«Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық тиімділін және акция шығарылымын талдау
ЖОСПАР
КIРIСПЕ .............................. .............................. .............................. ........................3
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК
1.1 Бағалы қағаздар және оның
түрлерi ..............................
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде ...................14
1.3 Акционерлік қоғам қаржысы: мазмұны, қызметтерi, қағидалары ...........17
II «МАҢҒЫСТАУГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН АКЦИЯНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРУЫН ТАЛДАУ
2.1 «Маңғыстаугеология» АҚ-ның
технико – экономикалық
2.2 «Маңғыстаугеология» АҚ – ның экономикалық
тиімділін және акция шығарылымын
талдау ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР .............................. .............................. ...........34
КIРIСПЕ
Бүгінде меншiк қатынастары, шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi, олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары, қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiн көрсетеді. Яғни, рынокқа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады.
Бағалы қағаздар рыногы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар және оның сан алуан түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, БҚ-дың «жалған капитал» екенiн көрсетедi.
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
Бүгінде шаруашылқ субъектілерінің арасында акционерлік қоғамдардың орнын ерекше атап өтсек болады. Өйткені олардың экономикада басты үлеті алып отыр және олар аталған қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда негізгі ұйымдық кәсіпоырндар болып табылады.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды ұйым акционерлік қоғам деп танылады. Ал өз кезегінде акциялар қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың негізгі түрі болып табылады. Бір сөзбен айтқанда акциялар қаржы ресурстарының бір тармағы болып табылады.
Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.
Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда:
1.Акционерлік қоғам – акционерлік заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді:
Біріншісі: жеке субъектілер
жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік
мәнді өзара байланыстар
Екіншісі: құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді.
Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады.
Үшіншісі: ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы).
Нарықтық экономикалы қатынастар дамуында мемлекет пен көптеген кәсіпорындар өздеріне қаражат тарту мақсатында бағалы қағаздар эмиссиялайды, яғни капиталдар айналысында жалған капиталдар, бағалы қағаздар айналысқа шығады. Осы аталған бағалы қағаздардың мәні мен қызметін анықтау, оның еліміздегі даму барысы мен қазіргі таңдағы жағдайына тоқталу осы тақырыпты орындаудағы басты мақсатым болып табылады.
Жұмысты орындаудағы негізгі мiндеттерiме:
- Бағалы қағаздардың жалған капитал формасы ретінде жалпы экономикадағы қызмет етуiн және оның экономикалық сипатын, олардың түрлерін және олардың жіктелуін анықтау;
- Жалған капитал пайдаланушылар және олармен қызмет атқаратын ұйымдар туралы қарастырып өту;
- Бағалы қағаздар рыноктарының қызмет ету механизмiн және бағалы қағаздардың операциялық орталығы болып табылатын қор биржасының қызметтерiн талдау;
- Акционерлік қоғам қаржысының жалпы қалыптасу негiзiн және оның құрылымы туралы хабардар болу;
- Акционерлік қоғам қаржысының экономика дамуындағы негiзгi қызметтерiн атап өту;
I. БӨЛІМ: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
1.1 Бағалы қағаздар және оның түрлерi
Белгiленген нысан
мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып,
жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде
ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықт
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы “Жалпы экономикалық теория” кiтабында бағалы қағздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға үш түрлi сипаттама бередi:
- Айналымдылық;
- Өтiмдiлiк;
- Тәуекелдiк;
Камаев В.Д. бағалы қағаздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ ретiнде қарайды.
Сонымен, бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өзiнiң жекелеген қор рыногы бар. Жалпы бағалы қағаздардың қарыз капиталы және құқық берушi ретiндегi түрлерiн келесi кестеден көре алмыз:
Сонымен бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалы құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Кесте 1
Бағалы қағаздар құқық берушi ретiндегi түрлерi
Тиiстi бағалы қағаздар | |
Жер |
- ипотекалық облигация, жердi жекешелендiру чегi |
Жылжымайтын мүлiк. |
- акция, ипотека, жекешелендiру чегi, тұрғын үй сертификаты; |
Өнiм |
- коносамент, қойма куәлiгiнiң айналысы, товарлық фьючерстiк контракт айналымы, товарлық опцион |
Ақша |
- облигация,
нота, вексель, депозиттiк |
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi тұрақты өмiр сүре алады, өз қор рыногы бар.
Бағалы қағаздар ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
- айналымдылық;
- азаматтық айналымға қол жеткiзу;
- стандартты;
- құжаттылық;
- мемлекеттi реттеушi;
- нарықтылық;
- өтiмдiлiк;
- тәуекелдiк;
- Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу шаралары.
- Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады (қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
- Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп және басқа да шарттар).
- Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады. құжаттылық бағалы қағаздар аталуына материалды негiз болған.
- Бағалы қағаздар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және оны қадағалап отыратын құрылым.
- Бағалы қағаздар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы қағаздар нарығы бар.
- Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
- Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiкте жоғары болады.
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың иесi – Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы (индосамент) болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға тиiс. Қарыздық бағалы қғаздар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа бөлiнедi:
- Негiзгi бағалы қағаздар;
- Туынды бағалы қағаздар;
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және қайталама бағалы қағаздар.
Бастапқы бағалы қағаздар активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б. бағалы қағаздар жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның анықтайтын бағалы қағаздар. Мәселен, “опцион” туынды бағалы қағаз болып саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан алады.
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Бағалы қағаздардың көбi арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға бағалы қағаз туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк алады.
Бағалы қағаздар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен айналым жерiне байланысты.
- Кiрiс төлеу жөнiнен қарызды және үлестi болып бөлiнедi. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кiрiс нақты процентпен төленiп, ал қарыздың күрделi негiзгi бөлiгiн келешекте белгiленген уақытта өтеу көзделедi үлестi БҚ-дар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушiнiң корпорацияның мүлiгiндегi үлесiн көрсетедi және иемденушiге шектеусiз уақыт бойы дивиденд түрiнде кiрiс түсiредi. Ал БҚ-дың басқа түрлерi қарызды және үлестi түрлерiнен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитентi) жөнiнен де жiктеледi. Олардың эмитенттерi мемлекет, жергiлiктi әкiмшiлiк, корпорациялар, қаржы институттары және т.б. заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұрақ бойынша да жiктеледi. Сатылу жерiне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы болып бөлiнедi.
Акция бірнеше түрге жіктеледі (3 сурет). Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
1) Атаулы акция
– иесі міндетті түрде
2) Ұсынушыға арналған
акция – иесінің аты-жөні
Ал басқару жағынан
Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.
Cурет 1 - Құнды қағаздардың жіктелуі
Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған “ индоссамент ” деген белгі қойылады.
Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.
Корпорацияны басқаруға
Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді [2, 31бет].
Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:
Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:
- Үстеме пайданы бөлуге қатысу;
- Хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд мүмкіндігіне келешекте қатысу;
- Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артықшылығы өз иемденушісі үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді.
Қатыспаушылар акциясы иесі ешуақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жоқ. Егер артықшылықты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивиденттерді келесі жылдың дивидендтеріне қосуға болмайды.
Конвертабельді артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайда осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Артықшылықты акциялардың көбі конвертабельді. Ал конвертабельді емес акциялар өз статусын өзгертуге мүмкіндігі жоқ [2, 37бет].
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен, бұл екі құнды қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар:
- Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі. Өз кезегінде, акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі. Акция сол меншіктенудің куәлігі тәрізді.
- Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді. Оның мөлшері бекітілген және нақты анықталған. Бұл құнды қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді.
- Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқы бар.
- Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация
бойынша мезгіл-мезгіл
Номиналы деп, облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтеу мерзімі келгенде алады.
Купондық қойылым – жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал құнына байланысты келісілген сыйақы-төлем.
Өтеу күні – компанияның сатып алушысы облигацияны номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәмілесі.
Өтеу туралы нұсқау - эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Облигациялар қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.
Қамтамасыз етілген облигациялар – оларды шығарғанда кепілдікке корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Бұл облигациялар корпорацияның негізгі активтерін талап етуге құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа құнды қағаздар жатады. Осыған байланысты мынандай айырмашылықтарды атауға болады:
- Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз ететін жай немесе арнаулы мүліктер.
- Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары.
- Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша айтқанда эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
Облигацияның рейтингі – олардың инвестицияланған сапасын арнаулы фирмалардың бағалауы.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дисконттық айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Жай акциялар тәрізді облигациялар да, иесі ұсынушы және атаулы болып екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектіге төленеді. Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға пайыз алу үшін чек толтырып береді.
Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:
- Қысқа мерзімді – 1жылдан 3жылға;
- Орта мерзімді – 3 жылдан 7 жылға;
- Ұзақ мерзімді – 7 жылдан да көп жылға дейінгі;
Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен қатар облигация шығарумен де қаржыландырады. Дегенмен, акциядан гөрі, облигация шығару корпорацияға қауіпті. Себебі облигацияда пайда түспесе де, жыл сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша, белгіленген соманы төлеуге міндетті емес [2, 46бет].
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндаттемесі. Ол құнды қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге ) берген қарыз міндеттемесі.
Басқа қарыз
міндеттемелерінен вексельдің
- Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді.
- Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғанына қарамастан міндетті түрде өтеу керек.
- Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель немесе тратта болып екіге бөлінеді. Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Онда вексельді жазған жер, берген уақыты, қандай сома толтырылды, қай уақытта және қай жерде өтеу керек екені көрсетіліп, вексель иемденушіге береді. Сонымен бірге, вексель берүшінің аты- жөні жазылып, қол қойылады. Жай вексельдің айналымын 3 суреттегі өрнекпен көрсетуге болады:
Cурет 3 - Жай вексельдің айналысы
- Вексельді сатып алушы сатушыға береді ( векксель беруші – вексель иемденушіге) ;
- Сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет көрсетеді (вексель берушіге);
- Сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді ұсынады;
- Сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы төлейді- вексельді өтейді.
Аудармалы вексель деп несие берушінің (трассанттың) қарыз алушыға (трассатқа) вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге (ремитентке) төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады. Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі [2, 49бет].
1.2 Акционерлік қоғам – акция шығарушы заңды тұлға ретінде
Фирма рыноктық экономиканың негiзгi экономикалық агентi. Бiр немесе бiрнеше кәсiпорыннан тұратын, пайда табу мақсатында тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымдарды фирма деп атайды.
Меншiктiк формасына сәйкес фирмлардың немесе кәсiпкерлiктiң үш түрiн атап өтуге болады:
- Индивидуалдық немесе жеке кәсiпкерлiк;
- Серiктестiк немесе партнерлiк;
- Корпорация (акционерлiк қоғам).
Индивидуалдық кәсiпкерлiк деген бiр адам иелiк ететiн бизнес. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң иелiк етушiсi сонымен бiрге менеджер қызметiн атқарады. Оның мүлiгi мен жауапкерлiгiнде шек болмайды. Индивидуалдық кәсiпкерлiктiң басты кемшiлiгi – капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары: меншiк иесiсiнiң әрқайсысы барлық пайданы иемденедi, өзгерiстердiң қандайын болмасын өзi жүргiзе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейдi, корпорацияға белгiленген салық төлемейдi. Бизнестiң аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлiк iс-әрекеттерге тән болады.
Серiктестiк ( партнерлiк) дегенiмiз екi және одан да көп адам иелiк ететiн бизнестiң түрi. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейдi және фирманың барлық қарыздарына шексiз жауапкершiлiк артады. Артықшылығы: ұйымдастырылу жеңiл, қосымша қаражаттар және жаңа идеялар iске тарту мүмкiндiгi болады. Кемшiлiктерi: шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды iске тарту мүмкiндiгi шектелген; фирма мүшелерiнiң барлығы бiрдей iс-әрекет мақсаттарын жетiле түсiнбеуi.

- Маңыздылық деңгейі
- Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланысы
- Марветинговый анализ фирмы Линия тока
- Марганцевомедные сплавы высокого демпфирования
- Маргарет Тетчер
- Маргарин
- Маргарин, его производство, пороки вкуса и запаха. Вредные свойства
- Манипуляция через социальные сети
- Манифест 17 Октября 1905 года и консолидация правых сил
- Манікюр: історія, матеріали, робоче місце, догляд за шкірою
- Манометрические термометры: методы и средства поверки
- Мансардный одноквартирный 4-комнатный жилой дом для индивидуальных застройщиков
- Мантельная пресса
- Мануфактурное производство в 17 века