Химия және өмір
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Химия және өмір»
Жоспары:
Кіріспе бөлім
Химия туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
І. Химия дамуының кезеңдері
ІІ. Химияның табыстары
ІІІ. Қазақстанның химия өнеркәсібі
Кіріспе бөлім
Химия туралы жалпы түсінік
Химия материяны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Бізді қоршап тұрған және біздің санамыздан тыс өз бетінше өмір сүретін дүние – толып жатқан заттар мен құбыстар материяға жатады. Материя объективтік шындықты бейнелейтін философиялық категория, материя біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп сезім тудырады, бейнеленеді.
Материя объективтік шындық ретінде зат және өріс түрінде өмір сүреді. Зат дегенміз белгілі химиялық құрамы бар, тиісті физикалық және химиялық қасиеттерімен сипатталатын материяның жеке бір түрі. Сондықтан зат – тыныштық күйде өзіне тән массасы болатын материалдық бөлшек. Мысалы, су, күкіріт қышқылы, сода, мыс, темір заттарға жатады.
Материалдық орта – физикалық өріске –электрлік, магниттік, электромагниттік, гравитациялық өрістер, ішкі ядролық күштер жатады.
Зат пен өріс өзара байлланысты және белгілі бір жағдайда бір-біріне ауысып отырады.
Материя үздіксіз қозғалыста болады және ол қозғалыспен тығыз байланысты. Материя қозғалысының формалары алуан түрлі, олар өзара байланысты және белгілі бір жағдайларда бір-біріне айналып отырады.
Мысалы, химиялық энергия электр энергиясына, электр энергиясы жылу энергиясына, жылу энегиясы механикалық энергияға айналады.
Материя қозғалысының бір-біріне айналу кезінде – табиғаттың негізгі заңы – материя мен оның қозғалысының мәңгілігі сақталады. Материяның қай түрі және қандай қозғалысы болсын жоқтан пайда болмайды және жоққа айналмайды. Материяны бақылау, тәжірибе жасау, теориялық зерттеу арқылы тануға болады.
Химия пәні материя қозғалысының химиялық формасын зерттейді. Химиялық процестер кезінде молекулалардың құқрамындағы бөлшектердің өзара қосылуы, айырылуы, алмасуы, орын басуы нәтижесінде бастапқы заттардың сапасы өзгеріп жаңа сапалы заттар түзіледі және оллардың қасиеттері де басқаша болады.
Сонымен, химия дегеніміз заттардың құрамын, құрылысын, олардың бір түрден екінші түрге айналуын және осы айналу кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.
Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегінен басқа) мен олардың қосылыстарын зерттейтін химияны бейорганикалық химия дейді.
Бейорганикалық қосылыстар 300 мыңнан асады. Тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарды зерттейтін химияны органикалық қосылыстар 4 миллионнан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллоидтық химия, электрохимия, химиялық технология тағы басқа пәндер оқытылады.
Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор.
Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру т.б. жатады.
Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді. Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдалана отырып, алуан түрлі өнімдер өндіреді.
Қазіргі кезде химиялық синтез әдісін пайдаланып табиғи пайдалы қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық және бейорганикалық химия өнімдерін өндіреді.
Қазіргі кезде химиялық синтез әдісін пайдаланып табиғи пайдалы қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық және бейорганикалық химия өнімдерін өндіреді. Әсіресе химия өнеркәсібінде технологиялық процестерді жақсарту және жаңа технологиялық әдістерді іске қосу өнімдерін шығымын, сапасын арттырумен бірге қоршаған ортаны қорғауға да зор пайдасын тигізіп отыр. Қазіргі кезде химиялық әдістерді пайдаланып өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік мөлшерде жүзеге асырылуда.
Халық шаруашылығына қажетті қара және түсті металдарды олардың қосылыстарынан тотықсыздандырып алу тек химиялық реакциялар арқылы жүреді.
Химиялық реакциялардың негізінде химиялық өнімдер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, сілтілер, сода, сабын, резеңкелер, пластмассалар, каучуктер, жасанды талшықтар, мұнай өнімдерін өндіру, сонымен бірге ауыл шаруашылығына қажетті калий, азот фосфор тыңайтқыштарын және микротыңайтқыштар, гербицидтер т.б. өндіру іске асырылады.
Химиялық реакцияларды пайдаланып, дәрі-дәрмектер, тау-кен жұмыстарына қажетті қопарғыш заттар өндіреді. Бір ғана мұнайдың өзінен 20 мыңнан аса , ал таскөмірден одан да көп органикалық және минералдық заттар алынады. Химия жетістіктерін пайдаланып қазір химия өнеркәсібі 50 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді.
Сонымен бірге жартылай өткізгіштер өндіруге қажетті өте таза затта, космос ракеталарына қажетті бөлшектер, ракетаға жоғары жылдамдық беретін отын элементтерін өндіреді.
Соңғы кезде зор көңіл бөлініп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесінде химияның алатын орны ерекше. Өндірістік суларды (металлургия, химия т.б. өнеркәсіптердің) тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдықсыз жұмыс істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия хылымы мен өнеркәсібінің маңызы зор.
Химия – жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі.
Негізгі бөлім
І. Химия дамуының кезеңдері
Химия ғылымы қазіргі күйіне жету үшін күрделі даму кезеңдерін өткерді. Химиялық білімдер өндірістің қажеттерін қанағаттандырыу мақсатында дамыды. Тіпті біздің жыл санауымыздан бұрын Ежелгі Мысыр елінде темір, мыс, күміс, алтын өндірумен, сабын жасау, шыны, спирт өндірумен шұғылданған, маталарды бояуды білген. Сондай ақ химиялық өндірістер Қытайда, Үндістанда, Месопотамияда жұмыс істеген. Сол кездің өзінде белгілі толып жатқан заттардың әрқайсысының өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттерімен жалпы ұқсастық белгілері болуы ертедегі ойшылдарды заттың құрамы туралы пікір айтуға итермеледі. Мысалы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда өмір сүрген грек философы Демокрит барлық заттар бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады деген пікір айтқан, бірақ бұл пікірі тәжірибеге негізделмеген жалпы жорамал еді.
Химия басқа да ғылымдар сияқты адам қоғамының материалдық мұқтажын өтеуден өсті. Мұнда да басқа ғылмдардағыдай, практикалық білім теориялық білімнен бұрын туды. Іс жүзінде керекті жеке бір химиялық процестерді (айталық жану, кеннен металл қорыту) ашып, керегіне пайдалану алғашқы қауым кезінде де болған, мысалы біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын Месопотамияда кеннен темір, мыс, күміс, қорғасын алып отырған, 1200 жыл бұрын Қытайда түрлі химиялық заттарды алып білген, Индия мен Египетте де сол кездерде химиялық жеке өндірістер болған. Беріректе құл иеленуші мемлекеттерде де тұрмысқа керекті химиялық білім өсе берген. Әсіресе ертедегі Египетте көп химиялық білімдер жиналған.
ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, оған дейінгі химия кәсіп , шеберлік ретінде ғана болған. Мысалы, біздің жыл санауымызға дейінгі үш ғасыр бұрын ерте замандағы мәдениетті ел – Египеттің Александрия деген қаласында ғылым академиясы болған, онда «құдай өнері» - химияға арнаулы Серапис сарайы беріліпті –мыс, бірақ химияны нағыз ғылым деп есептемеген. Бергі заманда да кеннен металл алуды, шыны жасауды, кейбір қышқылдарды, тұздарды басқа да химиялық заттарды ала білген, бірақ мұнда қандай процесс болатынын оларды меңгеруді білмеген, өйткені бұл кезде бұл химиялық процестердің ғылыми негіздері белгісіз еді.
Бірақ материяның атомдардан тұратындығы туралы Демокриттің болжамы көп уақыт ұмыт болып қалды да, оның орнына Аритотельдің (384-322 б.ж.с.д.) элементтер теориясы қабылданып, ол шіркеудің қолдауының арқасында 17 ғасырдай өмір сүрді. Бұл теорияның негізгі мәні жоғары бір күштің әсерінен бір элементті басқа бір элементке айналдыруға болады деп есептеді. Осы теорияның негізінде әрекет еткен орта ғасырлық химия- алхимия (химияның арабша аты) деп аталды.
Алхимия дәуірі шамамен ІҮ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін созылды. Алхимиктердің ғылыми бағыты теріс болды. Олар Аристотелдің теориясына тым сене отырып, жай металдарды алтынға айналдыратын «ғажайып философиялық тасты» іздеп әуре болды. Бірақ алхимиктердің еңбектері босқа кеткен жоқ, олар «философиялық тасты» іздеу мақсатында жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде көптеген металдар, қышқылдар, тұздар, дәрі-дәрмектер бояғыш заттар т.б. алынды.
Алхимиктердің теріс бағытын көптеген ғалымдар ХҮІІ –ХҮІІІ ғасырларда қатты сынады.
Аса көрнекті ағылшын физигі және химигі Р.Бойль 1677 жылы басылып шыққан «Химик-скептик» деген еңбегінде алхимиктердің фантастикалық пікірлеріне ашық қарсы шығып, химиялықт реакциялар ары қарай бөлінбейтін элемеенттердің қатысуымен жүреді деп түсіну керек деген тұжырым жасады. Р.Бойлдің элемент туралы түсінігі қазіргі ұғымға сәйкес келеді.
Осындай теріс ұғымдар пайда болса да (мысалы, флогистон теориясы бойынша металл тотыққанда немесе зат жанғанда ол заттардан флогистон элементі бөлініп кетеді) химия дамудың жаңа озық жолына түсті, Газдардың қасиетін (Г.Кавэндиш, Д.Блек), жану процестерін (Д.Пристли, Г.Шталь, И.Бэхер), ауа құрамын зерттеу жұмыстары, көптеген жаңа элементтер ашу экперменттік химияның дамуында зор қызмет атқарды.
Ғылыми химия М.В. Ломоносовтың (1711-1765) еңбектерінен басталады. Ол зат массасының сақталу заңын ашып (1748 ж) атом молекулалық ілімінің негізін салды. Зат массасының сақталу заңын француз ғалымы Л.Лавуазье де ашып металдар тотыққанда металл мен ауаның (оттегі) қосылатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Сөйтіп М.В.Ломоносов пен Л.Лавуазьенің еңбектері флогистон теьориясын жоққа шығарды.
Орыстың ұлы ғалымы Д.И. Менделеевтің еңбектерінің химия ғылымын дамытудағы маңызы орасан зор. Ол 1869 жылы аса маңызды табиғат заңы – периодтық заңды ашып, химиялық элементтердің ғылыми жүйесін жасады. Өзінің «Химия негіздері» еңбегінде ол бірінші рет химияны периодтық заң негізінде баяндады. Д.И.Менделеев көп жылдық еңбектерінің нәтижесінде ерітінділердің химиялық теориясын жасады.
Орыстың көрнекі ғалымы А.М.Бутлеров 1861 жылы органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын жасады, бұл теория есепсіз көп органикалық қосылыстарды белгілі бір жүйеге келтіруге және органикалық химияның жедел дамуына жағдай жасады. А.М.Бутлеров орыс химиктерінің ғылми мектебінің негізін салды. Бұл мектептен Н.Д.Зелинский, В.В.Марковников, С.В.Лебедов сияқты аса ірі ғалымдар шықты.
Отандық химия ғылымын дамытудағы Н.Н. Зининннің, А.А. Воскресенскийдің, Е.А.Фаворскийдің, И.С.Курнаковтың, Л.А.Чугаевтың, Г.И. Гесстің т.б. еңбектері зор болды.
Химияның өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында , тұрмыста, мемлекеттік қорғаныс ісінде маңызы өте зор. Қазіргі кезде химияны қолданбайтын біріде бір өндіріс саласы жоқ десек артық болмайды.
Революцияға дейінгі Россияда химия өнеркәсібі нашар дамыды. Сондықтан көптеген химия өнімдерін, мысалы: азот, фосфор, калий тыңайтқтыштарын резенкені, түсті металдарды, бояғыш заттарды, дәрі-дәрмек т.б. көптген заттарды шетелдерден алып тұрды.
Ұлы октябрь социалистік революциясы жеңіп, Совет мемлекеті орнағаннан кейін Коммунистік партия мен Совет өкіметі жаңадан отандық химия өнеркәсібін жасауға және оны табиғи шикізаттармен, электр энергиясымен, сондай-ақ ғылыми -зерттеу институттарымен және маман кадрлармен қамтамасыз етуге зор көңіл бөлді. Осының нәтижесінде 1913 жылмен салыстырғанда 1940 жылы химия өнеркәсібі 18 есе артты, ал 1951 жылы Совет Одағы химия өнімдерін өндіру жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты.
Ұлы Отан соғысы кезінде басқа өнеркәсіптер сияқты химия өнеркәсібі де үлкен зиян шекті. Совет адамдарының қажырлы еңбегінің арқасында өте аз уақыт ішінде еліміздің шығысында көптеген химия өндіріс орындары ашылды. Азат етілген аудандарда бүлінген химия өндірістері қалпына келтірілді және жаңа заводтар салынды. Химия өнімдерін өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1960 жылы 4 есеге артты. Органикалық синтез өнімдері – еріткіштер, пластификаторлар, антидетонаторлар, жуғыш заттар, консервлеуші препараттар, улы химикаттар өндіру жедел қарқынмен дамыды. Сонымен қатар анилин- бояу, химия, фармацевтік, лак, бояу тағы басқа өндірістері кеңітілді. Халық шаруашылығына қажетті синтетикалық талшықтар мен смолалар, кремний органикалық қосылыстар, пластикалық массалар, пленкалар, қасиеті әртүрлі синтетикалық каучуктер өндіретін химиялық өнеркәсіп орындары пайда болды және ары қарай дамытылды.
20 жылдың ішінде қара металлургия жылына шамамен 250 миллион тонна болат қорытуға мүмкіндік беретіндей дәрежеге жетті, Әсіресе жеңіл, түсті және сирек кездесетін металдар өндіру ісі тездетілді., аллюминий шығару әлдеқайда өсті. Мұнай мен газды өндіруді басым өркендету бағыты дәйекті түрде жүзеге асырылатын болады, оларды химия өндірістері үшін шикізат ретінде пайдалану арта түседі. Көмір, газ және мұнай өндіру халық шаруашылығының барлық қажеттерін толық қамтамасыз етуге тиіс.
ІІ бөлім
Химияның табыстары.
Біз химия ғасырының тұрғын адамдарымыз. Химия біздің тұрмысымыздың, өміріміздің барлық салаларына сіңіп кеткен. Автомобиль мен кемелер, самолет пен ракеталар химиясыз істелінбейді, химиясыз орнынан қозғалмайды.
Ешбір құрылыс кірпіш, цемент, шынысыз мүмкін емес, ешбір адам тамақ киімсіз, күнделікті тұрмыстық, мәдени керекті заттарсыз тұра алмайды. Ал осы заттардың ешқайсысыда химиясыз өндірілмейді.
Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі жалпы шаруашылықтың техникалық прогресіне ерекше әсер етеді. Осы күнгі халық шаруашылығының алуан салаларының қайсысын алсақ та, химияны, химияның жетістіктерін пайдаланбайтыны жоқ. Химия мен оның жетістіктері, еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуінде, халықтың хал-ахуалы көтерілуінде, елдің материалдық-техникалық базасын жасауда үлкен орын алады.
Жалпы химия ғылымының дамуында да біздің еліміздің химиктерінің еңбектері ерекше, бұлар бұрын да, қазір де алдыңғы қатардан орын алады.
Ендігі жерде қазіргі зама химиясының негізгі табыстарын атап кетейік.
Адам керегіне ұсталатын элементтер санын және шикізаттар қорын өсіру. Бұл жөнінде жер қыртысында көп мөлшерде бар элементтерді қолдануды күшейтумен қатар, сирек және бытыраңқы кездесетін элементтерді іске асыруды күшейтті, айталық ХІХ ғасырдың аяғында белгілі 82 элементтен тек қана 26 элемент қолданылатын болса, қазіргі кезде белгілі 104 элементтің басым көпшілігінің ғылыми немесе техникалық маңызы бар. Қазіргі кезде мәлім болған 800 ден аса изотоптар бар, олардың біразы іс жүзінде қолданылады, оның ішінде атомдық энергия алуға қолданылатындары бар.
Химиялық және оған жуық өнеркәсіптерде, шикізат ретінде соңғы жылдары жаратылыстық қатты заттармен қатар, табиғи мол газдар және сұйық шикізаттар қолданылатын болды.
Ол: жанғыш қазбалар, ағаш, силикаттар, тұздар, түрлі кендер, сонымен қатар, ауа, табиғи және өнеркәсіптік газдар, теңіздер мен көлдерден және жерлерден шығарылатын ащы сулар.
Соңғы кезде шешілген ірі мәселенің бірі – шикізатты толық пайдалану. Бұрын шикізаттағы басты элемент пайдаланып, аралас жүрген элементтерге назар салмай, олар қалдық болып кететін. Мысалы, күкірт қышқылы өндірісінің қалдықтарында – қақ және тозаң түрінде – мыс, мышьяк, алтын, селен, теллур, талий тағы басқа элементтер бар, ал күкірт қышқылымен салыстырғанда селен 300, теллур 800, таллий 5000 есе қымбат.
Шикізат жөнінде химия , шешкен күрделі мәселенің бірі- азық- түлікке жарамсыз арзан шикізаттарды пайдалану. Мысалы, этил спитін бұрын астықтан ия картоптан жасайтын, қазыр ағаш қиқымдарын, мұнайдан, қағаз өндірісінің қалдықтарынан жасайтын болды. 1 т каучук жасауға 2,2 т. спирт, ол үшін 8-9 т қара бидай я 22 т картоп керек болатын, ал ағаш қиқымының 1 тоннасы 1 т картоп, я 300 кг дән орнына жүретіндігі бұл әдістің өте тиіміділігін көрсетті.
Жаңа заттар синтездеу. Химия ғылымының соңғы кездердегі өте ірі табысының бірі- жаңа заттар синтездеу. Әсіресе, органгикалық қосылыстардың бұрын бір-біріне айналдыруға келмейді деп жүрген кластарын айналдырудың жолдары табылып, ол өндірістік масштабта игерілді. Соның нәтижесінде үлкен молекулалы қосылыстардың синтезі кең өріс алып, одан алынған синтетикалық материалдардың табиғи материалдарға қарағанда артық, әдемі, төзімді екендігі дәлелденіп отыр.
Сонымен мұнай, тас көмір және басқа заттардан алынған көмірсутектердің негізгі органикалық синтезге, яғни көп мөлшерде спиррттер, органикалық қышқылдар, мотор отыны, синтетикалық каучук, еріткіштер, қопарылғыш заттар, бояу тағы басқа алуға қолдануға болады.
Өнеркәсіптік синтезде бензол, этилен, ацетиленмен қатар соңғы жылдарда метан (табиғи газдың негізгі бөлімі) көміртек тотығы (генератор газынан) т.б. қолданылатын болды.
Бұлармен қатар витамин, гормон, көмірсулар, майлар және дәрі заттарының (антибиотиктер, пеницилин, стрептомицин) т.б.) синтезі жасалынған.
Жаңа заттар синтездеуде анорганикалық химияның да көп табыстары бар. Қазір белгілі химиялық қосылыстардың саны 2 миллионға жуық, оның 300 мыңы аногганикалоық қосылыстар. Осы қосылыстардың көпшілігі табиғатта кездемспейтін адам қолымен жасалынған сиетезделген қосылыстар. Осы соңғы 10 жылдың ішінде 500 мың қосылыс синтезделді, яғни жылына 50 мың қосылыс алынған десек оның 8 мыңы анорганикалық қосылыстар екен. Солардың маңыздылары: түрлі керекті қасиетті (оңай немесе қиын балқитын, өте қатты не жұмсақ; отқа , суға, қышқыл мен сілтіге берік т.б.) құймалар, мысалы карбид, нитрид, борид, фосфид және всилицид сияқты аса қөатты құймалар - осы анорганиканың табысы.
Силикат және керамика заттарының жаңа өндірісі – отқа берік, химиялық тұрақты шыны керамикалар; аса қатты, оптикалық шынылар, басқа да құрылыстық материалдар, минералдық қышқылдар, сілтілер, тұздар, құнарланғыштар, шала өткізгіштер, диэлектриктер, квант генераторларының материалдары аса өткізгіштік және магниттік қасиетті материалдар - осы анорганикалық синтездің табыстары.
Комплексті қосылыстар синтезі өте үлкен өріс алуда. Әсіресе ерекше маңыздысы – сирек кездесетін және радиоактив элементтер технологиясы жөнінде зор табыстар. Мұндағы негізгі міндет – комплекстердің құрылысын және олардағы химиялық байланыстың табиғатын зерттеу.
Анорганикалық заттар синтезінде алда тұрған міндет – анорганикалық полимерлер алу.
Соңғы кезде кремний – органикалық заттардың синтезі жөнінде ұлкен табыстарға қол жетті. Мұнда кремний органикалық полимерлерден каучук тәрізді заттар, пластмасса, лак жасауға жарамды смола тәрізді бағалы заттар алынды.
Бұл жаңа заттарды синтездеуде химияның алдына күн сайын жаңа талаптар, жаңа міндеттер қойылуда, мысалы, реактивтік двигательдер мен снарядтарға лезде жанатын өте калориялы сұйық отын синтездеу және т.т. керек болды.
Химияның синтез жөніндегі алға қойып отырған талвабы – қажетті қасиетті заттардың қандайын да болса қолдан жасап алу.
Технология процестерін жақсарту. Химиялық процестерді жақсарту, жаңарту ждқөніндегі ғылыми –зерттеу жұмыстарының бірқатар табыстары соңғы кезде өнеркәсіпке енгізілді. Бұл табыстардың бастылары: химиялыұқ реакцияларға зор әсер ететін катализаторлар (реакцияны тек тездерту ғана емес, оны қажетті бағытта жүргізу) , күшті қысымдар -10,100, 1000 атмосфера жиі қолданылады. (жақында 400 мың атмосфералық қысыам сыналды). Көп реакцияларда катализаторлар мен қысым қабат қолданылады.
Бірқатар процестерге - металдың өзін, оның карбидін, азот қосылыстарын алғанда –жоғары 1000-3000º температуралар қолданылады. Соңғы кезде жоғары температураны 1000000º – тан асыратын болды. Кей процестерде төмен температура, абсалюттік нольге жуық температура қолданылады.
Бірқатар химиялық процестерде оған әсер етуші басқа факторларды – реакцияланушы заттардың концентрациясын өсіру, жанасатын бетін ұлғайту, ультракүлгін сәулелерін түсіру, электр разрядтарымен әрекеттеу, циклон, плазма т.б. қолданылады.
Электр энергиясы арзандаған сайын электрохимиялық, электротермиялық өндірістер көбейеді.
Химиялық, механикалық, термиялық әрекеттергеи төзімді материалдардан жасалуы, мысалы, арнаулы құймалар, резиналар, пластмассалар, химиялық тұрақты желім, замазка тағы басқа бұрын қолданылмаған химиялық процестерді өткізуге мүмкіншілік туды.
Процестің өнімділігін арттыру үшін ауа орнына оттек қолданылатын болды.
Өндірісті үздіксіз ету, оны автоматтандыру, механикаландыру химиялық технологияда кең қолданылуда.
ІІІ бөлім
Қазақстанның химия өнеркәсібі.
Қазақстанда Октябрь революциясына дейін айтарлықтай химия өнеркәсібі болған жоқ. Шымкентте кішкентай сантонин заводы ғана болған. Химия ғылымы, химия өнеркәсібі болмағанмен, халық кейбір химиялық реакцияларды тауып, біліп керегіне жаратқан.
Ел ішінде ертеден өріс алған кейбір химиялық процестерден мысалдарын кетіруге болады. Ол я өздігінен, я от пен күннің қызуынан жеретін процестер: еріту, суалту процестері – тұз қайнату, сақар жасау, айдау процестері - қи майын, сүйек майын айдап алу; ашыту, ұйыту, іріту процестері – мал сүтінен айран, қымыз, шұбат, ірімшік, құрт және т.б. жасау; тері илеу; сабын қайнату; экстракциялау, шаймалау (выщелачивание) процестері өсімдіктің бойындағы бояуларды (томар бояу, қына т.б.) шығарып алып, шүберек, жүн, тері, сүйек, ағаш бояу; минералдық бояулар жасау – жоса, көктас т.т. басқа бояуларға, сырға айналдырып ағаш, қыш, тас (зират сырлау) заттарын сырлау, осылардан кіреуке де (глазурь) жасаған, металл өңдеу - зергер ұсталар кейбір металдардан (Fe, Au, Ag, Sn, Pb, Cu) түрлі бұйымдар жасаған оларды өңдеп білген.
Бірінші бесжылдық кезінде жаңадан химия өнеркәсіп орындары салына бастағанда, Қазақстанда да 30 жылдардан бастап әуелі Ақтөбеде, сонан соң басқа жерлерде де химия өндірістері салынып, қазіргі кезде Қазақстанда әжептәуір химия өнеркәсібі бар. Республикада шығарылатын химия өнімдерінің бастылары мыналар: фосфор, азот, калий және магний тыңайтқыштары, минералдық қышқылдар, сірке қышқылы, ацетальдегид, кальций карбиді, калий және хром тұздары, этил спирті, ас тұзы, натрий сульфаты, фторлы аллюминий, аммиак, кокс газы, фенол, мазут, бензин бутан –бутадиен газдары, штапель торқа, дәрі-дәрмектер (морфин, наркотин, сантонин) . Республикада мынадай химия өнекәсіптері бар. Ақтөбе химия комбинаты, хром тұздары заводы, Жамбыл суперфосфат заводы, Арал тұз комбинаты, органикалық заттарды өндіретіндері: Теміртау каучук зауыты, Қазақ металлургия заводының кокс- химия цехы, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қостанай штапель-торқа зауыты, Шымкент химия -фармацевтика зауыты, Шымкент гидролиз зауыты.
Қазақстанда шикізат қорының молдығы осы кезде жұмыс істейтін заводтарды кеңейтуге ұлғайтуға , сонымен қатар жаңа өнеркәсіптер ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Қазіргі кезде жоғарыда айтылғандардан басқа қос суперфосфат, аммофос, мал жемі фосфаты, синтетикалық каучук, этилацетат, меламин, күйдіргіш натр, хлор, бояу-сырлар, нафталин, фурфурол, күйе, автомобиль шиналары, резинадан техникалық бұйымдар, ацетат- штапель торқа, жаңа дәрі-дәрмектер, элементтік фосфор, фосфор тұздары, мал жемі фосфаты өндіріле бастады.
Ғылым академиясының 4 зерттеу институты, өндіріске де, ғылымға да химиядан кадр даярлайтын Қазақстан мемлекеттік университеті бастаған 3 жоғарғы оқу орны Қазақстан химия өнеркәсібіне жан-жақты көмек көрстуде. Жоғарыда 1913 жылы Россияда жоғары білімі бар бір мыңдай химиктер болғаны айтылған, ал қазіргі кезде Қазақстанда тек университеттің химия факультетін бітіріп шыққандар екі мыңнан асты, Оның үстіне Алматы, Семей, Қызылорда, Петропавл, өскемен педагогтық институттары мыңдаған химия пәні мұғалімдерін даярлап шығуда.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Жалпы химия., Бірімжанов Б.А.
- Химия негіздері., К.Аханбаев
- Жалпы және органикалық химия., Р.Насиров