өлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі

 

Жоспар

Кіріспе 2

Негізгі бөлім 2

Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі 2

Төлем балансы 8

Төлем балансын құрау жүйесі 10

Қазақстан Республикасының төлем балансы 10

Қорытынды 16

Пайдаланған әдебиеттер 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға  болады. Шынында да төлем баласының  ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының  экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар  балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем  балансында көрініс алады.

Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық  болған жағдайда төлем балансының активті (оң), ал кем болған жағдайда (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем балансы  импортқа қажет шетел валютасымен  қамтамасыз етіледі.

Төлем балансы  төмендегідей тармақтардан құралады:

  1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
  2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;
  3. тұрақтырандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюталық қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
  4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі;

Төменде берілген негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштерге қарайық. Бұл кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан  Республикасының сальдосы 1998 ж. теріс  болды, ал қалған жылдары оң сальдо байқалады. Демек, 1998ж. елдің экспорт  операциялары импортқа қарағанда аз болып, шетел валютасының тапшылғы пайда болды. Бірақ елдің теріс  сальдосының нәтижесі экономикаға  қатты әсер еткен жоқ, себебі тапшылық көлемі үлкен болған жоқ және де ол ұзақ уақыт бойы қайталанған жоқ.

Негізгі бөлім

Төлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің  тепе – теңдігі

 

Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статичтикалық мәні болады, оның еш экономикалық мәні жоқ.  Ал валюта бағамы елдің тауар айналымын  жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын (қызметін) роындауына бағамымен  әсер етуінде.  Себебі қазіргі заманда  әлемдік экономикаға қатысу елдің  жалпы дамуының негізгі алғышарттарының  бірі. Сондықтан да валюта бағамын  толығымен қарастырайық.

 

Атауы

1998 ж

1999 ж

2000 ж

2001 ж

1. Ішкі жалпы өнім, млрд.тг.

1733,3

2016,5

2596,0

3285,4

2. Экспорт,млн. АҚШ долл.

5870,6

5988,5

9615,4

8646,9

3. Импорт, млн. АҚШ долл.

6671,5

5648,3

6849,8

6363,0

4. Сауда баланс сальдосы ҚР

-800,9

343,7

2765,6

2283,9

5. Теңгенің бағамы (кезең аяғында)

83,8

138,2

144,5

153,2

Кезең бойынща орташа

78,3

119,5

142,1

146,7


 

Егерде  Қазақтан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен басқа елде, мысалы Ресейде  сауда жасасаңыз ол төлем бола алмайды. Себебі Ресейде сауда мемлекет белгіленген өзіндік валюта бар. Ал ертеде Ресей азаматтары ҚР аумағында  сауда жасауға ниет білдірсе, онда ол төлем құралы ретінде «теңге»  валютасын қолдануы керек. Мысалы, Қазақстандық бір компания Ресейдің бір резидентіне  қант сатты дейік. Ресейдегі қант сатып алушы  Қазақстандық жабдықтаушыға  қанттың құнын теңгемен төлуі  қажет, себебі Қазақстандық жабдықтаушы  өз елінде теңгемен салық, жалақы және т.б. төлемдер төлуі қажет. Ал сатып  алушының қолында өзінің ұлттық валютасы ғана бар. Осындай себептерден валюталарды  айырбастау қажеттілігі туындайды. Ондай қажеттілікті валюта нарығы арқылы қанағаттандырады. Оның ең басты алғышарты  «екі әр түрлі ұлттық валюталарды  қолдану мәселесі» болып табылады.  Мысалы, Қазақстандағы валюта нарығында  адам демалуға, жұмыс бабымен, оқуға  бара жатқан кез – келген елдің  валютасына теңгені айырбастай алады, ал шет ел азаматтары теңгеге өз валютасын айырбастауына мүмкіндігі дар.  Ал айырбастағанда валюта белгілі  бір қатынаспен, бағаммен айырбасталады.  Валюта бағамы деп бір елдің валютасын  екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$ , 70 тг =1$DM, 4тг = 1RR

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір – біріне қарама - қарсы екі  әдіс бар:

  1. валютаның еркін айналымындағы бағамы;
  2. тағайымдалатын валюта бағам әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде  бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады.

Теңгенің  рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық:

Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс  төмендейді. Соның арқасында Қазақстандықтарға  рубль арзандап, онымен бірге Ресей  тауарлары да арзандайды. Сондықтан  Қазақстандықтар Ресей тауарларына  деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.

Екінші  жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстатндық  тауарлар арзан болып, оған деген  сұраныс жоғарылап, теңгеге деген  сұраныс та жоғарлайды.

Сонымен сұраныс пен ұсыныс арақатынасының жалпы әдісі осы түрде болады және жоғарыда көрсетілген кесте  бойынша бір теңге бес рубльге  тең болады.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Оларға:

  • Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушылардың талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, Америккандық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады.  Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.
  • Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдің ұлттық табысына қарағанда, өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.
  • Бағаның саластырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда Қазақстандықтар Ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал Ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.
  • Салыстырмалы нақты пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі. Мынандай жағдайды қарастырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізіледі. Нәтижесінде инфляцияны есптей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болады. Соның арқасында қазақстан инвестициялауға  өте тиімді елге айналады, ал ол инвесторларды (елдің экономикасы тұрақты болған жағдайда) теңгені алуға итермелейді.
  • Алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қатқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа  елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарлатып, оны теңгге қарағанда қымбаттатады.

Ал бұл  әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын  дәлелі: Бұл әдісте валюта бағамы  автоматты түрде түзетіліп, соның  арқасында төлем балансының тапшылығы  мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс  пен ұсыныс функцияларының көмегімен  көрсетуге болады.

Тепе  – теңдік валюта бағамы 1rr = ах 1 тг. Жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы  жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін рублі  мен Ресейлік қажет ететін теңге  көлемі бір – біріне тең деп  санаймыз.  Енді белгілі – бір  факторлардың әсерінен Қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D – дан D’ – ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық опрерациялар елге «аА» көлемде  рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар  «аС» көлемінде қажет етеді. Сонда  алғашқы бағам бойынша төлем  балансының тапшылығы АС қисығына тең  болады. Бағам нарық заңдарымен қалыптасатындықтан ол 1rr= а^х 1 тг. бағамға ауысады. Ал бұл  бағам бойынша Ресейліктерге  Қазақстандық тауарлар арзан болып, Қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге  деген сұраныс артады, ал Қазақстатндағы рубльге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты  түрде түзетіледі.

Еркін айналым  кемшіліктетрі:

  • Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиынщылықтар туғызады. Мысалы, Қазақстандық кәсіпкер АҚШ – тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырады. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе ақша төлейтін болды.
  • Сауда жағдайы. Елдің экономикася халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.
  • Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.

Тағайындалатын валюта бағамы әдісі.  Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама – қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолдануы мемлекеттің валюта бағамын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады.  Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық қолдана алады:

  • Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтанлырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.
  • Сауда саясаты. Ол емлекеттің бағамды бір қалыпты ұстау мақсатында импортты  (яғни шет ел валютасына деген сұранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сұранысты) ынталандыру саясаты. Импортты квота , қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл, бірақ бұл қолдан жасалған шектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.
  • Валюталық бақылау, оңтайлындару. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығаруына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.  Алынған азын – аулақ шетел валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің эуспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:
  • Сауданың бұзылуы;
  • Кемсітушілік;
  • Таңдаманың шектеулілігі;
  • Қара базар.

 

  • Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

Енді  валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық бағамдардың  үш түрі қолданылады:

  • Алтын стандарт. 1879-1934 жылдар аралығында әлемде «алтын стандарт» жүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді.

Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналады:

    1. ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
    2. алтын қорымен ішкі ақша арасында тепе-  теңдік қажет;
    3. алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.

Әр ел валютасындағы алтын құрамын  өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ – тың доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.

Бұл жерде  алтындық қатынасты есептегенде  біз оруыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептейміз. Бірақ  бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға бұндай шығындарды 3 цет деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 долар төлейді. Бұл жағдайда бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорт нүктесі деп атлады.

Алтын Америкаға  ағылу үшін бағам 1,97 – ге дейін  түсуі керек. Бұл бағамнан төмен  бағам қалыптасқан жағдайда алтын  Америкаға ағылады. Ал бұл нүкте  алтынның импорттық нүктесі деп  аталады.

Бұл жүйенің  макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Фунт пен доллардың тепе- теңдік жағдайы  белгілі бір себептердің  әсерінен британдық фунтқа сұраныс  артсын. Соның нәтижесінде Америка  үшін бағам алтынының экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден  ағылуы пайда болсын. Алтын стандартының алғашқы заңыңа сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы  сұранысты азайтады және оның нәтижесінде  ұлттық өндірістің, жұмысшылар саныныңғ баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы  пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британдық керісінше сұраныс  деңгейіннің, ұлттық табыс деңгеінің, жұмыс істеушілер санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керісінше төмендейді. Осыдан барып, фунтке деген сұраныс  төмендеп, керісінше долларға деген  сұраныс артады. Себебі арзан Американдық  тауарлар Боитандық салыстырмалы қвмбат тауарларынан т иімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын  туындайды. Осындай себетерден фунтқа деген сұраныс қайта түседі. Бұл  жүйенің нашар жағы: Жұмыссыздық  деңгейнің өсуі, жалпы сұраныс  деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы. Төлем балансы жағымсыз болған жағдайда елдегі алтын басқа елдерге көшуінен туындайтын жоғарыда айтылған жағдайлардың әсерінен ел экономикасының құлдырау қаупі бар.

Бреттон – Вуд валюталық жүйесі. 1944 жылы АҚШ- тың Нью – Хэмпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық  басқосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталық бағам жүйесі»  туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттың тиімді жақтарымен оның келенсіз әсерін жоятын жүйе болуы  керек. Ол конференцияда Халықаралық  валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келеді.

Бұл жүйенің  пайда болуына не әсер етті? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың  бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға (ақшаның  құнсыздануына) ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа елдерге қарағанда арзан  болса, онда тауарлар да арзан болды. Мысалы, «а» және «б» елдері бар  және «а» елі өз валютасының құнын  «б»  елінің валютасына қарағанда  арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты  үлкейтті. Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс  көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің  ең басты мақсаты – дүние жүзіндегі  валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Әр ел өзінің ұлттық валютасын  алтынмен немесе доллармен бағалап, онының тұрақтылығын сақтауға міндетті болды. Бағамды ХВҚ –ның рұқсатынсыз (10 –ға ғана) өзгертуге мүмкіндік  берілді. Валюта бағамын өзгертпей  ұстауға алтынның немесе басқа да қордың болуы қажет. Валютаны қалыпты  бағамда ұстау келесі көздерден  жүргізіледі:

  1. Қорлар. Алдыңғы жылдары қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;
  2. Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елдің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;
  3. ХВҚ – дан қарыз алу. Бреттон – Вуд валюталық жүйесіне еңген әр ел өзінің ЖҰӨ- іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жинақталған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.

Бұл жүйенің  кемшілігі бар. Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған  жағдайда бір жылдағы тиімділік  екінші жылдағы шығындарды жабады.  Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға  мәжбүр болады.

Бұл жүйедегі алтын стандарты мен еркін  баға жүйелерінің жақсы жақтары  тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік саланы ынталандырады. ХВҚ – ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап  тұруда қиыншылыққа ұшырамауын қамтамасыз етті.

Бұл жүйе неге жойылып кетті? Оның себебі бұл  жүйедегі халықаралық валюта ретінде  алтын немесе доллар қолдануы қажет  болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға  танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

  1. АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.
  2. алтынның үлкен қорырн құрап алды.

Төлем балансы

Әр мемлекетке өздерінің сыртқы экономикалық жағдайын білуі үшін оларға кезеңдік статистикалық  мағұлматтар керек. Осы мағұлматтарды  төлем балансынан көруге болады. Ол – белгілі бір кезеңде сол  елдің сыртқы экономикалық іс - әрекет балансын айқындайтын статистикалық  құжат.

Төлем балансында елдердің сауда – экономикалық операцияларының  құрылымы мен сипаты, сандық және сапалық  масштабтары көрінеді:

      • әлемдік шаруашылықтағы қатысы :осы елдің басқа басқа елдерге шығарған барлық төлемдері сомасының және басқа елдерден түскен түсімнің барлық сомасының арақатынасының көрінісі.

ХВҚ анықтамасы бойынша төлем балансы дегеніміз  – белгілі бір кезеңдік статистикалық  есеп беру. Ол келесі құбылыстарды көрсетеді:

а) белгілі  бір елдің өзінен басқа әлем арасындағы тауарлық, қызметтік. Табыстық операциялар;

ә) меншіктегі өзгерістер және сол елдің алтын  – монетарлық, арақатынастағы арнайы ақша резерві (СДР) және де басқа елдерге  қарағанда, сол елдің қаржылық талаптары  және міндеттемелеріндегі өзгерістер;

б) біржақты аудармалар және орын толтырушы жазбалар. Олар өзара шешуге келмейтін операциялар  мен өзгерістерді бухгалтерлік есеп бойынша теңестіруге қажетті.

Төлем балансының құрамының негізі болып табылатын  принцииптер:

Бірінші принцип – қандай да бір елдің  белгілі бір кезеңдегі барлық сыртқы экономикалық операцияларды  түгелдей қамту (жыл, ай, тоқсан). Сыртқы экономикалық операцияларды ішкі экономикалық операциялардан айыра білу үшін ХВҚ  ең алдымен резиденттер мен резиденттер  емес арасындағы операцияларды түсіну қажет.

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау»  заңында  «резиденттер»:

а) Қазақстан  Республикасында тұрақты тұратындар, уақытша басқа елдерде болушылар;

ә) Қазақстан  Республикасында орналасқан, оның заңдылығына  сәйкес орнатылған заңды ұйымдар;

б) Қазақстан  Республикасында орналаспаған және оның заңдылығына сәйкес емес орнатылған өндірістер, ұйымдар, олар заңды ұйым болып табылмайды;

в) басқа  елдерден Қазақстанға келген дипломатиялық  және тағы басқа арнаулы өкілдер.

«Резиденттер  емес»:

а) Қазақстан  Республикасының сыртында тұрақты  тұратын және Қазақстан Республикасына уақытша келушілер;

ә) басқа  елдердің заңдары бойынша құрылған басқа елдерде орналасқан заңды  ұйымдар;

б) шетел  заңдары бойынша құрылған Қазақстан  Республикасы сыртында орналасқан ұйымдар  және кәсіпорындар;

в) Қазақстан  Республикасындағы шетел республикалық  арнаулы елшілер, халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдері;

г) Қазақстан  Республикасында орналасқан ә және  б пунктерінде көрсетілген «резидент  еместердің» филиалдары мен елшілері.

Екінші  принцип – операциялардың екі  қайтара бухгалттерлік жазбасы  нәтижесінде бір баптағы дисбаланс  келесі баппен теңеледі. Төлем балансы  төлемдік операциялардан тыс операцияларды  да қамтиды. Осындай төлемге қатысы жоқ операциялардың бірі – біржақты аудармалар (яғни, қайта төленбейтін  біржақты төлемдер);

ХВҚ –  жеке мемлекеттерге арнайы ақша резерв (СДР - ге) беруі;

Алтынның  монетизациялануы немесе демонитизациялануы алтынға деген әлемдік бағаның  өзгеруіне байланысты ұлттық валюта резервін қайта бағалау. Сондықтан  да төлем балансы тек төлемдер емес төлем орепацияларын қамтиды.

Төлем балансын құрау жүйесі

Сыртқы  экономикалық іс - әрекеттерді есептеу  орта ғасырда пайда болған. «Төлем балансы» терминін Шотландтық экономист (ХVII ғ.) джеймс Стюарт ойлап тапқан. ХХ ғасырдың басында төлем балансын құрау әдісі АҚШ және Англияда дами түсті. Осыған негізделе отырып, ХВҚ барлық елдер бойынша ортақ  төлем балансын құраудың стандарттық  әдістемесін жасаған. Төмендегі  төлем балансын құрау үлгісі 1977 жылғы  ХВҚ  - ның шешімі бойынша жасалған.

«Төлем  балансына – басқарылулар» деп  аталатын 4 үлгі ХВҚ – ның толық  схемасы 112 баптан тұрады. Кеңейтілген  схема бұл баптарды 7 топқа бөледі.

Келесі  кесте төлем балансының қысқарылған  схемасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының  төлем балансы

Төлем балансы  баптарының кеңейтілген классификациясы (ХВҚ әдістемесі бойынша), мысалға  АҚШ 1989 ж. Төлем баланнсы млрд. доллар.

1

2

3

А. Күнделікті операциялар

(күнделікті төлем балансы)

-110,06

А. Current account

Тауарлар, экспорт ФОБ

360,46

Merchandise export

Тауарлар иимпорт ФОБ

-475,33

Merchandise import

Сауда балансы 

-114,87

Trade balance

Басқа тауарлар, қызметтер  және табыстар; кредит

-242,71

Other goods, services and income: credit

Басқа тауарлар, қызметтер  және табыстар; дебет

-223,14

Other goods, services and income: debit

Барлығы: тауарлар, қызметтер  және табыстар

-95,30

Total: goods6 service and income

Жеке біржақты аудармалар

-1,33

Private unrequited transfers

Барлығы. Мемлекеттік біржақты

-96,93

Total: except official

Аудармалар есептерінде

-

Unrequited transfers

Мемлекеттік біржақты аудармалар

--13,43

Official unrequited transfers

В. Төте инвестициялар және де басқа ұзақ мерзімді капиталдар

87,93

B. direct investment and other long – term capital

Төте инвестиция

40,50

Direct investment

Портфельдік инвестиция

44,79

Portfolio investment

Басқа да ұзақ мерзімді капитал

-

Other long term capital

Ұлттық мемлекеттік  сектор

2,86

Resident official sector

Банктік сектор

0,16

Deposit money banks

Басқа да секторлар

-

Other sector

Барлығы: А+В

-22,13

Total: groups A plus B

С. Қысқа мерзімді капитал

16,32

C. Other short - term capital

Ұлттық мемлекеттік  сектор

1,84

Resident official sector

Банктік сектор

8,01

Deposit money blanks

Басқа да секторлар

6,47

Other sector

Д. Қателермен ұмытылып қалдырылғандар

22,60

D. net errors and omissions

Барлығы: А+В+С+Д

16,79

Total: sum of A trough

Е. Комплексациялаушы баптар

1,56

E. Counterpart items

Алтын қорын қайта бағалау

0,02

Monetization/ demonetization of gold

Арнайы ақша резерві (СДР)

-

Allocation/ demonetization of SDR

Валюта резервін қайта  бағалау

1,53

Valuation changes in reserves

Барлығы: А+В+С+Д+Е

18,33

Total: group A and E

Ғ. Төте қаржыландыру

-

F. Exceptional financing

Барлығы : А+В+С+Д+Е+Ғ Г.

18,33

Total: group A trough F

G. Шетел мемлекеттік  органдардың валюта резерві құрамындағы  міндеттемелер 

8,48

G. Liabilities consulting foreign authorities

Барлығы: А+В+С+Д+Е+Ғ+Г

(соңғы баланс)

26,81

Total: group A trough G (overall balance)

Н.резервтің соңғы немесе жалпы өзгеруі 

-26,81

H. total changes in reserves

Монетарлық алтын қор

(мемлекеттік алтын қор)

-0,01

Monetary gold

Арнайы ақша резервтері (СДР)

-0,31

SDRs

ХВҚ алатын резервтік орны

0,70

Reserve position in the fund

Валюталық активтер

-27,9

Foreign exchange asset

Басқа несиелер

-

Other claims

ХВҚ  несиелерін пайдалану

-

Fund and fund administrated resources


 

Бұл қысқартылған схеманы үш бөлікке бөлуге болады:

              1. Күнделікті операциялар (блок А) . Мұнда тауар, қызмет, капитал және ақшалай аударылымдардан түсетін табыстың бар жоқтығын анықтайды.
              2. капитал қозғалыстары (В+С)
              3. Теңестіруші операциялар (Е+Ғ+G), төлем балансының салмақтатндырылатын мемлекеттік органдардың операциялары.

Содан кейін  соңғы төлем баланс сальдосы пайда  болады. Ол мемлекеттің алтын, валюта және басқа резервтері арқылы қаржыландырылады немесе бөлінеді.

Төлем балансында экспорт және импорт ФОБ бойынша  анықталады, яғни тауар бағасына сақталу  және тасымалдау құны еңгізілмейді. Ал сыртқы сауда статистикасында импорт СИФ бойынша анықталады, яғни сақталу  мен тасымалдау құны есептелінеді. Күнделікті төлем балансының баптары  көп. Оны негізінен «басқа тауарлар, қызметтер және табыстар» деп  атайды. Оған:

  1. тауарларды жеткізу (қызмет көрсетуге өте ұқсас) ;
  2. әр түрлі қзметтер жүк, жолаушылар және басқа да тасымалдау, халықаоралық туризм, телекоммуникациялық қызметтер, білім деңгейлік, қаржылық, сақталу, жұмыс түрін (делдалдар) кәсіптік (консалтинг) және техникалық қызметтер (құрылыс) және т.б.; 
  3. меншік құқығына қолдануға келетін кірістер мен шығыстар ( лицензия, патент, рояльти және т.б. төлемдер мен кірістер)
  4. шетелдегі жеке және мемлекеттік инвестициялардан түсетін табыстар мен сол елдегі шетел инвестициялау табыстары жатады;
  5. шетел мемлекетінің саяси және әкімшілік операциялары (әскери базалар, халықаралық ұйымдарға енуі және т.б.). «Жеке бір жақты аудармалар» бабындағы трансферттер жатады:

а) шетел  жұмысшылырының, көшіп келушілерінің  және т.б. аудармалары;

ә) қайтарылмайтын мемлекеттік көмектер.

Баланстың тауар қозғалысы В және С блоктарды  қамтиды.

Блок  В немесе «төте инвестиция басқалай ұзақ мерзімді капитал»:

а) төте және портфельді инвестициялар

ә) басқа  да ұзақ мерзімді капитал.

- ұзақ  мерзімді мемлекеттік және банктік  несиелер;

- ертеде  алынған қарыздарға төленетін  проценттер

- халықаралық  банктер және қаржы ұйымдардың  облигацияға қол қоюы.

Блок  С – қысқа мерзімді капитал. Бұған  бір жылға дейінгі инвестициялар  кіреді және қысқа мерзімді мемлекеттік  құнды қағаздар мен міндеттемелер, банктік депозиттер және қысқа мерзімдік  несиеге байланысты банкаралық міндеттемелердің қозғалысын көрсетеді.

Тауар қозғалысы  балансы Д блокты қамтиды.

Д «қателер мен ұмытылып қалдырғандар» .

Мұнда қателікті  жиі кездесетін қателер, сонымен  қатар контрабанда және капиталдың заңсыз кұйылуы анықталады.

Соңғы баланс талдауында Н блоктан басқа барлық блоктар қаралады.

Блок  Е – « Компенсациялаушы бап» . Бұл бапта келесі өзгерістер көрсетіледі:

а) монетизация  және демонитизация арқылы сол елдің  алтын қорындағы және алтынға  деген әлемдік бағаның өзгерісі;

ә) өз валютасының  айырбас курсын өзгерту үшін ХВҚ  – тағы резервінің алатын орны және сол елдің үлесіндегі (СДР);

б) сол  елдегі валюта резерві, сыртқы міндеттемелерді, айырбас курсына байланысты ХВҚ  алған қарызының өзгеруі.

Блок  Ғ  - «жедел қаржыландыру» ең алдымен  төмен балансының жеткіліксіздігін жеңілдету операцияларын қарастырады. Олар: ХВҚ берген қайтарылмайтын нсиелер, халықаралық қайта құру мен даму банкісінен (МБРР) құрылымдық қайта  құру үшін берілген несиелер және Араб валюта қорынан берілегн жеңілдік несиелер; басқа мерзімге көшу және күшін жою.

Шет мемлекеттің  валюта резервтерінің құрамындағы  міндеттемелер (блок). Мұнда шетел  банкілердегі мемлекеттік депозиттер және мемлекетттік органдар бойынша  шетел құнды қағаздарын сату және сатыа алу.

Мысалы: парсы шығанағының Америка және Британия мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу.

Негізінен үш түрлі сальдо болады. Олар: Күнделікті операциялар балансындағы, капитал  қозғалысы және тіркеуге алынған  төлеуге міндетті операция балансындағы сальдо.

Күнделікті  операциялар сальдосы (күнделікті төлем  балансының сальдосы) – бұл сальдо елдің шаруашылығына өте қажетті  және жиі есептеліп отырады.

Капитал қозғалысының сальдосы. Күнделікті тауар  қозғалысы оперцияларын бақылау, тексеруге  ең негізгі құрал болып табылады. Басқаша айтқанда, күнделікті төлем  балансының сальдосы кері таңбалы болса, онда оны оң таңбалы капитал қозғалысы  сальдосы арқылы жабады. Егер елдің  күнделікті төлем баланс альдосы  оң таңбалы болса, ол капиталды сыртқа шығару оны ішке тасымалдаудан асып түсу мүмкіндігін туғызады.

Төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше  негізгі әдістері бар.

Бірінші – тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық шектеулер  арқылы) және кедендік т.б. жинақтар, шетелге  шетелдік инвестициялар арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым  салу және шектеу; осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы  және т.б.

өлем балансы, сауда тапшылығы. Валюта бағамы: еркін және тағайындалатын валюта бағамдары. Баға мен ақша көлемінің тепе – теңдігі