Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру

Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................

3

1

Ұлттық инновациялық жүйелерді ұйымдастыру: институционалдық аспект

 

1.1

Инновациялық  қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері..........................................................................................................

 

5

1.2

Қазақстан Республикасының  ұлттық инновациялық жүйесі мен оның құрылымы.......................................................................................

   8

     

2

«High tech logistic»  ЖШС инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау

 

2.1

Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау...........................................................................................................

 15

2.2

Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік дамуын бағала...........................................................................................................

 

17

     

3

Қазақстан Республикасының  инновациялық жүйесінің даму бағыттары мен мәселелері

 

3.1

Үдемелі индустриялы-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясындағы  өтпелі шарттары..................................................................

 

21

3.2

Инновациялық  жүйенің институционалдық базасының  дамуы............................................................................................................

 

27

 

Қорытынды.........................................................................................................

 

41

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................

 

43


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

 

Бүгiнгi әлемдiк экономикада  Қазақстан Республикасының өзiндiк  орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей «мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек» деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.

Әлемдік экономиканы  жаһандандыру аясында Қазақстан  мынадай бiрқатар проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.

ХХ ғасырдың аяғына қарай  ғылыми-техникалық сала ғылымның, білімнің, ғылымды қажетсiнетін салалардың, әлемдiк рыноктар бай және кедей  елдер арасындағы шекараларды айқындайтыны, серпiндi экономикалық өсiмнiң негізiн құрайтыны, күштер 0орталықтарын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылатыны анық болды. Ғылыми-техникалық саладағы басымдықтарды таңдау оның өзіндік даму перспективаларының шеңберiнен шығатын мәнге ие болды.

Сонымен қатар жаһандану  процестері және экономикалардың өспелі өзара тәуелдік инновациялық процестерді  басқару міндетін барынша қиындата түседi және жекелеген мемлекеттiң  инновациялық әлеуетiн дамытуға меншiкті  стратегиялық әдiстердi дұрыс белгiлеу қабілетіне тәуелдi етедi.

Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн  бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк  елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi [1].

Бұл тақырыптың мақсаты  елiмiз үшiн индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін анықтау болып табылады.

Курстық жұмысты жазудағы мiндеттерді келесiдей топтастыруға болады:

  1. Инновация туралы жалпы түсiнiк қалыптастыру;
  2. Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып,

олардың елiмiз экономикасы  үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;

  1. Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi индустриялы-инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
  2. 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды көрсету;
  3. Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.

Курстық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесі мен оның құрылымы, екінші тарауда «High tech logistic» ЖШС инновациялық кәсіпорынның дамуын талдау, ал үшінші тарауда Қазақстан Республикасының инновациялық жүйесінің даму бағыттары мен мәселелері болып табылады.

Жұмысты орындау барысында  келесідей әдебиеттерді қолдандым:  С.Т.Купешова,  К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова,  М.С. Соколова, Е.С.  Карибджанов еңбектерімен қатар, Елбасымыздың халыққа Жолдаулары мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ұлттық инновациялық жүйелерді қалыптастыру: институционалдық аспект

 

1.1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері

 

«Инновация»  термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған.  Жалпы алғанда «инновация»  сөзі  ағылшын тілінен аударғанда  «innovation»  «жаңарту»,  «заттарды бөлудің жаңа жолы», «жаңалық енгізу» деген сөздерді білдіреді.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында австриялық ғалым Й.Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен  нарықты өндіріске енгізу  мақсатында қолданылды. Й.Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рөл болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.

        Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, «инновация» жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

       Й. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңалық енгізу емес, сонымен қатар өндірістің жаңа қызметі болып табылады.

        Инновацияның эволюциялық әдістемесін Дж. Ст. Милль, К.Маркс және

 Й. Шумпетер қолданған.

        Й. Шумпетердің айтуы бойынша  кәсіпкерлік бұл кәсіп емес, ол тәуекел бизнес арқылы инновация нарығына жылжу қабілеті. Кәсіпкерлік технологиялық дамумен, инновациямен және экономикалық өсуімен тығыз байланысты. Инновациялар бар дәстүрлерді бұзып қоймайды, олар басқа тәуекелді кәсіпорындардан қарағанда  көбірек пайда әкеледі [2].

Ағылшын-орыс сөздігі бойынша «инновация» бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген сөздерді білдіреді.

Жаңашылдықтар мағынада – интеллектуалды қызметтің нәтижесі, ал кең мағынасында ашсақ рәсімделген  өнертабыс түрінде, патенттер, тауарлық белгілер, оңтайландырғыштық ұсыныс, ноу-хау түріндегі  инновациялық үрдістер нәтижесі.  

       Егер жаңалықтың  экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз.

Инновация – ғылыми-техникалық зерттеу, өндіріс, маркетинг және менеджмент сияқты әртүрлі қызметтерді  жүзеге асырады.

        Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макоренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігінде: «инновация» (ағылшын «innovation»  -жаңалық енгізу, «жаңалық», латын тілінде   «innovation»  -  «жаңарту»,  «жаңғырту») бұл:

  1. Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат.
  2. Ғылыми-техникалық прогрестің  жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі.
  3. Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б.
  4. Тіл білімінде – жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.

       Өндіріс  факторларының «жаңа комбинацияларын» жүргізу барысында, ол инновацияға алып келеді.  Өндіріс факторларының  «жаңа комбинациялары» келесілер:

 – жаңа өнімді шығару, дайындау;

 – өндірісте жаңа технологияларды қолдану; 

 – жаңа өндірісті ұйымдастыруды қолдану;

 – жаңа тұтыну нарықтарын ашу;

 – жаңа ресурстар көздері мен түрлерін ашу.

       Р.Фостердің теориясында инновация – бұл «технологиялық құлдыраудың» жаңа технологияның пайда болуы, өндірістің және  басқарудың жаңа әдісінің пайда болуының нәтижесі. Нақты өмірде өнім-инновация және үрдіс-инновация бір-бірімен байланысты үрдістер. Жаңа өнім, жаңа өндіріс әдістерін, сонымен қатар жаңа технологияларды талап етеді.

       Инновация теориясы экономикалық өсу теориясында да қарастырылады. Көптеген ғалымдар мен кәсіпкерлердің пікірі бойынша экономикалық өсудің жетекші факторы: білім, интеллект, инновация  болып табылады.

     Дәстүр бойынша инновацияны – инновация-өнім, инновация-үрдіс немесе технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық деп бөлуге болады.

      Өнім-инновациясы ең көп таралған және барлық кәсіпорындарда қолданылады. Біреулерде – бұл өнім ассортиментінің кеңею, ал басқалар үшін өнімнің тұтынушы сапасын көтеру ретінде көрсетіледі.

       Технологиялық инновацияның мақсаты өнім сапасын жоғарылату есебінен бәсекелестік көтеру, өзіндік құнды төмендету және шығарылатын өнім ассортименті мен наменклатурасын кеңейту болып табылады.

       Ұйымдастырушылық-басқару инновациялар фирманың барлық деңгейлерінде қызметкерлер мен бөлімшелерді,  жаңа бөлімдерді ұйымдастырумен сипатталады. өндірісті және персоналды басқару әдістерін жетілдіру, жаңа маркетингтік бөлімшелер құру, тиімділікті арттыру үшін жаңа жолдар мен тәсілдерді қолдану кезінде болады.

        Институтционалды мектептің экономтеория зерттеушілері инновацияларды қоғамдық таңдау теория көмегімен сыныптауды жөн көрді. Инновация субъектісі ретінде: кәсіпкер, топ, фирма, ұлт шаруашылығы, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет қатысады. Осы субъектілердің әр қайсысы салыстырмалы артықшылықтарға ие.

        Бірінші инновацияның типі – қоғамдық игілік. Берілген инновацияны барлық қоғам мүшелері қолдана алады. Кәсіпорындарда осы инновация түрін өндіруде мемлекет пен әлеуметтік көзқарастар қызығушылықтарын танытады.

       Екінші инновация түрі – клубтық игіліктер. Ұйым деңгейіндегі өзгерістер клубтың игіліктерін сипаттайды. Бұл инновация түрін қолданушылардың саны ұйым мүшелерімен  шектеледі.

Үшінші инновация түрі – жеке меншік ретінде сипатталады. Өнертабыс құқығымен,  патенттер  бар кездегі  жеке игілікті жүзеге асыру үшін құрылған.  Бастапқы кезде  жаңа өнім нарықта пайда болғанда, ол монополиялық сипатта болады, жаңа өнім-инновациясынан бұрын оның шығарушысы (авторы) «инноватор рентасын», жаңа өнімдерді жасауды ынталандыратын, монополиялық жоғары пайда алады.

        Инновация түсінігін басқа да түрлерін ескеру арқылы кеңірек ашуға болады.

        П.Друкер инновациялық идеялардың көздері - тәуекелділік көздерінен басқа келесі түрлерге бөледі:

  • күтпеген жағдай, күтпеген сәттілік, күтпеген  сәтсіздік негізіндегі инновациялар;
  • өндіріс үрдістерін қажет етуге негізделген инновациялар;
  • сана құрылымы мен нарықтық өзгерістердің нәтижесіндегі инновациялар;
  • жаңа білімдерге негізделген инновациялар.

Әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық өнімдер  мен технологиялар әлеуметтік әсерлерді  тудырады.

Қоршаған ортаға әсерді білдіретін инновациялар экономикалық инновацияларды білдіреді.

  Жоғарыдағы айтылған тәсілдерді талдай келе келесі түрде көрсетуге болады:

  Радикалды деңгейі бойынша:

  • ғылыми-техникалық циклдың тұрақты дамуы және таралу фазасындағы шағын және орта өнертабыстарды жүзеге асыратын жаңартушы инновациялар;
  • ескірген техника мен технологияларды ішінара жаңартуға бағытталған псевдоинновациялар.

Қолданылу сипаты бойынша:

  • жаңа өнімдерді өндіру мен жетілдіруге бағытталған өнім-инновациялар;
  • жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге  бағытталған;
  • технологиялық-инновациялар;
  • жаңа технологияларды қолдану мен жетілдіруге  бағытталған технологиялық-инновациялар;
  • жаңа құрылымдарды жасау мен құрастыруға бағытталған әлеуметтік инновациялар.

Пайда болу стимулы бойынша:

  • ғылым мен техниканың көмегімен пайда болған инновациялар;
  • өндірістің қажеттілігімен туындаған инновациялар;
  • нарықтық қажеттілігімен туындаған инновациялар;
  • жаңа өнімдер мен жеке ғылыми-техникалық потенциалындағы үрдістерді жасайтын «өсіру» инновациясы;
  • шетелдік немесе басқа да инновацияларды модификациялайтын «имитация» инновациясы.

Өнім түрі бойынша:

  • қоғамдық;
  • аралас (клубтық);
  • жеке.

  Тиімділігіне байланысты:

  • экономикалық әсерлерді қамтитын инновациялар;
  • әлеуметтік әсерлері бар инновациялар;
  • экологиялық әсерлерді қамтитын инновациялар;
  • ғылыми-техникалық әсерлерді қамтитын инновациялар [3].

  Инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі.

Инновациялық грант – инновациялық жобаның тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерін орындау, техникалық – экономикалық негіздемесін дайындау, өнеркәсіптік меншік объектісін шет  мемлекеттерде және (немесе) халықаралық  патенттік ұйымдарда патенттеу үшін грант беруші мен грант алушы арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берілетін трансферт.

Инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестицияны көздейтін, сондай-ақ белгілі бір  уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар кешені.

Инновациялық инфрақұрылым – Қазақстан  Республикасы инновациялық қызметінің бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайтын мамандандырылған субъектілерінің  жүйесі.

Инновациялық қор – инновациялық жобаларды және инфрақұрылымды қаржыландыру, сондай-ақ инновациялық қызмет саласында қызметтер көрсету арқылы инновациялық қызметтің дамуына жәрдемдесетін заңды тұлға.

Инновациялық қызмет – нәтижелері экономикалық өсу мен бәсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланылатын, өндірістің және қоғамды басқарудың әртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет.

Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектісі – технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор.

 

 

1.2 Қазақстан  Республикасының ұлттық инновациялық  жүйесі мен оның құрылымы 

 

Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар  экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе ҚР-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1991 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмен жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.

Елбасымыздың жолдауы  бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы  қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға  өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды [4].

Стратегияны iске асыру  нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. Стратегияны iске асыру:

ЖIӨ құрылымындағы  өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-дан 50-52 %-ға дейiн ұлғайту;

ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5-1,7 %-ға дейiн көтеру;

ЖIӨ құрылымындағы  өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ға төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-ды құрайтын болады);

Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының  қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6% салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-дан 2015 жылы 1-1,4 %-ға дейiн өседi.

Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-дан 27-28%-ға дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-дан 45-46 %-ға дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ға қарағанда 9-11%-ды құрайды.

Бұл ретте күнкөрiстiң  төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы  өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай  табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.

Сонымен қатар елiмiзде  ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге  қаржы бөлу өте аз, оның көлемi  0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр [5].

Егер мұны дамыған  елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн  қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Елiмiзде стратегия  жүзеге аспағандағы және асқандағы  ЖIӨ-нiң құрылымының болжамы ( % ), ( Сурет 1 ). 


 

1 - сурет – Инновациялық қызметке бөлiнетiн ЖIӨ көлемiнiң стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесi (%)

 

       Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның  «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:

  1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
  2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
  3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
  4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру.
  5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
  6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
  7. Отандық инновацияларды шетелге шығару [6].

   Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi.

   Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, «елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi» деп атап көрсеттi.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 


 

 


 



 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

2- сурет – Ұлттық инновациялық жүйе

 

Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған.Оның ішінде 3 қаржылық және           2 қызмет көрсету институтары бар.

Инновацияны жүзеге асыру  үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын  құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз  ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Еліміздің ұлттық инновациялық жүйесін 2 - ші суреттен көруге болады.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi. 

Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға  көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап  отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан  көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

ҚР-ның статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр. 

        Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:

1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi «жетілдiрудi» жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;

2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;

3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;

4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;

5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;

6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;

7. Материалдық-техникалық база.

        Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:

1. Бизнес-серілер;

2. Кәсiпорындар;

3. Инновациялық менеджерлер;

4. Инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қызмет көрсететiн және жағдайларды қамтамасыз ететiн өзара байланысты өндiрiстiк, консалтингтік, білiм және ақпараттық құрылымдардың кешенi айқындалатын көп деңгейлi инновациялық инфрақұрылым.

        Инновациялық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

1. Ұлттық технологиялық парктер;

2. Өңiрлiк технологиялық парктер;

3. Технологиялық бизнес-инкубаторлар;

4. Ғылым қалашықтары.

      Қаржылық инфрақұрылым төмендегідей элементтерден тұрады:

  • мемлекеттiк даму институттары;
  • венчурлiк қорлар;
  • кәсiпорындар;
  • жеке кәсiпкерлер;
  • екiншi деңгейдегі банктер.

        Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады. Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр. Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижелі өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр. Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

        Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады. 

        Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк  өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.