Мемлекеттің жалпы сипаты, мемлекеттің мәні



Қазақстан Республикасының  білім және  ғылым   министірлігі.

          Шығыс Қазақстан Аймақтық Университеті.

 

 

 

 

 


 

 

 

Тақырыбы: Мемлекеттің  жалпы сипаты, мемлекеттің мәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған гр.12-402ЮПо: Тілеужанқызы.М

Тексерген: Зиятова.Ж.К

 

 

 

Өскемен қаласы 2013жыл

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...............................

 

1. Мемлекеттің жалпы сипаты.....................

 

1.1 Мемлекеттiң ұғымы және ерекшелiгi..................................................................

1.2 Қазақстан мемлекетiнiң дамуы............................................................................

1.3 Мемлекет механизмi - мемлекет функциясын жүзеге  асыру............................

 

2. Мемлекет ақпаратыжәне мемлекет механизімі....................

2.1 Мемлекет аппараты мен мемлекет механизмiнiң сабақтастығы......................

2.2 Мемлекеттiк органдар және олардың жiктелуi..................................................

2.3Мемлекеттiк аппаратты  ұйымдастыру................................................................

 

Қорытынды.............................................................................................................

Қолданбалы әдебиеттер тізімі...............................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Егемен ел атанған  Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару  тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты  талабының бірі – мемлекеттік  органдардың , билік  
басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.  
Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны  басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы. 

Мемлекет қоғамды басқаруды  жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің  мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық  топтарының мүддесін артықшылықтан  қорғайтын биліктің ерекше ұйымы  болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік  билікті жүзеге асыру әдістері мен  құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік  механизм ұғымына – мемлекеттік  билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік  билікті жүзеге асыру құралдары  мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркін сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты: федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау.

Курстық жұмыстың мақсаты  – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету  қағидаларына және оның Қазақстандағы  жағдайына жан-жақты талдау жасау.

Осыған сәйкес курс жұмысының  міндеттері:

1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;

2. Мемлекет органдарына  жалпы сипаттама беру;

3. Мемлекеттік қызметті  жүзеге асыру жолдарын көрсету;

4. Қазақстан Республикасындағы  органдардың қызметіне, олардың ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.

Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).  
Курстық жұмыста – мемлекеттік билік, ( Мемлекеттік механизмнің ерте замандағы, ортағасыр мен буржуазиялық замандағы тарихи ерекшеліктерін) Ресей, АҚШ, т.б. шетелдегі мемлекеттік органдар қызметінің ерекшеліктеріне мысалдар келтірдім. Қазақстандағы мемлекеттік билік тармақтарының қазіргі қызмет ету жүйесіне, «мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңдарына тоқталдым. 

Мемлекеттік – қызметтік  қатынастарды іске асырудың қажетті  алғы шарты мемлекеттік қызметке азаматтарды қабылдауды, сондай-ақ оларды лауазымдарға тағайындау мен  ауыстыруды, мемлекеттік қызметте болған кезде оларға біліктілік дәрежелер беруді жүзеге асыру үшін құқық берілетін нақты мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды белгілеу, мемлекеттік органдардың кадрлар жөніндегі жұмысының маңызды элементі-мемлекеттік кадр саясатын жүзеге асыру. Кадр саясаты заңдарда, өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітіп және солар арқылы іске асырылатындығы туралы жазып өттім.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың мемлекеттік  билікті басқаруы.

Осыған сәйкес курстық  жұмыстың міндетіне мыналарды қарастыруға  болады:

1.Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;

2.Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;

3.Мемлекеттік қызметті  жүзеге асыру жолдарын көрсету;

4. Қазақстан Республикасындағы  органдардың қызметіне, олардың  
ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.  

 

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ  ЖАЛПЫ СИПАТЫ, МЕМЛЕКЕТТIК МӘНI

 

1.1 Мемлекеттiң ұғымы  және ерекшелiгi

 

Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекет  оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік  беретін мынадай  негізгі белгілермен  сипатталады:

1. Қоғамнан бөлініп шыққан және  елдің тұрғындарымен сәйкес келмейтін бұқаралық биліктің болуы. Мемлекетте міндетті түрде басқару және мәжбүрлеу аппараты  болады, әйтпесе (немесе)  бұқаралық билік – бұл шенеуліктерәскер, полиция, сондай –ақ түрме және басқа да мекемелер.

  1. Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу, яғни мемлекет өз территориясында тұратын  барлық адамдарды өз билігіне біріктіреді және  қорғайды.

3. Салық жүйесі,  мемлекеттік аппаратты ұстау үшін қажет;

4. Егемендік - бұл мемлекеттің өз территориясындағы билігінің үстемдігі және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздігі.

5. Құқық,  себебі мемлекет  құқықсыз өмір сүре алмайды,өйткені ол мемлекеттік билікті заңды түрде ресімдейді.

Мемлекет  мәнін түсіндіру мемлекет және құқық  теориясының негізгі міндеттерінің  бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі. Мемлекет мәнін  кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынадағы мемлекеттің  әлеуметтік  мәнін билік –  саяси ұйымдастырылған қоғам  ретінде, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдардың  бірлестігі ретінде немесе біртұтастығы тиісті мемлекеттік – құқықтық институттарда және қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық – биліктік құрылымдармен қамтамасыз етілген олардың ассоциациясы ретінде анықтауға болады.

Мемлекеттің әлеуметтік  табиғатын тар мағынада  бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі, қоғамнан оқшауланған, нақты бір таптың және әлеуметтік топтың, сондай – ақ  бүкіл қоғамның мүдделерін білдіретін және  қорғайтын басқару аппараты ретінде анықтауға болады.

Осыдан туындайтыны, мемлекет мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызы бар:

1) формальдық  - бұл кез келген мемлекет саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды  – осы  ұйымның кімнің мүддесіне  қызмет ететіндігінде.

Мемлекет  мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер: 

  • Таптық, осының шегінде мемлекетті экономикалық  үстем таптың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;
  • Жалпы әлеуметтік, соның шегінде мемлекетті әр түрлі таптардың және әлеуметтік топтардың мүдделерін есепке алу жағдай туғызатын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекет мәні саяси биліктің аппараты арқылы  қоғамның біртұтастығын  және оның тиісті өмір сүруін қамтамасыз ететіндігін  білдіреді.

Мемлекет  типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған  оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.

Формациялық тәсілдің негізгі белгісі болып әлеуметтік – экономикалық факторлар, қандай – да  бір қоғамдық – экономикалық формация қатысады. Осы тәсілдің тұрғысынан мемлекет типі қоғамның экономикалық базисіне негізделген қоғамның  нақты таптық құрылымына сәйкес мемлекеттің өзара тығыз байланысты  белгілерінің жиынтығы ретінде анықталады. Экономикалық базистің типтеріне байланысты  мемлекеттің мынадай типтерін  бөлуге болады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және әлеуметтік.

Осы типологияның екі жетістіктеріне екі моментті айтуға болады: мемлекеттерді әлеуметтік – экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясы өзі тиімді, шынында да  қоғамға елеулі түрде ықпалын тигізеді; ол мемлекет сатыларын,  мемлекеттің дамуының табиғи – тарихи сипатын көрсетеді. Формациялық тәсілдің әлсіз жақтарына ондағы тарихтың көп варианттылығы әр уақытта есепке алына бермейтіндігін және рухани факторлардың бағаланбауын жатқызуға болады.

Өркениеттік тәсілдің негізгі белгісі ретінде рухани факторлар – мәдени, діни, ұлттық және т.с.  қатысады. Өркениет (цивилизация) – бұл діни, ұлттық, географиялық және өзге де белгілермен ажыратылатын қоғамның тұйықталған және жергілікті (локалды) (бір жердің шеңберінен аспайтын) жағдайы.. Өркениеттер өз дамуында бірнеше кезеңдерден (этаптардан)  өтеді:

I кезең (этап) – жергілікті өркениеттер (локалды цивилизациялар), әрқайсысы өзара байланысты әлеуметтік институттардың, мемлекетті қоса алғандағы, жиынтығынан тұрады (ежелгі египеттік, шумерлік, үнділік, эгейлік және т.б.).

II  кезең (этап) – мемлекеттердің типтеріне сәйкес ерекше өркениеттер (цивилизациялар) (үнділік, қытайлық, батыс - еуропалық, шығыс-еуропалық, исламдық және т.б.);

III кезең (этап) -  қазіргі өркениет(цивилизация) өзінің мемлекеттілігімен, қазіргі уақытта енді ғана қалыптасып келеді және оларға дәстүрлі және қазіргі әлеуметтік –саяси құрылымдардың бірігіп өмір сүруі тән.

Өркениеттің және олардың мемлекеттілігінің  типологиясының әртүрлі  негіздері  бар: хронологиялық, генетикалық кеңістіктік, діни.

Мемлекет  функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның  қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты  өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет  функцияларының  классификациясы:

а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты  тұрақты және уақытша;

б) маңызына байланысты  - негізгі және қосалқы;

в) қоғамдық өмірдің  қай сферасында  жүзеге асырылуына байланысты -  ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Мемлекет  функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.

Құқықтық  нысандарына  мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.

Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.

 

1.2 Қазақстан мемлекетiнiң  дамуы

 

Қазақстан Республикасының  конституциялық құрылысы – мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі.

Конституцияда Қазақстан  Республикасының  конституциялық құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар:

    • халықтық билік,
    • мемлекеттік егемендік,
    • біртұтастық,
    • биліктерді бөлу принципі,
    • құқықтың үстемдігі,
    • мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу,
    • идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттілігін құру концепциясында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негізгі белгісі  ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. ҚР Конституциясында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп бекітілген (3-бап). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде, Қазақстан Республикасы халқының ерік-жігері негізінде, басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дербес мемлекет қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы егемендігінің негізін оның аумағы, жері, қойнауы, табиғат байлықтары, мәдени құндылықтары және барлық экономикалық негіздері құрайды. Егемендіктің бастауы - халық, сонымен қатар егемендік  Қазақстан Республикасының әр бір азаматына таратылады. Мемлекеттік егемендік ең алдымен мынадан көрініс табады: Қазақстан Республикасы ішкі құрылымға қатысты және басқа мемлекеттермен арадағы қатынастарға байланысты барлық мәселелерді өз алдына дербес шешуге хақылы. Егемендік идеясы 1995 жылғы ҚР-ның Конституциясында да алдыңғы қатарда тұр.

Конституцияға сәйкес Қазақстан  Республикасы – президенттік басқару  нысанындағы біртұтас мемлекет болып  табылады (2-бап). Біртұтастық Қазақстан  Республикасы конституциялық құрылысының маңызды бір белгісі болып табылады. Қазақстан Республикасында билік біртұтас, дегенмен ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады (4-б. 3-т.).

Қазақстан Республикасының  экономикалық құрылымы негізінде  меншік нысандарының әр алуандылығы жатыр, сөйтіп нарықтық қатынастар конституциялық түрде бекітілген. Қазақстан Республикасының  Конституциясы бірдей дәрежеде мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды және қорғайды (6-б.1-т.). Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-бабының 3-тармағы «Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп мойындайды.

Меншіктің барлық нысандарын кімнің тарапынан болсын заңсыз араласушылығынан қорғай отырып, мемлекет оларды пайдалану, кеңейту үшін қолайлы жағдай жасайды. Мемлекеттік органдар заңдарда меншіктің субъектілері мен объектілерін, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шегін белгілейді. Сондай-ақ мемлекет мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық қызметін тура және тікелей реттейді, мемлекеттік меншік объектілерін пайдаланудың құқықтық режимін айқындайды.

Конституцияға сәйкес жер  және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс (6-б. 2-т.). Мемлекет аталған экономикалық қатынас саласын тікелей басқару мен реттеуді жүзеге асырады.

Конституция қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгіледі. Оларға қоғамдық келісім  және саяси тұрақтылық, идеологиялық және саяси әр алуандылық, қоғамдық және мемлекеттік интститтутарды бөлу сияқты принциптерді жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының  саяси жүйесін билік үшін күресті, оны ұйымдастыруды және қызмет етуін  жүзеге асырушы сан-салалы ұйымдар, институттар және мекемелер құрайды. Конституция ең алдымен мақсаты  мен іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, т.б. бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тиым салады (5-б. 3-т.). Саяси әр алуандылық деп қоғамда өмір сүруші түрлі әлеуметтік-саяси құрылымдардың болуы ұғынылады. Саяси әр алуандылық негізінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық қызмет нысандарының сан алуандылығы да жатады.

Қазақстан Республикасындағы  қоғамдық құрылыстың негізін қалаушы  принциптердің бірі қоғамдық келісім  мен саяси тұрақтылық болып табылады. Саяси жүйенің кез келген институтының қызметі қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуға тиіс. Қазақстан Республикасының бір ерекшелігі оның көп ұлттылығы, сондықтан қоғамдық бірлестіктер өз қызметтерінің нысандары мен бағыттарын белгілеген кезде осы жағдайды есепке алуға және қоғамдық келісім орнатуға ұмтылуға тиіс.

ҚР Конституциясына  сәйкес (1-б.) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.

Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі «демократия» аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идеологиялық және саяси әр-алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.  

Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық  егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді, яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.

Халық өзінің билігін  тікелей республикалық референдум және сайлау арқылы жүзеге асырады. Қазақстан Республикада ешкім билікке иелік ете алмайды. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізу құқығы Президентке, сондай-ақ оның конституциялық өкілеттілігі шегінде Республика Парламентіне берілген. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты онда ресми, мемлекеттік діннің болмайтындығынан – көптеген діни уағыздардың бірде  бірінің міндетті немесе басым болып табылмайтындығынан көрінеді. Қазақстандағы діни бірлестіктер мемлекеттің саясатына, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдардың және оның лауазымды адамдарының қызметіне ықпал етпеуі тиіс. Қазақстан мемлекетінің зайырлық сипаты діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуімен сипатталады. Бұл сонымен бірге мемлекет органдарының діни бірлестіктердің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге жол бермеу қажеттігін білдіреді.

Мемлекеттің зайырлылық сипатын мемлекеттің діни ұйымдарды қаржыландырмауынан да көруге болады.

Одан әрі, Қазақстан  мемлекетінің зайырлық сипаты саяси  партиялардың діни негіздегі қызметіне  жол бермеуден де көрінеді.    Заң алдындағы діни ұйымдардың теңдігі ешқандай дін немесе діни ұйымдар ешқандай артықшылықты пайдаланбайтындығынан және басқамен салыстырғанда ешқандай шектеуге тартылмайтындығынан көрінеді.

Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес Қазақстан  өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен Конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.

Құқықтық мемлекеттің  мәні – оның жүйелі демократизмі, билік  көзі ретіндегі халық егемендігін  бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру  құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. 

Құқықтық мемлекеттің  қалыптасуының маңызды алғы шарты мен оның шегінің сипаты қоғам өмірінің барлық сферасын қамтитын толық заң шығару жүйесінің болуы. Сонымен қатар барлық нормативтік актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі қажет. 

Демократиялық мемлекетте құқық нормасы барлық азаматтар  үшін тең болуы қажет, сондықтан шынайы құқықтық мемлекет болып, оның заңдарының алдында оның барлық азаматтарының теңдігін қамтамасыз ететін мемлекет есептелінеді. 

Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл әлеуметтік саясаты адамның  өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.   

Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты  тіршілік минимумын қамтамасыз етуге  ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады. 

Әлеуметтік мемлекеттің  маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету  болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету.  

Әлеуметтік мемлекеттің  ерекше сипатын, оның адамның еркін дамуы мен лайықты өмірін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясатынан көруге болады.   

Әлеуметтік саясат қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістермен, азаматтардың жақсы тұрмысының өсуімен, олардың өмірінің жақсаруымен, олардың  материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырумен, өмір түрін жоғары көтерумен байланысты әлеуметтік топтардың, қоғам мен оның мүшелерінің арасындағы қатынасты реттейтін мемлекеттің жалпы саясатының бір бөлігін көрсетеді.   

Әлеуметтік саясаттың  басты мақсаты адам мен қоғамның жақсы тұрмысына жету, тұлғаның дамуы үшін тең және әділетті мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.

 

1.3 Мемлекет механизмi - мемлекет функциясын жүзеге  асыру

 

Мемлекет механизмі  – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі  шынайы ұйымдастырушылық және материалдық  күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

-ол өзара байланысты  мемлекеттік органдардың тәртіптелінген  жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді.  Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрайды;

Мемлекеттің жалпы сипаты, мемлекеттің мәні