Ұлттық бас киім сәукеле тігу технологиясы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Ұлттық бас киім сәукеле тігу технологиясы».
Жетекші: Ж.Ж.Жонқарбаева
Мазмұны:
І. Кіріспе.
..............................
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1
Ұлттық костюм тарихы..........
2.2.
Қазақ киімдерінің жіктелуі....
2.3. Киім композициясының
басты заңдылықтары............
- Матаның қасиеттері……………………………………………..
2.5. Бұйымның тігу технологиясы…………………………………….
2.6 . Ылғалды - жылумен өңдеуге қойылатын техникалық шарттар..
2.7. Еңбек сабақтарында оқушы жастарға
эстетикалық
тәрбие беру..........................
2.
8.Үлгі сабақтың тақырыбы: Ұлттық бас
киім..........................
ІІІ. Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Киімнің көркем дәрежеде қабылдануы оның стилінің маңыздылығында. Сөздік анықтамаға сәйкес, стиль – бұл тұрақты және тұтас көркемдік жүйе, сәулет туындыларында бірыңғай әсем бейнелеу, сәндік – қолданбалы өнер және әрлендіру. Сән - өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі, әлеуметтік құбылыс. Киім бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі саларына айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
. Матасын тандаудан бастаған
конструкторлық ізденіс,
Қазіргі кездегі киімдер, өнер секілді, әр уақытта да, стильдің бағытында жүреді. Сән мен стиль бір-бірімен тығыз байланыста. Стиль тұрақты, ал сән бір орында тұрмайды, үнемі алға қарай дамып отырады. Коко Шанель: “Сән келеді және кетеді, ал стиль тұрақты” деген. XX ғасырмен XXI ғасырда стильдің мынадай бағыттары тұрақталды: классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлық.
. Киімдер әсіресе әйелдердің
сұлулығын, сымбаттылығын,
Мәселенің зерттелу деңгейі: Сонау көне заманнан бері киім адамның тұрақты серігі болып келеді. Ф.М.Пармон пікірінше, «Костюм – ол назарды адамның негізге бейнесі арқылы шешімін тапқан ансамбль. Киім ансамбліне киім-кишекпен бірге аяқ киім, шаш сәнділігі, бояу аксессуарларын біріктіру арқылы белгілі эстетикалық талғам енеді». Киім – кишек сахналы образдың әлеуметті ерекшелігі мен мінез – болмысын айқындай түседі.
Сонымен бірге курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі мынадай обьективті жағдайларға сүйенеді:
Біздің ойымша дәстүрлі мәдениеттің
сәнді киімдердің ерекшеліктерін зерттеу
барысында күттіремейтін
Курстық жұмысымның тақырыбы: «Ұлттық бса киім сәукеле тігу технологиясы»
Курстық жұмыс мақсаты: Саукеле үлгісін кестемен әшекейлерді безендіріп қолдануы болып табылады.
Курстық жұмыс проблемасы: Бас киім ерекшеліктеріін зерттеулер және өңдеуде алынған мәліметтерді қолдану.
Зерттеу объектісі: Саукеле бас киімді құрастыру және үлгілеудің тігу технологиясы.
Курстық жұмыстық міндеттері:
1. Ұлттық саукеленің эскизін құрастырып өңдеу.
2. Ұлттық саукеленің үлгісін кестелеу өрнектеп тігу.
3. Ұлттық саукелені құрастыру, даярлау, пішу тігу.
4.Мектеппен байланысты курстық жұмысты көрсету.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: Теориялық зерттеулер негізі киімде кесте жиек тігістер кеңінен көп қолданылады.
Курстық жұмысты зерттеудің практикалық құндылығы:
-
Ұлттық саукеле үлгісі
- Киімнің көркемдік сипаты, кию мәдениеттілігі, пішімі, түрі, жасалуы ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрде, халықтың жинақталған тәжірибесінде сұрыпталып отырады.
- Сипатын, дәстүрлі формасын өркениетті мәдениетіміздің болашағына маңызды етіп көрсету, әрі дамыту, кеңінен пайдалануына жол ашу қажет.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымшалар және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2.1 Ұлттық костюм тарихы
Ата-бабаларымыздың
рухани болмысының «көшпелі»
еместігі көшпелілер
Қазақ халқының қолөнері – ол көнеден келе жатқан тарихы, өнегелі дәстүрі бар өзіндік ерекшелігі мол байырғы өнер. қазақ ою-өрнектеріне жақын сарынды біз көне сақ, скиф салтының өнерінен көреміз. Қазақ халқының дәстүрлі өнерін кезінде Ш.Уәлиханов, С. Дудин, Қ.Чепелев, С.И. Руденко, Ә.Марғұлан, Т.Бәсенов және т.б. ғалымдар мен өнер зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне өнертанытқыштық мақсаттарда қарастырылған.
Қазақ халқының өмірінде материалдық өндірістің негізгі саласы көшпелі мал шаруашылық болған және күнделікті күнкөріс көзі болған малды өз қажеттілігіне пайдаланып, металды өңдеп, жауынгерлік тәртіпті меңгеріп, ат әбзелдерін, тұрмыс бұйымдарын жасап, оны қолдан қолға таратып қолөнермен айналысқан.
Көшпелілердің
жаратылыс структурасы жөніндегі
түсінігі тұрмыстық заттарды да, әшекей
бұйымдарда, сәулетті құрылыстарда көрініс
тапқан. өмір шындығынан туындаған
табиғат құбылыстары
ХVI – XX ғасырларда көшпелі қазақтың топтық санасы, әлеуметтік қоғамның тұрмысы көп өзгеріске ұшыраған жоқ.
Ежелгі
тас дәуірінен бастап, бүгінгі
күнге шейін қазақ жерінен
табылған қолөнер үлгілерінің
Адам болмысындағы, әлеуметтік өмірдегі әсемдік пен сұлулықпен қатысты өлшемде – гормания жатыр. Ол – мәдени талғам және табиғилық, жарасымды философиялық мән, ұстамды сезім және әлеуметтік мәдениет пен үйлесімділікті қамтиды. Оның ең бастысы үйлесімділікпен сәйкестілік, үндестік, келістілік болып келеді. Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарасында гармония түсінігі интуитивті қалыпта болса да көрініс табады. Пифагор үлгі жасау мәдениетінде дүниетанымдық түсінік жетекші рөл атқарады. Халықтың түсінігінде адам денесі үш бөлімнен тұрады.
Осы түсінікке
Есік қорғаннан табылған сақ костюмін
мысалға алсақ: 1) баскиімі; 2) кеуде
киімі; 3) аяқкиімі деп бөлуге болады.
Гармония құбылысы күрделі болғандықтан
әр адам түрлі жағдайда форманы түріне
байланысты оны әр түрлі қабылдайды.
Гармонияны әр адам өзінше ұғуы немесе
ұқпай қалуы да мүмкін. Мысалы, бір
нәрсені бағалап тұрған екі адамның
бірі сол нәрседен өзіндік жарастық
көрсе, екіншісі керісінше оны дисгармониялық
көрініс деп байланыстыруы
Демек, адам денесі қазақ түсінігінде бас, кеуде, аяқ болып байланысады. Сондықтан қазақ киімінде баскиім, кеуде киімі және аяқкиімі басты орында тұрған.
Сақ кезеңінің (7-6 ғ.б.д.д.) ескерткіштерінде көрініс тапқан «аңдық стильде» көбінесе тауешкі, арқар, бұғы т.б. жануарлардың кескіні бейнеленгенін білеміз. Тұтастай алғанда сақтардың «аң стилі» дүниетанымының заңды көрінісі көшпелілер идеологиясын білдіретін айырықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасқан.
Мәселен, сақ жауынгерінің баскиіміндегі «Алтын таулар» да үш биіктен тұрады, биік, орта және екі шеті аласа. Ондағы ою-өрнектер тік сызықты үш қабатқа бөлінген. Жалпы үштіктен бүкіл қарама-қарсылық мәдениеттің заттық ескінің бүкіліне тән. Оның дулығасы сақтардың космос жөніндегі символикалық түсінігін бейнелеген.
Шеңбер бойындағы қалпақ алтын таулар мен ағаштар тізбегін көмкеріп тұр. Тау баурайында «жер хайуандары»: жолбарыстар мен ешкілер, шырқау биікте құстар мен қанатты жолбарыстар бейнеленген. Бұл әлемнің тқменнен жоғарыға қарай үш бөлінген – жер асты дүниесі, жер мен аспан көктің заттанған көріністері. Дөңгелек жиекті крест іспеттес болып орналасқан нүктесінде әлемнің жан-жағын шығыс пен батысты, оңтүстік пен солтүстікті күзетіп тұратын аңдар бейнелері қойылған. Баскиімнің алдыңғы жағына күллі космостың тұтас бейнесі – төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өкімдіктің өзгеше бір белгісі. Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты батыс жағы деп есептеген. Осындай тәжде көсем бүкіл космосты билеуші, дүниенің кіндігі. Оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.
Сол көне
дәуірде сақтар мен массагеттер
киімдерінің өзіндік
Олардың тақиясының немесе бөркінің төбесі үшкір болған, етікті былғарыдан тіккен, ал сырт киімдеріне ою-өрнектің орнына аңның, құстың шынайы бейнелерін салдырған, жылтырауық бастырмалар таққан.
Мысалы, сақтар негізінен нақышты суретті (татуировканы) өз батырлары мен көсемдерінің денесіне де салған. Ер адамның беті мен денесіндегі нақышты бейне – батырлықтың белгісі болып табылған. Ал қару жараққа салынған аң бейнесі шайқас кезінде батырларға, жауынгерлерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенген.
Сондай-ақ, ежелгі аңыздарда «аңдық стиль» өнерінің негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікткрімен байланыстырылады. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп есептеген. Мәселен, әрбір ру не тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, бүркіт т.б. аңдар киелі есептеліп, аң бейнелері бар заттарды қасиетті тұмар етіп таққан.
Бағзы заманда көне тайпа шеберлер құс, аң, жан-жануарлардың шынайы бейнесін мифтік танымда бейнелеген. Тұтастай алағнда сақтардың «аң стилі» дүниетанымының заңды көшпелілер идеологиясын білдіретін айырықша бейнелер ретінде құрылып қалыптасқан.
Қ. Ақышевтің зерттеулерінде қазақтың арғы тегі сақ, қаңлы, үйсін тайпаларының мәдениеті мен өнері Орта және Алғы Азия тайпалары мен халықтарының, Шығыс Европа мен Шығыс скифтерінің өнерімен тығыз байланысты болғаны айтылады.
Скиф- сақ
тайпаларының сонау көне заманнан бізге
келіп жеткен алтын бұйымдары
мен ою-өрнек үлгілерінің өзі-
2.2. Қазақ киімдерінің жіктелуі
Қазақ киімі өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше болған. Мұның өзі тұрмыс қажетінен басым, көпшілігі көшпелі өмір сүрген, көлік үстіндегі іс-әрекетінен туған жағдай.
Ал, оның құрамынада алтын күміске, інжу, перуза секілді тастар қондырылып соғылатын алқа, тамақша, сырға, бойтұмар, қапсырма, жүзік, сақина, білезік сияқты зергерлік заттар, маржан тізбектерінен неше түрлі әдістермен сәукеле, қасаба, бөрік, тақия, айырқалпақ сияқты кестелі – зерлі баскиімдер, аса зор талғаммен байқалатын кемер белбеу, кісе белдік, көксауыр етік пен зерлі кебіс секілді бұйымдар әсемдікке деген әесқойлықты көрсетеді.
Бұдан қазақша киім табиғатындағы екі жақтылықты – тұрмыс қажетімен сымбаттылыққа, әсемдікке құштарлықты аңғаруға болады. Себебі материалдық өндірістің өзі барлық жағдайда халықтың эстетикалық қызметімен біте қайнасып жататын құбылыс.
Қазақта күнделікті киім-кешек пен салтанаттық киімнің пішімінде айырмашылық бола бермеген.
Салтанаттық киімнің тігісі жатық, пішіні сыпайылау, зерлі-оқалы, кестелі, баскиімдері биіктеу, аяққа киетіндері биік өкшелі, қайқы тұмсықты, түсті қайыстармен, зерлі жіптермен боялған, өрнектелген болып келсе, оның үстіне салтанаттық киімнің құрамында алтын, күміспен апталған, жалған қаралы, қиыршықты, ширатпалы қапсырма белдіктер, алқа, шолпы, сақина, білезіктер болған.
Күнделікті киетін киім шекпен тоқымасы, дөрекі кездеме, кенеп, шыт, сәтен, қой терісі секілді қарапайым материалдан тігілсе, салтанаттық киімдерге барқыт, масаты, жібек, сәтен маталар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегеріні пайдаланылған.
Киімдегі әлеуметтік ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығымен, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпет, шапандардың санынан, баскиімдердің көлемінен ғана ажыратуға болады.
Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу нақышын сақтаған. әсіресе қыздар, әйелдер, кейуаналар киетін киімдерден ажырата білген.
Әйел киімі
Қыздар
белі қыналған, етек-жеңіне желбезек салған
қос етекті көйлек, оқалы қамзол
киіп, беліне метал шытырлармен
Ал қайсібір
жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін
(оны Маңғыстау мен Атырауда қосетек
деп те атайды) берген, арқасы немесе
белі бүрілген көйлек, оның сыртына
қамзол киетін болған. Қазақстанның оңтүстігінде
осындай көйлектің үстіне белдемше
қаусырынады немесе шалғы орайды
екен. Қалыптасқан дәстүр бойынша
үкілі тақия, әсіресе бойжеткен
дәуреннің белгісі іспетті
Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айырылғанымен бірдей болған. Егер қыз бала өз қалауымен немесе қос етекті көйлек киюдің ешқандай сөкеттігі болмаса, екі-үш бала тауып, егде тарта бастаған әйелге шымқай түсті матадан тігілген, кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі көрінетін.
Қыздар шашын көбінесе қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай шашын басқаға, әсіресе еркектерге көрсету күнә дейтін ескі дәстүрге сай ақсаңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киген.
Әйелдің бұл бас киімі ел арасында шаршысының. Пішімінің үлгісіне қарай шылауыш, сұлама, күндік, орама деп аталған.
Әдет-ғұрып костюмі Сәукеле
Күйеу мен қалыңдықтың үйлену салтанатына киетіні сәнімен, әшекей үйлесімімен, бояу-нақышымен ерекшеленген. Әсіресе күйеу жігіттің киім-кешегінде кездесетін зермен кестеленген, алтын жолақпен әдіптелген, бірінің үстіне бірін киетін көкірекше, бешпет, шапаны аса сәнді болған.
Қалыңдықтың
кестелі барқыт көйлегі, оқалы қамзолы
күнделікті тұрмысқа, жүріп-тұруға ыңғайсыз
болғанымен, асқан ұқыптылықтың бірден-бір
үлгісі болып табылатын сәукелесі,
алтынмен апталған, күміспен күптелген
шытырлармен безендірілген
Сәукеле – бұрын киелі деп есептелген, өте ерте заманнан келе жатқан қалыңдықтың бас киімі. Ол жөнінде көптеген дастандарда, аңыздарды айтылған.
Сәукелеге
ұқсас бас киімдерді
Сәукеле көбіне күрең немесе шымқай қызыл барқытпен тысталған жұқа киізден артқы жағы биіктеу етіп пішілетін де, төбесі күміс зермен кестеленген шашақты табақшамен жабылып, алтын жалатқан к,міс шытырлармен, лағыл-жақұт қондырылған тәтімен, екі жағына бірдей төгілетін маржан, інжу, перуза моншақтарынан тізілген жақтамалармен безендірілетін. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілетін болған. Ол беташар айтылғанда қалыңдықтың жүзін бүкіл денесін жауып төгіліп тұратындықтан, қыздың дене пішімін өте нәзік, сымбатты етіп көрсететін.
Үйлену
тойына киетін шапан мұражайларда сирек
сақталса да қазіргі таңда киімнің
бұл түрімен біздер мақтана аламыз.
Оны «қызыл тон», «бас тон» немесе жамылғы
деп те атай берген. Ол еркін пішілген,
ұзын жеңді, түймесіз алтын түстес қызғылт
реңді қытай жібегінен
Үйлену тойдан кейін әйел өмірдің келесі баспалдағына өтеді, оны «келіншек» деп атайды. Бұл уақытта ол желбіршекті ұзын көйлек, сыртынан ұзын қамзол киген. Тұрмысқа шыққаннан соң басына жаңа әлеуметтік жағдайын айқындайтын баскиім киеді. Бұл баскиімдерді найман мен керей рулары кимешек немесе жаулық деп атаған.
Кимешектер
бұл кезеңде түрлі-түсті
Жас келіншектің кимешегінің бетінің айналасы жіңішке зерленген жіппен кестеленіп, түрлі-түсті ою-өрнекпен өрнектеледі.
Кимешек жиегін астарлайды, кимешектің иектеп айнала маңдайын жауып тұратын екі жағын «шықшыт» дейді. Оларды жас ерекшелігіне қарай әшекейлейді. Алдын «жақ» дейді. Шет елдегі қазақтарда «жақ бұзу» деген ұғым бар, жесір әйелдердің кимешектерінен қызылды-жасылды түстермен өрнектер салынбайды. Басқа сәйкестендіріліп, пішіліп тігіледі. Кимешектің адамның арқасына түсер жері ұзыншақ болып келген. Мұны «құйрықша» деп атайды. Адамның белінен төмен түсіп, шашты жауып тұратындыұтан осылай аталғанына ұқсайды. Оның мәні діни уағызға сай шашты далдауға саяды. Ол кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық болады. Ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Алқым шалудан кейінгі «жадағай» тігісті «су» деп атайды.
Кестеге қарай кимешек қызыл жақ, сары жақ, ақ жақ деп үшке бөлінеді. Ақ жақты қарт әжелер, қызыл жақты келіншек, сары жақты жас адамдар киеді.
2.3. Киім композициясының басты заңдылықтары
Киім дегеніміз – адам
денесін мүшелеп немесе тастай бүркеп
тұратын жабындылар жиынтығы болып
табылады.Адам мен киімді бір-бірінен
бөліп қарастыруға болмайды.
Композиция – деген ұғымды костюм композициясы деп түсіндірсек, онда костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенін білдіреді.Композиция латын тілінен аударғанда «composito»-шығару, құрастыру дегенді білдіреді.Әр елдің , әр ғасырдың өзіне тән композициясы болған.Киімді құрастырғанда мына заңдылықтарды ұстанған жөн:
Ритм – ол элементтердің жүйелі түрде бірінен соң бірінің қайталануы. Ритмнің екі түрі бар: статикалық және динамикалық.
Контраст – пішіннің, түстің, өң сипатының ерекшелігін анықтайды.
Нюанс – элементтердің
бір-бірінен кішкене
Тождества - пішіннің, түстің, өң сипатының, өлшемдерінің бір-бірімен сай тепе-теңдігі.
Симметрия – элементтерінің заңды түрде тең орналасуы. Симметрия түрлері: классикалық, орталық осьті симметрия, ассиметрия.
Силуэт – («silluett»-француз
сөзі-кез келген нәрсенің сыртқы сұлбасы,
көлеңкесі) ұзындығы мен ені бойынша
адам мүсінінің пропорциясына
Тіке силуэт – «әмбебап», оны барлық жастағы адамдарға ұсынуға болады.Етегіне қарай сәл кеңейтілсе трапеция түріне ауысады. Киімді етегіне қарай көбірек кеңейтсе немесе керісінше, иық тұсында үшбұрыш құрылады.Бұл ұзын, әрі арық адамдар үшін жақсы көрінеді.
Қынама силуэт – бір-біріне «қарсы» тұрған трапеция немесе үшбұрыштардан құралған.
Сопақша силуэт сәнде сирек ұсынылады және ұзақ тұрақтамайды, себебі ол адам денесінің табиғи пропорциясына қайшы келеді.
Костюмнің силуэті силуэттік сызықтармен көрсетіледі. Силуэтке кіретін сызықтар белгілеуі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Фасондық немесе үлгілі сызықтар-силуэттің ерекшелігін көрсетеді.
Конструктивтік сызықтар-
Декоративтік сызықтар-әрлеу
бөлшектерін бейнелейді.Бұл
Пішім – бұйымның ойластырылған
үлгісін жасауға мүмкіндік
Пропорция – көйлектің
ұзындығы мен енінің, кеудешенің мен
белдемшенің ұзындығының, бұйымның
тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің
ара қатынасы.Ұлттық дәстүр киімі
сәндік пен салтанаттың өлшемі.
Киімді ашып көрсететін құралдардың бірі ол – түс.Ол адамдардың сезіміне, көңіл-күйіне, жағдайына әсер етеді.Мысалы: қызыл түс-күннің, оттың, қанның, өмірдің символы. Ол әдетте қуанышты, әдемілікті, мейірімділікті, жылуды бейнелейді, бірақ сонымен қатар қауіпті, өмірге қатер бар екенін де көрсетеді.Бұрынғы уақытта адамдар киімнің түсін, материалын және пішімін өздерінің қоғамдағы орындарына сай, қызмет түріне байланысты таңдап киген. Қазіргі уақытта да «түстер заңы» қолданылады. Мысалы: ұлттық киімдерде түстер дәстүрге сай таңдалынады.
Қазіргі заманғы киімдерде
алуан түрлі түстер мен реңдер,
тондар қолданылады.Түстер мен түстітану
туралы үлкен ғылым бар. Оның өз заңдылықтары
бар.Костюмді дайындау барысында міндетті
түрде түстің қасиеттерін ескеру
керек. Ашық, таза, жылы түстер затты
жақындатады және ұлғайтып көрсетеді,
сонымен қатар оны жеңіл
2.4. Матаның қасиеттері
Маталардың түрлері көп. Мысалы: стрейч, креп-атлас, мосс-креп, габарди, титаник т.б. Мата сән секілді бір орында тұрмайды, үнемі алға қарай дамып отырады. Мұның өзі маталарды қалауым бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Талшықтық құрамына байланысты маталар: жүн, жібек, мақта, зығыр және синтетикалық маталар болып бөлінеді. Маталардың физикалық, механикалық, технологиялық қасиеттері болады. Маталардың қасиеттері матаның сапасын айыра білуге және сапалы мата таңдауға көмектеседі.