заңнамалық актілермен
4) Қаржы министрлігімен келісе отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға;
5)
тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы
заңда және жергілікті бюджет
туралы жергілікті өкілді
6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар тартатын қарыздар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде са-лықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Жоғарыда қарастырылған Курсттық жұмысымның мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:
- мемлекет кірісін қарастыру;
- мемлекет кірісінің түрлерін, нысанын, сипаттамасын зерттеу;
- мемлекет кірісінің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.
Зерттеу
құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден,
екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1
Мемлекет кірістерінің
мәні
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нөтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы), қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірістері" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы.
"Қаржы ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістері" ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы, мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен шыққан, иесіз мүлікті, тәркіленген, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып са-налынбайды, өйткені бұлар — қарыз қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкі шаруашылық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады.
Мемлекет
кірістерінің көзі ұлттық табыс болып
табылады, ал қаржы ресурстары жалпы қоғамдық
өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта
бөлу кезінде жұмылдырылады. Мемлекеттің
шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының
жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
1.2
Мемлекеттің кірістерінің
негізгі әдістері
"Мемлекеттің кірістері" және "мемлекеттік бюджеттің кірістері" ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады. Түрлі тарихи кезендегі бұл әдістердің арасалмағы әр түрлі болады жөне қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар нарықтық түрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі — ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіңдік береді. Кәсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне өкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің
кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған
әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі
деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия
қолданылмайды. Орталықтандырылмаған
ақша қорларын жасау барысында аударымдар,
түрлі жарналар, ерікті түсімдер және
т. б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл
өдістер өте-мөте мемлекеттік кәсіпорындарда
қолдалынады.
1.3
Мемлекет кірістерінің
сыныптамасы
Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) халықтың салық төлемдерінен;
4) кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен. Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер; өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі. Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері: салықтық; салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысымы болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметгік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түріндегі қорының таза табысы алады. Бұған сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процестерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарыңца жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар тек ішінара беріледі.
Қоғамның таза табысы ақша нысанында қосымша әнімнің құнын білдіреді, яғни өткізу (өтім) кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашьшық жүргізуші субъектілердің таза табысы больш табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық бейнеленеді. Сондықтан таза табыс ендіріс тиімділігшің маңызды құндық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:
еңбек өнімділігін арттыру (енім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);
өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;
өнім сапасын жақсарту;
негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
табиғи өндіріс жағдайлары.
Практикада
кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер
табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен
көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың
табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам
мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке
шаруашылық жүргізуші субъектілердің
мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді
бөлуді өзгертеді.
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
2.1
Мемлекеттік бюджет
түсімдері және олардың
көздері
Бюджет кірістері - ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік істеуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар.
Бюджет кірістерінің басты материалды көзі—ол ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.
Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.
Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен телем телеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалған.
Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.
Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға нз болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады.