Кедендік режим
Кедендік режим
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
- 1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
- 2) тауарлардың кері импорты;
- 3) кеден қоймасы;
- 4) бажсыз сауда дүкені;
- 5) тауарларды кедендік аумақта қайта өндеу;
- 6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу;
- 7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу;
- 8) тауарлар мен көлік кұралдарын уақытша әкелу;
- 9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
- 10) тауарлардың экспорты;
- 11) тауарлардың кері экспорты;
- 12) тауарлар транзиті;
- 13) тауарларды жою;
- 14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
- 15) еркін кеден аймағы;
- 16) еркін қойма;
- 17) арнайы кедендік режим.[1]
Қазақстан Республикасы нормативтік
құқықтық актілерінің ақпараттық-
- Қазақша
- Русский
- Негізгі
- НҚА іздеу
- Кері байланыс
- Таңдалған
- Жеке кабинет
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі
- Мәтін
- Қосымша ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Екі тілде
- Көшіру
- Басып шығару
Жинақталған:
- МАЗМҰНЫ
Ескерту: «Қазақстан
Республикасындағы кеден iсi
РҚАО-ның
ескертпесі!
2013 жылғы
1 қаңтарға дейін 251-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда,
Кодекстiң бүкіл мәтіні бойынша ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңына
сәйкес «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру
нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірін»,
«сәйкестендіру нөмірінің» деген сөздер
тиісінше «тіркеу нөмірі», «тіркеу нөмірлері»,
«тіркеу нөмірін», «тіркеу нөмірінің»
деген сөздерге сәйкес деп есептелсін.
МАЗМҰНЫ
Осы Кодекс
Қазақстан Республикасындағы
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі
(кедендік реттеу)
1. Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі
(кедендік реттеу) деп Қазақстан
Республикасы айрықша
2. Қазақстан Республикасындағы
кедендік реттеу кеден одағының кеден
заңнамасына, ал ондай заңнамамен реттелмеген
бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Кеден ісін іске асыру кезіндегі
мемлекеттік басқару саласы кеден ісінің
аясы болып табылады.
2-бап. Кеден ісі саласындағы басшылық
1. Кеден ісі
саласында тікелей басшылық
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті
орган кеден одағының кеден заңнамасына
және (немесе) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес:
1) Қазақстан Республикасындағы
кеден саясатын жүргізеді;
2) осы Кодексте көзделген нормативтік-құқықтық
актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) кеден органдарына басшылықты
жүзеге асырады;
4) өзінің құрамына кіретін ведомствоның
өкілеттігін айқындайды;
5) ақпараттық жүйелерді, байланыс
жүйелерін және деректер беру, кедендік
бақылау техникалық құралдарының, сондай-ақ
ақпараттық қорғау құралдарының жүйелерін
әзірлейді және құрады;
6) кеден ісі саласындағы қызметті
жүзеге асыруға арналған тізілімге енгізу
туралы шешім қабылдайды;
7) кедендік әкімшілік жүргізуді
жүзеге асырады;
8) тауарлар мен көлік құралдарының
кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өтуіне кедендік бақылауды жүзеге асырады;
9) сыртқы экономикалық және кеден
ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды
уақтылы ақпараттандыруды, оның ішінде
кеден одағының және (немесе) Қазақстан
Республикасының кеден заңнамаларына
өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттандыруды
тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
10) кедендік статистиканы жүргізеді;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының
Президенті мен Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-бап.
Қазақстан Республикасының
1. Қазақстан
Республикасының кеден
1) осы Кодекстен;
2) қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық
актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шартта осы Кодекстегіден
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,
кедендік декларацияны немесе өзге де
кедендік құжаттарды тіркеу күні қолданылатын
кеден ісі саласындағы кедендік-тарифтік
реттеу шаралары, тыйым салулар мен шектеулер,
Қазақстан Республикасының кеден және
салық заңнамалары қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасында белгіленген талаптарды
бұза отырып, кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы тауарлар өткізілген
кезде, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе,
тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын
іс жүзінде кесіп өткен күні қолданылатын
Қазақстан Республикасының кеден және
салық заңнамасы, кедендік-тарифтік реттеу
шаралары, тыйым салулар мен шектеулер
қолданылады.
Егер кеден одағының кедендік шекарасын
тауарлар іс жүзінде кесіп өткен күн белгіленбесе,
белгіленген талаптарды бұзушылықтар
анықталған күні қолданылатын Қазақстан
Республикасының кеден және салық заңнамалары,
кедендік-тарифтік реттеу шаралары, тыйым
салулар мен шектеулер қолданылады.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте
пайдаланылатын негізгі
1) авария – тасымалдаудың, сақтаудың
және пайдаланудың (қолданудың) әдеттегі
жағдайлары кезіндегі табиғи өзгерістерді,
сондай-ақ осындай жағдайлардағы төтенше
және болдырмау мүмкін болмайтын жағдайларды
(еңсерілмейтін күшті) қоспағанда, кедендік
бақылаудағы көлік құралдары және (немесе)
өзге де тауарлар ұшыраған, кеден одағының
және (немесе) Қазақстан Республикасының
кеден заңнамаларында көзделмеген сандық
және (немесе) сапалық өзгерістеріне әкеп
соқтырған, меншік иесінің және (немесе)
мұндай өзгерістер кезінде иелігінде
тауарлар болған тұлғаның қасақана іс-қимылынан
болмаған, салдары бойынша техникалық,
технологиялық немесе өзге де сипаттағы
зиянды оқиға;
2) декларант – тауарларды декларациялайтын
не оның атынан тауарлар декларацияланатын
тұлға;
3) жеке пайдалануға арналған
тауарлар – кедендік шекара арқылы алып
жүрілетін немесе алып жүрілмейтін багажда,
халықаралық почта жөнелтімдерінде немесе
өзге де тәсілмен өткізілетін жеке адамдардың
жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыруға байланысты емес өзге мұқтаждықтарына
арналған тауарлары;
4) жөнелтуші кеден органы – тауарларды
кедендік транзит кедендік рәсімімен
орналастыруға байланысты кедендік операцияларды
жасайтын кеден органы және (немесе) кеден
одағына мүше мемлекеттің өзге кеден органы;
5) кедендік баж – кеден органдары
тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын
міндетті төлем;
6) кедендік баждардың, салықтардың
төленуін бас қамтамасыз ету – осы Кодексте
айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста
болатын және Қазақстан Республикасының
аумағында кедендік операцияларды жүргізуге
байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік
баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз
ету;
7) кедендік баждардың, салықтардың
төленуін қамтамасыз ету – кеден одағының
кеден заңнамасында және осы Кодексте
көзделген кедендік баждарды, салықтарды
төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының
алдында орындау кепілдігінің тәсілі;
8) кедендік бақылау – кеден одағының
кеден заңнамасын және Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында,
оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін
пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге
асыратын шаралардың жиынтығы;
9) кедендік декларация – белгіленген
нысан бойынша жасалған, тауарлар туралы,
таңдалған кедендік рәсім туралы мәліметтерді
және тауарларды шығару үшін қажетті өзге
де мәліметтерді қамтитын құжат;
10) кедендік инфрақұрылым - кеден
органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын,
сондай-ақ кеден органдарының лауазымды
адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге
арналған ғимараттардың, құрылғылардың
және құрылыстардың жиынтығы;
11) кеден одағының кедендік аумағына
тауарларды әкелу – тауарларды халықаралық
почта жөнелтімдерімен жіберуді, кеден
органдары шығарғанға дейін құбыржол
көлігін және электр беру желілерін пайдалануды
қоса алғанда, нәтижесінде олар кез келген
тәсілмен кеден одағының кедендік аумағына
келген, кеден одағының кедендік шекарасынан
өткізуге байланысты іс-әрекеттерді жасау;
12) кеден одағының кедендік аумағынан
тауарларды әкету – тауарларды халықаралық
почта жөнелтімдерімен жіберуді, кеден
одағының кедендік шекарасынан іс жүзінде
өткізілгенге дейін құбыржол көлігін
және электр беру желілерін пайдалануды
қоса алғанда, кез келген тәсілмен кеден
одағының кедендік аумағынан әкетуге
бағытталған іс-әрекеттерді жасау;
13) кеден одағының кедендік шекарасынан
өту – адамның кеден одағының кедендік
аумағынан шығуға, кеден одағының кедендік
аумағына кіруге тікелей бағытталған
іс-әрекеті және (немесе) адамның кедендік
бақылау аймағында болуы, сондай-ақ тауарлар
мен көлік құралдарын кеден одағының кедендік
шекарасынан іс жүзінде өткізу;
14) Кеден одағының комиссиясы
– кеден одағының тұрақты жұмыс істейтін
бірыңғай реттеуші органы;
15) кеден одағына мүше мемлекеттің
тұлғасы – кеден одағына мүше мемлекетте
тұрақты тұратын жері бар жеке тұлға, оның
ішінде кеден
одағына мүше мемлекеттің заңнамасына
сәйкес тіркелген дара кәсіпкер; заңды
тұлға, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттің
заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға
болып табылмайтын құрылым;
16) кеден органының қызмет аймағы
– оның шегінде кеден органы кедендік
бақылаудағы халықаралық тасымалдың тауарлары
мен көлік құралдарына қатысты кедендік
бақылауды жүзеге асыратын аумақ;
17) кедендік рәсім – тауарларды
кеден одағының кедендік аумағында немесе
оның шегінен тыс жерде пайдалану және
(немесе) оған билік ету талаптары мен
шарттарын кеден мақсаттары үшін айқындайтын
нормалардың жиынтығы;
18) кедендік декларациялау –
декларанттың кеден органына тауарлар
туралы, таңдалған кедендік рәсім туралы
мәліметтерді және (немесе) тауарларды
шығару үшін қажетті өзге де мәліметтерді
мәлімдеуі;
19) кедендік құжаттар – кедендік
мақсаттар үшін ғана жасалатын құжаттар;
20) кедендік операциялар – кеден
одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының
кеден заңнамаларын сақтауды қамтамасыз
ету мақсатында тұлғалар мен кеден органдары
жасайтын іс-әрекеттер;
21) кедендік төлемдер – кеден
одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың
өткізілуіне байланысты осы Кодекске
сәйкес төлеушінің бюджетке төлеуіне
жататын кедендік әкелу мен әкету баждары,
кедендік алымдар;
22) кеден одағының кедендік аумағы
- кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы,
оны кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумақтары, сондай-ақ кеден одағына мүше
мемлекеттердің айрықша экономикалық
аймақтары және құрлықтық қайраңдары,
жасанды аралдар, қондырғылар, құрылыстар
және және оларға қатысты кеден одағына
мүше мемлекеттер айрықша юрисдикцияға
ие өзге де объектілер құрайды;
23) Кеден одағының кеден кодексі
– 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында
Кеден одағының кеден кодексі туралы шартпен қабылданған халықаралық
нормативтік құқықтық акт;
24) Кеден одағының кедендік шекарасы
– кеден одағына мүше мемлекеттердің
айрықша экономикалық аймақтарындағы
және құрлықтық қайраңдарындағы жасанды
аралдардың, қондырғылардың, құрылыстардың
және оларға қатысты кеден одағына мүше
мемлекеттер айрықша юрисдикцияға ие
өзге де объектілердің шектерін қоса алғанда,
кеден одағы кедендік аумағының шектері;
25) кеден одағының тауарлары –
кеден одағының кедендік аумағындағы:
толығымен кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумақтарында өндірілген;
кеден одағының кедендік аумағына әкелінген
және осы Кодекске және (немесе) кеден
одағына мүше мемлекеттердің халықаралық
шарттарына сәйкес кеден одағының тауарлары
мәртебесін алған;
кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында
осы тармақшаның екінші және үшінші абзацтарында
көрсетілген тауарлардан және (немесе)
шетелдік тауарлардан жасалған және осы
Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше
мемлекеттердің халықаралық шарттарына
сәйкес кеден одағының тауарлары мәртебесін
алған тауарлар;
26) кеден одағына мүше мемлекеттердің
халықаралық шарттары – кеден одағының
шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық
шарттар;
27) кеден өкілі – кеден одағының
кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес
декларанттың немесе өзге мүдделі тұлғаның
атынан және тапсырмасы бойынша кедендік
операцияларды жасайтын Қазақстан Республикасының
заңды тұлғасы;
28) кеден ісі саласындағы қызметті
жүзеге асыратын тұлға – кеден өкілдерінің;
кедендік тасымалдаушылардың; уақытша
сақтау қоймалары, еркін қоймалар, кеден
қоймалары, бажсыз сауда дүкендері иелерінің
тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
29) коммерциялық құжаттар – шот-фактура
(инвойс), арнайы тізбелер, тиеу және орау
парақтары мен сыртқы сауда және өзге
де қызметті жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ
тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізуге байланысты мәмілелерді
жасауды растау үшін пайдаланылатын басқа
да құжаттар;
30) көліктік (тасымалдау) құжаттар
– коносамент, жүк құжаты немесе тауарларды
тасымалдау шартының бар екенін растайтын
және мұндай тасымалдау кезінде оларға
ілесіп жүретін өзге де құжат;
31) көлік құралдары – кез келген
су кемесін, әуе кемесін, автомобиль көлік
құралын, тіркемені, жартылай тіркемені,
теміржол көлік құралын (теміржол қозғалмалы
құрамы, теміржол қозғалмалы құрамының
бірлігі) немесе оларға арналған техникалық
паспорттармен немесе техникалық формулярлармен
көзделген қосалқы бөлшектері, керек-жарақтар
мен жабдықтары, егер олар көрсетілген
көлік құралдарымен бірге тасымалданатын
болса, олардың конструкциясында көзделген
май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай
материалдары, салқындату және өзге де
техникалық сұйықтар бар контейнерді
қамтитын тауарлар санаты;
32) қазақстандық тұлға – Қазақстан
Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы
жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген
дара кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға;
33) қылмыстар және әкімшілік құқық
бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес олар бойынша кеден
органдары қылмыстық қудалауды жүзеге
асыратын қылмыстар және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден органдары әкімшілік
процесс жүргізетін (іс жүргізуді жүзеге
асыратын) әкімшілік құқық бұзушылықтар;
34) межелі кеден органы – қызмет
өңірінде жөнелтуші кеден органы белгілеген
тауарларды жеткізу орны бар не кедендік
транзит кедендік рәсімін аяқтайтын кеден
органы және (немесе) кеден одағына мүше
мемлекеттің өзге де кеден органы;
35) мынадай:
қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды қоспағанда,
су кемелерін, әуе кемелерін және поездарды
жүру жолында немесе аралық аялдама не
тұрақ пункттерінде қалыпты пайдалануды
қамтамасыз ету және техникалық қызмет
көрсету үшін қажетті;
осы керек-жарақтардың сатылуына немесе
сатылмауына қарамастан, өздігінен жүретін
және өздігінен жүрмейтін лихтерлер мен
баржаларды (бұдан әрі – су кемелері) қоса
алғанда, теңіз (өзен) кемелерінің, ішкі
суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелердің, су асты
қанаттары бар кемелердің, ауа жастығындағы
кемелердің және шағын көлемді кемелердің,
әуе кемелерінің бортында жолаушылар
мен экипаж мүшелерінің немесе поездарда
жолаушылар мен поезд бригадасы қызметкерлерінің
тұтынуына арналған;
су кемелерінің, әуе кемелерінің бортында
тұтыну мақсатынсыз, осы кемелердің жолаушылары
мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған
керек-жарақтар – тауарлар;
36) мүдделі тұлғалар – тауарларға
қатысты мүдделері кеден органдарының
шешімдерімен, іс-әрекеттерімен (әрекетсіздігімен)
тікелей және жеке қозғалатын тұлғалар;
37) өткізу пункті – теміржол,
автомобиль, су не әуе қатынасының шегінде
орналасқан, адамдарды, тауарлар мен көлік
құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізуге арналған, кедендік инфрақұрылымы
бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі
және (немесе) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарымен белгіленген
кеден одағы кедендік шекарасының Қазақстан
Республикасының аумағындағы учаскесі;
38) почта операторы – Қазақстан
Республикасының почта туралы заңнамасына және Дүниежүзілік
почта одағының актілеріне сәйкес почта
қызметі саласында қызмет көрсетуге құқығы
бар Қазақстан Республикасының тұлғасы;
39) салықтар – тауарларды кеден
одағының кедендік аумағына әкелу кезінде
кеден органдары өндіріп алатын қосылған
құн салығы және акциз (акциздер);
40) тарифтік емес реттеу шаралары
– Қазақстан Республикасының халықаралық ша
41) тасымалдаушы – тауарларды
және (немесе) жолаушыларды кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы тасымалдауды
және (немесе) кеден одағының кедендік
аумағы шегінде кедендік бақылаудағы
тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын
немесе көлік құралдарын пайдаланғаны
үшін жауапты болып табылатын тұлға;
42) тауар – кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін кез келген
жылжымалы мүлік, оның ішінде ақпарат
жеткізгіштер, кеден одағына мүше мемлекеттердің
валютасы, бағалы қағаздар және (немесе)
валюталық құндылықтар, жол чектері, электр
энергиясы және энергияның өзге де түрлері,
сондай-ақ жылжымайтын мүлікке теңестірілген
өзге де өткізілетін заттар;
43) тауарларды алушы - тасымалдаушы
кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге
міндетті болатын, тауарлардың ілеспе
құжаттарында көрсетілген тұлға;
44) тауарларды кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы өткізу – тауарларды
кеден одағының кедендік аумағына әкелу
немесе тауарларды кеден одағының кедендік
аумағынан әкету;
45) тауарларды шығару – кеден
органдарының мүдделі тұлғаларға тауарларды
мәлімделген кедендік рәсім талаптарына
сәйкес немесе осы Кодекске сәйкес кедендік
рәсімдермен орналастыруға жатпайтын
тауарлардың жекелеген санаттары үшін
белгіленген шарттарға сәйкес пайдалануға
рұқсат беретін әрекеті;
46) тауарларды кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу
– тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы белгіленген жерлерден
тыс немесе осы жерлердегі кеден органдары
жұмысының белгіленбеген уақытында, не
кедендік бақылаудан жасырып, не тауарларды
дұрыс декларацияламай немесе декларацияламай,
не тауарлар туралы дұрыс емес мәліметтер
бар құжаттарды пайдалана отырып және
(немесе) жалған не басқа тауарларға жататын
сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып
өткізу, сол сияқты осылай өткізуге тырысу;
47) тауарларға ілеспе құжаттар
– кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарларға арналған коммерциялық
және көлік құжаттары;
48) тауар партиясы – кеден органына
бір немесе бірнеше көлік құжаты бойынша
бір мезгілде ұсынылатын және бір жүк
жөнелтушіден бір жүк алушының атына жолданатын
тауарлар, сондай-ақ бір почта жүкқұжаты
бойынша жөнелтілетін не багаж ретінде
бір тұлға өткізетін тауарлар;
49) тұлға – жеке және (немесе)
заңды тұлға, сондай-ақ, егер осы Кодекстен
өзгеше туындамаса, заңды тұлға болып
табылмайтын құрылым;
50) тыйым салу мен шектеу – тарифтік
емес реттеу шараларын, тауарлармен сыртқы
саудаға қатысты және ұлттық мүдделердің
негізінде енгізілетін шараларды, тауарлармен
сыртқы саудадағы тыйым салулар мен шектеулердің
ерекше түрлерін, экспорттық бақылау,
оның ішінде әскери мақсаттағы, техникалық
реттеу өнімдеріне қатысты шараларды
қамтитын кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарларға қатысты
қолданылатын шаралар кешені, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының халықаралық ша
50-1) уәкілетті заңды тұлға - Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған, төлеушінің билік
етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы
заңды тұлға;
51) халықаралық почта жөнелтімдері
– кеден одағының кедендік аумағының
шегінен тыс жерге жөнелту үшін қабылданған,
кеден одағының кедендік аумағына келіп
түсетін не осы аумақ арқылы транзитпен
өтетін және Дүниежүзілік почта одағының
актілерінде көзделген ілеспе құжаттары
бар почта жөнелтімдері;
52) халықаралық тасымалдың көлік
құралдары – жүктерді тиеу, түсіруге,
өңдеуге және қорғауға арналған арнайы
жабдығы, материалдық-техникалық жабдықтау
және жарақтандыру заттары, сондай-ақ
көлік құралын жүру жолында жөндеуге,
оған техникалық қызмет көрсетуге немесе
оны пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері
мен жабдығы бар, жүктерді, жолаушыларды
және (немесе) багаждарды халықаралық
тасымалдауды бастау және (немесе) аяқтау
мақсатында кеден одағының кедендік аумағына
әкелінетін немесе оның шегінен тыс жерге
әкетілетін көлік құралдары;
53) шартты шығару ? тауарларды
пайдалану және билік ету жөніндегі шектеулерді
сақтау шартымен тауарларды шығару;
54) шетелдік тауарлар – кеден
одағының тауарлары болып табылмайтын
тауарлар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес
шетелдік тауарлар мәртебесін алған тауарлар;
55) шетелдік тұлға – кеден одағына
мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылмайтын
тұлға;
56) экспресс-жүк – халықаралық
почта жөнелтімдерімен жөнелтілетін тауарларды
қоспағанда, ұйымның электронды ақпараттық
жүйесін және дара жүкқұжатқа сәйкес мүмкін
болатын ең аз және (немесе) бекітілген
уақыт аралығы ішінде аталған тауарларды
алушыға дейін жеткізу мақсатында тасымалдауды
қадағалауды пайдалана отырып, жылдамдықпен
тасымалдау шеңберінде көліктің кез келген
түрімен тасымалданатын тауар.
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін
өзге де ұғымдар осы Кодекстің тиісті
баптарында айқындалған мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын
Қазақстан Республикасы азаматтық және
басқа салалары заңнамасының терминдері,
егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе,
Қазақстан Республикасы заңнамасының
осы салаларында олар қалай пайдаланылса,
сол мағынада пайдаланылады.
Ескерту.
4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы
ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
5-бап.
Кеден одағының және (немесе) Қазақстан
Республикасының
кеден заңнамасында
белгіленетін мерзімдерді
есептеу тәртібі
1. Кеден одағының
және (немесе) Қазақстан Республикасының
кеден заңнамаларында
Мерзім болуға тиіс оқиға немесе жасалуға
тиіс іс-әрекет көрсетіле отырып та айқындалуы
мүмкін.
2. Егер кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
уақыт кезеңімен айқындалған мерзімнің
басталуын және аяқталуын анықтау үшін
мерзімдерді есептеудің арнайы тәртібі
белгіленбесе, кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
осы баптың 3-8-тармақтарында көзделген
ережелер қолданылады.
3. Уақыт кезеңімен айқындалған
мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе
оқиғаның болуы анықталған күннен кейінгі
келесі күні басталады.
4. Жылдармен есептелетін мерзім
мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен
күнінде аяқталады.
5. Айлармен есептелетін мерзім
мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
аяқталады.
Егер айлармен есептелетін мерзімнің
аяқталуы тиісті күні жоқ айға келетін
болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде
аяқталады.
6. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс
істемейтін күнге келетін болса, одан
кейінгі жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу
күні болып есептеледі.
7. Егер мерзім қандай да бір іс-әрекетті
жасау үшін белгіленсе, ол мерзімнің соңғы
күнінде сағат жиырма төртке дейін орындалуы
мүмкін.
Бірақ, егер бұл іс-әрекет ұйымда жасалатын
болса, онда мерзім осы ұйымда белгіленген
ережелер бойынша тиісті операциялар
тоқтатылған сағатта аяқталады.
Мерзімнің соңғы күнінде сағат жиырма
төртке дейін почта операторына тапсырылған
жазбаша мәлімдемелер және хабарламалар
мерзімінде берілген деп есептеледі.
8. Мерзім жұмыс күндерімен есептелген
жағдайда, жұмыс күндері деп Қазақстан
Республикасының заңнамасынасәй
Егер тауарларды кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізу орындарында және
кеден органдары орналасқан өзге орындарда
кеден органдарының жұмыс уақыты болып
жұмыс істемейтін күндер белгіленсе, осы
кеден органдарының жұмыс күндерімен
есептелетін кедендік операцияларды жасау
мерзімі жұмыс істемейтін күндерді қамтиды.
2-тарау.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕН
ОРГАНДАРЫ
6-бап. Қазақстан
Республикасының кеден
органдары жүйесі
1. Қазақстан
Республикасының кеден
2. Қазақстан Республикасының
кеден органдары жүйесі:
1) кеден ісі саласындағы уәкілетті
органнан;
2) кеден ісі саласындағы уәкілетті
органның аумақтық (облыстар, республикалық
маңызы бар қала, астана бойынша) бөлімшелерінен;
3) кедендерден;
4) кеден бекеттерінен;
5) кеден одағының кедендік шекарасындағы
бақылау-өткізу пункттерінен;
6) мамандандырылған кеден мекемелерінен
тұрады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімімен кедендік ақпараттық-есептеу
орталығы, кедендік зертханалар, кинологиялық,
оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және
басқа да мамандандырылған кеден мекемелері,
жоғары кәсіби және қосымша білім беретін
білім мекемелері, сондай-ақ қызметі осы
Кодекске сәйкес кеден органдарына жүктелген
міндеттерді шешуге жәрдемдесетін мемлекеттік
кәсіпорындар құрылады.
4. Кеден органдарының кеден органдарына
тән танымдық туы және танымдық белгісі
болады.
Кеден органдарының танымдық туы мен
танымдық белгісінің сипаттамасын және
қолданылу тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті
орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын,
қоғамның және мемлекеттің мүдделерін
қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне
басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық
беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай
отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің
рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік
және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді,
сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен
ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын
белгілейді.
Ескерту.
6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
7-бап.
Кеден органдары қызметінің
Кеден органдарының
қызметі:
1) заңдылық;
2) сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың және кеден ісі саласындағы
қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін
қамтамасыз ету;
3) баршаның заң алдындағы теңдігі;
4) жариялылық принциптерінде
құрылады.
8-бап.
Кеден органдарының негізгі
Кеден органдары
кеден одағының кедендік
1) кеден одағының бірыңғай сауда
саясатын іске асыруға жәрдемдесуді;
2) орындалуын бақылау кеден органдарына
жүктелген кеден одағының кеден заңнамасының,
Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының
және өзге де заңнамасының орындалуын
қамтамасыз етуді;
3) кедендік операциялар жасауды
және кедендік бақылау жүргізуді, оның
ішінде өзара әкімшілік көмек көрсету
шеңберінде жүргізуді;
4) кедендік төлемдерді және салықтарды,
сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және
өтемдік баждарды өндіріп алуды, олардың
есептелуінің дұрыстығын және уақтылы
төленуін бақылауды, өз құзыреті шегінде
оларды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын
қабылдауды;
5) өз құзыреті шегінде кедендік-тарифтік
реттеу шараларының, кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға
қатысты тыйым салулар мен шектеулердің
сақталуын қамтамасыз етуді;
6) өз құзыреті шегінде кедендік
реттеу саласында тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз
етуді және кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы тауар айналымын жеделдету үшін
жағдай жасауды;
7) өз құзыреті шегінде кеден одағына
мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін,
адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар
мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ
кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық
шарттарына сәйкес кеден одағына мүше
мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды
және (немесе) валюталық құндылықтарды,
жол чектерін кеден одағының кедендік
шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге
асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз
етуді;
8) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес қылмыстар мен әкімшілік
құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың
алдын алуды және жолын кесуді;
9) өз құзыреті шегінде кеден одағының
кедендік аумағында зияткерлік меншік
құқығын қорғауды қамтамасыз етуді;
10) кедендік статистиканы жүргізуді;
11) Қазақстан Республикасындағы
кедендік реттеуді әзірлеуге қатысуды
және іске асыруды;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан
Республикасының егемендігі мен экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
13) кедендік декларациялау мен
кедендік бақылауды жүзеге асыруды және
жетілдіруді, сондай-ақ кеден одағының
кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты
кедендік операцияларды жүргізуді оңайлатуға
ықпал ететін жағдайлар жасауды;
14) тауарларды шығарғаннан кейін
кедендік бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ
берешектерді өндіріп алу жөнінде шаралар
қабылдауды;
15) кеден ісі саласындағы Қазақстан
Республикасы халықаралық міндеттемелерінің
орындалуын қамтамасыз етуді және Қазақстан
Республикасының кеден ісі саласындағы
халықаралық шарттарын әзірлеуге қатысуды;
16) бірыңғай бюджет саясатын іске
асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық
және әлеуметтік базасын дамытуға қатысуды;
РҚАО-ның
ескертпесі!
17) тармақша
2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР
2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
17) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
өткізу пункттерінде радиациялық бақылау
жүргізуді;
РҚАО-ның
ескертпесі!
18) тармақша
2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР
2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
18) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттерінде көліктік
және санитарлық-карантиндік бақылау
жүргізуді;
РҚАО-ның
ескертпесі!
19) тармақша
2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (ҚР
2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).
19) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы
автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық
бақылау және өсімдіктер карантині бойынша
бақылау органдарының қызметтерін үйлестіруді;
20) Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің
кеден органдарымен және өзге органдарымен
және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты;
21) осы Кодексте көзделген өзге
де міндеттерді орындауды қамтамасыз
етеді.
9-бап.
Кеден органдарының құқықтары
Кеден органдары:
1) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің
органдарынан, декларанттардан, кеден
ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын
тұлғалардан және тексерілетін тұлғалардан
қажетті ақпаратты, сондай-ақ кеден ісі
саласына қатысты құжаттар мен мәліметтерді
сұратуға және алуға;
2) кедендік бақылау жүргізу кезінде
білімнің әр түрлі салаларының мамандарын
тартуға;
3) кеден одағының кедендік аумағынан
кеден органдарының рұқсатынсыз шығып
кеткен көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ
су және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға;
4) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес соттарға талап қоюға;
5) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден ісі саласында
құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе
құқық бұзушылық, қылмыс жасаған деп күдік
келтірілген адамдарды ұстауға және Қазақстан
Республикасының кеден немесе өзге де
органдарының қызметтік үй-жайларына
жеткізуге;
6) Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер
мен оқиғаларға құжаттама жүргізуге, бейне
және дыбыс жазба жасауға, киноға және
фотосуретке түсіруге;
7) кеден органдарының ресми өкілдерін
Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге
жіберуге;
8) ақпараттық жүйелерді, байланыс
жүйелерін және деректерді беру жүйелерін,
кедендік бақылаудың техникалық құралдарын,
сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын
Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
9) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден органдарына
жүктелген функцияларды орындау үшін
қаруды, арнаулы техникалық және өзге
де құралдарды, сондай-ақ арнаулы иттерді
қоса алғанда, тауарларды иеленуге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сә
11) «Жедел-iздестiру қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жедел-iздестiру
қызметін жүзеге асыруға;
12) Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер бойынша
хаттамалар жасауға;
13) кеден ісі саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
және Қазақстан Республикасының Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген
тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;
14) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің актілерінде көзделген өзге
де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
10-бап.
Кеден органдарының міндеттері
1. Кеден органдары:
1) декларанттардың және кеден
ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын
тұлғалардың заңды құқықтарын сақтауға
және мемлекет мүдделерін қорғауға;
2) кеден органының және (немесе)
кеден органының лауазымды адамдарының
шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында б
3) кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал
ететін жағдайлар жасау жолымен сыртқы
сауданың дамуына жәрдемдесуге;
4) кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік
құралдарына қатысты кедендік бақылауды
жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен
кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы
істер бойынша анықтауды жүзеге асыруға;
6) өз өкілеттігі шегінде декларанттарға
және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге
асыратын тұлғаларға өз құқықтарын іске
асыруға жәрдемдесуге;
7) кедендік төлемдер мен салықтардың
толық өндіріп алынуын және бюджетке уақтылы
аударылуын қамтамасыз етуге;
8) өз құзыреті шегінде осы Кодексте
белгіленген мерзімдерде шешімдер қабылдауға
және декларанттардың және кеден ісі саласындағы
қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың
кеден одағы және (немесе) Қазақстан Республикасы
кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде
белгіленген талаптарды сақтауы және
міндеттерді орындауы бойынша олардың
қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
9) Қазақстан Республикасының
сыртқы саудасының кедендік статистикасын
және арнаулы кедендік статистикасын
жүргізуді жүзеге асыруға;
10) өз құзыреті шегінде кеден
одағының кедендік шекарасын күзетуді
және Қазақстан Республикасының кеден
заңнамасының және өзге де заңнамасының
сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден органдарының
қызметіне, кеден органдарының лауазымды
адамдарына және олардың отбасы мүшелеріне
қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерден
қорғауды қамтамасыз етуге;
12) өз құзыреті шегінде кеден
ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың
алдын алу, жолын кесу және оларды анықтау
жөнінде жұмыс жүргізуге;
13) кеден ісі саласындағы құқық
бұзушылықтардың жасалғандығы туралы
ақпарат жинауды және талдауды жүзеге
асыруға;
14) Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік органдарымен және
басқа да тиісті мемлекеттік органдарымен
өзара іс-қимыл жасай отырып, кеден одағының
кедендік шекарасын қорғауды қамтамасыз
ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
15) өтініштерді уақтылы, объективті
және жан-жақты қарауды және кеден ісі
саласына келіп түсетін сауалдар мен ұсыныстарды
ескере отырып, жауап беруді немесе тиісті
іс-әрекеттер жасауды қамтамасыз етуге;
16) кеден ісі саласында ақпарат
және консультация беруді өтеусіз жүзеге
асыруға;
17) Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен
басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ
тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен
актілері негізінде аталған органдардың
келісімімен өзара іс-қимыл жасауға;
18) кеден ісін жетілдіру және
кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді
әдістерін енгізу мақсатында сыртқы экономикалық
және өзге де қызметке қатысушылармен
өзара іс-қимыл жасауға;
19) қаржы мониторингі жөніндегі
уәкілетті органның сұратуы бойынша, «Заңсыз
жолмен алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің
ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді
табыс етуге;
20) белгіленген мерзімдерде бюджетке
төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың
сомаларын, сондай-ақ өсімпұлды өндіріп
алуға;
21) кеден одағының және (немесе)
Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына
сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді
жүзеге асыруға;
22) мемлекет меншігіне айналдырылған
тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
23) осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген басқа да міндеттерді орындауға
міндетті.
2. Кеден органдары Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес олар
бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының
өзге де мемлекеттік органдарының құзыретіне
жатқызылған қылмыстар мен әкімшілік
құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде,
Қазақстан Республикасының заңнамасында
көзделген тәртіппен және мерзімдерде
мұндай құқық бұзушылықтар мен қылмыстар
бойынша қолда бар материалдарды Қазақстан
Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына
беруге міндетті.
11-бап.
Кеден органдарының
1. Кеден органдарының
орналасатын жерлерін кеден
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген
жағдайларды қоспағанда, кеден органдары
тікелей кеден органдарына тиесілі үй-жайларда
орналасады.
3. Кеден органдары кеден терминалдарының,
әуежайлардың, порттардың, темiржол станцияларының
аумағында және (немесе) үй-жайларында,
халықаралық почта алмасу орындарында,
халыққа қызмет көрсету орталықтарында,
сондай-ақ кеден iсi саласындағы қызметтi
жүзеге асыратын тұлғаларға тиесiлi аумақта
және (немесе) үй-жайларда орналасуы мүмкiн.
Көрсетілген жағдайларда қажетті аумақтар
және (немесе) үй-жайлар кеден органдарына
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделг
Ескерту.
11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-бап.
Кедендік операциялар
Осы Кодексте
белгіленген жағдайларды
13-бап.
Кеден органдарының жұмыс
1. Кеден органдарының
жұмыс уақытын кеден ісі
2. Кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізу пункттеріндегі кеден органдарының
жұмыс уақыты шекарадағы өзге де бақылаушы
органдардың жұмыс режимімен, көрсетілген
өткізу пункттері орналасқан теңіз және
өзен порттарының, әуежайлардың, темір
жол станцияларының жұмыс режимімен, сондай-ақ
шет мемлекеттің шектес өткізу пункттеріндегі
кеден органдары мен өзге де бақылаушы
органдардың жұмыс уақытымен үйлестіріледі.
14-бап.
Кеден органдарының талаптарын
орындаудың
міндеттілігі
1. Кеден органдарының
және олардың лауазымды
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген
кеден органдарының және олардың лауазымды
адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ
кеден органдарының лауазымды адамдарына
жүктелген міндеттерді орындауға кедергі
келтіретін басқа да іс-әрекеттер Қазақстан
Республикасының заңдарында бел
15-бап.
Кеден органдарының құқық
1. Кеден органдары
контрабанда туралы, кедендік төлемдерді,
салықтарды төлеуден жалтару
туралы істер бойынша анықтау
органдары болып табылады, олар
бойынша іс жүргізу Қазақстан
Республикасының заңнамасына сә
2. Кеден органдары Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексімен қылмыс деп танылған,
олар бойынша іс жүргізу кеден органдарының
қарауына жататын құқыққа қарсы әрекетті
дайындайтын, жасайтын немесе жасаған
тұлғаларды анықтау, халықаралық шарттарға
сәйкес халықаралық кеден ұйымдарының,
шет мемлекеттердің кеден және өзге де
құзыретті органдарының сауал салуларын
орындау мақсатында жедел-іздестіру қызметін
жүзеге асырады.
Кеден органдары жедел-іздестіру қызметін
«Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.
3. Кеден органдары Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексіне сәйкес әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер бойынша
әкімшілік процесті жүргізеді (іс жүргізуді
жүзеге асырады) және тұлғаларды әкімшілік
жауаптылыққа тартады.
16-бап.
Кеден органдары алған
1. Кеден одағының
кеден заңнамасына немесе
2. Кеден органдарының, олардың
лауазымды адамдарының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес осы
баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратқа
қол жетімділік алған өзге де тұлғалардың
мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық
немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия
(жасырым) болып табылатын ақпаратты және
басқа да жабық ақпаратты, осы баптың 3-тармағында
белгіленген жағдайларды қоспағанда,
жария етуге, жеке мақсатта пайдалануға
не үшінші тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік
органдарға беруге құқығы жоқ.
Кеден органдары өздеріне берілген ақпаратты,
егер мұндай ақпарат мемлекеттік органдарға
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет
болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік,
коммерциялық, банктік, салықтық немесе
заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды)
және басқа да жабық ақпаратты қорғау
жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарының
тәртібімен және талаптарын сақтай отырып,
осы органдарға береді.
3. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес кеден органдары өздеріне
берілген ақпаратты өтініштер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына – тіркелген тергеуге
дейінгі тексеру материалдары, сондай-ақ
іс жүргізуіндегі қылмыстық істер және
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер
бойынша прокурордың тексеру жүргізу
туралы қаулысының негізінде;
2) соттарға – олардың талап етуі
бойынша;
3) Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген жағдайларда
бірлескен актілерде айқындалатын тәртіппен
Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік
органдарына;
4) қаржы мониторингі жөніндегі
уәкілетті органға – «Заңсыз жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға)
және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес береді.
4. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес басқа да мемлекеттік
органға ақпаратты беру жағдайларын қоспағанда,
осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған
кез келген ақпарат жария етуге және таратуға
жатпайды.

- Кедендік төлемдердің түсінігі және түрлері
- Кедендің істің қалыптасуы мен дамуы
- Кеден төлемдері
- Кейбір дыбыс құрылыстарының орфографиядағы көріністері
- Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей
- Кейнс: биография и труды
- Кейнсианская и классическая теория занятости
- КДД творческих союзов
- КД по изучению покупательского спроса
- Кедейшілік
- Кедейшілік-әлеуметтік проблема ретінде
- Кедейшілік маселесі
- Кедендік бақылау
- Кедендік одақ