Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу



ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ

1.1. Мәліметтер қоры................................................................................................5

1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері..............................9

1.3. Delphi ортасында  мәліметтер қорын құрастыру жолдары.......................20

1.4. Кестеде деректерді пайдалануда SQL-мен жұмыс.......................................28

ІІ БӨЛІМ.  МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН DELPHI ОРТАСЫНДА ЖОБАЛАУ

2.1. DELPHI ортасында өңделетін процедуралар мен функцияларды сипаттау.....................................................................................................................35

2.2. Тапсырманың қойылымы..............................................................................36

ІІІ БӨЛІМ. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

3.1.Жобаны дайындау барысын есептеу.............................................................39

3.2.Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу....................................................................39

3.3. Негізгі еңбекақыны есептеу...........................................................................39

3. 4. Қосымша еңбекақыны есептеу.....................................................................40

3.5. Жүкқұжат  шығындарды есептеу.................................................................40

3.6. Келісім баға бойынша жобаны есептеу........................................................41

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................42

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................44
ҚОСЫМША.............................................................................................................45

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бұл дипломдық жобаның мақсаты Delphi бағдарламалау тілін деректер қорымен байланыстыра отырып Атырау қаласына  телефон анықтамасын құру.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі коорпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағыда басқада салаларда  түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі(фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа.;

-факультеттер,олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағы да басқа.

Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде деректер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры  – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Мәліметтер қорында сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте Мәліметтер  қоры   құрамында сақталатын объект. Мәліметтердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.

Мәліметтерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық, реляциялық .

Мәліметтер қоры – ол ақпараттар орналасқан файлдар (кесте) жинағы. Ережеге сай мәліметтер қоры бір каталогта орналасқан, кестелер жиынынан тұрады. Жаңа мәлілеттер қорына арналған каталог күнделіктегідей сілтеушінің көмегімен құрылады, ал кесте  Delphi-дің құрамына кіретін Borland Database Desktop    утилитінің көмегімен іске асырылады.

Дипломдық жобаның бөлімдерінде бағдарламамен жұмыс істеу туралы барлық мәліметтер қарастырылады. Сонымен қатар бағдарламанын өзінде қолданушы интерфейсін жобалау және бағдарлама қай мекемеге арналып жасалғаны туралы мәлімет беретін, жарнамамен таныса алады.

Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БАҒДАРЛАМАЛАУ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ОРТАСЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ШОЛУ

1.1. Мәліметтер қоры

 

Қолданушының көз қарасы бойынша, мәліметтер қоры - ол ақпаратпен жұмысты қамтамассыз ететін бағдарлама. Бұндай бағдарламаны іске қосқан кезде, экран бетінен кестені көреміз, осы кестеден қолданушы керекті мәлімет жайлы толық ақпарат ала алады. Егер жүйе мүмкіндік берсе, мәліметтер қорына өзгерістер енгізе аламыз, жаңа ақпаратты қосуға немесе ескі ақпаратты жоюға мүмкіндік береді.

Ал бағдарламалаушының көз қарасы бойынша, мәліметтер қоры – ол ақпаратты жинайтын файлдар жинағы. Бағдарламалаушы қолданушы үшін мәліметтер қорын жасаған уақытта, файлдық берілгендермен жұмыс істеуге арналған  бағдарламаны құрады.

Қазіргі уақытта локальді (dBASE, FoxPro, Access, Paradox) және жойылған (Interbase, Oracle, Sysbase, Informix, Microsoft SQL Server) мәліметтер қорын қолдануға жене құруға мүмкіндік беретін  бағдарламалық жүйелердің саны көп.

Локальді мәліметтер қорының берілгендері бір құрылғыда орналасады, ол компьютердің дискісі немесе желілік диск болуы мүмкін.

Жойылған мәліметтер қорының берілгендері жойылған компьютерде орналасады. Онымен жұмыс істейтін бағдарлама  екі бөліктен тұрады: клиеттік және серверлік.

Компьютерде жұмыс атқаратын бағдарламаның  клиенттік бөлімі, бағдарламаның серверлік бөліммен іс-әрекеттесуді қамтамассыз етеді.

Жойылған компьютерде жұмыс істейтін бағдарламаның серверлік бөлімі, сұранысты жасап, оларды орындайда да берілгендерді клиенттік бағдарламаға жібереді. Сұраныстар SQL тіліндегі команда түрінде беріледі.

Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Мысалы, жоғарғы оқу орындарында дайындалатын мәліметтер:

- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін адамдардың тізімі (фамилиясы, аты, білімі, адресі, үй телефоны, тағыда басқа;

-факультеттер, олардың құрамындағы кафедралар мен кафедра қызметкерлерінің тізімдері;

- студенттер жөнінде мәліметтік тізімдер, тағыда басқа.

Оларды сақтаудың көп тараған әдісі – компьютерде мәліметтер қоры түрінде сақтау. Мәліметтер қоры (МҚ) – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. МҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл – деректер қоры, оған енгізілетін кесте – МҚ құрамында сақталатын объект. Деректердің байланысты элементтер тобын жазба деп атайды.

Деректерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың түрлі типтері бар: иерархиялық және реляциялық.

Иерархиялық мәліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы, Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар тізімі, т.б.

Реляциялық мәліметтер қоры – кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры (relation – қатыс, байланыс), кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. Мәліметтер қорында жазба үшін кесте жолы түсіндіріледі, кестеде қайталанылатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құратын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бірдей типті етіп құралады, мысалы, сандық не символдық.    

Алуан түрлі  есептер үшін әр-түрлі модельді мәліметтер қоры қолданылады. Себебі бір кішігірім мекеме үшін мәліметер қорын және  қондайда бір банк үшін мәліметтер қорын құру, екі түрлі жолмен жасалатыны анық. Сондықтан бір есебімізге сай қандай мәліметтер қорының типін қолданатынымызды анықтап алуымыз қажет.

Келесі бөлімдерде біз мәліметтер қорының  төрт типімен танысамыз.

- автономды;

- файл-сервер;

- клиент-сервер;

- көп деңгей реттеу мәліметтер қоры.

Автономды мәліметтер қоры ең қарапайым болып табылады. Олар өздерінің  берілгендерін, орнатылған компьютеріндегі локальді файлдық жүйесінде сақтайды, басқару жүйесі және мәліметтер қорының машинасы оларға әрекет етуге мүмкіндік бередіде, сол компьютерде орналасады. Желі қолданылмайды. Сондықтан автономды мәліметтер қорын құрушыға параллельді әрекеттесу қиындықтары туындамайды.

Автономды мәліметтер қорын, көптеген қолданушылар арасында тараған, өздернінң мәліметтер қоры бар, қосымшаларды құрастыру кезінде  тиімді болып келеді. Мысалға, кішігірім офистің мәліміттерін, кәсіпорынның кадрлық құрамын, шағын бугалтерияның бугалтерлік құжаттарын өңдейтін қосымшалар. Осындай қосымшадағы әр қолданушы өз компьютеріндегі мәліметтерді басқарады. Қолданушыға басқа қолданушының мәліметтерімен әрекеттесуге қажеттігі болмайды, сондықтан бұндай жағдайда жеке мәліметтер қоры толығымен жарамды.

Файл-сервер мәліметтер қорының автономдықтан айырмашылығы ол көптеген қолданушыларға желі арқылы әрекеттесуге мүмкіндіцк береді. Ол өте қолайлы, себебі мәліметтер қорындағы мұндай өзгерістерді барлық қолданушылар көреді. Мысалы, үлкен мекеменін қызметкерлерінің мәліметтер қорын дәл осындай етіп жасау жөнді, себебі басқа бөлімшелердің администраторлары оған көніл бөледі, өзінде локальді мәліметтер қорын құрмайды.

Мәліметтер қорының өзі желілік файл-серверде, жалғыз дана күйінде сақталады. Әр қолданушы үшін мәліметтер қорының локальді көшірмесі жасалады, осы көшірме арқылы ол мәліметтер қорын басқарады.Сонымен қатар мәселелер туындайды (және шешіледі), бірнеше қолданушының бір ақпаратқа бір уақытта әрекеттесуінен пайда болуы мүмкін.

Көптеген қолданушылары бар үлкен мәліметтер қоры үшін клиент-сервер мәліметтер қоры қолданылады. Бұндай жағдайда мәліметтер қорына әрекет ету топтар үшін, арнайы сервер атаулы компьютер арқылы іске асырылады. Қолданушы серверге сұраныс операциясын немесе мәліметтер қорын жаңарту тапсырмасын береді. Сервер  сұранысты орындап, алынған нәтижені қолданушыға көрсетеді.

              Клиент-сервер мәліметтер қорында қосымша мәселелер туындауы мүмкін. Қосымшада сервердің максимальді мүмкіндіктері қолданып, желіні  минимальді жүктеуін қамтамассыз ету қажет, сода ол желі арқылы аз көлемді ақпаратты өткізеді. Ол серверде сақталатын процедуралардың құрылуынан пайда болады, ол бизнес логиканы құрастырады: мәліметтерді өңдеп тек  керектісін ғана желі арқылы жібереді.

Бұл салыстырмалы күйде жаңа, мәліметтерді өңдеу жолындағы, желідегі реттелген қосымшалардың көмегімен бекітілген. Кең тарағаны үшінші деңгейлі нұсқасы:

- қоланушылардың төменгі деңгейлі компьютерлерін деклиенттің қосымшалары орналасқан, қолданушы интерфейсін қамтамассыз етеді;

- екінші деңгейде қосымша сервер орналасқан, қолданушылар арасындағы және реттелген мәліметтер қорымен мәліметтерді алмасуды қамтамассыз етеді.

Қосымшалар сервері желі түйінінде орналасып, барлық клиенттерге әрекеттесуге мүмкіндік береді.

- үшінші деңгейде мәліметтер қорының жойылған сервері орналасады, сервер қосымшаларынан ақпаратты алады және онымен басқару жүргізеді.

 

 

 

 

1.2. Бағдарламалау тілін таңдау және оның ерекшеліктері

Обьектілі бағытталған бағдарламалау бұл обьектілік бағдарланған архитектураны  пайдаланылатын бағдарламалау. Жоғары деңгейлі бағдарламалау: процедуралық, логикалық және обьектілі бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа шыққан және обьектілі бағытталған бағдарламалаудың негізінде құрылған бағдарламалау тілдері – Obgect Pascal, MS Visual Pascal, Borland Delphi, Borland C++.[4`]

Объектілі –бағытталған бағдарламалау ойымен басшылық етуші талап етілу мәліметтерін қосу осы мәліметтерді өңдеу процедурасымен бір бүтін объект болып табылады. Объектілердің ерекше белгісі мәліметтерді және алгоритмдерді өңдеуді қосу болып табылады. Осының нәтижесінде мәліметтер және процедуралар өзінің дербес мәнін жоғалтады.

Бағдарлама  Program сөзімен басталып,  End  сөзінен кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal  тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін  “(*   *)”  немесе “ // ”   белгілерін қолдануға болады.

Бірақ {$R*.RES} жолы (жақшадан кейін бірденң “$” белгісі тұрған) түсініктеме емес, ол кампиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R*.RES} жолы- бағдарламаны ресурстар файлын қоса есептегенде компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

Program сөзі және кейін анықталған бағдарламаның атауы-бағдарламаның тақырыбы деп саналады.

Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдердіқоса есептегенде компиляциялау керектігін хабарлайды. Жоғарыдағы мысалда жобаның файлымен бірге стандартты Forms және бағдарламалаушы өзі құрастырған ‘Unit1.pas’ файлындағы Unit1 модулдерін біріктіре отырып, компиляциялау керектігі туралы берілген нұсқау.

Осындай нұсқаудан соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begin сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяақталады. Қарастырылып отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын операторлардан құралған:

begin  

Application. Iniialize;

Application.CreateForm(TfmExample,fmExample);

Application.Run;

end.

Әр оператор Application (Қосымша) объектінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

Object Pascal-да объект деп арнайы даяарланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін айтады. Объектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі бағдарламаларын  әдістер деп атайды.

Объектілік типтердің негізгі ерекшелігі болып, ол объектінің өрістермен бірге қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі бағдарламалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы табылады. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді.

Инкапсуляция- берілгендерді өңдеудің алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.

Объектілі типтердің негізгі-функционалды толықтығы және өрістер мен әдістерінің бір-бірінен ажыратылмауы оларды бағдарламанның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға мүмкіндік туғызады. Мұндай объектілерді бір бағдарламадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған бағдарламалау тәсілдері деп атайды.

Қарастырылған мысалдағы Application объектінің құрамына Windows бағдарламасының жұмысын ұйымдастыратын көптеген берілгендер мен ішкі бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphi ортасы кез-келген жаңа жобаның автоматты түрде құрастырады.

Initialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Application. Initialize әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасынның даяар тұрған бір үзіндісін орындатуға мұқтаж етеді. Осы орындалғаннан кейін (немесе ішкі бағдарламадан шықаннан кейін) келесі жолдағы GreatForm әдісі орындалады және т.с.с.

GreatForm              әдісі  негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі  берілгендер мен оларды өңдеу туралы  Windows –тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда, бағдарламаға Windows –тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.

Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа килігуге тыйым салынған. Егер бағдарламалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістер енгізіп киліксе, онда Delphi ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.

Модульдер.Модульдер – бағдарламанның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын бағдарламалық бірлік. Модуль деп бағдарламанның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді.Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды. Модуль  басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегментінде орналасды. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.

Кез-келген модульдің құрамына келесі бөліктер кіреді:

- тақырыбы;

- интерфейстік бөлігі;

- орындалатын бөлігі;

- терминатор;

Модуль тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталады, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі  Interface, ал орындалатын бөлігі  Implementation – түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты -  End. Түйінді сөзімен аяақталады.

Unit <модульдің аты, мысалы Unit1 > // интерфейстік бөлігі.

Interface

Uses <модульдер тізімі>;

Const <тұрақтылар тізімі>;

Type <типтер анықтамасы>;

Var <айнымалыларды жариялау>;

<процедуралық тақырыбы>;

<функциялар тақырыбы>;

// орындалатын бөлігі

Implementation

Uses <модульдер тізімі>;

Const <тұрақтылар тізімі>;

Type <типтер анықтамасы>;

Var <айнымалыларды жариялау>;

<процедуралық анықтамсы>;

<функциялар анықтамасы>;

  // инициялизация бөлігі

Initilization

<операторлар>;

//модульдің жұмысын тоқтатқандағы

Finalization

// орындалатын әрекеттер жиыны

<операторлар>;

End.

Интерфейс бөлігінде аталмыш модульде қолданылатын, аты Uses тізімінде көрсетілген барлық  модульдер мен бағдарламаларға қол жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентификаторлардың анықтамасы орналасады. Сонымен қатар, бұл бөлікте ортақ тұрақтылар, типтер, айнымалылар және ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары жарияланады.

Модульдің атауы – оны басқа модульдермен және негізгі бағдарламамен байланыстыру үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік объектілеріне қол жеткізу үшін бағдарламада қажетті TPU файлдың атын көрсету керек. Бұл байланыс келесі сөйлем арқылы жүзеге асырылады:

USES < модульдер тізімі>;

USES – арнайы сөз;

<модульдер тізімі >-бағдарлама мен модульдерді бір-бірімен байланыстыруға қажетті модульдердің тізімі. Бұл сөйлемді қолданылатын модульдер спецификация деп атайды және ол негізгі бағдарламаның тақырыбынан соң орналасуы қажет.

Егер аталмыш модуль басқа бір модульдің объектілерін қолданса, онда осындай спецификация Interface түйінді сөзінен соң бірден орналасады. Пайдаланылатын модульдердің спецификациясы келтірілген жағдайда бағдарламаға қосылған модульдің интерфейстік бөлігінің барлық сипаттамалары белгілі деп саналады.

Модульдің интерфейстік бөлігінде негізгі бағдарламада және басқа модульдерде қолданылатын аталмыш модульдің барлық сыртқы объектілері анықталады. Паскаль бағдарламасы сияқты бұл анықтамадағы объектілердің реті кез-келген түрде бола алады. Интерфейстік бөлікте ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары келтіріледі, ал олардың толық анықтамасы модульдің орындалатын бөлігінде көрсетіледі.

Implementation – модульдің орындалатын бөлігінде интерфейсте көрсетілген ішкі бағдарламалардың орындайтын жұмысы анықталады.Ішкі бағдарламалардың орналасу реті интерфейстік бөлігінде көрсетілген ретімен бірдей болуы шарт емес.

Бұл бөлімде ішкі бағдарламалардың тақырыбын ған көрсетсе жеткілікті, себебі параметрлер тізімі мен функция нәтижесінің типі интерфейсте анықталған. Сондай-ақ  мұнда аталмыш модульге ғана тән және бұл модульден тыс белгісіз тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды және ішкі бағдарламаларды жариялауға болады.

Инициализациялау бөлігінде осы модульдерді іске асыратын бағдарлама жұмысының басталғандығы туралы операторлар орналасады. Модульдердің іске асырылуы бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретімен орындалады. Бұл бөлік   Initilization сөзімен басталады. Бірақ ол бөліктің болмауы да ықтимал.

Егер бағдарламада инициялизациялау бөлігі бар болса, онда деинициялизациялау бөлігі болуы мүмкін. Бұл бөлік Finalization сөзінен басталады және оның құрамына бағдарлама жұмысын тоқтатқандағы орындалатын операторлар кіреді. Модульдерді деинициялизациялау әрекеттері бағдарламаның Uses бөлігінде көрсетілген ретіне кері бағытта орындалады.

Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де құрылады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысты модульдер болуы мүмкін.

Жоғарыдағы құрастырылған формаға сәйкестелген модульдің кодын File => Open опцияларын орындау арқылы Example файлын ашып, көруге болады. Модульдің коды орналасқан файл келесі:

Unit Example;

Interfase

Uses Windows, messages, SysUtils, classes, Graphics, Controls,

Forms, Dialogs, StdCtrls,Buttons,ExtCtrls;

//Example модулін uses тізіміндегі

// аталған стандартты модульдермен бірге қолдану

              type

              TfmExample = class (Tform)

              Panel1:Tpanel;

              bbRun:TbitBtn;

bbClose:TbitBtn;

              edInput:Tedit;

              lbOutput:Tlabel;

              mmOutput:Tmemo;

              private

{ Private declarations}

{Public  declarations}

end;

var

fmExample:TfmExample;

implementation

{$R *.DFM}

end.

Бұл мәтінді DELPHI ортасы өзі құрастырады.Жоғарыда айтылғандай, жобаның файлына килігуге тыйым салынған, ал модульдің файлына әртүрлі жұмыстарды орындатуға негізделген өзгерістерді енгізуге болады.

Модульдің интерфейстік бөлігінде бір тип (класс Tfm Example) және бір объект айнымалысы анықталған.

Класс деп объектілерді құрудағы қолданылатын үлгілерді айтады, ал объект сол үлгінің туындысы болып табылады. Үлгілері Object Pascal тілінде анықталған тип және келтірілген мысалда ол  Type TfExample =class (Tform) деп анықталған.Стандартты класс  Tform Windows-тің бос терезесін құрастыру жұмысын атқарады.   Tform –ның барлық мүмкіндіктерін иемденеді және оларға бос формаға орналастырылған компоненттер жиыны біріктіреді.

Соңғы буыннан өзінің бағдарламалық дайындамалары бар жаңа туындыларды құруға болады және т.с.с.Нәтижесінде ағаш тәріздес саты құрылады, төбесінде ең түпкі буын-қарапайым  Tobject  класы тұрады

Delphi-де дайындалған бағдарлама проект деп аталады. Delphi ортасының негізгі бөліктері:

1)     форма дизайнері;

2)   бастапқы мәтінді редакторлау терезесі;

3)   компаненттер палитрасы;

4)   обьектілер инспекторы;

5)   анықтамалықтар.

Форма дизайнері   Delphi тілінде қарапайым және түсінікті. Форма дизайнері бастапқыда бос болады. Оған мүмкін болатын компоненттермен және обьектімен бағдарламалаушы толтырады.[8]

Компонеттер палитрасы форма дизайнеріне обьектілерді орнату үшін қолданылады. Форма дизайнері келесі жағында обьектілер инспекторын көруге болады. Кез келген обьектінің формасын өзгертуді осы терезе арқылы іске асыруға болады. Обьектілер инспекторының терезесі екіге бөлінеді, олар:           

1)     Properties – қасиеттер;

2)     Events – оқиғалар;

Анықтамалықты  ашу үшін help жүйелі пунктын таңдау керек. Delphi тілінде құрылған кез – келген жобаның алты файлы болады, оның үшеуі басқару үшін қолданылады. Ал қалғандары бағдарламалаушының көмегінсіз құрылатын файлдар, бағдарламалаушы оларды өзгерте алмайды.

Delphi-дің стандартты компоненттері өздерінің қолдануына байланысты бірнеше коментарияларымен төменде көрсетілген. Берілген  компонеттерді меңгеру кезінде олардың қалай жұмыс жасайтындығы және оларды қалай қолдану керектігі үйретіледі.

Standart беті.

Курсор- компонент емес, қандайда бір объектіні таңдауды тез алып тастау үшін арналған жай пиктограмма.[9]

TmainMenu-басты менюді бағдарламаға орналастыруға мүмкіндік береді. TmainMenu – ді пішінге орналастыру кезінде ол иконкаға ұқсас болады. Берілген типтің иконкалары бағдарламаны орныдау кезінде көрінбейтіндіктен «көрінбейтін компоненттер» деп аталады. Менюді шығару 3 қадамнан тұрады1) TmainMenu-ді пішінге орналастыру,(2)Обьекттер инспекторындағы Items қасиеті арқылы меню дизайнерін шақыру, (3) меню дизайнерінде меню пунктерін анықтау.

TpopupMenu ағымды менюді шығаруға  мүмкіндік береді. Бұл тип берілген меню байланған обьектте тышқанның оң жақ батырмасын басқанда пайда болады. Барлық көрінетін обьекттердің қажетті менюді көрсететін PopupMenu қасиеті болады. PopupMenu басты менюге аналогты түрде құрылады.

Tlabel – мәтінді экранға шығару үшін қызмет етеді. Егер обьекттер  инспекторындағы Font қасиетін 2 рет шертетін болсаңыз сіздер белгінің түсі мен шрифтін өзгерте аласыз. Сіздер бұның бағдарламаны орындау кезінде де бір жол код жазылғанда көре аласыз.

Tedit – енгізу   үшін Windows-тың стандартты басқарушы элементі. Ол мәтіннің қысқа бөлімін көрсету үшін қолданыла алады және қолданушыға бағдарламаның орындалу кезінде мәтін енгізуге мүмкіндік береді.

Tmemo – Tedit – тің бір формасы.Үлкен мәтінді жұмыс жасайды. Tmemo сөздері ауыстыра алады, ClipBoard – та мәтін бөліктерін сақтай және оларды қалпына келтіре алады және редактордың басқа да негізгі функцияларын орындай алады. Tmemo мәтін көлемі 32Кб-қа шектелген, 10-20 бетті құрайды.

Tbutton  бағдарламаның орындалу кезінде кнопканы басқан кезде қандай да бір іс - әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Tbutton-ды пішінге орналастырғанда сіздер 2 рет шерту арқылы таңдаушының кнопканы басу жағдайының дайындығын тудыра аласыз. Ары қарай дайындықты кодпен толтыру керек.

TcheckBox қасындағы кішкентай терезесі бар мәтін жолын көрсетеді. Терезеде нәрсенің таңдалғанын білдіретін белгіні қоюға болады. Мысалға, егер компилятор  күйлеудің диалог терезесін қарайтын болсақ, онда оның checkBox – тарынан тұратындығын көрсетуге болады.

TlistBox-айналым тізімін көрсету үшін керек. Windows – ортасындағы listBox – тың классикалық мысалы – көп қосымшалардың менюдің File/Open пунктіндегі тізімінен файлдың таңдуы. Файлдармен деректер атаулары listBox- та орналасқан.

TcomboBox listBox-тың жоғарыда енгізудің кішкентай өрісінде ақпаратты енгізуге мүмкіндік берумен қатар көп жағдайда listBox – ке ұқсас. comboBox-тың бірнеше типтері бар, бірақ терезенің төменінде көре алатын төмен қарай түсіп тұратын файл таңдау диалогы аса таныс.

Материалдар, сатып алынатын өнімдер жартылай фабрикат өнімдеріне шығатын шығын мөлшерін есептеу