Өндірс шығындары және оны төмендету жолдары



        Өндірс шығындары және оны төмендету жолдары

 

   Өнімнің бағалары сұраныс пен ұсыныстың өзара байланыстары нәтижесінде орнатылады. Экономикалық теория курсынан барлығымызға мәлім, сұраныс пен ұсыныс түрлі факторларды анықтайды. Фирмалардың өз өнімін нарыққа өткізуге ынтасы мен мүмкіндігін анықтайтын ең маңызды фактор - өндіріс шығындары болып табылады. Қандай да болсын тауарды өндіру белгілі бір мөлшерде шығындалуды қажет етеді. Ал шығындардың өзіндік салыстырмалы аздығына байланысты арнайы бағасы болады. Фирманың нарықты ұсынайын деп отырған белгілі бір тауардың саны бір жағынан, құнға (шығынға) және оны өндіруге арналған ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне және екінші жағынан, тауардың нарықта өткізілетін бағасына тәуелді болады.
Берілген курстық жұмысты таңдағанымның негізгі себебі мынада: еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты өндірістің шығындары және оларды азайту мәселесі қазіргі таңда, әкімшіл-әміршіл жүйенің уақытына қарағанда өзекті болып отыр. Нарықтық экономика әрбір кәсіпорынның табыс алу үшін өз мүмкіндіктерін ең тиімді жолмен іске асыруын ынталандырады. Қазіргі таңдағы шарттарға байланысты кәсіпорындардың әрбіреуі нақты өзіндік қаржылық тәуелсіздігі бар, олар өнімді өткізгеннен түскен пайданы өздерінің мүддесіне сай жұмсай алады, табысын басқара алады. Бірақ, табысты алмастан бұрын кәсіпорын шығындардың мөлшерін азайту мақсатымен барлық шығындарды зерттеуі қажет. Тек осылай ғана табыс алу туралы нақты мәселе қозғала алады. Тақырыптың өзектілігі берілген курстық жұмыстың мақсатын да анықтап берді – шығындардың мәнін, олардың құрылымын және оны азайту тәсілдерін зерттеу.
Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
       «Микроэкономика» курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Осыған байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. өндірілетін өнім көлемінің өзгеруі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді. Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысты да кіргіземіз.

 

Бұл тақырыпта өндірушілердің нақты өнім көлемін өндіруге қажетті өндіріс шығындарының құрамын талдауды қарастырамыз. Фирмалардың нарықта қабылдайтын шешімдері тиімді болу үшін пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін барынша аз шығынмен өндіру қажеттілігі туындайды. Сондықтан, фирмалар бұл жерде өнімді қалай өндіру керек деген сұраққа жауап іздейді. Кез келген фирманың негізгі міндеттерінің бірі – ол шығындарды азайтудың жолдарын іздестіре білу. Өнім көлемі мен оны өндіруге кететін шығындардың арасындағы байланысты көрсететін өндірістік функцияны мәнін түсіне отырып келесі тақырыптардағы талданатын мәселелерді шешуге жол ашамыз.

                Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер.

                Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі – бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы. Сонымен:

Сэк. = Сбухг. + Сайқын емес.

                Экономикалық тұрғы – фирманың шығындаған өндіріс факторларын балама нұсқаларда қолданған кезде ең жоғарғы деңгейдегі түсімділікті қандай шамада алуға болатынын анықтауға негізделген.

                Пайда – фирманың тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін жалпы түсімдері мен оның жалпы шығындарының арасындағы айырма:

π = TR – TC.

                Бухгалтерлік пайда – жалпы түсім мен фирманың айқын шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πбух. = TR – TCбух.

                Экономикалық пайда – бұл жалпы түсім мен фирманың барлық шығындарының арасындағы айырма түрінде анықталады:

πэк. = TR – TCэк.

                Қалыпты (қарапайым немесе нөлдік) пайда – бұл өзінің жеке меншік кәсібін жүргізуге ынтасы болу үшін кәсіпкерге қажет ең төменгі деңгейдегі түсім. Егер πэк. = 0 болса, онда бұл кәсіпкердің өзінің іс-әрекетінің аумағында ұстанып қалуына септігін тигізетін, тек қана қалыпты пайда алатынын көрсетеді.

                Шығындар шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасындағы өзара байланысты зерттеп талдағанда фирманың қысқа мерзімдегі өндіріс шығындарын мынадай түрлерге бөліп көрсетуге болады:

                Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.

                Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.

                Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC. Осындай шығындардың динамикасы мен өзара байланыстарын мына төмендегі суреттен көруге болады (сурет 5.1).

                Өндірушілер көбінесе орташа шығындар (АС - өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындар) шамасына көп көңіл бөледі. Оның үш түрі болады:

                1) орташа тұрақты шығындар: AFC = FC / Q;

                2) орташа өзгермелі шығындар: AVC = VC / Q;

                3)орташа жалпы шығындар: AТC = AFC + AVC.

                Өнімнің қосымша 1 бірлігін өндіргенде жұмсалатын қосымша шығындарды шекті шығындар деп атайды: МС = ∆TC / ∆Q = ∆VC / ∆Q, яғни ∆TC = FC + ∆VC, ал FC – const.

 

 

 

 

                Ұзақ уақыт мерзіміндегі және қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар арасындағы өзара байланыстар төмендегі суретте берілген (сурет 5.4):

 

                                            

                Ұзақ уақыт мерзімінде     орташа шығындар қисығы (LRAC) өндірістің қысқа уақыт мерзіміндегі шығындар қисығын жанап өтеді және ол масштаб тиімділігін (өндіріс ауқымын) көрсетеді.

  • масштабтың оң тиімділігі LRAC қисығының теріс көлбеулі кесіндісінде орын алады;
  • масштабтың тұрақты тиімділігі LRAC қисығының көлденең бөлігіне сәйкес келеді;
  • масштабтың әсері теріс болған жағдайда өндіріс шығындары жоғарылайды және LRAC қисығы жоғары қарай өседі.

                Шекті шығындардың ұзақ мерзімдегі қисығы (LRMC) қысқа уақыт мерзіміндегі шекті шығындар қисықтарын жанап өтпейді. LRMC – бұл өндірушінің кәсіпорын ауқымының шамасын өзгерту мүмкіндігі болған жағдайдайындағы өндіріс шығындарын арттыруы:

  • егер LRMC < LRAC болса, онда LRAC азаяды;
  • егер LRMC > LRAC болса, онда LRAC көбейеді;
  • егер LRMC = LRAC болса, онда LRAC = min. болады.

                Шығындар деңгейі туралы ақпараттар изокосталарды (тең шығындар сызықтарын) тұрғызуға мүмкіндік береді.

                Изокоста (тең шығындар сызығы) – бұл барлық нүктелерінде жалпы шығындары тең болатын өндіріс факторларының тіркестерін көрсететін сызық. Изокостаның график түріндегі көрінісі: PL – еңбектің бағасы; PK – капиталдың бағасы (сурет 5.5).

                Изокостаның бұрыштық коэффициенті өндіріс факторлары бағаларының қатынасына тең болады (-PL / PK). Бұл изокоста теңдеуінен туындайды:

TC = PL . L + PK . K; K = TC / PK – (PL / PK) . L. 

         Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның (фирма)  өз  меншігіндегі  сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.  Сонымен  экономикалық  шығындар – бухгалерлік  және  балама шығындардан  тұрады.

                        Бухгалтерлік  шығындар = нақты  шығындар.

    Экономикалық  шығындар = бухгалтерлік  шығындар + балама шығындар

         Қысқа  мерзім  кезеңінде  өндірістің  жалпы,  тұрақты  және айнымалы  шығындары  анықталады. 

         Жалпы  шығындар (ТС) – бұл  өндіріске  кеткен  барлық  шығындар  және  тұрақты, айнымалы  шығындардан  тұрады.

                                             ТС = ҒС + VС

         Тұрақты  шығындар (ҒС) - өнім шығару  көлемінің өзгеруіне  байланысты  өзгермейтін  шығындар. Бұларға  салықтар,  жалға  беру,  төлемдер,  сақтандыру,  амортизация  және  т.б.

         Айнымалы  шығындар (VС) – бұлар  өнім  көлемі  өзгерсе  бірге  өзгеретін  шығындар.  Олар  шикізатқа,  жалақыға,  энегияға,  транпортқа,  материалдарға  кеткен  шығындар.

         Өндірістік  шығындарды  талдағанда  жалпы  шығындармен  қатар  орташа  және  шекті  шығындарды  талдаймыз. Өндірістің  орташа  жалпы шығындары (АТС) өнімнің  бір  данасын  шығаруға  кеткен  жалпы  шығындарды  көрсетеді.  Бұл  шығын  өнеркәіпте басқаруға  көмектеседі.  Бұл  шығын  арқылы  бір  өнім  өндіргенде  келеін  пайданы  табамыз.

АТС(АС) =ТС/Q

         Орташа  жалпы  шығындарды (АТС) 2 түрге  бөлуге  болады (АҒС).

         а)  орташа  тұрақты  шығындар: АҒС=ҒС/ Q

          б)  орташа  айнымалы  шығындар: АVС=VС/ Q

         Өндірістің  шекті  шығыны (МС)  жалпы  шығындардың  өзгеруіне  өнім  көлемінің  өзгеру  қатынасына  тең  болады  және  өнімнің  қосымша  данасын  шығарғандағы  кететін  қосымша шығындарды  көрсетеді.

МС= ТС/ Q

         Өнім  шығару  көлемі  өскен  кезде  тұрақты  шығындар  (ҒС) өзгермейді. Сондықтан  жалпы  шығындардың  (ТС) өсуі  айнымалы  шығындардың  (VС) өсуіне  тең  болады.

МС= VС/ Q

         Фирманың  шаруашылық  қызмет  процесінде  өндірістік  тұрақты  шығындар  құрылымында  қалдық  және  старттық  шығындар  туады.       

         Қалдық  шығындар-өнімді  өткізу  мен  өндірістің  тоқтауымен  болатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі. Неғұрлымшаруашылық  қызметінің  тоқтау  уақыт  ұзақ  болған  болған  сайын,  соғұрлым  қалдық  шығыннның  көлемі  аз. Бұл жағдайда  фирмада  жұмысшы  күшін  жалдау мен  ғимараттарды  жалға  беру  туралы  түрлі  шарттар  мен  келісімдерден  құтылу  мүмкіндіктері  пайда  болады.

         Старттық  шығындар-өндірісті  қайта  қосумен  және  өнімді  өткізумен  байланысты  туатын  тұрақты  шығындардың  бөлігі.    

Кез-келген  кәсіпорын  (фима) өнім  өндірісін  бастамас  бұрын, ол қандай  пайда  ала-алатынын  анықтап  алады.

Кәсіпорын  табысы  2  түрлі  көрсеткішке  тәуелді  болады:  өнім  бағасы  және  оның  өндірісіне  шығындар.  Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара  байланысының  нәтижесі  болып  табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағ-

дайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен  болмайды, ол  автоматтты  түрде  орнатылады.  Өнім  өндірісіне  шығындар-өндіріс  шығындары  басқа

ша түрде  болады.  Олар  тұтынылатын  еңбектік немесе  материалдық ресурстар  көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа  факторларға  байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

         Жалпы түрде өндіріс шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

         Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

·        ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;

·        табиғи шикізаттарды  қолдану;

·        өндірісті дайындау  және  үйрену;

·        өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);

·        рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;

·        өндірістік  процеске  қызмет  ету; өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқада еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда  ұстау,  санитарлы-гигие-

 налық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;

·        қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;

·        өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты  қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін, іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б.

·        кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;

·        мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

            Әрине, фирманың, кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) фирманың, кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

             Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар  қызмет  көрсету  адамдық,  мтериалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

            Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі. Осылайша, өзіндік  құн-кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді.

            Өзіндік  құн-өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал,

электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

            Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құн  болып  саналады, ол өндірістегі  өнім өткізілуінің  ақшалай  нысандағы  шығындар  жиынтығын  құрайды және  барлық  өндіріс  тиімділігін  анықтайды.

            Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті-жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші. Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негзгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы-ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорын да  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес  қорларға  аудрымдар  жүргізеді-бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

            Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша,  өнімнің  өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

            Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін  анықтайды, олардың  көбейуі  2 түрлі факторға  байланысты болады: бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

            Өнімнің  өзіндік  құны –синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық

жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

            1) Өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі.

            2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды.  

            3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы 

Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

            Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

            Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар;  өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.

            Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді. Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

            Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:

            а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);

            б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;

            c)өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:

·        материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);

·        тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік   

сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге  төлемдер және т.б. );

               д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:

·        материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);

·        еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы );

·        жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;

·        құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;

·        цехтық (өндірістік) шығындар;

·        жалпышаруашылық шығындар;

е) дайын өнім шығындар құнын  аудару  әдісі  бойынша:

·        тікелей шығындар;

·        жанама  шығындар;

            f) қалыптасу уақыты бойынша:

·        ағымдық  шығындар;

·        болашақ кезең  шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );

Қазақстан       экономикасындағы     барлық     салалары        бойынша

кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей  анықтау  мақсатында  1992  жылдың  30  шілдесінде  Министрлер  Кабинетінің  Нұсқауы негізінде  жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше ,бастады

 

 

 



Өндірс шығындары және оны төмендету жолдары