Ұлттық құқық пен Халықаралық құқығымен арақатынастары

 

        Кіріспе

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Қазіргі кезеңде жаһандық қауіпсіздік жүйесі күрделі дағдарысты басынан кешіріп отыр. Халықаралық қатынастарда Заң үстемдігі принципіне басты рөл берілудің орнына кейбір елдердің бұған мән бермеуі жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін фактордың біріне айналды.

Кейбір мемлекеттердің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге  басқа мемлекеттердің мүддесіне  зиянын тигізу арқылы әрекеттенуінің салдарынан ядролық сынаққа жаппай тыйым салу туралы шарт күшіне енбей  отыр. Ядролық қарудың бақылаусыз таралуы оның халықаралық лаңкестер қолына түсу қаупінің зор екендігін көрсетеді. Қазіргі заманның ең құбылысы – лаңкестіктің туындауына экономикалық және әлеуметтік артта қалушылық, кедейлік пен жоқшылық себеп болып отырғандығы анықталды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «...өзге елдер ядролық қару жасамасын, ол таратылмасын дей отырып ядролық державалардың өздері, әсіресе АҚШ, Ресей және басқа да ірі державалар ядролық арсеналды қысқартуда үлгі көрсетулері керек. Әлемде келісімге сәйкес біреулерге ядролық қаруға ие болуға, оны жетілдіруге рұқсат етілсе, екіншілерге талдап-әзірлеудің өзіне тыйым салынған. Дұрыс емес, теңдікке, әділдікке жатпайды»,[1] – деді.

Курстық жұмыстың зерттеудің пәні мен обьектісі. Қазіргі таңда қауіпсіздікті нығайту ісі әртүрлі діндер, мәдениеттер мен дәстүрлерді ұстанатын әлем халықтары арасындағы үн қатысу ынтымақтастыққа соншалықты тәуелді болып отыр. Сондықтан дүниежүзі халықтары арасындағы төзімділікті, дінаралық диалогты дамытуға орасан зор күш-жігер қажет екендігі 2005 жылғы 13-қырқүйектегі Біріккен Ұлттар Ұйымының мерейтойлық саммитінде атап өтілді.

 

 

 

 

 

1. Ұлттық құқық  пен Халықаралық құқығымен арақатынастары

1.1. Халықаралық  құқық пен ұлттық құқық арақатынастары.

 
Өзара әрекеттесу, өзара ықпал, сонымен  бiрге қазiргi ғаламдану процестерінiң  қарқынды ықпалы жағдайында халықаралық  және ұлттық құқықтың өкiлеттiктерi шеңберiнiң  шектелуi маңызды практикалық және теориялық мәні бар көп жоспарлы ғылыми проблема ретінде қалып отыр.[2] С.И.Ожеговтың орыс тiлінің сөздiгіне сәйкес «өзара байланыс», «өзара әрекеттесу» сөздері «екi құбылыстардың өзара байланысы», «қатынас» мағынасында қолданылады, мысалы, өзара әсер ету, өзара тәуелділік, өзара пайда сияқты. Сондықтан «арақатынас» термині аталған сөздікке сәйкес «бiр нәрселердің арасындағы өзара байланыс, қатынас» мағынасын білдіретін болғандықтан, халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы өзара әсер етуді, өзара тәуелдiлiкті және өзара тиiмдiлiкті сипаттайтын термин ретінде бiздiң жұмыста қолданылды.[4] Осы өзара байланыс, арақатынас жүйелiк сипатта болады, және жүйедегі негізгі фактор зат емес, олардың арасындағы байланыс екенін ғылым әлдеқашан дәлелдеп қойғаны белгілі. А.К.Гульдің пікірінше, халықаралық және мемлекетішілік құқықтың арақатынасы құқық нормаларының екі жүйесінің өзара байланысын, өзара тәуелділігін, өзара әсерін, сонымен бiрге «белгілі бір мемлекеттің ішкі құқығы нормаларының қазіргі заманғы жалпы демократиялық халықаралық құқық нормаларына сәйкестiгін немесе айырмашылығын» білдіреді. Бірақ бұл екі құқықтық жүйенің өзара ықпалының ұзақ дамуына қарасақ, оның әр кезеңде тең болмағанын, бір жүйенің екінші жүйеден басым болуға ұмтылған бәсекелестік болағаны көрінедi. Кеңес ғалымдары өздерінің социализмнің құқықтық жүйесіне арналған белгiлi еңбектерінде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік нормативтік ортақтығы олардың бір бірінен басымдығы туралы сұрақтың қойылуының орынсыздығын көрсетеді деп атап өтедi.[2]

Бiз бұл құқықтық сипаттағы емес, саяси сипаттағы  көзқарас және социализмнің құқықтық жүйесі жоғары немесе халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен  нормаларына сай келеді деген  ережені қорғаудан туындаған  деп санаймыз. Бұл шындыққа сай еместігін уақыт көрсетті, М.Т. Баймаханов өзінің «Противоречия в развитии правовой надстройки при социализме» атты еңбегінде қарама қайшылықтар социализмнің құқықтық жүйесінің өзінде ғана емес, оның басқа құқық жүйелерімен қатынасында да әрдайым болғанын жазады. Және бұл процесс идеология мен мемлекеттің өмір сүрген уақытына қарамастан қоғам мен құқықтың диалектикалық дамуына тән, сондықтан бiз халықаралық және ұлттық құқықтың нормаларының арақатынасындағы басымдықты анықтау туралы мәселе қоямыз.

Басымдық ұғымы («бір нәрсенің жоғары, артық болуы») саяси құқықтық тұрғыдан алсақ біздің пікірімізше үш негізгі мағынаға ие:

Басты, маңызды, негізгі бағыт (құқықтың дамуы, мемлекеттің саясаты, экономиканың қалыптасуы және т.б.);

Белгілі бір норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің пайда болу уақытына қарай алғашқылығы;

Құқықтық нормалардың иерархиясында олардың алатын орны, бір құқықтық норманың екіншісінен жоғарылығын анықтау, халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларының, халықаралық шарттардың ұлттық нормативтік құқықтық актілер иерархиясында алатын орны;

«Басымдық»  термині бiрiншi мағынада саяси, экономикалық зерттеулерде, құжаттарда, бағдарламаларда  пайдаланылады. Осылай, Қазақстан Республикасы жүздеген халықаралық ұйымдар және көптеген конвенциялардың мүшесі және қатысушысы болып табылады және 64 бірлестіктің алдында қаржы мiндеттемелерi бар. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы бойынша сарапшылық кеңес оларды басым және басым емес деп бөлдi. Жарналар да деңгейіне қарай төленеді. Жарна ең алдымен БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДДҰ, ХЕҰ, ЭЫҰ (экономикалық ынтымақтастық ұйымы), Азық-түлiк және ауылшаруашылық ұйымына, ЮНЕСКО-ға төленеді. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның бұл ұйымдарға мүшелiгi егемендiк пен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн күшейтуге мүмкiндiк туғызады және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды деп санайды. Бiрiншi мағынада бұл термин 2003 жылы біздің еліміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық саясатының ең маңызды аспектілерін қозғаған Парламенттің ратификациялық қызметін айқындау кезінде де қолданылған. Мысалы, 2003 жылы екiншi шақырылымның төртiншi сессиясының жұмысы барысында 46 халықаралық шарттар ратификацияланған. Олардың ішінде Каспийдің солтүстік бойынша түбінің шекарасын белгілеу туралы Ресей Федерациясымен келісім, Орта Азия аймағындағы көршілерімізбен шекараны делимитациялау туралы келісімдер бар.

Кез келген елдiң  дамуының басым бағыттарын саясаткерлер дамудың барлық кезеңдерінде ішкі мемлекеттік  даму мен халықаралық жағдайдың объективтік күйі мен мақсаттарын ескере отырып анықтайды. Осылай, жас посткеңестік мемлекеттер тәуелсiздiктiң алғашқы он жылдығында бұрын жоғалтқан мемлекеттiктi қалпына келтiру, егемендiктi күшейтуi мәселелерiне көңіл аударды. Мұны Испан Корольдігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Франсико П. де ля Парте нақты байқады: «Қазақстан - жас демократияның типтiк мысалы және осы жағдайда ел басшылары мемлекеттің өмір сүруі, аумақтық тұтастыққа, саяси құрылымдардың негізгі шеңберіне кепілдік беру, егемендiкті нығайту сияқты өз мемлекетi үшін басым бағыттарды анықтауы керек».

Қазақстанның  Республикасының Президентi Н.А.Назарбаев  жаңа мыңжылдықтың басында бiздiң  елдің жаңа басымдықтарын ұсынды: «Жаһандану заманының онжылдығы күн тәртібіне жаңа типтегі жаңа проблемаларды қойды. Біз ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтумен қатар жалпыәлемдік жүйенің өзара тәуелділігін күшейтуге ат салысуымыз қажет. Біз өзіміздің ұлттық экономикамыздың дамуына жағдай жасауымыз керек және бұл бізге көрші елдердің өркендеуіне бөгет болмауы тиіс, керісінше біз бір-бірімізге көмектесуіміз қажет. Біз өзіміздің қалыптасқан саяси институттарымызды нығайтып қана қоймай аумақтық ынтымақтастықты да бірге дамытуымыз керек. Біз Орта Азия, Кавказ және Ресей Федерациясын қамтитын ортақ экономикалық кеңістікке ие бола отырып аумақтық интеграцияны дамытқымыз келеді».

Халықаралық ұйымдар  да өзi үшiн басымдылықтарды (қызметінiң  ең маңызды бағыттарын) анықтайды. Мысалы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы  жұмысының басты басымдықтарының бiрi лаңкестікпен, экстремизммен, наркотизммен және ғасырдың басқа да жағымсыз көріністерімен күресу табылады. Экономикалық қатынастарда да басымдықтар анықталады: 2002 жылдың сәуiрiнде Манилада Азия Даму Банкiнің штаб-пәтерінде Орта Азиядағы экономикалық ынтымақтастық бойынша конференция өттi және оның жұмысына Қазақстанның делегациясы да ат салысты. Жұмыс нәтижесiнде ынтымақтастықтың неғұрлым басты салалары анықталды: көлiк, энергетика және сауда. Басымдылықтар нормативтiк құқықтық актілерде де анықталады. Мысалы, Қазақстан Республиканың Президентiнiң «Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың басымдықтары және аймақтық бағдарламалары туралы» Жарлығында үкiметке 1997-1998 жылдарда аумақтық жағдайларды ескере отырып, тауарлар өндiру мен қызмет көрсету түрлерi жөнiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдықтарын анықтау туралы тапсырма берілді.  

 

Осы терминнің  екінші мағынасын (норманың, құқықтық институттың, саланың, құқықтық жүйенің  пайда болу біріншілігін) төменде толық ашпақпыз.

Халықаралық құқық  пен ұлттық құқықтың арақатынасындағы басымдық үшінші мағынасында бір  құқық жүйесі нормасының екінші құқық  жүйесінің нормасынан заңдық күшінің  жоғарлылығын білдіреді. Әрине, бұл  жоғарылылық абсолюттi емес, ситуациялық сипатта болады. Салыстырмалы зерттеу сипатында болатын жұмысымызда бiз халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының ұлттық құқық нормаларының иерархиясына әсер ету деңгейі мен осы иерархиядағы олардың алатын орнын анықтауды міндеттеріміздің бірі етіп қойдық. Осы жерде адамзаттың даму процесінде бірде халықаралық құқық ұлттық құқықтан, енді бірде ұлттық құқық халықаралық құқықтан басым болғанын айта кетуіміз керек. Кеңес Одағы мен социалистік елдер лагері болған кезде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың бәсекелестігі анағұрлым теңескен болатын, кеңестік ғылыми доктрина олар өзара тең деген көзқарасты қатал ұстанды. Қазіргі постсоциалистік кезеңде халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзарақатынасы жаңа сатыға көтерілді және мұнда халықаралық құқық мемлекетаралық сала да, мемлекетішілік салада да ұлттық құқықтан басым.  
Жұмысымызда біз «басымдық» («приоритетность») және «басымдылық» («примат») терминдерінің екеуін де қолданамыз, бірақ алғашқы термин көбірек қолданылады. Себебі, бұл термин Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында қолданылған және халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара қатынасының заңдық мазмұнын неғұрлым дәл көрсетеді.  
Өз зерттеуімізде біз «мемлекетішілік құқық», «ішкі құқық» терминдерін емес, «ұлттық құқық» терминін қолданамыз. Мұны атақты өзбек ғалымы А.Х.Саидов дәл тұжырымдаған: «Құқық – бұл жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениет құбылысы, белгілі бір өркениеттің көрінісі. Құқық жалпы, ерекше, біртұтас бірлік элементтерді құрайды және бұл арада әрі абстрактілі, әрі нақты ұлттық табиғатқа ие».[1] Бұл ежелгі римнің «халықтар, ұлттар құқығы» және «халықтар, ұлттар арасындағы құқық»[1] деген мағыналарды беретін res gens және res inter gens терминдерінен де көрінеді. Н.Н.Деев өзінің еңбектерінің бірінде мемлекеттік-саяси және этникалық даму байланысының әдістемелік алғышарттарына сүйене отырып, Батыс Еуропаны мысалға ала халықтардың арасындағы байланысты қарайды. Ғалым тарихта «ұлт» ұғымы әр түрлі мазмұнда болғанын айтады. Ежелгі дүниеде natio ұғымы «ортақ шығу тек» деген мағынаны берген және gens – тайпа ұғымымен синоним ретінде қолданылған. Орта ғасырда ұлт деп ортақ тілі бар жергілікті қауымдастықтар атала бастады, ал Лютер заманында «ұлт» термині мемлекеттегі барлық сословиелердің қауымдастығын білдіретін болды. Кейін Ұлы Француз революциясы кезінде ұлт ұғымы саяси мағынада түсініле бастады, яғни, мемлекеттегі ортақ заңдарға бағынатын азаматтардың жиынтығын білдіре бастады. Қазір ұлтты этникалық мағынада да, саяси мағынада да түсіну кең таралған және олардың мазмұны мен арақатынасына қатысты ортақ пікір жоқ.[1]  
«Ұлттық құқық», «ұлттық құқықтық жүйе» терминдерін А.А.Рубанов қолданады.[9] Ғалым бұл терминдерді қолдануын зерттеу объектісін шектеумен, яғни, құқық жүйелерінің халықаралық аренада туындайтын барлық қатынастарын емес, әр түрлі елдердің құқықтары арасындағы қатынастарды ғана қарастыратындығымен түсіндіреді. «Ұлттық құқық» немесе «ішкі құқық» терминдерін латынамерикандық зерттеушілер де қолданады. Географиялық, экономикалық, мәдени және т.б. салада Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланыстағы (Қазақстан мен Ресей Федерациясының байланысы сияқты) елдердің ғылыми ойының тәуелділігі немесе дербестігінің көрсеткіші ретінде олардың пікірі бізді қызықтырады.

 

 

1.2. Халықаралық  лаңкестікке, экстремизмге және  есірткі саудасына және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес. Қазіргі заманның қауіпті қатерлері – халықаралық лаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностық қақтығыстар, қару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.

Егер ХХ ғасырдың бірінші жартысында лаңкестік құрылымдар әлемнің әртүрлі жерлерінде жеке-дара, бірікпеген қимыл жасаған болса  және олар көбінесе ұлт-азаттық қозғалысы  туының астында жүргізілген болса, бүгінде олардың көпшілігі ірі  ұлтаралық ұйымдарға біріккен. Қазіргі кездегі коммуникация құралдары, әлемдік шаруашылықтың жаһандасуы, бір елден екінші елге өтудің жеңілдігі, жаппай көші-қонның (көбінесе жасырын) көбеюі – осының бәрі ірі ұлтаралық лаңкестік ұйымдардың құрылуына алып келді. Іске басшылықта олар идеологиялық, діни, этникалық негіздерге сүйенді.

Лаңкестік қимылдардың  жиынтығы «халықаралық лаңкестік» деген  терминмен аталып, ХХІ ғасырдағы  адамзаттың негізгі проблемасына айнала бастады. Көптеген сарапшылардың көрсетуінше  бұл проблема – жаһандастырудың теріс жақтарының бірі.

Лаңкестіктің  негізгі себептері: әртүрлі елдердің экономикалық дамуының әркелкілігі, әлеуметтік жіктелудің өршуі, байлар мен кедейлер арасындағы қарама-қайшылықтың шиеленісуі (әлемдегі халықтың 20 пайызы дүниежүзілік табыстың 83 пайызына ие болып, ал қалған халықтың 80 пайызы әлемдік табыстың 17 пайызына ғана қанағат жасауға мәжбүр болып отыр), көптеген дамушы елдерде жұмыссыздықтың көбеюі, заңсыз көші-қон, ұлтаралық қақтығыстардың кең етек алуы, халықтардың өмір сүру салт-дәстүрлеріне батыстың үлгісін енгізу әрекеті тағы басқа фаеторлар нақты көрініс алуда.

2001 жылғы қыркүйектің  11-күні АҚШ-та террорлық актіден  3019 адам қаза тапты.

2001 жылдың соңында  терактіден АҚШ экономикасына  639 миллиард доллар шығын келіп, 2 миллион жұмыс орны қысқарған.

Вашингтондағы белгілі орталықтың 24 елде жүргізген  сауалнамасына қарағанда, сұрау  салынғандардың 18%-ы «Қыркүйектегі» оқиға Американың өзінің жүргізіп отырған  саясатының салдары деп жауап  берген болса, басқа елдердегі жауап  бергендердің де 53%-ы – қолдаған. Әлемнің басқа аймақтарында ол – 60-81%-ға жеткен.

Бұдан бұрын  да лаңкестік болды: 1992 жылғы 17 наурызда Буэнос-Айресте (Аргентина) Израиль  елшілігі қиратылып, 29 адам қаза тапты; сол жылы 26 тамызда Алжирдің аэропортында жарылыстан 12 адам қаза тапты;

1993жылы 26 ақпанда  Нью-Йоркте сауда орталығында  жасалған жарылыстан 6 адам қаза  тауып, мың адам жараланды;

1994 жылы 27 маусымда  Жапониядағы Мацумото қаласындағы  тұрғын үйде жасалған жарылыстан 7 адам қаза тапты;

1995 жылы 20 наурызда Токиода метродағы «Аум синрике» сектасының газ қондырғыларын жарудан 12 адам қаза тауып, 5 мың адам жараланды; сол жылы 19 мамырда Оклахома – Ситиде (АҚШ) болған жарылыстан 168 адам қаза тапты;

1996 жылы 31 қаңтарда  Коломбодағы (Шри-Ланка) жарылыстан 90 адам қаза тапты; сол жылғы 9 ақпанда Лондонда болған жарылыстан 2 адам қаза тауып, жүзден аса адам жараланды;

1997 жылы 25 ақпанда  Иерусалимдегі (Израиль) жарылыстан 26 адам қаза тапты; сол жылғы  25 маусымда Дахранда (Сауд Аравиясы) АҚШ әскери базасында жасалған жарылыстан 19 адам қаза тапты;

1998 жылы 14 ақпанда  Коимбатурдағы (Үндістан) жарылыстан 43 адам қаза тапты; сол жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен  Дар-Эс-Саламда (Танзания) болған  жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты. 

1999жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде 2 ірі жарылыстан 2 тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды.

Қазіргі кезеңде  лаңкестік адамзатқа төндіріп отырған  қаупінің аса көлемді болғанын дәлелдеу үшін төмендегі мәліметті келтіреміз.

1970 жылдан 1985 жылды қоса есептегенде, Еуропада 3 мыңға таяу лаңкестік актілер жасалды, Латын Америкасында – 1573, Таяу Шығыста – 1330, Солтүстік Америкада – 448.

Азияда 1993 жылдан бастап 1999жылға дейін 158 лаңкестік  акт жасалды, осы кезеңде Таяу Шығыста ол 374-ке жетті. Қатігездік лаңкестік кең етек алуда. Егер 70 жылдарда террорлық актінің 80%-ы меншікке қарсы жасалған болса, 90-шы жылдарда террорлық актінің 70%-ы адамдарға қарсы жасалды.

Халықаралық құқықжәне  барлық елдердің заңдары лаңкестердің қимылын, атап айтқанда адамдар ұрлау, өлтіру, ұшақтарды немесе көліктерді айдап әкету, адамдарды кепілдікте ұстау ақша талап ету, жарылыс пен өрттер жасауды, тағы басқаларды қоғамға және мемлекетке қауіпті деп жариялады.

Кейбір көзқарас бойынша, лаңкестік деген әскери қимыл ретінде саналып отыр.

Лаңкестіктің  басты мақсаты – адамдарды  түңілушілік жағдайға келтіру, «террор» деген сөз латынша – «страх»  деген мағынаға келеді. Этно-саяси  лаңкестіктің мақсаты – өзінің этникалық  топтарына арналған жеке мемлекет ұйымдастыру, олар өздерін «өз халқының азаттығы жолындағы күрескерлер» деп жариялауда. Оған мысал ретінде Испаниядағы «Отан және азаттық» деп аталатын бакс ұйымын атауға болады, олар 40 жылдан аса уақыт қимыл жасап отыр. Ирландия республикалық армиясы – тан еңбекшілер партиясы – Түркия аймағында өз мемлекетін құруды талап етіп, жария салды.

Діни лаңкестік  – географиялық, этникалық және әлеуметтік шекараны мойындамайды. 90-шы жылдарда барлық лаңкестік ұйымдардың жартысы діни негізде құрылды. Олардың  ірілері: «Әл-Каида», Ливанның шиит топтарын ұйымдастырған «Хез болла», «Хамас», «Әл-Джихад – аль-ислами» тағы басқалар...

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан  халықтары Ассамблеясының 8-ші сессиясында (2001 жыл) сөйлеген сөзінде ислам дінін  лаңкестіктен айыра білудің қажеттігін атап көрсетті. Американ Президенті Джордж Буш та 2001 11 қыркүйектегі оқиға кезінде лаңкестіктің ислам дініне еш қатысы жоқ екендігін мойындады.[2]

2001 жылдың қыркүйегінде  Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік  Кеңесі өзінің №1373 шешімімен  Кеңестің терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сай БҰҰ-на мүше елдер лаңкестік әрекеттердің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, терроршылар мен оларды қолдаушылардың қаржылық құралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Терроршыларға баспана беруден бас тартуға міндетті. Комитет осы талаптардың орындалуын бақылауға алады.

Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесінде былай деп атап көрсетілді: «Бір жыл бойы әлем мемлекеттері БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1373-ші қарарының және басқа да тиісті Қарарларының негізінде ылаңкестікке жан-жақты қарсы тұрудың екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын түбегейлі нығайтып, кеңейтті. Осынау ортақ серпінді күш-жігердің арқасында лаңкестікке қарсы күрес шын мәнінде жаһандық сипат алды. Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын бекіту рәсімін аяқтады, ШЫҰ-ның Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы туралы келісімге қол қойылды».

2002 жылғы 4 маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бірінші саммиті болып, онда Алматы актісі лаңкестікті аластау және өркениеттер арасындағы үн қатысуға жәрдемдесу туралы декларация қабылданды. Онда былай деп көрсетілді: «Біз қайда, қашан және кімнің жасағанына қарамастан, лаңкестіктің барлық түрлері мен көріністерін жазықсыз жандардың жандардың өмірі мен игілігіне алалаусыз кезелген тағылық қол сұғушылық пен қылмыстық әрекет ретінде бағалап, халықтардың бейбіт қатар өмір сүруіне қатер төндіретін әрекет ретінде айыптаймыз...

Лаңкестіктің  қатері оның есірткінің заңсыз айналысымен, жеңіл атыс қаруын астыртын сатумен  және оны кез-келген пошымда лаңкестік  берумен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратистік ұйымдармен лаңкестік қызметті қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністерімен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түседі».

Жаһандасу –  замана талабы. Дегенмен қазіргі кезеңде  оның жемістері халықтар арасында тең бөлініп отырған жоқ. Президент Н. Назарбаев бұл туралы өзінің «Сындарлы 10 жыл» атты кітабында былай деп жазды: «Дамыған елдердегі халықтың 20%-ы өзінің жоғары тұрмыс деңгейін қалпында ұстау үшін әлемдік ресурстардың 80%-на дейін пайдаланатынын қашанғы айта береміз... Өздерін қайыршыланғандар қатарында санап, жағдайда түзетудің ешқандай жолын таппағандар не істеуікерек? Олар ешқашан жөнге келмейді. Өздерінін лаңкестері үшін олар ақшаны қайдан алады? Қару-жарақ, есірткі сатудан, бір сөзбен айтқанда, қылмыстық әрекеттен. Сондықтан да, меніңше, қатер «белбеуі» туралы емес, осы заманғы өркениеттің іргелі келеңсіздіктеріне барып тірелетін қатер «спиралі» туралы айтқан жөн секілді. Мемлекетаралық, ұлтаралық қатынастарда күштілер өз үстемдігін жүргізе берсе, жапа шеккен қауымдастықтың өшігетіні де белгілі».

2003 жылдың ақпанында  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сыртқы  істер министрлері жөніндегі  мәжіліс қорытындысы бойынша  арнайы Декларация қабылдады.  Онда лаңкестік іс-қимылдар, әсіресе,  бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталған жағдайда ерекше анықталатыны, сондай-ақ лаңкестіктердің ядролық, биологиялық және басқа қауіпті материалдарға қол жеткізу қатерінің артып келе жатқандығы, оған қарсы күрес шаралары аталды.

Шанхай Ынтымақтастық  Ұйымы 2002 жылғы 18 сәуірде «Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы» Шанхай конвенциясын жариялады. Сол жылдың 22-23 мамырында Астана қаласында «Бішкек тобының» мүшелері арнайы қызметтері басшыларының кезекті отырысы болды. ТМД елдерінің Лаңкестікке қарсы күрес орталығы құрылды. [4]

Қазақстан Республикасында 1999 жылы «Лаңкестікке қарсы күрес  туралы» Заң, « Лаңкестік пен  экстремизм көріністерінің алдын алу  және тыю жөніндегі шаралар туралы»  Президент жарлығы жарияланды. Қазақстан  лаңкестікке қарсы бірлесіп әрекет ету мақсатында 12 мемлекетпен келісім жасасты.

Экстремизм (французша  «крайний») өте қатал қимылдарға сүйенеді. Соңғы онжылдықтағы оның ерекшелігі – діни экстремизмді саяси  экстремизмнен бөліп алудың қиын екендігі. Діни фундаментализмнің негізі тек қана исламмен байланысты деген кейбір саясатшылардың көзқарасы қате. Діни экстремизм тобына АҚШ-тағы ультра оңшыл христиандарды қосуға болады, олар антисемитизм мен расизмді өршітуде. Ирландия республикалық армиясы құрамындағы католиктік экстремистердің қызметін жоғарыда айтып өттік, Израилдегі иудей фундаментализмін едәуір саяси партиялар мен экстремистік ұйымдар қолдап отыр. [4]

«Хиз-бут-Тахрир-аль-Ислами» («Ислам азат ету») діни партиясы 1953жылы «Мұсылман бауырлар» («Братья мусульмане») ұйымының Палестинадағы бөлімінде құрылған болатын. Оның негізін салушы Иерусалим судьясы Такиуддин ан-Набхади болды, ал ол 1977 жылы кайтыс болғаннан кейін партия басшысы болып палестиналық Абдул Кадим Заллум келді. Жарты ғасырдан аса қызметінде бұл партияның Египетте, Иранда, Иракта, Алжирде, Суданда, Иеменде, Пәкістанда, Ауғанстанда, Еуропада, Солтүстік Америкада көптеген бөлімшелері қалыптасты. Олар өздерінің стратегиялық міндеті етіп мұсылман әлемінде біріккен діни мемлекет құруды қажет деп санайды. Қазіргі кезде «Хиз-бут-Тахрир» Азияда американдық әскери күштердің күшеюіне қарсылық білдіруде.

80-шы жылдардың  ортасында тахрирліктердің әдебиеттері  Өзбекстанда пайда бола бастады.  Әсіресе 1992 жылдан бастап мұнда  аталған партияның жасырын бастауыш  ұйымдары құрылып, ол кейіннен  күрделі саяси күшке айналды.

2001 жылғы қазан  айында Қазақстанның оңтүстігіндегі  қалаларында (Кентау, Түркістан)  «Хиз-бут-Тахрир» атынан үндеу  хаттар таратылды, сол жылы  қараша айында Алматыда аталған  ұйымының 3 мүшесі ұсталды. «Тахрир»  басшыларының көрсетуінше, олардың ұйымы Орталық Азия аймағындағы елдердегі мемлекеттік құрылысты күшпен құлатуды мақсат етпейді, партия қызметі тек қана бейбіт жолмен жүргізіледі, әдебиеттердің бұқара арасында кең тарауына күш жұмсап, насихат пен үгітке ерекше маңыз беріледі деп жариялап отыр.

Дегенмен, іс жүзінде  олай емес. Аталған партия мүшелері тарапынан 2001 жылдың қазан-қараша айларында  және 2002 жылдың сәуіррінде антиамерикалық және антисемиттік мазмұндағы парақшалар тарату фактілері болды. Осы шаралар  кезінде аталған ұйымның төрт мүшесі заңға қайшы әрекеттері үстінде ұсталды. Олардан қару-жарақ, жарылғыш құрылғылар мен антиконституциялық мазмұндағы парақшалар тәркіленді.

2005 жылы қаңтар  айының аяғында Алматыда 40 халықаралық  ұйым басшыларының қатысуымен  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Президент Н. Назарбаев  Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІХ-сессиясында (қараша 2002ж.) былай деді: «Фундаментализм – ислам дінінің  ғана маңдайына жазылған сипат емес. ХХ ғасырдың басында бұл ұғым Америка Құрама Штаттарындағы кейбір христиандық, буддалық, иудалық бағыттағы сан түрлі діни топтардың теологиялық және іс жүзіндегі қимыл-әрекетіне қатысты қолданылған.

Тек исламда  ғана емес, басқа діндерде де фундаментализмнің  ұстанымдары мен қағидаларының негізінде саяси партиялар мен қозғалыстардың тұжырымдамалары мен доктриналары өріле бастады. Оларды кейбір экстремистік саяси күштер, сондай-ақ лаңкестер кез-келген діннің шынайы канондарына ешқандай қатысы жоқ қылмыстарын бүркемелеу үшін ту ретінде жалаулатып ұстайды».[2]

Араб тілінде  фундаментализм ұғымы «қайта өрлеу», «ояну», «жандану» мағынасын білдіреді. Бүгінгі АҚШ-та протестант фундаментализмі  терең тамыр жайған. Иудей фундаментализмі  де бүгін үлкен қауіптің ошағы. Израильде  лаңкестік әрекеттерге бейім бірнеше саяси партиялар бар. Белгілі америкалық раввин, «Ках» ұйымының негізін салушы Меер Кахане Аль-Асксу мешітін жаруға әрекет жасағаны үшін сотталған. Бұл ұйымның мүшелері Иерусалим қаласында Аль-Ибраһим мешітінде намаз оқып отырған ондаған мұсылмандарды атап өлтірген. 1995 жылы еврей экстремисі премьер Ицхак Рабинді өлтірді. [3]

Қазақстан Республикасы Конституциясында: «Республиканың конституциялық құрылысын күшпен өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зорбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді», – деп көрсетілген.

Әлемде солшыл экстремистер капиталистік құрылыстың негізіне қарсы күресуді мақсат етіп қойып, азаматтар капиталистік қанаудың құрбанына айналып отыр дегенді дәлелдеуге тырысуда. Олардың қатарына Италиядағы «Қызыл бригадаларды» жатқызуға болады. Соңғы кезде бұл ұйымның қызметі тоқтатылды.

Оңшыл экстремистерге Батыс Еуропадағы неонацистік топтарды қосуға болады, олардың мақсаты – демократиялық үкіметтерді құлатып, фашистік мемлекеттер құру, идеологиясы нәсілдік жеккөрушілікке және антисемитизмге негізделген. Сондықтан да неонацистер ұйымдаспаған топтардың ғана жиынтығы.

Әлемде есірткі  саудасы адамзатқа аса зор  қауіп төндірді. БҰҰ мәліметі бойынша  қазіргі кезде (2002ж.) бүкіл әлемде нашақорлар саны 200 миллион адамға жеткен (тек тіркелгендері ғана). Есірткі  саудасымен айналысушылар жылына 500 миллиард доллар пайда тауып отыр, мақта өсіру бидай өсіруден 30 есе пайдалы екендігі анықталды. Әлемдік есірткі саудасы әлемдік көлемде сататын темір, болат, автомобильді қоса есептегендегіден жоғары тұр. [4]

1.3. Жаппай қырып-жоятын қару-жарақ қаупі. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема – әлемде қауіпсіздікті сақтау болып табылады.

2002 жылғы маусым айында Азияда өткен өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестік бірінші саммитінде қабылданған Алматы Актісінде былай деп көрсетілді: «Ядролық қару-жарақтың, нақ сондай, химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару-жарақты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдауға уағда береді».[2]

   1945 жылғы 16 шілдеде АҚШ-тың Нью-Мексико штатында ядролық қаруға сынақ жасалды, 1949 жылғы 29 тамызда Кеңес Одағы, 1960 жылы Сахарада Франция, 1964 жылы Қытай ядролық қаруларға сынақ жасады.

   Президент  Назарбаев: «Бұл жолда жасалған жарылыстар саны жағынан, біз тегінде ғаламдық және аймақтық, шектеулі және жаппай жүздеген ядролық соғыстан өткен болуымыз керек. Өйткені Өлілер алқабындағы алғашқы американ бомбасын сынаудан бастап, осы кезге дейін Жер планетасы 2053 ядролық жарылысқа төтеп беріпті.

  Бұл арада  рекорд американдықтар еншісінде.  Невада полигонында, Бикини атолында, Аляскада (3 жарылыс), Нью-Мексикада  (3 жарылыс), Миссисипиде (2 жаралыс)  және Колорадода (2 жарылыс) осы  кезеңде 1030 атом және сутегі бомбалары жарылды. Кеңес Одағында Семей полигонында, Жаңа Жер аралында, Украинада (2 жарылыс), Өзбекстанда (2 жарылыс) және Түрікменстанда (1 жарылыс) – 716 жарылыс жасалды. Француз Алжирінде, Муруроа, Фангатауфа атолдарында, Рождество аралында (30 жарылыс) және Полинезияның басқа аралдарында – 210 жарылыс. Лобнор көлі маңындағы полигонда – 45 жарылыс. Ақыр аяғында Ұлыбритания Канберрамен, Вашингтонмен келісе отырып, Австралия аумағында 12 және Невадада 44 ядролық және термоядролық жарылыс жасады.