Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмі

                                                         Мазмұны 
 

Кіріспе..........................................................................................................................4

 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын құрудың теориялық негіздері.............................................................................................7
    1. Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастырудың экономикалық мәні................................................................7
    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары...................................................................................................11
    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының активтерiн басқару...................................................................................................................14

 

 

  1. Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қорының қызмет ету механизмін талдау......................................................21
    1. Ұлттық қордың активтерін және оның пайдаланылуын талдау......................21
    2. Ұлттық қор қаражаттарының динамикасын талдау.........................................25
    3. Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың игерілуіне бақылау жасау және оларды реттеу.......................................................................................................31

 

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық қорының қаражаттарын болашақта қалыптастыру және пайдалану бағыттары.............................39

 

Қорытынды..............................................................................................................62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................64

Қосымшалар.............................................................................................................67

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқартылған сөздер тізімі

АҚ – Акционерлік қоғам

ТМД –Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім

АҚШ – Америка Құрама Штаты

ҰӘҚ – Ұлттық әл-әуқат қоры

МБҚ – Мемлекеттік бағалы қағаздар

ҰХ – Ұлттық холдинг

ҚДБ – Қазақстан Даму банкі

ЕДБ – Еуропалық Даму банкі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады.

Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс - қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.

Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.т. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды.

Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша ролін айқындайды. 
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық инвестициялық қордың рөлі мен мәні оның атқаратын функциялары бойынша да көріністе. Ұлттық қор жинақтаушы және түрақтаушы функцияларды іске асырады. Бірінші функциясы арқылы негізінде экономиканың шикізаттық секторы түсімдерінің белгіленген болігінен құрайтын қаржы активтерін қорландыруды қамтамасыз етеді. Екінші функциясы мемлекетгік бюджет шикізаттық ресурстардың әлемдік бағалары конъюктурасының мемлекеттік қаржылар ахуалына әсерін тегістеуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар қаржы рыноктарының конъюктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдайы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен жүргізіледі.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бектілген соммаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Курстық жұмысының мақсаты – Қазақстан Республикасының ұлттық инвестициялық қорының қызметі мен оның қалыптастырылуының теориялық және тәжірибелік тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау.

Курстық жұмысының міндеттері:

  • Ұлттық инвестициялық қордың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу;
  • Ұлттық инвестициялық қорды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
  • Ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыру мен дамытудың теориялық негіздерін ескере отырып, назарға аларлық озық тәжірибелерді іріктеу;
  • ұлттық инвестициялық қорды қалыптастыруды және тиімді пайдаланудың экономикалық механизмін жүзеге асыру тетіктерін анықтау және оларды қолдану аясы бойынша ұсыныстар беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын құрудың теориялық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық инвестициялық қорын қалыптастырудың экономикалық мәні

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.

Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады.

Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады (А қосымшасы).

 


                                                      

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сурет 1. Жинақтау және тұрақтандыру функциясы

 

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.

Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:

мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;

мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);

республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;

ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.

Ұлттық қордың қаражаттары:

  • Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
  • Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
  • Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
  • Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
  • тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
  • ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.

Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.

 

1.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының негiзгi мақсаты мен қағидаттары 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына жолдауында дағдарыстан кейiнгi дамуға дайындалуға, индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету және адами капиталдың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру есебiнен экономиканың орнықты өсуiн қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекеттiң одан әрi даму басымдықтары айқындалған болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрi - Қор) қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тәсiлдерiн айқындау мiндетi осы тұрғыдан қойылған, олар әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыс кезеңiнде өзiнiң пәрмендiлiгiн көрсеткен, жүргiзiлiп жатқан жинақтау саясатының қисынды жалғасы болады.

Ұлттық қордың негiзгi мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды қалыптастыру және республикалық бюджеттiң әлемдiк шикiзат нарықтарындағы жағдайға тәуелдiлiгiн төмендету арқылы қаржы ресурстарын жинау болып табылады.

Тұтас алғанда, Ұлттық қор қаражатын бөлудiң ашықтығына қол жеткiзу үшiн олар ел экономикасына республикалық бюджет арқылы ғана жiберiлетiн болады.

Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:

транспаренттiлiк – Ұлттық қордың бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) көрсеткiштерiн, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы есептердi, Ұлттық қордың қаражатын инвестициялық басқару туралы есептердi мiндеттi түрде жариялау;

толықтық – Ұлттық қор туралы есептiлiкте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстарды көрсету;

уақтылылық – Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi Үкiметтiң шоттарына тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып мерзiмiнде аудару;

тиiмдiлiк – Ұлттық қорды тәуекел деңгейi орташа болған жағдайда ұзақ мерзiмдi перспективада активтердi сақтау мен кiрiстiлiктi қамтамасыз ету қажеттiлiгiне сүйене отырып басқару (Сурет 2).

 

 


 

 

 

 


 


 

 

  

 

 

Сурет 2. Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртiбi 

Ұлттық қордың қаражатын жинақтау мынадай түсiмдердiң есебiнен жүзеге асырылатын болады:

1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн тiкелей салықтар (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда), оларға корпоративтiк табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық, бонустар, экспортқа салынатын рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, өнiмдi бөлу бойынша үлес және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлемi жатады;

2) мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетiн басқа түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда), оның iшiнде мұнай келiсiмшарттарының талаптарын бұзғаны үшiн түсiмдер (жергiлiктi бюджеттерге есепке алынатын түсiмдердi қоспағанда);

3) республикалық меншiктегi және кен өндiру және өңдеушi салаларға жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн түсiмдер;

5) Ұлттық қорды басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер.

Iшкi нарықтағы ақша ұсынысы шамадан тыс болған жағдайда инфляцияның өсуiне жол бермеу үшiн, сондай-ақ табиғи ресурстарды экспорттаудан түсетiн кiрiстердiң Қазақстан экономикасының басқа секторларының дамуына керi әсерiн жою мақсатында Ұлттық қорда өзге де түсiмдер шоғырландырылуы мүмкiн. Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшерi шектелмейтiн болады. 

Қаражатты пайдаланудың келесi онжылдыққа арналған жаңа тәсiлiне сәйкес 2010 жылдан бастап абсолюттi мәнi 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерiндегi кепiлдендiрiлген трансферттi республикалық бюджетке тiркеу оның жаңалығы болып табылады.

Шығыстардың басқа түрлерiн қаржыландыруға, соның iшiнде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттiк, квазимемлекеттiк және жеке секторлар субъектiлерiнiң қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға, заңды және жеке тұлғаларға кредит беруге, мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде активтердi пайдалануға тыйым салынады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке берiлетiн жыл сайынғы тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi бюджет шығыстарының қалыптасқан құрылымы ескерiле отырып айқындалады.

Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферт жобаларды инвестициялауды көздейтiн ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады, олардың нәтижелерiн болашақ ұрпақ пайдаланатын болады.

Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшiн тиiстi қаржы жылының соңына ЖIӨ-нiң болжамды мәнiнiң 20%-ы мөлшерiнде азайтылмайтын қалдық белгiленедi.

Бұл ретте кепiлдендiрiлген трансферттi жүзеге асыру үшiн Ұлттық қордың қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда азайтылмайтын қалдық лимитiн сақтау қажеттiлiгiне байланысты кепiлдендiрiлген трансферттiң мөлшерi тиiстi шамаға азайтылатын болады.

Тұтас алғанда, Ұлттық қордың қаражаты тiркелген кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы тиiс. Ай сайын (тоқсан сайын) Ұлттық қордың шотында республикалық бюджетке берiлетiн айлық (тоқсандық) кепiлдендiрiлген трансферттi қамтамасыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетiлген шамадан асып кеткен сома рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялануы тиiс.  

 

 

1.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық инвестициялық қорының активтерiн басқару  

Қаржыны басқару – бұл қаржының шектеулі экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне және мұнын негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты, қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырулар мен санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады.

Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді.

Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары – Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

  • Республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;
  • Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;
  • Мемлекеттегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы –кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді;
  • Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды.
  • Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді.

Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді – Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады.

Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.

Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері – экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – Министрлер кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді.

Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындайды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджетке бюджеттік алымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезеңділігін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан туындап отырған жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан экономикасының дамуының нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару саласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр.

Қаржы министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салаларалық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • салықтардың, алымдардың, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін өзге де түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімде бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептемежәне аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;
  • өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
  • мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арртыру;
  • мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау және оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруін ақпараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетісті қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.

Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, кедендік бақылау комитеті, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, салық комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.