Каржылық есеп нәтижесі
Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
- меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
- кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
- жергілікті қаржы органдарына;
- мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Бухгалтерлік есеп шаруашылығында қаржылық есеп берудің құрамы мен элементтері.
Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- қаржылық есеп берудің маңызы;
- қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар;
- қаржылық есеп берудің мақсаттары;
- қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі;
- қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру;
- қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну;
- нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі;
- қаржылық салымдарының есебі;
- қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері Қазақстан Республикасы
заңнамалық актілері, Президентінің жарғылары, Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің жинақтары, отандық зерттеушілердің ғылыми еңбектеріндегі материалдар негізінде қалыптасқан.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3-бөлімнен,қорытындыдан,
Кіріспе бөлімінде есеп берудің негіздері және курстық жұмыстың мақсаты, міндеттері, құрылымы, теориялық-әдістемелік негіздері қамтылған.
Бірінші бөлімде қаржылық есеп берудің маңызы, оған қойылатын негізгі мақсаттар және талаптар жайында айтылады.
Екінщі бөлімде қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі, қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру
қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну.
Үшінші бөлімде нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі,
қаржылық салымдарының есебі, қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар жөнінде жазылған.
І Бөлім. Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
1.1 Қаржылық есеп берудің маңызы
Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын,орналастырылуын және пайдаланылуын , кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтаү кезінде өте маңызды болмақ.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, Қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар есеп жүйесінің мәніне көптеген өзгерістер әкелді. Орталықтандырылған басқару және қатаң жоспарлау шарттарында бухгалтерлік есеп нарықтық экономикаға жарамсыз болып қалды. Ал экономикалық қаржылық жүйенің, өндірістің даму деңгейінің өсуі жаңа есептік мәселелерді тудырды. Осы мәселелердің бірі – қаржылық есеп беру. Есеп беру терминін шаруашылық субъектісінің белгілі бір кезеңдегі жан - жақты қызметін бақылауға болатын есептік мәліметтер жиынтығы деп түсінуге болады.
Жоспарлы экономикада
есеп беруді пайдаланушылар
Қазақстандағы есеп
беру жүйесінің шарты
- есептік кезеңде жүргізілген барлық операциялар, сонымен қатар түгендеу нәтижелері тоылығымен көрсетілуі қажет;
- аналитикалық есеп мәліметтері синтетикалық шоттың қолдағы және айналымына сәйкес әрбір айдың бірінші күніне жүргізіледі;
- кіріспе баланстың мәліметтері қорытынды баланстың мәліметтіне сәйкес келуі керек. Егер есепті кезеңде өзгерістер болса, онда олардың себебі түсіндіріледі;
- бухгалтерлік есеп беру және баланс көрсеткіштері синтетикалық және аналитикалық есептерде тең болуы керек;
- егер ағымдық немесе өткен жылғы есептемеде бұмалау табылса, онда есептік кезеңге қатысты есептемеде өзгерістер болады;
- қажетті безендіру құжаттарын немесе оларға бекітілген ақпарат тасмалдаушылардың бар болуы;
Осымен басшы және бас бухгалтер қол қойған есептеме есептік процесті аяқтайды. Онда шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық, сонымен қатар есепті кезеңдегі оның шаруашылық қызметінің нәтижесі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме” Заңына сәйкес ұйымның қаржылық есептемесіне мыналар кіреді:
- бухгалтерлік баланс;
- табыс және шығыс есебі;
- ақша қозғалыс есебі;
- меншікті капиталдағы өзгерістер есебі;
- есептік саясат туралы ақпарат және түсіндірме хат;
Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысалы, субъект өзінің қызметкерлеі мен жабдықтаушыларына, пайыздарды төлей ала ма, несиелерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды. Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп, көрсететін ақпарат қажет. Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігін, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.
Өтімділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы. Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.
ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес:
- Бухгалтерлік баланстан;
- Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
- Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.
Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:
- активті;
- жеке меншік капитал және міндеттемелер;
- қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.
ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.
ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.
Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде артады екен. Қазіргі заманғы білікті бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін – тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай атқаратындай есеп жасауға міндетті.
БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хат та кіргізілген.
Оның құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы қажет. Түсінік хаттың бір басты мақсаты – бүкіл бухгалтерлік есеп ақпаратын пайдаланушылар алдында кәсіпорын қызметінде орын алған проблемаларды анықтау, айналыс құралдарының айналысының кеміп кетуін айту, рентабельділіктің тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін «негіздеу».
1.2 Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да құрылымдық бөлімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоас алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жасайды. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалад. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорның қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарның қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің батырмасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазулармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар , мекемелер үшін есеп беру жылы болып олар заңды тұлға құқын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең , ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынны /мекеменің/ басшысы және бас бухгалтер, сондай – ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазу, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды басқарушылық шешімдер қабылдау барысында ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есептілігі ай сайын, тоқсан сайын немесе жылсайын болып жасалады.
Экономика саласында қаржылық есептіліктің ақпараттау функциясы ұйым әрекеттерінің қаржылық нәтижесінде. Ал, есептіліктердегі ақпараттар өз алдына кәзіргі инвесторлармен қызығушылардың сұранысы бойынша жасалу тиіс: Қандай активтермен кәсіпорын өз есептік кезеңін бастады ?
Қандай жағдайларда есептік кезеңде жұмыс жасалды ?
Қандай қаржылық нәтижеге өткен кезеңде кәсіпорын жетті?
Есептік кезең соңында кәсіпорынның активтер өзгерістері қалай болды ?
Кәсіпорынның қаржы- шаруашылығының әрекеттері болашақта қандай ?
Осы ақпараттардың сапасына инвесторлармен пайдаланушылардың белгілі талаптары бар:
- дұрыстылық, бұл ақпарат бойынша пайдалашушыларға дұрыс шешім қабылдауға өте маңызды.
- тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
- салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
- түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
- бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
- құпиялы ақпараттар – кәсіпорынға бәсекелестер жағынан зиян келтірмейтін, пайдаланушылар тек өздеріне қатысты ақпараттарды беру. Осыған орай сырт пайдаланушыларға ақпараттармен есептіліктерді беруде мазмұнына өте қатаң тексеріспен жауапты қарау. Кей жағдайларда өте көп мәліметтер тарату инвестициялардың тартуына кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан, қаржылық есептілікті жасау барысында келесі формалармен шектеледі:
- кәсіпорынның (компанияның) бухгалтерлік балансы;
- табыстар және залалдар туралы есеп;
- ақша қаражат қозғалыстар
- меншікті капитал
1.3 Қаржылық есеп берудің мақсаттары
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі
2. Субъектінің алдағы ақшалай
түсімін бағалауға және
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік - қаржылық есеп
беруге ұсынған ақпарат
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.
3. Сенімділік – ақпараттарда
елеулі қателер мен
4. Шынайы көрсету – сенімділікті
5. Мәннің формадан артықшылығы
– операциялар мен басқа
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі
ақпараттың сенімділігін
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз
ету мақсатында қаржылық
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда
ақталуға келмейтін тежеу
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар
12. Сенімді және әділ көрсету
– бухгалтерлік есептің сәйкес
стандарттарын қолдану.Сенімді
«Материалдық емес активтер»
бабы бойынша шаруашылық
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Физикалық формасы жоқ бірақ ақшалай құндылығы бар кәсіпорынға табыс түсіру маңызы бар актив пайдалану мерзімде өз құнын бірте-бірте шығарылған өнімге ауыстырады.
«Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2710 – «Гудвилл», онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;

- Каржылық есептілік
- Каржылық жоспарлау мен болжамдау
- Каржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру
- Каржылық менеджменті
- Каржылық талдаудың коэффициенттер әдісі
- Каржы нарыгы
- Каржы нарыгы
- Каржы касипорын шыгындары
- Каржылык бакылау
- Каржылык бакылау
- Каржылык болжау
- Каржылык жоспарлау
- Каржылық есеп беру
- Каржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары