ХҚЕС 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
«Есеп, аудит және талдау» кафедрасы
«Қаржылық есеп 1» пәні бойынша
«40 ХҚЕС Инвестициялық жылжымайтын мүлік»
тақырыбына
Курстық жұмыс
Орындаған: ЕА-21 тобының студенті
Исаева А.А
Ғылыми жетекші:
Досанова Б.Ұ
Астана, 2012
Мазмұны
КІРІСПЕ ......................
1. ИНВЕСТИЦИЯ
ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
1.1 Инвестиция, оның мәні және
қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі
рөлі .........................
1.2 Инвестициялық жылжымайтын
мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу
ретінде қолданылуы....................
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ………………..9
2.1 40 XҚEC (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын
мүлік»:инвестициялық жылжымайтын
мүлікті тану..........................
- Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау ..11
- Инвестициялық жылжымайтын мүліктің істен шығып қалуы және инвестициялық жылжымайтын мүлік туралы ақпаратты ашып көрсету ..19
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TІ3IMI….…………………………..26
KIPIСПE
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтyi кезеңінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау
жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік
қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсаты, банкілік салымдар,
пайдалар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар,
машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады. Сонымен қатар осының бәpi - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйе жағдайында меншіктің бip түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияланудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігі отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық
экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындарды тек бip уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді.
Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде ( АҚШ, Канада,
Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазipгi таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.
«Инвестиция» термині латынның investirе — «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылым және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз». Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни бipey инвестицияландырса, басқа бipeyi дизинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жетуге және осы пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді сау
деп анықталады. Капиталдық салым процентінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны
келешекте инвестицияльқ игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция бұл ақшаны, оның сақталуына немесе кұнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, ceбeбi қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды
қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ
мерзімге; тікелей және жанама болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - инвестиция және оның негізгі бағыттарының мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясаттағы маңызын қарастыру, қаржылық есептілікте инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбінің маңызы мен оның негізгі бағалану әдістерін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инвестиция және оның теориялық аспектілерін анықтау;
- инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбінің бағыттарын талдау;
- мемлекеттік реттеуде инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның рөлін талдау.
Курстық жұмыстың өзектілігі инвестицияльқ жылжымайтын мүлік есептілігін кәсіпорындардың қаржылық есептілігінде дұрыс көрсетудің маңыздылығымен анықталады. Сондықтан бұл курстық жұмыс жалдау бойынша мысалдарды қарастыру арқылы 40 ХҚЕС (IAS) түсінуге cептігін тигізеді.
Курстық жұмысты жазу барысында 17 ХҚЕС (IAS), 40 XҚEC (ІAS), 16 ХҚЕС (IAS), 18 ХҚЕС (IAS), 11 XҚEC (IAS), 2 ХҚЕС (IAS), 8 XҚEC (ІAS) және инвестициялық жылжымайтын мүлік eceбi бойынша әдебиеттер колданылды.
1. ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН
МҮЛІК ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Инвестиция, оның мәні және қаржылық есептіліктің бір бөлігі ретіндегі рөлі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына
және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,
заттай, сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын
шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып
табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелділік. Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми - техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды кағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену - иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге, басқаша айтқанда қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: - жеке инвесторлар (жеке адамдар), - институттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе - теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің
жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған
теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өңдейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды
қамтамасыз eтyi керек. Қaзipгi кезде күрделі қаржыны жаңа өндipic орындарын тұрғызудан гөpi оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әpi өндipicкe жұмсалған
күpдeлi қаржының ара салмағын өcipe беру көздeлiп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Инвестициялық саясат - инвестициялардың неғұрлым басым
бағыттарын айқындайтын шаралар жүйeci; өндірісті, кәciпкepлiктi дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтың, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
- мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару;
- салық жеңілдіктерін беру; демеуқаражат, жәрдемқаражат, бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру;
- тиісті несие саясаты, баға бeлгiлeнiмi;
- амортизациялық саясат жүргізу;
- нормалар мен стандарттардың колданылуына, сондай-ақ,
міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.
1.2 Инвестициялық жылжымайтын мүліктік сфераның мемлекеттік реттеу ретінде қолданылуы
Инвестициялық процесс - қоғамның нақты капиталын өcipy мақсатындағы ұдайы өзгеріс процесіне қатысушылардың жан - жақты ic-әрекеті. Оның экономикалық жүйе динамикасына тікелей катысы бар.
Экономикалық объектілерде «инвестиция» ұғымының мәніне толық талқылау берілмеген. Жалпы көзқарастарды шартты түрде eкi бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт - инвестиция ретінде ұлттың нақты кызмет
етуші капиталын өcipyгe ықпал ететін салымдарды сипаттайды. Инвестицияның мұндай мәнін түсіндіруге біріншіден, инвестицияның объектici қоғамның нақты өндірістік аппараты болып табылады, ал субъектісі - өндірістік сферада ғана қызмет ететін мемлекет пен кәсіпкерлер. Инвестициялық процесс ұлттың қызмет етуші капиталын өсіретін өндіруші процесс ретінде көрініс алады. Екіншіден олардың айналымдағы өтелуі ұзақ мерзімге созылады. Үшіншіден, пайдалану мақсатындағы кез келген қаражат салымдары инвестиция болып табылады деген дәстүрлі көзқарас теріске шығарылады. Мысалы, акция, облигация, жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б. қатынастар кезіндегі алғашқы салымдардың әртүрлі себептерге байланысты артуы.
Белгілі американдық ғалым П. Самуэльсон бұл жайында: « Біздің
күнделікті қолданыстағы «инвестиция» сөзі экономикалық пікірталастағы оған берілетін маңыздылығымен үнемі сәйкес келмейді, біз «таза инвестициялау» немесе капитал құраушы деп қоғамның нақты капиталының таза өсімін (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалдық-өндірістік қорлар және т.б.) айтамыз. Жергілікті халық болса «инвестициялауды» жер телімін, айналыстағы бағалы қағазды немесе кез келген меншікті сатып алумен байланыстырады. Таза инвестициялау тек жаңа нақты капитал пайда болғанда ғана орын алады», - деп жазады.
Бірақ та қазіргі экономистердің көптеген ғылыми еңбектеріндегі инвестицияның мәнін келесідей анықтау басым: инвестиция деп иесіне белгілі бip табыс әкелетін кез келген салымдарды айтады. Бұл ұстаным бойынша инвестициялар қаржылық, нақты және санаткерлік түрлеріне бөлінеді.
Қаржылық инвестиция - қаржылық құралдарға салымдар, яғни акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар.
Нақтылы инвестиция - белгілі бip өнім өндірiciнe капитал салу, яғни қоғамның нақты капиталын арттыруды қамтамасыз ететін салымдар.
Санаткерлік инвестиция - мамандарды дайындауға, тәжірибені, лицензияны, ноу-хауды беруге, ғылыми зерттеулерге және т.б. салымдар.
Инвестицияның мәнін осылайша кеңінен талқылау инвестициялық ic-әрекеттің сипатын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар инвестициялық ic-әрекеттің субъектілері мен объектілерінің санын ұлғайтады, ұлттық экономикадағы инвестицияларға мүлдем басқа рөл береді, сәйкесінше инвестициялық саясатты анықтайды.
Салымдарды өcipy
мүмкіншілігі инвесторларды жоғарғы
тәуекелге баруға мәжбүрлейді, инвестициялық
ағындарды басқарады, инвестициялық
портфельдің әртүрлі
әлемдік қаржылық орталықтардың да, қор биржалары бар кез келген «үшінші әлемдік» елдердің де негізі болып табылады».
Осыған орай инвестиция субъектілері бола алады:
- мемлекет;
- жеке және заңды тұлғалар (отандық және шетелдік);
- кәсіпорындар, фирмалар, АҚ концерндер, комбинаттар
және т.б.;
- банктер (ұлттық және коммерциялық);
- сақтандыру ұйымдары;
- зейнетақы қорлары (жеке және мемлекеттік);
- инвестициялық қорлар;
- халықаралық ұйымдар;
- басқа да бюджеттік емес қорлар.
Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері:
- экономиканың барлық сфералары мен салаларындағы негізгі және айналымдағы қорлар;
- бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, сертификаттар және т.б.);
- мақсатты ақшалай салымдар;
- ғылыми-техникалық өнімдер;
- мамандарды дайындау және қайта дайындау;
- мүліктік құқық пен санаткерлік меншік құқығы.
Қоғамдық өндірістің әр түрлі инвестициялық іс-әрекетінің субъектілері мен объектілерінің көп болуы ұлттық экономика көлемінде олардың қызметін реттеудің объективті қажеттілігін туындатады. Сонымен бірге, мемлекеттік реттеу процесі күрделі процеске айналады. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру, реттеудің әр түрлі әдістері мен құралдарын пайдалану арқылы мемлекет инвестицияның барлық субъектілерінің ортақ мақсаттарға бағынуын қамтамасыз етуі, инвестициялық процестің барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерін үйлестіруге, олардың инвестициялық қызметтерін белсенді етуге ықпал етуі тиіс.
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЕСЕБІ
2.1 40 ХҚЕС (IAS) «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»:
инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану
Инвестициялық жылжымайтын
мүлік деп аталатын 40 Халықаралық
қаржы есептілігінің
1) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкiмшiлiк мақсаттар үшін емес;
2) әдеттегі шаруашылық
қызмет барысында сату үшін емес.
Иеленуші орналасқан
жылжымайтын мүлік - қаржылық
жалдау
шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының қарауындағы жылжымайтын мүлік, тауарлар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде немесе әкімшілік мақсаттарға пайдалануға арналған.
Жалгер жалгерлік операция бойынша иелік ететін жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайларда инвестициялық жылжымайтын мүлік ұғымына сай келсе және жалгер активті тану кезінде әділ құн бойынша есеп моделін пайдаланса, ол инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеле және есепте көрсетіле алады. Жіктеудің мұндай нұсқасы объектілік негізде мүмкін болады. Алайда жалгерлік операция шарты бойынша жалгердің иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің бip осындай объектісі үшін жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетін бүкіл жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша есеп моделін пайдалану арқылы ecкepiлyi тиіс. Егер жіктеудің осы нұсқасы таңдап алынса, онда бұлайша жіктелген жылжымайтын мүлік бойынша ақпарат ашып көрсетіледі.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік жалгерлік төлем немесе капитал құнының өсуінен кipicтep, не соны да, басқасын да алуға арналған.
Сондықтан инвестициялық жылжымайтын мүліктен түсетін ақшалай тасқындар, әдетте, ұйымның қалған активтерімен байланысты болмайды. Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасқан жылжымайтын мүліктен өзгешелендіреді. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру немесе жеткізу (немесе мүлікті әкімшілік мақсаттарда пайдалану) мүлікке ғана емес, өндіру немесе жеткізу процесінде пайдаланылатын басқа активтерге де жатпайтын ақшалай қаражаттарды туғызады. 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар (IAS) ХҚЕС иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті көрсету үшін қолданылады.
Инвестициялық жылжымайтын
мүлік мысалдары төменде
- әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерз
імді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуі нен пайда алуға арналған жер;
2) әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер (Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі);
3) ұйымның
меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау
шарты бойынша есеп беретін
ұйымның қарауындағы) және жалг
4) қазір бос тұрған, бірак жалгерлік операцияның бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат.
5) болашақта инвестициялық меншік ретінде қолдану үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек:
- инвестициялық жылжымайтын мүлікке байланысты болашақта экономикалық пайда келіп түсу мүмкіншілігі бар болған жағдайда;
- инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болған жағдайда.
Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды. Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.
Тану принциптеріне сәйкес ұйым мұндай жылжымайтын мүлік объектісіне күнделікті қызметтер көрсету шығындарын инвестициялық жылжымайтын мүліктің құндық, қаржылық жағдайы туралы есебінде танымайды. Бұл шығындар туындау мөлшеріне қарай пайданың немесе шығынның құрамында танылады. Күнделікті қызметтер көрсетуге арналған шығындар - бұл негізінен еңбек пен шығыс материалдарының құны; сонымен қатар олар ұсақ бөлшектердің құнын қамтуы мүмкін. Бұл шығыстардың мақсаты көбінесе жылжымайтын мүлікті «жөндеу және ағымдағы қызметтерді көрсетуге арналған шығыстар» ретінде анықталады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір бөлігі алмастыру жолымен алынуы мүмкін. Мысалы, ішкі қабырғалар бұрыннан бар қабырғалардың орнына салынуы мүмкін. Тану принципіне сәйкес ұйым бұрыннан бар объектінің алмастырылатын бөлігіне шығындарды, егер тану өлшемдері сақталатын болса, мұндай шығындар туындаған кезде инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің қаржылық жағдайы туралы есептік құнында таниды. Жылжытылған бөліктердің сомасы стандарттың өнімдерді қайта мойындау ережелеріне сәйкес қайта мойындалады.
2.2 Инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану кезіндегі бағалау және танудан кейінгі бағалау
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқыда нақты шығындары бойынша бағалау керек. Бастапқы бағалауға операциялар бойынша шығындарды енгізу керек.
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алуға шығатын нақты шығындардың құрамына сатып алу бағасы мен кез келген тікелей шығындар кіреді. Тікелей шығындар, мысалы, білікті заң қызметін пайдалану құнын, меншік құқығын беруге салынатын салықтарды және операция бойынша өзге де шығындарды қамтиды.
1-мысал. 2009 жылы 16 наурызда «Экожан» ӨК 1200,0 мың. теңгеге жер сатып алды. Жылжымайтын мүлiк бойынша маман қызметiнiң құны - 23,0 мың теңге және келiсiмшартты құрастырған заңгер қызметінің құны - 15,6 мың теңге. Ескі ғимаратты бұзу шығындары - 35,0 мың теңге, ғимаратты бұзу барысында алынған тауарлы-материалдық құндылықтарының табысы - 12,3 мың теңге, жерді тазарту және оны түзету бойынша шығындар - 7,0 мың теңгені құрады.
Жер телімінің бастапқы құны:
1200,0 + 23,0 + 15,6 + (35,0 - 12,3)+ 7,0 = 1268,3 мың. тг
Осы операция өндірістік кооперативтің бухгалтерлік есебінде келесі шоттар корреспонденциясы арқылы көрініс табады: ( кесте-1)
Кесте-1. Жер телімін иеленуге байланысты шоттар корреспонденциясы.
Операция мазмұны |
Сомасы, мың.тг |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
Негізгі құралдар сатып алынды |
1200000 |
2410 |
3310 |
Мердігерлердің шоты акцептелді |
1200000 |
3310 |
1030 |
Иеленуге байланысты шығындар |
38600 |
2411 |
3311 |
Шот акцептелді |
38600 |
3311 |
1011 |
Ескі ғимаратты бұзу шығындары |
35000 |
7410 |
2410 |
ТМҚ-ны іске асырудан табыс |
12300 |
1316 |
6210 |
Жерді тазарту және оны түзету шығындары |
7000 |
7410 |
2410 |
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнына мыналар кірмейді:
- бастапқы шығындар (жылжымайтын мүлікті ұйым басшылығы
жоспарлап отырғандай қызмет жасай алуы үшін қажет болатын күйге келтіруге қажетті жағдайларды қоспағанда);
- инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі толығудың
жоспарланған деңгейіне жеткенге дейін туындайтын операциялық залалдар;
- жылжымайтын мүліктің құрылысын салған немесе қайта құрған
кезде туындайтын шикізат, еңбек немесе өзге ресурстардың нормативтен тыс ысыраптары.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, нақты шығындар төлем мерзімі ұзартылмай төленген бағасы ретінде анықталады. Бұл сома мен төлемнің жалпы сомасының арасындағы айырма ұзарту мерзімі ішінде пайыздар төлеуге жұмсалған шығындар ретінде танылады.
Жалдау шарты
бойынша ұйымның иелігінде
Жал үшін төленген сыйақылар осы мақсаттар үшін ең төменгі жалдау төлемдерінің бip бөлігі ретінде ескеріледі және сондықтан активтің құнына енгізіліп, міндеттеме сомасынан шығарып тасталынады. Егер жалдау шарты бойынша ұйымның иелігінде тұрған жылжымайтын мүліктің үлесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда әділ құны бойынша ескерілген объект жылжымайтын мүліктің негізінде жатқан емес,
осындай үлес болып табылады. Жылжымайтын мүлік үлесінің әділ құнын анықтау жөніндегі нұсқау әділ құн бойынша есеп моделі үшін стандартта
баяндалған. Бұл нұскау осы құн бастапқы тану мақсаттары үшін нақты
шығындар ретінде пайдаланылған кезде әділ құнды анықтау кезінде қолданылады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бір немесе бірнеше
объектілері монетарлық активке және монетарлық емес активтердің үйлесіміне айырбастау жолымен алынуы мүмкін. Төменде келтірілген тұжырымдар бір монетарлық емес активтің басқасына айырбасына жатады, бірақ олар сондай-ақ алдыңғы сөйлемде сипатталған барлық айырбастарға қолданылады. Жылжымайтын мүлікке мұндай инвестициялардың құны әділ құн бойынша өлшенеді, бұған мына жағдайлар кірмейді: