Ұлы географиялық ашылулар кезеңдері
Кіріспе
XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында бұрынғысынша феодалдық құрылыс үстем болды. Алайда Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік кәсіпорындар пайда бола бастады. Ұлы географиялық ашулар капиталистік өнеркәсіптің дамуына маңызды түрткі болды.
Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.
Ұлы географиялық ашулар
I Ұлы географиялық ашылулар бастамасы
2.1 Ұлы географиялық ашылымдардың себептері
Ұлы географиялық ашылымдар
– феодалдық қоғамның өндіргіш
күштерінің дамыуының феодалдық
өндірістік қатынастар
Товар - ақша қатынастарының ұдайы өсе беруіне байланысты ақша орасан зор маңызға ие болды. Ақша мейлінше арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандырудың бірден - бір құралына және байлықтың ең басты түріне айнала бастады.(1- 29бет)
Алтынға құнығушылық металл ақшаның санын барынша көбірек талап еткен сауданың өріс алуына байланысты мейлінше күшейе түсті. Оның үстіне ақшаның көбі Европадан тысқары жерлерге шығыстан әкелінетін товарларға кетіп жатты. Оларды әкелу үнемі ұлғая берді. Осының нәтижесінде асыл металдың жетіспеушілігі күн санап күштірек сезіле бастады. Европада алтынға деген мұқтаждықты қанағаттандырарлық мүмкіншілік болмады. Бірақ оның есесіне европалықтардың ұғымы бойынша , Европадан сыртқы жерлерде байлықтың сарқылмайтын қайнар көзі жатқандай болып көрінді.
Европалықтар дүниеде ең бай ел Африка деп санады, өйткені Жерорта теңізінің жағалауындағы қалалар арқылы күпецтер Сенегал мен Нигерияның алабында өндірілетін алтынды Европаға әкеліп жатқан-ды. Мұнда , Сенегал мен Малидің , Жоғары Вольта мен Нигерияның территорияларында XVII - ғасырдан XV - ғасырға дейін бірнеше бай мемлекеттер : ғана, Мали және Сонгали құрылды. Осы елдердің бай қалалары, әсіресе Нигеридегі ислам мәдениетінің ең ірі орталығы Тимбуктың – Сахара арқылы Жерорта теңізімен қызу сауда - саттық жұмыстарын жүргізді және мұнда алтын құмның саудасы үлкен орын алды. Купецтердің әңгімелеріне қарағанда, Африкадағы алтын қорлары ғажайып көлемде болды.
Қытай, Индия, Индонезия таңғажайып бай елдер саналып, көбінесе «Индиялар » деп аталды. Бұл атаулар көптеген жағдайларда теңіздердің ар жағында жатқан сыры белгісіз елдерге арналып айтылды да, Европаның одан жібек және басқа заттар алып отыратын нақты Индияға оншалықты қатысы болмады. Осындай алып қашты жорамалдар XV- XVI ғасырлардағы ұлы географиялық ашылымдарға әжептеуір себепші болды. Өйткені бұл лақаптар теңіз жихангездерін болуы мүмкін немесе шынында да дүниеде бар елдерге қайткенде де кетуге ұмтылдырды.
Африканың алтынын іздеп табуға XV - ғасырда португальдық теңізшілер аттанды. Олардың пайымдауынша Африканың алтыны Атлантика мұхитына келіп құятын үлкен өзендердің қайырларынан атап айтқанда , солардың Боходор мүйісінің маңындағы сағаларының бірінен табылып , өндірілуге тиісті болды. Сондықтан Алтынды Өзенге, теңізбен Африканың батыс жақ жағалауын бойлай отырып жетуге толық мүмкін сияқты болып көрінді.
XIV- XV ғасырларда Португалияда сауда мен кеме қатынастары жақсы дамыды. Бұған португальдықтардың , арабтың бай және епті купецтерімен XII - ғасырда-ақ басталған қарым - қатынастары көмектесті. Португальдықтар арабтардың математикасымен, географиясымен және картографиясымен танысты. Мұның өзі келешектегі теңіз кәсіпшілігі үшін маңызды еді. Олар теңіз қатынастарына қажет кемелерді – итальяндық Жерорта теңіздік кемелерге қарағанда , желге қарсы жүзуге қабілетті және аса жүрдек, толқында жеңіл және ыңғайлы каравеллалар жасап шығарды.
Португалияның жүргізген сауда жұмыстарына Португалияға Италиядан, ең алдымен Генуядан қоныс аударған көптеген купецтермен теңізшілер белсене қатысты. Өйткені XV - ғасырда түріктердің жаулап алына байланысты Генуя купецтеріне шығыспен сауданы Александрия арқылы Жерорта теңізімен жүргізуге тура келді. Бұл жерде барлық Шығыс Жерорта теңізіндегідей венецияндықтар үстемдік жағдайда болды. Сауда - саттық пен теңіз қатынастарының қысқартылуы генуялық купецтер мен теңізшілерді бақытты басқа жақтан іздеуге мәжбүр етті. Колумбпен Каботтоның Генуядан шыққандықтарын, айта кеткен жөн.
Португалияға, сондай- ақ Испанияға теңіздің арғы жағындағы жерлерді іздестіріп , басып алға түрткі салған себептер ішкі жағдайларға байланысты болды. Бұл елдердегі реконистік жаугершіліктің заманы бітті. Тегін олжалар мен әскери авантюраны аңсаған соғысқұмар және кедей дворяндардың басым бөлігінің айналысар ісі болмай қалды. Ал Африканы алар болсақ , осынау бай әрі беймағлұм өлкеге арнайы экспедициялар соғыс қимылдарын жүргізу үшін ұйымдастырылып отырды. Өйткені маврлар Африканың солтүстік - батыс жағалауынан Испания мен Португалияның кемелеріне , ал кейде тіпті Пиреней түбегінің жағалауындағы қалаларға тонаушылық шабуыл жасауларын тоқтатпады.
1415 жылы португальдықтар Солтүстік африкалық жағалаудағы сауда - саттықтың ең маңызды пункті Сеутіні басып алды. Бұл жолмен, атап айтқанда, Жерорта теңізіне алтын тасылатын еді. Сеутіге ие болу Португалияның отарлық экспансиясының бастамасы болып табылды. Португалияның купецтері мен басқа елдерден келген эмигрант - купецтер теңіздің арғы жағындағы алтын шығатын шерлерді іздеп табу мақсатымен теңіз экспедицияларын жабдықтап шығаруға кірісті. Бұл іске өзінің бас пайдасын көздеген Португалия королінің інісі, XIX - ғасырдың тарихшылары «Теңіз саяхатшысы» деп атап кеткен, принц Генрих, үлкен қамқоршылық жасады.(2-18б)
Сауда компаниялары Генрихтың көмегімен жаңадан ашылған аймақтарда сауда монополияларына ие болып, лезде-ақ олжаға батып байыды. Ең пайдалы сауда жергілікті халықты талан таражға салып, құл саудасын жүргізу болды. Міне , осылар португалдықтардың әуел бастан - ақ Индияға апаратын теңіз жолын іздеп табуды көздегені жайында ешбір дерек жоқ. Мұндай мақсатты олар тек 1460 жылдар шамасында , яғни Гвинея шығанағына кіріп , Африкандық жағалау шығысқа қарай кілт бұрылғаннан кейін ғана қоюы мүмкін.
Гвинея шығанағынан оңтүстікке қарай , Оңтүстік Африканың батыс жағалауымен ілгері жылжи беруге , арыны қатты қарсы ағыстар кедергі жасады. Бұл ағыстарға жоламау үшін теңіз саяхатшысы Бартоломей Диас 1486 жылы Козерог тропигіне жетті де , жағалаудан қашықтап , тура оңтүстікке қарай ашық теңізге шығып кетті , сөйтіп мүлде орағытып барып Африканың оңтүстік шетінен бір - ақ шықты. Жағалаудың одан әрі қарай солтүстік – шығыс бағдары бар екендігіне және өзінің шынында да материкті айналып шыққандығына көзі жеткеннен соң , Диас қайтар жолында Добрая надежда мүйісін айналып өтті және бұл мүйіске өзі нақ осындай ат қойды. Сөйтіп , ол 1487 жылы декабрьде , 16 ай бойы жүзіп жүргеннен кейін Лиссабонға қайтып оралды. Добрая Надежда мүйісінен Мадагаскарға шейін жүзіп , осылайша Индияға жететін жолдың бір бөлігінен өту мәселесі 1498 жылы ғана шешілді.
2.2 Х.Колумбтың Американы ашуы
Африканың батыс жағалауының өн бойымен ілгері қарай жылжумен қатар , сірә, итальяндық теңізшілердің қатысуымен болса керек , португальдықтардың оңтүстік – батыс және батыста ашық мұхитқа шығып алысқа жүзулері басталды. XV ғасырдың 20-жылдарында португальдықтар Мадейра аралдарына , 30- жылдардың басында – Азорларға барып орналасты. Ал 1456 жылы Жасыл Мүйіс аралдарына шейін жетті.
1492 жылы Христофор Колумб Атлантика мұхитын жүзіп өтіп , Батыстық жарты шарды ашты. Колумбтың өмірбаянының көптеген фактілерін , сондай – ақ оның географиялық ұғымдарының сан алуан қырларын түгелдей және дұрыс анықталды деп санауға болмайды. Қазірде Колумбтың – итальяндық екендігі және 1451 жылы Генуя маңында бір тоқымашының семьясында туғандығы баршаға мәлім болып отыр. Оның жүйелі білімі де болған жоқ. 1474- 1475 жылдары Шығыс Жерорта теңізіне кемемен сапар шекті. 1476 жылдың шамасында, сірә генуялық сауда үйлерінің бірінің агенті ретінде болса керек, Португалияға келеді , ал келесі жылы Англияға барады. 1479 – 1481 жылдары Мадейрада және оған көршілес Порту – Санту аралында тұрады. Осы жерде ол бір теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесінен көптеген теңіз карталары мен күнделіктер және түрліше жазбаларқалған екен.
1483 жылы үлкен теңіз
Колумбтың кітапханасындағы кітаптардың құрамына және оларға соққан белгілеріне қарағанда , оның Марко Полоның “ Сапарлар ” деген шығармасын оқығаны , сонымен қатар жердің шар тәрізді екендігі туралы ғылыми болжамды жақтаушы француз эпископы Пьер д , Алидің “ Әлемнің айнасы ” атты трактатын ерекше зейін қоя зерттегендігі байқалады. Бұл трактат Антика заманы авторларының , сондай – ақ орта ғасырлық авторлардың географиялық және космографиялық білімдер жөніндегі еңбектерінің жмнағы болып табылады. Тарихшылардың пайымдауынша , Колумб теңізден батысқа қарай жүзіп барып , сол кезде “ Индия ” деп аталынған Азияға жетуді ойлаған болса керек. Бұл ойды өзімен хат – хабар жазысып тұрған сол кездегі атақты итальяндық космограф Тосканелли айтқан болу керек. (Кейбір тарихшылар хат жазысуын Колумбтың Тосканеллимен жалған деп те санайды). Ал космографтар мен географтардың еңбектерін оқып зерттеген Колумб “ батыс жолы ” мәселесін өз бетінше – ақ ойластыруы мүмкін.
1492 жылы 3 августа үш кемеден құралған эскадра Испания порты Палосадан Канар аралдарына қарай бет алды , 10 сентябрьде одан әрі қарай сапар шекті. Кемелер суда жүзу сапасының жоғарылығымен және техникалық жағынан жақсы жабдықталуымен ерекшеленді. Колумб өзінің тамаша теңізші екендігін көрсетті , ол португальдықтар жеткілікті зерттеген Атлантиканың желдері мен теңіз ағыстарының жағдайларында жүзудің әдістерін асқан шеберлікпен пайдаланды. 12 октябрьде Колумб Багам аралдарының тобындағы бір кішкентай аралға келіп , зәкір тастады. Бұл жерді ол Сан – Сальводор деп атады.
Батыстық жарты шар жерлеріне баратын жол ашылды. Мұның нәтижелері әрі ашылған жерлер үшін де , әрі Европа үшін де орасан зор болды. Колумб жүзуінің ұлы тарихи маңызы да осында еді.
Осы алғашқы саяхаты кезінде Колумб Антиль архипелагының бірқатар аралдарын , Кубаның сол жағалауларын өзі Эспаньола (Кішкентай Испания) атаған Гаити аралын ашты. Осы жерге Навидад (Рождество) фортын салып , оған өзінің 39 теңізшісін қоныстандырды. Бұл Европалықтардың Батыс жарты шарындағы ең тұңғыш отары еді. Бірақ көп ұзамай - ақ , испандықтардың зорлығына ызаланған үндістер форттың тас – талқанын шығарып бұзып, қоныстанушыларды қырып тастады. Алайда испандықтар бұдан қаймыға қойған жоқ. 1496 жылы Эспаньоланың оңтүстік жағалауына Сан – Доминго қаласының негізін қаланды.
Колумб жергілікті адамдардан алтын жөнінде сұрастырды. Ол өзінің нені ашқанын және қандай жерде тұрғандығын жете ұғынып біле алмады және білуге де болмайтын еді. Оның жүргізген күнделігіне қарағанда , Азияны шығыстан айналдыра көмкеріп тұрған аралдарының бірінде тұрмын – ау деген ойда болған және солардың арасынан континентке қарай өтетін жолды құр бекер іздеген.
1493 жылы 4-январьда Колумб кері қайтты. Испания оны зор құрметпен қарсы алды. Оның сол жылдың сентябрінде екінші экспедицияны ұйымдастыруына үлкен қаржы бөлінді . Екінші саяхатында Колумб Кіші Антиль аралдарын ашты. Кубаның оңтүстік жағалауының бір бөлігін бойлай жүзіп бара жатып, Колумб оны Азияның оңтүстік жағалауы екен деп ойлап тағы қателесті. 1495 жылы ол Испанияға қайтып келді. Колумб бұл жолғы саяхатында да Америка континентін тауып аша ала алмады. Оны европалықтар екі жылдан соң – 1497 жылы ашқан - ды. Осы жылдың майында Бристоль (Англия) қаласынан Англияда тұрып қалған генуялық, онда Джон Кабота деген атпен мәлім болған, Джованни Каботто теңіз сапарына шықты. Июньнің аяқ кезінде ол бір белгісіз жердің жағалауына келіп жетті, сірә бұл Лабрадор болса керек. Бірақ бұл жерді ол Азияның бір бөлігі екен деп санады. Тек, 1498 жылы өзінің үшінші саяхаты кезінде Колумб тұңғыш рет Оңтүстік Америкалық континентке, Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті, бірақ өзеннің жағалауына шықпады. Орасан мол тұщы суды көрісімен - ақ, ол тағы бір беймәлім жаңа материкті аштым ба екен деген ойға келді. Бірақ Колумб өзінің король мен королеваға жазған хат есебінде бұл ойын айтуға батпады.
Осы екі арада португальдықтар Индияға баратын теңіз жолын тауып, онан түрлі жеміс және басқа да асыл товарлар алып келді. Колумбтың 1502 жылғы төртінші теңіз саяхаты Васко до Гаманың экспедициясына тікелей жауап ретінде жасалды. Куба аралынан оңтүстік - батысқа қарай бет алған Колумб бұрынғысынша, Азияның Шығыс жағалауына жеттім деп санап, Индияның жағалауына өтетін бғғазды талмастан іздеді. Бірақ бұл іздеулер ешбір нәтиже бермеді.
Колумбтың жасаған теңіз саяхаттары мен жаңа жер ашуларына жалпы алғанда Испания үкіметінің көңілі толмады. Жұмсалған орасан зор қаржы тектен - тек кеткендей болып көрінді. Теңіздердің ар жағындағы жаңадан ашылған жерлерден алтын да, күміс те , жеміс те Испанияға қарай ағылмады. Бұл байлықтар кейіннен, Колумб дүние салған соң (ол 1506 жылы қайтыс болды) барып келе бастады. Өмірінің аяқ кезінде Колумб өзінің проволары үшін және мұның ісіне көңілі толмаған Испандық үкіметтің о баста беріп қалған ерекше жеңілдіктерінен айырылмау үшін айтыс - тартыспен көп бейнет шекті.(3-122 б.)
Колумб жаңа жерлерді ашқаннан соң
испандықтар
Испандықтардың батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға баратын теңіз жолдарын іздестіру қамына қайтадан кірісуіне түрткі болды. 1497 жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына король Васко до Гаманы қойды (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 июльде Лиссабонннан шағын - шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты. Экспедицияның қолына сол кездерге сәйкес ең жетілдірілген карталар мен навигациялық аспаптар берілді. Васко до Гама Жыл мүйіс аралдарына жетісімен жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына жоламау үшін, батыс жаққа қарай ойыса отырып, оңтүстікке бет алды. Сөйтіп, ол Бразилияға едәуір жақын жерден өтіп кетті.
Васко да Гаманың кемелері Лиссабоннан шыққаннан кейін бес ай өткеннен соң ғана Диастың Африка жағалауына орнатқан ең соңғы белгісіне келіп жетті (1497 жылғы 16 декабрь). Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем бейтаныс жол тап болды. 1498 жылы 1 мартта португальдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өз ара жауласушы шейхтардың қол астындағы араб қоныстары басталды. Малинди қаласында Васко да гама өз қол астына лоцмандыққа сол кездегі ең тәжірбиелі араб теңізшілерінің бірі Ахмед Ибн-Маджидті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар дәл және толық суреттерін (Лоции деп аталатын) өлең түрінде баяндап берді. Әрі теориялық білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірбиесі жағынан Ибн - Маджид тіпті португальдықтар тәрізді европалық тамаша теңізшілерден де асып түсетін-ді. Бір жарым айдан соң (1498 жылғы 20 май) Ибн - Маджид кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут қаласына жеткізді. Теңізбен Индияға сапар шегу он айдан астам уақыт алды. Васко да Гама жергілікті Раджімен тіл табысып, келісім жасады. Бір жылдан соң, 1499 жылдың июлінде екі кемесінен және эскадра командасының жартысынан астамынан айырылған Васко да Гама түрлі жеміс тағамдарды артып Лиссабонға қайтып келді.(4-46 б. )
Васко да Гаманың саяхатынан туған әсер ғажап болды. Адам шығыны мен көптеген қиыншылықтарға қарамастан ақыры, ертегідегідей бай елдерге теңіз жолы табылды. Португальдықтар енді жыл сайын үлкен эскадралар жасақтады, оның құрамы кейде 20 кемеге дейін жетті, олар артиллериямен қаруландырылды, көптеген экипажы мен солдат отрядтары болды. Қару-жарақтың басымдылығының арқасында португальдықтар Үнді мұхитынан арабтардың купецтерін ығыстырып шығарып теңіз саудасын өз қолдарына алды. Олар өздеріне тап болған барлық кемелерді, мейлі ол арабтардікі болсын, мейлі Индияныкі болсын әйтеуір оларды тонап командаларын айуандықпен қырып тастап отырды.
Бұл жөнінде
ерекше қатігездік көрсеткен,
әуелі экскадраның бастығы,
Португальдықтар Индияның өз ішінде кең көлемді территорияларды басып алмағанымен көбінесе жағалаудағы тіректі пункттерге ие болуға тырысты. Альбукерке, Малабар жағалауындағы Гао қаласын басып алғаннан соң ондағы халықты түгел қырып тастап қаланы Португалияның Индиядағы билігінің ең басты тірегіне айналдырды. Жауласушы раджалардың қарсылығы да күйреді. Португальдықтар әдетте жергілікті князьсымақтардан әр түрлі сауда - саттық жеңілдіктерін немесе әр түрлі алым – салықтар мен оброктар жинау правосын күштеп алу арқылы жергілікті халықты мейірімсіз қанады. Сонымен қатар князьсымақтар аса арзан бағамен бұрыш, қалампыр, дәмқабық, имбирь, жұпар жаңғағы, шайыр және басқа товарларды жеткізіп тұруға міндетті болды. Бұл бағалар Лиссабоннның рыногындағы бағаларға қарағанда 200-250 есе төмен болды. Тіпті “ерікті” рыноктан стып алынған товарлардың өзі, мысалы бұрыш 700-800 процент пайда келтірді. Товарларды шет елдерге шығару қатаң шектелді. Жылына 5-6 кеме татымды жеміс қана шығарылды.(5 –142 б.)
Индиямен сауда жүргізу Португалия королінің монополиясына айналды және зор пайда келтіріп отырды. Индияға берік бекініп алғаннан кейін португальдықтар енді шығысқа қарай жылжыды, өйткені Малабар жағалауындағы қалалар Зонд және Молукк аралдарынан татымды жеміс жеткізілетін транзитті сауданың пункттері ғана болды, бұлардың ең басты рыногы Малакка порты еді. 1511 жылы португальдықтар Малакканы басып алды, он жылдан кейін Малукка аралдарында португальдық факториялар да пайда болды.
Португальдықтардың
Индияға шыққан португальдық екінші экспедицияның бастығы Хуан Кабраль өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп, Бразилияның жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған саяхаттарын білмеген ол бұл жерді арал деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера Крус) жері деп атады және Португалия королінің иелігі деп жариялады. 1501 жылдың майында португальдықтар бұл аралды зерттеу мқсатында үш кемені жабдықтап жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго Веспуччи осы эскадраның астрономы ретінде сапарға шықты. Олар күткен аралдың орнына эскадра Оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ оңтүстікке созылып жатқан бір жағалауға тап болды. Америго Веспуччи өзінің досы Лоренцо Медучиге жазған хатында осы саяхатын қызыға суреттей келіп,”ежелгілерге мүлдем мәлімсіз” бұл континентті Жаңа Дүние деп атауды ұсынды. Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің хаттарын басып шығарарда өзінің “Космографияға кіріспе” атты еңбегінде бұл жаңа континентті Америгоның есіміменен “Америка”деп атауды ұсынды. Сөйтіп, “Америка” деген атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ бөлігіне байланысты аталды.
Жаңадан ашылған материкті оңтүстіктен айналып шығып, Молукк аралдарына шейін жүзіп жетудің мүмкіншілігі туралы ойды алғаш рет Веспуччи ұсынды. Бұл жобаға Испания Үкіметі әсіресе испандық конкистадор Бальбаның 1513 жылы Панама мойнағын басып өтіп,”Ұлы Оңтүстік теңізді”яғни Тынық мұхитты тұңғыш көргеннен кейін тіпті қызыға түсті. Испандықтарды осы теңізден бұғаз ашып, онан өту, ақыры татымды жеміс аралдарына жетіп, оны басып алу ойы баурап алды. Осы ойды жүзеге асыруды Фернанд Магальянс қолына алды. Ол (1470 жыл шамасында туған) португальдық дворяндардың қатарынан шықты және Португалия отарларында бірнеше жыл тұрып,Малакка экспедициясына қатысқандықтан Үнді мұхитын жақсы білсе керек. Бірақ коральмен жанжалдасып қалып, Испанияға қызметке көшті және Испания үкіметімен жасаған келісімі бойынша жаңа материктен оңтүстікке қарай шығатын жаңа бұғаз табуға міндеттенді.(7 –68 б.)
1519 жылы сентябрьде шағындау бес кемеден құралған, 253 адам экипажы бар эскадра Сан-Лукарадан сапарға шықты. Магелланның бұл сапары екі жылға созылды. Ол өзінің аты қойылған бұғаз арқылы Оңтүстік Американы айналып өтп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин аралдарына келіп жетті, сол жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста қаза тапты. Тек д,Эльканоның командасымен бірге ғана кеме Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африканы айналып шықты. Сөйтіп, ол жер шарын алғаш рет түгелдей айналып шығу саяхатынан соң, 1522 жылы 6 сентябрьде Сан-Лукараға қайтып келді. Бұл саяхаттың шығыны көп болды. Севильеде өздерін салтанатты қарсы алуға экипаждың 18 адамы ғана қатыса алды.
Тынық мұхитта испан теңізшілерінің пайда болуына байланысты, осы аймақтарда да Испанмя мен Португалияның арасындағы шепті белгілеудің қажеттілігі туды. Бұл шара тек жеті жыл өткеннен соң 1529 жылы ғана жүзеге саырылды. Сарапшылар даулы аралдардың бойлығын дәл анықтай алмады. Ақырында Испания өзінің Молукка жөніндегі талаптарынан бас тартты, бірақ Филиппинді бермей ұстап қалды. Бұл осылайша тек 1543 жылы ғана аталды.
Магеллан бұғазы арқылы Европадан Азияға қарай жүзіп шығу алдын теңіз кәсібі болып табылды. Сондықтан да Молуккаға баратын оңтүстік- батыс жолдың практикалық маңызы болмады. (8- 102 б.)
Алтын, кейде құл іздеген испандықтар Кариб теңізі аралдарында орын тепкен соң Мексика шығанағының төңірегіндегі континентальдық аймақтарға экспедициялар жіберіп тұрды. Бұдан кейін шығанақтан оңтүстікке қарай орналасқан елдерді жаулап алуға кірісті. Бұл аймақтарды – Мексика мен Перуді – екі үлкен ірі тайпалық бірлестіктер:Мексиканы ацтектер басқарған, ал Перуді инкалар басқарған тайпалар мекендеді.
1516-1518 жылдары батысқа қарай жіберілген испандықтардың экспедициялары Юкатананың Мексика шығанағының Оңтүстіктен және Батыс жағалауларын бойлай өтіп, жергілікті “князьсымақтармен “ қарым-қатынас жасады. Мұнда европалықтар батысқа қарай бағыт алған сайын асыл заттарға мейлінше бай елдің жатқанын анықтады. Сол елді басып алу үшін 1519 жылы жас идальго Фернанд Кортес (1485-1547) басқарған экспедиция жіберілді. Саламан университетінің бұрынғы юрист- студентінің Жаңа дүниедегі қызғылықты оқиғалар мен тау болып үйілген алтын туралы алып қашты әңгімелере елтігені соншалық, Кортес 19 жасында Эспаньолеге жөнелді. Мұнда тұрақтанып қалған авантюристердің көпшілігіне қарағанда, анағұрлым білімді, қаламы жүйрік, сөзге шешен, епті де батыл Кортес қызметте үлкен табысқа жетіп қатты байыды – вице корольдың хатшысы болды,жергілікті халыққа қарсы жүргізілген жазалау экспедициялары мен шабуылдарға қатысты, әуелі Эспаньоледен , кейін Кубадан жер алды мұнда Сант-Яго қаласын билеуші алькадо болды. Ол өз есебінен экспедиция кемелерінің бірін жабдықтады.
1521 жылы Мексиканы бағындыру үшін Кортес басқарып шыққан отряд 400 испан солдатынан (оның 16 салт атты) 200 үндістерден тұрды және олардың 10 ауыр, 3 жеңіл зеңбіректері болды. Кортеске кейіннен қосымша күш келіп қосылды. Испандықтар осы шағындау күшпен-ақ үлкен бір елді өзіне бағындырмақшы болды. Бұл мақсаттары жүзеге асты, өйткені ацтектер державасының күш - қуаты өте әлсіз еді.
Асыл металдарды жан сала іздеген испандықтардың үмітін Мексика ақтады. Оның жері алтын мен күміс қорына бай болып шықты. Перуді жаулап алуды да авантюристердің отряды жүзеге асырды. Мексикадағы сияқты, перудің бағынышты халқы да инкалардың үстемдігіне наразы болды. Испандықтар бұлжағдайды және өздерінің әскери-техникалық артықшылығын пайдаланып, осы елді де басып алды. Больбао Панама мойнағынан өтіп , Тынық мұхитты ашқаннан кейін испандықтар осы аудандағы жағалауына келіп орналаса бастады.
1519 жылы Панама мойнағында Испанияның отары Панама негіз қалады. Осы жерден испандықтар “алтыны мол елге “Бируге “ – Перуге шабуыл жасады. Перуді Бальбоаның ең жақын ең жақын серіктерінің бірі Франциско Писсаро басып алды. Жас кезінде Испанияда бақташы болған, конкистадор Писсаро Оңтүстік Американың Кариб жағалауына жасалған испандықтардың көптеген экспедициялары мен шабуылдарына қатысқан-ды. Ол 20-жылдары өзінің жолдасы Альмаргомен бірге (Чилидің болашақ жаулап алушысы) Панамадан Оңтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауын бойлай жүрген бірнеше барлау экспедициясын жабдықтады,олар оңтүстіктегі бай мемлекет туралы қауесетті растап берді. Испания королінің келісімін алған Писсаро, 1531 жылдың бас кезінде Панамада үш кеме және не бары 130 адам мен 37 атпен ( кейіннен ол қосымша күш алды, бірақ оның жауынгерлері 500-600 адамнан еш уақытта аспады) жолға шықты . Тақ үшін жүргізілген ішкі күресті пайдаланған Писсарро сол елге баса-көктеп кіріп, инка патшасын қолға түсірді де инкалар мемлекетінің астанасына ие болды. Халық Испания королінің езгісіне түсті.
Жоғарыда баяндалған саяхаттар мен ашылулар батыс европалықтардың Европадан тыс жерлерге енуінің алғашқы және аса маңызды кезеңі болып табылды. Жаңадан ашылған елдердің көпшілігінің ішкі бөліктерінен тыс, Австралия және оны айналақоршай ұласып жатқан теңіздер, Тынық мұхиттың бүкіл солтүстік бөлігі, Солтүстік Америка түгел дерлік ақырында, Солтүстік Азияның ұлан- байтақ кеңістіктері және оны қоршаған Солтүстік Мұзды мұхит мүлдем белгісіз күйінде қала берді. (9 –12 б.
II Еуропа елдерінің жаңа ашылған жерлерге әсері
2.1 Батыс Европа елдерінің отарлаушылық саясаты
XVI - ғасырдың екінші
жартысы мен XVII ғасырда географиялық
ашылымдар ашуда ағылшындар
Осы “Австралиялық” яғни “Оңтүстік” жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты – олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды.”Оңтүстік ” жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да . Нағыз Австралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ащты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Австралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны “Полярлық жердің ” бір бөлігі деп санады. 1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Австралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.