Өкілдік

Жоспар

 

Кіріспе

      1. Өкілдік  ұғымы
      2. Өкілдіктің  қолданылуы. Өкілеттік. Өкілеттігі жоқ  өкілдік
      1. Коммерциялық  өкілдіктің  ерекшеліктері
      1. Өкілдік субъектілері. Сотта өкіл бола алмайтын адамдар. Өкілдің соттағы құзыреті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 Өкілдік  дегеніміз басқа адамның, яғни  өкілдік  берушінің атынан, бір адамның, яғни өкілдің сенімхатқа, заңдарға,  сот  шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі  өкілдік  берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызуды, өзгертуді және тоқтатуды айтамыз.

Азаматтық құқықтың субъектілері мәмілені жасауға және орындауға  өздері тікелей қатыса алмаған жағдайда,  өкілдік  институттарына жүгінуі мүмкін.

Өкілеттік түрінде басқа тұлға  атынан және қызығушылығымен өзінің құқық шегінде әрекеттің бір тұлғамен, өкілімен жасалуын түсіндіреді.

АК 169-бабына сәйкес, өкілмен жасалатын мәміле өкілетттіктің азаматтық құқығы мен міндеттемелерін құрайды, өзгертеді және  жояды.

Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолдану сферасын иемденеді. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің  арнайы  білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз мүлкінді болмайды.  Өкілеттілік көмегімен тек  мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Өкілеттік қатынасында  үш субъектіні ажыратады - өкілет  беруші, өкіл және үшінші тұлға.  Өкілет  беруші  түрінде  азаматтық құқықтың  кез келген субъектісі  бола алады -  заңды  тұлға  немесе азамат. Біріншіден,  өкілдер толық  әрекет қабілеттілікті иемденуі қажет.

Екіншіден,  заңды  тұлғалар  тұлғалар  өкілдік  қызметтерді  өз мойнына  ала алады.  Үшіншіден, заң  кейбір  субъектілердің  өкілдік  қызметтерді  орындау  қатынасында  бірқатар тыйым  салуларды  құрайды.  Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі  үшінші  тұлға бола алады.

Өкілеттікте құқықтық байланыстар  күрделі  құрылымды  иемденіп,  келесі  үш  түрлі  қатынастан жасалады:1) өкілет беруші мен өкіл  арасында; 2) өкіл мен  үшінші тұлға арасында; 3) өкілет беруші мен үшінші  тұлға арасында.

Өкілеттіктің  оған ұқсас құқықтық қатынастардан  айырмашылығы.  Өкіл өкілет  беруші  атынан әрекет  жасаса да; мәміле және басқа  да заңдық  әрекет жасауда өз еркін  білдіреді. Осы  жағдаймен  оның  қабілетіне  жоғары  талаптар және  мәміле  жасау  шынайылығының  тікелей   тәуелділігі  байланысты.  Өкілге  қарағанда  жіберушібір тұлға  еркін (пікірін, ойын) екіншісіне  өткізеді, бірақ  өз еркін  білдірмейді.

Делдал (брокер) өкіл  түрінде  ерікті  сипатқа  ие  белсенді  заңдық  әрекеттерді  жасайды.  Бірақ  оның  әрекеті  жақтар арасында  келісімнің  жасалуына  мүмкіндік  біреуі, бірақ  өз бетінше  заңдық  жақтарды байланыстырмайды. Делдал  потенциалды  серіктестеріздестіріп,  мәміле  жасау  туралы  келіссөздер жүргізе алады, бірақ мәміле  жасау  ерікті  тек оның  болашақ  мүшелері білдіреді.  Өкіл қызметі осындай  техникалық   көмекті  ғана  қажет  етпейді,  өкілет  жіберуші  мен үшінші тұлға арасында  құқықтық  қатынасты  бекітуде  байқалады.

 Азаматтар өз істерін  сотта өздері немесе өкілдері  арқылы жүргізуге құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.  Өкілдіктің  қолданылуы. өкілеттік. өкілеттігі жоқ  өкілдік .  

Өкілдіктің  субъектілік құрамы:

Өкіл-бір адамның атынан оның  өкілдігін  пайдалана отырып, құқықтық көмек көрсететін адам. 

Өкілдік  алушы - өкіл өз атынан көмек беру үшін үшінші адаммен бірге бір әрекеттер жасау міндетін алған адам.

Өкіл және  өкілдік  алушы заңды тұлғалар да, азаматтар да бола алады.Заңды тұлғалар өзінің арнаулы құқық қабілеттілігі шеңберінде ғана  өкілдік  алушы бола алады. Жекелеген жағдайларда ол міндетті өз жалақысының немесе стипендиясының көлемінде 16 жастан асқан іске қабілетті азаматтар атқара алады. өзінің сипаты және мазмұны жағынан өкіл арқылы жасалмайтын мәмілелер де бар. Мысалы, өсиет.

Ол өсиет қалдырушының өз қол таңбасынан жазбаша нысанда  құрастырылуы керек. өкіл жеке өзіне  қатысты да, сонымен бірге өз өкілі  болып табылатын, басқа адамға қатысты  да  өкілдік  берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.

Хат-хабар тасушы-мәміле жасамайды, әрекет қабілеттілігі болса  да, балмаса да. Бұл заңды әрекет жасамайды. Ешкімнің еркін білдірмейді.

Қол қоюшы - ешкімнің еркін  білдірмейді. Мысалы, ауырып отырған  адамдарға жазып береді.

Делдал - өкілге қарағанда  ешкімнің еркін білдірмейді, тек  техникалық әрекеттерді жасайды. Адамдарды  бір-бірімен байланыстырады.

өкілеттік дегеніміз не?

Өкілеттік-өкілдің  өкілдік  берушінің атынан мәмілелермен басқа заңды әрекеттер жасауға, оған құқықтық салдар туғызуға құқылы.

Өкілеттік өкілдің /бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир және т.б./ әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі  мүмкін.

Өкіл жасаған мәміле бойынша  тікелей  өкілдік  берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Азаматтың іске өзінің қатысуы  оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.

Ұйымдардың ісін сотта  оларға заңмен, өзге нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде  іс-әрекет жасайтын олардың органдары  және тиісті өкілеттіктер берілген олардың  өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың  басшылары сотқа олардың қызметтік  жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттар береді. Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа  өкілдермен бірге іске қатыса алады.

Басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар /коммерциялық делдалдар, мұрагерлік кезінде  өсиетті орындау тапсырылған  адамдар және т.б./, сондай-ақ болашақта  жасалуы мүмкін мәмілелерге қатысты  келіссөз жүргізуге уәкілдік берілген адамдар өкілдер болмайды.

Сенімхатқа, заңдарға, сот  шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге  тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар  әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Мына адамдар:

1) адвокаттар;

2) заңды тұлғалардың қызметкерлері  - осы заңды тұлғалардың істері  бойынша;

3) кәсіптік одақтардың  уәкілетті адамдары - құқықтары мен  мүдделерін қорғауды осы кәсіптік  одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың,  қызметшілердің, сондай-ақ басқа  да адамдардың істері бойынша;

4) заңмен, жарғымен немесе  ережемен осы ұйымдар мүшелерінің  құқықтары мен мүдделерін қорғау  құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

5) заңмен, жарғымен немесе  ережемен басқа адамдардың құқықтары  мен мүдделерін қорғау құқығы  берілген ұйымдардың уәкілетті  адамдары;

6) басқа тең қатысушылардың  тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың  біреуі;

7) іске қатысушылардың  өтінуімен сот рұқсат еткен  басқа да адамдар тапсырма  бойынша сотта өкіл бола алады.

Судьялар, тергеушілер, прокурорлар  мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта  өкіл бола алмайды.

Адвокатура туралы заңдармен  белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.

Адам, егер мүдделері өзі  өкіл болып отырған адамның мүдделеріне  қайшы келетін адамдарға осы  іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса  немесе судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе айғақшы ретінде  қатысса, сондай-ақ егер ол істі қарауға  қатысушы лауазымды адаммен туыстық  қатынастарда болса, өкіл бола алмайды.

Сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол  қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап  қою талаптары мен талап қоюды  танудан толық немесе ішінара  бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім  жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге  аудару), соттың қаулысына шағым  беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп  орындатуды талап етуді, берілген мүлікті  немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік  берушінің атынан барлық іс жүргізу  әрекеттерін жасауға құқық береді.

Өкілдің осы баптың бірінші  бөлігінде аталған іс-әрекеттердің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік  беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

Өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс.

Кәсіптік одақтар мен  басқа ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары сотқа осы іс бойынша  өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруі тиіс (Азаматтық іс жүргізу  Кодексінің 59-бабының 3), 4) және 5) тармақшалары).

Адвокаттың нақты істі жүргізуге арналған өкілеттігі заң  консультациясы немесе адвокаттық кеңсе  берген ордермен, ал ол өз қызметін дербес жүргізген жағдайда - адвокат клиентпен  жасасқан шартпен куәландырылады.

Заңды тұлғаның атынан сенімхатты тиісті заңды тұлғаның басшысы немесе өзге уәкілетті адамы береді.

Азаматтық іс жүргізу Кодексінің  59-бабының 6) және 7) тармақшаларында аталған өкілдің өкілеттігі сенімхатта немесе сот отырысының хаттамасына кіргізілген сенім білдірушінің сотта берген ауызша түрдегі өтінішінде көрініс табуы мүмкін.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта  өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын  құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары немесе қорғаншылары қорғайды.

Хабар-ошарсыз кеткен деп  белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкілі ретінде хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты  жүзеге асыратын адам қатысады.

Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен  жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі  ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі  ретінде мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған  сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу  құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі). 

Өкілдік  – басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттілігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда  жүйесіндегі сатушы, кассир, т.б. өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет  қабілеттілігі  жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасады (ата-анасы, асырып алушылар).

Сотта өкілдік ету дегеніміз  – басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық  іс - әрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету –  басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне  берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық  әрекеттер жасайтын бір тұлға (сотта  өкіл етуші), оның себебі өкілдік берушінің  сәйкесті құқықтар мен міндеттері туындайды.

Сотта аталған процессуалдық  іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта  өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа  тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын  куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз  болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік  берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде  процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік  актісіне негізделген істі сотта  жүргізуге тиісінше рәсімделген  өкілеттігі бар әрекетке қабілетті  кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Сотта өкілдік ету процессуалдық  заңмен барлық азаматтық істер бойынша  соттарда және азаматтық процестің  барлық сатыларында болады.

Өкіл қызметі  комиссионер  қызметіне  едәуір  жақын, ол өз  клиенттеріне  техникалық көмек  ғана  көрсетіп  қоймай,  оның  қызығушылығында азаматтық-құқықтық  мәмілелер жасайды.  Бірақ өкілге қарағанда  комиссионер,  мысалы   комиссиондық  дүкен өз атынан  үшінші  тұлғамен  мәміле  жасап,   ол бойынша  құқықтар  мен міндеттерді өз  мойнына алады.

Өкіл құқығы.  Өкіл әрекеті өкіл  жіберушінің  азаматтық  құқығы  мен  міндеттерін  белгілі бір  құқық  шегінде  жасалғанда  құрайды,  өзгертеді немесе жояды.  Егер өкіл  өз  құқығын арттырса,  өкіл  жіберуші  үшінші  тұлға  алдында  белгілі бір   міндеттемелерден еркін болады.

Кейбір  ғалымдар өкіл құқығын  ерекше  субъективті  құқық  түрінде  қарастырады.  В.А.Рясенцевтің  пікірі бойынша  құқық -  азаматтық  құқық қабілетті  көрсету.  О. С. Иоффенің айтуынша, құқық қабілетке бірігу  шегін  анықтайтын  заңдық  факт болып табылады.

Өкілеттіктің  туындау  негіздемелері. Өкілде  қажетті құқықтың  туындауын  заң  өкіл  жіберушінің  еркімен,   заңда аталған  басқа да заңдық  фактілермен  байланыстырады. АК 163 бабына сәйкес,  өкіл құқығы  сенімхатқа,  әкімшілік актіге  немесе  заңға   негізделеді.  Өкіл  құқығының  көлемі  мен сипаты,  оларды  жүзеге асыру  шарттары заңдық  фактілер негізінде  жатыр.   Сәйкесінше  өкілеттіктің  өз  бірнеше  трлерге   бөлінеді: а) әкімшілік  актіге  негізделген  өкілеттік; б) заңға  негізделген  өкілеттік; в) келісімге  негізделген  өкілеттік.

Әкімшілік  актіге  негізделген өкілеттік. Мұнда  өкіл әкімшілік  басқару  күшімен өкіл  жіберуші  атынан әрекет  етуге  міндетті.  Заңды  тұлға  органы  өкілеттік  қызметтерді   жүзеге асырумен  байланысты әрекетке   жұмысшы  тағайындау туралы  жарлық  шығарғанда  орын алады.  Мысалы, соттағы  өкіл, заңдық  актілерді    құрудағы, мәмілелер   жасаудағы өкілдік, т.б.

Көптеген жағдайларда  өкілдік  қатынастар заңның  тікелей  жарлығы  бойынша   туындайды, өкілеттіктің  мұндай түрі заңдық  өкілеттік деп аталады.  Мысалы,  кішкентай балалардың  заңды  өкілі  болып  олардың  ата-аналары  табылады. Бұл өкілеттік түрінің  ерекшелігі: біріншіден,  ол  өкіл  жіберушінің еркінен  тәуелсіз  туындайды,  екіншіден, өкіл құқығы  заңмен  анықталған.

Келісімге  негізделген  өкілдік  жоғарыдағы  екі  түрге  қарағанда  ерікті  саналады.  Ол яғни  тек өкіл  бейнесін  емес,  оның   құқығын  анықтайтын  өкіл  жіберушінің еркі  бойынша  туындайды.  Заңдық әрекет  жасау  үшін сол  өкілдің   келісуі қажет.  Кәсіпкерлік  саласында  коммерциялық  өкілдік  туындайды (АК 166б). Коммерциялық  өкіл  бір  уақытта түрлі  жақтардың  өкілі  бола алады.  Ол екі  жақта осы  өкілдікпен келіскенде немесе тікелей  заңмен  қарастырылған  жағдайда  ғана  жіберіледі.  

Үшінші  тұлға   алдына  өкілеттік  үшін  әдетте  өкілге  сенімхат  деп  аталатын  ерекше  жазбаша  құжат  беріледі.

Сипаты жөнінен тек  жеке өзі ғана жасауға болатын  мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді  өкіл арқылы жасауға жол берілмейді.

Мысалы, некеге тұру кезінде;

- некені бұзу;

- баланы асырап алу.

Әрекет қабілеттілігі  жоқ адамдар үшін  өкілдік  өте жие кездеседі. әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтардың атынан мәмілелерді олардың өкілдері- ата-анасы /асырап алушылары/ мен қорғаншылары жасайды.

Өкілеттігі жоқ  өкілдік . Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі  өкілдік  беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған реттеғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. 

өкілдік  берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оның жасалған кезінен бастап жарамды етеді.

 

2.2. Коммерциялық  өкілдіктің  ерекшеліктері.

Коммерциялық  өкілдік-әр  қашан делдал т.б. болып саналады.Егерде өзгеше көзделмесе, коммерциялық ақылы болып саналады.

Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес  өкілдік  етуші адам /коммерциялық өкіл/ өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда-сенімхат негізінде де әрекет жасайды.

Коммерциялық өкіл сонымен  бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын  шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне  берілген тапсырмаларды кәдімгі  кәсіпкердің ыждағаттылығымен орындауға  міндетті.

Коммерциялық өкіл келісілген сыйақыны және өзі тапсырмаларды  орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерінің арасындағы келісімінде  өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеуді талап етуге  құқылы.

Коммерциялық өкіл өзіне  белгілі болған сауда мәмілелері туралы өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия сақтауға міндетті.

Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген  салаларындағы коммерциялық  өкілдіктің  ерекшеліктері заңмен белгіленеді.

-  өкілдік :

- әкімшілік акт;

- заң құжаты;

- сенімхат негізінде пайда  болады.

 

2.3. Сенімхат.

Бір адамның /сеніп білдірушінің/ өз атынан  өкілдік   ету  үшін екінші адамға /сенім білдірілген/ берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Сенімхат-бұл әрқашан  бір жақты мәміле.

Мүлікке билік жасауға  және нотариаттың куәландыруын талап  ететін мәмілелер жасауға берілетін  сенімхатты, нотариат куәландыруға тиіс. Кейбір мәмілелер нотариустан өтілді деп теңестірілген сенімхаттарға  жатады:

1. госпитальдарда, санаторийлер  мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде  емделіп жатқан әскери қызметшілердің  және өзге де адамдардың, осы  мекемелердің бастықтары, медицина  бөлімі жөніндегі орынбасарлары,  аға және кезекші дәрігерлері  куәландырған сенімхаттар;

2. мемлекеттік нотариалдық  кеңселер мен басқа да нотариалдық  әрекет

жасайтын органдары жоқ  әскери бөлімдер, сол бөлімдердің  командирлері куәландырған;

3. бас бостандығынан айыру  органдарындағы адамдардың бас  бостандығынан айыру орындарының  бастықтары куәландырған сенімхаттар;

4. халықты әлеуметтік  қорғау мекемелеріндегі кәмелетке  толған әрекет

қабілеттігі бар азаматтардың осы мекеменің немесе тиісті халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшысы куәландырған сенімхаттары теңестіріледі.

Сенімхат  ретінде  бір тұлғаның  екіншісіне  үшінші  тұлға  алдындағы  өкілеттігі  үшін  берілетін  жазбаша  құқығы  түсіндіріледі. (АК 167 б. 1-б).Көп жағдайда сенімхат  ерікті  өкілеттің  құқығын   бекіту  үшін  беріледі.  Егер ерікті  өкілдік  өкіл  жіберуші  мен өкіл  арасында  келісім   иемденбесе,  сенімхат беру  өзінің  заңдық  табиғаты  бойынша бір-жақты   мәмілені  көрсететді.  Басқаша  айтқанда,   сенімхат  беру және  оның  заңдық  күшін  иемдену  үшін  өкіл  келісімдігі  талап  етілмейді.

Келісімге  қарағанда,   сенімхат  өкілдіктің  сыртқы  әсерін  қамтамасыз  етуге   шақырылған.  Үшінші  тұлға  сенімхатпен  таныса  отырып,  өкілдің  қандай  артықшылықты иемденетін  біледі.  Құқық  шегінде  өкілмен жасалған  кез-келген  мәлімелер және басқа да  заңдық   әрекеттер  өкіл  жіберуші  үшін  міндетті  сипатқа  ие.

Сенімхат заң  мәмілесіне  ұсынылатын барлық  талаптарға сәйкес келуі керек.  Сенімхат  құқықтық  заңдық  әрекет  жасауға  ғана  берілуі мүмкін; өкіл  жіберушінің  еркі  еркін  қалыптасып,  сенімхатта анық  көрсетілуі тиіс; заңды  тұлғаға  берілген  сенімхат  арнайы  құқық  субъектілігіне  қайшы  келмейтін  мәміле  жасауға  ғана қатысты  болуы мүмкін.

Сенімхатқа қойылатын  негізгі талаптар  мынаған  келіп салды. Біріншіден, сенімхат арнайы  нысанда  рәсімделу  қажет, заң сенімхатты  жазбаша  жасалатын  құжат ретінде  анықтап, одан тыс ол  әрекет етпейді.  Өкілдік  туындайтын  жағдайда  сенімхат  ауызша  жасалуы  мүмкін;  сенімхат  әрқашан өкілдік құзыретін  жазбаша  бекітілуді  талап етеді.  Жалпы ереже бойынша  сенімхаттың   нақтылығы  үшін ол  қарапйым  жазбаша  нысанда  болуы  жеткілікті. Сонымен қатар ол  сенімхат  аталатын негізгі  құжат ретінде  де құрылуы,  сондай-ақ басқа   кезкелген. Түрде,  мысалы,  хат,  жеделхат,  факс, өкілдің  құзыреті  айқындалған  сенімхат  бөлігі  нысанында  көрініс  жабуы   мүмкін.  Маңыздысы, бұл  құжатта  өкілдің құзыреті  нақты   көрінес  тауты,  сенімхатқа  қажетті  басқа да реквизиттар  болуы керек. Сенімхаттың  функциялары  кейбүр  жазба  құжаттармен  жүзеге  асуы мүмкін, мысалы, филиал   директорының   сақтандыру агентінің  қызмет  күәлігімен, жүргізушіге  берілетін  жаңаша  парағы  және т.б  Заңмен тікелей  көрсетілген  жағдайларда  сенімхаттың  нысанына жоғарлатылған  талаптар  қойылады,  көбінесе ол, сенімхат  анықталған  түрде  бекітілуді  талап етумен  көрініс  табады.  Сонымен, нотариалдық  нысанды  талап  ететін   мәлімелерді жасасқанда, заңды  көрсетілген  жағдайларды  қоспағанда (АК 2 б.167 б) нотариалдық  түрде  бекітілуі қажет, АК 167 б сәйкес қайта  сенім білдіру  тәртібінде  берілетін   сенімхат нотариалды  түрде  рәсімделу  керек,  сондай-ақ  заң  нотариалды  бекітетін  сенімхаттарға  мыналарды еңгізеді :

а) госпитальда,  санаторийде және  басқа әскери-емдеу мекемелеріндегі әскери қызметкерлер  мен басқа   тұлғалардың  осы  мекеменің бастығымен,  лизингта саласы бойынша оның көмекшісі  мен аға  немесе кезекші дәрігерлермен  бекітілген сенімхаттары; ал әскери бөлімшелердің дислокация  кезектерінде, біріктірулеріне, мекемелерде  және  әскери-оқыту орындарында  нотариалдық іс-әрекетті  жұзеге асыратын нотариалдық  кеңселер және басқа  органдар  болмағанда,  сондай-ақ  жұмысшылар  және  қызметкерлердің, семьяларының  мүшелеренінің  осы  бекітілген  сенімхаттар;

в) бас бастандығымен   айыру  органдарындағылардың бас  бас бастандықтан   айыру  орынының  бастығымен  бекітілген  сенімхаттары;

г)  туғындарды әлеуметтік  қорғау  мекемелеріндегі,  кәмелетке  толған  әрекет қабілетті   азаматтардың,  осы  мекеменін  әкімшілігі мен  немесе  тұрғындарды  әлеуметтік  қорғаудың  сәйкес  органының   басшысымен  бектіліген  сенімхаттары. Жалақыны және еңбек  қатынастарымен  байланысты  өзге  төлемдерді, авторлар мен   тапқырлық  сыйақыларын,  зейнетақысы,  жәрдемақысы  және сипендияны, азаматтардың  банктік  салымдарын  алу  үшін сенімхат сенім берушінің  жұмыс  істейтін  немесе  оқитын  мекесімен, оның   туғылықты жері  бойынша  тұрғын үй – эксплуатациялық  мекемемен және  ол емделіп жатқан  стационарлық  емделу  орнының әкімшілігімен  бекітілуі мүмкін. Өкіл азаматтық  банктік  салтынын,  оның банкілік  есеп шотынан  ақша  қаражатын,  оған  байланыс  мекемесінде  адрестелген  корреспонденцияны  алу  үшін  сенімхат  сәйкес  банкпен  немесе  байланыс  мекемесінен  сенімхат  ісін бекітіледі. Заңды тұлғалардың  атынан берілетін  сенімхаттар,  қайта  сенім білдіру  тәртібінде   берілетіндерді  қоспағанда, нотариалдық  немесе өзге  арнайы  бекітілуді талап етпейді. Демек, олар осы  мекеменің  басшылары немесе өзге  құзыретті  тұлғалардың  қолымен мекеменің мөрімен  текітулу  керек,  ақша және өзге  мүліктік   құндылықтар  беру  немесе алу сенімхаттарын сонымен  қатар бас  бухгалтердің  қолымен  күәландырылу  керек. Банкілік операциялар жасау  және  ішкі  сауда  саласында  мәлімелер  жасасу  сенімхатының нысандары  арнайы  ережелермен  анықталады.

Екіншіден,  сенімхат  аса  мәміле  болып табылады.  Оның  әрекет еткізіліп  ең  жоғарғы  мерзімі  АК 168 б. сәйкес  үш жылды  құрайды. Егер  сенімхатта  оның  әрекет ету  мерзімі көрсетілмесе, онда  ол  күшін  оны жасаған  күннен бастап бір  жыл  күшін сақтай.

Үшіншіден, сенімхат   атаулы  құжат  толып табылады. Бұл  сенімхатта  ол берілген  тұлға, сондай-ақ  сенімхатты  білдіреді.  Бұл жағдайда  сенімхат  бірлесіп немесе  әр қайсысы болып  әрекет ететін   сондай-ақ бірнеше  тұлғаның берілуі мүмкін. Сенімхатты  сонымен  қатар бір  тұлға  ғана емес бірнеше  тұлға  бере алады, мысалы, шартта тарап ретінде болатын  тұлғалар. Қайта сенім білдіру.  Сенімхат берілген тұлға  өзі  құзырлы әрекеттерді  жеке өзі  жүзеге асыру керек,  сонымен қатар  анықталған   жағдайлар қайта  сенім  білдіру тәртібі  негізінде  басқа  тұлғаға  жүктеуі  мүмкін.  АК 169 б. сәйкес  бұл мүмкін егер,  біріншіден, өкіл  тікелей  сенімхатпен бұған  құзыралы болса не, екіншіден,   егер өкіл  берушінің мүддесін  қорғау  үшін  мәжбүр болса, заңның  мәні  бойынша  беруші  кез келген уақытша  қайта  сенім  білдіруді шешуі мүмкін.  Өкілді оның талабы  бойынша  немесе өз еркі бойынша (мысалы, хатта , жеделхатта және т.б) сәйкес  құзырет беруі  арқылы. Өз құқығын  басқа  тұлғаға берген  өкіл  ол  жайында, қажетті  ақпаратты  бастапқы  өкіл  берілетін  хбарлауы керек. Хабарламаған  жағдайда  қайта  сенім алған  тұлғаның әрекетіне  өкіл  өзі  жауап береді. Қайта  сенім  білдіру  тәртібінде  берліген  сенімхаттың  әрекет ету  мерзімі  сол негізделіп  берілген  сенімхаттың  мерзімінен  аспауы  керек.

Өзіне арнап өкілеттік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс. Егер алған сенімхат бойынша осылай етуге өзіне өкілеттік құқық берілген немесе сенім берушінің мүдделерін қорғауға жағдайлардың салдарынан осылай етуге мәжбүр болған ретте ғана ол сенімхат бойынша әрекет етуді басқа біреуге сенім ауысуы арқылы бере алады.

Сенім алушы өз өкілеттігін  басқа біреуге сеніп тапсырғаннан кейін өзінін сенім берушісіне бұл  жөнінде білдіруге және ол адам туралы, оның тұрағы туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға тиіс. Бұл міндетті орындамаса, сенім алушыға өзінің өкілеттік  құқықтарын сеніп тапсырған адамның  әрекеттері үшін өзінің істегені сияқты жауаптылық жүктеледі.

Сенімхаттың күші мынадай  жағдайларда жойылады:

  1. сенімхат мерзімінің өтуі;
  2. сенімхатта көзделген әрекеттердің жүзеге асуы;
  3. сенімхатты беруші адамның оның күшін жоюы;
  4. сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;
  5. өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы;
  6. атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
  7. сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабар ошарсыз кетті деп танылуы;
  8. сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе хабарошарсыз кетті деп танылуы салдарынан тоқтатылады.
Өкілдік