өндірістен алынған дайын өнім шығымы

Жоспар

  1. Кіріспе................................................................................................................3
    1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі......................................................4
    2. Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы    анықтаудың өндірістік шығын есебі.......................................................10
    3. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................................................11
 

II.  Негізгі бөлім

    1. Дайын өнімнің есебі.................................................................................21
    2. Дайын өнім аудиті....................................................................................22
    3. Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының       есебі............................................................................................................23
    4. Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат.......................................................................................................27
    5. Шығынды бюджеттеу және бақылау......................................................28
 

III. «Сұлтан Маркетинг» компаниясы

    1. Компания туралы ақпарат.......................................................................31
    2. Компания өнімдері...................................................................................31
    3. Компанияның эксорт саясаты.................................................................32
 

IV. Қорытынды...................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.

    Бұл курстық жұмыс 3 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған. Үшінші бөлімінде    

    Дайын өнім дегеніміз - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте — бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді

    Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім»  деп аталатын активті инвентарлық  шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

    Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік  кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде  өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

    Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной  бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

    Қабылдау-тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін. 
 
 
 

1.1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі

    Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі  бір шығындармен байланысты.

    Шығындар  – активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.

    Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің  өзіндік құны жатады.

    Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі  аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

  1. пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
  2. өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу керек;
  3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.

    Сонымен бірге:

    а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. 1БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекақы шығындары;
  • аударым;
  • құралдың тозуы;
  • басқадай шығындар;

    ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.

    БЕС 7-ге оған жататындар:

  • материалдар;
  • еңбекақы;
  • аударым;
  • үстеме шығандар.
 

Элементтер  бойынша және калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру

Экономикалық  элементтер Сома Калькуляция баптары Сома
1. Материалдық  шығындар 7800 1. Материалдар 25200
2. Еңбекақыға кететін шығындар 17000 2. Сатып алынатын  жартылай өнімдер, жиынтықтаушы  бұйым және т.б. 41000
3. Аударым 3980 3. Қайтарылатын  қалдықтар (ұсталым) (2400)
4. Құралдың  тозуы 6300 4. Технологиялық  мақсатқа арналған отын және  энергия 9100
5. Басқадай  шығындар 11720 5. Еңбекақы 10000
Барлығы: 117000 6. Аударым 2340
Өндірістік  емес шотқа есептен шығарылады (-) (қайтарылған қалдықтар құны, ақауға кінәліден шығынның орны толтырылды) (3600) 7. Әзірлік және  өндірісті игеру шығындары 4060
Аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруі (+) 600 8. Үстеме шығындар

9. Басқадай  шығындар

17500

7200

Барлығы: 114000 Барлығы: 114000
 

    Экономикалық  шығындар бойынша шығын (117000 теңге) және калькуляция баптары бойынша  шығын (11400 теңге) өндірістік емес шотқа  есептен шығару бөлігінде корректив  элементі бойынша қорытындыға салғанға дейін аяқталған өндіріс қалдығының өзгеруі сан жағынан бірдей емес. Шығындардағы айырмашылық, сонымен қатар, ұқсас атауда элемент және калькуляция бабы бойынша бар. Мысалы, «Еңбекақыға кететін шығын» экономикалық элемент бойынша 17000 теңге, ал «2Еңбекақы» калькуляция бабы бойынша 10000 теңге көрініс тапты. Айырмашылық құрал-сайманды күтумен құғылданатын қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығындарда, яғни үстеме шығындарында ескеріледі.

    Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша  шығынды есепте топтастыру өзара  байланысты, өйткені олар құрамы және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементтік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.

    Экономикалық  элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.

    Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін. 

№ р/с Жіктеу тобы Шығындар
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша
  • негізгі
  • үстеме
2 Өнімнің өзіндік  құнына салу тәсілі бойынша
  • тікелей
  • жанама
3 Құрамы бойынша (біртектілік)
  • бір элементі
  • кешенді
4 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша
  • өзгермелі
  • тұрақты
5 Пайда болу кезеңі бойынша
  • ағымдық
  • біруақыттық
6 Өндіріс процесіне  қатысуы бойынша (басқару қызметі  бойынша)
  • өндірістік
  • әкімшіліктік
  • коммерциялық
7 Тиімділігі  бойынша
  • өндірілетін
  • өндірілмейтін
8 Бақылау мүмкіндігі бойынша
  • реттелетін
  • реттелмейтін
9 Орташалау деңгейі  бойынша
  • жалпы
  • орташа
10 Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет-ретімен көшіру
  • өнімге
  • кезеңге
 

    Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.

    Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.

    Бір элементті – бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).

    Кешенді – бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).

    Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байлынысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады.

    Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын – бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).

    Шығындар  бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы – бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады).

    Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі  салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде – барлық шығындар тікелей болып табылады).

    Өзгермелі – оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі. 
 

Өзгермелі шығын сомасы, теңгемен

    

3000 

2000 

1000 
 

                   100    200     300   400   Өндіріс көлемі, бірлікте

1-сурет.  Өндіріс көлемі мен өзгермелі  шығын сомасының арасындағы байланыс 

    1-суретте  көріп отырғанымыздай, жалпы өзгермелі  шығын өндіріс көлеміне үйлесімді өседі. Өндіріс көлемі 100-ден 200-ге дейінгі бірлікке артқанда, жалпы өгермелі шығын 1000-нан 2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі шығын өнім бірлігіндегі есеп айырысуда көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік болса да – бірінші ме, екінші ме, үшінші ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп атау әдетке айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден екі түрлі рөл ойнайды. 

Көлем, бірлікте Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен
100 10 1000
200 10 2000
300 10 3000
400 10 4000
 

    Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал, жарнама шығыны және т.б.).

    Егер  көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. 

Тұрақты шығынның жалпы сомасы, теңгемен

300 

200 

100 
 

              1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өндіріс көлемі, бірлікте

2-сурет. Тұрақты шығынның жалпы сомасы мен өндіріс көлемінің арақатынасы 

    2-ші  суреттен көріп отырғанымыздай, өндіріс көлемі өзгерсе де  тұрақты шығын өзгеріссіз қалған. Егер өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік құны кемиді. 

Көлем, бірлікте Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен
1 300 300
2 150 300
5 60 300
15 20 300
20 15 300
25 12 300
30 10 300
 

    Ағымдағы  – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).

    Бір жолғы – демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.

    Өндірістік  – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім).

    Әкімшілік – жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындаудағы шығындар.

    Коммерциялық  (өндірістен тыс) – өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.

    Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.

    Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).

    Реттелетін  – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).

    Реттелмейтін  – қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).

    Жалпы – өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.

    Орташа  – есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.

    Өнімге  - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).

    Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).

    Калькуляциялау  туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:

    1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:

  • негізгі – өндірістен технологиялық процесімен тікелей байланысты;
  • үстеме – өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
  • тікелей – өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
  • жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
  • кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
  • біткен (шығынға кеткен материалдар).
  1. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
  • өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді өзгереді;
  • тұрақты – өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
  • қайтарылмайтын – өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
  • міндеттік – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
  • айыптық (өсетін) – қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы үшін төлеу);
  • маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
  • релеванттық – тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты.
  1. Шығындарды басқару мақсатына бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
  • реттелетін;
  • реттелмейтін;
  • тиімді (өндірмелі);
  • тиімсіз (өндірілмейтін);
  • бақыланатын;
  • бақыланбайтын.
 
 
 

1.2. Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі

    Өндіріске кететін шығын есебіне 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс», 8410 «үстеме шығындар» шоттары пайдаланылады.

№ р/с Шаруашылық  операциялардың мазмұны Дебет Кредит Сома
Негізгі өндірістің шығын  есебі
1 Негізгі өндіріске материал босатылды 8110 «материалдар» 1310 «материалдар» 52400
2 Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелді 8112 «Өндіріс  жұмысшыларының еңбекақысы» 3350 «еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» 200000
3 Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы қорынан аударым жүзеге асырылады 8213 «Еңбекақыдан  аударымдар» 3150 «әлеуметтік  салық» 37800
4 Негізгі өндіріс  шығынына үстеме шығындар қосылды 8114 «үстеме шығындар» 8410 «үстеме шығындар» 32700
Үстеме  шығындар есебі
5 Материалдар бойынша 8411 «материалдар» 1310 «материалдар» 263800
6 Негізгі өндіріс  жұмысшыларына еңбекақы есептелді 8412 «қызметкерлердің  еңбекақысы» 3350 «еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есеп  айырысу» 150000
7 Өндіріс жұмысшыларына  еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды 8413 «еңбекақыдан  аударымдар» 3150 «әлеуметтік  салық» 28350
8 Негізгі құралдың есебінен жөндеу шығыны 8414 «негізгі  құралдарды жөндеу» 1310 «материалдар», 3350 «еңбекақы бойынша қызметкерлермен  есеп айырысу», 3150 «әлеуметтік салық» 76000
9 Материалдық емес активтердің амортизациясы мен  негізгі құралдардың тозуы есептеледі 8415 «негізгі  құралдардың тозуы және материалдық  емес активтердің амортизациясы» 2740 «материалдық  емес активтердің амортизациясы», 2420 «негізгі құралдардың амортизациясы», 12300
10 Коммуналық  қызмет көрсету сомасына 8416 «Коммуналдық  қызметтер» «төленуге тиісті шоттар» 9360
11 Жалдың (аренда) төлемақысы есептелді 8417 «жалдың төлемақысы» 3360 «жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» 32400
12 Басқадай үстеме шығындар жүзеге асырылды 8418 «басқадай  үстеме шығындар» әр түрлі 27600
13 Үстеме шығындардың өзіндік құны есептелді 8410 «үстеме шығындар» 8114-8313 «үстеме  шығындар» 599810
Қосалқы өндірістің шығын  есебі
14 Материалдар босатылды 8211 «материалдар» 1310 «материалдар» 300000
15 Негізгі өндірістің жұмысшыларына еңбекақы есептелді 8212 «өндіріс  жұмысшыларының еңбекақысы» 3350 «еңбекақы  бойынша қызметкерлермен есеп  айырысу» 100000
16 Өндіріс жұмысшыларының еңбекақы қорынан аударым жүзеге асырылды 8213 «еңбекақыдан  бөлінетін аударымдар» 3150 «әлеуметтік  салық» 18900
17 Үстеме шығындардың сомасына 8214 «үстеме шығындар» 8410 «үстеме шығындар» 272810
18 Қосалқы өндіріспен орындалған жұмыстың өзіндік құны есептелді 8310 «қосалқы  өндіріс» 8311-8313 «қосалқы  өндіріс» 691710
19 Негізгі өндіріс  шығындарына қосалқы өндірістің қызметі (қызмет көрсетуі) қосылды 8110 «негізгі  өндіріс» 8310 «қосалқы  өндіріс» 545855
20 Тараптарға  қосалқы өндіріс орындаған қызмет көрсету босатылды 7010 «сатылған өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» 8310 «қосалқы  өндіріс» 145855
 

    1.3. Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау

    Өнімнің өзіндік құны –  бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

    Калькуляциялау  – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланылады.

    Калькуляцияда субъект шығындары ақшалай түрде  қорытындыланады.

    Калькуляцияның  мына түрлері болуы мүмкін:

  • жоспарлы – еңбек шығының, озық техника мен өндірістің және жұмыстың жақсы ұйымдастырылуын білдіретін өндіріс қаражатының озық (прогрессивті) нормасы негізінде жоспарланған кезеңге жасалады;
  • есеп берушілік (нақты) калькуляция - өнімнің өзіндік құны кәсіпорынға тәуелді (өндіру, үнемдеу немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе жекелеген ресурстарды артық шығындау бойынша жоспарлы көрсеткіштердің асыра орындалуы немесе кем орындалуы) және тәуелді болмайтын (материалдар құнын, амортизациялық аударымдардың нормасын, электр энергиясына, жылуға, газға, суға және т.б. тарифін өзгерту) себептер бойынша жоспардан ауытқуы мүмкін нақты шығындармен сипатталады;
  • нормативті калькуляциялар – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол шығын есебінің нормативті әдісін қолданатын және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайтын кәсіпорында жасалады. Оның негізінде көбінесе қол жеткізген шығын деңгейін сипаттайтын ағымдағы әрекет ететін нормалар жатады. Нормативті калькуляция жоспарлымен салыстырғанда есептік кезеңдегі өнім өндіруге кететін шығын деңгейін әлдеқайда нақты көрсетеді;
  • жобалық калькуляция – келешекке құрылған жоспарлы калькуляцияның әр түрлілігі болып табылады. Ол күрделі салымның, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады;
  • алдын ала жүргізілетін калькуляция – нақты шығын негізінде және он айда немесе төртінші тоқсандағы немесе басқа кезеңдегі болжалдық өнім өндіру мен шығын бойынша есеп айырысудың басқа кезеңінде алынатын нақты өнім (табыс) негізінде жасалады. Бұл калькуляцияның мәліметтері өнім өндірудің ағымдық жылдағы нәтижесін алдын ала анықтауда қолданылады. Мұндай калькуляциялар, негізінде, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында қолданылады.

    Калькуляция барысында шығын есебінің объектісін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау объектісін дұрыс анықтау қажет.

    Шығын есебінің объектісі  – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

    Калькуляциялау  объектісі –  кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі – ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі – сүт, төл, көң).

    Кешенді өндірістерде біртұтас технологиялық  процесте шикізаттың бір түрінен  әр түрлі өнім өндіреді және өндірістің жалпы шығыны өз араларына бөліп таратылмайды. Бір өнім бірлігінің өзіндік құны мына әдістердің біреуімен анықталады.

    Шығынды шығарып тастау әдісі  – мұнда өнім өндірудің бір түрі негізгі, ал қалғаны ілеспе ретінде қарастырылып, жалпы өзіндік құннан жоспарлы өзіндік құн бойынша ілеспе өнімнің өзіндік құнын шығарып тастайды, ал алынған шама негізгі өнімнің өзіндік құны болып табылады.

    Құрамдастырылған әдіс – негізгі және ілеспе өнімнің бірнеше түрін өндіретін өндірістік кешенде қолданылады. Шығарып тастау әдісі мен шығындарды бөлу элементтері ұштастырылады. Мұнда алғашқыдағы шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құнын шығарып тастайды, ал шығынның қалған бөлігі белгіленген коэфиценттерге сәйкес негізгі өнімдерге бөлінеді.

    Кезеңдер:

  • кешенді шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің өзіндік құны шығарылады;
  • шығынның қалған сомасынан нақты өнімге тікелей көшірілуі мүмкін оның бір бөлігі шығарылады;
  • шығынның қалдығы белгіленген коэффиценттерге сәйкес өнімдерге бөлінеді;
  • тиісті өнімдердің өзіндік құнының жалпы шамасы анықталады.

    Шығын есебінің объектілері бойынша тапсырыстық калькуляцияның процестік әдісі бөліп көрсетіледі.

    Тапсырыстық әдіс – технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады.  Бұл әдіс, әдеттегіше, бір типті өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету сласында қолданылады.