Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Болашақ» университеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 050301– «Заңтану»
Қарағанды 2013
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Болашақ» университеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
«ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ»
Азаматтық құқық және іс жүргізу
кафедрасының меңгерушісі, з. ғ. к., доцент
______________А.А. Нукушева
«____» _____________ 2013 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары
50030100 – «Заңтану» мамандық
Орындаған: 3Ю-08-2каз тобының студенті__________ Ташаев Е.Ж.
Ғылыми жетекшісі: з.ғ.н.,доцент оқытушы__________ Ержанова Ф.А
Қарағанды 2013
ҚАРАҒАНДЫ «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
______________________________
______________________________
______________________________
Диплом жұмысын орындауға
ТАПСЫРМА
Студент ______________________________
аты-жөні
курсы, группасы, мамандығы, оқу нысаны
Жұмыстың тақырыбы: «_____________________________
______________________________
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2010 жылғы «____» ____________________
Жұмысты бастауға керек мәліметтер: ______________________________
______________________________
Дипломдық жұмыста қарастырылуға
тиіс сұрақтар тізбесі және дипломдық
жұмыстың қысқаша мазмұны:______________
______________________________
Қосымша материалдар тізбесі
(міндетті сызбаларды, кестелерді және
с. с. дәл көрсету керек) ______________________________
______________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиет
______________________________
______________________________
Жұмыстың бөлімдері бойынша кеңестер
Бөлім |
Кеңесші |
Мерзімдері |
Қолы |
Дипломдық жұмысты дайындау
кестесі
Рет № |
Бөлім аттары, зерттелетін сұрақтар тізбесі |
Ғылыми жетекшіге жұмысты көрсету мерзімдері |
Ескертулер |
Тапсырма берген күн: 201__ ж. «___» ____________________
Кафедра меңгерушісі: __________
______________________________
қолы
Жұмыстың жетекшісі: __________
қолы
«Тапсырманы орындауға алдым»
Студент: __________ ______________________________
қолы аты-жөні
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Халықты
жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама..................... |
1.1 Жұмыссыздықтың
пайда болуы мен себептері .............................. 1.2 Жұмыспен
қамтудың негізгі қағидалары.................... |
2 Халықты
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттары..................... |
2.1Халықты жұмыспен қамту органының
негізгі қызметі....................... |
2.2 «Жол картасы» – жұмыссыздықты төмендетудің басты жолы...........47 |
2.3 «Жұмыспен
қамту - 2020» бағдарламасы және оны іске
асырудағы мәселелер..................... |
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттердің
тізімі........................
Кіріспе
Дипломның өзектілігі
Дипломның мақсаты
Дипломның міндеті
Мемлекет басшысы өзiнiң
2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың
iргесiн бiрге қалаймыз!» атты
Қазақстан халқына жыл сайынғы
Жолдауында еңбек нарығының
Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүргiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметiнiң негiзгi әлеуметтiк басымдықтарының бiрiне жатады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адами ресурстар әлеуетiн дамыту мен iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы.
Әлеуметтiк-экономикалық өзгеру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсендiлiгi мен жұмыспен қамтылу деңгейi тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны 6698,8 мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейi 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 %-ға дейін төмендедi.
Жол картасы шеңберiнде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң арнайы шараларын әзiрлеу және iске асыру әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерiне байланысты уақытша экономикалық қиындық жылдары да (2008 – 2010 жылдар) жұмыспен қамтудың жоғары деңгейiн сақтауға мүмкiндiк бердi.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бiр жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрi өсу мүмкiндiктерiн кеңейтедi, екiншi жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшiнiң iшкi резервiн тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсендiлiгiн арттырудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеудi және iске асыруды талап етедi.
Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де бүгінгі таңдағы еңбек нарығында өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны жасырын емес. Мамандық бойынша тәжірибенің жоқтығы мен еңбек нарығындағы біліктілік бәсекесінің аздығы - жастар арасындағы жұмыссыздықтың пайда болуының басты себептері.
Жастар – қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің басты оң игіліктеріміз – халқымыздың санасы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде болашағы мол – жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» ,- деп белгіленегендей еліміз де жастардың жұмыссыз қалуына қарсы күресті тиімді жүргізуіміз қажет. [2]
Жастар қоғамдық қатынаста,
материалды өндірісте және
Жастар – бұл кез
келген заманауи мемлекеттің
стратегиялық әлеуеті.
Жас ұрпақтың әлеуметтік белсенділігінің
артуы, саналы құқықтық және саяси мәдениетін
қалыптастыруы, олардың өмірлік көзқарастарын
қайта қарауы кезінде, өмірлік қағидасы
күшті, рухты болып бекітілуі мемлекеттік
жастар саясатының алға қойған жұмысы
– мемлекеттік үкіметтік органдардың
және азаматтық қоғамның өзге де институттарының
басым бағыттарының бірі саналады.
Әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне тұрақты еңбекпен қамтамасыз ету жатады. Халықты еңбекпен қамту кеңістігіндегі мемлекеттік саясаттың бағыты лайықты жұмыс орнында қызмет ету мүмкіндіктерін кеңейту мен жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Халықты жұмыспен қамту барысында ықпал жасау, келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: әлеуметтік жұмыс орындарын құру, квалификация мен қайта даярлауды жоғарылату, қоғамдық жұмыстар, жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік қызметіне ашуда мүмкіндік беруге материалдық көмек көрсету.
Мәліметтерге келсек, 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 16,4 млн адамға жетсе, оның 48 пайыздан астамы еңбекпен қамтылған. Соның ішінде жалпы халық санындағы жалдамалы жұмысшылардың үлесі - 31,7 пайызды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 16,5 пайызды құрайды. 2015 жылға қарай аталған бағдарламамен 1,5 млн халықты қамту жоспарланған. Соның арқасында еліміздегі кедейшілік деңгейін 6 пайызға төмендетіп, жұмыссыздық көрсеткішін 5,5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша, республикадағы жұмыссыздықтың қазіргі деңгейі де 5,5 пайыздың шамасында.
1 Халықты жұмыспен қамту қызметіне жалпы сипаттама
1.1 Жұмыссыздықтың пайда болуы және түрлері
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
- Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет ізде
п жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам,. - Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
- Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
- Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл – капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993 жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.
Өзгермелі капиталдың бір шама тез азаюы, көбінесе өндрістегі ғылыми-техникалық революцияға байланысты болды. Бұл еңбекке деген сұранымның абсолют азаюын да туғызады. Оның үстіне жұмыс күні неғұрлым ұзақ және жұмыстың қауырттылығы неғұрлым күшті болса, қолда бар өндіріс құрал-жабдығын жұмысқа қосуға қажетті жалдама еңбек адамы соғұрлым аз керек болады. Жұмысшылардың жаппай жұмыстан шығарылуы өндірісте қалған жұмысшыларды капиталистер қойған қанау шарттарына амалсыздан көнуіне мәжбүр етеді. Мұның бәрі жұмысшы табының тұрмыс дәрежесін бұрынғыдан нашартылады. «Артық» еңбекші халық капитализм қоранудың жемісі, осы қорланудың құралына, тіптен капитализмнің дамуы мен өмір сүруінің шартына айналады. Жаппай жұмыссыздық болуы әрбір жұмыс істейтін жұмысшыға жұмыссыздардың қатарына шығып қалу қорқынышын туғызызады. Капитализм бұл қорқынышты пайдаланады, жұмыссыздық неғұрлым көп болса, капитал жұмысшыларға соғұрлым күшті қысым жасайды. Капитализм қоғамда жұмыссыздықтың екі нақты мәні бар. Капиталистер үшін ол – арзан, көбінесе құқықсыз жұмыс күшінің қоры, бүкіл жұмысшы табын қанауды күшейтудің құралы, капитализм экономиканың дамуы мен өмір сүруінің қажетті шарты. Еңбекшілер үшін жұмыссыздық – тек материалдық, моральдық жағынан зардап шегу, қорлық көру, жасына жетпей қартаю. Формасы жағынан жұмыссыздық күнделікті, жасырын, тоқыраулы жұмыссыздық болы бөлінеді. Жұмыссыздардың дәл есебін шығару қиын. Буржуазиялық саяси экономия мен статистикада қолданылып жүрген жұмыссыздықтың формаларын анықтау методологиясы, сондай-ақ «артық» адамдарды есепке алу әдісі жұмыссыздықтың дәл мөлшерін әдейі азайтып көрсетеді. Буржуазияшыл экономитсер жұмысшылардың жұмыссыз жүрген мерзіміне қарай «толық» және «ішінара» жұмыссыздық деп ажыратылады. Мыс., АҚШ-та бір апта немесе онан көп уақыт жұмыс істемеген адамды толық жұмыссыз деп санайды, ал бір аптаның ішінде бір сағат та жұмыс істеген болса жұмыссыз деп санамайды. [3]
Жұмыссыздық – капиталистік экономиканың ажырамас серігі. Экономика жағынан дамыған капиталистік елдердің бәрін де «артық» еңбек ресурстарының кетеді.
Жұмыссыздық түрлері. көлемі қарастырылып отырған кезеңде не бір дәрежеде сақталып, не кейбір жылдары тіпті көбейтіп
Қазақстан Республикасының
еңбек нарығын зерттеу
• Жұмыссыздық деңгейі әр алуан топқа қатысты және олардың жасына, тіршілік-тәжірибесіне қарай анықталынады.
• Еңбек нарығында тауар айналымы жоғары болады. Жұмыспен қамтамасыз етілгендер де, жұмыссыздар да молынан ұшырасады.
• Тауар айналымның қажетті бөлігі циклды: жұмыстан босату және жұмысынан айыру, әсіресе құлдырау кезеңдерінде жоғары деңгейде болады, ал жаңа даму кезеңінде өз еркімен жұмыстан босану жоғарылайды.
• Белгілі бір айда жұмыссыз қалған ер адам аз уақыт қана (уақытша) жұмыссыз қалады.[4]
Жұмысшы жұмыссыз қалған кездегі уақыттың орташа саны, әрбір кезеңін – жұмыссыздық жиілігі деп атаймыз. Жұмыссыздық жиілігінің екі негізгі факторы бар. Біріншісі – экономикадағы фирма арқылы жұмыс сұранымның сан түрлі болуы. Тіпті жиынтық сұраным тұрақты болған жағдайда да кейбір фирмалар ұлғаяды да, енді бірі қысқарады. Осылайша қысқартылған фирмалар өз жұмысшыларынан айырылып, ал ұлғая бастағандары жұмысшыларды көбірек жалдайтын болады. Сұраным көп болуына орай жұмыссыздық деңгейі де жоғарылайды. Бұдан ары қарай жиынтық сұранымдағы өзгерістің өзі жұмыс сұранымдағы өзгеріске әсерін тигізеді.
Келесі фактор еңбеккердің жұмыс күшіне ену деңгейі, жұмыс күшінің арту деңгейі жеделдеген сайын жұмыссыздықтың натуралды деңгейі жоғарылайды.
Енді жұмыспен толық қамтылғанда пайда болған жұмыссыздықты – құрылымдық жұмыссыздық деп атаймыз. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыссыздық еңбек нарығын құрылымның нәтижесі. Құрылымдық жұмыссыздық деңгейі натуралды жұмыссыздық деңгейімен бара-бар.
Ал циклдық жұмыссыздық – құрылымдық жұмыссыздықтан жоғары. Ол өнім жұмысын толық қамтылу деңгейінен төмен болған тұста пайда болады.
Ымыраға келмеушілік – еңбек нарығының әрдайым өзгерістерге болуынан туынадатын жайт. Кейбір адамдар зейнет демалысына шығады. Ал енді біреулері жұмыс істеуді жалғастыра бареді. Бір фирма жұмысшы жалдаса, енді бірі оны жұмыстан босатып жатады.
Фрикциондық жұмыссыздық дегеніміз
- жұмысшының жаңа жұмыс іздеуі мен сол
аралықтағы жұмыссыздық. Жұмыс күшін немесе
экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының
Фрикциондық жұмыссыздық – бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді.
Адам өзіне қолайлы жұмыс орнын іздеу үшін жұмыстан босанады. Мұндай жұмыссыздықты ізденіс үстіндегі жұмыссыздыққа жатқызамыз. Жұмыстың бәрі бірдей болған жағдайда, жұмыссыз адам бірінші ұсынылған жұмысқа орналасады. Егер жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы жоғары болса, онда сол адамға жұмыс орнын одан ары қарастыра берген қолайлы.
Жұмыстан босатылған жұмысшы өзінің бастапқы жұмысына қайта оралып, басқа жұмыс іздемейді. Себебі: жұмысшы сол фирманың қыр-сырын түгел біледі: сол жерден еңбек стажын жинайды. Мұндай адам, әрине, басқа жұмыс іздемейді.[5]
1.2Жұмыспен қамтудың негізгі қағидалары
Қазіргі қоғамдағы жастар ролі,
жас буынның әлеуметтік қызметтері, оның
саяси позициясы мен көзқарасы, білімі
мен кәсіби біліктілігі деңгейі, адамгершілігі мен мәдени
қажеттіліктері туралы мәселелерді зерттеудің
теориялық және практикалық мәні аса зор.
Қоғамдық үрдістегі жастар рөлі, оның қызметінің
түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылығы,
қажеттіліктері мен психологиялық қасиеттері
әлеуметтік және геосаяси даму сипаты,
қоғамдық қатынастар, тарихи жағдайлар сипатымен
Халықтың осы тобын зерттеудің
негізгі мәселелерінің біріне, біздің
ойымызша, жастар еңбегінің пайдаланылуын
бағалау жататын сияқты. Бұл өз негізінде жастардың еңбек
Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық
жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде
екі маңызды шартпен
18-24 жас аралығындағы жастар,
бұл – студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар.
Олар еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және
2529жастағы жастар,негізінен,
Еңбек нарығындағы жағдайларда
Экономикалық жүйедегі жастарды жұмыспен қамту мәселесіне сәйкес келетін жүйені қалыптастыру керек .
Бұл жүйе төмендегідей қалыптасу кажет:
- кәсіпорында, ұйымда және мемлекеттік мекемелерде конкурстық сұрыптау негізінде жастарды жұмыспен қамту және тәжірибелерді ұйымдастыру;
- жастар үшін жұмыс орындарын үлестіру мақсатымен аудандық арнайы бюджеттік қорлар жасау;
- білім беру мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтамасыз ететін жұмыс берушілердің ынталандыру жүйесін жетілдіру;
- жастармен мамандыққа бағытталған ескертпелі жұмыс жүргізу;
- жастар жұмыссыздығын алдын-ала ескерту жөнінде іс-шараларда қалыптастыру және жүзеге асыру;
- жастарды баспа және электронды ауқымда ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, еңбек нарығы және жастарды қолдану шаралары туралы анықтамалық және ақпараттық-әдістемелік әдебиеттерді баспаға шығару;
- жас кәсіпкерлікті және жастар кәсіпкерлігін құру тәжірибесін дамыту, жастардың бизнес-жоспарларын кеңеспен және эксперттермен қамтамасыз ету.
Еңбек ресурстарының тобы ретінде жастарға
басты назар аудару, бұл елдің маңызды ресурсы екені
ҚазақстанРеспубликасының «
Заңнамада анықталған еңбек ресурстарының төменгі шекарасы болып 16 жас есептелетіндігін, сондай-ақ осы жасқа қарай жас адамда бұлшық ет пен сүйек жүйесі қалыптасатындығын және оның белгіленген жұмысты орындай алатындығын назарға ала отырып, осы жас жұмыс істеу кезеңінің заңды негізделген бастапқы сатысы болып табылады.
Соныменқатар,дәл осы жаста
Қазақстан Республикасында 1998 жылдан бастап 2001 жыл аралығында Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікті қамтамасыз ету жөніндегі» заңына сәйкес зейнеткерлік жас өзгертілді. Қазіргі кезде олар әйелдер үшін 58 жас және ерлер үшін 63 жас деп қабылданған.
Қазіргі таңда физиологтар былай деп тұжырымдайды, яғни отыз жастан асқан жас адамның денесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұлғаюы, басы мен бас миының көлемінің өсуі өз жалғасын табады және осы процесс ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда ұзағырақ созылады.
Жоғарыдағы барлық айтылғандарды жалпылай
отырып, Қазақстан Республикасында
Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, оның кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді.
Еңбек нарығындағы мемлекет
қызметінің маңызды бағыты болып, жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды әзірлеу және жүргізу
табылады.Еңбек нарығын
Қазіргі кезде микроденгейде жұмыспен қамту мәселелері өзекті болып отыр. Кәсіпорын деңгейіндегі жұмыспен қамту мәселелерін шешіп алмай, еңбек нарығының шиеленісін төмендету мүмкін емес.
Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясы халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуді жетілдіру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты.
Сонымен бірге, өңірлік жұмыспен қамту мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін біршама арттыру керек, өйткені, осы органдар арқылы өңірлік жұмыспен қамту бағдарламалары жасақталады және ең бастысы, жүзеге асырылады.
Яғни, жергілікті жұмыс күшін тиімді пайдалану және бекітуді, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі мен дамыту жүйесін қалыптастыру жұмыспен қамту саласында маркетингтік басқаруды пайдалануды қарастырады. Жұмыспен қамту саласындағы маркетинг - бұл әлеуметтік тиімділікке қол жеткізу мақсатында жоғары сапалы қызмет көрстеу бойынша мемлекеттік мекеменің қызметі.