Өндірістік кооператив

                                

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

      Кіріспе.................................................................................................3-5

      Негізгі бөлім:

           1. Өндірістік кооперативтік түсінігі және теориялық

                негіздері.....................................................................................5-9

           2. Қазақстандағы өндірістік кооперативтің құрылымы және  

               оның сипаттамасы (Мақта шаруашылығы).......................9-14

          3.  Қазақстандағы өндірістік кооперативтің дамуы.............14-19

     Қорытынды........................................................................................20-22

    Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................22-23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді.

       Кәсіпкерлікті    үйымдастырудың формасы   ретінде   кооперативтердің мәні   мынада: олар   өзінің мүшелері   аударатын   заттай   болсын, қаржылай   болсын   пайлық   жарнаның  есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың,   қызмет  көрсету   немесе   қызметтің   басқа да түрлерінен түсетін   пайданың   есебінен   толығып   отырады.  Жоғары   ұйым         болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.       

       Әр   елде   әр   түрлі жағдайда   дамығанымен   қоғамның   түрлі салаларында  қатысуы   талассыз қалыптасып қалған кооперативтердің пайда болуы табиғаты мен дүниедегі кооперативтік қозғалыстың экономикалық мәні теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етеді. Кооперацияның да өз теоретиктері бар, олар кооперация феноменіне теориялық анықтама беріп, оның түрлі елдердегі қоғамдақ формацияның қандай   болғанына   қарамастан даму үрдістерінің заңдылықтарын белгілеуге тырысады.

        Кооперативтік   жұйенің   теориялық    негіздерін зерттеуді «кооперация» ұғымының түп-төркінінен бастайық. «Кооперация» сөзі латынның соореration—ынтымақтасу,   ағылшын тілінде cooperation деген сөз адамдардың шаруашылықтар одағына бірігі үдерісін білдіреді, немістерде   кооперация – mitwirking –бірлесіп   жасалатын   қызмет деген ұғымды білдіреді. КООПЕРАТИВ (лат.соореration—ынтымақтастық)—меншікті,   жалға  алынған немесе тегін пайдалануға берілген мүлік негізінде қандайда болсын қызметті бірлесіп жүргізу үшін ерікті түрде бірікккен азаматтар ұйымы. Кооперация сөзі Ресейде алғаш рет 1866 жылы Эд. Пфейфердің «Об Ассоциациях» кітабын орыс тілінде аудару нәтижесінде пайда болды.

      Кооперативтердің өзге бір тобы тұтыну кооперативтері деп аталады, ондай кооперативтер саудадағы және кәсіпкерліктегі өсімдерді болдырмайтындай тұтынушылық мақсаттарды шешуге арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өндірстік кооперативтің түсінігі.

       

        Өндірістік кооператив — деп  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік  қызмет үшін мүшелік негізінде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік  кооператив мүшелерінің мүшелік жарналарын (акция) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік деп танылады. Кооператив мүшелері екі немесе азамат басынан құралуы қажет. Өндірістік кооперативтің мүшелері өзінің міндеттемелері бойынша өндірістік коператив туралы заңда көрсетілген мөлшер мен тәртіпке бағынуы қажет. Ссонымен қатар өзінің құқығы Заң Кодексінде белгіленген.

         Өндірістік кооперативтің өзіндік  жарғысы бар. Жарғыда: өндірістік  кооперативтің атауы,тұрғылықты орны, оның органдарының құру тәртібі және олардың құзіреті , қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленген. Бұл мәліметтерден басқа кооператив мүшелері жарнасының мөлшері туралы, кооператив мүшелерінің құрамы мен жарна қосу тәртібі және олардың жаранларды енгізу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы, кооператив қызметіне оның мүшелерінің    еңбекпен қатысуы  жөніндегі міндеттемелерді үшін жауапкершілігі          туралы,  кооперативтің  таза табысын бөлу  тәртібі туралы,  кооперативті  басқару органдарының  құрамы  мен құзіреті  және  олардың шешімдер  қабылдау,  соның ішінде  шешшімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен  қабылданатын мәселелер жөніндеегі шешімдер  қабылдау  тәртібі туралы  ережелер  болуға тиіс.  Егер заңды тұлғаны бірадам құрса. Онда оның қызметін  қайта  құру  мен  тоқтату  ережелері белгіленеді.      Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

          Өндірістік    кооперативтің    мүлкі.   Өндірістік коопераативтің   мүлік,  егер   кооперативтің   жарғысында   өзгеше   көзделмесе ,  оның  мүшелерінің   пайдаларына  олардың  жараналарына  барабар    бөлінеді . Кооператив   таза табысы  оның  мүшелері  арасында,   егер кооператив   жарғысында   өзгеше  тәртіп  көзделмесе,  олардың  еңбекке   қатысуына  сәйкес   бөлінеді.   Өндірістік кооператив  таратылған  немесе  кооператив  мүшесі  одан  шыққан  жағдайда  кооператив  мүшесінің  өз  ұпайын  бөліп  алуға құқылы.

           Өндірістік   кооперативті   басқару. Бұл туралы азаматтық кодекстің  99-бабында   жазылған.  Бапта:Өндірістік кооперативті басқарудың жоғарғы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.Өндірістік кооперативте кооперативтің атқарушы органдарының қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесі құрылуы мүмкін.Қадағалау кеңесі мүшелерінің өндірістік кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.Басқарма және оның  төрағасыа кооператив қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі мен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.Тек кооператив мүшелері ғана қадағалау кеңесі мен өндірістік кооператив басқармасының мүшесі бола алады.Кооператив мүшесі бір мезгілде қадағалау кеңесініің мүшесі және басқаарма мүшесі бола алмайды.

        Өндірістік кооперативті басқару органдарының құзіреті, сондай-ақ олардың шешім қабылдау және кооператив атынан әрекет жасау тәртібі заң құжатттары мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

         Өндірістік кооператив мүшелерінің  жалпы жиналысының ерекшк құзіретіне мыналар жатады:

1.коопператив жарғысын  өзгерту;

2.атқарушы ,тексеруші  органдарды және қадағалау кеңесін  құру мен олардың мүшелерін  кері шақырып алу;

3.кооператив мүшелерін  қабылдау және шығару;

4.кооперативтің қаржы  есебін бекіту және оның таза  табысын бөлу;

5.кооперативті қайта  құру мен таратуды шешу.

Жалпы жиналыстың ерекше құзіретіне заң құжаттары мен  құрылтай құжаттарында басқа мәселелерді  шешуді де жатқызуымүмкін.Жалпы жиналыстың немесе кооперативтің қадағалау  кеңесінің ерекше құзіретіне жатқызылған мәселелерді олар кооперативті ңатқарушы органдардығң шешуіне бере алмайды.

       Жалпы  жиналыс шешімдер қабылдаған  кезде кооператив мүшесінің бір  даусы болады.

        Өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. Бұл ретте оған оның  жарнасы төленуге немесе берілуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуғу тиіс.

      Кооперативтен  шығатын мүшеге жарна мен басқа  мүлік есепті кезең аяқталып, кооперативтің қаржы есебі бекітілгеннен  кейін беріледі.

        Өндірістік кооперативтің мүшесі өзіне кооператив жарғысында жүктелген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,сондай-ақ заңқұжаттары менқұрылтай құжаттарында көзделген басқа да реттерде жалпы жиналыстың шешімі бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкін. Өндірістік кооперативтің мүшесі кооперативтен соған ұқсас кооперативке мүше болуына байланысты жалпы жиналыстың шешімі бойынша бойынша шығарылуы мүмкін. Өндірістік кооперативтің одан шығарылған мүшесі өз жарнасын және жаңа айтылғандай сәйкес кооператив жарғысында көзделген басқа да төлемдерді алуға құқылы.

        Өндірістік кооперативтің мүшесі  өз жарнасын немесе оның бір  бөлігін, егер заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарында өзгеше  көзделмесе, кооперативтің басқа  мүшесіне беруге құқылы. Өндірістік кооперативтің мүшесі болып табылмайтын азаматқа жарнаны беруге кооперативтің келісуімен ғана рұқсат етіледі.Бұл ретте кооперативтің басқа мүшелері мұндай жрнаны сатып алуды басым құқықты пайдаланады.

        Өндірістік кооперативтің мүшесі  қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлері,егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүщесі етіп қабылдануы мүмкін. Қайтыс болған кооператив мүшесінің мұрагері кооперативкекіруденбас тартқанда немесе кооператив мұрагерлері қабылдаудан бас тартқанда оған мүліктегі қайтыс болған кооператив мүшесінің пайына бара-бар үлес,сондай-ақ кооперативтің таза табысын қайтыс болған адамға тиесілі бөлігі және кооператив қызметінеқосқан жеке еңбегі үшін сыйақы төленеді

         Өндірістік кооператив мүшесінің  жарнасынан оның жеке борышын өндіріп алуға оның мұндай борышты заң құжаттары мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша жабу үшін басқа мүлкі жетпеген жағдайда ғана жол беріледі.

         Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкін. Өндірістік кооперативті қайта құрудың және таратудың өзге негіздері мен тәртібі  Азаматтық Кодексте және басқа заң құжаттарында белгіленеді.Өндірістік кооператив өз мүшелерінің бірауызды  шешімі бойынша шаруашылық серіктестігі болып қайта құрылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстандағы өндірістік кооперативтің құрылымы және

оның сипаттамасы 

       2006 жылғы 1 қаңтар санақтары бойынша Қазақстанда 2384 өндірістік кооператив бар екен.Соның ішінде олардың тек 856-ы ған жұмыс атқарып тұр. Алдыңғы орында Оңтүстік Қазақстан. 1789 оның 552 өз жұмысын жалғастыруда.Соның ішінде бір өндірістік кооперативке тоқталар болсақ. Қазақстанның оңтүстігінде мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауыл шаруашылығы өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлес салмағы 40% тең.Ілгері колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемдерінің негізінде құрылған шаруа қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасқан.

          Республикадағы  қазіргі мәліметтер бойынша жеңіл  өнеркәсіп саласы тұрақты тоқырау  жағдайынан шыға алған жоқ.  Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі  осы сала өнімінің үлесі 1-2% құрайды.,негізгі қызметтен алынған пайдалылық теріс мәнге ие, мата өндірісінің қуатын пайдаланудың деңгейі 22,6% құрайды. 2000-2005 жылдары жеңіл және тігін өнеркәсіптерінде өндіріс көлемі 37,8 млрдтан 30,7 млрд. теңгеге дейін төмендеген.

          Облыстық статистика басқармасының  шаруа қожалықтарының қызметі  туралы мәліметтерінде , облыс бойынша  2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында 67,1 оның 60,1 мыңы, яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар  қатарына жатады.

        Шаруа қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал,яғни барлық шаршуашылықтың 33,0% құрайды. Одан екйінгі орында Сарыағаш 11,4% аудандары және Түркістан қаласында 10,6% тіркелген.

        2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді  шаруа қожалықтарында 159,8 мың адам  жұмыс істеді,оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі.Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа қожалығында үш адам жұмыс істейді.

2006 жылғы 1 қаңтарға  шаруашылық санаттары бойынша  ауылшаруашылығы құралымдарының  нақты бары 

 

2006 жылғы 1 қаңтарға  шаршушылық санаттары бойынша жұмыс істеп                                                                 тұрған ауыл шаруашылығы құралымының нақты бары

 

 

        1-кестедегі мәліметтер мен ақпараттар  мақта шаруашылығында қалыптасқан  қазіргі өндірістік жағдаы сипатталады.   

Осы кестеде көрсетілгендей, мақта шаруашылығымен айналысатын  ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының егістік жер көлемі кему үрдісі байқалады. Олардағы егістік 2001 жылы 28,8 мың га болса,2006 жылы 16,6 мың гктарға дейін  азайған , сөйтіп тиісінше 84,7% құраған.Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа қожалықтарының бөлініп шығу үрдісі аяқталмаған. Ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарданшаруа қожалықтарының бөлініп шығу үрдісі аяқталмаған. Ірі ауыл шаруашылық кәсәпорындарында тұрақты шаруашылық—экономикалық жағдайы қалыптаспаған.Сондықтан олардың экономикалық—қаржылық  жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.

     Кестедегі  үрдіске керісінше шаруа қожалықтарының  мақта алқабы 127,3 мың гектардан  182,0 мың гектарға дейін артқан (143,3%).Бірақ егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнімнің тұрақтылығы және өсу үрдісі байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар: 2000жылы орташа көрсеткіш гектардан 24,1 ц болса; 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.

        Жұртшылықшаруашылығында мақта  алқабының егістік көлемі қысқарған:2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га-ны құраған, яғни 10еседен астам қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек)нгілген және шаруа қожалыұтарының құрамына қосылып біріккен.

          Оңтүстік Қазақстан облысның мақта саласына мамандандырылған аудандарының суармалы жерлерінде мақта дарадақыл болып қалыптасқан.Мақтаарал ауданында басқа дақылдардың құрылымдық үлес салмағы 2004-2006 жылдары 11,8-14,4%  аралығында, Шардара 14,0-15,6%,Түркістанда 18,0-19,2% құрайды.Мұндай жағдайда мақта өндірісінің жалпы өнімі және оның құны сәйкес келеді.

        Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  мақта саласындағы бір агроқұрылымдықның  орташа жалпы өнімі 2-кестеде  көрсетілген. Оның көлемі және  пайдалық деңгейінің төмендеуі байқалады.

Бұл көрсеткіш2001-2005 жылдары 534,9 мыңнан 441,8 мыңға дейін ауытқыған.2004 жылы 2001 жылмен салыстырғанда  пайдалық деңгейі 2,2 есеге төмендеген.

          Агроқұрылымдардағы жер көлемінің  ұсақтылығы агротехнология бойынша орындалуға тиісті агротехнологиялық шаралардың үздіксіз дер кезінде орындалуын қамтамасыз ете алмайды.Осының салдарынан олардағы  өндірістің тиімділігі төмен өздері бәсекеге қабілетсіз болып қалыптасқан.

         Мақта өсірудің эканомикасынан  белгілі болғандай, ірілендірген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын—жерді, капиталды және тиімді экономикалық,, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.

         Мақта саласының соңғы жылдардағы  тиімділігі негізінен рынокта қалыптасқан шитті мақтаныңң орташа конъюнктуралық сату бағасына тікелей байланысты.Ол 2001 жылы –43750 теңге/тонна, 2002 ж.—50400, 2003 ж.—72600, 2005 ж. –43300 және 2006 ж.—48000 теңге/тонна болған.

        Осы көрсеткішке байланысты шитті  мақтаның пайдалылық деңгейі 2003 жылы 40,5% болса, 2004 жылы—5,4% төмендеген. Мақта өсіретін агроқұрылымдықдарда шаруашылықты интенсивті жолмен ұйымдастыру тиімділікке бастайды, оның маңызды шарты -- өндірісті шоғырландру және ресурстарды тиімді пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстандағы өндірістік көөперативтің дамуы.

       Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан» айдарымен жарияланған  Қазақстан халқына арналған жолдауында  еліміздің дамуындағы жаңа кезеңінде  аса маңызды отыз бағытының төртіншісі. «ҚазАгроның» негізгі міндеті—ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру , жердің тозыуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу екендігі атап айтылған.

       Мақта  шаруашылықтарының тиімділік деңгейін  арттыру үшін олардың шаруашылық  қызметін ауыл шаруашылығындағы  агроөнеркәсіп кешенімен тығыз байланыста қарастыру керек. Себебі мақта шаруашылықтары, әсіресе қазіргі кезде тек шикізат шығару арқылы өздерінің тиімділіктерін көтере алмайды. Демек, агроөнеркәсіптік кешенді жаңа инновациялық технологиялық негізінде дамыту керек, түрлі пластерлер ұйымдастыру арқылы ауылшаруашылық өнімдерін тереңдете өңдей отырып, бәсекеге қабілітті, сапалыда, арзан бағалы дайын азық-түлік, мата, киім-кешек тауарлар өндірісін жүйелі мамандандыру және қалыптастыру қажет, яғни осы саланы әртарптандырудың маңызы зор.

    Біз қарастырып  отырған мәселе—жеңіл өнеркәсіп  өндірісінің және сол саланың  шикізат базасын құрайтын мақта  кешенінің проблемаларымен оларды  шешудің жолдары болып табылады.

      Бүгінгі  жеңіл және тігін өнеркәсібі салалары ішкі рынок сұранысының 7-8% қамтамасыз етеді мұның басым бөлегі мемелекеттік тапсырма есебінен қорғаныс, ішкі істер тағы басқа құқық қорғау органдарының арнайы үлгідегі киімдері құрайды. Еліміздің қауіпсіздігін қамтамсыз ету үшін мақта мата таураларымен рыноктың ең кемінде 30% қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар мамандардың әр түрлі болжамдары бойынша мемлекетімізде  азық-түліктен басқа тауарлар тобы рыногінің бір жылдық сыйымдылығы 1,5-1,0 млрд АҚШ долларына тең. Бұл көрсеткіштің жылдан-жылға жоғарылау үрдісі байқалады. Осы көрсеткіштің жартысы киім кешек рыногін құрайды.

          Ағымдағы уақытта кәсіпкерлердің  шеттен алып келінетін жеңіл  өнеркәсіп тауарларына жұмсайтын  қаржысының мөлшері  1млрд АҚШ  долларынан артық. Жоғарыда келтірілген  сандар елімізде мата, киім-кешекке сұраныстың, рынок сыйымдылығының едәуір екендігін айқындайды. Осы рынокта игеру үшін мақсатты бағдарламаны жүзеге асыру қажет.

          Тарихи деректерге қарағанда, XYII ғасырда Ресей мемелекеті өнер- кәсібінің  дамуы мануфактурадан—жіп иіру және мата тоқудан бастау алған: ресейдің капиталистік қорым жинаудың болашағын қалау жкңіл өнеркәсіптен басталған, бұл сала капиталдың бастапқы қорын жинауға айрықша кезеңге мұқтаж болмастан жедел түрде ішкі рынокті иеленген:

       Қытай, Туркия, сондай-ақ Пәкістанда соңғы 10 жылдағы эканомиканың табысты бөлуіне жіне халықтың экономикалық реформалраға әлеуметтік тұрғыдан тез икемделуіне жеңіл өнеркәсіптің даму әулеті негіз болған, әсіресе өмірлерде жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызды ролі бар. Бұл мәселе Қазақстанғада қажет болып отыр.

        Қазақстанның  оңтүстік өңірінде  осы проблемаларды шешу мақсатында  оңтүстік Қазақстан облысының  маақта өндірісіне мамандандырылған  агроқұрылымдардың өндірістік экономикалық  көрсеткіштеріне талдау жасалды, олар аймақтағы қазіргі қалыптасқан жағдайды сараптауға мүмкіндік береді.

 

 

 

  

 

 

Қорытынды.

        Қазақстан   экономикасының   нарықтық   жолға  түсуімен  сйәкес макро   және микро деңгейде өндірісті ұйымдастырумен байланысты көптеген   күрделі   мәселелер кездесуде, нарықтық жолға көшудің ерекшілігі   өндірістік   кәсіпорын,  фирмалар   көлемінде дербес жүргізілуде.

         Кәсіпорын   күрделі интеграцияланған әлеуметтік - экономикалық  жүйе   ретінде   сұраныс   пен ұсынытарды белсенді құрайтын тұтас нарықтық субъект болып табылады.   Осы   жағдай   қазіргі кәсіпорындардың өндіріс сферасын таңдауда, өнімнің түрі мен көлемін белгілегенде ескерілуге тиіс. осы сұрақтарға нақты жауп беретін өндіріс теориясы.

        Айтылғандарды   қортындылай   отырып   біз кооперация түсінігін еңбек   адамдарын  ерікті түрде бірігу мен, оның жұмысына материалдық және материалдық емес игіліктерге иелену үшін қатысу мен оның жауапкершілігін бірдей бөлісу институты деп танимыз.

    Аграрлық экономика  саласындағы ғылымдардың пікірлерін салыстыра келе біз кооперацияны, демек кооперативтерді де, мынадай белгілері арқылы қызмет етіп аясына қарап айқындаймыз.

Қызмет түріне қарай  кооперация кооперативтің өзінің түпкі  мұратына жететін мақсаттар тобына қарап – я еңбек өнімділігін арттыру үшін, я болмаса өндіріске кететін шығындарды азайту үшін құрылатынын байқаймыз.

       Еңбек   өнімділігінің   көтерілуі   бірлескен   өнімді   еңбек   нәтижесінде болуы   мүмкін,   яғни   өндірісті   бірлесіп   ұйымдастырудың   есебінен     бұл   кооперативтер  өндірістік  кооператив  деп  аталуы  мүмкін,  олар бірлескен   іс   нәтижесінде   өнім   алып, оны сатуды мақсат етеді.

         Кооперативтердің   өзге   бір   тобы   тұтыну кооперативтері  теп аталады, ондай   коопераивтер   саудадағы   және   кәсіпкерлектегі   өсімдерді болдырмайтындай тұтынушылық мақсаттарды шешуге арналады.

        Кооперацияны  қызмет   аясына   қарай  жіктеуге  болады, ол  арқылы кооперациялау   кооперацияның   түпкі   мұратын –   кооператив  мүшелерінің өмір сапасын жақсартуды жүзеге асыруға болады. қызмет аясына қарай жіктеу - өндіріс саласы, айырбас саласы, несие саласы деп бөлінеді. Өндірістік кооперативтің әрбір мүшесі өзінің пайдалық жарнасынан көлеміне қарамастан бір шешуші дауысқа ие болады. Сондай-ақ кооператив мүшелерінің табысда пайының көлеміне байланысты емес, ол әркімнің жеке үлесімен және еңбек ақыға жұмсалатын жалпы бөлігінің сол мөлшерімен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (16,38-40 бет)
  2. Статистика 2006 жыл 1 қаңтар (58-59 бет)
  3. Ахметов К.Ғ Өндіріс менеджменті.-Орал.2001ж.
  4. Экономика теория негіздері –Осипова Г.М .-А., 2003ж.(164 бет)
  5. Кәсіпорын экономикасы –А.Қ. Мейірбеков  Қ.Ә.Әлімбетов.-А., 2005 ж.
  6. Көбеев Ә. Кооперативтік жүйенің теориялық негіздері. Аль-пари.-2006ж.- №2.-30б.
  7. Б.Серіков. Мақта шаруашылығындағы тиімділік деңгейін арттыру     бағыттары.// Жаршы №12- 2007жыл (3-9 бет)
  8. Экономикалық   сөздік—анықтамалық. Тоқсейітов Р.К.-Қ.- 2004ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Өндірістік кооператив