Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

                                                                             «ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 

«Кәсіпорын  экономикасы» пәнінен 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:  Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                           Ғылыми жетекші: Сатымова М.

                                                           Орындаған:           Атамбаева А.Қ.

                                                                                          «Экономика» 301-топ 
 

АЛМАТЫ  2008 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3 

1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5

1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5

1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10 

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14

2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22 

3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27

3.1  Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27

3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     1993 жылдың қарашасынан бері дербес  макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға  өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды.  Терең дағдарыстан есімізді жинай  бастауымыз сегізінші жылды алқымдап  қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспортты басымды түрде дамыды. Дүниежізілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының оң сальдосы мүмкін болды. Ақша несие саясатымен қатар бюджет-салық саясаты да уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қордаланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік-құрылымдық реформалардың аяқталмағандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік  деп айту әзірге ерте. Осы айтылатын ойлардың мақсаты – қазіргі экономикамыздың шынайы келбетін, бірқатар бекем және осал тұстарын                                                        көрету.    

      Елбасы  тарапынан барша қоғамға ұсынылған  Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына кіруі жайлы  стратегиясында негізгі бағыт еліміздің  экономикасының қарқынды дамуы,  
Қазақстанның әлуметтік-экономикалық модернизациясын жеделдетуге қойылды.

     Белгіленген бағытта жетістікке жету үшін ортамерзімдік  перспективаның дамуының приоритеттік бағыттары анықталған - модернизация, экономиканың диверсификациялануы туралы сұрақтарды шешу барысы барынша актуалды көрінеді.

      Қазақстандағы  тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуші, теңестірілген экономикалық структураға көшуді ендіруші механизм ретінде 2003- 2015 жж. арналған индустриялды-иновациялық даму Стратегиясы саналады. Ол өңдеу секторының озық дамуына және осы негізде шикізатты бағдарлаудың біржақтылығының біртіндеп алдын алуына бағытталған.

      Экономиканың  шикізаттық бағытталуы әлі де болса  басым. Инвестицияның көп бөлігі өндіруші секторға бағытталған. Шикізаттық емес экспорт төмен деңгейде қалуда. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру аяқталмаған. Ірі жүйеқұрушы инвестиция бойынша нақты нәтижелер қатыстырылмаған. Міне осылардан диверсификациядағы өзекті мәселелер туындайды.

          Курстық жұмысымның мақсаты – еліміздегі әртараптандыру үрдісін қарастыру және оның әр салада дамуын қалыптастыру.

     Анықталған  мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер  шешілуі тиіс:

  • Еліміздегі диверсификацияның теориялық негіздері;
  • Диверсификацияның мәнін, түрлерін айқындап, оларға түсініктеме беру;
  • Отандық қызмет көрсетулердің диверсификациясын талдау;
  • Диверсификацияның  шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;
  • Қазақстанда диверсификацияны арттыру жолдарын ұсыну.

          Курстық жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған   әдебиеттер тізімінен тұрады.

        Кіріспеде Қазақстандағы диверсификалық үрдістердің өзектілігі, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері қамтылған.

        Бірінші бөлімде жалпы диверсификация  түсінігіне, оның мәні мен маңыздылығына,  экономикадағы қажеттілігіне түсініктеме  беріледі. Екінші бөлімде Қазақстандағы  телекоммуникация саласының әртараптандыру шаралары қарастырылады.

        Үшінші бөлімде шетелдегі диверсификацияның  даму үрдістерін талдау негізінде  Қазақстандағы диверсификациялық үрдістерді дамыту шаралары айтылады.

         Қорытындыда диверсификацияның  тиімділігі, жалпы айтылған мәліметтер бойынша қорытынды жасалған.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ  ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
    1. Диверсификацияның мәні және маңызы
 

  Даму кезеңінің іліміне сәйкес барлық экономикалық объектілер, үрдістер және жүйелер қандайда бір уақыт аралығында соңғы айналым жасайды, және бұл өмірлік кезең әрқайсысы үшін белгілі бір шекті мүмкіндіктерді, алғашқы түрінен әрі қарайғы мәні бар күшке ие. Өнеркәсіптік кәсіпорынды жүйелік көзқарасқа сәйкес тіршілік қызметін қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтерден тұратын жүйе ретінде қарастыруға болады: техникалық, технологиялық, еңбектік, қаржылық, ақпараттық және ұйымдық ресурстардан. Осы элементтердің саны, сапалы деңгейі, өзара байланыс дәрежесі кәсіпорынның даму мүмкіндіктерін, яғни әлуетін айқындайды. Элементтерді бір бүтінге біріктірудің көптеген жай-күйден тұратын жүйенің күші бар үлкен нұсқаулар бар. Жаңа сапаны қамтыған жүйе элементтерінің даму жылдамдығы даму кезеңдерінің айырмашылығына немесе ішкі қарама-қайшылықтардың өзара шығындырға алып келу себептеріне байланысты біркелкі емес. Осыған қарамастан кәсіпорын әлуеті нарық жағдайында бәсекелестер әсерімен, жеткізушілермен қарым-қатынас, мемлекеттің экономикалық саясаты жөнінде үлкен сұранысқа ие және оларға қарама-қайшы шыға алады. Кәсіпорынның біртіндеп сыртқы жағдайлармен сәйкес келмеуі және жұмыс істеу тәсілдері сыни шекке жетеді. Осындай үйлесімсіздіктер әсері жүйеде өзгертулерді, кәсіпорынның келесі даму сатысын анықтау үшін элементтердің синхрондалуын қажет етеді.

      Кәсіпорын дамуы пайда болу және құрылу, даму, жетілу, құлдырау сатыларынан өтеді. Әрбір өмірлік кезең сатысында үйлесімсіздіктер әсерінен кәсіпорын алдына даму кезеңін жалғастыру үшін жаңа мақсаттар қойылады.  Даму және жетілу сатысында сыртқы орта жағдайы ұдайы өндіріс қызметінің жетіспеушілігіне алып келсе, ал әлуетті мүмкіндіктер қызметті өзгертуді, өндіріс жүйесінің құрылымын және басқа да параметрлерін өзгертуге мүмкіндіктері бар, кәсіпорын өзінің әрі қарай табысты дамуы үшін диверсификация стратегиясына жүгінуі мүмкін.

      Экономикалық әдебиетте диверсификацияның әртүрлі анықтамалары бар, осыған сәйкес мағыналық мәні де әртүрлі болып келеді. Барлық осы анықтамаларды екі қарама-қарсы көзқарасқа бөлуге болады. Бір авторлар диверсификация ұғымын өндіріс түрлерінің бір-бірімен байланыссыз біруақытта даму стратегиясы деп түсінеді. Басқа экономистер диверсификация ұғымын «кәсіпорын шығаратын өнім түрлерінің кеңеюі, өзгеруі, өндірістің жаңа түрлерін игеру» деп көлемді кең мағынада қарастырады. Бірақ өнім түрінің артуы саралау стратегиясының нәтижелеріне, технологиялық және экономикалық қатынастарда өткізу қолжетімді және кәсіпорын кезеңінің бастапқы сатысына енгізіледі. 

      Диверсификация  - өнім номенклатурасының кеңеюі ғана емес, сондай-ақ өткізу арнасы болып табылады деген ұғымдар кездеседі. Соңғы ұғым өндірісті мамандандыру стратегиясында да және өнімді саралау кезеңінде де орын алады.

      Әртүрлі ұстанымдарды талдау жасай келе өндіріс  диверсификациясы деп кәсіпорынның қызметі бір уақытта әртүрлі  өнімді шығаруын айтуға болады:

    1. “заттай” көзқарасқа байланысты өндірістер мен салалар;
    2. бір-бірімен өзара технологиялық байланысқан әртүрлі өндірістер;
    3. бір-бірімен технологиялық та заттай да байланыссыз өндірістер мен салалар;

     Диверсификация  түрлерін айта келе оның атауларында  еш бірлік мағына жоқтығын байқауға болады, осыған сәйкес ғалымдар да сол бір мағынаны пайдаланады, бірақ мәні мүлде өзгеше. О.С.Виханский және А.И.Наумов орталықтанған, көлбеу және конгломеративті диверсификацияны белгілеп көрсетеді. В.В.Гончаров диверсификация тік, көлденең бағытта және конгломеративті болуы мүмкін деп есептейді. Ресей Федерациясы бекіткен “тауар нарығының көлемі мен шекарасын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныста” стратегияның әртараптандырылған өсуін таңдайды, ол мынадай нысанда көрсетіледі:

    а) сала сыртындағы мүмкіндіктер;

    ә) шоғырланған  диверсификация;

    б) көлбеу диверсификация;

    в) конгломеративті диверсификация.

      Р.Б.Нодрезова  және Л.И.Цыгико фирма тауар түрінің  жалпы оңтайландыру міндеттерін  орындай келе маркетингтік стратегияны  саралауды, тік интеграцияны, диверсификацияны, тауарлық мамандандыру және әрі қарай шығарылған тауардың түрін оңтайландыру міндетінен шыға отырып, көлбеулі, шоғырланған және конгломеративті сияқты маркетингтік стратегияны бөлшектейді. Шетелдік әдебиеттерде сабақтас және сабақтас емес диверсификация ұғымы кездеседі. А.Гарнов, Ю.Байбиков және профессор У.Рор басқарған неміс ғалымдары диверсификацияның 3 түрін белгілейді: тік бағытты, көлбеу және латералды.

      Конгломеративті диверсификация жайында сөз болса немесе “латералды диверсификация” термині қолданылса, барлық авторлар кәсіпорынның қызмет сферасына оның өнімнің жаңа түрлерін игеруде профилімен байланысы жоқ ендіру деп түсінеді.

      Көлбеу  диверсификацияда мәндік мағынасынан  қарама-қайшылықтарды байқауға болады. Мұны біреулер технологиялық және құрылымдық қарым-қатынастарда ұқсас біркелкі бұйымдарды игеру есебінен өнім түрінің кеңеюі деп есептейді немесе кәсіпорын тауарларына ұқсамайтын өнім түрлерін бұйымдармен толтыру деп басқалары – номенклатураны сабақтас тауарларды игеру арқылы кеңейту, осыған сәйкес соңғысы нені білдіретіні түсініксіз. Көлбеу диверсификацияның тағы бір түсінігі бар, біз оған келісеміз, онда өндірістік бағдарламаны “заттай” жаңа өнімдерді қосу арқылы көбейтуге бағытталған.

      Шоғырландыру  диверсификациясын айта келе, ғалымдар мұнда да нақты анықтамалар бере алмайды. Мысалға, Р.Б.Ноздрева және Л.И.Цыгичко бұл кәсіпорын шығарып жатқан тауарлар, технологиялық және нарықтық қатынастарда аталған жаңа тауарлар түрі деп болжайды. Бұл анықтамалар әдебиеттерде кездесетін орталықтандырылған диверсификацияға ұқсас болып келеді.

      Сабақтас  және сабақтас емес диверсификация нысаны жайында да тура солай айтуға болады. Біздің ойымызша, сабақтас диверсификация қызметкер қашан пайдалануға болатыны, жақын технологиялар бір саладан екіншісіне, тауар маркасын тауардан тауарға нақты “стратегиялық сәйкессіздіктерге” ие бизнеске енгізуді айтады, яғни егер жалпы айтар болсақ бұл “сабақтас нарықтың сәйкестігі”, “өндірістік сәйкестік”, “басқару сәйкестігі”. Ұқсас “сабақтас” өте кең мағынада таралған. Ford компаниясының қаржы және кредитті басқару тәжірибелерінің несие-жинақ ассоциациясына автомобиль кәсіпорнына ауысуын мысалға келтіруге болады. Бірақ та мұны сабақтас деп атауға келе қоймас.

      Әдеби арналарын зерттей келе бірнеше авторлар диверсификация нысаны ретінде тік интеграцияны қарастырмайтынын атап көрсетті, ал басқалары оны “бір саладағы кәсіпорынның өндірістік кооперациясы немесе кәсіпшілік саласының сипаттары бойынша жақындығы” деп талқылайды немесе “кооперацияны, өндірісте жалпы қатысуымен байланысты кәсіпорынның өзара әсері, соңғы өнімнің тұтынуы мен сатылуын” айтады, тік интеграция бір кәсіпорынның шеңберінде болуы мүмкін және өндіріс диверсификациясының бір нысаны болып табылады. Осыған байланысты келісуге болмайды. Тік бағыттағы интеграцияны қабылдауының сату және тарату жүйесін немесе фирма жеткізушілердің үстінен бақылауды күшейтуі сияқты қабылдау нысандар түрлері бар. 

      Экономикалық  әдебиетті зерттеу және шолулар жүргізу диверсификация нысандарына қатысты өзіндік нақтылауды енгізуді және оның мәніне анықтамалар беруге мүмкіндік тудырды. Диверсификация нысандарына тік диверсификациясына (интеграцияны) көлбеу диверсификацияны және латералды (конгломеративті) диверсификацияны жатқызуға болады.

      Тік бағыттағы диверсификация (интеграция) – бұл өндірісте әртүрлі өнім өндіруде кәсіпорынның шоғырлануы, бірақ бір-бірімен өзара технологиялық байланысы бар, яғни шыққан шикізатты қайта өңдеп тізбекті саты нысанын құрама ұстануда немесе оны кешенді пайдалану және қалдықтарды кәдеге жарату. Егер кеңінен алатын болсақ, диверсификацияның берілген нысанында кәсіпорын қызметінің кеңейту үшін салалық өндірісті таңдайды (кәсіпшілік, ауылшаруашылық, құрылыс), сондай-ақ тасымалдауды және дайын өнімді өткізу, оның негізгі профиліне қатысты өндірістік-тауарлық кезең келесі сатыларда көрсетілетін болады. Мысал ретінде: мұнайды іздеу, игеру, тасымалдау, өңдеу; тігін, тоқымалау, матаны өңдеу және тігін өндірісі; цемент өндірісі, темір бетонды блоктар, кәсіпшілік және азаматтық құрылыстар; шикі сүт және сүт өнімдері өндірістері және оларды өткізу, яғни біртіндеп барлық топ пен қосылған тауар құнының операцияларын иеленді.

      Көлбеу  диверсификация – бұл “заттай” көзқарасқа байланысты салалар мен өндірістердің әртүрлі өнімдерді бір уақытта шығаруға кәсіпорынның бағыт беруі. Бұл байланыстар технологияның ұқсастығымен көрінеді, шикізат көздерінің жеткізушілермен, өнімді өткізу бірлігімен (тұтынушының әртүрлі сұранысын қанағаттандыру). Мұндай нысан алкогольсіз сусындарды өндіруде, негізінен алькогольді сусындарды өндіру кезінде; сүтті сусындарға қоса шырындарды өндіруде; нан-тоқаш өнімдерін және шұжық т.б. өнімдерін өндіруде көрініс табуы мүмкін. 

1- кесте. Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен алғышарттары

Диверсификация  нысаны Диверсификация  нысандарына енгізу алғышарттары Диверсификация  нысандарына енгізу мотивтері
Көлбеу  бағыттағы диверсификация
  • өнімді өткізуге жүйелі қатынас (“заттай” көзқарасқа байланысты өнімді, профилді өнімді өткізу мүмкіндіктері);
  • шикізат ресурстарын альтернативті пайдалану мүмкіндіктері;
  • артық капиталдың қолда бары;
  • технологияның икемділігі.
  • нарық жағдаятының ауытқуына қарсы әсері;
  • өнімнің әртүрлі түрлерінің өзара тәуекел таратулары;
  • жаңа нарықтарды жаулап алу;
  • өндіріс қуаттарын толық емес жүктеу;
  • бір жыл ішіндегі біркелкі емес жабдықтарды жүктеу.
Тік бағыттағы  диверсификация
  • капитал артықтығы;
  • синергетикалық нәтижелері-нен алу мүмкіндіктері;
  • өндіріс қалдықтарын пайдалану мүмкіндіктері;
  • шикізатты кешенді түрде пайдалану мүмкіндіктері.
  • өнім өндіру шығындарының азаюы, өнімді өткізу немесе өндіріс факторларын жеткізу шығындарының азаюы;
  • қосылған құнның және ізімен пайданың өсуі;
  • жеткізушілер мен басқа серіктестердің тәуелсіздігі;
  • салаларға капиталды енгізу есебінен қызмет тәуекелдігінің төмендеуі.
Латералды диверсификация
  • капиталдың артықтығы;
  • еңбек сиымдылығын анықтайтын өндіріс концентрациясын даму шегінің болуы;
  • дәстүрлі салалардағы пайда нормасының құлдырауы;
  • тауардың өмірлік кезеңінің болуы;
  • саланың өмірлік кезеңінің болуы.
  • капиталға қосымша жаңа саланы іздеу (дәстүрлі өндіріспен байланысы жоқ пайдалылығы жоғары салаларда);
  • нарық жағдаятының ауытқуына қарсы әсері;
  • нарық жағдаятының ауытқуына байланысты әәртүрлі өнім түрлерінің өзара тәуекел таратулар (кәсіпорын үшін дәстүрлі және дәстүрлі емес).
 

      Латералды (конгломеративті) диверсификация – бұл кәсіпорынның технологиялық және заттай бір-бірімен мүлде байланысы жоқ өндірістер мен салалардың өнімді шығаруына бағыт көрсетуі. Бұл стратегияны таңдай отырып, кәсіпорын әртүрлі нарықтарды және олардың сараланымдарына қызмет көрсетеді. Бұл сүт өнімдерін шығаратын және тігін өндірістері; арақ-шарап және полиграфиялық өнімдерді шығаратын өндірістер болуы мүмкін.

      Диверсификацияның әрбір нысаны енгізу алғышарттарынан  тұрады және кәсіпорын мотивтерімен бекітіледі. Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен  алғышарттары кестеде келтірілген (1-кесте).

      Белгіленген алғышарттар мен мотивтер диверсификациясының  осы немесе басқа нысандарын таңдауды анықтайды. Әр салада қысқа және орта мерзімдегі оның тартымдылық деңгейін және потенциалын анықтайтын бес фактор іске асырылады: сала өнімдерін шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік қарқындылығы; субститут-тауарларын өндіретін кәсіпорындармен бәсекелестік; жаңа бәсекелестердің пайда болу мүмкіндігі; нарықтағы сатып алушылардың жағдайы және материал мен шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас. Кәсіпорынның өмірлік кезеңінің алғашқы сатысында стратегияны қабылдау, тауарлық мамандандыру және тауарлық саралау диверсификациясы сала кәсіпорындары үшін көбінесе дәстүрлі тартымдылығымен ақталынады. Бірақ бәсекелестіктің күшеюіне байланысты нарық оның жағдаятына бейімделу қажеттілігін талап етеді; әртүрлі өмірлік кезеңді әртүрлі өнім түрлерінің өзара жағдаят ауытқуларына байланысты тәуекелділікті бөлу; нарық үлесін кеңейту; жаңа нарықты жаулап алу. Бұл жағдайда кәсіпорынның сапалы өсуі маңызды. Құрылған потенциал оны осылай жасауға мүмкіндік береді және жиі осылай істеуге талап етеді, өйткені кестеде көрсетілгендей кәсіпорында нақты алғышарттар және объективті мүмкіндігі бар: шикізат және технология, қалдықтар және де өндірістік қуаттық артықшылықтарын кешенді және балама қолдану. Нәтижесінде кәсіпорын өзіне жаңаша сапалы сатыға енеді – бұл тік интеграция стратегиясы немесе көлбеу диверсификация стратегиясын енгізумен қатар жүретін даму сатысы. Бұл тауарлық стратегияны таңдау, синергетикалық тиімділік береді, яғни синергизм концепциясына сәйкес, кәсіпорын ішінде әртүрлі қызмет түрлерін өзара күшейту және өзара байланысты қолдану арқылы нәтижелілікті жоғарылату тиімділігі. Ол өндіріс масштабын кеңейту арқылы жететін экономия ұстанымынан неғұрлым кеңірек стратегиялық экономия ұстанымына, оның негізгі көздері болып табылатын сабақтас қызмет түрлерінің бір-біріне сүйеу болатын ұстанымға өтуді көрсетеді.

     Бұл таңдау пайдалылыққа жетуді бағдарлауда  тиімді болып табылады. Осылай Кембридж университетінің профессоры Р.Румельт диверсификацияның пайдалылыққа әсері кәсіпорынның әртүрлі қызмет түрлерінің жақындық деңгейлеріне байланысты деп есептейді және оның ойынша диверсификация түйіндес салада, бір-бірімен байланыспаған, қызметтерді кеңейту салаларына қарағанда біршама жоғары пайдалылықты қамтиды. Бірақ та ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорынның кемелділік сатысында дәстүрлік және түйіндес салада тартымдылық азаяды және өндірістік қуаттар шамасы мен базалы технологиялар айырмашылықтары байқалады. Сондықтан, көптеген кәсіпорындар үшін мотивтерді ескере отырып, кемелдік сатысында латералды (конгломеративті) диверсификация стратегиялары тиімді болып табылады, өйткені әртүрлі салалардың өзара кеңеюі жиі ауысуы пайда нормаларының өсуі немесе төмендеуіне байланысты болғандықтан капитал әрқашан тежелуі төмен және саланы жоғары пайдалылықта дамытуға ұмтылатын сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасты ұстанады. Осыған дәлел ретінде, 1960 жылы АҚШ ірі компанияларының кез-келгені 13 салалы кәсіпорындар, 1965 жыл мен 70-жылдың басында – 20 саладан тұрса, осы компаниялардың 9-ы 50-ден астам әртүрлі салалы өндірістерден, ал 39-ы әрбіреуі 30-дан кем емес салаларға тараған. Кәсіпорындардың латералды диверсификация стратегиясына жүгінуі кәсіпорынның сыртқы жағдайларымен сәйкессіздігінің өсуі кезінде оның алдыңғы өз кезегіндегі тәжірибесін мүлде жаңа қызмет түріне өзгерту арқылы оның өмірлік кезеңін ұзартуға мүмкіндік береді.

     Өндіріс диверсификациясының алғышарттары мен мотивтерін белгілеу, мәні мен нысанын анықтау кәсіпорындардың диверсификация портфелі анықтамасына байыппен қарауға және сонымен қатар өзінің бәсекелестік қабілетін көтеруіне көмектеседі [1].   
 
 

    1.2 Диверсификацияның  экономикадағы қажеттілігі 

       Диверсификация – бұл ұмытылған ескіні жаңаша түрде жұмыс істету әдісі. Экономикада белгілі бір секторға ерекше тәуелділік (көбінесе бұл шикізат) – тәуекел іс. Қаншалықты шикізаттық бағасы бүгін жоғары болғанымен, ертең түсіп кетуі әбден мүмкін. Немесе ғылыми ой отын мен жанар-жағармайдың арзан және экологиялық таза түрін ойлап табуы мүмкін. Жоғары қарқында дамыған әлем мұнай ресурсы бойынша үлкен көрсеткішпен ерекшеленген және оған сәйкес қайта өңдеулерге қызығушылық танытуда, ерте ме кеш пе адамзат отынның балама түрін алады.                                                                                                                         

  Арасынша мұнай стратегиялық ресурс болып қалады. Елестету қиын, бірақ мұнай әрқашан бір бағада болмады. Тарихта ең алғаш мұнай алпауыты Джон Рокфеллер өзінің бірінші мұнай мұнарасын сатып алғанда бір баррель мұнай бағасы бес долларға әзер жеткен, кейде одан да аз. Көліктер болмаған,   сондықтан мұнайдан көбінесе керосин өңдеді. Электр көзінің пайда болу        “қара   алтынның” бұл тауашасын жапты.                                                                          

     “Standard oil” – мұнай серпілісіне негіз салған бірінші мұнай корпорациясы. Содан бері мұнай әрқашан және жер-жерде кім оны иеленсе және кім онымен жұмыс істесе солардың бәріне үлкен көлемде табыс алып келеді. Егер шикі емес мұнайды, яғни оны қайта өңдеп сатса, мұнай табысты өнім болып табылады. Және бұл бағытта сала өзі арнаулы әртараптандыруды қажет етеді. Барлық мұнай өңдеуші Ынтымақтастық елдер индустриясы КСРО кезінен бастап негізі салынды. Жабдықтау қызметінің мерзімі барлық мүмкін шектерден асып кетті. Сондықтан сала жаңғыртуға мұқтаж. Біз шикі мұнайды емес, оның өңделген өнімін экспорттауымыз керек. Бірақ мұнда тағы барлық мұнайлы  Ынтымақтастық елдерге тән мәселе туындайды, ол -  сала жаңғыртуына құрал тапшылығы. Мәселе мынада, мұнай өңдеуші салада құралды инвестициялау тиімсіз жоғары бағадағы мұнайды шикі “өнім” түрінде өндіру және сату қайта өңдеуге қарағанда өте тиімді және тәуекел аз. Сондықтан мұнай алпауыттары мұнай өңдеуші секторды дамытады деп үміттену қажет емес.

     Бұл мәселені тек мемлекеттік деңгейде шешуге болады. Сондықтан Үкімет  мұнай компанияларына үкіметтің  әсер ету рөлін күшейтуге  асығуда. Өткен жылы біз оны саясатта батыстағы  “Мәсімовтың мұнай басқыншылығынан” көрдік. Қазақтардың Қашаған, Құмкөл кен орындарын, “Богатырь” көмір кен орнын иелену үлесінің ұлғаюы дәл осы бағыттағы қадам болып табылады. Үкіметтің қолдауынсыз сала диверсификациясы мұнай өңдеуші өнімді ерекше экспортқа өткізу мүмкін емес. 2006 жылы мұнай өңдеуші зауыттарды қайта құру және жаңғырту бойынша жобалар шықты. Бұл зауыттың жұмысбастылығын, мұнайды қайта өңдеу тереңдігін, көлемін және мұнай өнімдерінің ассортиментін арттыруға мүмкіндік береді. Европалық стандартқа сай, жету керек экологиялық көрсеткіштер жақсарады. Бұл айтпақшы ДСҰ-ға кіру шартының маңыздысы. Бірнеше жаңа зауыттардың құрылысы жоспарлануда. Мұнай өңдеуші Түрік және Қытай жобалары қарастырылуы мүмкін.                            

     Барлық  ставка шикізаттық ресурсқа жасалғанда, ондай жағдайда экономика “голландиялық ауру” аталынады. Мұнай секторының тез өсуі экономиканың бәсекеге қабілетті мықты салалары олардан капиталын, жұмыс күшін, ғылыми кадрларын өзіне бағыттау арқылы жойылуына алып келеді. Индонезияда мұнай секторы каучук өнеркәсібін толық банкротқа ұшыратты. Ал Нидерландыда газ экспорты жалпы экспорттың және жеке өнеркәсіп өнімін экспорттаудың тез түсуіне алып келді. “Шикізаттың” ақша ағымы соңында ұлттық валютаның нақты деңгейінің аса көтеріліп кетуіне алып келеді. Мұнай өңдеуші салада еңбекақының өсуі өзімен басқа салада да еңбекақының өсуін тартады. Барлығы нақты өндірісте емес шикізаттың жоғары бағасында ұсталады, барлық өнім мен қызмет көрсетулерде баға өсуі болатын инфляция болады. Егер мұнай секторы өзінің “өніміне” деген жоғары сұраныс күшін көтере алса, онда энергетикалық емес салалар бірден құлдырауға ұшырайды.

Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі