Инфляция. 41

 

 

 

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ ------------------------------------------------------------------------------------3

 

І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ ----------------------------------------------------------------------------------------4

1.1.Инфляция, оның мәні және түрлері ------------------------------------------4

1.2. Инфляцияның себептері,  әлеуметтік – экономикалық салдары ------7

1.3. Инфляцияның табысты  қайта бөлуге әсері -------------------------------9

 

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ  СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ --------------------------------------------------------------------------------11

2.1.Инфляцияға қарсы  саясаттың даму жолдары, түрлері ------------------11

2.2. Инфляция мен жұмыссыздық  арасындағы байланыс-------------------13

2.3. Қазақстан Республикасындағы  инфляцияға қарсы саясат және  оларды жетілдіру жолдары -------------------------------------------------------------16

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ҚАЗІРГІ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ------------------------------------21

3.1 Қазақстанда қалыптасқан  инфляция ерекшеліктері----------------------21

       3.2 Қазақстандағы  инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты------------------22

 

ҚОРЫТЫНДЫ --------------------------------------------------------------------------24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------------26

ҚОСЫМША А----------------------------------------------------------------------------27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Н.Назарбаев 2 наурыз 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты — инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатка жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар./1, 27 б./

Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы нарығының  тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын темендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы  айырбас бағамының икемділігін  сақтап түру.

Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын»- деп атап көрсетті.

Қазақстандағы  инфляцияның  дамуына  инфляциялық  нәтижені  тудырған  жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 %  қосылған  құнға  салынатын  салықты, акциздерді, экспорттық  және импорттық  кеден  баждарын  енгізу, өнімнің   өзіндік құнына  қосылатын  қаражатт ар аударымдарын  экономиканы   жаңарту қорына, халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  мемлекеттік қорына  аудару,  әлеуметтік  сақтандыруға  аударылатын  аударымдарды  бірден көбейту  сияқты  қаржыны   және  әлеуметтік шараларды  жүргізу  мүмкіндігін  туғызды.

Қазақстанда  инфляцияның  дамуының  қосымша факторы  пайдаланылатын кредиттер бойынша  пайыздарды жатқызудың  тәртібі  болып табылады;  кредит үшін төлем ақының  өсуі жағдайында   бұл өнімнің  өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу курстық жұмысының мақсатына:

  • инфляцияның теориялық негіздерін зерттеу;
  • Қазақстандағы инфляциялық процестерге талдау жасау,
  • Қазақстан Республикасының инфляция құбылысының болу себептері, оны болдырмаудың шараларыни  Қазақстандағы инфляцияның қарқын алуы т.б. жатады.

         Курстық жұмыстың міндеттері. 

      -  инфляцияның пайда болу, шығу тарихын зерттеу;

  • Инфляцияның мәнін, салдарын, себептерін қарастыру,
  • Қазақстан Республикасындағы инфляция мәселелеріне тоқталу;
  • Қазақстанда инфляцияны болдырмауды қарастыру;
  • Қазіргі кездегі инфляция мәселелерін талдау;
  • Қазіргі кездегі Қазақстандағы инфляцияға қарсы  саясат және Қазақстанда инфляциямен күрес мәселелерін зерттеу т.б. мәселелер қарастырылды.

Зерттеу құрылымы. Курстық  жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.

 

 

І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАБЫСТАҒЫ ӘСЕРІ

1.1.Инфляция, оның  мәні және түрлері

 

        Инфляция – бұл күрделі  де  көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша  айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

        Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және  шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

        Алтын немесе күміс ақша  айналымы  кезінде инфляция  болмайды, неге  десеңіз,  ақша ол кезде құндылықтың  белгісі емес нақты құндылықтың  өзі болған; қажетті ақша көлемі   алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз  ақша   айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда  қағаз ақша  байлықтың  тек белгісі ғана.  Қағаз  ақша  қазына сақтау  қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау  үшін  адамдар ақшасына құнды  заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде  қағаз ақша  шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап,  оларды көтеріп жібереді.

         Батыс  елдерінде 10 % - ке дейінгі   баяу  инфляция  қауіпті деп  саналмайды. Керісінше, белгілі бір  жағдайда баяу инфляция экономиканың  дамуын жеделтіретін фактор ретінде  түсіндіріледі. Баға өскенде   тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбат  түсетінін  біледі   Бұл, өз  кезегінде  өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық  тауарға  тез толады. Инфляция  жағдайында  әртүрлі  салаларда  баға бір қалыпты  өспейді. Сондықтан, инфляция  экономикада  қалыптасқан  диспропорцияларды  түзетуге  және нарық  шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар  еңбекақыдан тезірек  өседі. Бұл жағдайда  өндіріс шығындары  төмендеп, кәсіпкерлік  дамиды./2, 327 б./

         Бірақ    10 % - тен асқанда  инфляция қауіпті. Экономика  әсіресе  гиперинфляция  кезінде  тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше  процентке емес, бірнеше  ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске  инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары  айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан  қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.

        Спекулятивті бизнес ұсыныстың   өндірістің өсуіне  ықпал жасамайды,  керісінше өндіріс  тоқырауға  ұшырайды. Тоқырау мен инфляция  қосылған соң нарықтықтың  оңды әсерлері  толық жойылып, нарық  механизмі  енді экономикаға теріс  әсер ететін  болады. Сондықтан  стагфляциядан шығу үшін мемлекет  тарапынан инфляцияға  қарсы жедел  және жүйелі  іс – шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

     Инфляция – бағалардың жалпы  өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі  инфляцияны  қалыптастармайды. Инфляция – бұл рыноктардың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі.

         Ақша сұранысынан тыс товар  бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың  монополизациялануына, жаңа салық  ставкаларына, сыртқы экономикалық  жағдайға, мемлекеттік реттеуге  және басқа да себептерге байланысты  өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет [3].

Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.    

        Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.   Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.      Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке товар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /3, 144 б./      

        Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.              Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.            

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларды байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.

Жоғарыда келтірілген  себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.  

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай  жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 – сызба.  Сұраным  инфляциясы 

 

                       2 – сызба. Шығындар инфляциясы

 

1.2  Инфляцияның  себептері, әлеуметтік – экономикалық  салдары

 

        Инфляцияның негізгі себептері: Ақша тауарларды  сатып алу қабілеті, күшті  валютамен  салыстырғанда  құнсызданады.Инфляцияны былай  түсіндіру,  яғни  ақшаның  алтынға  қатысты  құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның  өсуі – тауарға  сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен  байланысты. Белгілі  тауар рыногында сұраныс пен  ұсыныстың сәйкестігінің  бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция – елдегі  баға  деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық  жағдайлар да  әсер етеді. Сонымен баға өсуінің  инфляциялық  себептеріне  нені  жатқызамыз?

        Мысалы, экономиканың  конъюнктуралық  ауытқуына байланысты бағалардың  өсуін  инфляцияға жатқызуға  болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.

       Инфляция  негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.

Инфляцияның пайда  болу себептері:

         Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан  инфляцияны қалыптастыруы  мүмкін. /4, 357 б./

         Екіншіден,егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.

       Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма – олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арпасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.

       Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпті артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.

        Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше,  «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.     «Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді?  Мәселе мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [2].  Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.  /5, 339 б./  

 

 

1.3. Инфляцияның  табысты қайта бөлуге әсері

 

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.   Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

        ХХ – ғасырдың  екінші жартысында  жұмыспен толық қамту, еркін  бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың  ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің  бірде – бір елінде  қатар  қалыптаспағанын айту қажет. Бұл  кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагляция» деп аталады.  

        Мемлекет сұранымды шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы іс – шаралар жүргізуі қажет.  Жаңа классикалық экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою  мүмкін  еместігі өзінен - өзі  және алдын ала  белгілі. Сондықтан  да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

        Батыс  елдерінде жинақталған   тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа   мерзімдік іс – шаралар   саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік саясаты:

         Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

        Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

        Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің  өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға  мүмкіндік береді.

        Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған  қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық  ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан  оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады /6, 219 б./

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ  СИПАТТАМА, ОНЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

2.1.Инфляцияға  қарсы саясаттың даму жолдары,  түрлері

 

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерІн  белгілі экономикалық саясат жүргізуге  мәжбүр етеді. Бұл жерде экопомистер ен алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Бұл екіұшты мәселе әртүрлі елдерде  ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

Инфляцияга қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мсн салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін.

        Сонымен бірге бюджет шығындарының  артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады  және салық пен шығын арқылы  экономиканы реттеудің мүмкіншілігі  қысқарады /7, 256 б./

Екінші  әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-нссие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаттты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталык банк айна-лымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Басқаша айтақанда, мемлекет сұранымды  шектеу мақсатында инфляцияға қарсы  іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық  экономистердің айтуынша, өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталғаи тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты:

Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарас-тыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары  туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы  күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс  көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың  есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҮӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады /8, 115 б./

 

 

 

 

2.2  Инфляция  мен жұмыссыздық арасындағы байланыс

 

Қазақстандағы инфляция

1993 ж. бұрынғы кеңестік  республикалардың "егемендіктер  парадының" басталуы және жаңа  экономикалық жагдайларға ешқандай  дайындықтардың болмауы Қазақстанда  өте ауыр әлеуметті-экономикалық  жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс  көрсеткіштері іс жүзінде  экономиканың барлық сферасыкда құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 ж. жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және эконо-микалық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта — теңгені ендіруте мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын "жоғалтып" жатты. Осыңдай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

Монетарлық қатаңдықтың  нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 ж. инфляция 11,7% болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.

Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше  инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда  жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны  құқық бойынша ресімдеудің шараларын  белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң, "Салықтар жене бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа Заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" Заң.

Үкімет "Стратегия—2030" сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылыл  отыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:

•     ақшалай-несиелік  және   бюджеттік   саясатты   қаталдандырады;

• ішкі инвестициялық  мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;

•     жинақтаушы   зейнетақы   қорларға   ақшалай   қаржылардың айтарлықтай бөлігін  қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;

•     бюджеттік  жетіспеушілікті  қаржыландыруға  құнсызданбайтын кездерді пайдаланады;

•     мемлекеттік   құнды   қағаздардың   айналым   мерзімін ұзартады және т.б.

 Жұмыссыздық

Еңбек өндіріс факторы, ерекше тауар болып табылады. Оның тауарлық формасының ерекшелігі мыналардан тұрады:

1. Бүұ ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу  объектісі болып шықпайды.

2.  Жалдау формасындағы  сату.

3.  Шамалы жинақылық  (аймақтық, өндірістік және т.б.)

4.Тұтас   еңбектің  бөлігі  (әлуеттік  формада)   тұрақты   өтімді таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс — жұмыссыздық туады.

Жұмыссыздықтың білінуінде бірнеше формалар бар.

Экономикалық теорияда "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі  деген ұғымды" пайдалану қалыптасқан. Оның мөлшері тапжылмастай емес. Әр елдерде ол мөлшер 2-ден 7 пайызға  дейін әртүрлі деңгейге жетеді.

Мемлекеттің міндеті - жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейінің табиғи деңгейден  асып кетпеуін бақылау болып табылады.

Америкалық экономист  А.Оукен (Оукен заңы) көрсеткен заңдылық бар. Жұмыссыздықтың іс жүзіндегі деңгейі  оның табиғи деңгейінен 1 %-ға артуы, іс жүзіндегі ЖҰО көлемін әлуеттік көлемімен салыстырғанда 2,5%-ға кейіндеуге жеткізеді.

Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипатына бірнеше факторлар ықпал  етеді:

Инфляция. 41