Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КМҚК БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі.

 

                                                                   Орындаған: Чабданова Ж.Б.

                     Тексерген: Байжигитова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

СЕМЕЙ – 2012ж.

 

Мазмұны :

Кіріспе...................................................................................................................3-5

I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28

1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9

1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16

1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21                                                     

1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23

II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25

2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27

2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31

III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43

3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36

3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43

Қорытынды.....................................................................................................44 - 45

Пайдаланылған  әдебиеттер..........................................................................46 - 47

Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мен бұл курстық жұмыста  тоқталатындарым:

Қолма-қол ақшасыз  айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Қолма-қол ақшасыз айналым  екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым  және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі  артықшылықты айналымға тауарлық айналым  жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің  өндірілуі мен сатылу процесін тікелей  бейнелейді.

Айналымның тауарлық қолма-қол  ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз  аударымдар жолымен жүзеге асыратын төлемдері кіреді.

Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысудың артықшылықтары мынада:

- ол банк жүйелерінің  кредиттік ресурстарын арттыруға,  кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік  береді;

- ол айналымға аса қажетті  қолма-қол ақша сомасының тұтынуын  кемітеді;

- ол трансакциялық шығындардың  (банкноттар мен тиындарды басып  шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі  айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік  тудырады;

- ол банктердің дәлдікті  қажет ететін жұмысында есеп  айырысуларды және қаражат айналымын  шапшаңдатады;

- қолма-қол ақшасыз есеп  айырысу процесінде шаруашылық  органдардың төлем қабілеті артады  әрі келісімшарт міндеттемелерін  орындауға мүмкіндік алады. 

Мынаны айта кету керек, қолма-қол  ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі  жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды  ұйымдастыруда белгілі бір қағидалары сақталуы керек.

Оған мыналарды жатқызуға  болады:

-Төлеушілердің банктерді  және қолма-қол ақшасыз есеп  айырысудың түрлерін таңдаудағы  еркіндік қағидасы. Бұл қағида  болашақ клиентке қызмет көрсету  мәдиенеті жоғары әрі есеп  айырысу операцияларын жылдам  және дәл орындай алатын банктерді  тандауға, сондай-ақ келісімшарттағы  шарттардың орындалуын қамтамасыз  ететін қолма-қол ақшасыз есеп  айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.

-Төлеушінің төлем келісімін  міндетті түрде беру қағидасы, яғни төлеушінің төлеуге келісім  бергені немесе бермегені туралы  ақпарат міндетті тұрде болуы  керек. Мұның мағынасы мынадай;  шот иесінің шоттағы қара-жатын  банк төлемдердің белгіленген  кезегіне қарай әрі шотта қалған  қаражаттың мөлшерінде төлем  жасайды. Соңғысы (шот иесінің  шоттағы қаражатының шегінде  төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің  қамтамасыз етілу қағидасын немесе  төлеушінің өтімділік қағидасын  білдіреді.

Төлемнің мерзімділік  қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатгы  алушы қаражаггың келісімшартга  көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы  алудың маңызы өте зор.

Барлық есеп айырысуға  қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік  пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне  бақылауды жүзеге асыру қағидасы.

Есеп айырысу қызметі  үшін банк пен клиент арасында банктік  шот келісімшарты екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім-шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойьшша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты есепке алу арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг бұл занды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара есепке алуға негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.

Корреспонденттік қатынаста  мынадай операциялар орындалуы  мүмкін:

а) клиентке қызмет көрсетуге  негізделген әрі банк-корреспонденттегі  шот бойынша төлемдерді жүргізуді  білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да операциялар.

ә) шетелдік банктердің тартылуымен  жүзеге асатын банкаралық операциялар. Оған еркін айырбасталымды валюталарды  сату-сатып алу операциялары жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар  бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мәміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.

Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді. Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық  шаруашылықтың  есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

  • қолма-қолсыз ақша айналымының ауқымын бақылау;
  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;

 

I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

1.1. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Атериалдық бағалылықтар мен жабдықтау  қызметтеріне байланысты болатын барлық мәліметтер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың  өзі екі нысанға: қолма – қол  ақшалармен есеп айырысу және қолма  – қолсыз ақшалармен есеп айырысуға  бөлінеді. Қолма – қолсыз ақшаларды  қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру  нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма  – қолсыз ақшалар айналысы жалпы  ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

  • Өнімді, қызметтерді  және жұмыстарды сатуда;
  • Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
  • Банк несиелерін алу және қайтаруда;
  • Бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
  • Халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
  • Басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма – қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай – ақ олардың дамуына деген  мемлекет мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма – қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма – қолсыз ақшаларды  бейнелейді.

Қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысу -  бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма  – қолсыз есеп айрысулар белгілі  бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен нысандарының жиынтығы.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысуды  ұйымдастыру мынадай  талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.

Біздің елімізде қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысу  жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930 – 32 жылдары несиелік реформа  барысында жасалған болатын. Содан  бері, яғни 1993 жылдарға дейін елеміздегі  қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шағын тетігіне бағытталған  түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл – әміршіл әдістеріне толық және сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске  және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына  сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне  қызмет еткен. Ол жүйедегі  қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының  сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы  келісімшарттық міндеттемелерінің  орындалуы үшін экономикалық мүддесі  мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар әсіресе  мыналарға қатаң қарайды:

  • төлеу орны – банк, яғни ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;
  • төлеу уақыты – өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;
  • төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;
  • төлеу көзі – сатып алушының  меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
  • қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысаны, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін  төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін  және несиелік қабілетіне қойылатын  талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде  есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы  кері әсер етті.

Кейіннен экономикамыздың  нарықтық қатынастарға өтуі барысында  қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу  нысандары мен әдістері, оларды ұйымдастыру  қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі  қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар  жатады:

Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма – қолсыз  ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Мұнда клиенттерге ақшалай  қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған  қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге  міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл – әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.

Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық  субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің  іс әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін  ескеруі тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде  заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен  жүйедегі қағида, ақша айналысындағы  нақты және қолма – қолсыз ақшалардың арасындағы  заңды түрдегі алшақтықтың  болуына байланысты, тек заңды  тұлғаларға ғана қатысты болғандығын  айта кету керек.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысудың келесі қағидасы –  нарық субъектілерінің қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысу  нысандарының таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында бекітуді көздейді.

Бұл қағидасы  меншік нысандарында байланыссыз кез келген нарық  субъектілерінің келісімшарттық  және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы  бұл қатынастардың нәтижелі болуы  үшін, олардың материалдық жағынан  жауапкершілігін арттырудағы экономикалық  дербестігін сипаттайды. Бұл жерде  банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

2000 жылғы 2 маусымдағы  Ұлттық банк Басқармасының №  266 бекітілген «Қазақстан Республикасының  банктеріндегі клиенттердің банктік  шоттарын ашу, жүргізу және  жабу тәртібі туралы» нұсқаулыққа  сай төлеушінің төлем операцияларының  барлық нысандарында бас субъектіге  айналу үрдісі (тенденциясы) байқалады,  себебі, барлық қолма – қолсыз  ақшамен есеп айырысу нысандарында  төлеу туралы бастаманы төлеушініңөзі  көтереді. Бұл шарт ел эконом  икасындағы нарықтық қатынастардың  талабына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, қолма –  қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

  1. төлемнің мерзімділігі;
  2. төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімдік қағидасы -  шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан  Республикасы Қаржы минитрлігінің  нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге  сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін  қаражатты уақытта емес, яғни алдын  ала келісілген мерзімде аударуына  мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзімділігінің қағидасын  енгізудің тәжірибелік маңызы бар  десе де болады. Кәсіпорындар және басқа  да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзіділігінің  дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • сауда – саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
  • сауда – саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
  • сауда – саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін – қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдер де кездесуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы  төлемдер -  бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген  төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімінің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен  төлемдер – бұл төлеушіде төлейиін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп, төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің  қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі , төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы  өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір – бірінен өзара ажыратылады.

Төлемнің жедел түрде  қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші  кластық өтімді қаражаттар сомасының  болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол  сияқты  оларды ұйымдастырудың сондай нысандары жатады.

Төлемдердің жедел түрде  қамтамасыз етілуінің әр түрлі нысандары  болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).

Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен  қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының  төлем қабілеті мен  несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысуға байланысты  барлық аталған қағидалар бір – бірімен  өзара тығыз байланысты. Сондықтан  да, бұл қағиданың біреуінің бұзылуы  басқаларының бұзылуына жол береді.

Демек, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалыну  және қолма – қолсыз төлемдер мен  ақшалай аударымдарды жүзеге асыру  ережесі» туралы Қазақстан Републикасы  Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәірдегі бекіткен №179 қаулысына  сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айрысулар тек қана қолма  – қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға  тиіс.

Осы ережеге сәйкес, қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне  мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;
  • төлем  талабы – тапсырмасы;
  • инкассалық  үкім;
  • чек;
  • вексель.
  • аккредитив.

Төлем тапсырмасымен  есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу нысаны.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемде төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған  тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы  және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б  төлемдер) бойынша, жабдықтаушыла р  мен мердігерлерге тауары және көрсетілген  қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған  күннен бастапон күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы:                                                                                

                                                                                        1


 


                                              4                                                                                  2                          


                                                                                3                                              

                                                            

 

1 –  сызба. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 – тауарды  (қызметті) жабдықтау; 2 – төлем тапсырмасын  банкке беру және шоттан қаражатты  шегеру; 3 – бенефициар банкіне  қаражатты аудару және алушының  шотына септеу; 4 – бенефициардың  шотына қаражат түскендігін хабарлау.

Екі жақтың келісуі бойынша  төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы  мүмкін. Мерзімді төлем – бұл  тауарды 

жөнелткенге дейін(1 – сызба); тауарды жөнелткеннен кейін; яғни тікелей  келісім беру жолымен (2 – сызба); немесе ірі мәмілелер барысында  бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу  бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалаған келісім негізінде  төленуі мүмкін.


                                                                                       1


  



                                                                            5

      


           4                                                                                                                   2 

                                                               3               3


 

 

 

2 –  сызба. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барасында есеп айырысу сызбасы.

1 – алдын ала  төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы келісім шарт  жасау ; 2 – төлем тапсырмасын  банкке беру және шоттан қаражатты  шегеру; 3 – бенефициар банкіне  қаражатты аудару және алушының  шотына септеу; 4 – бенефициардың  шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5 - тауарды (қызметті) жабдықтау.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем  тапсырмасында акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем  тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне  қаражат айналымының біршама  қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің  шаруашылық айналымынан белгілі  бір  қаражат бөлігінің шығып  қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап  есеп айырысу нысаны ретінде ішкі банкаралық есеп айрысуларда және мемлекетаралық  жабдықтауларға байланысты, тауарлы  және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу  және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылуымен сипатталады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу кезіндегі жүргізілетін шоттар к.

Шаруашылық операциялар  мазмұны

Дт

Кт

1

Ақша жөнелтуші мен  бенефициарға бір банк қызмет көрсететті

2203

2203

2

Ақша жөнелтуші мен  бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсететті, ал олардың арасындағы есеп айырысуы ҰБ корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілді

2203

1051

3

Ақша жөнелтуші мен  бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсетті, ал олардың арасындағы есеп айырысуы басқа банктердегі корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілді

2203

1052




Төлем талап – тапсырмасы. Бұл қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі