Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері



 

 

 

Жоспары:

 

 

КІРІСПЕ

 

1.   Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

 

2.    Ұлттық дау – дамайдың себептері

 

3.    Ұлттық дау – дамайдың себептері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды. Еліміздің қоғамдық және ұлттық санасындағы елеулі серпілістер және ұлтаралық қатынастар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті феноменінің маңызды ерекшелігі ретінде оның адамзаттық маңыздылығын әрі әмбебаптығын айқындап берді. Заманымыздың қоғам мәнін өзгертетін саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларының барша маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде адамның іс-қайраткерлігін бағалаудың өлшемі мен алғышарты ретіндегі жалпыұлттық мәдениеттің мәні мен мазмұнына жүгінбей қала алмаймыз.

Бүгінде Қазақстанның этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі бүкіл ЕҚЫҰ-на мүше елдерде қызығушылықпен зерттелуде. Сондай-ақ, этносаралық келісім моделі біздің  осы беделді Ұйымдағы төрағалығымыздың басты алғышарттарының біріне айналып отыр. Осыған орай, қазіргі таңда күрделілігі мен қайшылығы қатар жүретін біздің көпұлтты қоғамның дамуы мәселелері кешенінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелері айрықша маңызды орынға ие. Саясаттану тұрғысынан тақырыптың өзектілігі ұлтаралық қатынастарды қайта зерделеу және сапалы түрде жаңарту, демократия мен гуманизм принциптері негізінде ұлттық қатынастарды дамытудың саяси-әлеуметтік мүмкіндіктерін іздестіруден, сондай-ақ, еліміздегі барша ұлттардың еркін әрі жан-жақты ынтымақтастығын саяси-құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды. Қоғамдық-саяси қатынастарды демократияландыру тәжірибесі күрделі әрі қайшылықты ұлтаралық қатынастардың сыртында экономикалық, саяси, идеологиялық және өзге де мүдделері бар әлеуметтік топтар тұрғанын көрсетеді. Ұлтаралық қатынастардағы қайшылықтарды айқындау және зерделеу кез-келген халықтың жалпыадамзаттық, ұлттық, топтық мүдделерімен қатар, жекелік мүдделерін де баламалы түрде танытуға қабілетті ұлттық саясатты қалыптастыру үшін аса маңызды. Қазіргі заманның жаңа тұжырымдамасына, оның негізгі қайшылықтарының объективті түрде талдау жағдайына орай, ендігі жерде ұлттық қатынастар демократиялық қоғам құрылысына қарай қозғалыс аясында жалпыадамзаттық мәмілеге келу арқылы мүмкін болмақ. Берілген мәселе мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы және халықтардың өзін-өзі басқаруы кезеңінде ерекше өзектілікке ие болады.

 

 

 

 

 

1.Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

 

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI- сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа қадамдар іздеген жөн», - деген ұйғарым жасаған еді. Сол себепті, ұлтаралық қатынастарды жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оған тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселе қазіргі таңда ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелер ішінде басты орындардың біріне ие болуы тегін емес. Ұлтаралық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани аспектілерінен бөлек, жалпы қарым-қатынас мәдениетінсіз және, әсіресе, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінсіз ұлтаралық қатынастарды салауаттандыру мүмкін емес.

Осыған байланысты, бұл өте күрделі процесс екендігін баса атап өткен жөн. Мұның күрделілігі сол – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық шынайы дүниедегі пікірлер мен көзқарастардың әралуандығы жағдайындағы білімдер, дүниетанымдар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, сезімдер, т.с.с. күрделі жүйесінің бай қорын қамтиды.

Демек, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан гуманизм мен патриотизм сияқты биік адами қасиеттер, ізгілік пен әдептілік, байсалдылық пен сыпайылық, оң пиғыл мен ақ ниеттілік, шыншылдық пен әділеттілік, қайырымдылық пен адамсүйгіштік және т.б. сияқты қарым-қатынас мәдениеті мен мінез-құлық мәнері көрініс табады.

Яғни, осының барлығы берілген мәселенің таңдап алынуын бірқатар ой-пайымдар шарттастырғанын айғақтайды, олар: біріншіден, көпұлтты қоғамымыздағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін тұжырымдаудың маңыздылығы; екіншіден, «ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» сияқты күрделі категорияны саясаттанулық-тұжырымдамалық талдаудың күрделілігі; үшіншіден, әрбір адамның саналы іс-әрекеті ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ережелерін бекіту талабы; төртіншіден, қоғамның саяси-рухани өмірінің, оның мәдениетінің, соның ішінде, адами қатынастар мәдениетінің табиғи құрамдас бөлшегі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және бекіту процесін ашу қажеттігі; бесіншіден, «қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастық», «ұлтшылдық пен шовинизм көріністеріне төзбеушілік», «ұлттық ар-намысты құрметтеу», «мінез-құлық мәдениеті», «халықтардың өзара түсіністігі», «толеранттық және ұлтаралық келісім» сияқты ұғымдардың ажырағысыздығын көрсетуге ұмтылыс; алтыншыдан, ұлттық қатынастардағы ұлттық пен жалпыадамзаттықты үйлестіруде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қызметі мен орнының маңыздылығын ашу қажеттігі туындайды.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл өзара түсіністікті нығайтуда, ортақ міндеттерді шешуде, өзара жәрдемді жетілдіруде тиімді әрекеттестікте болу мақсатында бір-бірін тану ұмтылысына негізделген әр түрлі ұлт уәкілдерінің арасындағы қарым-қатынастың тарихи қалыптасқан және тұрақталған гуманистік принциптері, формалары мен нормаларының өзіндік ерекшелікті кешені болып табылады. Дәл осы себептен де, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігін ашудың тамаша үлгісі болып табылады.

Сондықтан, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық қатынастарды салауаттандырудың қуатты тетігі қызметін атқару талабынан туындайды. Белгілі ғалым Р.Б.Әбсаттаровтың дұрыс атап көрсеткеніндей, «Бұл мәселені барынша толыққанды зерттеу үшін ұлттық даму және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын жасаудың зор маңызы бар. Бұндай тұжырымдама Қазақстан халықтарының дамуы мен бірлесуінің жаңа сапаларын ашуға жағдай туғызып, сонымен бірге, олардың сана-сезімінің өсуіне септігін тигізер еді» [2, с.94]. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті көпұлтты қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттықты үйлестірудің маңызды шарты болып табылады. Яғни, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті біздің өмір салтымыздың барлық қырларымен тығыз байланысты.

Сонымен қатар тарихи деректерді саясаттану тұрғысынан талдау ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың нақты тарихи кезең жағдайларындағы жекелеген халықтардың нақты іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.

Зерттеу жұмысында біз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын, принциптері мен қызметтерін, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты және олардың өзара байланысымен, бірлігін, сонымен бірге, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұлтаралық қатынастарды дамытудағы рөлін көрсетуге талпыныс жасаймыз. Осы орайда ұлттық сана мен сана-сезімді қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу ерекше өзектілікке ие болады. Біздің көзқарасымызша, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесін зерттеу айрықша бірегейлігі мен құндылығы жағынан қазіргі заманғы саяси ғылымды сөзсіз байыта алатын мәселелердің бірі деген тұжырым жасауға болады.

Сол себепті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық қоғамдық-саяси өмір сияқты ұдайы қозғалыста болады және қоғамның, халықтың немесе ұлттың дамуына орай, сәйкесінше өзгерістерге ұшырап, адамдар өмірінің жаңа кезеңінде қолайлы жаңа түрге, сипатқа немесе міндеттерге ие бола отырып, ұрпақтан ұрпаққа өтеді.

Осылайша, мәселенің өзектілігі, саяси-әлеуметтік маңыздылығы, оның теориялық және тәжірибелік мәнінің жеткіліксіз тұжырымдалғандығы, Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың мәні мен мазмұны терең әрі жан-жақты ашатын ғылыми қорытындылардың жоқтығы, еліміздегі қоғамның жаңару, жетілу тұжырымдамасы – осының барлығы біздің аталған диссертациялық тақырыпты таңдауымызға себеп болды.

 

2.Ұлттық дау – дамайдың себептері

Ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетін дамыту мен жетілдіру мәселесі соңғы жылдары әр түрлі ғылым саласының ғалымдары тарапынан белсенді түрде қолға алынып, зерттелінуде. 1980-жылдан бастап Р.Г.Абдулатипов, Р.Б.Әбсаттаров, Ю.В.Арутюнян, И.К.Апина, Ю.В.Бромлей, Т.Ю.Бурмистрова, Р.К.Грдзелидзе, Н.Д.Джандильдин, Л.М.Дробижева, О.А.Дмитриев, М.С.Жүнісов, Л.Н.Коган, М.И.Куличенко, И.И.Серова, В.А.Скуратовский, Т.С.Сәрсенбаев, М.М.Сужиков және басқа да бірқатар авторлар еңбектерінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл ғылыми еңбектерде күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған тұжырымдамалық қағидалар бар. Бұған қоса, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін зерттеу үшін теориялық-әдістемелік маңызы зор.

Т.Ю.Бурмистрова мен О.А.Дмитриевтің «Дружба сплоченные: Культура межнационального общения в СССР» атты жұмысында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні, қалыптасуы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет ету үдерісі зерттеледі, сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынастың деңгейін одан әрі көтерудің, жекелеген азаматтардың психологиясы, сана-сезімі мен мінез-құлқындағы ұлтшылдық жаңсақтықтарды жоюдың жолдары мен әдістері айқындалады [3, с.9].

Зерттеліп отырған мәселені көптеген авторлар кешенді мәселе тұрғысынан да, сондай-ақ, көпжоспарлы мәселе тұрғынан да қарастырады. В.А.Скуратовскийдің «Культура межнациональнысого общения: проблемы регулирования и саморегулирования» атты монографиясында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды реттеудің әлеуметтік-философиялық мәселелері, методологиялық аспектілері, қызметтері мен принциптері және т.б. тұжырымдалады [4]. Я.Н.Коган өз еңбегінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тән сипаттар ретінде әрбір халықтың тілін, демократиялық дәстүрлерін, салт-ғұрыптарын, мәдениетін құрметтеушілікті, адамдарды ұлттық тегінен тыс, істеріне, жеке басының қасиеттеріне қарай бағалай білуді, кез-келген ұлтшылдық пен шовинизм көріністерімен келіспеушілікті атайды [5, с.432]. И.Серованың «Культура межнационального общения» деген монографиясы да  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналған. Бұл ұғымның мазмұнына ол мыналарды жатқызады: «а) әр түрлі ұлттар өкілдерінің өзара қатынастарын реттеп, барлық мүшелердің атқаруы үшін міндетті болып табылатын, заң дәрежесіне көтерілген нормативтік талаптар; ә) жалпыадамзаттық бауырластық мұраттары, өзге халықтарға деген құрмет мұраттары көрініс тапқан әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара қатынастардың күнделікті қарым-қатынас процесінде қалыптасқан дәстүрлі  нормалары; б) тұлғааралық қатынас жағдайындағы тұлғаның интерұлттық негізінде әлеуметтік бағытталған мінез-құлықтық мінездемесі мен осы талаптарға сәйкес мінез-құлық сипаты, стилі және деңгейі»  [6, с.98-99]. Басқаша айтқанда, монография авторы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті адамның мінез-құлқы мен оның әлеуметтік өмірдің барлық негізгі салалары – өндірістегі, тұрмыстағы, демалыс саласындағы, тікелей тұлғааралық қатынастардағы өзге ұлт адамдарымен  өзара қатынастарының әлеуметтік реттеушісі болып қызмет ететіндігін негізге алады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғалым Р.Б.Әбсаттаровтың  «Национальные процессы: особенности и проблемы» (1995ж.), Р.Б.Әбсаттаров пен Т.С.Садықовтың: «Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика» (1999 ж.) атты монографиялары және белгілі ғалым Т.С.Сәрсенбаевтың  «Культура межнационального общения» (1998 ж.) атты кітапшасы жарық көріп, олардың авторлары зерттеліп отырған тақырыптың негізгі бағыттары мен маңыздылығын бөліп көрсетті. Р.Б.Әбсаттаров пен Т.С.Садықовтың еңбегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәнін, сипат-белгілерін, қызметтерін, сондай-ақ, оның әлеуметтік мазмұнын, кемелділік өлшемін, қалыптасу факторын терең талдауымен маңызды. Бұл еңбекте авторлар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін Қазақстан халықтарының аса маңызды жетістіктерінің бірі және ұлттық мәселенің ғылыми тұрғыдан шешілуінің нәтижесі ретінде қарастырады [7, с.40]. Өз кезегінде, Т.С.Сәрсенбаев ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен саяси мәдениеттің өзара байланыстылығы туралы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың негізгі басым шарты ойлау, мінез-құлық пен пікір-көзқарас ұстанымдары, бағдарлар стереотипі болып табылатыны туралы ой-пікірлерін тұжырымдайды [8, с.10].

Осы орайда, Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелеріне арналған диссертациялық жұмыстар қорғалған болатын. Солардың ішінде біздің зерттеу тақырыбызға үндес болып келетін Т.Қ.Биғожановтың «Қазақстан Республикасында жастардың ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың саяси мәселелері» (орыс тілінде) атты  диссертациялық жұмысында Қазақстандағы жастар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың саяси мәселелері зерттелген [9]. Ал, Д.М.Жазыбаев «Қазіргі кезеңдегі этникааралық қарым-қатынас мәдениеті: тәжірибе мен проблемалар» (орыс тілінде) атты кандидаттық диссертациясында этникааралық қарым-қатынас мәдениетін Қазақстан материалдары негізінде әлемдік саяси үдеріс аясында қарастырады [10].  Ал, біздің зерттеу жұмысымыз өзінің зерттеу нысанымен және зерттеу пәнімен ерекшеленеді. Өйткені, біз Қазақстан материалдары негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты және оның бірлігін қарастырып, оған салыстырмалы саяси талдау жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті

 

Әр халықтың ұлтаралық дау – дамайдың мәдениеті жалпыұлттықпен, жалпыадамзаттықпен табиғи байланысты болады. Сондықтан ұлттық бір ұлтты екіншісінен өзгешелейтін ғана емес, сонымен бірге, оларды біріктіретін де қасиет. Ұлттық бай әрі көптүрлі сипатта болып келеді. Жалпыұлттық ұлттың негізінде дамиды және керісінше, шынайы ұлттықтың дамуы жалпыадамзаттықсыз жүзеге аспақ емес. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі біздің көпұлтты мемлекетіміздің дамуы үшін қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Бүгінгі жаһандану және қоғамның демократиялануы мен ұлттық сана-сезімнің өсуі, оның (ұлттың) өзін-өзі танытуы жағдайында ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделер бірлігін әлсіретуге болмайды. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезеңде ұлттық қатынастар өрісіндегі алуан түрлі жағымсыз, теріс құбылыстарды жоюдың маңызды факторы қызметін атқаратындығын да айта кеткен жөн.

Сол себепті, біздің көзқарасымызша, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту, мемлекет халықтарының, басқа да әлем халықтарының салт-дәстүрін, тілін, өнерін, тарихын құрметтеушілікті тәрбиелеу міндеті көпұлтты қоғамда өлшеусіз маңызға ие. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі, жоғарыда көрсетілгендей, әзірше, ең алдымен, ұлттардың қоғамдық-саяси өмірін жаңаша зерделеу тұрғысынан қазіргі кезеңде зерттелмеген күйі қалып отыр.

Жоғарыда айтылғандарға орай, сондай-ақ, соңғы жылдардағы еліміздегі ұлтаралық қатынастар өрісіндегі оқиғалардың даму тәжірибесін ескере отырып, ізденуші зерттеу жұмысында халықтардың тіршілік қарекетінің қажетті саласы ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың орнын ашу мақсатын алдыға қояды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара қатынасы – бұл ғылыми ұғымдар ғана емес, сонымен бірге, тыңғылықты ғылыми зерттеуді талап ететін іс жүзіндегі қазіргі қазақстандық қоғаммен оның ұлттық қатынастарының маңызды мәселесі болып табылады.

Зерттеудің мақсаттарына байланысты осы мәселелерді шешу үшін мынандай міндеттерді шешуге басты көңіл бөлу қажет:

-  ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті саяси феноменін зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін анықтау; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы мен мәнін ашу, оның тұтастай қазақстандық қоғамның, әсіресе, ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, мәдени дамуы өрісіндегі орны мен рөлін көрсету;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара байланысының, өзара әрекеттестігінің саяси механизмін айқындау;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі принциптері мен функцияларын теориялық-әдістемелік мәселе ретінде қарастыру;

-  «ұлттық» және «жалпыадамзаттық» ұғымдарын нақтылау, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі диалектикасын көрсету;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын негізгі саяси-әлеуметтік факторларды айқындау;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы ұлттық мүдделерді зерттеу;

-  ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізі ретіндегі қазақ халқының патриотизмін және қазақстандық патриотизмді қарастыру;

-  ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайтудың және әрі қарай дамытудың маңызды факторы ретінде толеранттықтың  ролін көрсету;

-  «қазақстандық халық» түсінігін және оның ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі жалпыұлттық мақтанышын айқындау;

-  халықтардың ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайту жолы ретіндегі адамдардың қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімінің теориялық мәселелері мен негізге алынатын принциптерін зерттеу;

-  ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі негізінде қазіргі кезеңдегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің жолдарын, формаларын және әдістерін ашып көрсету;

- отбасындағы тұлға деңгейінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің үлгілік-өнегелік, моральдық негіздерінің орны мен рөлін анықтау.

Жалпы  ұлтаралық қатынастар, интеграциялық процестер және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті теориясы бойынша жарияланған саясаттану, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдары өкілдерінің еңбектері кеңінен пайдаланылды. Бұған қоса, зерттеу тақырыбына қатысы бар жекелеген тарихи, құқықтанушылық, этнодемографиялық, экономикалық, филологиялық, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық жұмыстар, сондай-ақ, мерзімді баспасөз материалдары, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар және әлеуметтанушылық зерттеулердегі деректер қолданыс тапты.

Дереккөздер алуандығы мен аса маңызды нақты материалдардың көптігі ізденушіге жаңа мәліметтерді, терминдер мен ұғымдарды ғылыми айналымға енгізуге  мүмкіндік бергендігін айта кеткен жөн. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста автор зерттеген кейбір мәселелер жаңаша қайта зерделеніп, баға беріледі.

Ұлтаралық дау - дамайлар жай-күйін, ерекшеліктерін, оған тән қайшылықтар мен қиындықтарды біз ұлттар мен ұлттық қатынастар дамуының ғаламдық заңдылықтары аясында – ұлттық фактордың жандануы мен белсендірілуі бағыты аясында талдаймыз. Ұсынылатын зерттеу тақырыбы тұрғысында қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің өсуі жағдайында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық талданады.

Зерттеуіміздің шеңберінде төмендегідей жаңа ғылыми нәтижелер алынды:

-  саясаттану мәселесі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы мен мәні ашылып, өзіндік анықтамасы берілді, оның ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, мәдени дамуы өрісіндегі орны мен рөлі зерттелді;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі мен өзара әрекеттестігінің саяси механизмдері айқындалды;

-  ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара сабақтастығы ескеріле отырып ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізгі принциптері мен функциялары зерттелді;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы қазақстандықтардың  ұлттық мүдделері ашып көрсетілді;

-  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі қазақстандық патриотизм мәселесі қазақ халқының патриотизмінің негізінде қалыптасқандығы айқындалды;

-  толеранттықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайтудың және одан әрі дамытудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлі көрсетілді;

-  «қазақстандық халықтардың өміріндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық» ұғымына түсініктеме беріліп, оның ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі жалпыұлттық мақтанышы зерттелді;

-  қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімді нығайту талаптары мен қағидалары қарастырылып, көпұлтты халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымдары қайта тұжырымдалды;

-  қоғамның жаңаруы жағдайындағы ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті мен халықтардың өркендеуі және өзара әрекеттестігінің өркениетті типті формасын зерттеу жүйесі ұсынылып, айқындалды;

- халықтарды ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық мәселелерінің саясаттанулық аспектісі қаралып, оның ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымдары тұрғысынан қайта зерделенді;

-  қазіргі заман жағдайында жалпыұлттық келісімді нығайту мәселелерін жаңаша зерделеуге мүмкіндік беретін, адамдарды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері айқындалды;

-  ұлтаралық қатынастар мен отбасындағы тұлғааралық  қатынастарды тиімді ету және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру бойынша іс-тәжірибелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу мәселесінің қойылуымен айқындалады, ол төмендегідей тұрғыдан қарастырылады:

1. Бүгінгі күн талабын ескере отырып саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні, ұғымы мен анықтамасын зерттеу саяси ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

2. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі және оның саяси процестер жүйесіндегі алатын орны ерекше. Елімізде демократиялық принциптерді қалыптастыруда қоғамдық тұрақтылық және ынтымақтастықтың маңызды шарттарының бірі ретінде зерделенеді.

3. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізгі принциптері: іс-әрекет бірлігі, халықтардың өзара көмегі мен ауызбірлігі; халықтар мен мемлекеттердің достық ынтымақтастығы; ұлттық мүддені, егемендікті құрметтеушілік; жалпыдемократиялық және жалпыұлттық принциптердің бірлігі және т.б. сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің танымдық, саяси, реттеушілік, тәрбиелік, құндылықты-нормативтік, үлгілік-өнегелік, болжамдық және коммуникативтік сияқты маңызды қызметтері қарастырылады.

4. Халықтардың ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі қиындықтары мен қайшылықтары және оларды шешудің әдістерін, салдары мен формаларын қарастыра отырып ұлттық факторлар мен жалпыадамзаттық мәселелерді ұштастыра білу қажет. Әр халықтың ұлттық ерекшеліктерін, менталитеті мен психологиясын ескере отырып, жалпыадамзаттықтың негізі ұлттықта жатқанын зерделеудің маңызы зор.

5. Мемлекеттік егемендікке, аумақтық тұтастыққа, қоғамның даму бағытын айқындауға және т.б. қатысты ұлттық мүдделер мемлекеттердің саяси іс-қайраткерлігін айқындаудың басты факторларының бірі. Елдің ұлттық мүдделерін қалыптастыру – қандай да бір елдің тарихи-ұлттық тәжірибесінің мазмұны мен сипатын айқындайтын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық-психологиялық және басқа да факторлардың күрделі тоғысында жүзеге асатын бірізді әрі ұзақ тарихи процесс.

6. Бүгінгі таңда ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қоғамның дамуы мен саяси тұрақтылығына байланысты маңызды мәселелердің бірі. Патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның саяси-әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің жекелеген қырлары, жағдаяттар, оқиғалар мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста қаралатын қоғамдық-саяси қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді.

7. Саясаттану ғылымында жалпыадамзаттық мәселесі халықтардың бірлігі идеясымен ұштасып келеді. Осыған орай, жалпыадамзаттықты зерттеу тәсілдерін қарастыру бұл ұғымның көпжоспарлы, көпаспектілілігін айқындайды. Бұл ретте жалпыадамзаттық жаңа заман дүниетанымының маңызды элементі болып табылады.

8. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі толеранттықтың дамуы мен қалыптасуы қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайдың басты принциптеріне жатады. Толеранттық – мәдениеттің тұтастығы көрініс табатын, осы тұтастықта қатар тіршілік ететін алуан сипатты субъектілердің іс-қайраткерлік өрісі арқылы өткізетін принцип, осы себепті, мәдениет өзін тұтастық ретінде сақтайды.

9. Қазақстандық халық пен оның ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі  жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі  жалпыұлттық мақтаныш мәселесін зерттеу ғылыми әдебиетте  қарастырылмаған Қазақстан саяси ғылымының  өзекті мәселесі болып табылады.

10. Халықтардың дау - дамайлар мәдениеті және оның тәрбиесі еліміздің дамуының жалпыадамзаттық және ұлттық қырларының бірлігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар туғызуға септеседі. Және, керісінше, жалпыадамзаттық және ұлттық мүдделердің  үйлестігі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады.

11. Көпұлтты мемлекетте ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарын қалыптастыру және оның саяси механизмдерін айқындау халықтың этноконфессиялық құрамының мүдделерімен, халықтардың өзара қатынастары сипатымен сәйкестікте жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан халықтарын  достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен олардың тарихына, дәстүрлеріне, ұлттық ар-намысына деген сый-құрметті қалыптастырудың маңызы зор.

12. Отбасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Бұл адам бойында жалпыұлттық, жалпыадамзаттық мазмұн негіз болған адамгершілікті-өнегелік құндылықтарды қалыптастыруды бағдар етуді білдіреді.Сонымен қатар, әрбір ұлттың ұлтішілік қарым-қатынас мәдениеті оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасының даму деңгейімен, сондай-ақ, ұлттық сана-сезім, ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлттық сана-сезім мен психологияның ұлттық мінез, ұлттық сезімдер, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері сияқты элементтері айрықша ұлттық мәнерлілік дарытады. Адамдар белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда, нақты табиғи-географиялық ортада тіршілік етеді, бұл да, сондай-ақ, олардың өзара қарым-қатынасына ықпалын тигізеді.

Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады.

Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті дамуының саяси-әлеуметтік негізі Қазақстанның барша халықтары дамуының тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатын әлеуметтік әділдіктің іс-тәжірибе жүзінде орнығуымен сипатталады. Қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің маңызды белгісі - қоғамдық өмірдің барлық салаларының кешенді дамуы және олардың арасындағы сәйкессіздіктерді жою болып табылады. Дәл осы шынайы ел билігі, барша азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ұлттардың тең құқылығын, адам бостандығы мен құқығын іс жүзінде қамтамасыз етушілік, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдай туғызу – көпұлтты халық бірлігінің, қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығының, оның қарқынды дамуының маңызды шарты.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытынды бөлімде негізгі түйіндер мен нәтижелер тұжырымдалады. Қазіргі кезеңде  Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық өзекті  мәселелерін жан-жақты зерттеу білгілі  бір  тұжырымдар, ой-қорытулар жасауға, сондай-ақ, бірқатар іс-тәжірибелік ұсыныстар мен нұсқауларды тұжырымдауға мүмкіндік береді.