Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу
Мазмұны
КІРІСПЕ......................
1.
ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДА
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1 Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың
маңыздылығы...................
1.2.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.......................
2.
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫМДЫҚ
ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1.Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық
ойындар
түрлері.......................
2.2.
Информатикадан танымдық жұмыстар жүргізу.......................
3.
ПРАКТИКАЛЫҚ
ЖҰМЫС.........................
ҚОРЫТЫНДЫ....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу. Ондағы мақсат – оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы компьютерлік құралдармен жұмыс істеуге үйрету. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы болып табылады. оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Қабылдаған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мақсаты: Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе отырып төмендегі талаптарды оқушы бойында қалыптастыру.
1.Білім,
білік дағдыларын дамытуға
2.Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3.Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4.Логикалық
және ақпараттық ойлау
5.Өз
бетінше ізденуге үйрету және
компьютерлік сауаттылыққа
6.Информатика сабағына қызығушылығын арттыру;
Курстық жұмыс негізінен үш
тараудан тұрады. Бірінші тарауда сыныптан
тыс жұмыстардың түрлері, ұйымдастыру
әдістемесі туралы айтылады, екінші тарауда
сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын
ойын түрлері сонымен қатар танымдық жұмыстар
қамтылған. Үшінші тарау «практикалық
жұмыс», онда информатикадан сыныптан
тыс жұмыстың бір үлгісі көрсетілген.
1.ИНФОРМАТИКА
КУРСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1.1
Информатикадан сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастырудың
маңыздылығы.
Сыныптан тыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады.Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса,кей жағдайларда (байқау, кеш т.б.) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі..
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Сабақтан тыс жұмыс мақсаттарын, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдесінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді.
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілетін жұмыс мысал бола алады.
Мектептегі
тәрбие жұмысының негізгі бөлігі
болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар─
баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы
тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды
қабылдауын қалыптастырады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты:
1.Оқушылардың информатиканың теориялық негіздері, программалау жайлы білімдерін тереңдету,
2Сыныптан тыс жұмыстардың түрлерімен таныстыру.
3.
Оқушылардың сыныптан тыс
4.Информатика кабинетінде жұмыс істеу;
5. Оқушылардың кәсіпке бағытталған
жұмысын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
1.Баладан
жағымды «Мен»-тұжырымын
А) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
Б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
В)өзінің маңызды орын алатынын сенінуі.Жағымды «Мен»-тұжырымы баланың өзіне,өзін бағалауға жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуынада оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.Сыныптан тыс жұмыстың әр түрлі болуы баланың өзіне сенімділігін,өзін дұрыс бағалауын,өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады.Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігі арттырады.
2.Ұжымдық
жұмыс жасау тәжірибесі мен
серіктестік дағдысын
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай,ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3.Әлеуметтік
қызметтер қажеттіліктерін
Бұл тікелей
әртүрлі қызметтер түрімен
4.Әлемтанудағы адамгершілік, эмоциональдық, еріктілік компоненттерін қалыптыстыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
5.Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдесіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі─ мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6.Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет.
Оқушылар
тәртібі олардың бос уақытын
қалай өткізетіндігіне
Информатика бастауыш
Ондай іс шаралардың ойын түріндегі өткені тиімдірек.Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек кейбірі ғана қатысады.Және бұл оқушылар жұмыс істеуге
дағдыланбаған
болып келеді,сонымен қатар өз
күштеріне деген
Жоғарғы
сынып оқушылары бұлар болашақ
жоғары және арнайы оқу
“Ұстаз жақсының ұстанымы жақсы” дейді халық, оқушылардың жоғарғы нәтижелерге жетуі, әрине ұстаздың үздіксіз білімін жетілдіріп, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауының жемісі.Сондай–ақ оқушылармен жұмыс жасау сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың рөлі үлкен.Айтар болсақ,сыныптан тыс жұмыс оқушылардың жеке басын дамытудың аса маңызды құралдары болып табылады.Педагогика мамандығы үнемі шығармашылық ізденісті,өзін өзі жетілдіруді,кәсіптік деңгейді жоғарылатып отыруды талап етеді.Бұл әсіресе информатика пәнінің мұғаліміне ерекше қатысты,өйткені оқу мазмұны мен мақсатының үздіксіз өзгерісі,оқушылардың компьютерлік сауаттылық деңгейінің өсуі,мұғалімнің бір деңгейде қалып қоймай үздіксіз кемелденуіне, шыңдалуына жетелейді.
Оқушыларға күнделікті , тіпті қас─қағым сәтте өзгеіп отырған заман ағымына сай болу үшін, оларға сыныптан тыс өткізген информатика сабағымен ғана шектелмей сыныптан тыс жұмысқа ерекше мән беру керек.Сыныптан тыс жұмыс деп баланың жеке басын әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін , оқушылардың оқудан тыс уақыттағы түрлі қызмет түрлерін, ұстаздың шеберлікпен ұйымдастыруын айтады.Сонда ақ сыныптан тыс жұмыстар мектепте оқу бағдарламалары шеңберінен тыс және сабақтан бос уақытта өткізілетін түрлі тәрбиелік ─ оқу іс─шараларды да айтамыз.Сыныптас тыс жұмыс ұғымы кең ауқымды болып табылады,оған мазмұны,тағайындалуы, өткізу әдісі,нысандары мен тәсілдері бойынша сан алуан жұмыстар кіреді.
Сыныптан тыс жұмыс мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, қоғамдағы өмір үшін аса қажетті әлеуметтік тәрбиені игеруге және қоғам қаблдаған құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі уақытта балалар қараусыздығының жағымсыз зардаптарының алдын─алу үшін ұйымдастырылған педагогикалық әсер ету уақытын ұзартудың маңызы зор. Өйткені оқушылардың мінез─құлқы мен олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне тікелей байланысты.
Педагогика жағынан өз бетімен кеткен оқушылар көбінесе үйірмелерге қатыспайды. Қоғамдық тапсырмалары жоқ, сондықтан да олардың мектеп және сынып өміріне қызығушылығы болмайды. Бос уақытының ұлғаюыны қарай оны пайдаланудың қоғамдағы рөлі өсе түседі. Нашар оқитын, үлгерімі төмен оқушыларды сабақтан аландатпау керек деген пікір қалыптасқан.Бұл қате пікір, өйткені бос уақытты қалай дұрыс пайдалану керектігін дәл соларға үйрету керек. Информатика бұл арада нашар оқитын оқушылар үшін де зор мүмкіндіктерді тудырады.
Сыныптан
тыс жұыс мектеп алдында
Сыныптан тыс сабақтарды
Информатика тілін меңгеру, компьютермен дұрыс жұмыс істеуді, оқушыларға информатика тарихы мен мәліметтер беру үшін пайдалануға болады. Жұмыстың негізгі принциптерін атап кетсек, оларға: мақсат қою принципі, еңбек қызметі, шығармашылық қызметі, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру принципі және басқалар.
Енді сөзімізге арқау болып
отырған, сыныптан тыс
1.2.Сыныптан
тыс жұмыстардың кейбір
түрлері
Сыныптан
тыс жұмыс─бұл педагогтардың
мектеп оқушыларынның сабақтан тыс
уақыттағы әртүрлі « іс-
Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар:
1)
өтілген материалды толық
2)
информатикаға қызығушылық
3)
информатиканы оқыту барысында
оқушылардың қызығушылығын
Информатика кеші ─ бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойғы жұмысының қорытындыларын жасаудың өзіндік түрі. Оқушылар мұғаліммен бірігіп кештің бағдарламасын, іс-шаралар мен көңіл көтерудің түрлерін мұқият ойластырады,кешке арналған материалдарды іріктейді: қалжың есептер, тарихи мағлұматтар, сөзжұмбақтар,викторина сұрақтары: қажет модельдерді, плакаттар, ұрандарды дайындайды, сыныпты безендіреді. Іс-шараның маңызды тәрбиелік мәні бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбының намысы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушылардың бойында жеңіске жетудегі табандылықты, сабырлықты қалыптастырады.
Информатика пәні бойынша викторина ─ бұл өзіндік ойын түрі. Виктаринаны үйірме сабақтарында немесе жеке сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізген тиімді (сабақтан тыс уақытта). Викторинаға арналған тапсырмалар шағын, тез түсінетіндей,жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шешіле алатындай болуы тиіс. Әдетте сабақтарды шешілетін типтік есептер викторина үшін қызықсыз.Есептерден басқа викторинаға информатика бойынша әр түрлі сұрақтарды қосуға болады. Сонымен бірге викторинаға қалжың есептер қосады. Викториналарды толығымен қандай да бір тақырыпқа арнауға болады, бірақ аралас викториналар қызықтырақ өтеді.
Іскерлік ойындар ─ оқушылардың бойында шешім қабылдаушы адамның ролінде нақты іс-әрекетті мүмкіндігінше толық сезіну туындату үшін нақты зерттеліп отырған нысанның немесе жағдайға ұқсас нұсқасын пайдаланатын белсенді оқыту тәсілі. Олар құрал ─ жабдық есептерді шешуге бағытталған: нақты іс-әрекет туғызу, нақты мақсаттарға жету, қатысушылардың іскерлік қарым ─ қатынастар жүйесін қалыптастыру. Балалармен өтетін іскерлік ойындар әдетте қарапайым сюжетті болады, оларды ұйымдастыру семинар түрінде өткізуге де болады.
Информатика пәні бойынша диспут ─ бұл сыныптар арасында сұрақтар мен жауаптар алмасатын өзіндік ойын. Диспут барысында алдымен қиын сұрақтар қойылады. Диспуттың материал туралы сұрақтың маңызы зор. Бұл сұрақ диспуттың мақсаттарына байланысты шешіледі. Осындай мақсаттардың ең маңыздысы ─ бұл өткен оқу жылдарындағы оқу материалын қайталау. Бұл жағдайда оқушылардың алдына белгілі бір уақыт аралығындағы материалды,анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді білетіндей, есептерді шығарып, осы материал бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді орындай алатындай қайталау міндеті қойылады. Әрбір диспутқа қойылатын ең төменгі талап оқушылардың оқулықтағы материалды дәл, жақсы және толық білуі, тұжырымдамаларды білуі мен түсінуі болып табылады. Тек осыдан кейін ғана және осының негізінде оқушылардың оқу материалымен шығармашылық жұмысын ұйымдастырып жүргізуге болады.
Сынып сағат. Информатика мұғалімері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін,дағдыларын дамыту,мәдени құндылықтарды меңгеружолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді
информатикадан графикалықредакторлар
мен дизайн арқылы орындалған оқушылар
шығармашылығынан жұмыстарын бағалау
үшін ұйымдастыруға болады.
2.
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ТАНЫМДЫҚ
ОЙЫНДАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын танымдық ойын түрлері.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын. Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi. Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций
оқыту әдiстемесiнiң жалпы
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады: қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен, яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:
- Адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин, Т. Рибо).
- Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).
- Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
- Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
- Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).
- Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
- Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов).
- Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
- Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).
Танымдық белсендiлiк
көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты.Танымдық әрекеттiң белгiлi
бiр ғылым саласымен таңдаулы қатынасы,
танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен
танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi.
Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы
таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен
белсендiруде танымдық белсендiлiк тұлғаның
шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде
ұдайы iзденiске жетелейдi.
Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. « Ойын » сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Бұл баланың логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, пәнді танымдылық ойын арқылы дамытуды, оқушылардың қиялын, зейіннің, қабылдауын, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
Ойын арқылы бала қоғамдық
тәжірибені меңгереді,
Ойындар
бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар
І.Стол үсті ойындары.
Оқушылардың зейінділігін дамытатын,
ой-өрісін кеңейтетін құрал . Сыныпта
стол үсті ойындарын топтық және дара
жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус
, кроссвордтар жатады , оларды тақтада
, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе
компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды
қорытынды , білімді тиянақтайтын сабақтарда
қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар.
Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын,
өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің
бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты
да тартымды қылып, оқушылардың көңілді
күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл
меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары .
Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін
бір түрінен басқа түріне тез ауысуға
көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты
талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде
немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар.
Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге
және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат
сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша
мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін
жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың
қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге
үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар.
Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін
оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа,
жүйріктікке, зеректікке» бейімделген
тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас
қатырғыштар жатады.
Кез келген ойынды қолданғанда келесі
мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған
бала шығармашылдыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың
жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай
өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен
тығыз байланыста болуы

- Информатика и вычислительная техника
- Информатика и информационные технологии
- Информатика и информационные технологии в образованных учреждениях
- Информатика как наука
- Информатика как наука
- Информатика как наука: развитие и перспектиы
- Информатика как наука: электронный период и перспективы развития
- Информатизация судов общей юрисдикции и Судебного департамента
- Информатика
- Информатика
- Информатика
- Информатика в жизни рядового чаеловека
- Информатика, виды информатики
- Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру