Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық

Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық

Кәсіпорын баға саясатының барлық кезеңдерін қалыптастыра отырып, шығарылатын өнімнің  бағасын белгілеуде соңғы шешім  қабылдау үшін бірнеше факторларды  ескереді: нарықтың типін, кәсіпорын  қызметінің  мақсаттары мен міндеттерін, маркетингтік шаралар  жүргізу мүмкіндіктерін, нарықтағы бәсекелестік күрес  деңгейін және т.б.

 
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты -  нарықта өнім мен кәсіпорынның  бәсекелестікке қабілеттілік  деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.  
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру  бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары  баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда  нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің  азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп   соқтыруы мүмкін.

Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру  1-ші кестеде ұсынылған кезеңдер тізбегіне негізделген:

1 кесте. Ұйымның (кәсіпорынның) баға саясатының кезеңдері

№ п/п

Кезең атаулары

Жүзеге асыру нұсқалары

1

Баға саясатының мақсаттарын  анықтау

 
1.1. нарықта аман қалу стратегиясы;  
1.2. пайданы максимизациялау  шарттарын орындау ;  
1.3. нарықтағы үлес көрсеткіштері  бойынша көшбасшылық және нарық үлесін арттыру;  
1.4. нарықта баға бегілеуде көшбасшылық;  
1.5. жаңалықтар енгізуде көшбасшылық.

2

Баға құрайтын факторларды талдау

 
2.1. сұранысты талдау (бағалық және бағалық емес құрамдар);  
2.2. сұраныс икемділігін талдау;  
2.3. ұсынысты талдау ( бағалық және бағалық емес құрамдар);  
2.4. ұсыныс икемділігін талдау;  
2.5. өндіріс шығындарын бағалау;  
2.6.  бәсекелестер шығаратын өнімдер мен олардың  бағасын талдау.

3

Баға құрайтын тәсілді  таңдау

 
3.1. өнімнің өзіндік құнына үстеме баға;  
3.2. шығынсыздық қағидаты;  
3.3. тұтынушылар сұранысының төлеу қабілеттілігіне бейімделу;  
3.4. нарықтағы бағалар қарқынына бейімделу;  
3.5. бәсекелестердің баға ұсынысын күтуіне бейімделу.

4

Баға  стратегиясын таңдау, соңғы бағаны бекіту

 
4.1. жаңа нарыққа ену  —бағаны құрайтын  психологиялық факторларды ескеру;  
4.2. нарықтағы  позициялардың тұрақталуы — тілекке сәйкес баға бейнесін жасау;  
4.3. нарықты және оның  сегментациясын дамыту — баға диверсификациясы.


Кәсіпорынның баға саясатының мәнін барынша  толығырақ қарастырайық.

1-кезең. Баға саясатының мақсаттарын анықтау

Ұйым (кәсіпорын) мақсаттарының бірнеше  деңгейде жүзеге асырылатын құрамдас бөліктері:

  • Стратегиялық мақсаттар —ғаламдық  мәселе қоюға бағытталады және ұзақ мерзімге бейімделеді;
  • Тактикалық мақсаттар — орта мерзімдік  нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, шешімдер көлемі стратегиялық мақсаттарға сәйкес шектеулі болады;
  • Операциялық мақсаттар — жергілікті сипатқа ие, қысқа мерзімді шешімдерді жүзеге асыруға бағытталған (тактикалық және  стратегиялық мақсаттарға сай болуы тиіс).

Мәселен, кәсіпорын баға саясаты аясында – нарықта жаңалықтар енгізуден көшбасшы болу туралы стратегиялық мақсаттар қойса, бұл мақсат тактикалық мақсатпен алмастырылады: нарыққа барынша жаңа бұйымдар келіп түседі, тауардың жаңа болуына байланысты баға диверсификацияға ұшырайды (жаңа бұйымдар қымбатқа, ескілері арзанға сатылады). Бұл мақсаттар өз кезегінде шұғыл мақсаттар туғызады: мысалы, жаңа бұйымдар сатып алушылардың жеке тапсырысы бойынша, нарықта  ең жоғары X бағасымен,  сериялық өндіріспен шыққан жаңа тауарлар — мейілінше  төмен  Y бағасымен,  ал нарықта  бірнеше жылдан бері келе жатқан тауарлар, ең төменгі жеңілдетілген Z бағасымен сатылады.

1.1. Нарықта аман қалу стратегиясы  тауарлар шамадан тыс көбейіп  кеткенде, яғни шығарылатын өнімге  сұраныстан ұсыныс артып кеткен  жағдайларға бейімделген. Бұл  жағдайларда тауарға деген сұранысты  арттыруға байланысты кәсіпорын  тұтынушының көзқарасына себепші  болу үшін, төмен бағалар белгілеуге  мәжбүр болады. Көбіне, сатып алу  көлеміне байланысты, жеңілдетілген  баға жүйесі қолданылады (көлем  неғұрлым көп болса, баға соғұрлым  төмен).

1.2. Табысты  максимизациялау шарттарының орындалуы коммерциялық ұйымның (кәсіпорынның) нарықтағы «генетикалық» ерекшеліктеріне негізделген, яғни  өнімді сатудан барынша көп табыс алуға. Бұл жағдайда кәсіпорын төлем қабілеттілігін, әлеуеттік сұранысты, нарықтық бағалардың түрлі құрылымына байланысты шығындар деңгейін талдайды. Одан кейін ол   өнімді шығаруға немесе қызметтерге кететін шығындардың көп бөлігін жабатын ағымдағы табыстың оңтайлы нұсқасын таңдайды.

1.3. Нарықтағы үлес көрсеткіштері  бойынша көшбасшылықты жеңіп  алу немесе нарық үлесін арттыру  мақсаттары кәсіпорынның нарықтағы  бәсекелестікке қабілеттілік деңгейімен  байланысты. Сол жағынан күшті  кәсіпорындар, әдетте, шығарылатын  өнім нарығының айтарлықтай үлесіне  ие (яғни бәсекелестермен салыстырғанда  сату көлемі едәуір үлкен).Бұл  ауқымдылық әсері есебінен тауар  өндірісі шығындарын азайтуға  және алыс болашақта тұрақты  табыс алуға  мүмкіндік береді.Кәсіпорын нарықтағы үлесін арттыруды мақсат етіп қойса,  шығаратын өнім бағасын мүмкіндігінше төмендетуге саналы түрде барады.

1.4. Нарықта баға белгілеуде  көшбасшылықты жеңіп алуды мақсат еткен кәсіпорын, көбіне,  олигополия нарығында қызмет ететін ірі корпорация болып саналады. Барынша бәсекелестікке қабілетті ұйымға тиесілі бұл құқық,   құпия келісімге келмей-ақ, белгілі бір нарықта жалпы баға деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

1.5. Нарыққа жаңалықтар енгізу  көшбасшылығы ең жаңа жоғары  сапалы тауарларға ҒЗТКЖ-ын жүргізу  шығындарын жабу үшін ең жоғары  баға белгілеуді қарастырады.  Мұндай кәсіпорындар тұтынушылар  сұраныстарын мейілінше қанағаттандыру  үшін және тұтынушылардың артық  қаражатын тарту үшін жаңа  тауарлар жасаумен және қолданыстағы  үлгілерді модернизациялаумен тұрақты  түрде айналысады. 

2-кезең. Бағаны құрайтын  факторларды талдау.

Мұндай талдау кәсіпорынның  баға саясатында  сатып алушылардың, жеткізушілердің, өндіріс пен бәсекелестер  факторларының бағаның өзгеруіне қатысты пікірлерін ескеріп отыруын мүмкіндік береді.

2.1. Шығарылатын өнімге сұраныстың  бағалық және бағалық емес  құрамдарын бағалау баға өзгерген кезде тұтыну көлемінің өзгеру заңдылықтарын: бағаны, тұтынушының табысын, бір-бірін толықтыратын және бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасын, сатып алушылардың санын, талғамын және сұранысын, ұлттық ерекшеліктерін, тұтынушылардың күткенін анықтауға мүмкіндік береді.

2.2. Сұраныс икемділігін талдау  кәсіпорынға маңыздылығына байланысты  қандай да бір тауарға баға  белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен,  мүлде икемділіксіз сұраныс жағдайында  (мысалы,  аукциондық сауда-саттыққа қойылған тауарға) ұсынылған тауардың бірегейлігіне байланысты баға барынша жоғары дейгейде белгіленеді. Икемділіксіз  сұраныс жағдайында (бірінші қажеттілік тауарлары) өндіруші-сатушының бағаны төмендетуіне тура келеді, бірақ аз мөлшерде ғана, өйткені  нанға, тұзға, энергияға үнемі сұраныс болады. Икемділікті сұраныс (кеңінен тұтыну тауарлары) кәсіпорынды нарықта икемді баға саясатын жүргізуге мәжбүр етеді, өйткені бағаны көтеру тауарға деген сұранысты төмендетуі мүмкін. Бұл жағдайда кәсіпорын көбіне сапаға, тауардың жаңалығына және т.б. байланысты баға диверсификациясы саясатын жүргізеді. Мүлде икемділіксіз сұраныс жағдайында (мысалы, колхоз нарығы) ұйым (кәсіпорын)  бағаны артық қаражат шеңберінде белгілеуге мәжбүр. Бұл нарықта көптеген бәсекелестердің стандартталған және  бұқаралық өнімдер шығаруымен байланысты. Мұндай жағдайда бағаны көтеру сату көлемінің азаюына  және табыстың бір бөлігін жоғалтуға  әкеп соқтырады.

2.3. Ұсыныстың бағалық және бағалық  емес құрамдарын талдау бағаның  өзгеруінің өнімді сату көлеміне  әсер ету дәрежесін бағалауға,  кәсіпорынның ұсыныс көлемінің  -  ресурстар бағасының қарқынына, ҒТП әсеріне  және өндірістік технологиялардағы өзгерістерге, салық   және субсидия  салаларындағы мемлекеттік саясатқа, бір-бірін алмастыратын тауарлар бағасына,   нарықтағы сол тауарды жеткізушінер санына, өнім өндірушілер тарапынан күтілген баға өзгерісіне  тәуелділігін  анықтауға мүмкіндік береді. 2.4. Ұсыныстың икемділігін бағалау ұйымға (кәсіпорынға) ресурстарды тиімді бөлуге , шығарылатын өнімнің көлеміне және оған белгіленетін бағаға байланысты уақытқа бейімделуге көмектеседі.Сонымен, қысқа мерзімді ұсыныс - икемділіксіз. Бұл іс жүзінде бір жылдық өндіріс бағдарламасы аясында өндіріс көлемін  өзгерту мүмкін еместігімен байланысты. Тіпті өнімнің нарықтық бағасы өзгерсе де. Орта мерзімді кезеңде (ұсыныс икемділікті) өндірісті жетілдіру және ішкі ресурстар қорының есебінен өндіріс көлемін  өзгертуге мүмкіндіктер пайда болады. Яғни нарықтық баға қарқынын бағалауға және өндірістік бағдарламаны түзетуге біраз   уақыт  бар. Ұзақ мерзімді кезеңде ұсыныс  аса икемділікті болғандықтан, кәсіпорынға өндірістің барлық факторларын өзгертуге, маркетингтік зерттеулер жүргізуге және солардың негізінде өндіріс бағдарламасы мен сапалы баға саясатын құруға қатысты  мүмкіндіктер береді.

2.5. Өнімді сатудан түскен табыстың  көмегімен өндіріс шығындарының  көп бөлігін жабуға тырысатын кезкелген кәсіпорын үшін өндіріс шығындарын бағалау маңызды. Кәсіпорын өнім өндіру, тарату және сатып орналастыру  шығындарын ескере отырып,  өнімнің нарықтағы бағасын, пайда нормасын, нарықтық тәуекелдікті сақтандыруды белгілейді.  Нәтижесінде нарықтың әр түрлі типтерінде, баға шығындардың минимизациясына және пайданың максимизациясына бейімделе отырып, сол нарыққа қатысушылар үшін белгіленген ережеге сәйкес бекітіледі. Оңтайлы бағалық саясатты анықтау, көбіне, шығындардың жіктелуіне (мысалы, тұрақты, ауыспалы, орта, шектеулі)  байланысты, бұл  бағаны құрауда шектеулі шығындар тәсілін, пайда өскенде шығындарды қысқарту негізінде табыс массасын реттеу тәсілін, нарықтық бағалардың жағымсыз қарқыны жағдайында шығындар өтелімі тәсілін  қолдануға мүмкіндік береді.

2.6. Бәсекелестердің бағалары мен  өнімдерін талдау келесі жағдайларды  анықтауға мүмкіндік береді. Өнімге  белгіленетін ең жоғары баға  сұранысқа (мысалы, сатылымға қойылған  әлемдік жауһарлар), ал ең төменгі  баға  өндіріс шығындарына  байланысты анықталатынына қарамастан, кәсіпорынның баға саясатына айтарлықтай дәрежеде бәсекелестердің  бағалық  және тауарлық  саясаты ықпал етеді. Маркетинг қызметтері тұрақты түрде  бақылаулық сатып алулар мен сауалнамалар жүйесі  арқылы бәсекелестер тауарларының салыстырмалы талдауын  жасайды. Сонымен қатар, нарыққа ұсынылған  ұқсас өнімдердің бағалары да салыстырылады.  Егер сапа мен баға шамамен бірдей болса,  кәсіпорын бәсекелестік күрестің бағалық және бағалық емес тәсілдерін пайдалануға тырысады (мысалы, мерзімдік сатылымдар ұйымдастыру арқылы жеңілдіктер жүйесін жасайды.  Жарнамалық акциялардың  тікелей формалары мен   ұтыс, лотерея, сыйлық және т. б. формаларын  күшейтеді. Өнім сапасын арттыру, ноу-хау ұйымдастыру шығарылатын өнімнің  айрықша ерекшеліктерін сипаттауға, бәсекелестердің әрекеттерінен сақтануға  мүмкіндік береді.Сонымен қатар,  бағалық емес бәсекелестік тәсілдері нарықта бағаның диверсификациясын жүргізуге және  түрлі топтағы тұтынушылардың мүдделеріне зиян келтірмей, олардың  артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді. 

3-кезең. Бағаны құрау тәсілдерін  таңдау

Бұл кезеңде  ұйым(кәсіпорын) тауарға баға белгілеу тәсілін таңдау арқылы баға саясатын қалыптастыру мәселесін шешеді. Бәсекелестік ортада қолданылатын кең тараған тәсілдердің арасынан -  өнімнің өзіндік құнына үстеме бағаны, шығынсыздық қағидатын, төлем қабілеттілігі сұранысына бейімделуді, нарықтық баға қарқынын және бәсекелестердің  бағалық ұсыныстарын атап өтуге болады.

3.1. Өзіндік құнға үстеме баға   тәсілі есептеудің қарапайымдылығы арқасында  нарықтық экономикада мейілінше жиі қолданылады.  Үстеме баға  өлшемдері  кең ауқымды қамтиды, бұл тауардың түрлеріне, нарықтың аумақтық ерекшеліктеріне, мемлекеттік реттеу органдарының қатынастарына және т.б. байланысты. Бағаны құраудың бұл тәсілінің  бірқатар артықшылықтары бар:

  • өндіруші-сатушыларға  сұраныс пен оған әсер ететін факторларды талдау  жөнінен маркетингтік шаралар кешенін орындаудан гөрі,  өндіріс шығындары деңгейін талдау, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын анықтау жеңілірек;
  • нарықтағы бәсекелестердің көбі баға белгілеудің дәл сондай саясатын ұстанған жағдайда, іс жүзінде бағалық бәсекелестік пен шығын мүмкіндігі жойылады, соның нәтижесінде пайданың айтарлықтай үлесі де;
  • өзіндік құнға үстеме баға, әдетте, ақылға сыйымды өлшемде (50%-дан көп емес) болады, бұл   өндіруші-сатушыға тұтынушылардың мүддесіне зиян келтірмей,  олардың артық қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Алайда нарықтағы сұраныстың төлем  қабілеттілігі қарқынын қадағалай  алмау  және кәсіпорынның баға тактикасын дер кезінде өзгерте алмау қаупі бар. Бұл кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігінің төмендеуіне және шығындар тәуекелдігі деңгейінің артуына соқтыруы мүмкін.

3.2. Шығынсыздық қағидаты дегеніміз  – бағаны өнімді сатудан түсетін  пайда өндірістің жалпы шығындарын  жабатын деңгейде белгілеу.Бұл  тәсілді қолдана отырып, кәсіпорын  тұтыну көлеміне байланысты, бағаны  диверсификациялайды, бұл сұрынысқа дем беріп, сатудан түсетін  пайданы арттырды.

3.3. Сұраныстың төлем қабілеттілігіне  бейімделу тәсілін өз құрамында  маркетинг бөлімдері бар немесе  шығарылатын өнімге сұранысты  талдау үшін қаражаты жеткілікті кәсіпорындар қолданады. Бұл орайда сапаға, тауарды безендіруге, қызмет көрсетуге және т.б. сол сәтте қойылатын талаптарды ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тілектерін (әлеуеттік сұраныс) де бағалау қажет. Бұл тәсілді пайдалану барысында кәсіпорын бағаны тұтынушылардың әлеуметтік топтарына байланысты, тауарлардың сапасына, жаңалығына, тауарлық санатына байланысты диверсификациялайды. Бұл тұтынушылардың түрлі  топтарының  артық қаражатын тартуға мүмкіндік берумен қатар, маркетингтік шараларды жүзеге асыруға  айтарлықтай кыржы бөлуді талап етеді.

3.4. Нарықтық бағалар қарқынына  бейімделу нарықтағы ағымдық  баға деңгейін есептеуден және  оның қысқа мерзімдік кезеңде  бағаның өндіріс факторларына  байланысты немесе тұтынушылық  сұраныс үрдістеріне байланысты  өзгеруінен тұрады. Мұндай тәсіл баға саясатын қалыптастыруда, әсіресе, нарықтық баға деңгейі  жалпы шығындар мен пайда нормаларына қатысты шынайы көріністі бейнелейтін, жетілген және монополистік бәсекелестік нарығында, ірі ауқымдағы  маркетингтік зерттеулерден бас тартуға мүмкіндік береді

3.5. Бәсекелестердің күткен баға  ұсыныстарына бейімделу тәсілі, көбіне,  олигополия нарығында, баға  бойынша көшбасшылық жағдайында, көшбасшы-кәсіпорын бірінші болып бағасын бекітіп, нарықтың өзге қатысушылары берілген баға деңгейін ұстанған жағдайда  қолданылады. Кәсіпорын, сонымен қатар, бәсекелестердің күткенін бағаның орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік өзгеруіне қатысты бағалай алады. Нәтижесінде кәсіпорын «бағаны ұстану» немесе «баға бәсекелестігігіне» орай, баға саясатын жүргізеді.

4-кезең. Баға саясатын таңдау, соңғы бағаны белгілеу

Кәсіпорын бұл кезеңде  бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар (тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға  образы, бағаларды диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да  маңыздылығы өз кезегінде  кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін таңдалған баға  стратегиясына байланысты.

Кәсіпорынның нарықта пайда  болуы кезеңінде,  оның алдында тұратын басты мақсат  — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы (жоғарыда  4.1 кестесіндегі стратегия), оны жүзеге асыру үшін бағаны құраудың психологиялық  факторларының  маңызы зор.

  • Кәсіпорын көп жағдайда баға белгілеуде «бірінші цифр» тактикасын қолданады. Оның мәні баға дөңгелектелмеген формада белгіленеді, мысалы,  399,99 руб. Бір қарағанда сатып алушының көзі 3 цифрына түседі және  тауар 300 руб. тұратындай әсер қалыптастырады.
  • Түтынушы  психологиясын естерудің тағы бір нұсқасы  — бағаның сапа ретіндегі көрінісі —  баға неғұрлым жоғары болса, сапа соғұрлым жоғары болады деген пікір қалыптасқан. Баға белгілеудің бұл нұсқасы әдетте Ресейдің кеңінен қолданылатын тауарлар, мысалы, киімдер мен аяқ киімдер  нарығына тән.
  • Үшінші нұсқа — баға тауар мерейінің көрінісі ретінде — тұтынушылардың сән туралы түсінігін, белгілі бір әлеуметтік және кәсіби топтардың пікірлерін қамтиды. Нәтижесінде, тауардың бағасы жоғары болған сайын, тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан мерейі жоғары (мысалы, шаштараздық қызметтер ұсыну салондары).

Кәсіпорынның даму кезеңінде пайданы  максимизациялау және кәсіпорынды  жедел дамыту мақсаттары қойылады. Бұл орайда, көбіне, нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиясы (4.3) қолданылады. Тұтынушылардың артық  қаражатын тарту үшін бәсекелестермен  күрес жүргізу кәсіпорынның баға саясатының аса маңызды элементіне айналады. Өнімге соңғы бағаларды  белгілеу туралы шешімнің ерекшелігі – оларды диверсификациялау.

Тұрақтылық кезеңінде  кәсіпорын  нарықтағы өз позиицияларын  нығайтады, жеткілікті түрде бәсекелестікке қабілетті. Сондықтан оның мақсаты – нарық үлесінің өсуі немесе бағаларда көшбасшылыққа қол жеткізу. Мұндай мақсатқа  тілекке сәйкес баға образын құруды қарастыратын нарықтағы позициялар тұрақтылығы стратегиясы (4.2) сай келеді. Көбіне, жеңілдіктер жүйесі  және нарықтағы ең төменгі баға  жарнамасы жиі қолданылады.

Уақыт өте келе, нарықта ҒТП-тен  қалыспай келе жатқан жаңа бәсекелестер пайда болады. Нәтижесінде нарықта  бұрыннан келе жатқан бәсекелестер көнере бастайды. Олар үшін нарықтағы позицияларын сақтап қалу негізгі мақсатқа айналады. Бұл жағдайда  нарықтағы позицияларын тұрақтандыру стратегиясы (4.2)  қолданылады, бірақ кәсіпорын баға образын құруға емес (осының алдындағы кезеңдегідей), оны сақтауға  басты назар аударады. Бұл орайда басшылық кәсіпорынды жаңарту туралы ойластыра бастайды.

Қайта жаңару кезеңінде кәсіпорын  өз қызметін жаңартуға және дамытуға бағытталған шаралар жүргізеді, олардың бірі жаңа баға саясатын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бұрыннан белгілі  жаңа нарыққа ену (4.1)  және нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту (4.3) стратегиялары қолданылады. Өнімге соңғы бағаны белгілеу туралы шешім таңдалған стратегияларға сәйкес қабылданады.

Осылайша, баға саясатын қалыптастырудың  барлық  кезеңдерінен өткен кәсіпорын шығарылатын өнімге баға бекіту туралы соңғы шешімді көптеген  факторларды ескеріп қабылдайды: өнім сатылатын нарықтың типі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері;  маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктері, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейі және т.б. Дұрыс қалыптасқан  баға саясаты өнімнің және кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеруге бағытталған қарқынды процесс болып табылады.

Қорытындылар

  1. Ұйымның(кәсіпорынның) баға саясаты  көбіне оның өз қызметін жүзеге асыратын нарықтың типіне байланысты (жетілген бәсекелестік, монополиялық бәсекелестік, олигополия және таза монополия нарығы).
  2. Жетілген бәсекелестік нарығында баға өндірістің шектеулі шығындарына тең болуы, тұтынушылық сұраныспен сәйкес келген жағдайда шектеулі табыс  орташа шығындардың ең төменгі мәніне тең болуы негізінде белгіленеді.
  3. Монополиялық бәсекелестік, олигополия және таза  монополия нарығында бағаны құрау мүмкіндігінше түрлі топтағы тұтынушылардың артық қаражатын жаулап алуды көздейді.
  4. Баға саясатын қалыптастыру процесі бірқатар кезеңдерден өтеді: мақсаттарды айқындау; бағаны құрайтын  факторларды талдау; бағаны құрау тәсілдерін таңдау; баға  стратегиясын таңдау және соңғы бағаны белгілеу.
  5. Баға саясаты нұсқасын таңдауға, атап айтқанда, баға саясатына кәсіпорынның өмірлік кезеңдері әсерін тигізеді: кәсіпорынның нарықта пайда болуы, кәсіпорынның дамуы, қызметінің тұрақтылығы, ескіруі, жаңаруы.
  6. Баға саясаты құрамындағы баға  стратегиясы бағаны белгілеудің кейбір факторларына сүйенеді: жаңа нарыққа ену стратегиясы  психологиялық  факторларды ескереді; нарықты немесе оның  сегментацияларын  дамыту стратегиясы бағалар  диверсификациясын көздейді; нарықта позиицияларды тұрақтандыру  стратегиясы тілекке сәйкес баға образын құруға бейімделеді.
  7. Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері, стратегиялары [8 бет]
  8. 1. Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады: 
    • Нарықта қалуды қамтамасыз ету; 
    • Пайданы мейлінше молайту; 
    • Нарық үлесін жаулап алу; 
    • Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу. 
    Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары болуы мүмкін. 
    Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты –нарықта сақталып қалуды қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты. 
    Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де мақсаттары өзгереді.Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады. 
    Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің мақсаты –нарық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына әкеледі. 
    Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі.Өнім сапасын жоғарылату көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез толады. 
     
    2. Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға, сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы мүмкін. 
    Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті таңдауының маңызды шарты болып табылады.нағыз бәсеке нарығы (полиполия) белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып

 

 

 

 

 

 

 

Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде

02.02.2012 aslan

Скачать/Жүктеу

МАЗМҰНЫ 
АҢДАТПА 
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР 
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері 
1.2 Баға функциясы 
1.3 Бағаның жіктелуі

2.1 Баға құрамындағы өзіндік  құн 
2.2 Баға құрамындағы пайда 
2.3 Баға құрамындағы салықтар 
2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер

3.1 Бағаны есептеу схемасы 
3.2 Баға саясатының мақсаты 
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі 
3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері

ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА 
ГЛОССАРИЙ 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ 
ЕМТИХАНҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

МАЗМҰНЫ 
АҢДАТПА 
КУРС: БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ҚҰРУ

Берілген ЮНИТАДА «Баға  және баға құру» курсынан баға құрудың  әдістері және стратегиясы, бағаның  қарым- қатынасы, қаржы және құнсыздану, еңбек рыногында және капитал  активінің процессіндегі баға құру, шетелдік және әлем бағасын айналдыру  денгейі көрсетілген. Сондай-ақ «Баға  және баға құру» курсы оқу пәндерінің арасында өте маңызды рөл ойнайды, Қазақстанның қаржы-несие жүйесінде  жоғары білікті мамандарды құрады. Осы курс барысында қазіргі баға құру және оның негізгі әдістері көрсетілген, рынок экономикасында баға құрудың  ролін анықтаған, негізгі экономикалық көрсеткіштерде баға құру қатынасы көрсетілген.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған

ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР

1.1 Бағақалыптастырудың  теориялық негіздері.  Баға және баға қалыптастыру мәселелері. Баға теориясында  негізгі екі бағыт: шығындық, нарықтық.

1.2 Баға функциясы. Баға өлшеу,  есептік, реттеуші, ынталандырушы,  үлестіру (қайта үлестіру) және де  өндірісті ұтымды орналастыру  критерииі функциялары.

1.3 Бағаның жіктелуі.Саудалық баға және көтерме баға. Коммерциялық баға. Тауарлық аукцион бағалары . Биржалық котировкалар. Сауда-саттық бағасы. Тұрақты баға.Маусымдық баға . Сатылы баға.

2.1 Баға құрамындағы өзіндік  құн.

Өзіндік құн. Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың)  шығындарының екі түрі– тұрақты және өзгермелі. Калькуляция.  Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар — тура және жанама.

2.2 Баға құрамындағы пайда. Пайда.  Рентабельділік деңгейі

2.3 Баға құрамындағы салықтар. Салықтар. Әлеуметтік салық. Қосымша құн салығы.  Акциз ұғымдарына анықтама.

2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер. Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі. Көтерме  сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу  үстемесі). Саудалық үстеме. Шегерімдер. Қолма-қол төлем үшін шегерімдер. Жылдам төлемдер үшін шегерімдер. Жеңілдетілген баға. Тауарды кешендік  сатып алудағы шегерімдер. Сатып  алынатын тауарлардың көлемі  үшін шегерімдер (кумулятивті емес). Айналым үшін шегерімдер немесе  бонустік шегерімдер (кумулятивті). Прогрессивті шегерімдер. Дилерлік  шегерімдер. Арнайы шегерімдер. Сатуды  ынталандыру үшін шегерімдер. Экспорттық  шегерімдер .Мерзімдік шегерімдер. Фирмадан бұрын сатып алынған  тауарды қайтарғаны үшін шегерімдер. Бұрын қолданған құрал-жабдықтарды  сатудағы шегерімдер. Жасырын шегерімдер. Сервистік шегерімдер. Клубтік шегерімдер.

3.1 Бағаны есептеу схемасы. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау. Сұранысты анықтау. Өндіріс шығындарын бағалау.    Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау.   Бағақалыптастыру әдісін таңдау.  Бастапқы бағаны есептеу. Қосымша факторларды есептеу. Соңғы бағаны бекіту.

3.2  Баға саясатының мақсаты. Фирманың әрі қарай  өмір сүруі. Пайда максимизациясы. Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Сападағы лидерлік.  Жаңа нарықтарға шығу.  Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.

3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының  түсінігі. Сараланған бағақалыптастыру стратегиясы. Бәсекелестік бағақалыптастыру стратегиясы. Ассортиментік бағақалыптастыру стратегиясы.

3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының  түрлері. Жоғарғы баға стратегиясы.  Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы). Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер). Қосымша тауарлар стратегиясы. «Лидер соңынан еру» стратегиясы. Мәртебелі баға стратегиясы. Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар. Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Бағалық дискриминация стратегиясы. Мақсаттық баға стратегиясы (мақсатты пайда). «Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». «Өзгермейтін баға» стратегиясы. Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы. Бағалық жолақ стратегиясы.

1.1 Бағақалыптастырудың  теориялық негіздері

Бағалар және бағақалыптастыру нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі.

Баға  тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады.

Баға – сатып алушының тауарды  сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы  тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген  тауар құндылығы оның бағасынан  жоғары болғанда сатып алады (1 Сурет.).

Тауар құндылығы

Өзіндік құн

Пайда

Сатып алушыныңолжасы

Тауар бағасы

 

1 Сурет. Тауар бағасы мен құндылығының қатынасы.

Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сый-ақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді.

Баға – айырбас үдерісіндегі тауардың (қызметтің) құндылығының (мәнінің) ақшалай көрінісі. Тауар (қызмет) құндылығы оған баға бекіту кезеңіндегі сұраныс және ұсыныс факторларымен анықталады.

Баға және баға қалыптастыру мәселелері экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне  және экономиканы басқару тәжірибесінің ең маңызды компоненттеріне жатады.

Нарықтық экономика жағдайында бағалар экономиканы реттегіш функцияларын атқару керек, онда бағаны қалыптастырушы факторлар кешені, экономиканың дамуының заңдылықтары мен тауар нарығының конъюнктурасы шоғырлануы керек.

Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады.

Баға теориясында  негізгі екі бағыт бар:

- шығындық,  оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар  (тұрақты  және ауыспалы) есебі жатыр;

- нарықтық (құндылық), оның негізінде тұтынушылық мінез-құлық пен  сұраныс жатыр.

Бағалар динамикасы 2 маңызды факторлар әсерінен қалыптасады: стратегиялық және тактикалық.

1.2 Баға функциясы

Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.

Өлшеу функциясы.  Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.

Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді. Баға қоғамүшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты еңбек күші,материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын  анықтайды.

Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сұраныс  ұлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.

Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.

Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіружәне қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың,  сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.