Ұйымның есеп саясаты

 

Жоспар

 

Кіріспе…………………………………………………………………………. 2-3

 

1-бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты ………………………………………4-23

1.1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар………...4-6

1.2 Есеп саясатын қалыптастыру …………………………………………….6-23

 

2-бөлім. Есеп саясатының ұйымдық техникалық аспектілері ……...24-27

 2.1. Есеп саясатының ұйымдық және техникалық аспектілері …………..24-25

 2.2. Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары ………………………...25-27

 

Қорытынды ………………………………………………………………….28-30

 

Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..31

 

Қосымшалар ………………………………………………………………. ..32- 41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині  кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі үлттық комиссияның» 13 қазан 1996 жылғы №2 «Қаржылық  қорытынды есеп дайындау және тапсыру  жөніндегі тұжырымдама (концепция)»  деп аталған қаулысымен енгізілген. Бұдан соң «есеп саясаты» ұғымы  Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының  №1 «Есеп саясаты және оны ашу» стандартында көрсетіліп, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық үйымдар өздеріне тән есеп саясатын қалыптастыратындығы міндеттелді.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17 қаңтар 2003 жылғы  №14 бұйрығымен: №1 «Есеп саясаты  және оны ашу», №2 «Бухгалтерлік  баланс және қаржылык корытынды есеп маңызын ашу негіздері», №3 «Қаржы-шаруашылык қызметі нәтижесі жөнінде қорытынды  есеп» жөніндегі стандарттары жойылып, бұлардың орнына №30 «Қаржылық қорытынды  есеп тапсыру» жөніндегі жаңа стандарт қабылданып, мұның 14 тарауы 2-ші тармағында ұйымдардың есеп саясатын жасау мен  тапсырү жөніндегі тәртіптер  қарастырылған.

Есеп саясаты ұғымы  екі жағдайда; біріншісі - мемлекеттік  және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

 

Есеп саясаты  деп қандай мазмұнды түсінеміз?

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты; «Қаржылық  қорытынды есеп дайындау мен тапсыру  жөніндегі ережелер мен тәжірибе»  деп анықталған.

Қазақстандық 30 «Қаржылық  қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі  стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты  деп -Қазақстан Республикасындағы  бухгалтерлік және қаржылық қорытынды  есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар  жоспарының талаптарына және ұйымдар  қызметін жүргізу ерекшеліктеріне  сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Ары қарай осы стандарттың 19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) қабылданбаған  жағдайда ұйым басшылары қорытынды  есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз ету мақсатында, ішкі есеп саясатын жасау мақсатында өз жағдайлары мен  ойларын енгізуіне болады» делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика  жағдайында шаруашылык операцияларының  түрлері әр түрлі ықпалдастық  жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі  ұйымдардың әр кайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі  типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінщ түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудщ тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен  әдістерді өз мәнінде қолдану  арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың  тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері  жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен  жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Сонымен есеп саясаты деп — ұйымдар  шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде  қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын  айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің  қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бүған әсер етуші  факторларды зерделей білу қажет.

Жоғарыда қойылған талаптарға сай, біздер, мейлі студенттер. мейлі  атқарушы бухгалтерлер, есеп саясатының мазмұны мен мақсатын, мұндағы  шешілетін мәселелерді тереңінен  түсініп білуіміз керек.

Есеп саясатының мазмұны  белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің  басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның  қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске  түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын  ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне  қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік  ету, пайдалану және әміршілік жүргізу  құқысын сипаттайды.

 

 

1Бөлім. Ұйымдардың есеп саясаты

 

    1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар

 

     Бухгалтерлік  есеп принциптері бойынша кәсіпорынның  есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік  есепті жүргізу әдістері мен  тәсілдерінің жиынтығын, яғни  алғашқы бақылау, құндық өлшеу,  ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің  фактілерін жинақтап қорытындылау  жолдарын айтады.

     Бухгалтерлік  есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық  қызмет фактілерін топтау мен  бағалау әдістері, активтердің құнын  есептеу, құжат айналымын қабылдауды  ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану  әдістері, бухгалтерлік есептің  тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу  мен басқа да сәйкес әдістер  мен амалдар кіреді.

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.

Есептік бағалаудағы  өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

     Ұйымның өзінің  есеп саясатын өндеу мүмкіндігі  мен қажеттілігі бухгалтарлік  есеп пен басқа екінші деңгейлі  нормативтік құжаттар бойынша  баптарда (стандарттарда) қарастырылған  бухгалтерлік есептің кез келген  мәселелерін шешудің көп түрлілігімен  анықталады. «Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есеп беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңы  мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде  кәсіпорын өзінің есеп саясатын  құруы барысында бұйрық немесе  жарлық бойынша қажетті құжаттар  тізімін бекітуі керек екендігі  көрсетілген. Бұл бекітілетін  құжаттардың қатарына мыналар  жатады:

  • Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
  • Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;
  • Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
  • Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
  • Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
  • Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті)
  • Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;
  • Шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

     Кәсіпорының  қабылдаған есеп саясатын сол  ұйымдағы бухгатерлік есептің  маңызды мәселелерінің бірі.

     Ұйымның есеп  саясатын таңдауы мен негіздеуіне  келесі негізгі факторлар әсер етеді.

  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық  нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық  акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
  • Қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);
  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың  экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;

     Кез келген  ұйымның өзінің қызметін іске  асыру үшін таңдап бекіткен  есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы  мен  орындылық талаптарына  сай болу қажет. 

     Көрсетілген  талаптардың әрқайсының мазмұнын  қарастырайық.

     Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

     Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы  қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

     Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

     Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

     Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

 

 

 

1.2. Есеп саясатын қалыптастыру

 Есеп саясатының тиімді  бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік  есеп принциптері мен мұның  қолайлы нақтылы әдістерін, салық  салу процесін, қаржылық менеджментті  және басқа да көптеген экономикалық  қатынас мәселелерін кімде-кім  болмасын жақсы білуі керек.  Өкінішке орай, кейбір ұйым басшылары  мен атқарушы бухгалтерлер айтылған  мәселелер өрісін терең түсініп  біле бермейді.

Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.

Осы кезеңдегі нарықтық қатынастар, меншіктік экономика және кәсіпкерлік  процестің дамуына сай бухгалтерлік қорытынды есептің шынайы жасалуына  ең әуелі ұйымдардың басшылары жауапты. Ал бухгалтерлік есеп саясатының сапалы қалыптасуына ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері  жауапты.

Сенімділік пен толықтылық терминдері бірінің маңызын бірі сипаттайтын кең ұғымдағы терминдер. Яғни осы терминдерді негізге  ала отырып, тәжірибеде қолданылатын есеп әдістері мен критерийлерді  бухгалтерлік есеп саясаты шеңберінде жақсы қолдану керектігі туындайды. Осыған байланысты ұйымдардың бухгалтерлері  тәуелсіздік пен кәсіби мамандықты және техникалық мүмкіндіктерді ұштастыра  отырып, ұйымдардағы есеп саясатын сапалы қалыптастыруы керек. Есеп саясатын қалыптастырушы бухгалтерлер бухгалтерлік есеп теориясын біліп қана қоймай, сонымен қатар:

  • мазмұны мен мәніне қарай есеп саясаты тәжірибеде қандай дәрежеде қолданылатындығын;
  • есеп саясатын қалыптастыруда әр түрлі варианттардың іске асырылуын және қандай әдістерді қолдану керектігінде білулері қажет.

Есеп саясатын қалыптастыру процесінде бухгалтерлер белгілі авторлардың  және ресми органдардың жариялаған арнайы оқулықтарын, мақалаларды, әдістемелік  құжаттар мен материалдарға жүгінуі  керек.

Сонымен қатар бухгалтерлер білімі мен кәсіби деңгейі жоғары дәрежеде танылған басқа бухгалтерлердің  іс-тәжірибесін, сондай-ақ есеп саясатын қалыптастыруға жақсы негіз болатын  бұған дейін жарияланған каржылық есеп қорытындыларын зерттеп пайдалануы керек. Есеп саясатын қалыптастыру кезінде  мүмкін болатын ұйғарымдарды (альтернативы) қолданудың жауапкершілігі бас бухгалтерлерге жүктеледі. Есеп саясатының негізін  қалаушы әдіснамалар мен ережелерді т.б. ресми құжаттарды қолдану процесі  қаржы көрсеткіштерін талдаушыларды  шатасіырмайтындай жинақы жасалынуы  керек. Өткен жылдағы қорытынды  есеп жүйесінде колданылған әдістерге  қарағанда осы жылға жасалған есеп саясатындағы әдістер едәуір сенімді  болып қалыптасқандығын көрсете  білген жөн.

Есеп саясатын жасаушы  мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен  ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп счеттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы ережесін, ақпараттарды өңдеу технологиясын т.б. көптеген бухгалтерлік есеп -өрісіндегі мәселелерді зерделей білуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу  керек:

а) осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің активтері мен міндеттемелерінен (үлес қосушылар, инвесторлар) дербес жүргізілетіндігін (дербестік принцип);

б) ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын (үздіксіздік принцип);

в) таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданылына беретіндігін (сабақтастык принцип);

г)  дайын өнімдерді сатудан түскен немесе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы керсетілетіндігін (сату принципі).

Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы  қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті капитал және міндеттемелер мына төмендегіше топтастырылуы керек:

  • бухгалтерлік есептің счеттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар мен олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша;
  • бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша;
  • активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай (меншікті капитал, міндеттемелер) арнайы сабақтастық принципі бойынша.

Ұйымдар есеп саясатын жасауға  ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады.

Жоғарыда айтылған мәселелер  мен ұсыныстар мазмүны түгелімен  есеп саясатын жасауға колданылады  деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен  қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен-бірін байланыстырып  қолдануына олардың мүмкіндігі бар.

        Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:

а) шаруашылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу (толықтық принцип);

б)   пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау (сақтық принципі);

в) әрбір айдың біріне қарай аналитикалық счеттар айналымы мен қалдығы синтетикалық счеттардағы осындай мәліметтермен сай келуі, сондай-ақ бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық счеттардағы мәліметтермен бірдейлігі (тепе-теңдік принцип).

Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі  факторларды есепке алуы керек:

- меншіктің түрі, шаруашылық  қызметінің ұйымдық және құқықтық  үлгісі;

- ұйымның көлемі және  технологиялық ерекшеліктері (өнімдер  өндіру, сатудың көлемі, жұмыстар  орындау, қызметтер көрсету);

- шаруашылық өрісі;

- кадрлармен қамту (инженер-техниктер,  менеджерлер, бухгалтерлер білімінің  кәсіби деңгейі);

- салық салу және салық  есебі ерекшеліктері;

- есептеу техникалары  мен бағдарламалармен қамту дәрежесі;

- өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың  бостандығы, өтеушілік пен сатып  алушылардың өтімділік сипаты).

Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында  ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде  өздері тіркелген жердегі салық  органдарымен келісті жағдайда болуы  керек.

Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық  оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу  кезінде өзгерістер енгізілсе, бұларды  реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады.

Есеп саясатын қалыптастыру процесі - қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне  тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен  ашып көрсетуге, сондай-ақ ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.

Есеп саясатын жасау алдында  ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері  осы кезеңде басшылыққа алынған  және өз қызметін атқарудың негізін  құраушы ресми заң актілері мен  нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары  ұйымдар қызметінің барлық объектілері  деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар  заң актілеріне қайшы келмейтін  бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді  реттеуші құжаттарда кейбір операциялар  мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді  құру мен жасауға және мұндай операцияларды  есеп саясатына қосуына құқылы. Мұндай мүмкіндіктер Қазақстандық 30 «Қаржылық  қорытынды есеп тапсыру» стандартының 2-ші тарауындағы 19-шы бапта қаралған.

Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша  және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен  операцияларға тән басқа да әдістерді  бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.

 

 

 

Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады:

- шаруашылык операциялары  мазмұнын экономикалық тұрғыда  топтастыру;

- бухгалтерлер арасында  атқаратын міндеттерді бөліп  тарату және бухгалтерлік есеп  счеттарын қолданудың тәртібін  белгілеу;

- құжат айналысы және есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;

- түгендеуді ұйымдастыру,  шаруашылық фактілері операцияларын  бағалау және активтер құнын  жою әдістерін белгілеу процестері.

Қысқасы ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлык процестерін  қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын қалыптастыруға жауапты  екендігін тағы да қайталаймыз. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу  үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік  құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.

Есеп түрлерін бөліп қарау  мен бұлардың көптігі (оперативтік, бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық, салық, статистика) барынша жоғары дәрежеде есеп ақпараттарын пайдаланушы әр түрлі  топтарының мүддесін, есеп саясатын жасау  мен қалыптастыру арқылы қанағаттандыру болып табылады.

Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері  есеп саясатының әдіснамалық жекелеген аспектілерінен тұрады.

Төменде іс-тәжірибеде қолданылынатын, бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұнын жекелеген объектілер бойынша  ашып көрсетуді мақсат тұттық.

 

 

 

  1. Негізгі кұралдарды бағалау мен бұларға амортизация есептеу. Есеп саясатының осы объектісі бойынша түгелімен тозған, пайдалануға жарамайтын негізгі құралдарды бағалаудың әдісін таңдап алу керек. Түгелімен тозған негізгі құралдарға тән бағалау 
    әдісін қолданудың мақсаты, бүларды қайта жөндеп, алдағы уақытта пайдалану мүмкіндігін анықтауға байланысты. Тозған негізгі құралдарды бағалап, бүлардың құнын анықтаған кезде амортизациялық сомалар мен салық салу базасы көбейеді. Түгелімен тозған негізгі қүралдарды бағалау кезінде мына әдістердің бірі: ағымдағы нарықтық бағамен бағалау немесе жою құнымен бағалау колданылынады.
  2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өткізу әдісі. Есеп тәжірибесінде индекстік және тікелей бағалау әдістері қолданылынады. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік баланс сомасы да өзгертіліп, негізгі құралдар күнын барынша дәлдікке келтіріледі. Негізгі құралдар құнын жоғарылатудың әсерінен есепті жылдың шығындары (амортизациялық соманың көбеюі есебінен) көбейіп, тиесінше таза пайданың көлемі азайтылады, сондай-ақ баланстық сома мен төленбеген капитал сомалары да көбейіп отырады. Негізгі құралдар құнын төмендетудің әсерінен есепті жылдың шығындары да азайып, баланстық сома мен салық салу базасының сомалары да азайып отырады.

3. Негізгі құралдар  бойынша амортизация есептеу тәсілдері бірқалыпты түзу сызықты, өндірістік, құнын шапшаңдатып есептен шығару (бұл тәсіл қалдығын азайту және комулятивтік тәсілдерді қолданудан тұрады) тәсілдерін қолданудан тұрады. Негізгі құралдардың тозуы нәтижесін көрсететін есептелінген амортизациялық сома есепті жылдың шығындарын (өнім өндірудегі өндірістік шығындарды және кезеңдік шығындарды) көбейтіп, табыс көлемі мен баланс сомасын азайтады.

Мысалдар келтіріп, жоғарыда айтылғандарды дәлелделік.

1-ші мысал Құны 950000 теңге тұратын, пайдалану мерзімі 5 жыл болып анықталған негізгі құрал пайдалануға берілді. Осы объекті бойынша есептелінген амортизациялық соманы, қалдық құнды және жиынтықталған амортизациялық сомаларды анықтау үшін төмендегі кестені құрамыз:

(1 қосымша)

Көрсетілген осы тәсіл  арқылы амортизациялық сома негізгі  құралдардың бастапқы құны және бұлардың амортизациялық нормасы бойынша  осы объектіні пайдалану мерзіміне  қарай есептелініп шығарылғандығын  көруге болады.

2-ші мысал Мына төмендегі көрсеткіштерге қарай негізгі құралдарға шапшаңдату «амортизацияланбаған» қалдықты анықтау немесе қалдықты азайту әдісімен амортизация есептеудің тәсілі.(2 қосымша)

Мұның үшін шапшаңдату коэффициентін 2-ге тең деп алып, негізгі құралды  жоюдың құны 73872 теңге болып анықталды. Жылдық амортизациялық сома (ЖА) мына формула  бойынша анықталады:

ЖА = Нқ х Ан;

Мұндағы ЖА - жылдық амортизацияның сомасы; НҚ - негізгі құралдардың  қалдық сомасы; Ан - амортизациялық норма.

Бүдан амортизациялык норма  төмендегі формула бойынша анықталады.

 

Мұндағы Ан - амортизациялық норма; К - шапшаңдату коэффициенті; Пм- негізгі құралдарды пайдаланудың анықталған мерзімі.

 

Яғни, ЖА = НҚ х    формуласына сай кестенің құрылғандығын көреміз.(3 қосымша)

 

Біздің мысалымызда амортизациялық норма 40% қүрады (яғни коэф. 2x1:5). Бұдан  бірінші жылғы амортизацияның сомасы 380000 теңге (950000x40%); екінші жылғы - 228000 теңге (570000x40%) ж.т.с.с.

 

 

 

3-ші мысал . Бастапқы құны 3000 000 теңге тұратын, нормативтік жүру шақырымы 1 200 мың шақырым болып анықталған жүк машинасына бір жыл ішіндегі жүрген барлық шақырымы 200 мың шақырымды құраған жағдайда, осы жүк машинасына амортизация есептеудің тәсілі төмендегіше болады.

Амортизация = 200 км x теңге.

 

(4 қосымша)

4. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының резервін жасау есебінің тәсілі екі тәсілмен жүргізіледі. Олар:

1) Негізгі құралдарды толық жөндеуден өткізуге дейінгі жинақталған шығындар сомасы «Алдағы кезең шығындары» счетында кіргізіліп, жөндеу жұмысы толығымен аяқталғаннан соң бұл шығындар «Аяқталмаған өндіріс» счетына ауыстырылады.

2) Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының сомасы өндірілген өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны құрамына тікелей жазылып, осы кезеңнің шығындары болып есептелінеді. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының қалдығы осы есепті жылдан келесі есепті жылға көшіріліп отырады. Мұндай жағдайда осы жылдың шығындары көбейіп, алдағы жылдардың түсетін табысының сомасы азайып отырады.

5. Материалды емес активтер және бұлардың амортизациясы. Материалды активтер мазмұны және бұларды пайдаланудың мерзімі нақтылы объектілер бойынша арнайы құжаттар мен білгір мамандардың